Қысқы спорттық ойындар



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қысқы спорттық ойындар

Орындаған:
Жетекші:

Орал, 2017ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Балабақшада қыс мезгілінде өткізілетін спорттық ойындар
1.1. Қыс мезгіліндегі спорттық ойынның тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2. Қыс мезгіліндегі спорттық ойындардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2 бөлім. Қыс кезінде балаларға арналған спорттық ойындар түрлері және
олардың өткізілуі
2.1. Қыс кезіндегі спорттық
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Балаларға шаңғы, шана, коньки тебуді
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..23

Кіріспе
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар
мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары
біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми
еңбектер жарық көрді.
XXI- ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға
сай зерделі, ой- өрісі жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру
мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен
білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі.
Отбасында ата-ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада
тәрбиешілердің шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы
қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып
тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор.
Дене тәрбиесінің көздейтін маңызды мақсаты – бала организмін
шынықтыру. Шынықтыру арқылы балалардың салқын тиюден болатын және жұқпалы
ауруларға төтеп беру қабілеті күшейтіледі. Жүйелі шынықтыру организмде
сыртқы ортаның түрлі жағдайына және өзгерістеріне: температураның
ауытқуына, желді және жауын-шашынды ауа райына бейімделу қабілетін
қалыптастырады.
Спорттық ойындарға спорттың барлың белгілері бар ойын дар жатады:
ойнаушылардан спорттың іскерлікті, дайындықты талап етеді.
Спорттық ойындар топтың немесе жеке адамдардың жеңіске, нөтижеге
жетуімен аяқталады. Спорттық ойындар қимыл-қозғалыс ойындарынан орындалу
техникасы, ереженің күрделілігі, ойын жағдайының нақтылығымен ерекшеленеді.
Балаларды жөне жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде спорттық ойындар
ерекше орын алады, ойын құрамына күнделікті өмірге қажетті табиғи қимылдар
кіреді (жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, қағып алу, қарсы түру т.б.). Сондай-
ақ, ойын барысында жоғарыда аталған қимыл-қозғалыстың үйлесімділігі
кездесіп отырады. Балалармен жасөспірімдерді дене тәрбиесі үрдісіне
тәрбиелеуде ойындарды жүйелі түрде өткізу негізгі қимыл-дағдыларын,
жылдамдық, ептілік, күш-қуат, шыдамдылық қасиеттерін, ағза қызметінің
жұмысын күшейтеді.
Қыс мезгілде адамдар табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас
сәттерін тамашалайды. Қыстың көзі қырауда деген халқымыздың тамаша сөзі
осы бір мезгілді айна-қатесіз баян­дап тұрғандай немесе Абайдың ақ киімді,
денелі, ақ сақалды... деп келетін өлең жолдары да қыстың басқа жыл
мезгілдерінен ерекшелігін паш етеді. Қыс мезгіліндегі спорттық ойындарға –
шанамен сырғанау, коньки тебу, шаңғы тебу, мәнерлер сырғанау т.б. ойын
түрлері жатады.
Зерттеудің өзектілігі: Спорттық ойын дегеніміз – ұшқын, құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе
іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін
қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын баланың күш-қуатын молайтып, оны
шапшаңдыққа, дәлдікке ғана тәрбиелеп қоймай, оның ақыл-ойының толысуына,
есейіп өсуіне де пайдасын тигізеді. Дұрыс жолға қойылған дене шынықтыру
ойындары оқу-білім алуға бөгет емес, қайта бойды сергітіп, ойыңа жәрдем
ететін нәрсе
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балабақшадағы дене шынықтыру
сабағындағы спорттық жаттығулар.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі спорттық
жаттығулардың орны.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың спорттық
жаттығуларды үйрету арқылы денесін шынықтыру, спорттық жаттығулардағы
қимыл-қозғалыс әрекеттерінің бала өсуіндегі біртұтас жолын теориялық-
әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
1.Спорттық жаттығулар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың дене
шынықтыру қабілетін дамытудың ғылыми-педагогикалық негізін анықтау.
2.Қыс мезгілінде дене шынықтыру сабағында спорттық ойындар түрлерін
қолданудың педагогикалық және әдістемелік жолдарын анықтау.
3.Қыс мезгіліндегі спорттық жаттығулар түрлерін басқа дене шынықтыру
жаттығуларымен ұштастыра қолдану жолдарын көрсету.
Зерттеу мәселесі – отбасында және мектепке дейінгі ұйымдарда бала
тәрбиесін нәтижелі қарастыру, балаларға дене тәрбиесінің маңызын көрсету
және спорттық ойындарды өткізу.
Зерттеу пәні – спорттық ойындар және олардың өткізілуі.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зертеудің кезеңдері – мектепке дейінгі балалар (орта және ересек
топтағы балалар).
Зерттеу көздері – мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
1. спорттық ойындардың түрлерімен таныстырылды;
2. қы мезгілігдегі спорттық ойындарды ұйымдастыру және өткізу
әдістемесімен таныстырылды.
Тәжірибелік маңызы: Балалардың денсаулығын нығайтуда үйретілген
спорттық ойындарды пайдалануға болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курс жұмысының белгілі бір құрылымы,
құрамдас бөлімдері бар. Әдетте, ол кіріспеден, теориялық, практикалық
бөлімдерден, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 бөлім. Балабақшада қыс мезгілінде өткізілетін спорттық ойындар
1.1. Қыс мезгіліндегі спорттық ойынның тәрбиелік мәні
Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. Әр маусымға тән сейіл-
серуені де болады. Жазда адамдар суға шомылып, күнге қыздырынса, қыста
шаналарын арқалап, биік жоталарға, тау­лы қыраттарға бет түзейді. Дала
төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты сәттер де – өз алдына бір әңгіме.
Барлығы қыстың суықтығын емес, бейнебір жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін
тауып алғандай қуанысады. Биік қыраттан төмен қарай аппақ қардың үстінде
ізін қалдыратын шанасымен ызғиды.
Қаңтар айының алғашқы күндері, міне, осындай қуанышты шақтарға толы.
Күн сәулесі Жер-анаға шуағын төгіп, барша адамдарды өзінің жылы нұрына
бөлеп, қысқы суықтың бетін қайтаруға бел шеше кіріскендей. Алыстағы таулы
қыраттардан арқан бойы ұзап шыққан дала құстары әсем табиғаттың осынау
ғажап шағына мейілінше құмарта қанат қағады. Қыстың ғажайып ұмытылмас
шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл күй
сыйлайды.
Бала өміріндегі ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның
алатын орны, формасы және мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек
түрімен және мазмұнымен салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы
адамды дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде
ойынның мәнін баланың дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-
білуге, белсенді әрекет етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың
айтуынша шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып
жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын
үстінде ол бейнебір ересек адам тәрізді өз күшін сынап көреді.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық жаттығулар
И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев, Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және
тағы басқалар ерекше назар аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар
жөнінде жекелеген нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп
дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту, қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов
ойын-ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі
барлық кездерге заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі
деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой
дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау
операциялары: талдау, салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп
тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл
мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке
бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай
бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде
Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін),
Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын
зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в
детском саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай
өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері,
т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық
баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен
жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр
түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің
дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде
халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми
теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса,
А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқитын балаларды тәрбиелеу
құралы ретінде қазақ халқының ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік
негіздері жасалып, олардың тәрбиелік мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа
халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің
ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.
Ең алдымен, ойнаушылар өзара келісіп, жеңген топ үшін жүлде
тағайындайды да, екі топқа бөлінеді. Топ басқарушылар ақсүйекті қайсысының
лақтыратынын шешіп алу үшін кезектесіп таяқ ұстайды, таяқтың басына кімнің
қолы бұрын шықса, сол ақсүйекті құлашы жеткенше лақтырады. Ақсүйек жерге
түскеннен кейін ғана ойыншылар іздеуге шығады. Көмбеде топ басқарушылардан
басқа ешкім қалмайды. Сондықтан ақсүйекті алдымен тауып алған топтың
ойыншылары біріне-бірі лақтырып, көмбеге қай топтың адамы бұрын жеткізсе,
сол топ ұтқан болады да, жүлдегер атанады. Келесі жолы ақсүйекті екінші топ
лақтырады, сөйтіп ойын кезектесіп отырады.
1.2. Қыс мезгіліндегі спорттық ойындардың түрлері
Балалардың сүйікті ермегіне айналған шағын шаналардың алғаш рет қашан
және қайда пайда болғандығын ешкім дөп басып айта алмайды. Әйтеуір, қылышын
сүйреп келген қысты шана сүйреп қарсы алу - бүгінге дейін жалғасып келе
жатқан дәстүр.
Шанамен сырғанау:
- Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау.
- Шанамен төбешікке көтерілу.
- Төмен түсіп келе жатып тежеу.
- Бірін-бірі сырғанату.
Сырғанау:
- Мұз айдынында екпіндеп келіп өз еркімен сырғанау.
- Сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру.
- Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.
Шаңғымен жүру:
- Бірінің артынан бірі сырғанай кезектескен адыммен алға жылжу.
Қиылысқан бос жерлермен жүру.
- Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп өту.
- Бір орында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасап
тұру.
- Тіке аяқты алға шырша, жартылай шырша сияқты тастап төбешікке шығу.

- Аласа тіреу бойымен төмен түсу.
- Өз еріктерімен шаңғы алып, орнына қою, киіп, қайта шешу, қолдың
астына алып жүру.
Шаңғы біткеннің шыққан жері – Алтай. Бүгінде байрақты бәсекелердің
көрігін қыздырып жүрген ғажап спорт бұйымының атасы саналатын шаңғы ең
алғаш Алтайлықтарда пайда болған. Мұны шетел ғалымдарыда мойындап
отыр.Ғалымдардың айтуыншы жылқы терісімен қапталған шаңғының жасалуы
қарапайым болған. Әр шаңғыны жасау барысында, оны қолданатын адамның бойы
мен салмағы ескерілген.Айталық адамның бойы қаншалық ұзын болса шаңғы соған
шақ болған.
Алтайлықтар шаңғының көбінде жеңілдігін ескеріп самырсыннан, кейде
қалыбын бұзылмас үшін қарағайдан жасаған. Таңдап алынған ағашты бір ай
молшерінде кептіріп койып бабына келген соң адам табаны тұратын жерден төрт
тесік тесіп бау өткізген. Ал табанына соғымға соғылған жылқы терісінің
пұшпағын жүннің жату бағытын артқа қаратып қаптаған. Соның арқасында шаңғы
алдыға қарай жеңіл сырғанаса өрге қарай жүргенде кері таймайтын болған. Әрі
еңіске қарай сырғанап келе жатып тоқтауғада қолайлы. Шаңғышы таяғы о баста
бірнеше қызметті қатар атқарған. Ол қардың қатты жұмсақтығын біліп бұрылуға
сондай-ақ қуып жеткен аңды соғып алуға пайдаланған. Б.з.б 5-ғасырда Алтай
сілеміндегі деңлек деп аталатын тайпалар қолданған.
Шаңғы сабағындағы қауіпсіздік ережелері.
✓ Шаңғы таяғын бір-біріне лақтыруға болмайды.
✓ Шаңғымен таяқпен ойнауға болмайды.
✓ Тауға шыққанда, таудан түскенде арақашықтық сақтау керек.
✓ Шаңғымен басқа адамның шаңғысын басуға болмайды.
✓ Бір-бірінің жолын кесуге болмайды.
✓ Шаңғымен таяқ соғысып ойнауға болмайды.
✓ Қармен бір-біріне лақтырып ойнауға болмайды.
✓ Сабақ аяқталғанда, шаңғыны қардан тазалап спортзалға кіріп
сапқа тұру керек.
✓ Мұғалім шаңғыны тапсырыңдар дегенде бір-бірін итермей, асықпай
шаңғыны тапсыру керек.
✓ Шаңғыны тепкенде жылы қолғап, жылы бас киім кию керек.
✓ Сабақта сағыз шайнауға болмайды.
✓ Аязды күні қасыңдағы балалардың денесін үсік шалғандай белгі
байқаса ол жердің айналасын қармен қызарғанша ысқылап көмек
көрсету керек.
Шаңғы жүрісі негізінен екі топқа бөлінеді:
1.Классикалық жүріс.
2.Конькише жүріс.
Оқушыларға ведио арқылы көрсетілген классикалық жүрістің түрлерін
көрсетіп оны оқушылар ажырата біліп және кабинетте қыймылды қайталап
көрсету(имитация).
Классикалық жүріс түрлері.
1.Бір мезгілде бір адымды жүріс.
2.Алма кезек екі адымды жүріс.
3.Бір мезгілде екі адымды жүріс.
4.Бір мезгілде адымдамай жүріс т.б.
Конькише жүріс түрін ведиодан көріп түсінік беру.Сырғанау жағдайын
едәуір жақсарту кең және жақсы тапталған шаңғы жолдары,конькише жүріс басқа
жүру әдістерімен салытырғанда жоғары жалдамдықпен жүруге мүмкіншілік
береді.
Шаңғышы осы тәсілмен жүрген кезде оның қыймылдары коньки тебушінің
қыймыл әрекетіне ұқсайды-осы тәсілдің конькише жүріс деп аталуының өзі
осында.
Бір шаңғының ішкі жағымен шаңғышы алға жаңға сыртқа қарай теуіп күш
алып жылжып дене салмағын екінші сырғанаушы шаңғыға ауыстырады.Енді осы
қыймыл екінші аяқтан қайталанады осы тәсілмен жүру кезінде қолдары белсенді
жұмыс атқарады.Аяқтың жұмысы қарқынмен үйлесімді түрде бір мезгілде немесе
алма кезек жүзеге асады.
Тоқтау әдістері:
1.Соқа әдісімен.
2.Жартылай соқа.
3.Тіреліп тоқтау.
4.Бұрылып тоқтау.
5.Құлап тоқтау.
Шаңғыны туіп болғаннан кейін құрғатып сүртіп кергішке (пирамида) керіп
қою керек.Қыс бойы әлсін-әлсін 2-3 рет ескі майларын тазартып қарағай
шайырын жағады.Шаңғының метал бекіткіштерін маймен майлайды.Ал шаңғыға
арналған батинкаларды да майлап қою керек.
Коньки тебу. Қыс кезінде суық тиіп қалудан қорыққан көптеген адамдар
таза ауада мейілінше аз уақыт өткізуге тырысады. Негізі, бұл қателік.
Керісінше, таза ауада демалу адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қыс кезіндегі
физикалық белсенділік біздің ағзамыздың нығая түсуіне, тұмауға қарсы
тұруға, жаз келгенше күш жинауға көмектеседі. Қыс кезінде коньки тебу
арқылы адамдар денсаулығын жақсартып қана қоймай, көтеріңкі көңіл-күйде
болады.
Коньки адамзат тарихында өте ертеде пайда болды және бір замандары
жануарлардың сүйегінен дайындалған.
Коньки тебудегі қиындықтан құтылу үшін қарапайым ережерлерді сақтанған
дұрыс.
Коньки тебуді енді бастап жүрген фигуристтер үшін роликті тебуге
арналған экипировка да жарай береді. Сонымен қатар, мұздағы ауа
температурасы төмен болғандықтан, мейілінше жылы киінген дұрыс.
Ал аяқ киімге өте мұқият қараған жөн! Егер аяғыңызға коньки бәтіңкесін
дұрыстап кимесеңіз, тобығыңызды шығарып, аяғыңызды жарақаттап алуыңыз
мүмкін. Конькиді дүкеннен сатып алуға тырысыңыз.
Мұз айдында жүргенде мейілінше сақ болыңыз, айналадағы адамдарға
қарайлап, олармен соқтығысып қалмауға тырысыңыз. Тағы бір есте ұстайтын
нәрсе, айдынға алкоголь ішіп барудың қажеті жоқ, сондықтан спирттік
ішімдіктерден бас тартыңыз. Сонымен қатар, үш айналып секіруді орындаймын
деп әуре болмай, тек достарыңызбен серуендеп, көңіл көтеріп қайтыңыз.
Пайдалы жақтары. Коньки тебудің пайдасы орасан зор. Мұз айдынында
небәрі бір сағат коньки тебу бірнеше сағат бойы жүгіргенде кететін
калорияны кетіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА
Қазақстанда фантуризмдi дамыту жолдары
Олимпиада ойындары
Үш терек ЖШС Еркем-Ай бөбекжай балабақшасында қыркүйек айында жүргізілген ертеңгіліктер мен ұйымдастырылған оқу кызметтерінің анықтамасы
Қысқы Азия ойындары
Астана және Алматы қалаларында өткен қысқы Олимпиада ойындары, 7-ші Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың жетістігі
Шаңғы спортының даму тарихы
PR-дың әлемдік ірі спорт бәсекелерінде алатын орны
Азиаданы өткізетін спорт кешендері
Шаңғы спортының шығу тарихы
Пәндер