Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

Құқықтық пәндер кафедрасы

МҚТ пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қылмыстық іс жүргізу бойынша іс жүргізу

Орындаған: топ студенті

Тексерген: оқытушы

Орал, 2012ж.

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-бөлім. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық қудалау және
ақтау ... ... ... ... ... ... 9

2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ,
МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
2.1. Қылмыстық іс жүргізу - мемлекеттік қызмет
түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2.ҚР-ның қылмыстық іс жүргізудің
қағидалары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 27
КІРІСПЕ
Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс
жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз
етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын
кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.
Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға
қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы –
тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және
онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар
жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере
дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: Адам
мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы
Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне
Конституцияның 34-бабы алынған [1.], онда былай делінген: Әркім Қазақстан
Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың
құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
Бұл негіз адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайтыны туралы Конституцияның
басқа қағидасымен (17-бап) күшейтіле түскен. Адамның жеке басының
бостандығына конституциялық құқығы оның жеке басына тиіспеушілікпен тікелей
байланысты.
Конституцияның 18-бабындағы ереже ҚІЖК-тің 16-бабында[1.],
келтірілген: Азаматтардың жеке өмірі, жеке және отбасылық құпия заңның
қорғауында болады. Әркімнің жеке салымдар мен жинақтардың, хат жазысудың,
телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың
құпиясына құқығы бар. Қылмыстық процесс барысында бұл құқықтарды шектеуге
заңда тікелей белгіленген жағдайлар мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
Адамның жеке басына тиіспеушіліктен заңды түрде айырудың кепілдіктері
(іс жүргізу шарттары) мыналар:
-мәжбүрлеу шараларын тек қылмыстық іс жүргізу шегінде қолдану;
-адамның жеке басына тиіспеушіліктен айырылуы мүмкін субъектілерді
заңмен белгіленген толық шеңбері (сезікті және айыпталушы);
-мәжбүрлеу шараларын қолданудың дербес іс-әрекетін белгілеу (адамды
қамауға алу, ұстау, күштеп әкелу, тінту және т.т.);
-мәжбүрлеу шараларының қолданылуын іс жүргізу мерзімдерін шектеу;
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының заңсыз қолданылғанына шағым
жасау мүмкіндігі;
-іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын заңсыз қолданудың нәтижесінде
келтірілген зиянды өтеу;
-прокурор мен соттың іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданылуының
заңдылығын қадағалауы және адамның Құқықтары бұзылған жағдайда қажетті
шаралар қолдануы.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының,
конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің кейбір ережелерінің
мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларының жүйесі әлдеқайда қомақты
да ауқымды екенін көруге болады.
Қолданылып жүрген қылмыстық істі жүргізу кодексінде қағида ұғымы
мүлдем берілмеген, алайда екінші тарау қағидаларға арналған. Бұрын
қолданылып келген қылмыстық істі жүргізу кодексінде тіпті қағида
терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы қағидаларының мәнін түрліше
талқылау үшін негіз болды деп ойлаймыз. Заңның ортақ арқауынан осы
қағидаларды зерттеушілер логикалық жолмен айқындады. Логикалық қателіктер
түрлі ұғымдардың (қағидалардың, сот процесінің жалпы жағдайларының және
т.т.) араласуына әкеліп соқты.
Еліміз әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің қатарына ену мақ-сатын алға
қойып отыр. Осыған байланысты қылмыстық заңды жетілдіру, халықаралық
нормалардың тиімді жақтарын пай-да-лану, қоғамға қауіптілігі шамалы іс-
әрекеттерді қылмыс қатарынан шығару, қылмыстық жазаны із-гілендіру,
қылмыстық құқықтың жұрт таныған халықаралық тиімді қағидаларын заңдарды
жетіл-діру-ге пайдалану, оны зерттеу – өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау
үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Сондықтан да қылмыстық іс
жүргізу қағидаларының түсінігі мен мәнін, маңызын, жүйесі мен мақсатын ашу
осы зерттеудің мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеттері:
- Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының ұғымы мен маңызын зерттеу;
- -олардың қылмыстық сот ісін жүргізудің міндеттерін жүзеге асыруда
және социалдық әділеттілікті жүргізудегі ролін қарастыру;
- -Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын бекітудің құқықтық нысанын
анықтау;
- олардың нормативтік сипаттамасын көрсету;
- ҚР Конституциясындағы және қылмыстық іс жүргізу заңындағы бекітілген
қылмыстық іс жүргізудің қағидаларын қарастыру;
Жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1-бөлім. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫНЫҢ
ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ
1.1 Қылмыстық іс жүргізу қағидаларының түсінігі
Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот
органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді
(хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу,
үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі
мақсаты бар:
- тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір
кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;
- жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;
азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.
Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және
толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.
Қылмыстық іс жүргізу қағидалары қылмыстық іс жүргізу құқығының
қағидаларымен сәйкес келеді. Бұлар — заңдылық, жариялылығы, судьялардың
тәуелсіз болуы және олардың тек заңға бағынуы, азаматтардың заң және сот
алдында тең дәрежеде болуы. Сонымен бірге қылмыстық іс жүргізу құқығының
төмендегідей негізгі қағидалары бар:
Қылмыстық процестегі жариялылық — мемлекеттіліктің негізін белгілейді,
оның мәні азаматтардың ісі имес, құқық қорғау органдарының маңызды және
жауапты міндеті қоғам мен азаматтарды қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғау
болып табылатындығында. Мемлекет өзіне азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қылмыс жасаған адамға зиян шегушінің
(жәбірленушінің) өз еркімен немесе еркінен тыс жағдайда қылмыстық қудалауды
қозғау міндетін жүктейді.
Іс мән-жайларының жан-жақтылығы, толықтығы объективтілік қағидасы.
Сот, прокурор, тергеуші және жауап алуды жүргізуші адам істің мән-жайларын
жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін жауапкершілікті жеңілдететін
және қылмысты әшкерелейтін мән- жайларын да анықтауға міндетті. Олардың
дәлелдеу міндетін айыпталушыға жүктеуге құқықтары жоқ. Айыптаушылардан,
іске қатысушы басқа адамдардан күш көрсету, қорқыту және өзге де заңсыз
тәсілдер арқылы жауап алуға тыйым салынады.
Істің мен-жайын жан-жақты зерттеу, іс бойынша шығарылған барлық
болжамдарды тексеруді, айыпталушыны (күдіктіні) әшкерелейтін немесе
ақтайтын мән-жайды зерттеуді білдіреді. Зерттеудің толықтығы, дөлелденуі
тиіс барлық мән-жайлар Зіррттеліп болғанда ғана істің толық қаралғандығын
білдіреді. Дәлелдеудің объективтілігі іс жүргізуде тек бір тергеушінің
(анықтау жүргізетін адам) ғана емес, сонымен бірге кез келген бақылаушы
немесе қадағалаушы органның көзқарасына ғана сүйенбейтіндігін көздейді.
Айыпталушының қорғалу құқығын, қамтамасыз ету қағидасы. Ұсталған,
тұтқындалған, қылмыс жасады деп айып тағылған әрбір адам сол ұсталған,
тұтқындалған немесе айып тағылған кезден бастап адвокаттың (қорғаушының)
көмегін пайдалануға құқылы. Мемлекеттік органдар күдіктінің, айыптаушының
жеке және мүліктік құқықтарының қорғалуын қамтамасыз етуге міндетті.
Кінәсіздік презумпциясы қағидасы. Презумпция дәлелдеуді талап етпейтін
топшылама. Кінәсіздік презумпциясы адамның кінәсіздігі туралы топшылама.
Қарапайым сөзбен айтқанда: Ұсталмаса ұры емес.
Кінәсіздік презумпциясы қағидасының негізгі идеялары:
Айыпталушы соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін
кінәсіз деп саналады.
Айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес. Адамды оның
мойындауына негіздегі қана кінәлі деп тануға болмайды.
Айыпталушының кінәлілігіне сейілмеген күдік оның пайдасына
түсіндіріледі.
Ешкім өзіне-өзі қарсы айғақ беруге міндетті емес.
Сот төрелігін жүзеге асырған кезде заңды бұзып алған дәлелдемелерді
қолдануға жол берілмейді.
Тараптардың бәсекелестік қағидасы. Тараптардың бәсекелестігі мынадай
төрт ережені білдіреді:
- дәлелдемелерді зерттеуді айыптау (мелекеттік айыптау, жәбірленуші,
aзаматтық талапкер және оның өкілдері және қорғау (қорғаушы,
азаматтық жауапкер және оның әкілі) тараптары арқылы жүзеге
асырады.
- тараптардың құқықтары тең.
- сот істің мән-жайларын жан-жақты және толық зерттеуге қажетті
барлық шартты жағдайларды жасай, процеске басшылық етеді.
Қылмыстық процестің жариялылығы. Барлық соттарда және сот төрелігін
жүзеге асырудың кез келген тәртібінде істі қарау ашық түрде жүргізіледі.
Істі жабық сот отырысында қарауға заңда қарастырылған жағдайларда ғана
рұқсат етіледі. Соттың үкімдері барлық жағдайларда көпшілікке жария
етіледі.
Сот төрелігін жүзеге асыруға қоғамның қатысуы. Тергеуші тергеуді
жүзеге асырғанда, қылмысты ашуға және оны жасаған адамдарға іздеу салуға,
сондай-ақ қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен шартты жағдайларды
анықтауға және жоюға қоғамның көмегін кеңінен пайдалануы тиіс. Қылмыстық
істер бойынша сотта іс қаралғанда қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдары
өкілдерінің қатысуына жол беріледі.
1.2. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмыстық
қудалау және ақтау
Қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастарының мәнін сипаттай келіп,
Б.А.Галкин мемлекет қылмыстық іс жүргізу құқығының субъектісі ретінде онда
ерекше орын алатынын, ал мемлекеттің билік иесі ретінде іс жүргізу
кызметіне қатысуы қылмыстық іс жүргізу қатынастары арқылы да жузеге
асырылатынын өте орынды атап көрсетті[6]. Мемлекеттің қатысуы арнайы
тағайындалған органдар арқылы жанама түрде жүзеге асырылады.
Жоғарыда қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік органдар мен
лауазымды адамдардың сот және қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге
асыратын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар болып бөлінетіндігін
айтқан болатынбыз. Соттың қылмыстық процеске қатысушы мемлекеттік орган
ретіндегі мәселелері жан-жақты келесі тарауда қарастырылады. Бұл бөлімде
қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыратын прокурор, тергеу бөлімінің бастығы,
тергеуші, анықтау органы, анықтау органының бастығы, анықтаушыларға жеке-
жеке тоқталғанды жөн көрдік.
Прокурор - қылмыстық іс жүргізу қызметінің қатысушы ретінде
прокурордың орны мен мәнділігі ҚР Конституциясының, қолданып жүрген ҚІЖК
және ҚР Президентінің “Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы” Заң
күші бар Жарлығының тиісті ережелерімен анықталады. Бұл орайда аталған
зандарды қолданудың жәрдем көрсететіндей сипаты болады.
Қылмыстық сот ісін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар-дың
жүйесіне прокуратураның прокурорлық қадағалаудың функционалдық бағытына
байланысты бірқатар өзіне тән ерекшеліктері болады. Прокуратура құқық
бұзушыларға қарсы тікелей жазалау шараларын қолданбайды, бірақ бұзылған
заңдылықты қалпына келтіру және кінәлілерді белгіленген жауапкершілікке
тарту үшін өз билігінің бүкіл күшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес прокуратураға
Қазакстан Республикасының аумағында заңдардың дәлме-дәл және біркелкі
орындалуын қадағалау жүктеледі. Конституциялық деңгейде жалпы түрде
тұжырымдалған қадағалау функциясы Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Заң күші бар Жарлығында
жетілдіріліп, нақтыланған осы Жарлық бойынша қылмыстық сот ісін жүргізудегі
кадағалау функциясының мазмұнына мыналар жатады:
1) жедел-іздестіру қызметін қадағалау (34—36-баптар);
2) тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау (37—39-баптар);
3) сотта мемлекеттің мүдделерін білдіру (30—33-баптар);
4) орындалу ісінің заңдылығын кадағалау (сот тағайындаған жазаларды
және өзге де мәжбүрлеу сипаты бар шараларды орындау кезінде ұсталғандар
жататын орындарда, сондай-ақ алдын ала қамау орындарында заңдардың
орындалуы) (43—44-баптар).
Прокурорлық қадағалаудың нысаны, тәртібі, прокурор катысушысы болып
табылатын құқықтық қатынастарды жүзеге асыру нәтижесінде туындайтын
құқықтық салдары Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан
Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығында да, сондай-ақ Қылмыстық іс
жүргізу кодексінде де реттелген.
Прокурор жағдайының ерекшелігі прокуратура органдарының көп қырлы
функциясынан да көрінеді. Заңдылыкты қадағалаумен қатар прокуратура
органдары қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырады, істерді сот барысында
талқылауға қатысады, мемлекеттік айыптауды да қолдап отырады. Осы
функцияларға өзара байланысты болуы және бірін-бірі толықтырып отыруы тән
болып келеді. Қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге асыру бір мезгілде
қадағалау функциясының максаттарына қол жеткізудің құралы ретінде де
қарастырылуы мүмкін. Прокурордың қылмыс белгілерін тауып, ізін ала
қылмыстық іс қозғауы шын мәнінде қадағалау функциясын жүзеге асыру болып
табылады. Сонымен бірге прокуратура органдарының көп кырлы функциясы осы
функцияны құрайтын міндеттерді дербес түрде жүзеге асыруды жоққа
шығармайды. Заң шығарушының про-курорды өзінің құзыреті шегінде жедел-
іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің және сот шешімдерінің
заңдылығын қадағалауды, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізудің барлық
сатыларында қылмыстык ізге түсуді жүзеге асыратын лауазым иесі ретінде
қарастыруы прокурордың іс жүргізу мәртебесінін біркелкі еместігі туралы
куәландырады. Оның мәртебесі мемлекеттік айыптауды қолдау барысында айрықша
сипаттарға ие болады. Прокурордың өкілеттігі іс жүргізудің кезеңіне және
өздері жүзеге асыратын нақты функцияның шегінде ұстанатын көзқарасына
байланысты өзгеріп отырады.
Прокурордың құқықтық мәртебесі сот әділдігін аткару кезінде
прокуратура органдары шешетін міндеттер жүйесімен тығыз байланысты. Мұндай
міндеттерге мыналар жатады:
1) әрбір істі жан-жақты, толық және объективті түрде тергеп, қарау
үшін занда көзделген шараларды қолдану;
2) айыпталушының қорғануға деген құқығын, оның жеке және мүліктік
құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету;
3) әрбір қылмыс жасаған адамның заңды және әділетті түрде жазалануын
және кінәсі жоқ жерде бірде бір адамның сотталмауын қадағалап, қылмыстық
ізге түсу мақсаттарына қол жеткізу;
4) азаматтардың құқықтарын, мемлекеттік, қоғамдық және жеке
кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың заңды мүдделерін сотта қорғауды
қамтамасыз ету.
Прокурор мәртебесінің ерекшелігі Қазақстан Республикасы
Конституциясының ережелерімен де анықталады (83-бап), оған сәйкес
прокуратура органдары өз өкілеттілігін басқа мемлекетгік органдардан,
лауазымды адамдардан тәуелсіз түрде жүзеге асырады және заңға ғана
бағынады.
Қылмыстық іс жүргізудің құқықтық қатынастар жүйесіндегі прокурор
мәртебесінің мазмұны оның құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына байланысты
мынадай жағдайлармен айқындалады.

1. Прокурор іс жүргізу аяқталған қылмыстық іс бойынша шешім қабылдауға
құқығы бар.
Іс жүргізудің кейбір сатыларьшда прокурордын белгілі бір мүддесі
болады.
Бұл мүдде сот әділеттілігі міндеттерінің шегінен шықпайды. Және егер
сот талқылауы барысында адамның кінәсіз екені айқындалса прокурор
мемлекеттік айьштауды қолдаудан бас тарта алады. Мұндай бас тарту оның
құқығы емес, міндеті болып табылады. Атап айтқанда ҚІЖК-нің 317-бабында
былай деп жазылған: "Прокурор, егер айыптау сот талқылауында колдау таппады
деген қорытындыға келсе, айыптаудан бас тартуға (толық немесе ішінара)
міндетті".
2. Іс жүргізудің жекелеген сатыларында прокурордың істі шешу жөнінде
ешқандай құқықтары болмайды, оның сондай-ақ қадағалау қызметінің мақсаттары
мен міндеттерінің мазмұнына байланысты тікелей іс жүргізу мүддесі де
болмайды.
Мәселен, апелляциялық инстанция сотындағы істі қарау кезіндегі
прокурордың қатысуы іс бойынша өзінің көзкарасын білдірумен және косымша
материалдар берумен шектеледі (ҚІЖК-нін 430-бабының 5,6-бөліктері) Жоғары
тұрған сотта істі қарау кезінде қадағалау тәртбімен прокурордың қатысу
сипаты өзінің қарсылығын білдірумен шектеледі (ҚІЖК-нің 467-бабының 2-
бөлігі).
3. Қадағалау қызметінің нысандары іс бойынша белгілі бір
қатысушылардың функцияларымен киылысуы мүмкін.
Істің мән-жайын тергеу функциясы, әдетте, тергеушіге және анықтау
жүргізетін тұлғаға жүктеледі. Бірақ өзге де қылмыстық іс жүргізу функциясын
жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, прокурор
қылмыстық ізге түсуді жүзеге асыра отырып, бір мезгілде заңдылықты сақтау,
іс бойынша процессуалдык іс жүргізуді өткізу сияқты аралас екі функцияны да
жүзеге асырады.
Қадағалау қызметінің өзге де дербес функциялармен қатар келуінің
осындай нысандарының құқықтық негізі болады. Қазақстан Республикасы
Президентінің "Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы" Жарлығының
38,46-баптарына сәйкес прокурордың:
— қылмыстық іс қозғайды немесе қылмыстық іс қозғауға рұқсат беруден
бас тартуға;
— анықтама немесе алдын ала тергеу жүргізу үшін тиісті органға
прокуратура қозғаған қылмыстық істерді беруге;
— жекелеген тергеу әрекеттері бойынша іс жүргізуге қатысуға;
— тергеушілер мен анықтама жүргізуші адамдардың заңсыз каулыларының
күшін жоюға;
— анықтама мен тергеу органдарынан тексеріс үшін қылмыстық істерді,
жасаған қылмыстар, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаманың, тергеудің
барасы туралы құжаттарды, материалдар мен өзге мәліметтерді алуға;
— бұлтратпау шарасы ретінде қамауға алуға шешім жасалған адамдарды
қамауда ұстаудың заңдарда белгіленген тәртібі мен шартының сақталуын
тексеруге;
— қол сұғуға болмайтын құқыққа ие адамды қылмыстық жауапкершілікке
тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;
— жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен
хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуын
тексеруге қүұқығы бар. Бұл құқығы прокурордың Қылмыстық іс жүргізу
кодексінде көзделген өзге де өкілеттіктеріне қайшы келмейді. Мәселен,
прокурор тергеушінің көзкарасына қарамастан, айыпталушыға қатысты
бұлтартпау шараларын қолдануға, қажетті жағдайларда оқиға болған орын-ды
жеке тексеріп қарауға, сараптама тағайындауға құқылы.
4. Прокурор қылмыстық істі қозғауға құқығы болса да қылмыстық істі
қозғаудың заңдылығына қадағалау жүргізуге міндетті.
Бұл орайда прокурор іс жүзінде бақылауға алынбайды. Оның іс-қимылы
заңдылығының өлшемі заң ғана больш табылады. Ол қабылдаған шешімнің
негізділігі мен заңдылығы алдын ала тергеу барысында немесе істі сотта
қараған кезде бағалануы мүмкін.
5. Іс жүргізу барысында прокурордың тұлғасы көп қырлы болады:
айыптаушыға қатысты прокурор айыпталушы шағымдарымен, өтініштерімен,
тілектерімен шыға алатын инстанция болып табылады, сонымен бірге тап осы
прокурор әлгі айыпталушыға (сотталушыға) қатысты сотта мемлекеттік
айыптауды қолдауы мүмкін.
6. Прокурор, басқа да іске қатысушылар сияқты, сотта қаралатын нақты
іс шегінде сот бақылауында болады. Мәселен, ол сотта төрағалық етушінің
талаптарын прокурор орындамаған жағдайда, алдыңғысы кылмыстық іс жүргізу
санкцияларын қолдануға құқылы; сот сондай-ақ прокурордың өтінішін
кабылдамауы да мүмкін.
7. Прокурор сотта ештеңе де шешпейді, ол тек сот тергеуіне белсенді
қатысу жолымен айыптауды дәлелдейді.
Өзіне жүктелген құқықтар мен міндеттерді прокурордың толық көлемде
орындауына оның іс жүргізуге қатысуын болдырмау негіздері аз ыкдал етпейді.
Прокурорды іс жүргізуге қатыстырудың негізгі себептері мыналар болып
табылады:
а) іс жүргізуге жеке, тікелей немесе жанама мүдделілігі (ҚІЖК-нің 91-
бабы);
ә) белгілі бір іс бойынша сот құрамына кіретін судьялармен туысқандық
қарым-қатынаста болуы;
б) егер ол өзі жәбірленуші болса, азаматтық талапкер, азаматтық
жауапкер немесе олардың туысқаны болса, сондай-ақ айыпталушының немесе оның
заңды өкілінің, айыптаушының, азаматтық жауапкердің, аудармашының немесе
сот мәжілісі хатшысының туысқаны болып табылса;
в) егер ол белгілі бір істе судья сипатында қатысатын болса.
2-БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ,
МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҢЫЗЫ
2.1. Қылмыстық іс жүргізу - мемлекеттік қызмет түрі
Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың
ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың
арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық
қатынас деп атайды.
Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-
қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық іс жүргізу құқығы ұғымы мен оның құқық жүйесіндегі орны
Қылмыстық істер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету құралдары
Қылмыстық процесс ұғымы мен міндеттері
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ МЕРЗІМ
Азаматтық сот ісін жүргізудің функционалдық әдістері
Қылмыстық іс жүргізу және тоқтату
Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу түсінігі мен оның құқықтық жүйесі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
Қылмыстық процестің сатылары мен нысандары
Пәндер