Аурудың жалпы сипаттамасы


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 3 б

ІІ. Әдебиетке шолу . . . 4 б

ІІІ. Негізгі бөлім . . . 9 б

3. 1. Аурудың жалпы сипаттамасы . . . 9 б

3. 2. Аурудың этиологиясы . . . 11 б

3. 3. Аурудың патогенезі . . . 13 б

3. 4. Аурудың клиникалық белгілері . . . 14 б

3. 5. Ауруды анықтау әдістері . . . 15 б

3. 6. Патолого-анатомиялық өзгерістер . . . 17 б

3. 7. Аурудың диагнозы . . . 19 б

3. 8. Аурудың алдын-алу және күресу шаралары . . . 20 б

IV. Жарып-сою хаттамасы . . . 22 б

4. 1. Сыртқы қарау кезіндегі көріністері . . . 22 б

4. 2. Ішкі қарау кезіндегі көріністері . . . 22 б

4. 3. Патолого-анатомиялық диагноз . . . 23 б

4. 4. Қорытынды . . . 23 б

V. Қорытынды . . . 24 б

VІ. Қолданылған әдебиеттер . . . 25 б

Кіріспе

Жалпы менің бұл курстық жұмысымның негізгі мақсаты - ауески ауруы кезінде мал ағзасында туындайтын өзгерістерді анықтау, зерттеу.

Осы курстық жұмысымды жаза отырып, ауески ауруының мәнін, даму механизмін білу, оны басқа аурулардан ажырату және емдеуге келмейтін жағдайда өлекседегі өзгерістерді анықтау негізгі мақсатым деп білемін.

Жалпы малда кездесетін әртүрлі жұқпалы аурулармен шаруашылықтар көлемінде жоспарлы түрде күрес жүргізу маңызды болып келеді. Мұның негізі мал шығынын азайтуға, мүмкіншілігінше оны болдырмауға күш салады. Егер ауру табыла қалған жағдайда ауру малды емдеп, аурудың таралу себептері анықталады. Ауру мал емдеуге келмей өлген жағдайда өлексені патолого-анатомиялық жарып-сойып, аурудың түрін, себептерін анықтауда бұл пәннің алатын орны ерекше болып табылады.

ІІ. Әдебиетке шолу

Ауески ауруы /Morbus Aujeszky/ - орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен сипатталатын, ал шошқаларда одан басқа септициямен білінетін үй жануарларының барлық түрінің және жабайы хайуандардың кейбір түрлерінің жіті жұқпалы ауруы. Мұны кейде жұқпалы сал, жалған құтыру, оба, қотыр деп те атайды.

Бұл ауру алғаш рет Европадан Швейцария жерінде анықталды /Штребел, 1899/. Бірақ тек 1902 жылы Будапеште жоғары Венгер мектебінің профессоры Аладар Ауески өлген жануарлардың /өгіз, ит, мысық/ патматериалдарынан вирусты бөліп алды.

Марек /1902/ Будапештің Ветеринариялық мектебінің клиникасында профессор ауески сипаттаған аурудың белгілеріне тән ауру белгілерін мысықтан тапты.

Карини және Масьели /1912/ бұл ауруды Бразилияда «Жалған құтыру немесе жұқпалы сал ауруы» деп атады.

Ф. М. Бернеттің /1947/ мәліметіне сүйенсек, бұл аурудың вирусы ағзада аурудың еш белгісі білінбей-ақ ұзақ сақтала алады.

Сэбин /1934/ және Байн /1938/ зерттеулерінше, ауески вирусы герпето-энцефалитті вирустар типіне жатады.

Флирдің /1955/ деректерінде, миға енген кезде ғана нейролимфогенді жолмен мида жіті қабыну процесін тудырады деп жазылған.

М. Г. Никитиннің /1947/ мәліметіне сүйінсек, ауески вирусы тек қана орталық жүйке жүйесінде ғана емес, сонымен қатар тамақта, бауырда, бұлшық етте, лимфа түйіндерінде де табылған.

А. Жуффа және Р. Шкода /1961/ мәліметінде, ауески вирусының өлімге ұшырайтын t-сы 10 0 -20 0 С болып табылады. Бір реттік қатырудан кейін тек вирустардың іздері ғана сақталады.

С. Г. Колесов /1952/ зерттеулерінде, ауески вирусы вакуумды аппаратта қатырылған күйінде өзінің вируллентілік қасиетін 334 күннен 26 айға дейін сақтайды деп жазған.

В. М. Гришиннің /1959/ еңбектеріне көз жүгіртсек, ауески ауруымен мүйізді ірі қара мен мамық жүнді аңдар сирек аурады екен.

Негізінен ауески ауруы - дүние жүзінде кең таралған аурулардың бірі деп саналады.

Бианки 1942 жылы алғаш рет ауески ауруын Италияда, ал Лиц пен Кцо 1948 ж. Қытайда ашты. Ал АҚШ-та ауески ауруы 1931-1933 жж. тіркелді.

Р. Шопаның /1959/ мәлімдеуінше, ауески ауруы АҚШ немесе Оңтүстік Америка елдеріне қарағанда Еуропада кең таралған. Солтүстік Ирландияда, Еуропада ауески ауруы торайларда жоғарғы өліммен аяқталады.

Буригграф және Лоуренстің /1932/ мәліметінше, ауески ауруы шошқадан мүйізді ірі қараға берілуі мүмкін.

Койнок /1961/ өз еңбектерінде ауески ауруы шошқадан мүйізді ірі қараға, қойға жұғуы мүмкін, керісінше болуы мүмкін емес деп жазады.

Стояновтың /1958/ мәліметінше ірі шошқа шаруашылығында ауески ауруы 10-15 күн ішінде мыңдаған торайларды зақымдауы мүмкін.

МІҚ малында және ұсақ малдарда ауески ауруы шошқалармен салыстырғанда сирек кездеседі және тек энзоотия түрінде байқалады, бірақ өте жіті өтіп, соңы ауырған жануарлардың өлімімен аяқталады.

Мал ағзасынан вирус танау сұйығымен, коньюктивалды секретпен, несеппен, сүтпен, қынаптан аққан сұйықтық арқылы таралады. Ең қауіптісі - танау сұйықтығы болып табылады. Шошқаларда танау сұйықтығынан вирустің бөлінуі зақымданған соң 4-ші күннен басталып, сауыққан соң 34-ші күнге дейін созылады.

Кевес және Хирт /1935/ ауески ауруының вирусын ауру шошқаның несебінен, сонымен қатар табиғи және экспериментальды жолмен үйқояны мен егеуқұйрықтан бөліп алып зерттеді.

Бірақ, Р. Шоп /1935/ және П. С. Соломкин /1949/ ауру жануарлардың несебінен вирусты таба алмау себебінен аурудың таралуында несептің еш ролі жоқ деп есептейді.

Ионнеско /1934/ үйқояны мен сұр егеуқұйрықтың несебі вирустардың ошағы деп есептейді.

П. Н. Андреев /1937/ еңбектерінде ауески вирусы шошқа нәжісінде болмайды, бірақ үйқоянының нәжісінен кейде табуға болады деп жазған.

Сурданның /1956/ пікірі бойынша, кей жағдайларда сау шошқалар ауески ауруының вирусын жасырын тасымалдаушылар болуы мүмкін.

Живоин /1956/, Люк /1955/ және т. б. көптеген авторлар шошқалар вирусты жасырын түрде тасымалдаушылар деп есептейді.

Ремланженің /1938/ мәліметінше, ауески ауруын шошқаларда, күйіс қайырушыларда, иттерде, мысықтарда, үй қояндарында тері асты және бұлшық ет іші арқылы зарарлауға болады.

Маннингер /1941/ иттерді, мысықтарды, тышқандарды және шошқаларды ауру жанарлардың вирусы бар органдарымен азықтандыру арқылы жұқтыруға болады деп есептейді.

Бірақ айта кетерлік бір жайт, алиментарлық жолмен ауру жұқтыру көбінесе сәтті бола бермейді.

Бенкер мен Германның /1963/ мәліметі бойынша, үйқояндары тек тері ішіне жұқтыру арқылы ғана зарарланады.

Ауески ауруының дамуы көптеген жағдайда жануардың түрі мен жасына байланысты.

Алғашында көптеген ғалымдар вирус жануар ағзасына енгеннен соң жүйке жүйесі жолымен таралады деп есептеген. Бірақ 1933 ж. Ремланже және Байн вирусты үйқоянның қанынан клиникалық белгілері білінгенге дейін тауып алды. Осының нәтижесінде көптеген ғалымдар вирус орталық жүйке жүйесіне қан арқылы баратынын дәлелдеді.

Д. Эрцеговацаның /1960/ есептеуінше, ауески вирусы көктамыр ішіне енгізілгенде тері ішіне енгізілгендей ауру туғызбайды дейді. Бұл ауески ауруының вирусы жүйке жүйесіне қан арқылы тарамайтынын, қан вирус таралатын сәтті орын еместігін дәлелдейді.

Шаганның /1947/ деректеріне сүйінсек, зақымдалу тері арқылы болатын мің-да көптеген өзгерістер миында-гиперемия, қанқұйылулар болады.

Пивниктің /1961/ деректеріне сүйенсек, торайларда бадамша бездің қабынуы сирек кездеседі. Автор ауески ауруынан өлген 130 торайдың 1, 5 пайыз ғана бадамша бездің қабынуы байқалған.

Бірақ, Теппер /1957/ -60 пайыз деп есептесе, Н. Д. Михалков /1961/ - 37 пайыз деп есептейді.

Н. А. Бородулинаның /1949/ мәліметінше, буындардың эндотелий реакциясының әсерінен шошқаларда гиперемия болуы мүмкін.

Беккердің /1961/ зерттеуінше, кейде тоқырау мен ісік кездеседі.

Чентош пен Держи /1944/ алғаш рет бауыр мен талақтан бұршақ басындай ақсұр немесе сұр-сары түсті некротикалық ошақ тапты.

А. А. Зотованың /1955/ бақылауы бойынша, ауески ауруының энзоотиясы кезінде вакцина қолданса мүйізді ірі қара араларында ауру таралуы тоқтайды.

Жануарларды ауески ауруынан толық емдеп жазудың әдісі осы күнге дейін толық анықталған жоқ. Ағзаның жалпы реактивтілігін белсендіру үшін мынандай ем жүргізеді: бұлшық ет ішіне жылқы мен шошқалардың цитрирленген қанын торайларға 3-5 мл дозада, мегежіндерге 20 мл дозада енгізеді.

И. В. Боярскийдің /1951/ мәліметінше, цитрирленген қанды былай дайындайды: 1 л қанға 10 пайыз лимонқышқылды натрдың ыстық ерітіндісінің 25-30 мл қосамыз. Сарысуды ауру торайларға күніне бұлшық ет ішіне 15 күндік торайларға 10-15 мл дозада, 1 айға дейінгі жастағы торайларға 15-20 мл, 2 айлық торайларға 20-25 мл мөлшерінде енгіземіз.

К. Н. Шерстобаев және Р. И. Гаклин /1945/ секілді авторлар обаға қарсы және Сібір жарасына қарсы қолданылатын сарысуларды пайдалануды ұсынады.

И. И. Лукашев пен В. С. Никитиннің /1957/ ұсынған ауески ауруына қарсы 10-пайыздық гаммаглобулин ерітіндісі емдік қасиеті жоғары препарат болып табылады.

Келтірілген деректерге сүйінсек, барлық келтірілген қазіргі заманғы терапевтік препараттардың ішінде ауески ауруын емдеуде гаммаглобулиннің нәтижесі жоғары.

ІІІ. Негізгі бөлім

3. 1. Аурудың жалпы сипаттамасы.

Ауески ауруы - орталық жүйке жүйесінің бұзылуымен, сонымен қатар жануарлардың қатты қышынуымен сипатталатын жануарлардың жұқпалы ауруы.

Ауруды алғаш сипаттаған және оны құтыру ауруынан ажырата білген венгер зерттеушісі А. Ауески. Бұл ауру көп елдерде кездескен ХХ ғ. 30-жылдарынан бастап ауески ауруы көптеген елдерде тіркелді. Қазіргі уақытта шошқа шаруашылығы жақсы дамыған елдерде бұл аурудың эпизоотологиялық және экономикалық мәні зор.

Экономикалық зиян әсіресе шошқа шаруашылығында көбірек болады, бұл кезде торайлардың 80-90 пайызы ауески ауруынан шығынға ұшырайды. Барлық түрдегі және жастағы жануарлар өлімге ұшырайды, шошқаларды қоспағанда ауырып тұрған шошқалардың өсімі төмендейді. Сонымен қатар, шаруашылықтың карантиндік және сауықтыру шараларын жүргузіге көп шығындары кетеді.

Қоздырушысы - герпесвирустар туыстығына жататын ДНК құрайтын вирус 180-190 нм мөлшеріндегі ересек вириондардық сыртын липопротеидті қабықша қапатйды. Қоздырушысы барлық ауыл шаруашылық жануарларын, жабайы жануарларды зақымдайды. Сынама жүргізуге ерекше сезімтал - қояндар болып табылады, сондықтан оларды ауру диагностикасы үшін кең қолданады.

Вирустың төзімділігі жоғары температурада төмен 50-60 0 С t-да 30-45 минутта, тіке түскен күн сәулесінде - 6 сағатта, ультракүлгін сәуледе - 1 минутта өледі. Салқындықта вирустар консервіленеді, 1-4 0 С t-да вирустар 130 күннен 4 жылға дейін белсенділігін жоймайды. 40 пайыз глицеринде және глицеринді-фосфатты буферде вирус 2-3 жылға дейін сақталады, ал тұз ерітіндісінде - 3 айдан кем сақталмайды.

Азықтарда, көңде, сауда вирус күзгі-қысқы кезеңдерде 21-60 күнге дейін, көктемде - 35 күнге дейін, жазда - 20 күнге дейін өз тіршілігін жоймайды. Топырақтың жоғарғы бетінде 2-5 күннен соң өледі, шіріген өлекседе өз белсенділігін 10-28 күнге дейін, ал кепкен өлекседе 8-175 күнге дейін өмір сүруге қабілетті болады.

Nа ерітіндісінің 3 %-і, 1%-ті формальдегид ерітіндісі, 20%-ті әк ерітіндісі вирусты 15-20 минутта өлтіреді, сонымен қатар креолин ерітіндісі мен карбол қышқылының әсері де күшті.

Індетті деректер . Ауруға барлық ауыл шаруашылық малдары бейімді, көбінесе вирустың негізгі резервуары болып есептелінетін шошқалар зақымданады. Вирусқа барлық жастағы шошқалар бейімді. Бірақ мегежіндердің ауруы зарарсыз өтеді. Ауру шошқалар вирусты сілекейімен, мұрнының кілегейімен, көздің дәнекер қабығының секретімен, несеппен, сүтпен, қынаптың зәрімен, демімен бөліп шығарады. Табиғи жағдайда малдар негізінен алиментарлық жолымен - инфекциялық жем-шөп пен суды қабылдағанда жұқтырады. Емулі торайлар вирусті сүтімен 3-5 күн, несебімен - 160 күнге дейін шығатын ауру инелерінің сүті арқылы жие зақымданады. Қоздырушы жыныс жолымен шағылысқан кезде де беріледі. Шаруашылыққа аурудың алғаш келуі әдетте вирус тасушы - шошқаларды әкелгенде, сонымен қатар аурудан сәтсіз көршілес елді мекендерден кеміргіштердің миграциясынан болады. Кеміргіштердің өлексесін шошқалар жейді өз кезегі бойынша шошқалардың 60-90 % зақымдайды.

3. 2. Аурудың этиологиясы

Негізінен ауески ауруына үй және жабайы сүтқоректі жануарлар бейім болғанымен, табиғи жағдайда ауру шошқа, ит, мысық, мүйізді ірі қара және мамық жүнді аңдардың арасында көбірек тіркеледі. Тақтұяқты жануарлар мен приматтар ауески ауруына жоғары резистентті және сирек ауырады. Барлық жануарлардың төлдері, әсіресе торайлар ересектеріне қарағанда ерекше бейімді болып келеді.

Ауру қоздырғышының негізгі көзі - танау қуысынан аққан сұйықтықпен, сүтпен, несеппен вирус бөлетін ауру жануарлар.

Ауруға аса сезімтал жануарларда / мүйізді ірі қара, қойлар, қозылар, ит және мысықтар/ ауру жіті өтеді, сол себеппен соңы өліммен аяқталады. Шошқалар вирусқа аса сезімтал емес, ауырғандары сауығып кетеді. Сондықтан шошқалар басқа жануарларға қарағанда ауру тасымалдауда қауіпті емес.

Ауески ауруының қоздырғыштарын тартатын факторлар: зақымданған азықтар, қоражай, лагерь территориясы, ет және т. б. болып табылады. Қоздырғыштарды көбірек тарататын және сақтайтындар: тышқандар болып табылады. Олар Ауески аурының вирусының табиғаттағы негізгі тұрағы болып табылады.

Жануарлар негізінен аурумен алиментарлық жол арқылы: азық, су, сонымен қатар әртүрлі құрал-саймандар арқылы жұқтырады. Торайлар ауру мегежіндердің сүті арқылы зарарланады. Ауру жануарды сау жануармен қатар ұстаған кезде вирус зақымданған тері және кілегей қабықша арқылы жұғуы мүмкін. Күйіс қайыратын малдар зақымданудың оральды түріне төзімді келеді. Сол себептен осы жануарлардың зақымдайтын негізгі көздер - қансорғыш жәндіктер болып келді.

Шошқа шаруашылықтарында ауру негізінен сәтсіз шаруашылықтардан әкелінген шошқалар арқылы жұғуы мүмкін. 3-4 апталық торайларды ауру жіті түрде өтіп, аяғы өліммен аяқталады. Ересек торайлар да ауру жіті өтеді, бірақ көп бөлігі өлмейді. Ересек торайлар сирек аурады.

Аурудан сәтсіз шошқа шаруашылықтарында уақытында сауықтыру шаралары жүргізілмесе ауески ауруы стационарлы сипатқа айналуы мүмкін.

3. 3. Аурудың патогенді

Негізінен вирус жүйке жүйесіне әсер еткенмен, ауру патогенді жануардың жасы мен түріне әсері ерекше.

Вирус әуелі енген жеріне өсіп-өнеді, одан кейін қанға, сөлге кіріп өсіп-өнеді және бүкіл организмге жайылады. Вирусемия қызба мен гемморагиялық диатездің себептері болады, ал қоздырушының орталық жүйке жүйесіне енуі - энцефалитке сипатты белгілер. Ересек шошқаларда вирус орталық жүйке жүйесін сире зақымдайды, ал торайларда - әрқашан да дерлік болады.

Әдетте торайлардың ауруының алғашқы даму сатысы вирустың қанға енуімен сәйкес келеді және септицимиялық белгілерімен /жоғары t, депрессия/ сипатталады, ал екіншісі - вирустың орталық жүйке жүйесіне жетуімен /менингоэнцефалит/ байқалады. Қышыну Ауески ауруы болғанда көп мал түрлерінде пайда болатын құбылыс, ол ацетилхомендік және гистаминдік зат алмасуының бұзылуынан терінің оқыс тітіркенуі арқылы түсіндіріледі.

3. 4. Аурудың клиникалық белгілері

Жасырын кезең шошқаларды орта есеппен 5-10 күн ересек шошқаларда температура көтерілуі, тәбеттің төмендеуі, түшкіру, жөтелумен сипатталады, аурулар төсенішке көміліп көбірек жатады, орынан зорға тұратын болады. 3-4 күнде температурасы қайта қалпына келеді. Буаз мегежіндерде іш тастау, өлі ту болуы мүмкін. Өлім әдетте 3-5 проценттен аспайды. Ересек шошқаларда орталық нерв жүйесінің зақымдануы сирек кездеседі. Ауқа мен респираторлық жолдардың кілегей қабаттарында вирустың шоғырлануы көбірек көбікті сілекейдің бөлінуіне және қоздырушының интенсивті бөлініп шығуына себебін тигізеді. Емуші торайлар мен енесінен айырғандар қатты аурады. 100 күннен асқан торайларды әуелі дене температурасының 41-42 0 С дейін көтерілуі, босаңдық жем-шөптен бас тартуы байқалады.

Ал 1-1, 5 күннен кейін орталық нерв жүйесінің бұзылуы белгілері - қозуы, мазасыздануы, алға қарай жүруге құштарлық білінеді, торай кедергіге кез болып, қабырғаға басын тіреп көп тұрады. Кейде құсады. Бұндай белгілер көрініс берген кезде дене температурасы төмендейді. Көп торайларда ұстамалы қалшылдау пайда болады. Торайлар бүйіріне құлап алдыңғы және артқы аяқтарын қайшылап қимылдатады. Сонымен қатар мойны және жақ еттері, діріл жотасының сипаты келуі көзге түседі. Бір мезгілде дауыс жоғалуына, сілекейдің шұбыруына, мұрнынан кілегей сораптың шығуына әкеп соғатын, аяқтары көмей мен жұтқыншақтың еттерінің параличі дамиды. Өкпеге қан толу тез процесс алады селқостық басталады және 12-36 сағаттан кейін өліммен аяқталады. Кейінгі кезде торайларда мазасыздану белгілерінсіз өтетін формасы көбірек диагноздалып кездесіп жүр.

3. 5. Ауруды анықтау әдістері

Жасырын кезең шошқаларда орта есеппен 5-10 күн, ірі қара малында 6-15 күн, иттерде 2-4 күн, үй қояндарында 1- 6 күн болады.

Ірі қара малында ауру өте ауыр, әрқашан дерлік өніммен аяқталады. Әуелі температураның 40-41, 8 0 С дейін көтерілуі, босаңдық, тәбеттің жоғалуы, руминацияның жоқтығы, сүт беруінің азаюы білінеді. Кейінірек t қалпына дейін төмендеп, мал түшкіреді, пысқырады, басын шайқап мазасызданады. Демалудың жиілеуі, күшті қышыну мен мұрын желбезегінің, еріндердің, жақтың айналасында тырналған жерлер байқалады. Аурудың белгілері тез күшейеді, мазасыздану ұлғаяды, мал байлаудан босап кетуге тырысады, тістерін шықырлатады, оқыранады, мөңірейді. Көмей еттерінің параличі әсерінен үнемі көбікті сілекей шығарады, месқараның кебуі дамиды. Әдетте аурудың клиникалық белгілерінің біліну сәтінен 36-48 сағат өткен соң мал өледі.

Қойлар мен ешкілердің Ауески ауруы осындай клиникалық белгілермен өтеді.

Ересек шошқалар мен марқа торайларда t-ң көтерілуі, босаңдық, тәбеттің төмендеуі, түшкіру мен жөтелу байқалады, аурулар, төсенішке көміліп көбірек жатады, орнынан зорға тұратын болады. 3-4 күннен кейін t-сы қалпына келеді.

Буаз мегежіндерде іш тастау, өлі туу болуы мүмкін. Өлім әдетте 3-5 пайыздан аспайды. Ересек шошқаларда орталық жүйке жүйесінің зақымдануы сирек кездеседі. Миндаминоларда, аңқа мен респираторлық жолдардың кілегей қабықтарда вирустың шоғырлануы көбікті сілекейдің бөлінуіне және қоздырушының интенсивті бөлініп шығуына себебін тигізеді. Емуші торайлар мен енесінен айырылғандар қатты аурады. 10 күннен асқан торайларда әуелі дене температурасының 41-42 0 С дейін көтерілуі, босаңдық, жемнен бас тартуы байқалады, ал 1-1, 5 күннен кейін орталық жүйке жүйесінің бұзылу белгілері - қозуы, мазасыздануы, алға қарай жүруге құштарлық білінеді, торай кедергіге кез болып, қабырғаға басын тіреп көп тұрады, кейде құсады. Мұндай белгілер көрініс берген кезде дене температурасы төмендейді. Көп торайларда ұстамалы қалшылдау пайда болады - торайлар бүйіріне құлап алдыңғы және артқы тұяқтарын қайшылап қимылдатады, сонымен қатар мойын және еттерінің дірілі, жотасының сипатты иілуі көре түседі.

Бір мезгілде дауыстың жоғалуына, әдеттен тыс сілекейдің шұбыруына, мұрыннан кілегей сораптың шығуына әкеп соғатын аяқтары, көмей мен жұтқыншақтың еттерінің параличі дамиды. Өкпеге қан толу тез прогресс алады, селқостық басталады және 12-36 сағаттан кейін өліммен аяқталады. Егер жүйке жүйесінің зақымдануы жай дамыса, торайлар 4-6 күннен кейін өледі.

Етқоректілерде күшті қышыну, азықтан бас тарту, сілекейі шұбыруы білінеді. Хайуан бұрышқа тығылып, қышыған жерлерін /еріндерін, жақтарын, кеңсірігін/ жалап тазалайды, тістелейді, көз қарашықтары ұлғаяды, даусы қарлығады. Аурудың клиникалық белгілері білінгеннен кейін 20-30 сағаттан соң өледі.

Жылқыда ауру әдетте зарарсыз - аздаған температураның көтерілуімен, енжарлықпен, тәбеттің төмендеуімен өтеді. 2-4 күннен кейін жай-күйі қалпына келеді. Ауру зарарлы өтетін болса еріндерінің, жақтарының тұсында қышу білінеді, жұтыну қиындайды, сілекей ағады, терлеуі ұлғаяды, дірілдейді, 1-2 күннен кейін өледі.

3. 6. Патологоанатомиялық өзгерістер

Шошқадан басқа, барлық жануар түрлерінің өлекселерін сырттай қарау кезінде терісінің қышыну болған жерінде жарақатты зақымданулар болады. Бұл бөлімдерінің жүні түсіп қалады, гиперемияға ұшырайды, домбығады. Кейде тері қабатының қышыну ошағында сүйекке дейін жететін ашық терең жарақат болады. Терінің тері асты жасушасы геморрагиялық инфильтрацияға ұшырайды, желатин түстес серозды сұйықтық ағады және қан құйылулар пайда болады. Көз коньюктивасы, танаудың кілегей қабықшасы гиперемияға ұшырайды. Танау қуысы сұйықтыққа толы болады. Ауыз қуысында өзгерістер болады. Жұтқыншақтың кілегейлі қабықшасы қызарған. Шошқаларда, ит пен мысықтарда гиперемия тек жұтқыншақ, көмейде ғана емес, сонымен қатар жұтқыншақ бездерінде де болады. Ережеге сай, серозды және серозды - гиморрагиялық ринит және гайморит болады. Қосалқы жыныс безінің кілегейлі қабықшасы, әсіресе шошқаларда, бөрткен, диффузды, қан құйылулар байқалады. Көмей, жұтқыншақ, трахея кейде крупозды-дифтеритикалық сипаттағы толқынды қабықшамен қапталады. Бронх пен трахея да көп мөлшерде сүр түсті экссудат жиналады.

Ауески ауруында зақымданулар әсіресе шошқалардың өкпесінде байқалады. Ең алдымен патологоанатомиялық өзгерістер шошқаның өкпесінің домбығуымен сипатталады. Көкшіл түсті өкпе ауада қызарады. Көбінесе белсенді гиперемия байқалады. Кілегейлі, домбыққан сұйықтықтар тек қана альвеолаларды ғана емес, сонымен қатар жоғарғы тыныс жолдарын да бітеп тастайды.

Торайларда плеврит және плеврада қан құйылулар болады.

Шошқаларда эндокардында қанқұйылулар кездеседі, жүрек бұлшық етінің дегенеративтік өзгерістері сирек байқалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ньюкасл ауруының сипаттамасы, диагностикасы, алдын алуы
Кәсіптік патология (проф.патология) – клиникалық пән
Студенттер арасындағы дұрыс тамақтану режимін сақтану маңызы
Кәсіптік патология
Шизофрения мен эпилепсияның клиникалық-патопсихологиялық сипаттамалары туралы ақпарат
Психикалық бұзылыстар жіктелуі
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Құрсақішілік туберкулез инфекциясы
Шизофрения мен эпилепсияның сипаттамалары туралы ақпарат
Ауыл шаруашылық малдарының кеселге шалдығуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz