Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің міндеттері

Орындаған: 4а КДО сырттай бөлімінің
студенті Мамышева Қ.С.
Тексерген: Калмурзина Р.С.

Орал қаласы, 2012 ж.
Дене тәрбиесі советтік жүйесінің барлық буындарында бір мақсат - өмірге
коммунистік еңбекке, Отан қорғауға даярлау жүзеге асырылады. Мектепке
дейінгі балалық шақ дене тәрбиесінің міндеттерін жалпы мақсаттық бағыттарын
сақтай отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтыланады.
Мектепке дейінгі жасқа дейін дене тәрбиесін сауықтыру, білім беру және
тәрбиелеу міндеттері жүзеге асырылады. Мектепке дейінгілер дене тәрбиесінің
басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін
шынықтыру болып табылады.
Жақсы денсаулық барлық органдармен организм жүйелерін нормаға сай
жұмыс істеуімен анықталады. Денсаулық нығайту міндеттері бала организмінің
даму ерекшеліктерімен туа отырып әр жүйе бойынша әлдеқайда нақты түрде
анықталады: дұрыс және уақытылы сүйектенуге, омыртқа иелістерінің
қалыптасуына, табан үзенгілігінің дамуына, байланыс буындық аппарттың
нығаюына көмектесу, дене бөліктрінің дұрыс арақатыста (пропорция дамуына),
сүйектердің өсуімен салмағын реттеуге себепші болу, бұлшық еттердің барлық
топтарын (кеуде, арқа, қарын, аяқ, мойын бұлшық еттеріне айырықша көңіл
бөлу).
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі процесінде білім беру
міндеттерінде шешудіңде маңызы аз емес. Қимыл қозғалыс дағдыларын
қалыптастыру, денені түзу ұстау, дене тәрбиесі туралы білімді игеру.
Нерв жүйесінің икемділігі арқасында балаларда қимыл қозғалыс дағдылары
басқалармен салыстырғанда оңай қалыптасады. Олардың көпшілігін (еңбектену,
жүру, жүгіру, шаңғы тебу, велосипед теуіп ойнау, т.б.) балалар күнделікті
өмірде пайдаланады.
Қимыл-қозғалыс дағдылары қоршаған ортамен байланыс жасауды жеңілдетеді
және оны танып білуге көмектеседі. Мәселен, еңбектенуді үйренген бала оны
қызықтыратын заттарға өзі жақындайды да олармен танысады, шаңғы, велосипед
тебе білетін балалар қардың, желдің қасиеттерін оңай танып біледі. Жүзу
кезінде балалар судың қасиеттерімен танысады.
Дене жаттығуларын дұрыс орындау бұлшық еттердің, буындардың, сүйек
жүйесінің жетілуіне тиімді әсерін тигізеді. Мысалы, қолды артқа сілтей
құлаштап тақтыру әдісін дұрыс үйренген бала құлаш сілтеу мен лақтыруды
кеуде аяқ, қол қозғалысының үлкен амплитудасымен орындайды, бұл бұлшық
еттер, буындар, бунақтардың тиісті топтарының жақсы жетілуіне жағдай
жасайды.
Қалыптасқан қимыл қозғалыс дағдылары баланың, күш үнемдеуіне мүмкіндік
береді. Егер бла жаттығуды оңай, қиналмай орындаса, онда ол жүйке қуатын аз
жұмсайды. Осының арқасында жаттығуды көп рет қайталауға және жүрек қан
тамырлары, тыныс жүйелеріне әлдеқайда тиімді әсер жасауға, сондай-ақ дене
қасиеттерін дамытуға мүмкіндік туады.
Нық қалыптасқан қимыл қозғалыс дағдыларын пайдалану қимыл қозғалыс
және ойын іс әрекетінің күтпеген жерден туатын міндетерін ойластыруға
мүмкіндік береді. Мәселен, жүгірген бетте ұзындықтан дұрыс секіруді
үйренген бала, мысалы, Жар астында қасқыр бар ойынын ойнап жүгенде қалай
секіру керек екендігі жайын ойламай, қасқырдан қалай құтылу жағдайын
ойластырады.
Жеті жасқа дейінгі қалыптасқан қиымл қозғалыс дағдылары мектепте
оларды одан әрі жетілдірудің іргетасын қалайды және алдағы уақытта спортта
жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Көптеген атақты спортшылар
(И.Тер-Ованесян, В.Брумель т.б) дене жаттықтырумен үзбей айналысуды
балалаық шақтан бастаған.
Мектеп жасына дейінгі балаларда негізгі гимнастика жаттығуларын (сапта
тұрып жаттығу, жалпы жетілу жаттығулары, негізгі қозғалыстар – жүру,
жүгіру, теңдік сақтау, өрмелеу) спорт жаттығуларын (шаңғы тебу, коньки,
вилосипед тебу, жүзу) орындауды қалыптастыру қажет. Мұнымен бірге балаларды
спорттық элементтері бар ойындарды ойнай білуге үйрету керек (теннис,
бадминтон, валейбол, баскетбол, хоокей, т.б.). Жас мөлшеріне қарай
бөлінген топтар бойынша қалыптастырылатын қимы-қозғалыс дағдыларының көлемі
балабақшадағы тәрбие программасында берілген.
Балалардың қимыл қозғалыс дағдыларын қалыптастырумен қатар алғашқы
күндерден бастап дене қасиеттерін (ептілік, шапшаңдық, күш, төзімділік,
тепе-теңдік сақтау, т.б.) дамыту қажет. Мұндай қасиеттерді дамытуға
мүмкіндік бар екенін сандық көрсеткіштер дәлелдейді. Мысалы, күштің,
шапшаңдық пен ептіліктің дамуымен бірге секіру биіктігі, ұзындыққа лақтыру
алыстағы артады. Төзімділікті дамыту балаларға дене жаттығуларын шаршамай
жасауға, ұзақ жол жүгіруге мүмкіндік туғызады. Лақтырғанда көздеген жерге
тигізу, секіргенде діттеген жерге дәл түсу, жергенде жүгіргенде бағдыр
сақтау – балалардың көзбен шамалау қабілетінің жақсы екендігін дәлелдейді.
Дене қасиеттерін дамылдатпайынша бала аса қарапайым жаттығудларды да
орындай, қиымл-қозғалысты тілейтін іс-әрекеттің алуан түрлерін жетілдіре
алмас еді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тұлғаны дұрыс ұстау дағдысына, яғни
бала отырғанда, тік тұрғанда, жүргенде денені дұрыс қалыпта сақтай білуге
тәрбиелеудің маңызы зор. Тұлға дұрыстығының барлық органдар мен организм
жүйелерінің нормаға сай қызмет етуі үшін үлкен мәні бар. Бірақ тұлғаның
дұрыстығы – дер кезінде қалыптастырылуы тиіс дағды.
Бұл жаста жеке және қоғамдық гегиенаның бастапқы дағдыларын бойға
сңіірудің (дене жаттықтырудың алдында қол жуу, мұрын тазалау, дәрет
сындыру, костюмі, аяқ киімді күту, т.б.) үлкен маңызы бар. Балалардың
денсаулығы көбіне осы дағдыларға, әдеттерге байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесіне байланысты қарапайым
білімді хабарлаудың маңызы зор. Алған білім балаларға неғұрлым саналы түрде
айналысуға және балабақша мен семьяда дене тәрбиесі құралдарын неғұрлым
толық өз бетімен пайдалануға, тұлғаның дұрыстығын, қозғалыс техникасы,
қиымл-қозғалыстық ойындардың ережелері туралы мағлұматты, сондай-ақ жеке
және қоғамдық гегиена туралы қарапайым білімі болуға мүмкіндік береді.
Балалар дене мүшелерінің аттарын, қозғалыс бағыттарын, физкультура
жабдықтарының аттары мен атқаратын қызметтерін, оларлы сақтау мен күту
ережелерін, киімді, аяқ киімді күту ережелерін білулері тиіс. Дене
тәрбиесіне қатысты білімдер балалар өскен сайын кеңейте түседі.
Дене тәрбиесі процесінде кең ауқымды тәрбиелік міндеттерді шешудің
маңызы үлкен. Балаларда күн сайын дене жаттықтырумен айналысуға деген
қажеттілікті әдетті қалыптастыру, балалар мекемелерінде және үйде осы
жаттығулармен өз бетінше айналыса білуді дамыту, неғұрлым қарапайым
жаттығуларды өз құрдастарымен және біршама кіші жастағы баламен бірге
өткізу қажет.
Балаларда спортқа деген сүйспеншілікті, оның нәтижелеріне,
спортшылардың жетістіктеріне деген қызығушылықты тәрбиелеу керрек.
Дене тәрбиесі процесінде адамгершілік, ақыл-ой, эстетика және еңбек
тәрбиесін жүзеге асыруға үлкен мүмкіндікдер болады.
Дене жаттығуларын орындаған кезде мінездің жақсы жақтарын және
адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу үшін, сондай-ақ ерік-жігер қасиеттерінің
көрініс беруі үшін жақсы жағдайлар жасалды.
Ақыл-ой дене тәрбиесі өзара тығыз байланысты. Дұрыс дене тәрбиесі нерв
жүйесінің және барлық органдар мен жүйелердің қалыпты қызметі үшін мейлінше
қолайлы жағдай туғызады. Мұның өз жақсы қабылдауға көмектеседі. Сонымен
бірге балаларда тек дене тәрбиесіне қатыста ғана емес, іс-әрекеттің басқа
түрлерінен қоғам өмірі құбылыстары жайлы алған білідері де бекемдене
түседі. Балалардың барлық психикалық процестері, сондай-ақ ойлау процестері
дамиды.
Балаларда алған білімдері мен дағдыларын белсенділік, дербестік,
зейінділік, ептілік, тапқырлық көрсете отырып, қимыл-қозғалыс іс-
әрекеттерінде творчестволықпен пайдалана білуді тәрбиелеу қажет.
Мектеп жасына дейінгі балаларда сергек, жайдары көңілді қамамасыз ете
отырып, жағымды эмоцияларды тәрбиелеу, сондай-ақ жағымсыз психикалық көңіл-
күй тез жеңе білуді дамыту өте маңызды. Бұл жағымды эмоциялардың барлық
органдар мен организм жүйелері жұмысына жақсы әсер ететіндігімен, қиымл-
қозғалыс дағдылары қалыптасуының шапшаңдығы мен беріктігін қамтамасыз
ететіндігінен де қажет.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиені жүзеге асыруға жақсы жағдай
жасайды. Дене жаттығуларын орындау процесінде қимыл-қозғалыстың, дене
тұлғасының сұлулығын, әсемдігін, мәнерлігін, физкультура жабдықтарының,
айнала қоршаған бүкіл ортаның әдемілігін қабыла, сезіну, түсіну және дұрыс
бағлау қабілетін дамытуды қолдап отыру, эстетикалық жағынан лайықты мінез-
құлыққа ұмтылысты, әрекеттердегі, сөздердегі, қылықтардағы дөрекілікке
төзбеушілікті тәрбиелеу орынды.
Дене тәрбиесін процесінде еңбек тәрбиесі жүзеге асырылады. Еңбекке
даярлаудың мәні мынады, балаларда қимыл-қозғалыс дағдыларын шапшң меңгеру
қабілеті дамиды және еңбекке қажетті дене қасиеттері тәрбиеленеді. Сонымен
бірге балалар бөлмені, учаскені жабдықтаумен, физкультура құралдарын
әзірлеумен және жөнелтумен байланысты, спорттық киімдерді сақтауға және
оларды күтіп ұстауға, бөлмені, учаскені сабаққа әзірлеуге байланысты еңбек
дағдыларын меңгереді.
Сонымен бірге, балалар физкультура жабдықтарын күтіп, ұстау жөніндегі
еңбек дағдыларын бойға сіңіреді: қабырғадағы сатылардың, орындықтардың,
тақтайлардың, доптардың т.б. шаңын сүртеді, шаңғылардың қарын тазалайды,
оларды май жағып, ысқылайды, орындарына қояды, конькилерді сүртіп,
жинастырады: шаналардың қарын сілкіп түсіреді: велосипедтің шаңын сүртеді
т.б.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің процесі осы айтылған
міндеттердің бәрі бірдей шешілетіндей болып құрылуы тиіс.
Гегиеналық факторлардың дербес маңызы бар. Олар бардық органдар мен
жүйелердің қалыпты жұмыс істеуіне жәрдемдеседі. Мысалы, жүйелі түрде және
сапалы тамақтану ас қорыту қызметіне жақсы әсер етеді және басқа органдарға
өоректік заттарды дер кезінде жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді, баланың
қалыпты өсуіне және дамуына септігін тигізеді. Жарықтың жұрыс болуы көз
ауруларының пайда болуын тудырмайды. Күн тәртібін қатаң сақтау
ұйымшылдыққа, тәртіптілікке т.с.с үйретеді.
Жаратылыстың табиғи күштері (күн, ауа, су) дене жаттығуларының
организмге жағымды әсерін күшейтеді және адамның жұмыс қабілетін арттырады.
Ауада немесе суда дене жаттығуларымен айналысу процесінде жеке органдар мен
организм жүйелерінің қызмет ету мүмкіндіктері артады (оттегі көп
сіңіріледі, зат алмасу күшейеді, т.б.)
Күн, ауа және су организмді шынықтыру үшін пайдаланылады, соның
нәтижесінде адам организмі метеорологиялық әр түрлі өзгерістерге дер
кезінде шымырқану қабілетіне ие болады.оның үстіне жаратылыстың табиғи
күштерін дене жаттығуларымен үйлестіру шынығу тиімділігін арттырады.
Дене жаттығулары – дене тәрбиесінің негізгі өзіндік құралы. Дене
жаттығулары адамға жан жақты әсер етеді: олар адамның және еңбек
тәрбиелерінің міндеттерін жүзегу асыруға, сондай-ақ писхикалық қасиеттерді
дамытуға себепші болады.
Дене жаттығуларымен бірге әр түрлі би, массаж қолданылады.
Билер музыкамен сүйемелдене отырып, организмнің балық жүйесіне әсерін
тигізеді, дене қасиеттерін дамытады, сондай-ақ қимыл қзғалыстардың
жарасымдылығын, еркіндігін қалыптастырады.
Массаж. Теріге, бұлшық етке сүйек жүйесіне әсер етеді, тыныс алуды
күшейтеді, қан айналымын жақсартады.
Іс-әрекетінің алуан түрлері қозғалыс, қимыл әрекеттері олардың
компаненттері болып табылатындықтан адам организміне әсерін тигізеді. Бірақ
еңбек процесінде жасалатын қозғалыстар, ең алдымен, нақты нәтижелерге
жетуге бағытталады. Организмге әсер ету қосарлы фактор болыт табылады.
Сондықтан алуан түрлі іс-әрекеттерді ұйымдасты кезінде денені дұрыс қалыпты
ұстауда денеге түсіретін ауыртпашылықты балалардың жас шамасын жеке басының
ерекшеліктерін, олардың денсаулық жағдайларын скере отырып, мөлшерлеуді
қатаң қадағалаудың маңызы зор.
Әр түрлі жас кезеңдеріндегі дене тәрбиесінің міндеттерін жүзеге
асырудың тиімділігі негізгі және қосамша құралдарды дұрыс үлестірген кезде
арта түседі. Мәселен бала өмірінің алғашқы айларында гигиеналық
факторлардың және жаратылыстың табиғи күштерінің маңызы мейлінше мол, бұдан
кейін дене жаттығуларын және алуан түрлі іс-әрекеттің ролі артады.
Дене жаттығуларының сипаттамасы. Дене жаттығулары алдағы тұрған еңбек
әрекеттеріне алдын ала дене әсерлігі қажет екендігін ұғынған кезеңде пайда
болады. Тәжірибе адамға аң аулауға денені алдын ала әзерлеумен оның
нәтижелерімен арасындағы байланысты анықтауға және жиналған қимыл
қозғалыстық тәжірибені бір-біріне берудің маңыздылығын бағалауға мүмкіндік
жасады. Мәселен, адам аң аулауға шығудан бұрын алдағы атқарылатын әрекетке
машықтанады. Аңның бейнесін жасап, соған дәл тигізуге талпынады. Осындай
әрекеттерді көп рет қайталау процесінде адам нысанаға дәл тигізе білушілік
қалыптасты. Көзбен шамалау, күш және басқа дене қасиеттері дамыды. Сөйтіп
дене жаттығулары алғашында еңбекте қолданылатын қимыл-қозғалыстардан тұрды.

Дене шынықтыру жаттығулары баланың күн тәртібінде жас шамасымен үлкен
орын алу керек. Олар бұлшық еттiк белсендiлiкке ғана емес, суыққа,
гипоксияға да бейiмділікті ұлғайту үшін себепшi болатын факторлар болып
табылады. Физикалық белсенділік орталық жүйке жүйесінің қалыпты дамуына,
жадтың, оқудағы үлгерімнің жақсаруына мүмкіндік туғызады, эмоционалды-
мотивациялық өрісті қалыпты жағдайға келтіреді, ұйқының жақсаруынаәсер
етеді, тек физикалық қана емес, зерделі қызмет мүмкіндіктерінің де өсуі
байқалады. Бұлшық еттің белсенділігін арттыру үшін, қозғалыс жүйелері мен
дағдыларын жетілдіретін, сымбатты мүсін қалыптастыратын, жалпақ табанның
дамуын бәсеңдететін дене жаттығуларын жасау қажет.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған мекемелерде дене
шынықтыру жаттығулары топтық гимнастикалық сабақтар мен спорттық ойын-сауық
түрлерінде өткізіледі. Баланың киімі қимылды қиындатпайтындай денесіне бос
болу керек. Сабақтар әр түрлі және еліктіргіш болу үшін, әр түрлі заттар
мен жабдықтар қолдану керек: доптар, жалаулар, құрсаулар, отырғыштар,
баспалдақтар. Жабдықтар баланың бойы мен жасына сәйкес келу маңызды. Зерек
бала, Біз мектепке барамыз бағдарламаларына сәйкес, 3 жастан бастап
күнделікті таңғы жаттығулар өткізу керек, басында 5-6 минут (3жас) және 10-
12 минутқа дейін (6 жас). Бұнымен қоса, бос уақытта дене шынықтыру
жаттығуларының айына 1 рет 10-20 минут, 6 жастағы балалар үшін 40 минутқа
дейін өткізілуі қарастырылады. Гимнастикамен айналысу үшін кілемше қажет
және оны тазалықта сақтау маңызды. Гимнастикалық жаттығуларды таңғы астан
кейін немесе күндізгі ұйқыдан кейін 30 минуттан кейін ғана жасау керек.
Балаларда таңғы жаттығуды әрдайым жасауға әдептің қалыптасқаны өте маңызды.
Ұзақ, қозғалыссыз отыратын – сурет салу, илеу, қол шеберлiк сабақтарынан
кейін гимнастикалық жаттығулар сеансын өткізу аса маңызды.
Балаларға ұсынылатын жаттығуларды тәрбиешілер, медбике, ата-аналар
меңгеріп алулары керек. Балалардың ықыласын шоғырландыру қиын болғандықтан,
оларға тапсырмаларды ұзақ түсініктерсіз, нақты және айқын беру керек.
Атауларды рационалды түрде оңайлату, мысалы, жаттығуларды мысық, құс,
паровоз және т.б. жалпылай атау. Бұл жаста балаларда үйлестіру қабілеті
енді ғана қалыптаса бастайтындықтан, олардан тапсырманы толығымен дұрыс
орындауларын талап етуге болмайды. Жалпы алғанда, қозғалыс тәртібі мен
салауатты өмір салты баланың толығымен дамып, келешекте тұлға ретінде
қалыптасуына үлкен пайдасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі дене әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін ұйымдастыру әдістемесі
Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру жолдары
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі
Жұмыстың практикалық маңыздылығы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Пәндер