Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын
қолдану

Орындаған:
Тексерген:

Орал қаласы, 2011
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Бастауыш мектеп математикасын оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ...3

Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың
тиімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
2. Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын
қалыптастыруды пәндердің сабақтасытығы арқылы жүзеге асыру ... ...14
3. Дамыта оқыту жағдайында математика сабақтарында есептерді
шығару жолдарының әдістемесінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Қолданылған әдебиеттердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.29
Кіріспе
1. Бастауыш мектеп математикасын оқыту әдістемесі

Мектептерде математика пәнін оқытудың алдында жалпы мақсаттармен қатар
осы ғылымның ерекшеліктеріне сүйенетін спецификалық мақсаттар да тұр.
Олардың бірі – математикалық ойлауды қалыптастыру және дамыту. Бұл
оқушылардың математикалық жетістіктерінің пайда болуына және нәтижелі
дамуына себеп болады.
Баланың интелектуалдық ойлау қабілетін үш бағытта жылдамдатуға болады:
ойлаудың түсінікті құрылуы, сөйлеу интелектісі және жоспар құру.
Жақсы білімді қалыптастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған ойлаусыз
жүзеге аспайды, сондықтан ол қазіргі уақытта мектептегі оқытудың негізгі
мақсаттарының бірі болып табылады.
Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі
Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық
білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен
септігін тигізді, мұнда б.э.д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің
дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия
оқытылды.
Уақыт өте келе білім берудің мақсаттарының көбеюіне, мектептегі
дайындауда жаңа шарттардың пайда болуына, білім беру стандартының өзгеруіне
байланысты бұл оқу пәнінің мазмұны өзгеруде.
Сонымен қатар, ғылымның үздіксіз дамуы, оның жаңа бөлімдері мен
бағыттарының пайда болуы математика пәнінің мазмұнының өзгеруін талап
етеді: тәжірибелік құндылығы жоқ бөлімдер қысқартылады, жаңа актуальді және
перспективті тақырыптар кірістірілуде. Осы айтылғандардың барлығымен қатар
педогогикалық білім де өз орнында тұрған жоқ.
Математиканың оқу курсы үнемі математика – дамушы ғылым мен математика
– оқу пәні арасындағы келіспеушіліктерді жеңіп отыруы тиіс. Ғылымның дамуы
математикалық білім берудің мазмұнының үздіксіз жаңаруын, оқу пәнінің
ғылыммен ұштастырылуын, мазмұнының қоғамдағы әлеуметтік қажеттіліктерге сай
болуын талап етеді. Математиканы оқытудың әдістемесі – бұл математиканы
оқытудағы тапсырмалар, мазмұн және әдістер жайлы педогогикалық ғылым. Ол
пәннің нәтижелігі мен құндылығын арттыру мақсақсатында математикалық білім
беру процесін оқытады және зерттейді. Математиканы оқытудың әдістемесі
математиканы қалай беру керек жайлы сұрақты қарастырады.
Математитканы оқыту әдістемесінің мақсаты мектептегі математиканы
оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты
зерттеу болып табылады. Мұның негізгі компоненттері деп математиканы
оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын түсіну
керек.
Математитканы оқыту әдістемесінің пәні өзінің қиындығымен
ерекшеленеді. Математитканы оқыту әдістемесінің пәні математикалық білім
беру болып табылады. Ол математиканы игерудегі мақсаттар мен мазмұннан,
әдістерден, құралдардан және формалардан тұрады.
Математиканы оқыту әдістемесі қазіргі кезде үлкен қиыншылықтарды
бастан өткізуде. Бұл ең алдымен мектеп қабырғасындағы математика мен
математикалық ғылымды бір-бірімен біріктіру қиынға түскендіктен, сонымен
қатар ол философия, математика, логика, психология, биология, кибернетика
және өнермен байланыста болатын педогогиканың шекарасы болғандықтан.
Математиканы оқыту әдістемесінің негізгі қызметтері:
• Сынып бойынша, сабақ тақырыбы бойынша математиканы оқытудың нақты
мақсаттарын анықтау;
• Оқу құралының мазмұны мақсаттарға және оқушылардың танымдық қабілеттеріне
сәйкес келуін қадағалау;
• Қойылған мақсаттардың жүзеге асуына бағытталған сабақ берудегі жаңа
ұтымды әдістер мен ұйымдастырушылық формаларды құру;
• Оқытуға қажетті құралдарды қарастыру және мұғалімнің жұмыс тәжірибесінде
оларды қолдануға арналған көрсеткіштер шығару.
Математиканы оқыту әдістемесінің көмегімен келесі үш сұраққа жауап
алуға болады: Математиканы не үшін оқу керек? Нені оқу керек? Математиканы
қалай оқыту керек?
Бағдарламада қарастырылған мектептегі математиканың мазмұны ондағы
болып жатқан өзгерістерге қарамастан ұзақ уақыт бойы өзінің негізгі
мағынасын жоғалтқан жоқ. Бағдарламаның негізгі мазмұнының мұндай
тұрақтылығы мынамен түсіндіріледі: математика өзінің дамуында көптеген
жаңалықтарды аша отырып, оның алдында жиналған білімдерді де ескірген және
керексіз деп тастамай, сақтап отырады. Бұл бөлімдерге кіргендердің
әрбіреуінде орта мектепте оқытылатын пән ретінде өздерінің даму тарихы бар.
Оларды оқыту жайлы сұрақтар арнайы математикадан сабақ беру әдістемесінде
көрсетілген.
Оқыту әдісі – дидактикалық құралдар мен тәсілдердің кешені, олардың
көмегімен оқыту мен тәрбие берудің мақсаттары жүзеге асады. Оқыту әдісі –
бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған әрекеттерінің байланысқан
түрі. Оқыту әдісі деп мұғалім мен оқушылардың белгілі бір дидактикалық
мақсатты жүзеге асыруға арналған кезектесіп отыратын әрекет ету тәсілдерін
айтады.
Сабақ беру әдісі – оқушылардың танымдық қабілеттерін басқаруға және
бақылауға арналған құралдар мен тәсілдер, ақпарат алмасу жолдары.
Оқу әдісі – оқу материалын қабылдаудың жолдары, құралдары мен
тәсілдер, оқу мен өзін-өзі бақылаудың репродуктивті және продуктивті
әдістері.
Математикалық зерттеудің басты әдістеріне жатады: бақылау және
тәжірибе, анализ және синтез, салыстыру, жалпылау және специализация,
абстрактілеу және конкретизация.
Математиканы оқытуда қолданылатын қазіргі замандағы әдістер:
проблемалы (перспективті) әдіс; зертханалық әдіс; бағдарламаланған оқыту
әдісі; эвристикалық әдіс; математикалық модельдерді құру әдісі;
аксиоматикалық әдіс және т.б.
Оқытудың ақпараттық дамушы әдістері екі класқа жіктеледі:
1. Ақпаратты дайын түрінде беру (дәріс, түсіндіру, оқуға арналған
кинофильмдер мен видеофильмдерді демонстрациялау және т.б.);
2. білімді өз бетінше табу (оқулықпен өз бетінше жұмыс, оқу
бағдарламасымен өз бетінше жұмыс, берілгендердің ақпараттық
базасымен жұмыс – ақпараттық технологияларды қолдану).
Проблемалық-іздеуші әдістерге мыналар жатады: Оқу материалын
проблемалы талқылау (эвристикалық әңгімелесу), оқу дискуссиясы, зертханалық
іздеуші жұмыс, кіші топтармен жұмыс істеген кезде ұжымдық ойлау
қабілеттерін (ҰОҚ) ұйымдастыру, зерттеуші жұмыс, ұйымдастырушылық-әрекет
етуші ойын.
Репродуктивті әдістер: оқу материалын мазмұндау, мысал бойынша
жаттығуларды орындау, инструкция бойынша зертханалық жұмыс.
Мәдени-репродуктивті әдістер: шығарма, вариациялық жаттығулар,
өндірістік жағдайларды анализдеу, әртүрлі ойындарды ұйымдастыру және
мамандандырылған әрекеттерді имитациялаудың басқа түрлері.
Мұғалім мен оқушылардың әрекеттерінің тәсілдері оқыту әдістерінің
құраушы бөлігі болып табылады (М.И.Махмутов). Тәсілдер – белгілі бір
тапсырманы орындауға бағытталған әрекеттер, қызмет ету түрлері. Оқу
жұмысының тәсілдері ойлау әрекетінің тәсілдеріне тәуелді (анализ және
синтез, салыстыру және жалпылау, дәлелдеу, абстрактілеу, конкретизация,
қорытынды шығару, көз алдына елестету және еске сақтау тәсілдері).
Оқытудың арнайы әдістері – математиканың өзінде қолданылатын оқуға
адаптацияланған танымның негізгі әдістері,нақтыны оқуда математикаға тән
әдістер (математикалық модельдерді құру, осындай модельдерді құруда
қолданылатын абстрагтілеу тәсілдері, аксиоматикалық әдіс).
Мұның нәтижесінде математика курсына бірнеше әдістемелік
көрсеткіштерді ұсынуға болады:
Математиканы оқытуды жақсарту мақсатында стандартты емес есептерді
пайдалануға арналған жаңа әдістерді ары қарай шығарған жөн.
Сабақта үнемі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттері мен
танымдық қызығушылықтарының қалыптасуына көмектесетін тапсырмаларды
пайдалану керек.
Арнайы таңдап алынған жаттығулардың көмегімен оқушыларды берілген
тапсырмаларды орындауға үйрету, оларды бақылауға үйрету, аналогияны,
индукцияны, салыстыруды қолдану және қорытынды шығару.
Сабақ кезінде жылдам ойлануға арналған тапсырмаларды, математикалық
ребустарды, софизмдерді, күлкілі есептерді пайдаланған дұрыс.
Оқушылардың индивидуалді қасиеттерін есте ұстау, әртүрлі типті
тапсырмаларды қолданып олардың әрбіреуіндегі танымдық әрекеттерді
дифференциялау.
Оқыту процесі кезінде мұғалімнің оқушылардың танымдық қызығушылықтарын
қоздыруы, жақсартуы және дамытуы оның өз пәнінің мазмұнын бай, терең,
қызықты етіп және оқушылардың танымдық әрекеттерінің тәсілдерін әртүрлі,
шығармашылық, продуктивті етіп жасай білуінде.
Негізгі бөлім
1. Бастауыш сыныпта дамыта оқытудың тиімділігі

Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту
белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
Даму ұғымы сөздікте ... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір
өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы,-деп түсіндіріледі.
Даму ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның
өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат
құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып,
өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология
ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған
көрнекті психолог Л.С. Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс
деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының
төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
1.Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы
атқара алатын істері.
2.Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз
істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың
қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде
дамуға өріс ашылады.
И.Я.Лернер даму деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей
отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы
деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға
шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл-ой
қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды
іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу,
практикалық іс-әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,
қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында
баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды
және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі
факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге,
баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл-ой жұмысының тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады.
Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен
практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды
дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге
жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал,
мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда
дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті
ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың
интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып,
баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін
(Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың
функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская,
Н.А.Менчинская) және т.б.іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған
(А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде
дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның
бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика
ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары дамыта оқыту
деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына
сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа
құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп
есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы
дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға
дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай
ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе
деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар
жасау үлкен нәтиже берді.
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің
салыстырмалы сипаттамасы

Педагогикалық Мазмұнындағы басымдылық
процесінің
компоненттері
Дәстүрлі иллюстрациялық Дамыту оқыту
түсіндірме әдісі
Мақсат Оқушыларда білім, білік, Байқампаздығын, ойлауын,
дағды қалыптастыру практикалық әрекетін
дамыту
Бастапқы мазмұн Факторлар, мысалдар, Заңдылықтарды,
тақырыптар, дәлелдер теорияларды, ұғымдарды,
ережелерді қорыту
Оқытудың формалары Жеке, топтық, фронтальді Бірлескен ұжымдық
іс-әрекет
Оқыту әдістері Ауызша түсіндіру, Проблемелық баяндау,
көрнекілік, практикалық ізденушілік,
зерттеушілік, ойлау
Бақылау, бағалау Оқытудың нәтижесін Өзін-өзі бақылау,
мұғалімнің бақылауы, өзін-өзі бағалау,
бағалауы рефлекция

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық,
мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде
диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға
болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана
бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал
дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге
көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға,
есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді
пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру
басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін
амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін
сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-
ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда
төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл – үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин – В.В.Давыдов жасаған
жүйесінің негізгі компоненттері.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді.
Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім
сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде шешім табылған кезде
әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз
ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине,
жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған
еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке
тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн.
Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек
барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын
біртұтас етіп алады. Оның он жетінші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз
таластыруында тек бірлесіп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлі
жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан
бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп
келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған
оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс
кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз
беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің
жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары
оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді
шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің
деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. “Жақсы оқушы”, “Жаман оқушы”
ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын
арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің
әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс
жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен
мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін
береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз,
оқушы – “орындаушы”, “мұғалімнің тасасындағы” объект емес.
2. Бастауыш мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын қалыптастыруды
пәндердің сабақтасытығы арқылы жүзеге асыру

Бүгінгі күн талабына сай жан-жақты дамыған, белсенді, өмірге
талпынысы, қызығушылығы бар адамды мектеп табалдырығынан дайындап шығудың
ең бір тиімді тәсілі ол-оқытудағы сабақтастық. Оқытудағы сабақтастық
мәселелері оқу процесінде сабақтастық бірізді орындалмай отырғандығын
көрсетеді, ал ма-тематикалық сауаттылықты қалып-тастыруда сабақтастықтың
орындалуы туралы айту тіпті ерте сияқты. Сабақтастық мәселесі осы күнге
дейін аз айтылып жүрген жоқ.
Сабақтастық негізі оқытудың біркелкі таным жолы Я.А. Коменский,
оқытудың адам дамуына сәйкестігі И.Г. Песталоцци қарастырған. Білім беру
саласындағы сабақтастық проблемасын әр жағынан қарастырып теориялық негізі
В.В. Смирнов, Ю.А. Кустов, С.Я. Батышев, В.С. Леднев еңбектерінде берілсе,
мазмұны және іс-әрекеті аспектілерін А.П. Арын-ғазин, Г.Х. Нұртаева т.б.
еңбектерінде кездеседі.
Сабақтастық термині өте кең әлеуметтік диапозонды қамтиды.
Ұйымдастыру формасына қарай өткендегіге талдау жасай отырып, осы кездегі
немесе болашақтағы жоспар тиімділігін арттырудың бір ізділігі мақсатқа
алынады.
Білім беру және тәрбиелеу процесінде сабақтастықтың қажеттілігі зор.
Педагогикада сабақтастықтың идеясы қалыптасқанға дейін жалпы еңбек іс-
әрекетінде бірыңғай талаптарды сақтау және әдіс-тәсілдерді тізбектей
меңгеру қарастырылған.
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік ерек-
шеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-
іскер-лік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын
құрайды.
Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші
жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар
деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге
елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.
Оқыту міндеттері:
1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін
дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне
байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;
2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және
дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;
4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға дайындық
ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін қалыптастыру;
5) Теңдік және теңсіздік ұғымдарына дайындық ретінде заттардың екі
тобын салыстыру)
6) Қосу және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта дамыта оқыту технологиясын қолдану
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Кіші мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары.
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту үдерісі
БАСТАУЫШ САТЫСЫНДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ПАЙДАЛАНЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Инновациялық технологияларды пайдалануда оқушылардың шығармашылығын арттырудың педагогикалық негіздері
Пәндер