Қойылған мақсатқа жетуді көздей отырып, өз іс-әрекеттерін жоспарлау және нақты міндеттерді түйіндеу, орындау іскерліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Қойылған мақсатқа жетуді көздей отырып, өз іс-әрекеттерін жоспарлау
және нақты міндеттерді түйіндеу, орындау іскерліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2013ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І тарау. Қойылған мақсатқа жетуді көздей отырып, өз іс-әрекеттерін
жоспарлау
1.1. Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Оқу іс-әрекеттерінің және олардың шығармашылық жұмыстарымен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

ІІ тарау. Нақты міндеттерді түйіндеу, орындау іскерліктері
2.1. Іс-әрекет пен білім алу, іскерлік және
дағды ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 17
2.2. Тәрбие мақсатының жалпы тәрбие процесіне
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...26

Кіріспе

Мақсат — белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой-
санадағы көрінісі. Мақсат ойлау нәтижесінде болашақты алдын ала болжау
арқылы туатын мұрат, ішкі қозғаушы күшті білдіреді. Мақсатқа жету үшін әр
түрлі іс-әрекеттер мен қимылдар жасалады. Мақсат түрлері: 1) нақтылы мақсат
— іс-әрекеттің тікелей нәтижесі, заттың бейнесі; 2) абстрактілі мақсат —
талаптану, яғни жалпыға бірдей игілікті көксеу және соған жету үшін қызмет
ету. Мақсат ежелгі гректердің табиғат философиясында әлемдік ақыл-ой
заңдылығы жөніндегі ілімге байланысты зерттелді. Олар мақсатты адамдардың
іс-әрекетін бейнелейтін ұғым ретінде қарастырылып, өзара күрделі қатынаста
болатын бірнеше түрін анықтады. Сократ әрбір жеке қимылдың мақсаты осы жеке
мақсаттарға ішкі түрткі болатын түпкілікті немесе жалпы мақсат дейді.
Аристотель заттар мен құбылыстардың ішкі мәні, белгілі мақсатта өмір сүруі
адамға ғана емес, бүкіл дүниеге тән қасиет деп түсіндіреді. Кант мақсатты
адамдар әрекетінің нәтижесі ретінде қарады. Сондықтан, мақсаттың логикалық,
танымдық мәселелерін адам өмірінің негізгі мәселесі ретінде, этикалық-
гуманистік іліммен байланыста зерттеді. Гегель мақсатты “өзіндік” және “өзі
үшін” деген принциппен екіге бөліп, біріне табиғаттың белгілі бір мақсатқа
бағынып өмір сүруін жатқызса, екіншісіне саналы түрде іске асатын, адамдар
әрекетіне тән құбылыстарды жатқызды.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің
саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты
белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже
шығару – оның екінші бір басты белгісі болып табылады.
Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр
уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Бұлардың
барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы.
Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде
Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені
меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.
Оқу – іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға
қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде меңгеру.
Еңбек адам тіршілігінің арқауы, оның өмір сүруінің басты шарты.
Іс-әрекет - әлемді және өз-өзін саналы түрде өзгертетін процесте
адамның немесе топтың әлеммен жасайтын өзара әрекеті.
Іс-әрекет – адамның дүниемен қарым-қатынас тәсілі. Іс-әрекет барысында
адам табиғатты, қоршаған айналаны игеріп, шығармашылық тұрғыда өзгертеді.
Сөйтіп, өзін іскер, жасампаз субъект ретінде қалыптастырады, ал өзі игерген
табиғи ортаны Іс-әрекет объектісі етеді. Адам іс-әрекет үстінде кез келген
затқа жат пиғылмен қарамайды. Керісінше осы заттың табиғаты мен
ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, игереді, сондай-ақ өз іскерлігінің өлшемі мен
мәні етеді.
Іс-әрекет барысында адам табиғатпен өзара әрекетте болып қана қоймайды,
оны бірте-бірте өзінің материалдық және рухани мәдениетінің құрамына
кіргізеді. Сыртқы дүниені өзгерту адамның өзін дамытуы үшін қажетті жағдай
және алғышарт болып табылады.
Іс-әрекет тұтас процесс қарым-қатынаспен тығыз байланыста және болашақ
ұрпаққа бағытталған әлеуметтік сабақтас белсенді құбылыс болып табылады.
Адамдардың Іс-әрекеті әрдайым бұрын жасалған дәлелді алғышарттар мен
белгілі бір қоғамдық қатынастардың негізінде жүзеге асады. Сол себепті ол
нақты тарихи сипатта, нақ осы әлеуметтік шындықтың өмір сүру тәсілі болып
табылады.

І тарау. Қойылған мақсатқа жетуді көздей отырып, өз іс-әрекеттерін
жоспарлау
1.1. Адам дамуындағы іс-әрекеттің атқаратын қызметі
Адам табиғаты туылысынан қоғамдық, әлеуметтік деп есептеледі. Жоғары
дамыған жүйке жүйесі, ағзаның таза адами қасиеттері өмірдің әлеуметтік
жағдайлары әсерінен дамиды, жетілді. әлеуметтік факторлар оны әрекеттер
жасауға , еңбек етуге, жасампаздыққа үйретті, өзінің өмірін жақсартуға,
ол үшін үздіксіз күрес жүргізуге төселдірді. Еңбек іс-әрекеттер, жарқын
келешекке үміт пен сенім, оған жетудің жаңа жолдарын іздестіру, өмір
сүрудің басты мақсатына айналды. Басқаша айтқанда адам қайнаған қоғамдық
процесте қалыптасады, дамиды, жетіледі.
Адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды
армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп
тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ал осы үшін
әрекет жасайды, тірлік қылады. Дегенмен әркім әрқашан діттеген жерінентшыға
алмайды, көксегені де орындала бермейді.Содан барып кейбіреулер тағдырға
шағынады. Тіпті жолым байланып қалған деушілер де көптеп кездесіп жатады.
Осындай көзқарастарға илеуінде кетіп, тағдырдың тәлкегіне ғана көнуді жол
тұтып, алға мақсат қоймай ғұмыр кешетіндер де баршылық. Шынымен де адам
тағдыр жолымен жүреді, бірақ та тағдырды ағыс боымен жүзіп жатқан кеме
ретінде санасақ, ішіндегі адам кеменің сол жаққа (бұрыс жолға) немесе оң
жаққа (дұрыс жолға) бұрылатының таңдап, қадағай алады. Сонымен, адам таңдау
жасай алады, дегенмен, жеттістікке жете алады. Ал жетістікке жету үшін оның
не екенің білуі керек және оған қалай жетуге болатының білуі керек.
Жетістік дегеніміз – рухани әрі дене қуатының бір мақсатқа бағыттау
және сол мақсатқа жету. Қандай да бір істі тындырымды әрі тыңғылықты істеу
де – жетістік. Ойдағыдай істелген іс, жоспарланғандай атқарылған жұмыс,
мұрат етілгендей орындалған арман – жетісстіктің нақ өзі. Сондықтан
жетістік – адам бақытының қайнар көзі. Бұл көзді қаншалықты аршыған адам
өмірде соншалықты бақыт табады. Бақыт бұлағы адамға өз ләззатын берген
сайын кісі бойындағы шаттық сезім де арнасынан аса түседі. Демек, адамның
шаттықа оранып, құмарлана өмірден ләззат алатын, қуанышқа бөленіп,
рақаттана шат-шадыман болатын бақытқа жету бірі – жетістік.
Мақсатқа жету жолындағы негізгі ұстанымдар:
● Алдыңа мақсат қою
●Сені жетістік күтіп тұрғанына үміттену
● Іске дайын болу
● Адымыңды анық басу
● Алға ұмтылу
● Қорықпау, күмәнданбау
● Көңіліңді тоқ ұстау
● Жаңашыл болу
● Басқалармен кеңесу
● Тәуелсіз болу
● Біртұтасты бөлшектеу
● Жетістіктеріңнің қайдан келуің ұмытпау
Алға мақсат қойғанда:
● Мақсатыңның пайдасын біл
● Нені не үшін қалайтыныңды біл
● Ақылың мен ерік-жігеріңді мақсатыңа жұмса
Мақсат – адам нәтижесіне кәміл сеніп, табандылықпен ұмтылатын, сол адам
үшін ең маңызды болып табылатын дүние. Алайда мақсатты дұрыс қоя білу
қажет. Себебі, мақсатқа жету – бұл өз қажеттіліктеріңді жай ғана
қанағаттандыру емес, бұл – өзіңді-өзің жетілдіру, тұлғаның дамуы, жаңа
деңгейге өту. Мақсатқа жету процесінің өзі сол мақсаттың өзіне, біздің күш-
жігерімізге, қабілетімізге, міндеттерімізге, көңіл-күйімізге, сенімімізге
байланысты ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Мақсат – бұл шешімі үшін бар күш
салынған, нақты міндет. Өз алдыңызға қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді
міндеттер қою қажет: бір күнге, аптаға, жылға және өмір бойына. Өз
өміріңізді жоспарлап, мақсат ретінде өз қажеттіліктеріңізді таңдаңыз. Бұл
процесті келесі түрде елестетуге болады:
Өз қажеттілігімізді анықтаймыз:
§ Өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың анализін жасаңыз да оны жан-жақты
бағалауға тырысыңыз. Мұны қоймадағы қалдықтарды тексеру немесе ревизия
деп атауға болады. Бұл кезеңді қалай атауыңызды өзіңіз білесіз, ең бастысы
оны қапы жібермеңіз.
§ Өзіңіз үшін ненің тілектер қатарына, ал ненің қажеттіліктер қатарына
жататынын анықтаңыз. Екі тізім жасаңыз: тілектер тізімі мен
қажеттіліктер тізімі.
§ Бұл тізімдерге бір тармақ енгізбес бұрын, өзіңізге сауал қойыңыз: Мен
неге оны қалаймын? Мен неге оны қажет етемін?
§ Оның пайда болуымен не өзгереді? Мен егер оны сатып алсам, қандай
өзгерістер болады (жақсы жаққа, әлде жаман жаққа ма)? Ал мен үшін шынайы
маңыздысы не? Бұл менің ең басты өмірлік құндылықтарым мен артықшылықтарыма
сәйкес келе ме?
Жаһандық мақсат құру:
Сіз өмір бойына жоспар құруды қазірден бастауыңыз маңызды. Өзіңізге
сауал қойыңыз: Мен бес жылдан, он, жиырма жылдан соң қандай табыстарға
жетуді қалаймын?
Бұл мәселе төңірегінде ойланғанда, сіз жасауыңыз қажет болатын
әрекеттер мен қадамдарды елестете аласыз. Көзделген мақсатқа жетудің
неғұрлым көп кезеңдерін нақтылаған сайын, соғұрлым көп табысқа жетесіз.
Содан соң бірінші, екінші кезекте және ары қарай не жасау қажет екенін
жоспарлап, қадамдарыңыздың кезектілігін ойластырыңыз.
Әрекеттер жоспарын жасаңыз (шағын міндеттер):
Көзделген мақсатқа бірінші қадам – әрекеттер жоспарын жасау. Жоспардың
болуы өздігінен мақсатқа жету болып табылмайды, алайда әрекеттер жоспарын
жасау кезінде көзделген мақсаттарды бекіту өте маңызды. Осы үшін мақсаттар
тізімі жасалады. Осы саладағы сарапшылар бұл тізімді үйдегі көрнекі жерге
қойған дұрыс дейді. Олар туралы өз жақындарыңызға айтуға болады. Қағазға
жазылған мақсаттарды қайта оқып, сіз олардың өмірге енуіне жағдай жасайсыз.
Неліктен үлкен мақсатты көптеген кішігірім қадамдарға (шағын
міндеттерге) бөлу қажет?
Біріншіден, бұл уақытты тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Негізгі
міндеттерді сапалы әрі жылдам орындауды үйрену қажет. Алдыңа ғаламат мақсат
қойып, бар күш жігеріңді оны орындауға сарп ету қажет деп ойлау ағаттық.
Екіншіден, сенің ғаламат міндетіңе баратын жолда негізгі тармақтардың
бірі – мектепті табысты аяқтау, отбасы істеріне қатысу, тіпті қоғам өміріне
араласу да болар, сонымен бірге өз қызығушылығыңды, хоббиіңді ұмытпа. Мұның
бәрі сенің өміріңнің құрамдас бөлігі, сенің үлкен мақсатқа жету
тармақтарың!
Адамның әлеуметтік ортамен қарым-қатынасы, айналысатын ісі мен
кәсібін, білімі мен дағдысының, өмір тәжірибесінің, өзіне тән
ерекшеліктерінің жиынтығы жеке адам деген ұғыммен сипатталады. Жаңа
туылған нәресте - адам, бірақ оны әлі де жеке адам деуге болмайды, өйткені
онда дағды мен тәжірибе, білім мен іс-әрекет, қоғамдық қтынас әзірше
қалыптаса қойған жоқ. Ендеше жеке адам тек қана тарихи-әлеуметтік
құбылыстың жемісі ретінде көрінеді, қоғамдық ортада қалыптасады.
“Жеке адамның өзіндік ерекшелігі, оның қызметі мен дүниетанымынан,
мінез –құлқынан, мұрат-мақсатынан, талғамынан, сезімінен, қабілетінен,
ынта қоюынан, дағды әдетінен байқалады”, - деп тұжырымдайды профессор
Құдайқұлов М.А.
Демек, жеке адамның басты белгісі оның әлеуметтік қызметінде, ал мәні
әлеуметтік санасында. Жеке адамның әлеуметтік жағдайы оның еркіне тәуелді
бола бермейді. Жеке адам қоғамнан тыс дами алмайды, өйткені адамның
дамуы қоғамның дамуымен тікелей байланысты. Сондықтан адамның психологиялық
ерекшеліктері, оның өзіне ғана тән қасиеттері әлеуметтік жағдайға, нақтылы
кәсібіне, іс-әрекетіне, білім қабілетіне байланысты анықталады. Жеке адам
психологиясы айналасындағы ортамен қарым-қатынас жасау, қоғамдық
тәрбиемен білім алу, кәсіптік қызмет атқару арқылы қалыптасады. Адам тек іс-
әрекет жасау үстінде ғана өсіп жетіледі. Қызмет ету барысында оның
қабілеті артады, іскерлігі мен дағдысы дамиды, кәсіптік шеберлігі
ұшталады, өмірлік белсенді позициясы нығаяды, өз кәсібі бойынша мол
тәжірибе жинақтайды.
Кез келген кәсіптік қызмет қоғамдық еңбек процесінде дамытылады.
Адамдардың мұндай іс-әрекеттерінің әрқашан қандай да бір қажеттіліктен
туатыныны белгілі.
Адамның іс-әрекетінің негізгі формалары: ойын, білім алу, ақыл-ой
еңбегі, ғылыми ізденістер, физикалық еңбек, өнер мен шығармашылықпен
шұғылдану. Бұлардың қайсысы болса да белгілі бір мақсат-мұратқа, шетке
бағытталады. Осы келтірілген уәждерге сүйене отырып, іс-әрекетті адамның
түрлі қажеттерін өтеу үшін, белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталатын
еңбек процесі деп тұжырымдауға болады.
Адамның қабілеттілігін дамытуға қажетті кез келген мамандыққа
байланысты кәсіптік іскерліктерді қалыптастырудың негізгі кезеңдерін
К.К.Платонов төмендегі кесте бойынша түсіндірді.

1 кесте.
Кезеңдері Психологиялық құрылымы
1. Іскерліктің алғашқы нысандары Іс-әрекеттің мақсатын түсіну, осыған
дейінгі меңгерген білімдер мен
дағдылардың негізінде оны орындаудың
тәсілдерін іздеу, байқап көру және
қателесу әдісі бойынша іс-әрекет
жасау.
2. Біліксіз іс-әрекет әрекет жасаудың тәсілдері жайлы
білімдерді бұрынғы меңгерілген
дағдыларды осы ісәрекет үшін
пайдаланады.
3. Кейбір жалпы іскерліктер Ісәрекеттің әр түріне, ерекшеліктеріне
қарай қалыптасқан кейбір тар мәнді
іскерліктерді пайдалану мәселен,
іс-әрекетті жоспарлау іскерлігі,
ұйымдастыру іскерлігі т.с.с
4. Жоғарғы дәрежелі іскерлік Алға қойылған мақсатты, оған
жеткізетін әдіс-тәсілдерді саналы
түрде таңдап, орындалатын іс-әрекетке
керекті бөлімдермен дағдыларды
шығармашылықпен пайдалану
5. Шеберлік әр түрлі іскерліктерді шығармашылық
тұрғыдан қолдану

Сонымен адам өзінің бағытты, мақсатты іс-әрекеті арқылы: дүниені,
әлемді, табиғатты таниды, тылсымдағы қыр-сырларына үңіледі, құпияларын
әлемге әйгілейді; айнала қоршаған ортаны өзгертеді, оны өзінің ыңғайына
бейімдейді; заттардың қасиеттерін зерттейді, оларды өз мұқтаждығына
жаратады.
Адамның іс-әрекеті жалпылама алғанда төмендегідей құраушылардан тұрады:
➢ мақсат қоюын, сол мақсатқа жету үшін ең ойтайлысын таңдай білу;
➢ түрлендіруші немесе жетілдіруші сипатты; мұнда адам өз іс-
әрекеттері арқасында өзін қоршаған ортаны өзгертеді, жетілдіреді.
➢ Нәрселік немесе заттық сипаты; мұнда адамның материалды
дүниемен қарым-қатынасы көрініс береді;
➢ саналылық сипаты.
Адам іс-әрекеттерінен келтірілген мәнді қасиеттерінің жекелеген
түрлерімен емес, олардың көп нұсқалылығымен, өзара байланысы бірлігі
тұтастығымен ерекшеленеді.
Адам табиғатты өзгертумен қатар өз табиғатында өзгертеді, ол өзінің іс-
әрекеттерін санасымен, зердесімен байытады. Іс-әрекет процесінде адамның
ойлау, ойлана білу қабілеті дамиды, ал ойлау нәтижесінде іс-әрекет түрлері
жетіледі.

2. Оқу іс-әрекеттерінің және олардың шығармашылық жұмыстарымен
байланысы
Іс-әрекеттің жалпы теориясын сүйене отырып, оны оқу процесінің негізі
деп айта аламыз. Оқу іс-әрекеті адамзат баласына ең қажетті нәрсенің бірі,
онсыз өмір тәжірибесін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізу мүмкін емес.
Оқыту процесінде қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі формасы
қарастырылды. Оның біріншісінде оқыту ісінде, адамзатта жинақталған
тәжірибені жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені игеріп оны
оқушылардың игіліктеріне айналдырумен шұғылданады.
Іс-әрекеттің жалпы теориясы тұрғысынан психологтар оқу іс-әрекеті,
танымдылық іс-әрекеті ұғымдарын ажыратып қарастырады. Педагог ғалым
Г.Щукинаның пікірінше Оқу іс-әрекеті ұғымының оқу ұғымына қарағанда
ауқымы кеңірек, себебі ол оқушының да , оқытушының іс-әрекеттерін
біріктіріп қарастырады. Шын мәнінде оқу іс-әрекет оның әлеуметтік мән-
мағынасы жатыр, себебі оқу іс-әрекетінсіз, яғни ешқандай әрекетсіз қоғам
дами алмайды деп түсінеміз.
Бұл үлкендер мен балалардың (оқытушылар мен оқушылардың) ынтымақтық
формасы, ол ортақ мақсатты іске асыруға оған қол жеткізуге бағытталады, әрі
ол оқу іс-әрекетінің ішіндегі басты сипаттамаларының бірі болып табылады,
- дейді, белгілі педагог ғалым В.Репкин.
Оқу терминін психологтар жүйке тетіктері мен негізделген психикалық
процестердің жиынтығы ретінде қарастырады. Дидактикада бұл термин оқушының
танымдық іс-әрекетіне байланысты қолданылады. Г.Щукинаның пікірінше оқу
танымдық іс-әрекеті ұғымы оқыту процесін толығырақ қамтып сипаттайды. Бұл
арнаулы іс әрекет, ол қоғамға өте қажет, іс-әрекет түрі, үлкендер мен
оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, әрі олардың ынтамақтасу формасы, ең
бастысы мұнда танымдық процесс және өскеең ұрпақтың әлеуметтенуі жүзеге
асырылады.
Педагогикадағы іс-әрекет феномены оқыту процесінде төмендегідей
нақтыланады:
1. Оқушының іс-әрекеті басқа адамдардың іс-әрекетімен байланысқан. Бұл
процесс барысында іс-әрекеттер бойынша оның түрлері, тәсілдері жөніндегі
тәжірибеде алмасу жүзеге асырылады. Іс-әрекеттің нәрселік аясы жөніндегі ой-
өріс кеңейеді.
Өз іс-әрекеттерінің тәсілдерін басқалардың іс-әрекеттер тәсілдерімен
салыстыру барысында оқушы өзінің мүмкіндіктеріне ыждағаттылықпен қарап оны
бағалап таразылайды.
2. Педагогикалық процестері іс-әрекеттерінің дамуы тұлғаның ілгермелі
дамуына әкеледі, себебі іс-әрекеттің сипаты өзгереді (басында
орындаушылық, бұдан кейін белсенді орындаушылық, одан кейін өзіндік
шығармашылық белсенділік).
3. Іс-әрекеттің сипатының өзгерістері оқушының сеніміне, көзқарасына
ықпал етіп, олардың едәуір өзгеруіне әсер етеді, оқушы іс-әрекеті
орындаушылықтен белсенділікке – одан субъектілік позициясына өтеді.
4. Оқу процесінде оқушы тұлғасының қалыптасуы реттеуші тетіктердің
өзгерісі негізінде негізделген. Өзін реттеу басқару, қалыптасып келе
жатқан оқушы тұлғасының негізгі көрсеткіші және тетігі болып табылады.
5. Оқушы позициясының өзгерісі оқушы мен оқытушы субьектілерінің
арасындағы қарым қатынасқа негізделген. Оқушыларды өзін- өзі реттеуге,
басқаруға ең маңызды тұлғалық белгілер алып келеді. Мұндай белгілерге
белсенділік, өздігінен жұмыс істеу, танымдылық, қызуғышылық жатады, олар
оқушының өзім шештім , орындауым басқалардан кем емс өзім болжадым ,
оқытушы айтты , досыма көмектестім деген сияқты іс- әрекеттері мен
алға жылжи түседі. Осындай қатынастардың түзілуі оқушы тұлғасын
қалыптастырудағы үлкен жеңіс деп есептейміз.
Оқушының өз ерік жігерін шоғырландырып, оны тас түйін бағыттан қол
жеткізген табысына сүйсіну небір қызықты сабақтардан алынған, қанағаттану
сезімдерінен әлде қайда жоғары көрсеткіш болатынын байқадық. Осылайша
оқушының танымдық іс- әрекетіндегі ұстанымның өзгерісі мен бірге, оның
тұлғасының дамуы мен қалыптасуы қатар жүргізіледі.
Іс- әрекет көп қырлы олардың көбісі жаңа міндеттерді тың мәселелерді
шешуге жұмсалады, оқушы игерілген білімін, іскерлік дағдыларды жұмылдырады,
тың ізденістерді, тәсілдерді, әр түрлі амал- айлаларды жүзеге асырады.
Іс - әрекеттің оқыту процесінде қызметін айқындай отырып, тек осы
процес ішінде, іс - әрекеттің және оның түрлерінің жүйелі және тізбектес
реттілікпен тұлғалық түзілістер қалыптасады, бұл оқушыларды өзін- өзі
реттей білуге машықтандырады, оқу іс- әрекеттерінің барысында оның
субьектілік ұстамының қалыптасуына көмектеседі.
Сонымен оқыту процесінде жүйелі және тізбектеле реттелген тұлғалық
түзілістердің қалыптасуы оқушының оқу іс - әрекетінлегі белсенділік
ұстамының пайда болуына жәрдемдеседі.
Оқушы оқуда белсенділік танытады, өз бетінше шешім қабылдауға
жаттығады, танымыдқ қызығушылығы артады, нәтижеде оның реттелу
мүмкіндіктері, белсенділігі өзіндік жұмытарға қабілеттілігі дамиды. Осындай
тұлғалық түзілістердің барлық кешенін шартты түрде оқушының оқу іс -
әрекетіндегі белсенді ұстамының қалыптасу тетігі деп санаймыз.
Педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін кәсіби даярлауды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Мұғалімдерді кәсіби қызметке даярлауды теориялық тұрғыдан негіздеу
Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің кәсіби іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру
Педагогикалық қарым-қатынастар
Мектеп оқушыларын тәрбиелеуде сынып жетекшісі мен ата-аналардың бірлескен жұмысының педагогикалық негіздері
Ғылыми зерттеу әдістері пәнінің лекциялары
Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік
Педагогикалық процесс
Оқушылардың білім сапасын арттырудаға оқу іскерліктерін қалыптастыру процесін зерделеу
Педагогикалық құзырлық түсінігі
Пәндер