Қазақстан Республикасында ислам дінінің рөлі
1. Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси.экономикалық жаңарулар мен өзгерулер
2. Бағытталған экономикалық реформалардың табыстылығы
3. Діни экстремизм
4. Қазақстандағы дәстүрлі діндер

Жұмыстың өзектілігі: Осы тақырыпты таңдаудың басты себебі- Қазақстан Республикасындағы діннің рөлі мен мәнін арттыру. Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әр алуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Халықсыз билік болмайды, ал дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен дін және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңдегі дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсері өте анық көрініс берді.
Өзіндік жұмыстың кіріспе бөлімін қазақтың Ораза-намаз тоқтықта деген мәтелін негізге алумен бастайық.Осы мәтелде айтылғандай, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің II съезін Қазақстанда өткізу - ең алдымен еліміздің 2030 жылға дейін жобаланған стратегиялық бағдарламасынан туындайтын, соны жүзеге асыруға бағытталған экономикалық реформалардың табыстылығының арқасында мүмкін болып отыр.
Екіншіден, ол - еліміздегі саяси тұрақтылықтың арқасы. Үшіншіден, Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен ұлыстардың арасындағы жарасымды татулықтың, төртіншіден, Қазақстандағы негізгі діндер мен 40-тан астам діни конфессиялардың арасындағы дінаралық түсіністік пен төзімділіктің негізінде мүмкін болып отыр. Сондықтан Елбасының қай кезде болсын қайталап айтатын сөзі: Саяси тұрақтылықтың, қоғамдық келісімнің, ұлтаралық татулықтың арқасында ғана экономикалық реформа табысты болады. Ал экономикалық реформа табысты болған жерде осындай әлем жұртшылығының назарын өзіне аударған аса ірі халықаралық шараларды өткізуге мүмкіндік тумақ. Бұны да біздің еліміздің, халқымыздың, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы жетістігі деп таныңыздар!
Қазір ақпараттың көпке аян ауқымы адам қабілеті қорыта алар мүмкіндіктен анағұрлым асып кеткен тұста, қауіп - қатердің жаңа түрі бой көтеріп, сыни зердеге зәрулік айқын аңғарылуда. Сөйтіп адамдардың көпшілігі бір қалыпты ойлаудың әлдиіне бөленуді әлдеқайда қолайлы санап отыр. Бүгінгі адам әрине, біздің ата - бабаларымызға қарағанда анағұрлым білімді, алайда сонымен бірге анағұрлым салғырт, әсершіл және ұрандар аясында ойлауға бейім.
Барлық халықтар үшін дін - жаулаудың тәсілі мен тәпсірі емес, жан сақтаудың тәсілі болғанын еске салудың зияны жоқ. Әр түрлі себептерге байланысты мемлекеттік немесе ұлттық тұтастық идеясы дағдарысқа ұшыраған шақта елдің қоғамдық және саяси өмірінің сахнасына бүкіл рухани идеяға ұйытқы болып дін шығады. Көп жағдайда сенімнің біртұтастығы тарихтың тайғақ кешулерінде халық тағдырына араша түсіп отырады. Алайда кейбір жағдайларда, мемлекет рөлі баяу да басыңқы болғанда өмірдің барлық саласында діннің бел алуы сайқымазақтық сипат алып қана қоймайды, сонымен бірге қауіп - қатер төндіретін де кездері бар. Мұның өзі жеке адамдар мен халыққа ғана қауіп төндіріп қоймайды, кейде тұтас адамзат үшін де қатерлі. Мәселен, мұндай жағдай жалаң дінді жамылғы еткен ауыздықсыз агрессия кезінде көрініс табуы мүмкін.
Әлемнің көптеген бөліктерінде, әсіресе, Еуразияның азиялық бөлігінде діни экстремизмнің, псевдодіндердің күшейе түсуі, әр қилы себептерге орай туындауы мүмкін болатын салдары тұрғысынан да, әрі ескерту саясаты мен ауыздықтау әрекеттерінің нұсқаулары тұрғысынан да, бұл құбылысқа бізді ыждағатпен қарауға мәжбүр етеді.
Қазақстанда діни экстремизм үлкен аяда көрініс таба қоймаған құбылыс, алайда түптің түбінде, конфессиялық тұрақсыздық үрдісі бізде де төбе көрсетуі мүмкін - ау деген қауіп белгілі дәрежеде бар. Демек, біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымызда конфессиялық экстремизмнің пайда болу мүмкіндігіне үстірт қарауға тіпті де болмайды, олай ету мейлінше қауіпті.
Жалпы, қазіргі экстремистік ұйымдар тарапынан төнген қауіп - қатер олардың бар болуымен шектеледі деп есептеуге болмайды. Олардың қару - жарағы қаншалықты сақадай сай болса да, олар іс жүзіне асырмақ болып отырған идея мен идеологияға қарағанда олардың қарайып жүргенінен келетін қауіп анағұрлым аз.
Конфессиялық қауіпсіздік деген кең мағынасында - мемлекеттік кепілдіктер мен халықтардың және ұлттардың рухани әлеуметін қорғаудың, сондай - ақ діни сенім еркіндігіне қауіп төндірушілік пен дінаралық келісімге бір мезгілде қарсы тұрушылық әрекеттерінің жүйесі.
Біріншіден, Құдайға құлшылық ету және белгілі бір діндердің ережелеріне сәйкес ырым - жораларды сақтау үшін, ұлтына қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматының діни толық еркіндігі мен бостандығын алдағы уақытта да қамтамасыз ету үшін мемлекеттің кепілдігі мен қолдауы қажет.
Екіншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде конфессияаралық қақтығыстарға қарсы әрекет ететін шаралар қолдануы керек.
Үшіншіден, мемлекет ұлттық қауіпсіздікке, қазақстандық азаматтардың өмірі мен сау - саламаттылығына қатер төндіретін діни экстремизмнің кез келген көрінісімен мақсатты түрде және нәтижелікпен күрес жүргізіп, оны жүзеге асырады.
Сонымен, еліміз зайырлы мемлекет ретінде дін істеріне мемлекеттің араласпауы, осыған сәйкес мемлекеттің тікелей басқару процестеріне діннің де араласпауы принциптерін ұстанады.
Дей тұрғанмен, мұның өзі, конфессиялық құрылыс пен мемлекет дамуының мәселелерінен мемлекет сырт қалады немесе сырт қалуға тиіс еместігі сияқты, діндер адамдар мен діннің өзі де қоғам мен мемлекет өміріндегі қоғамдық, керек болса саяси мәнді рөл атқармауы керек дегенді де мүлде білдірмейді.
Жалпы, Қазақстан формалды тұрғыда ғана зайырлы мемлекет емес, шынымен іс жүзінде Қазақстан халқының төл табиғаты мен рухы, сана - сезімі дінге деген тарихи кеңшілікте қалыптасқан.
Түпкі мақсатымыз діни мемлекет құру емес, керісінше, экономиканың жетістіктері мен адам шығармашылығының еркіндігіне негізделген демократиялық және азаматтық қоғам болып табылатын, біздің қоғамның транзиттілігі дейтіннен бастау алады.
Сондай-ақ, Қазақстандағы діни экстремизм қаупі жай ғана болжал еместігі тағы бар. Атап өткендей, негізгі қауіп ең алдымен, шырқы бұзылған сырттың әсерінен болуы және ондай қауіпті нақты тұлға танытып, экстремизм элементтері қазірдің өзінде бой көрсетіп отырған Еуразияның төңірегіміздегі аймақтарынан бастау алуы мүмкін.
Қазақстан демографиялық және мәдени тұрғыдан Еуропа мен Азияны қосады. Осы себептен, ол Еуразиялық өркениеттің бір бөлігі болып саналады. Бұл орайда Еуразиялық кеңістікте екі ірі әлемдік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz