Өркениеттің өркендеуі


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Тіркеу күні «Қоғамдық пәндер»

Бөлімнің меңгерушісі кафедрасы

А. У. Кидришева «Мәдениеттану» пәнінен

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Жаңа заман мәдениеті»

Орындаған: сырттай оқу бөлімінің 3ВКДО тобының студенті Ихсанова Г. А.

Тексерген: Батрғалиева А. Б.

Орал - 2012ж.

Мәдениеттегі натурализм бағытын ұстанушылар адамды қоршаған ортаға, тұрмыс-салтына, физиологиясы меп шыққан тегіне орай суреттеуді негізге алды. XIX ғасырдың 80-жылдары натурализм бағыты француз әдебиетінде жетекші рөлге ие бола бастады. Бұл бағыттың ең таңдаулы өкілдерінің бірі француз жазушысы Эмиль Золя (1840-1902) өзінің көптеген романдарында Франция өмірінің 1852-1870 жылдарғы кезеңін суреттеді.

Өз шығармаларында Золя адамды нәсілшілдіктің, ортаның және тарихи ахуалдың нәтижесі ретінде қарастырды. Театрдағы натурализм бағытын неміс драматургі, Нобель сыйлығының лауреаты Герхард Гофман (1862-1946) қуаттады. Драматургтың ең үздік пъесаларының бірі "Тоқымашылар» 1844 жылғы Силезия тоқымашыларының көтерілісін суреттеді.

XIX ғасырдың, аяғы мен XX басында Еуропа көркем-өнерінде жаңа бағыт - символизм қалыптаса бастады. Ақын-символистер сөздің нақты мәнінің орнына, оның символдық (нысандың) мәнін қолданды. Бұл бағыттың көрнекті өкілдері француздың ақын-символистері Поль Зерлен (1844-1896) және Артюр Рембо (1854-1891) болды.

Осы кезде көркемөнерде жаңа бағыт - импрессионизм бағыты етек алды. Импрессионист-суретшілер Клод Моне (1840-1926), Огюст Ренуар (1841-І919), Эдгир Дега (1834-1917), т. б. көркемөнерді қайта құруға, академиялық көркемөнерді қарапайымдандыруға, халыққа жақындатуға шақырды. Импрессионист-мүсіншілер арасынан дүниежүзіне кеңінен таныс «Кале азаматтары», «Сүю», «Ойшыл» шығармаларының авторы Огюст Роден (1840-1917) шыққан еді.

Қазіргі батыс мәдениеті. Батыс мәдениеті көбіне ежелгі дүние мәдениеті мұраларына ие болып, тарихтың өне бойы дүниені қайта құру идеясын алып жүре алды. Батыс адамының шығармашылық табыстары, оның космосқа қадам жасауы өткен заман мен қазіргі кезең арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл, әрине Батыс ешқашанда жойқын қирату үрдістер ассиметрияның рационалистік идеяларына негізделген. Олар табиғи гармонияны бұзып отырады.

Мәдениет өзінің болмысынан айырылып, техникалық өркениетке айналғанда, шектен тыс практикалық болмыс қалыптасады.

Техниканың күшімен құрылған нақты әлем адамға бөтен болатыны айдан анық. Техникалық әлем өз дамуында мәдени құбылыстарды бұзып, жаншып, оның өркендеуіне орын қалдырмайды. Тек машина ғана емес, көптеген мәдени құбылыстар «машиналанды».

Өркениеттің өркендеуі адамдардың әл-ауқатын жақсартуға, олардың материалдық қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталады. Бұл кезеңнің басты қайшылығы байлыққа мастану болып табылады. «Барлығы бар қоғамда» жоқтық енді ілгері дамуға ықпал етпейді. Үлкен мақсаттардан айырылған қоғам мәдени дамуда да күйзеліске ұшырайды.

Батыс мәдениетінің технократтық кезеңі . Техниканың қоғамға ықпалы туралы әр түрлі пікірлер қазіргі кезеңде мәдениеттанушылардың, социологтардың, философтардың назарына мықтап ілінген мәселелерге айналып отыр. Техниканың жүз жылға жетпейтін уақыт ішінде орасан зор қадамдармен дамуы адам өмірін түбегейлі өзгерістерге ұшыратты.

Техниканың дамуында ерекше орынды ғылыми-техникалық дамудың ақпараттық жағы алып келеді.

Бүкіл дүние жүзін жаулап алған, мемлекеттік және статустың шекараларды оңай көктеп өтетін ақпараттың компьютерлік қызмет өзінің нетижелері жөнінен жаңа, ақылға салуға аз көнетін, сондықтан да көбірек зерттеңкіреуді қажет ететін құбылысқа айналды.

Баламасыз технократизм, табиғаттан қол үзу адам өміріне рационалдық жоспарлаудың енуіне әкеліп соғады. Шынтуайтқа келгенде адам өзі құрған техникалық өленнің бөлшегіне айналды.

«Шығармашылық индустрия» жалпы көрерменге.

Супермен қазіргі заманғы жалпы оқушы мен көрерменге есептелген, әсіре ерлік және жынысқұмарлыққа тән мінездемесінде қиял-аңыздар басым. Ол шектеусіз бостандық пен орасан зор қуатқа ие. Өз мақсаттарына жету үшін дөрекі күшті, қатыгездікті қолданады, ақылға аз жеңдіреді. Көп уақытын өзінің сыртқы пішініне бөле отырып, дене құрылысын жетілдіруге көп мән береді. Ақыл-ойды кеңейтуге арналған жаттығулар оны қызықтырмайды. Шартта-шұрт мінез-құлқы мен мезет сайын өзгеретін көңіл-күйіне байланысты іс-әрекеттерін көбіне түсіндіре алмайды.

Ол жиі-жиі кісі өлтірулерге, жеке басының кегін қайтару үшін барудан жүзі жанбайды. Ол өз өрекеті үшін ешкімнің алдында, ешуақытта жауап бермеймін деген жалған сенімге ие болады. Сондықтан да ол Шерлок Холмс сияқты аса білімді, өз ақылы мен тәжірибесіне сүйенетін детективтік жанрдың сүйікті кейіпкерлеріңе мүлдем ұқсамайды және олардан адамгершілік қасиеттері жөнінен көп төмен жағдайда болады. Сондықтан да қазіргі америкалық және батысеуропалық кинофильмдердің кейіпкерлері - супермендердің біздің жастарымыздың санасын улап, теріс жолға түсіре ме деген қауіп педагог-ғалымдарды, қалың жұртшылықты толғандырып келеді. Оларға біз өз халқымыздың рухани құндылықтарын қарсы қоюымыз керек.

Қорқыныштар. Қазіргі заманның кей өнерінде қорқыныштарға үлкен мән беріледі, қорқынышты кинофильмдерге деген қызығушылықтың толастамайтын себебі, оларды қарау кезінде көрермендер кинодағы кейіпкерлердің бастарынан өтіп жататын аса ауыр оқиғаларға өздері қатысып отырғандай сезінеді. Бірақ, қалай дегенде де көрермен немесе оқырман жай ғана сырттай бақылаушының рөлінен асып шыға алмайды. Қорқынышты кинолар мен кітаптардың зияны - адамдар оларды оқи-оқи немесе көре-көре еттері үйреніп кетіп, оларды адам өміріндегі қарапайым оқиғалар қатарына қоятындығында.

Эротикалық натурализм. Нәпсі мәселесіне тыйым салудан бас тарту, керісінше, адамның ойына не келсе, соны жүзеге асыруына тыйым салмау қоғам өміріне жаңа қиындықтар әкелуде. Нәпсі мәселесіндегі бостандық бүтін бір қоғамның күйреуіне әкелгені Ежелгі Рим тарихынан белгілі.

Қазіргі кездегі эротикалық фильмдердің топан судай қаптауы мәдениеттің кері кетуінің көрінісі болып табылады.

Жастар жыныстық қарым-қатынастың қарадүрсін түрлеріне бағдар жасайды. Бостандық дегеніміз - не нәрсе болсын бәрін бірдей қолдану деген сөз емес.

Өзінің табиғи қажеттілігін ешқандай моральдық шектеулерсіз қамтамасыз етуге бағытталған бостандық жеке тұлғаның азғындауына, адамгершілік қасиеттерден айырылуына әкеліп соқпақ. Сондықтан да ғылымның-қоғамның, барлық тәрбие институттарының міндеті жас ұрпақтың моральдық тұлғасын дұрыс қалыптастыруға ықпал ету болып табылады.

Абстракционизм. XX ғасырдың көркемөнеріндегі жаңа бағыттардың бірі абстракционизм болды. «Абстракционизм» сөзі латынның «теріс қарау» деген сөзінен шықты. Бұл сөздің атының өзі осы өнер түрінің өмірдей бөтен екендігін көрсетеді. Абстрактылық өнерді қуаттаушылар өмір шындығын бейнелеуден бас тартты.

Абстракционистер өздерінің ұстаздары деп импрессионистерді санайды. Бұл мәселеге біржақты жауап беру қиын. Шынында да, импрессионистердің бояуға үлкен мән бергені рас. Бірақ олардың жұмыстарының бәрі бірдей мәні болған жоқ деу қателік - олар заттың өзін де және субъективтік сезімін де адам қалай қабылдады, солай бере алды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің беталысы – «әмбебап өркениет»
Тіл - мәдениеттің тасымалдаушысы
Мәдениет және Өркениет
Мәдениет және оның адамның өмірі мен қызметіндегі орны мен рөлі. Мәдениет морфологиясы мен анатомиясы: олардың мәдениет конфигурациясын зерттеудегі рөлі. Мәдениет және өркениет: өзара байланысы мен ерекшелігі
Ислам және өркениет
Классикалық грек мәдениеті
Мәдениет және Өркениет туралы ақпарат
Ұлы Дала аумағындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен көшпелі және отырықшы мәдени аймақтардың өзара қатынастарының алғашқы кезеңдері
Қоғам және мәдениет
Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz