Жаңа теңгеге сипаттама
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І- бөлім.Валюта туралы жалпы түсінік.
1.1 Валюталық құқық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .5- 9
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы ... ... ... ... ... ..10-11
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы ... ... ... ... ... .12-1 6
II-бөлім Халықаралық валюта жүйесі.
2.1.Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы ... ... ... 17-19
2.2.Халықаралық валюта жүйесінің мәні, түрлері ... ... ... 20-23
2.3. Халықаралық валюта жүйесіндегі халықаралық
қаржы ұйымдарының ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24-26
III-бөлім. Қазақстан Республикасының валютасы теңге.
3.1 Валюта
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..27-28
3.2 Жаңа теңгеге
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
-30
3.3 Жаңа теңге
қорғанысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
31-33
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .34-35
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .36
Кіріспе.
Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз-құн ) – елдің ақша бірлігі, оның шарттары
түрі, халықаралық төлем – есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық
ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта қатынастарының кейбір
элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте, Римде) вексель мен айырбастау
істері ретінде пайда болған.
Қазақстан Республикасының Заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін
жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы
валюталық бақылау органдары болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық
бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды
орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан
резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен
осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық
бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына,
құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді;
тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге;
валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етілуі және банктік жүйенің қызмет етуі
бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар іс-жүзінде толығымен орындалды.
Осыған орай, бағдарламаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Ұлттық банк
туралы" және "Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет туралы"
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар төмендегідей Жарлықтары
шықты.
1997 ж. 6 наурызда "Заң күші бар, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығына толықтырулар енгізу туралы", 1997 ж. 28 сәуірде "Қазақстан
Республикасындағы вексельдік айналыс туралы", 1997ж. 11 шілдеде "Банктік
кызмет сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдары қабылданды.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары
және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – халықаралық валюта нарығының мәні: түрлері,
дамуы, валюта жүйесінің эволюциясы, халықаралық қаржы ұйымдарының рөлін
валюталық құқық жүйесін қарастырамыз.
І-бөлім. Валюта туралы жалпы түсінік.
1.1 Валюталық құқық жүйесі.
Валюталық құқық айтарлықтай дербес құқықтық құрылым ретінде ұлттық
валюталық жүйе мен валюталық рыноктың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сондай-
ақ валюталық құндылықтармен іске асырылатын валюталық операциялар,
халықаралық валюталық төлемдер мен аударымдар және тікелей инвестициялық
қызмет барысында туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың
жиынтығынан тұрады.
Демек валюталық құқық саны жағынан аса көп құқықтық нормалардан тұратын,
айтарлықтай күрделі құқықтық құрылым болып табылады. Осы орайда әлі де
болса жүйелендірілмеген әрі тәртіптендірілмеген валюталық құкық нормаларын
іштей құрылымдау арқылы белгілі бір жүйе түрінде қалыптастыру қажеттілігі
туындап отыр. Валюталық құқықты іштей құрылымдау процесі объективті процесс
болып табылады. Өйткені зерделеу нысаны валюталық құқықтың өзі ұдайы даму
үстінде болғандықтан, оның қарқыны (динамикасы) аталмыш құқықтық құрылымның
кеңею және күрделілену жолында екенін көрсетеді, сондай-ақ валюталық
заңнаманың және заңға тәуелді валюталық құқықтық актілердің көптігі және
белгілі бір көлемде тәртіптелінбегені оның жүйесін танып-білуді қиындата
түседі. Валюталық құқық жүйесін құру ерекшеліктері мен өлшемдері оны дербес
институт ретінде бөліп шығаруды негіздейді. Валюталық құқық осы орайда,
құқықтық құрылым сипатында ерекшеленеді және оның өзіне тән жүйесі болалы.
Қазақстан қаржылық құқығының классигі А.И. Худяков бюджеттік құқық
(қаржылық құқықтың негізгі бөлімі) жүйесін зерттеу барысында Біздің
пікіріміз бойынша бюджеттік құқық институттары негізіне қаржы жүйесінің
институты бюджеттің ауқымында объективті көрініс табатын экономикалық
қатынастардың топтамалары жатады. Осындай экономикалық шынайылықтар:
а) белгілі бір жүйе (бюджет жүйесі) түрінде ұйымдастырылған және өзара
қарым-қатынаста болатын көптеген бюджеттердің болуы;
б) осы бюджеттерді (ақша қаражаттары қорлары ретінде) қалыптастыру және
бөлу негізі кептеген қаржылық-жоспарлық актілердің болуы;
в) бюджет саласындағы қызметтерін, оған қоса бюджеттік жоспарлау мен
бюджеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың болуы;
г) бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыратын көптеген төлемдердің болуы;
д) бюджет қаражаттарын бөлуге (мемлекеттік бюджет шығысына) байланысты
қатынастардың болуы болып табылады. Сонымен бірге ескеретін жәйт, бюджеттік
құқық нормаларының өз мазмұны (мәні) мен талдау дәрежесі бірдей көрініс
таппайды. Кейбір нормалар жалпы ережелерді белгілей отырып, қоғамдық
қатынастардың кең шеңберін қамтиды, ал басқаларының құқықтық реттеу пәніне
қоғамдық қатынастардың арнайы топтары ғана жатады. Осы орайда Н.И.
Химичеваның бюджеттік құқық жүйесінде жалпы бөлім орын алады деген пікірін
дұрыс деп санаймыз. Жоғарыда айтқанымызды есепке ала отырып бюджеттік құқық
жүйесі жалпы және ерекше бөлімнен тұрады деп ойлаймыз.
1) Ресей валюталық құқығының туындауы және жалпы сипаттамасы;
2) Валюталық құқықтың ұғымы, объектісі, әдістері. Басқа құқық салаларымен
аралық қатынасы;
3) Валюталық құндылықтар. Валюталық операциялар. Валюталық құқықтық
қатынастар;
4) Валюталық бақылау. Валюталық бақылау органдары мен агенттері, олардың
құкықтары және міндеттері сияқты институттардан тұрады. Ал валюталық
құқықтың ерекше бөлімі:
1) Қолма-қол валютамен жасалатын операциялар. Қолма-қол шетел валютасын
және шетелдік валютадағы бағалы қағаздарды әкету;
2) Экспорттық операциялар. Шетелдік валютаны сату;
3) Импорттық операциялар. Шетелдік валютаны сатып алу;
4) Резидент еместердің оның ішінде резидент емес банктердің операциялары;
5) Инвестициялық қызметке байланысты есеп айырысулар және операциялар;
6) Қымбат бағалы металдармен және тастармен операциялар;
7) Бағалы қағаздармен жасалатын операциялар;
8) Капитал қозғалысына байланысты валюталық операциялар;
9) Саудаға жатпайтын операциялар. Жеке тұлғалардың аударымдары;
10) Шетелдік валютадағы шоттар.
11) Биржалық және банкаралық рыноктарда шетелдік валютамен
жасалатын мәмілелер;
12) Шетелдік валютамен кредиттеу;
13) ТМД елдерінің контрагенттерімен жасалатын операциялар;
14) РФ валютасын әкету-әкелу;
15) Валюталық бақылау түрлері мен нысаны. Күдікті мәмілелерге және
оффшорлық операцияларға бақылау жүргізу.
15) Валюталық заңнама нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік сияқты
институттардан құралады деп тұжырымдайды.
А.И. Худяков валюталық құқық жайлы нақтылы көзқарасын білдірмегенімен,
Финансовое право Республики Казахстан (общая часть) деп аталатын
еңбегінде (оқулық) толық бір тарауды:
1. Валюталық реттеу ұғымын және әдістерін, оның объектісін;
2. Валюталық реттеу органдарын және олардың құзыретін;
3. Валюталық операцияларды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдарды
және олардың құзыретін;
4. Валюталық операцияларды жүргізу ережелерін;
5. Қазақстан Республикасының валюталық монополиясын зерделеуге арнаған.
Бұл ретте А.И. Худяков валюталық заңнаманы, банктік заңнаманы арқау етіп
валюталық реттеудің құқықтық негізін сипаттау нәтижесінде валюталық құқықты
(дербес құқықтық институт ретінде) қалыптастыру ісіне өз үлесін қосты деп
айта аламыз. Алайда А.И. Худяковтың валюталық реттеудің құқықтық негіздері
жөніндегі кейінгі көзқарасы ықшамдалып, көкейтесті проблемалар мен
мәселелерді шешу жолдарын және т.б. өзекті мән-жайларды ашып көрсетпей, тек
1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған Валюталық реттеу туралы және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы заңдар негізінде түсіндірме-
сипаттама жасаумен шектелген.
Валюталық құқық жүйесінің нақтылы валюталық қатынас түрлеріне
(топтамаларына) сай құрылуы валюталық заңнама сапасына, оны әзірлеу және
қабылдау негізіндегі ғылыми тұжырымдарға байланысты болады деп есептейміз.
Объективті валюталық қатынастарға орай топтастырылған валюталық-құқықтық
институттар мемлекеттің ішкі және сыртқы валюталық саясатын дұрыс іске
асыруға зор септігін тигізеді. Осы валюталық-құқықтық институттар негізінде
ұйымдастыру және материалдық сипатты-мазмұнды валюталық қаржылық
қатынастардың топтамалары жатады.
1.2 Валюта ресурстарын пайдаланудың маңызы.
Валюталық операциялар ағымдағы және капитал қозғалысына байланысты
операцияларға бөлінеді.
Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:
тауарлар мен қызметкерге төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды
жүзеге асыру үшін ақша аудару;
экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит
беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;
180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және кредиттер алу;
депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша
аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;
сауда түріне жатпайтын ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік
сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге
операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:
инвестициялар;
жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін ақша
аударымдары;
180 күннен астам мерзімге эксиорттық-импорттық мәмілелер бойынша кредит
беру және алу.
Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды
инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит,
экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы,
дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іс-сапарлар, туризм,
халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми,
техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері
кезінде жасалады.
Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы
тиіс, сондықтан сыртқы экокомикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі
валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.
Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады
және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған
(шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.
1.3 Мемлекеттік валюта ресурстарының қалыптасуы.
Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:
экономиканың мемлекеттік секторының — кәсіпорындардың, ұйымдардың,
компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың және т.т. өнімін, тауарларын және
қызметін экспортқа шыеарудан түскен түсім -ақшадан;
тауарлар мен жүктердің кеден шекарасы арқылы қозғалысы жөніндегі
операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан,
басқа төлемдерінен;
келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары
төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;
валюталық заңды бұзғаны үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен
өсімнен;
шетел банктерінде және басқа қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан
түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді
пайдаланудан алынған табыстардан;
шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мем-лекетаралық
қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;
валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі түсімдерден.
Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:
1) Ұлттық банк: "валюталық басқыншылықтарды — елдегі тұрақты ақша
айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарларымен
анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру
мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін;
2) Қаржы министірлігі: қарыздар туралы келісімшартпен белгіленген
уақытта сыртқы берешекті өтеу графигі бойынша жабу үшін; халықаралық
ұйымдардағы мүшелік үшін жарналар төлеу; елшіліктердің, консулдықтардың,
өкілдіктердің және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржылаңдыру
үшін;
3) Үкімет органдары: мемлекеттік қажеттерді — тауарлар мен көпшілік қолды
бұйымдарды импорттау жөніндегі орталықтандырылған сатып алуды
қанағаттандыру үшін;
4) Басқарудың жергілікті органдары — коммуналдық шаруашылықтың,
өңдірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті
инфрақүрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін.
Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының
валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық
түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін
кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның
белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы
Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногінде сатуға
міндетті болатын. Қазіргі кезде заң жүзінде белгіленген салықтар мен
баждарды төлегеннен кейін қалған валюта занды тұлғалардың қарамағында
қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.
Экспорттық өнім өндірмейтін шаруашылық жургізуші субъектілер және
валютаға мұқтаждары оны валюта рыноктерінде ұлттық валютаны айырбастау
жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық
органдары валюта қорларын көбейте алады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың
келесі көзі — банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет
көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық
шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті
бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел
банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады;
Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен
және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды
пайдалаушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді.
Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын
қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет
шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.
Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін
(акционерлік, бірлескен, кооеративтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы
шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары
есебінен жетуге болады.
Валюта қаражаттары түсімдерінің мүмкін болатын келісім-шарттарды,
арбитраж органдары белгілеген контраютар бойынша міндеттемелерді, басқа
елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді
орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.
Валюта ресурстарының аталған көздерінің қаражаттары жиынтығында
шаруашылық жүргізуші субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар
субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі
мақсаттарына пайдаланылады ("Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары").
Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:
1) дүниежүзілік рыноктерде жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың
экспорттық әлуетін ұлғайту;
2) импортты алмастыратын өнім өндіруді ұйымдастыру немесе мұндай өнімнің
қолданыстағы өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық
ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар,
лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі
операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.
3) валюталық кредиттерді және оларды пайдаланғаны үшін пайыздар өтеу;
4) мамандандырылған сыртқы экономикалық ұйымдарға сыртқы рыноктерде
операциялар жасауға жәрдемдесу жөніндегі қызметтері үшін комиссиялық
сыйақылар төлеу;
5) капиталға қатысу ретінде шетелдік компаниялардың, фирмалардың қаржы
және кредит мекемелерінің бағалы қағаздарын сатып алуға жұмсау;
6) сыртқы экономикалық міндеттемелер бойынша келісімдердің шарттарын
бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, өтемақылар төлеу;
7) ішкі қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін ұлттық валютаны сатып алу; 8)
ұйым ұжымдарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін тұтыну және мәдени-
тұрмыстық арналымның шетелдік тауарларын, дәрі-дәрмектерді, медициналық
жабдық пен саймандарды сатып алу (белгіленген нормативтерге сәйкес).
Иегерлердің немесе құрылтайшылардың қарап шешуі бойынша қаржы
ресурстарының басқаша пайдалануы да мүмкін.
Заңды тұлғалар өздеріне қарасты валюта қорларын дамудың: өндірістік
инфрақұрылымның, бірігіп пайдаланудың объектілері құрылысының, ғылыми
зерттеулер жүргізудің және ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізудің,
келешекке арналған жобаларды, ақпараттық жүйелерді, маркетингтік
зерттеулерді қаржыландырудың және т.т. жалпы міндеттерін орындау үшін
біріктіруге құқылы.
1993 ж. қараша айында Ұлттық банкке ұлттық валютаның
енуімен ақша-несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен,
банктермен өзара қарым-қатынаста классикалық қағидаларды ендіруі,
банктердің қызметтерін реттеу жүйесін нығайтуға қатысты толық жауапкершілік
жүктелді.
Ұлттық валютаның енгізілуі сәтінен бастап, 1995 жылға дейін Орталық
банктік қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативтік
құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлерімен тәжірибесі
жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу тәжірибесін
қолға алды. Бұл кезең, соңдай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру
саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың
әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпан айында
Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысының бекітілген, 1995 ж.
арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың бірінші бағдарламасы
жасалынды.
II-бөлім.Халықаралық валюта жүйесі.
2.1. Халықаралық валюта жүйесінің эволюциясы.
Бірінші дүниежүзілік валюта жүйесі алтын монеталы стандарт негізінде
құрылып, 1867жылы басшы елдердің өкілдері қатынасқан Париж конференциясында
мемлекетаралық келісіммен заңды түрде рәсімделді.
Екінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1922 жылы Генуя халықаралық
экономикалық конференциясында қатысушы мемлекеттердің рәсімделді. Бұл
Генуя валюта жүйесі конференцияда келісімге келуші 30 елдің ақша жүйесі
тәрізді алтын дивизді стандартқа негізделіп құрылды. Ол дивиздің принципі
бойынша банкноталар алтынға емес вексельге және чекке, яғни дивиздерге
айырбасталады.
Девиз деген кез-келген формадағы шетел валютасы.
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі 1944 жылы 22 маусымда АҚШ БҰҰ-ның
Бреттон - Вудс конференциясында заңды түрде резервтік валюта статусы
бекітілді. Онда алтын девиз стандартына негізделіп, девиздік валюта ретінде
американдық доллар мен фунт стерлинг қабылданды. Сонымен бірге алғашқы рет
резервтік валюта статусы заңды түрде осы валюталарға бекітіледі.
Төртінші (қазіргі) дүниежүзілік валюта жүйесі 1976 жылдың қаңтарында
ХВҚ-ға мүше мемлекеттердің Кингстонда (Ямайка) қол қойған келісімімен
дүниеге келіп, Ямайка валюта жүйесі деп аталды.
Ямайка валюта жүйесінің бұрынғы жүйеден айырмашылығы:
- алтын өзінің монетарлық қызмет атқаруын тоқтатты, яғни енді бірде-бір
валютаның құрамында алтын жоқ: ХВҚ-ң өзгерген жарғысына сәйкес алтын құн
өлшемі ретінде және валюта бағамын есептеуге де қолданбауы тиіс. Сөйтіп
алтын паритетінің, алтынның ресми бағасының, шетел орталық банктері мен
үкімет орындары үшін американдық қазынашылықтың долларлық резервтерді
алтынға айырбастауы жойылғандығы заңмен бекітілді.
- алтын девизді стандарттың орнына жаңа халықаралық есеп айырысу құралы –
СДР енгізілді. Ол валюталық паритет пен валюта бағамының негізі деп
жарияланды.
- ХВҚ-ның мүшелері валюталық паритетті қолданбай кез-келген валюта
бағамының тәртібін пайдалануға құқық алды.
- Бреттон Вудс жүйесінен ауысқан ХВҚ-ның міндетті мемлекетаралық валюталық
реттеуді күшейту, мүше елдердің өзара тығыз қарым - қатынастығын
қамтамасыз ету, әлемде валютаның тұрақтылығына қол жеткізу үшін әртүрлі
валюталық шектеулерді жою.
1979 жылы Европалық экономикалық одақтың шеңберінде Батыс Европа
елдерінің интеграциялық процестерін дамытуға көмектесу мақсатында Европа
валюта жүйесі (ЕВЖ) деп аталатын аймақтық валюта жүйесі құрылды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және
валюталық одақ құру жөнінде 1994 жылы қарашада қол қойылған Маастрихт
шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 жылы шілдеде басталып, мүше –
елдерге 1992 жылдың аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған.
Екінші кезеңде Европа валюталық институты құрылып, оның құрамына 12
орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты – орталық банктердің
Европалық жүйесін эмиссиялау.
Үшінші кезең экономикалық одақтың бірнеше мемлекеті несие – ақша
жүйесінің бірыңғай үлгісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz