Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрілігі
Жәңгір-хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Биотехнология, мал және балық
шаруашылығы кафедрасы

Ауыл шаруашылығы малдарын өсіру және селекция пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Ауыл шаруашылығы малдарының дене бітіміне қазіргі кездегі көзқарастары
және оның мал шаруашылығындағы маңыздылығы

Орындаған: Халыков Ж.Ж.
Тексерген:

Орал, 2011ж.

Мазмұны

І. Кіріспе
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1.2. Әдебиетке
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 5
1.2. Ауыл шаруашылығы малының шығу
тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

ІІ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.1. Малдың дене бітімін жіктеу, оның ауыл шаруашылығындағы
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. Жануарлардың дене бітімінің қалыптасуына
қазіргі кездегі
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...11
2.3. Малдың түр-тұлғасы, сырт-пішініне
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 13
2.4. Малдың ішкі құрылысы
(интерьері) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .28
І. Кіріспе
Белгілі бір өнім алу үшін шаруашылық саласында өсіретін барлық малды
ауыл шаруашылығы малы деп атайды.
Мал тұқымын асылдандыру жұмысында, әсіресе сұрыптау мен жұп таңдауда,
малдың дене бітіміне үлкен мән беріледі. Себебі малдың дене бітімі мен өнім
бағыты, қажырлылығы, белгілі жер жағдайына бейімділігі, ауа райының, бағып-
күтудің жағымсыз жағдайларына төзімділігі, денсаулығының мықтылығы арасында
тығыз байланыс бар.
Ал малдың дене бітімі (конститутция) деп организмнің нәсілдік қасиеті
мен анатомиялық-физиологиялық құрылыс ерекшеліктері негізінде қалыптасқан,
жалпы ішкі және сыртқы құрылыс жиынтығын айтады. Дене бітімі ерекшеліктері
малдың түр-тұлғасынан, өнімдік қасиеттерінен және сыртқы орта әсерлеріне
жауап әрекеттерінен білінеді.
Малдың дене бітімінің негізгі қасиеттеріне мына төмендегілер жатады:
1. Организмнің бірлігі;
2. Әр түрлі дене мүшелерінің формасы мен көлемінің және қызметінің
организмнің бірлігіне сәйкес дамуы;
3. Нақтылы сыртқы орта жағдайына бейімділігі мен орта өзгерісіне
бейімделу қабілеті;
4. Нәсіліне тәуелділігі;
5. Сыртқы орта жағдайына жалпы бағыныштылығы;
6. Белгілі бір өнім беруге бейімділігі;
7. Жұқпалы ауруға шалдығуға бейімділігі және қажырлылығы.
Дене бітімін зерттеумен зоотехниктер, мал және адам дәрігерлері,
физиологтар, морфологтар, антропологтар, генетиктер және т.б. айналысады.
Дене бітімі туралы ілім мал шаруашылығына медицинадан ауысқан. Дене
бітімі туралы ілімнің шығуын, көне грек философы Ксенофонт (біздің
заманымызға дейінгі 430ж.) пен ғылыми медицинаның негізін қалаушы
Гиппократтың (біздің заманымызға дейінгі 460-377 жылдары өмір сүрген)
еңбектерімен байланыстырады.
Біздің елімізде дене бітімі ғылымының дамуына И.П.Павлов, И,М.Сеченов,
Е.А.Богданов, П.Н.Кулешов, Е.Ф.Лискун, М.Ф.Иванов сияқты ғалымдар елеулі
үлес қосты және олар малды сұрыптап таңдауда оған үлкен мән берді.
Әр мал тұқымында өніміне сәйкес, жергілікті өскен ортасына лайықты
дене бітімі болуы керек. Демек, мал мамандары өсіріп отырған мал
тұқымдарының ерекшеліктерін жақсы біліп, олардың ішінен өздерінің жағдайына
сәйкес дене бітімі барын таңдай білуі қажет.
1.1. Әдебиетке шолу
1. Экстерьер іліміндегі қателіктерді жоюға орыс ғалымдары (1997)
В.И.Всеволодов, М. Г. Ливанов, М. И. Придорогин, П. Н. Кулешов,
Е.А.Богданов, Е. Ф. Лискун және т.б. табысты еңбек сіңірді. Олар
организмнің формасы мен қызметінің, дене бітімі мен
өнімділігінің арасындағы байланысты дәлелдеп, экстерьерге баға
бергенде малдың өнім бағытын есептеу қажет екенін уағыздады.
2. Қолда өсірілетін малдың шығу тегі мен эволюциясы бағытындағы
ғылымға совет ғалымдары (2002) Е. А. Богданов, С. Н.
Боголюбский, Е.Ф.Лискун, Н. И. Кулагин және Н. А. Браунер елеулі
үлес қосты. Осы және басқа да ғылымдардың зерттеулері
нәтижесінде малдың шығу тегі мен даму тарихы толық қалпына
келтірілді.
3. П.Н.Кулешов (2003) өзінің ғылыми деректеріне сүйене отырып дене
бітімін төмендегі төрт түрге бөледі: сөлекет, нәзік, тығыз,
борпас немесе болбыр.
4. П.Н. Кулешов – (2004) малдың дене бітімін анатомиялық,
морфологиялық және гистологиялық көрсеткіштер негізінде жіктеді.
Бұл П.Н. Кулешов жіктеуі деп есептелінеді.
5. М. Ф. Иванов (2004) жоғарыдағы дене бітімнің төрт түріне бесінші
түрді — мықты (крепкая) дене бітімін қосты.
6. Е. А. Богданов (2003) анатомиялық, және физиологиялық
көрсеткіштерге сүйене отырып, дене бітімін үш түрге бөледі:
нәзік те құрғақ, болбыр, мықты.
7. Швейцария ғалымы У. Дюрстікі. (2004) Дюрст жіктеуі зат алмасу,
тотығу процестерінің дәрежесіне қарай ажыратуға негізделген. Ол
дене бітімін үш түрге бөледі: тыныстық, ас қорытушылық, аралық.
8. Экстерьер іліміндегі қателіктерді жоюға орыс ғалымдары (1998)
В.И.Всеволодов, М.Г.Ливанов, М.И.Придорогин, П.Н. Кулешов, Е.А.
Богданов, Е. Ф. Лискун және т.б. табысты еңбек сіңірді. Олар
организмнің формасы мен қызметінің, дене бітімі мен
өнімділігінің арасындағы байланысты дәлелдеп, экстерьерге баға
бергенде малдың өнім бағытын есептеу қажет екенін уағыздады.
9. Біздің елімізде малдың ішкі құрылысы ілімінің негізін қалаушы
Е.Ф. Лискун (1912) алғашқы рет сиырдың желінінің гистологиялық
құрылысы мен сүт өнімінің арасында тығыз байланыс барлығын
көрсетті.
10. Е.Ф.Лискун, Е.А.Арзуменян (2003) және т.б. зерттеулері бойынша
орта есеппен сүтті сиырлар желінінің 75—80%-ті сүт бездері
тканінен, ал 20—25%-ті дәнекер және май тканьдерінен түратындығы
дәлелденді.

1.2. Ауыл шаруашылығы малының шығу тегі
Ауыл шаруашылығы малы деп белгілі бір өнім алу үшін шаруашылық
саласында өсіретін барлық малды айтамыз. Оларға қой, ешкі, сиыр т.б.
жатады. Үй малына қолда емін-еркін есетін, адамға пайдалы қасиеттері бар,
азықтануын, күтімін, өсуін адам бақылайтын жануарлар жатады. Ал, асыранды
мал деп төл кезінен қолға ұстап, адамның кейбір қажетін өтеуге үйретілген
жабайы жануарларды айтады. Асырандылардың жабайылардан сырт көрінісі, өнімі
жағынан айтарлықтай айырмашылығы болмайды, бұлар көбінесе адам қолында
тұқым бермейді.
Осы арада мал, жалпы үй малы қайдан, қалай, қашан пайда болды?
Бұларды зооинженерге білудің қажеті бар ма?— деген заңды сұрақтар туады.
Қолда өсірілетін малдың шығу тегін, қолда үйрету эволюциясын зерттеу —
жүздеген ғасырлар ішінде болған пайдалы өзгерістердің сырын ашып, қазіргі
кездегі малдың өнімдік және тұқымдық қасиеттерін жетілдірудің нақты
тәсілдерін білуге мүмкіншілік береді.
Қолда өсірілетін малдың шығу тегі мен эволюциясы бағытындағы ғылымға
совет ғалымдары Е. А. Богданов, С. Н. Боголюбский, Е. Ф. Лискун, Н. И.
Кулагин және Н. А. Браунер елеулі үлес қосты. Осы және басқа да ғылымдардың
зерттеулері нәтижесінде малдың шығу тегі мен даму тарихы толық қалпына
келтірілді.
Қазіргі қолда өсірілетін малдың барлық түрлерінің арғы тегі жабайы
хайуанаттар. Адам өзінің тіршілік қамы үшін жабайы хайуандардың көптеген
түрлерін қолға үйретуге тырысты, бірақ олардың ішіндегі ең тиімдісін,
өнімін өзгертуге бейімдісін ғана таңдап алды.
Жабайы хайуандарды қолға үйрету — күрделі де ұзақ процесс. Кез келген
мал қолға үйретуге көне де бермейді. Осы ретте қазіргі уақытта тіршілік
ететін сүт қоректілердің 8 мың түрінің тек 60-ы ғана қолға үйретіліп, үй
малына айналған.
ІІ Бөлім. Ауыл шаруашылығы малының дене бітімі,
сыртқы пішіні және ішкі құрылысы
2.1. Малдың дене бітімін жіктеу
Кез келген организмнің өзіндік ерекшелігі болады. Малдың өзіне тән,
басқалардан айырмашылығы бар дене бітімі бар екені де даусыз. Бірақ та
малдардың арасында дене бітімі жағынан ұқсастықтың да бар екені ақиқат
нәрсе. Екі малдың өнім бағыты, тіршілік ортасы ұқсас болған сайын, олардың
дене бітімінің де ұқсастығы арта береді, яғни оларды дене бітімі жағынан
бір топқа біріктіруге болады.
Сонымен нақтылы бір өнім өндіруге бейімірек, ұқсас тіршілік жағына
лайықты дене бітімі түрлерінің болатыны да табиғи шындық нәрсе. Мәселе сол
дене бітім түрлерін ажырата білуде. Бұл оңай мәселе емес. Малдың қалаған
өнім беруге, белгілі бір жағдайға өсіруге лайықты дене бітімін ажырату,
жіктеу белгісінің дәлдігіне байланысты. Бұл ғалымдарды көптен ойландырып,
толғандырған мәселе.
Биотехникалық әдебиетте және тәжірибеде дене бітімін жіктеудің.
көптеген әдістері қолданылады. Олардың ішінде іс жүзінде кең қолданылатын
жіктеудің екі түрі бар. Бұл екі жіктеуде малдың дене бітімін жай көзбен
қарағанда анық көрінетін оның түр-тұлғасы мен кейбір физиологиялық
қасиеттері, ерекшеліктері арқылы ажыратуға негізделген.
Біріншісі —малдың дене бітімін анатомиялық, морфологиялық және
гистологиялық көрсеткіштер негізінде жіктеу. Бұл П.Н. Кулешов жіктеуі деп
есептелінеді. Себебі ол бұл жіктеуді Ч. Дарвиннің организмде, оның мөлшері
бір-бірімен сәйкес дамиды деген қағидасын басшылыққа ала отырып, әр түрлі
өнім бағытыңдағы қойлардың терісінің, етінің, сүйегінің, ас қорыту
органдарының, сүт бездерінің жетілуін зерттеу негізінде, олардың дене
құрылысында өнім бағытына сәйкес ерекшеліктерін анықтау арқылы жасады.
П. Н. Кулешов өзінің ғылыми деректеріне сүйене отырып дене бітімін
төмендегі төрт түрге бөледі: сөлекет, нәзік, тығыз, борпас немесе болбыр.
Сөлекет (грубая)—дене бітімге жататын малдың сүйегі ірі, басы үлкен,
терісі қалың, қылшыктары (түгі) өте жуан, ет бұлшықтары толымды келеді.
Етіндегі май және дәнекер ұлпалары (тканьдерінің) нашар дамыған. Мұндай
малдың жалпы түр-тұлғасы сөлекеттеніп, көзге өрескелдеу көрінеді. Сөлекет
дене бітімділерге жүк таситын көлік малы мен қылшық жүнді қойлар жатады.
Мұндай дене бітімді мал сыртқы ортаның қолайсыз жағдайына төзімді, ауруға
көп шалдықпайды.
Нәзік (нежная)—дене бітімділердің терісі жұқа, етсіз, ашаң, сүйегі
жіңішкелеу, көзге толымсыздау көрінгенімен, ас қорыту органдары біршама
жақсы жетілген, зат алмасу процесі жедел жүреді, нерв жүйесі тез қозғыш
келеді. Жақсы бағып-күтуді қалайды. Бұл түрге салт міністі жылқы тұқымдары,
биязы жүнді қойлар мен сүтті бағыттағы сиырлар жатады.
Тығыз (плотная)—дене бітімді малдың сүйегі мықты, бұлшық еттері жақсы
жетілген, терісі қалың келеді. Қан айналу, тыныс алу, ас қорыту органдар
жүйесі жақсы жетілген, жүйкелері мықты келеді. Бұл түрдің малы әрі өнімді,
әрі төзімді келеді. Бұларға жылқының желісті, сиырдың сүтті-етті, қойдың
етті-жүнді тұқымдары жатады.
Борпас немесе болбыр (рыхлая)—бітімді малдың денесі жалпақ, ас қорыту
органдары біршама жақсы жетілген, зат алмасу процестері баяу жүреді. Мінезі
жуас, тез семіреді. Дене бітімінің бұл түрі сиыр мен қойдың етті бағыттағы
тұқымдарында, жылқының ауыр жүк таситын тұқымдарында, шошқаның майлы
тұқымдарында жиі кездеседі.
Дене бітімінің жоғарыда сипаттаған төрт түрі әрқайсысы жеке күйінде
кездеспейді. Сөлекет дене бітімі тығыз немесе болбырлау нәзік дене бітімі
де тығыз немесе болбырлау болуы мүмкін. Ұғымға жеңіл болу үшін ғана
әрқайсысы жеке сипатталды.
М. Ф. Иванов жоғарыдағы дене бітімнің төрт түріне бесінші түрді —
мықты (крепкая) дене бітімін қосты.
Мықты дене бітімі бар малда нәзіктік немесе босандық белгілері
болмайды, сөлекет белгілері де көзге түспейді. Сүйегі берік, барлық
мүшелері бір-біріне сәйкес жақсы жетілген. Терісі, түгі дәнекер және май
тканьдері жетілуі негізгі өнімдік бағытына лайықты келеді. Мұндай мал көзге
келбетті, ширақ, жанарлы болып көрінеді. Ауруға да берік, қайратты, қажырлы
болады. Өздері өсетін қалыпты сыртқы орта жағдайында тұрақты мол өнім
береді.
Е. А. Богданов анатомиялық, және физиологиялық көрсеткіштерге сүйене
отырып, дене бітімін үш түрге бөледі: нәзік те құрғақ, болбыр, мықты.
Бұлардың сипаттамасы жоғарыдағы сипаттамалармен ұқсас.
Келесі кең тараған жіктеу Швейцария ғалымы У. Дюрстікі. Дюрст жіктеуі
зат алмасу, тотығу процестерінің дәрежесіне қарай ажыратуға негізделген. Ол
дене бітімін үш түрге бөледі: тыныстық, ас қорытушылық, аралық.
Тыныстық дене бітімді малдың кеудесі узын әрі жіңішке, қабырғалары
омыртқа белдеуіне қиғаш орналасады, жүні тығыз, жылтыр. Терісі жұқа келеді.
Зат алмасу процестері тез жүреді. Бұл түрге сүтті сиыр, мініс жылқысы,
жұмыртқалағыш тауық жатады.
Ас қорытушылық дене бітімді жалпы тұрқы қысқа, жалпақ, жатағандау
келеді, қабырғалары омыртқа белдеуіне тіктеу орналасқан, ас қорыту
органдарының көлемі тыныстық түрге қарағанда біршама аз, зат алмасу
процестері баяу, тез ет алып, қоңаяды. Бұл түр дене бітімінің негізгі
өкілдеріне етті бағытындағы сиыр мен қойлар және жүк тасушы жылқылар
жатады.
Аралық дене бітімді мал жоғарыда сипатталған тыныстық пен ас
қорытушылық дене бітімдерінің ортасынан орын алады.
Зоотехниялық әдебиетте ішкі секрециялық бездердің дамуына негізделген
Е. Ф. Лискуннің, жүйке жүйесінің қызметіне негізделген И.П.Павловтың
жіктеулері кездеседі, бірак зоотехниялық жұмыста әзірге қолданылмай келеді.
2.2. Жануарлардың дене бітімінің қалыптасуына қазіргі кездегі көзқарастар

Мал тұқымын жылдан жылға жақсартып, сапалы да мол өнім алып, малды
шығынсыз өсіру тұрғысынан, дене бітімінің қалыптасуына әсер ететін
күштерді, жағдайларды білудің маңызы үлкен. Себебі мұны білген жағдайда
малдың жасынан бастап шаруашылыққа тиімді болған дене бітімін
қалыптастыруды меңгеріп, басқара алар едік.
Дене бітімінің қалыптасуына әсер ететін негізгі күштерге нәсілдік
қасиет пен сыртқы орта жағдайы жатады.
Мал алғашқы ұрық болып қалыптасқан кезде, ата-енесінен оның келешек
өсуіне, өнім бағытына, сыртқы орта жағдайлары әсеріне қарсы тұра алатын
қабілетін анықтайтын нәсілдік қасиетке ие болады. Сөйтіп малдың түріне,
тұқымына тән анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер, ұрпақтан ұрпаққа
жалғасып отырады.
Осы тұрғыдан малдың өзімізге қолайлы дене бітімін қалыптастыру, тағы
да малды мұқият сұрыптаудан және жұп таңдаудан басталады.
Нақтылы дене бітімінің қалыптасуына күшті әсер ететін ішкі күштерге
секрециялық бездер мен нерв (жүйке) жүйесінің қызметін жаткызады. Осы
бағытта әсіресе мидың төменгі косалқысы (гипофиз), қалқанша, жыныс және
т.б. бездері гормондарының күшті әсері анықталған. Мысалы, қалқанша безді
алып тастасақ малдың өсіп-дамуы қатты тежеліп, ергежейлі болып қалады. Ал,
мидың теменгі қосалқысы (гипофизді) алып тастасақ, малдың өсуі төмендеп,
тым семіріп, жыныс органдары семіп қалады. Сол сияқты пішілген еркек малдың
түр-тұлғасы, келбеті, зат алмасу процестерінің өзгеруі аталық жыныс безінің
ішкі секрециялық кызметінің тоқталуына байланысты.
Малдың нақтылы дене бітімі оның жеке даму жолында нәсілдік қасиеті мен
сыртқы орта жағдайының бірлескен әсері негізінде қалыптасады. Сондықтан
малдың дене бітімін қалаған бағытта қалыптастыруда азық және азықтандыру
түрлері мен бағып-күту тәртібінің үлкен әсері бар.
Сонымен, қорыта айтқанда зооинженер белгілі бір азықтандыру және бағып-
күту жағдайында ғылыми негізде мақсатты сұрыптау мен жұп таңдау арқылы,
малдың қажетті дене бітімін қалыптастыруды басқара алады. Кезінде Ч. Дарвин
де филогенезде қалыптасқан органдар мен тканьдердің ара-қатынасы мен
сәйкестігі сұрыптаудың әсерімен келесі ұрпақтан ұрпаққа өзгеріп отырады деп
тұжырымдаған.
Малдың күйі. Мал күйі мен дене бітімін шатастыруға болмайды. Әрқайсысы
жеке ұғым. Малдың күйі деп оның құндылығына байланысты сыртқы түр көрінісін
айтады. Малдың күйі оның қоңдылығына, ал қоңдылық болса, малды азықтандыру
мен бағып-күтуге және оны пайдалану жағдайына тікелей байланысты.
Зоотехниялық қалыпты жағдайда малдың күйін төртке бөледі: заводтық,
көрмелік, жұмыстық, бордақылық.
Заводтық күйі түқымдық аталық пен аналык малға тән болады. Бұл күйдегі
малдың қоңдылығы, оған сапалы төл мен мал өнім беруді қамтамасыз ету керек.
Бұл үшін организмге қажетті қоректік заттардың қоры жеткілікті, бірақ
тканьдерді май баспау керек. Ол үшін тұқымдық малды қажетті қоректік
заттары жеткілікті түрде теңестірілген рационмен азықтандыруы және оны
ретті түрде беріп отыру керек.
Көрмелік күй — көрмеге дайындалған малға тән. Әр түлікті және әр өнім
бағытындагы қоңдылығы түрліше малдарды көрмелік күйге келтіру. Мұндағы
жалпы мақсат көрермендерге таңғаларлық сұлулық, құмарлық сезім калдыру.
Жұмыстық күй — көлік, жүк тасу ретінде пайдаланылатын адалдарда
болады. Бұл күйдегі малдың қоңдылығы орташа, организмдегі қоректік
заттардың қоры, малдың қажетті жұмыс міндетін атқарып, оның денсаулығын
қалыпты жағдайда ұстауға жеткілікті болу керек. Сондықтан азықтандыру
мөлшері малдың атқаратын жұмыс көлеміне байланысты болады. Бордақылық күй —
етке тапсыру үшін бордақыланған малда болу керек. Мұндай малдың қоңдылық
дәрежесі семіз, еттері жақсы жетілген болады.
2.3. Малдың түр-тұлғасы, сырт-пішініне сипаттама
Малдың дене бітімі дегеніміз оның сыртқы түр-тұлғасы мен ішкі
құрылысының бірлестігі. Сондықтан малдың дене бітіміне баға беру үшін,
алдымен оның түр-тұлғасын зерттеу керек. Малдың сыртқы түр-тұлғасын,
пішінін — экстерьер деп атайды. Экстерьер — француз сөзі, сөзбе-сөз
аудармасы сыртқы тұр. Орыс тілінде экстерьердің нақтылы баламасы болса да,
экстерьер сөзі зоотехниялық әдебиетте орыстың төл сөзіне айналды. Сондықтан
экстерьер сөзі бұл кітапта да қазақша баламасымен қатар қолданылады.
Экстерьер туралы ілімнің қалыптасуының алғы шарты, малдың сыртқы түр-
тұлғасы, пішіні мен өнімділік қасиетінің арасында тығыз байланыстың болуы.
Сондықтан мал тұқымын асылдандыру тәжірибесінде малға сыртқы түр-тұлғасына
қарап баға беруге, сұрыптауға әрқашан да мән беріліп келеді.
Сонау көне Римде Варрон (біздің заманымызға дейінгі I ғасырда) Шаруа
ісі туралы деген кітабында малды сыртқы пішініне қарап бағалау туралы
ұсыныстар берген. Арабтың мал дәрігері Абу-Бекр XIV ғасырда жылқының
экстерьері туралы кітап жазды.
Экстерьер іліміндегі қателіктерді жоюға орыс ғалымдары В.И.Всеволодов,
М.Г.Ливанов, М.И.Придорогин, П.Н. Кулешов, Е.А. Богданов, Е. Ф. Лискун және
т.б. табысты еңбек сіңірді. Олар организмнің формасы мен қызметінің, дене
бітімі мен өнімділігінің арасындағы байланысты дәлелдеп, экстерьерге баға
бергенде малдың өнім бағытын есептеу қажет екенін уағыздады.
Малдың сырт пішініне қарап мына төмендегі селекциялық мәселелерді
шешеді:
1. Дене бітімін бағалау;
2. Тұқымын немесе нәсілдік ұқсастығын анықтау;
3. Өзіндік жеке ерекшеліктері мен енім бағытын (етті, сүтті, жүнді
т.б.) анықтау;
4. Жас ерекшеліктерін анықтау;
5. Өндірістік технологияға бейімділігін (мысалы, сиырдың желінінің
формасы мен көлеміне, емшегінің түрі мен орналасуына қарап) бағалау.
6. Қоңын анықтау;
7. Денсаулығын анықтау.
Экстерьерді бағалау әдістері. Малдың экстерьеріне дұрыс баға беру
үшін, оның сыртқы дене мүшелерін (стать), олардың ішкі органдарымен,
тіршілігімен және нақтылы өнімдік қасиеттерімен байланысын жақсы білу
қажет.
Малдың экстерьеріне баға бергенде мына төмендегі негізгі сыртқы дене
мүшелеріне: бас, мойын, шоқтық кеуде, арқа, бел, бөксе, аяқтары, желін,
жыныс-мүшелеріне аса мән беріледі.
Бас. Бастың формасына, мөлшерінің сүйектілігіне қарап малдың жалпы
сүйегінің жетілу дәрежесін, түр-тұлғасының, келбетінің келістілігін
анықтауға болады. Бастың көлемі малдың бойының биіктігі мен ұзындығына
сәйкес келу керек. Олардың ара-қатынас мөлшері малдың түріне, өнім бағытына
байланысты әр түрлі болады. Бастың ұзындығының мал бойының биіктігіне
қатынасы, орта есеппен жылқыда 35%, мініс жылқыда 30—33%-тен аспауы керек,
сиырларда 30%-ке жуық, қойларда — 30%; шошқаларда 40%. Бастың орналасуы
горизонтқа 45° бұрыш жасаса дұрыс деп есептелінеді. Басқа баға берген кезде
құлақ, көз, мүйіз, тістерінің жетілу, орналасу ерекшеліктеріне де мән
беріледі.
Малдың басы ұзын және тым жіңішке келсе, бұл оның дене бітімінің
нәзіктігінің белгісі. Керісінше, тым үлкен бас — сөлекет дене бітімге тән
болады.
Етті бағыттағы малдың басы шағын, бірақ жалпақтау келеді. Басқа баға
бергенде малдың жыныстық ерекшеліктері әр уақытта есте болу керек.
Мойын. Жоғары жағынан алғанда желке сүйегінен иықтың алдына дейінгі,
бүйірімен алғанда құлақтың түбінен жауырын қырына дейінгі дене мүшесі.
Мойынға баға бергенде оның ұзындығын, жуандығын және жалпақтығын анықтайды.
Мойын ұзындығы малдың тұрқына сәйкес келу керек. Бұлардың ара қатынасы орта
есеппен 27—30%-ке тең болу керек деп есептелінеді. Сүтті бағыттағы
сиырлардың, мініс жылқыларының мойны ұзын әрі қалақтау келеді. Етті және
жүк тасушы бағыттағы малдардың мойны қысқа әрі жуан, жұмыр келеді.
Шоқтық (иық)—бәлекей омыртқалар, жауырын шеміршектері және соларға
бекітілген еттерден тұратын дене бөлігі. Мініс жылқыларының шоқтығы биік
әрі созыңқы, тығыз болу керек. Үшкірлеу иық тек таза сүтті бағыттағы
сиырларда кездеседі. Етті бағыттағы малдардың иығы аласа әрі жалпақ болады.
Қай мал үшін болмасын шоқтықтың жолақтанып екіге бөлінуі немесе
шоқтықтың арқаға қарай жарланып тұруы жағымсыз нәрсе.
Жауырын — жылқы мен етті мал үшін бағалы мүше. Жылқының күш-қайраты
мен жүрістілігі көбіне жауырынының орналасуына байланысты. Етті мал үшін
жауырын жақсы ет жиналатын орын, ол жалпақ келсе құба-құп. Кеуде — маңызды
дене мүшесі. Онда өкпе мен жүрек орналасқан. Кеуде көлемін, оның
кеңділігіне, төсінің жалпақтығына, кеуде сүйегінің ұзындығына қарап
анықтайды. Қай малға болмасын денсаулығы мықты болу үшін көлемді кең кеуде
керек.
Арқа және бел — жазық, кең болу керек. Бұларға қарап жалпы малдың түр-
тұлғасының жарастылығы мен дене бітімінің мықтылығын анықтайды. Қайқы
немесе бүкір бел қай мал үшін де үлкен кемшілік деп есептелінеді. Сүтті
бағыттағы сиырлардың, міністі жылқылардың арқа-белі етті және жүк тартатын
малға қарағанда ұзын әрі қырлау келеді. Сойыстық малдар үшін кең, жазық
арқа-бел қажетті қасиет.
Бөксе. Көлемі жамбас, ортан жілік және құйымшақ сүйектерінің өзара
байланысына қарай қалыптасады. Бөксе алды-артынан тұтас кең болуы керек.
Бексенің зоотехниялық көзқарас бойынша екі тұрғыдан маңызы бар. Біріншіден
бөксенің көлеміне қарап ұрғашы малдың жатырының көлеміне баға беруге
болады. Сиырдың сүттілігі де көбінесе бөксесінің көлеміне байланысты
болады. Екінші жағынан, қай малдың болмасын сапалы да мол етті болуы оның
бөксесінің көлеміне байланысты. Барлық мал үшін мықыны кең, сауыры жалпақ,
тегіс болғаны қолайлы. Қушиған немесе тым қысқа, әлде түсіңкі бөксе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малдың өнімділігі
Шаруашылықтағы голштино - фриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштері
Сүтті бағыттағы ірі қараны асылдандыру
Ауыл шаруашылық малдарының эмбриондарын трансплантациялау
Мал тұқымын жіктеу
Герефорд асыл тұқымды малының өнімділік қасиеттерін зерттеу
Ірі қара малы
Күйіс қайыратын жануарлардың хабертиозының балау
Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалау
Қылшық жүнді құйрықты қойларының өнімділігі
Пәндер