Құрылыс жүктерін тасымалдау


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инженерлік технологиялық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Құрылыс жүктерін тасымалдау»

Орындаған: Абужалитов А. М.

Тексерген: Рахматуллина Г. Т.

Орал 2012


Жоспар

1. Кірпішті тасымалдау ерекшеліктері

2 Темір-бетон өнімдерді тасымалдау ерекшеліктері

3. Бетон және құрылыс ерітінділерін тасымалдау ерекшеліктері

4. Цемент тасымалдау ерекшеліктері

5. Шифер тасымалдау ерекшеліктері


1. Кірпішті тасымалдау ерекшеліктері

Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар кірпіш тасымалдауды пакеттік тәсілмен: балшық кірпішті - тегендерге “шырша түрінде” қалап, силикат кірпішті - тегендермен және тегендерсіз қоршау немесе тарту құрылғылары арқылы жүзеге асырады.

Жүк жөнелтуші кірпіш тасымалдау үшін тегендер, таспа қоршаулар және пакеттерді бекітуге және бөлуге арналған құрал-жабдықтарды береді. Жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушылар автокөлік құралдарына қоршағыш құрылғылар мен бекіткіш құрал-жабдықтарды дайындауды және орнатуды жүк жөнелтушінің есебінен өзіне алуы мүмкін.

Кірпішті тегендермен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін жүктің тегендерге қалануын қамтамасыз етеді.

Тегендердің үлгілері мен параметрлері мемлекеттік стандарттарқа сәйкес келуі тиіс. Төменгі қатарынан, пакеттің бұрыштарынан және тік жақтарынан кірпіштері түсіп қалған пакеттерді тиеуге рұқсат етілмейді.

Кірпішті жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған пакеттердің саны бойынша жүзеге асырады.

Кірпішті тиеуді, сондай-ақ пакеттерді бекітуді тасымалдаушы, ал бекіткіштерді ажырату мен кірпішті түсіруді жүк алушы жүзеге асырады.

Тасымалдаушылар жүкті автокөлік құралмен тасымалдау шарты бойынша бекіткіштерді орнату мен ажыратуды жүргізуі мүмкін. Түсіру аяқталғаннан кейін жүк алушы автокөлік құралы шанағының еденін кірпіш қоқымынан тазартады.

Автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан аспайтын жағдайларда, пакеттерді жүк жөнелтуші шанақ білігінің бойымен, ал автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан артық болса, шанақ білігіне перпендикуляр түрде шахмат тәртібімен автокөлік құралдың қаптал ернеулерінің біріне тығыз қоюы тиіс.

Тасымалдаушы автокөлік құралында кірпіш пакеттерінің қалануы мен бекітілуінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексереді. Жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша жүкті қалау мен бекітудегі байқалған қателіктерді жояды.

Пакеттерді бекіту, сондай-ақ олардың бекітілу дұрыстығын тексеру тиегіш тетіктерді автокөлік құралдан әкеткеннен кейін ғана жүргізіледі.

Босаған тегендерді тиеуді - жүк алушы, ал түсіруді кірпіш жүк жөнелтуші жүргізеді. Босаған тегендерді қабылдауды және тапсыруды тасымалдаушылар дана саны бойынша жүргізеді.

2 Темір-бетон өнімдерді тасымалдау ерекшеліктері

Темір-бетон өнімдер олардың түріне байланысты көлденең, тік немесе қиғаш күйде тасымалданады.

Тасымалдау және сақтау кезінде техникалық шарттар бойынша белгілі бір нүктелерінде тіреуді қажет ететін темір-бетон өнімдеріне жүк жөнелтуші тіреу нүктелерін көрсетіп таңба жасайды.

Тасымалдау шарты бойынша жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын қосымша құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтауды жүргізуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қосымша құрал-жабдықтарды орнатуды тасымалдаушы жүк жөнелтушінің есебінен жүргізуі мүмкін.

Темір-бетон өнімдерді бекіту үшін қажетті төсемелер мен аралық төсемелерді жүк жөнелтуші ұсынады. Қысқы мезгілде жүк жөнелтуші темір-бетоннан жасалған өнімдерді қар мен мұздан тазартып ұсынады, сондай-ақ резеңке жапсырылған төсемелер мен аралық төсемелер қолданады.

Тасымалдаушылар темір-бетон өнімдерді орындар саны мен стандарттық салмақ бойынша жүк жөнелтушіден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.

Қозғалыс үшін қауіпті аймақтардағы тиеу және түсіру пункттерінде жүк жөнелтуші мен жүк алушы тәуліктің кез келген мезгілінде көрінетін сақтандырғыш белгілер мен көрсеткіштерді орнатады.

Темір-бетон өнімдерді шығыран жабдығының көмегімен тиеу әне түсіру кезінде жүргізуші автокөлік құралдың кабинасында болмауы, ал жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуы тиіс емес.

3. Бетон және құрылыс ерітінділерін тасымалдау ерекшеліктері

Сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін тасымалдау үшін тасымалдаушылар өзіаударғыш автомобильдерді, ожау немесе бункер үлгісіндегі шанақтары бар автомобильдерді, цистерналарды бөледі.

Бетонның құрғақ қоспаларын және құрылыс ерітінділерін ыдыстық тәсілмен қаптарда тасымалдау үшін тасымалдаушылар ернеулі платформалары бар автомобильдерді, ал ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде - бункер үлгісіндегі шанақтары бар автомобильдер мен автомобиль-цистерналарды бөледі.

Сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін тасымалдауға арналған өзіаударғыш-жүк автомобильдердің тығыздалған артқы ернеуі, 450-500 мм биіктікке өсірілген алдыңғы және қаптал ернеулері болуы тиіс.

Тасымалдаушылар сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды көлемі және салмағы бойынша жүргізеді.

Сұйық бетонды және құрылыс ерітінділерін жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар көлемі мен салмағы бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген тасымалдау кезіндегі бетонның тығыздалу коэффициентін ескере отырып жүргізеді.

Жүкті автомобильмен тасымалдау шартында жүк жөнелтуші тасымалдануға тиісті сұйық бетон мен құрылыс ерітінділері қоспаларының көлемдік салмақтарын, тасымалдаушылар тасымалданған жүктің көлемін тоннамен қайта есептеу үшін көрсетеді.

Жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жүкті тасымалдау кезінде сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерінің мемлекеттік стандарттарда белгіленген және тасымалдау кезінде жүктің сақталуын қамтамасыз ететін шектік жеткізу мерзімдерін ескеруі тиіс. Жеткізу мерзімдерін жүк жөнелтуші, әрбір сапарға берілетін және жүк алушыға жүкпен бірге тапсырылатын ерітіндінің паспортында 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетеді.

4. Цемент тасымалдау ерекшеліктері

Цемент тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар цементке жауын-шашын тиюіне және оның тозаңдануына жол бермей, жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

Цемент ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналарда, сондай-ақ ыдыстық тәсілмен (қаптарда) ернеулі платформасы бар автомобильдермен және кенеппен жабылып тасымалданады.

Жүк жөнелтуші цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдауға 100 0С аспайтын температурамен береді.

Цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде, оны жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар автомобиль-цистернаны жүгімен және жүксіз таразыға тарту арқылы салмақ бойынша жүзеге асырады.

Қаптардағы цементті жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушығатапсыруды тасымалдаушылар атауы, орындардың саны және таңбаламада көрсетілген стандарттық салмақ бойынша жүзеге асырады.

Цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші мен жүк алушы автомобиль-цистернаны жүксіз және жүгімен таразыға тартуды, цистернаның люктерін тиеу алдында ашу мен тиегеннен кейін жабуды, түсіру жеңдерін цистернамен қосуды және ағытуды жүргізеді.

Жүк алушыдан цементті түсіру кезінде тасымалдаушы сығымдағышты іске қосуды және түсіру шүмегін ашуды, ал түсіру аяқталғаннан кейін сығымдағышты ажыратуды және түсіру шүмегін жабуды жүргізеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыста пайдаланылатын көлік құралдары
Автомобиль көлігінің ұғымы және бұл көлікпен жасалатын жүк тасымалының сипаттамасы
Шошқалардың африкалық обасы
Қабырғалы панельдерді тасымалдау
ҚАЗАҚСТАН ТЕМІРЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ
Көлік желісінің фрагменті
Тасымалдаушы машиналар
Жылжымалы құрамды таңдау
КӨЛІК ЭКСПЕДИЦИЯСЫ ШАРТЫ
Қазақ темір жолы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz