Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын тақырыптық карталар жасау



Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қызылорда облысының кейбір демографиялық жағдайларын сипаттайтын
тақырыптық карталар жасау

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1. Геоақпараттық жүйені қолдану негізінде Қызылорда облысының
географиялық орналасуын сипаттайтын тақырыптық
карта ... ... ... ... ... ... ... .. 5
2.2. Демографиялық жағдайы және халық санының
серпіні ... ... ... ... ... ... ... 8
2.3. Демографиялық ахуал көрсеткіші және халықтың еңбекпен қамтылуы,
халықтың өмір сүру
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Кіріспе
Қызылорда облысы - бірегей бәсекелестік әлеуетін қамтитын аса маңызды
қазба байлықтарға бай. Облыс халқының 47,4% - ы еңбек етуге қабілетті
жаста. Облыс аумағының геологиялық құрылымының ерекшелігі - жер қойнауы
табиғи кен байлықтарына бай. Сыр өңірінде түсті металдың, ванадий, құрылыс
материалдары мен шикізаттың мол қоры бар. Табиғи қазба байлықтары ретінде
уранды, мұнайды, ас тұзын, әк, қиыршық тас пен шынытастық құмдарды
мақтанышпен атауға болады. Осы қазба байлықтарды өндіру бағытында облыста
27 мекеме жұмыс атқаруда, олардың 8-і мұнай, уран өндіру саласында еңбек
етіп жатқан шетелдік кәсіпорындар.
Қызылорда облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2010
жылы аймақта туу көрсеткіші осының алдындағы жылға қарағанда 10 пайызға
артқан.Сонымен қатар салыстырмалы кезеңде сәби өлімі 7,5 пайызға
төмендеген. Облыс бойынша жалпы туу деңгейі өлім коэффициентімен
салыстырғанда, 4 есеге артқан. Бұл демографиялық дүмпуді байқатады. Арнайы
зерттеулер 2007 жылмен салыстырғанда, өңір тұрғындарының болжамды өмір сүру
ұзақтығы 6 айға ұзарғанын көрсетті. Ерлердің орташа өмір сүру ұзақтығы 63,2
жыл болса, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жетті. Қазіргі күнгі
облыс халқының саны Байқоңырдағы Қазақстан азаматтарын қоса есептегенде,
702 мың адамды құрайды. Осы өсу серпіні сақталса, 2030 жылы Қызылорда
облысының тұрғындары 1 млн. адамға жетеді, деп күтілуде.
ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог
түрінде құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі
бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық
мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару,
кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу
сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді.
ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды,
масштабталған жүйесі.
Географиялық ақпараттық жүйе немесе геоақпараттық жүйе (ГАЖ) – бұл
кеңістіктік және олармен байланысты кеңістіктік емес мәліметтерді жинау,
сақтау, өңдеу, талдау мен кескіндеуді және олардың негізіндегі географиялық
кеңістік жайлы ақпарат пен білімді қамтитын ақпараттық жүйе.
Географиялық немесе кеңістіктік мәліметтер нысандардың кеңістікте
таралуын есепке алуды қажет ететін түрлі саламен айналысатын ұйымдар
пайдаланатын барлық ақпарат көлемінің жартысынан астамын құрайды. ГАЖ
кеңістіктік мәліметтерді талдаудың негізіндегі оңтайлы басқару шешімін
қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Заманауи ГАЖ карталарды жеке тақырыптық қабат түріндегі графикалық
мәліметтерді сақтау есебінен қолдануды, ал олардың нысандардың сапалық және
сандық сипаттамаларын мәліметтер базасы түрінде қолдануды кеңейтті.
Зерттеу пәні: Геоақпараттық жүйелер
Зерттеу объектісі: Қызылорда облысы
Зерттеу әдістері: геоақпараттық жүйелерді қолдану негізінде және
Қызылорда облысының демографиялық жағдайын зерттеп, талқылау негізінде.
Мәліметтер көзі: Қызылорда облысының сайты.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Геоақпараттық жүйені қолдану негізінде Қызылорда облысының
географиялық орналасуын сипаттайтын тақырыптық карта
Қызылорда облысы республиканың оңтүстік бөлігінде орналасқан, облыс
шекарасының жалпы ұзындығы 2285 км.құрайды.
Облыс орталығы – Қызылорда қаласы, республикадағы ең ескі қалалардың
бірі, яғни 190 жыл. Солтүстік және оңтүстік аймақтарының арасындағы
учаскенің тікелей арақашықтығы 1000 км. астам.
Қызылорда облысы Тұран ойпатының жазық алқабында орналасқан, шығысында
Қаратау сілемдері, Солтүстік-батысында Қарақұм, ал оңтүстік батысында
Қызылқұммен шектеседі.
Облыс орталығы - Қызылорда, құрылғанына 190 жыл толған ежелгі
қалалардың бірі. Оңтүстігі мен солтүстігінің ара қашықтығы тікелей 1000
шақырымға жуық.
Облыс аумағы 226,0 мың шаршы км, немесе республика аумағының 8,3 % -ын
құрайды. Облыс халқы (2010 жылдың 1 желтоқсанына) – 698,3 мың адам немесе
республика халқының 4,1% -ы.
Облыс аумағы Азия аймағы, Таяу және Орта Шығыс пен Европа мемлекеттері
арасын байланыстыратын экономикалық тиімді (әуежолы, теміржол және
автомобиль) жол торабын қамтиды. Туристік қызметті дамыту үшін үлкен
мүмкіндіктер бар, өйткені, курортты-рекреациялық аймақтар, тарихи-сәулет
ескерткіштер жеткілікті.
ГАЖ жүйесі экологиялық жағдайлардың, табиғи ресурстарды орынды
пайдалану мониторингінің ғылыми және қолданбалы мәселелерін шешу мақсатында
және де инфрақұрылымдық жобалау үшін, қалалық және аймақтық жоспарлау,
төтенше жағдайлардағы жедел шара қабылдау үшін пайдаланылады. Өмірде
кездесетін алуан түрлі мәселелер келесі белгілер бойынша жіктелетін ГАЖ
құруға алып келді:Функционалды мүмкіндіктері бойынша:
- Жалпы мақсаттағы толықфункционалды ГАЖ;
- Маманданған ГАЖ қандайда бір саладағы нақты мәселелерді шешуге
бағытталған;
- Үйде және ақпараттық-анықтамалық қолдануға арналған ақпараттық
анықтамалық жүйелер;
Географиялық ақпараттарды автоматты түрде өңдеу үшін берілген
мәліметтерді компьютерлік өңдеуден өткізу жүйесін құру керек. Ол үшін ГАЖ –
автоматты жинақтау, сақтау, өзгерту және геоақпараттарды беру ЭЕМ және
автоматтандырылған ГАЖ – дың құрылымын В. Г. Линниктің төмендегідей жобасы
ретінде құруға болады. Көп мақсаттағы ГАЖ – дар көптеген жұмыстарды шешуде
қолданылады. Осы атқару барысында төмендегідей функционалдық мүмкіндіктер
пайдаланылады:
• Белгілі бір заттың банкідегі дайындығы және кіріспесі;
• Ақпараттық – анықтамалық үлгілеу;
• Имитациялық үлгілеу;
• Эксперттік үлгілеу;
• Автоматтандырылған карта құру;
• Картометриялық есептеу;
Осы аталған жұмыстарды шешу үшін өңделген мәліметтерді
картографиялық түрде дайындап, алгоритмдік және қолданбалы бағдарламалық
тұрғыдан қамтамасыз ету қажет. ГАЖ аймақтардың табиғи ерекшеліктерін,
динамикасын, үлгілеу жүйесін зерттейтін құрал сияқты ақпараттық негіз
ретінде қарастырылуы мүмкін. ГАЖ – төмендегідей физикалық – географиялық
есептерді шешуге белгілі бір мүмкіндік береді: ландшафтардың морфологиялық
құрылымын зерттеуге, физикалық – географиялықдандастыруды жасауға және т.с.
Абсолютті және салыстырмалы мәндері, халықтың өмір сүру деңгейі,
адамзаттың даму индексі ретіндегі бірқатар көрсеткіштер динамикасы бойынша,
облыстағы жалпы аймақтық өнім, жол және коммуникациялық инфрақұрылымдарды
дамыту деңгейі, сондай-ақ, инвестициялық қаржыландыру көздеріндегі дербес
қаржы үлесінде өңір республика бойынша тиісті деңгейде емес.
Қызылорда облысы – еліміздегі экономикалық тұрақты дамудағы өңір болып
табылады.
Соңғы бірнеше жылда облыста макроэкономикалық көрсеткіштер өзгерісінің
оң динамикасын қамтамасыз ететін қолайлы экономикалық ахуал қалыптасты,
сонымен бірге, өндірістің өсуімен қоса халық кірісінің ұлғаюына қол
жеткіздік.

2.2. Демографиялық жағдайы және халық санының серпіні
Қызылорда облысының демографиялық жағдайы халық санының
қарқынды өсуімен сипатталады. 2000 жылдан 2010 жылға дейін тұрақты
халықтың саны орташа 8 мың адамға өсті. 2011 жылдың 1 қаңтарына
облыс халқы 700,6 мың адамды құрады.
Облыстың демографиялық жағдайы табиғи көбею және табиғи азаю
процесіне тікелей байланысты.
2010 жылы халықтың табиғи өсімі 1000 адамға 21,31 құрады бұл 2007
жылы 17,99 болған.
Қызылорда облысы бойынша негізгі демографиялық көрсеткіштер
динамикасы
Көрсеткіштің аты 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж
Жылдың соңына халықтың саны 625,1 632,2 695,1 700,6
мың адам
Жылдың соңына туылғандар, адам 16491 17624 18660 19620
Жылдың соңына өлгендер, адам 4839 4601 4864 4853
Жылдың соңына халықтың табиғи 11652 13023 13796
өсуі,адам 14767
Жылдың соңына халық тың табиғи17,99 20,59 20,16 20,99
өсуінің коэффициенті, 1000
адамға

Өлім көрсеткіші 0,20% азайып, 1000 адамға 7,00 құрады. Халық
өлімінің негізгі себебі қан айналымы жүйесі ауруынан (2009 жылы
-44,3%, 2010 жылы – 41,1%).
Облыста соңғы үш жылда көші-қондық жағдайдың аздап жақсарғаны
байқалады. Келуші азаматтар санының тұрақты өскендігі байқалады, яғни
халық көші-қонының теріс сальдосы азайған 2007 жылдағы 4490 –нан
2010 жылғы 3954-ке дейін.
Қызылорда облысының халқының көшу-қонуы Адам
Көрсеткіштің аты 2007 ж. 2008 ж. 2009 ж. 2010 ж 2010 жыл
2007 жылға
қарағанда
пайызбен
Келген 7646 9140 11467 11707 153,1
Кеткен 12136 12821 14386 15661 129,0
Көші-қон сальдосы -4490 -3681 -2919 -3954 24,1

Қызылорда облысының негізінен көшу қону айналымы басқа облыстармен
жүргізілуде, облыс төңірегіне көшіп келушілер артуда.
Халықтың ішкі көшіп қонуында аймақтық көшіп қону көп үлес алып
отыр.Қызылорда қаласы мен Қармақшы ауданын есептемегенде облыстың барлық
аудандары аймақаралық көшіп қонуда теріс сальдо болып отыр.
Қызылорда облысындағы демографиялық жағдайды жақсарту ең алдымен
халықтың денсаулығын жақсарту, туу деңгейін көтеру, мезгілінен ерте қайтыс
болу салдарынан (еңбекке қабілетті жасында) халықтың азаюын қысқартумен
тығыз байланысты.
ХХ ғасырда Қазақстан күрделі демографиялық дамуды бастан кешті. Ғасыр
басында тұрғындардың негізі көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын ауыл
адамдары ғасыр соңында қала халқы көпшілік болған мемлекетке айналды.
Қазақ халқы талай тар жол – тайғақ кешулерге душар болды. Бұл қазан
төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі тарихи жағдайларға
тікелей байланысты. Патша үкіметінің Қазақстанға шаруалар мен казактарды
қоныстандыру саясатының жеделдете жүзеге асырылуы, 1916жылғы ұлт-азаттық
қозғалысы мен қазан төңкерісінен кейінгі кіші қазан төңкерісінің салдары,
1921-1922 ж.ж, 1931-1933 ж.ж аштықтары мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан
соғысының зардаптары, өндірістің ірі алыптарын тұрғызу мақсатында
республикаға жан-жақтан мыңдаған жұмысшылар мен мамандардың әкелінуі, тың
және тыңайған жерлерді игеру, комсомолдық бауырластық жолдамалар
нәтижелері көңілді қыңжылтатын демографиялық ахуалға еріксіз әкеліп тіреді
1,3б.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қатар, отандық тарихтың жаңа беттері
мұрағат қорларындағы жаңа деректермен толығып, жаңаша көзқарастар
тұрғысынан қарастырылуда, соның қатарында тарихи демография мәселесінің
алатын орны бөлек.
Демографиялық тарихнамада облыс халқының құрамындағы өзгерістер толық
зерттеле қойған жоқ. Сондықтан да, облыс тарихын, халық санындағы
өзгерістерді, оған әсер еткен факторларды зерттеудің маңызы зор, әрі ғылыми
сұранысқа ие болып отыр. Қызылорда облысы халқының саны 1999 жылғы санақ
нәтижесінде 595,5 мың адамды құрады. Оның ішінде аудан орталықтары мен
Қызылорда қаласы халқын қоса есептегенде қала халқы 360,7, ал ауыл халқы
234,8 мың адам. Олардың 297,2 мыңы ер адамдар, 298,3 мыңы әйелдер. Ал, 2006
жылғы көрсеткіш бойынша облысымызда 618 249 адам өмір сүрген. Аудан
орталықтары мен Қызылорда қаласы халқын қоса есептегенде қала халқы 368 118
адамды құрап, ауыл халқы 250 131 адамға жетті. Тұрғындардың 307 912 ерлер,
310 337 әйелдер 2, 2б Облыстағы тұрғындар саны 2009 жылдың желтоқсанында
ағымдағы деректер бойынша 650,8 мың адамды құрады. 2008 жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға артты, бұл туғандар санының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы облысының этникалық құрамы
Медициналық - географияның зерттеу әдістері
Әлеуметтік – экономикалық карталар
ҚАЗАҚСТАН ОҢТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАНЫНДАҒЫ АУРУ ТҮРЛЕРІНІҢ ТАРАЛУЫ
Медициналық-география
Картографиялық өнімдердің географиялық сипаттамалары
Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-сыныптарына арналған География пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР КЕҢІСТІКТІК МӘЛІМЕТТЕР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕ
Аридтену үрдісінің Сырдария өзенінің төменгі ағысындағы топырақтардың шөлденуіне әсері
Қазақстанның Оңтүстік бөлігінің тарихи карталарын құрастыру негіздері
Пәндер