Құрақ көрпе
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Құрақ көрпе
Орындаған: топ студенті
Жетекші:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I тарау. Құрақ жасауда пайдаланылатын геометриялық фигуралар мен маталар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1. Құрақ жасауда қолданылатын геометриялық
фигуралар ... ... ... ... ... ... .. ...5
1.2. Құрақ
маталары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..10
1.3. Құрақтан жасалатын
бұйымдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
11
II тарау. Құрақтың техникасымен (қиындыларды құрау)
танысу ... ... ... ... ... 14
2.1.Құрақ құрау
технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
2.2. Құрақтың түрлері және
қолданылуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.3. Құрақ құрау технологиясы сабақ жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
III-тарау Құрақ көрпе – құнды
жәдігер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1. Құрақ көрпе – ұлттық
құндылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2. Құрақ көрпешеге
сұраныс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32
Кіріспе
Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық
қолөнер бабалардан қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі.
Ол келер ұрпақ тәрбиесінде баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен
үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға жетелейтін киелі мұра.
Зерттеу өзектілігі: Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан – 2030”
стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса
маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтық
мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып, көнере
бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы
өте зор.
Қазақ халқы салт-дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай ел. Бұл – оның
мәдениетті, әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері,
заңгер: Н. Шайкенов “Ұлт дәстүрі заңнан биік” – деген. Демек, салт-дәстүрлі
ел- мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан-
ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыпымен,
қонақжайлылығымен, әдепті ырым, тыйыммен, қолөнер түрлерін үйретумен
ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы
адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Дана
халықтың өзі жасаған осы әдет-ғұрып пен жөн-жосықты біліп, үйренуі және
өмірде қолдануы ағайынды адастырмас сара жол.
Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада ата-әжелеріміз
жастарға үйретіп, айтып отырса ұтарымыз көп болар еді.
Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер түрлеріне: өру, тігу, тоқу,
құрастыру, сызу, бейнелеу жатады. Соның ішінде ең көнесі ретінде әже
апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады. Бұл өнер балаға көп тәлім-
тәрбие беретін өнердін бір түрі.
Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше
түрі.
Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады.
Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас
түрі – қиыстырып құрақ қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар
жасау. Зердесінде зейіні бар әр адамның қай-қайсысы да құрақтан жасалған
заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді түстердің бір-бірімен
жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады.
Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату негізінде пайда
болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі
бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті
материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады,
яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп
алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып тігіледі
Зерттеу мақсаты:
Құрақ құрау өнерінің қыр - сырын, тәсілдерін насихаттау арқылы
құрақтың түрлерімен танысу.
Зерттеу міндеттері:
1) Құрақтың түрлерін, үлгілері туралы түсінік беру.
2) Құрақтың геометриялық фигуралар көпбұрыштардан құралатындығын,
олардан қазақ халқының үй бұйымдарын (көрпе, жастық, түскиіз, алаша сияқты
т.б.) заттар жасайтындығын, құрақтарды келістіріп қолданылуы туралы түсінік
беру.
I тарау. Құрақ жасауда пайдаланылатын геометриялық
фигуралар мен маталар
1.1. Құрақ жасауда қолданылатын геометриялық фигуралар
Қазақтың ісмер, шебер әйелдері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін,
құрақ бөстектен құрақ ойыншыққа дейін жасап, керемет нәрселердің де
қарапайым тәсіл-мен-ақ өмірге келетінін ежелен-ақ қалың жұртқа паш етіп
келеді. Зердесінде зейіні бар адамдардың қай-қайсы да құрақтан жасалған

жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара алады. Ол
арқылы халқымыздың құнарлы дүниетанымын, эстетикалық талап-талғамын,
сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың.
Басты-басты бұйымдары көрпе, тұскиіз, кеудеше, жастық, түрлі
ойыншықтар болып келетін құрақ құрау – қазақ дәстүрінде қыз балалар
кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер түрі. Ол қыздарды
төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды ажыратып, олардың бір-
бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды, тазалыққа, әсемдікке
үндей-ді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін кеңейтеді.
Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Киім-кешек тіккенде
қалған, арнайы сатып алынған маталардан қандай өрнек шығаруға болады? Мата
қиығын қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды,
жасаған бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты
шарт: онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр
қиял, бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс.
Құрақтың қыз-келіншектерге үйретері. Құрақ құрау үшін ең алдымен,
қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай
сұрыпталады. Яғни, маталар-дың барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-
жеке бөліп алынады. Содан кейін ісмер әйел не бірыңғай барқыттан, немесе
бірыңғай жібектен құрақ құрауға кіріседі. Бұл істі бастамас бұрын әрбір
түстің бір-біріне сәйкес келуіне, бірін-бірі ашып тұруына айрықша көңіл
бөлінеді. Құрақ құрау - қалдық қалдырмау. Ертеде қазақ даласында қымбат
маталар тапшы болғандықтан, киім-кешек тігушілер қалған маталардың
қиықтарын бір кәдеге жаратуға тырысып, олардан әртүрлі бұйымдар жасаған.
Сөйтіп, құрақ құрау өнері дүниеге келген.
Ысырапқорлық – қазақ-тарға жат қылық. Ежелден-ақ ата-бабаларымыз
үнемшіл болып, қолдағы темір, сүйек, ағаш, тері тәрізді заттардың да
кесінділерін қажетіне ұқсатып, аяқ асты тастамаған. Ал қолдағыны осылай
ұқсатуда қиыстырып құрақ құраушылардан асқан шебер жоқ. Олай болса, құрақ
құрау қыз-келіншектерді ысырапқорлықтан тыйып, үнемділікке үйретеді.
Қазір ұлттық салт-дәстүріміз қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп
енгендіктен, қазақтың құрақ құрау өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да,
қалада да көптеген қазақ отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер,
құрақ тұскиіздер орын ала бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында
құдағилар бір-біріне құрақтан әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржын-дармен
сый-сияпат апаратын болды. Бір ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ
ондағы тікше, шаршы құрақтарда небір бояу алмасуларының үйлесімді
жасалғанын, осы құрақ бояуларының алмасуының, қиюластырылу-ының келесі
құрақтарда қай-таланбайтынын аңғарасың. Көгілдір аспан астындағы жасыл
жайлауда ақ шаңқан киіз үйлерді тігіп, қызыл, сары, ақ қызғалдақтар
жайқалған, жусанының иісі мұрын жарған дархан далада мал жайып, күміс
көлдерде шомылып, құстардың үнін естіген қазақ халқы соның бәрін ою-
өрнектер, құрақтар арқылы-ақ қандай шебер жеткізе білген десеңші.
Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, Шіркін-ай,
қазақтың бұл құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл
махаббат, өшпес сұлулық туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді-ау!,
- деп те ойға қалатыныңды қайтерсің. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-
келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойына сіңіруге, бояулар әлемін
танып, түсінуге үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-қылығы да,
сөзі де, отбасы да сұлу.
Әр үйде құрақтан жасалған бұйымдардың болуы – отбасының ұлтжандылығын
ғана танытып қоймайды. Бұл қазақ қолөнерінің ежелгі түрінің қайтадан
жаңғырып, қазіргі заманмен жарасым тауып отырғанын көрсетеді. Жә-не де
құрақтан жасалған бұйымдардың көбеюі шетелдіктерге біздің еліміздің
қолөнерінің қаншалықты дамығанын паш етіп, қазақты әлем халықтарына кеңінен
танытуға жарқын жол ашып отыр. Қысқы Азияда күнде-рінде шетелдіктердің
түрлі ұлттық сувенирлермен бірге құрақ бұйымдарын да көптеп сатып алып
жатқанын көргенімізде біз сондай ойға келдік. Яғни, құрақ құрау қыз-
келіншектеріміздің жанында ұлтжандылық қасиеттерді орнықтырып, оларды
ұлттық қолөнерімізді сүюге, оны дамытуға үлес қосуға тәрбиелейді.
Құрақ көрпе – дүрия, батсайы, торғын, шағи, шәлі, жібек, сәтен, атлас,
т.б матадан жасалып, сырты кестеленеді. Тұтыну қажетіне қарай қалың, жұқа,
үлкен, кіші етіп жасаса, дәулетіне сай арзан, қымбат материалдан
дайындайды, соған сай бала көрпе, шәлі көрпе, төсеніш көрпе, жүн, қалың,
атлас көрпе деген түрлері болады. Ал енді түрлі геометриялық пішіндегі мата
қиындыларынан әшекей, өрнекпен құралып жасалған түрін құрақ көрпе деп
аталады екен. Осы сипаттама беріліп отырған көрпе түрі – құра көрпе.
Жамылғыш құрақ көрпенің беті қызыл және көк түсті көп сатылы фигуралармен
өрнектелген. Сол фигуралар көрпе ұзындығы бойынша бой түзеген жолақтар
симметриалы орналасқан. Көрпе бордюрі жасыл түсті велюрдан жіңішке
жолақталып тігілген. Ал, астары түрлі-түсті мақта (хлопчатобумажный)
матадан тігілген.
Құрақ – Мата қиындыларын қиюластырып, тұмарша, сегіз жапырақ, ромб
тәрізді өрнектерден құралған көрпені Құрақ немесе құрақ көрпе деп атайды.
Ежелден қонақжай қазақ халқы төрін қонаққа арналған “қасиетті орын”
санаған. Қазақтың ісмер, шеберлері құрақ көрпеден құрақ кеудешеге дейін,

қарапайым тәсілмен-ақ өмірге келетінін ежелден-ақ қалың жұртқа паш етіп

сұлулықты аңсаған іңкәр сезімін айтқызбай-ақ танисың. Басты бұйымдары
көрпе, тұскиіз, еудеше, жастық, түрлі ойыншықтар болып келетін құрақ құрау
– қазақ дәстүрінде қыз балалар кішкентайынан біліп, үйренуге тиісті қолөнер
түрі. Ол қыздарды төзімділікке, үнемділікке, шеберлікке, бояуларды
ажыратып, олардың бір-бірімен үйлесімділік табуын түсініп, тануға шыңдайды,
тазалыққа, әсемдікке үндейді, жан-дүниесін байытып, ой-өрісін
кеңейтеді.Құрақ негізінен, түрлі-түсті маталардан құралады. Мата қиығын
қолына ұстаған әрбір әйел оны білмей тұрып қиық құрай алмайды, жасаған
бұйымы көріксіз болып шығады. Яғни, құрақ құрауда қойылатын басты шарт:
онымен айналысатын адамның бойында өнерді түсінетін қасиет, ұшқыр қиял,
бояулардың сырын білетін таным болуға тиіс. Қазір ұлттық салт-дәстүріміз
қайтадан жаңғырып, өмірімізге тереңдеп енгендіктен, қазақтың құрақ құрау
өнері де қайтадан дамып отыр. Ауылда да, қалада да көптеген қазақ
отбасыларының төрінен қайтадан құрақ көрпелер, құрақ тұскиіздер орын ала
бастады. Қыз ұзату, келін түсіру тойларында құдағилар бір-біріне құрақтан
әдемі ою-өрнек салынған әсем қоржындармен сый-сияпат апаратын болды. Бір
ғажабы, қазіргі құрақтардың өздерінен-ақ ондағы тікше, шаршы құрақтарда
небір бояу алмасуларының үйлесімді жасалғанын, осы құрақ бояуларының
алмасуының, қиюластырылуының келесі құрақтарда қайталанбайтынын аңғарады.
Барлық қабырғалары өзара тең үшбұрыш тең қабырғалы үшбұрыш деп
аталады.
Екі қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш деп аталады. Үш
қабырғасының ұзындығы үш түрлі үшбұрыш қабырғалары әр түрлі үшбұрыш деп
аталады.
Төртбұрыш деп төрт нүктеден және оларды тізбектей қосатын
кесінділерден тұратын фигураны айтамыз. Сонда бұл нүктелердің ішінде
ешбір үшеуі бір түзудің бойында жатпауы тиіс, ал оларды қосатын кесінділер
қиылыспайтын болуы тиіс.
Параллелограмм дегеніміз қарама – қарсы қабырғалары параллель
болатын, яғни параллель түзулердің бойында орналасқан төртбұрыш.
Параллелогаммның қасиеттері: Қарама – қарсы қабырғалары тең. Қарсы
жатқан бұрыштары тең. Диагональдары қиылысады және қиылысу нүктесінде қақ
бөлінеді. Бұрыштарының іргелес біржақты жатқан қабырғаларының қосындысы
180º-қа тең.
Барлық бұрыштары тік болып келетін параллелограмды тіктөртбұрыш деп
атаймыз.
Тіктөртбұрыштың қасиеттері: барлық параллелограммның қасиеттеріне ие.
Диагональдары тең.
1.2. Құрақ маталары
Құрақ құрау үшін арнайы қамқа, шағи, шыт, тібен, бояқ, насар, мақпал,
қыжым секілді маталар қолданылады. Оның ішінде маталардан барқыт, жібек,
сиса, сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп алынады. Яғни, маталар
қалыңдығына, жұқалығына байланысты бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті
маталар қиыстырылып тігіледі Сонымен бірге небір шебер тігіншілер матаның
басқа да түрлерін қолданады.
Құраққа мынадай маталарды қолдануға болады:
-Қамқа – алтындатқан немесе күмістеткен зерделі жіптен тоқылған жібек
мата.
-Қатипа – жол-жолы бар, жұқа жібек мата. Барқыт, шыт.
Торқа – ең қымбат жібек мата.
Батсайы – қалың жібек кездеме.
Торғын – қымбат бағалы жібек матаның бір түрі.
Мақпал – тығыз тоқылған, жұмсақ, түкті барқыттың бір түрі.
Қыжым – сапалы жүнен тоқылған түкті мата, плюш.
Пай – жібек мата.
Парша – алтын мен күмісті араластыра отырып тығыз тоқылған жылтырақ
жібек мата және сол матадан тігілген қымбат бағалы киім.
Қазине – жібектен қалыңды – жұқалы етіп тоқитын мата.
Шағи – жұқа келген жұмсақ және таза мата.
Ләңке – сырткиімдік матаның бір түрі.
Насар – жібек кездеме.
Ұштап – ақ түсті тығыз мата.
Шыт – арзанқол жұқа мата.
Сәрпөңке – астарлық жібек мата.
Бояқ – кездеменің боялған түрі.
Борлат – қызыл түсті жұқа мата.
Тібен – түрлі-түсті қалың мата.
1.3. Құрақтан жасалатын бұйымдар
Қоржын. Зат салатын бұйым. Ертеде жарапазан айтқан балалар иығына
қоржын арқалап, қазақ ауылдарын аралаған. Әрбір үй оларға қолында бар құрт,
ірімшік, жент тәрізді тәттілерін беріп, күміс түйген орамалдар сыйлап,
балалар өз отбасына қоржынын несібеге толтырып қайтатын болған. Алыс
сапарға шыққандар да астындағы атына қоржын теңдеген. Тіпті, сүндетке
отырғызған баланы атқа мінгізіп, ағайын аралатқанда да жанына қоржын
байлағаны мәлім. Қазір түрлі қиықтардан жасалып, ою-өрнек салынған сәнді
қазақы қоржындар құдағилар арасында жүріп, сыйластықтың бір дәнекері
болуда.
Құрақ кеудеше. Көбінесе қыз-келіншектерге арнап жасалатын киім.
Халқымыздың салт-дәстүрі бойынша, ұл-қыздары той-думанда ғана емес,
күнделікті өмірде де әдемі киініп, таза жүрген. Құрақ кеудешелер әрі сәнді,
әрі жылы. Оны қай жерге де киіп баруға болады. Құрақ кеудешені жасарда оған
таңдап алынған маталар тобының түр-түсі жағынан бір-біріне үйлесімді
болғанына ерекше көңіл бөлінеді. Шеберлер қызылдың жанына жасылды, ақтың
жанына қараны, көктің жанына сарыны қойып, әр түстің терең мәні мен сырын
ашқан ғой. Құрақ кеудешені жасарда да ол қатаң түрде ескеріледі. Және де
қолдағы материалдардың қиы-қтарының біртекті болғаны дұрыс. Яғни, құрақтар
тобы бірыңғай мақта, бірыңғай пүліш, немесе бірыңғай жүн, жібек маталардың
қиықтарынан құралуға тиісті. Бұл құрақтың тегіс, оңай құралуы үшін қажет.
Және де бірыңғай мата түрінен құралған кеудеше, басқа да киім, бұйымдар
кигенде, қолданғанда, жуғанда бір жері созылып, бір жері қысқарып кетпей,
өз үлгісін сақтайтын болады. Жалпы, құрақ кеудешені қызыл, күлгін, қою көк,
ашық көгілдір маталардың қиықтарынан жасаған дұрыс. Ал астарына тұтас мата
алынады, кеудешенің етек-жеңін әдіптеуге тесьма пайдаланылады.
Тақия. Қазақ шеберлері ежелден-ақ құрақтарды қиюластырып тақия тігіп
келеді. Құрақ тақиялар - өте сәнді баскиім болып саналады. Қызыл – жасыл,
сары – көк тақиялар бойжеткендердің көркін құлпыртып, қос бұрымды шашына
керемет жарасып тұрады. Шеберлер құрақ тақияларды негізінен, пүліш
маталардың жарқын, ашық бояулы қиықтарынан тігеді. Бүйірін шаршы ішіндегі
қиықшалардан құрастырады. Мұндай тақияның бүйіріне кемінде төрт түрлі
түстегі құрақ пайдаланылады. Сонда құрақ тақия көрікті болып шығады.
Тақияның төбесіне шашақ тағылады.
Құрақ көрпе. Оны трикотаж тоқымалардың қиықтарынан да, жібек
маталардың құрақтарынан да жасайды. Мұндай маталардан жасалған құрақ
көрпелер жұмсақ болады. Трикотаж тоқымалардың қиықтарынан тігілген құрақ
көрпенің ені жіңішкілеу, ұзындығы екі метрдей үлгіде келеді. Бұл көрпені
сегіз шаршы етіп топтастырған оңды. Әр шаршы жеке құрастырылып, оларды
қиықша үшбұрыш түрінде бір-бірімен жымдастырып тігеді, астары жұқа жүн
матадан жасалады, екі арасына синтетикалық синтепон матасы салынады. Ал
енді жібек құрақты жұмсақ көрпені екі адам жамылатындай етіп, ашық түсті
жібек маталардың құрақтарынан құрастырады. Бұл көрпеде құрақтар текше
түрінде тігіледі. Оның ең оңай тәсілі дойбының тақтасындай етіп құрау.
Жібек құрақ көрпенің шетіне тұтас материалдан белдеу жүргізеді. Астары
мақта матасынан тігіліп, көрпенің ортасына синтепон салынады.
Құрақ көрпелердің бір шаршысын бөліп алып, оны орындыққа көрпеше етіп
жабуға да болады.
Қиық сырмақ. Оны үйді әшекейлеп, қабырғаға ілу, тақта үстіне төсеу
үшін жасайды. Кейбір дәулетті кісілер қиық сырмақты палас ретінде еденге де
төсеп тастайды. Сырмақтың тұтас материалы үшін түйенің жүні қажет. Өйткені,
ол әрі жұмсақ, әрі жеңіл, әрі жылы, әрі таза. Осы негізгі материалдың
үстіне ұлттық ою-өрнек түріндегі құрақтар шаршылап орналастырылады. Сырмақ
үстіне ою тек қана ашық және біртекті материалдардан әзірленеді. Сосын оны
жымдастырып тігіп, шетін тегіс әшекейлеп шығады.
Құрақ жастық. Үйдегі құрақ көрпенің үстіне құрақ жастықты қойып,
қонақтар оған шынтақтап жататын болса, ол отбасын ерекше бір ұлттық сән-
салтанатқа бөлеп тұрады. Құрақ жастықтарды қоңыр немесе жасыл, әйтпесе қою
көк түсті материалдан жасап, бетіндегі өрнегін ақ немесе ашық сары түсті
матадан орнатып, жиегіне ақ түсті әшекей жіп жүргізсе, ол тіпті көрікті
болып шығады.
Аяққап. Түрлі-түсті құрақтардан жасалатын аяққап ыдыстар салуға
арналған. Онда сақталған ыдыстар сынбайды, таза болады. Қазір үйдің ажарын
ашу үшін ғана пайдаланылады. Бұрындары ол қазақ әйелдерінің ең қажетті
бұйымдарының бірі болатын. Аяққаптың шағын түріне жіп, қайшы, тарақты,
басқа да ұсақ-түйек заттарды салып қояды да айнаның жанына апарып іледі.
Аяққап жасау үшін көбінесе екі түсті драп маталар таңдап алынады. Оның
сыртқы бетіне ою салынады, бұл оюлар аяққаптың төрт бұрышында тұрады,
аяққаптың ортасына, етегіне түсті жіптерден шашақ тігеді.
Қолқапшық. Бұрындары жас қыздардың жеке заттарын салып қою үшін
жасалған сәнді бұйым. Оны қоңыр, қоңырқай драптан тігіп алып,беткі жағына
қошқар мүйіз ою тігеді. Оюдың шеті өрнекті жіппен бастырылады. Бауы да
драптан әзірленеді. Қолқапшықтың ауызы түймеленеді. Қолқапшықты жастар
иығына іліп алады.
II тарау. Құрақтың техникасымен (қиындыларды құрау) танысу
2.1.Құрақ құрау технологиялары
Құрақ құрау, бұл да – бірегей өнер. Кез келген халықтың ғұмырнамалық
сабақтастығының берік болуына сол халықтың мәдениеті, тарихы, өнері үлкен
әсерін тигізеді.
Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау
өнері ерте заманда пайда болған. Киіз үйдің ішін әспеттегенде де, көрпе-
жастығын әрлегенде де құрақтарды келістіріп қолдана білген.

алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып тігіледі. Бұл
қолөнердің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, үшбұрыш
құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш – су, жер,
ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-теңдік пен
тұтастық. Бал арасының ұясы негізінде Алты табақ құрағы пайда болған.
Мағынасы, тәттілік пен молшылықты білдіреді. Сонымен қатар құрақ өнері
арқылы жануар, құс бейнелерін де мата бетіне салуға болады екен. Баяғы Сақ
заманынан бастап, өмір құбылыстарын қолөнер арқылы көрсетуге машықтанған
көшпелілердің қолөнер дәстүрінің нысандық мәні бар. Сол кездегі жұп, су
секілді мағыналы ою-өрнектер күні бүгінге дейін өз мән-мағынасын
жоғалтпады. Бүгінде құрақ қолөнерінде қолданылып жүрген су символы деп
құрақ құрау қолөнерінде жүргізілетін бір түсті матадан кесіліп алынған
жіңішке жолақты айтады. Тіпті ата-бабамыз қарғаны тәңірдің елшісі деп
қасиет тұтып, тасқа қашап суретін салған.
Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздың
артынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде Аққу құрақ көрпесін
апарған. Сонымен қатар, құрақпен тұрмысқа қажетті әртүрлі заттарды
безендіруге де мүмкіндік мол. Оған зат салатын әртүрлі қоржындарды, қыз-
келіншектерге арналған бұйымдарды, күнделікті қолданыстағы жастық, аяққап,
қолқапшық, қиық сырмақты жатқызуға болады. Құрақ құрау үшін арнайы қамқа,
шағи, шыт, тібен, бояқ, насар, мақпал, қыжым секілді маталар қолданылады.
Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол –
сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол
секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен
ынтымағын құрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп
тоқтамаған отбасылардың үйін тіл-көзден аман болсын деп ырымдап, қырық
құрақ құрап, баласын соған ораған екен.
Құрақ құрау қолөнерімен кез келген адам айналыса алмайды. Өйткені бұл
қолөнердің де өз қиындығы бар. Алдымен, өнерді түсінетін, ұшқыр ой мен бояу
сырын білетін танымы бар адам ғана істің көзін таба біледі. Сондай-ақ түс
пен түсті сәйкестендіру аса жоғары шеберлікті қажет етеді. Құрақ өнерімен
айналысудың пайдасы – адамды шыдамдылыққа, үнемділікке, төзімділік пен
сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой-өрісін
кеңейтеді. Ерте заманда қыз балалар кішкентайынан құрақ құрауды біліп,
үйренуге тиіс болған. Қазіргі кезде бұл қолөнерді ісмер қыз-келіншектер мен
көнекөз әжелеріміз ғана ермек қылады.
Қазақтың дәстүрінде бар осынау қолөнер түрін әлем елдерінің біразы
қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін орыстар лоскутное шитье,
жапондықтар сашика, ал ағылшындар почворк дейтін көрінеді.
Ал таңғажайып көркемдігімен талайды тамсандырған қазақтың қолөнері
бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр
үстіне нұр болар еді...
Құрақ техникасы немесе пэчворк (patchwork – ағылшын тілінен аударғанда
құрақ құрау, құрастыру) қызықты жұмыс, үлкен қиял беруші өнер.
Пэчворк техникасы геометриялық қиындыларды біріктіріп тігу арқылы
қайта бүтін мата жасау.
Қазақ халқында құрақ құрау өнері ХV-XVI ғасырдан бастап дамыған.
Шеберлер бар маталардың өлшеміне, түсіне, формасына байланысты геометриялық
пішіндерден өнер композициясын құрастырды.
Құрау технологиясы:
1.Қандай өрнекті құрасақ та сол өрнектің сызбасын қағаз бетіне түсіріп
аламыз.
2. Матаның түр түсінің үйлесімділігін анықтау үшін оны түс таңдай
отырып, бояп аламыз.
3. Геометриялық пішінде үлгі қағаз даярлап аламыз да, сол қағазды үлгі
етіп, пайдалану арқылы, матаны қағаз мөлшерімен қиып аламыз.
4. Қиылған матаны өрнек бойынша рет-ретімен: - әулі ортаңғы бөлік,
содан кейін шеткі бөліктерді тігіп аламыз.
Біз алдымен бұйымды жасау үшін алғаш жобасын сызамыз.
Ал, енді жоба бойынша геометриялық пішіндерді түрлі-түсті қағаздан
қиып алып, оларды көрпеше тәрізді қатырма қағаз бетіне дұрыс орналастырып,
желімдейміз. Нәтижесінде түрлі-түсті әсем құрақтар пайда болады.
Елімізде XVI ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай құрақ құрау
өнері кең өріс алды. Құрақ құрау тәсілі маталардың қалдығын кәдеге жарату
негізінде пайда болған. Қолынан іс келетін шебер әйелдер көрпеден бастап,
кеудешеге дейінгі бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең
алдымен, қажетті материалдар таңдап алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай
сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, сәтен кесінділері жеке-
жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып тігіледі.
Бұл қолөнердің негізі әртүрлі символдармен де байланысты. Мәселен, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz