Математика пәнінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын ұйымдастыру
Орал гуманитарлық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Математика пәнінен оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын
ұйымдастыру
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3
1.Кіші мектеп жасындағы оқушыларды, оқыту барысындағы өз бетімен жұмыс
жасауға үйретудің теориялық мәселелері
1.1 Бастауыш сыныпта оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау біліктіліктерін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 7
1.2 Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды математика сабағында өз бетімен жұмыс
жасауға үйрету жолдары
2.1 Бастауыш сыныптарда математикадан өзіндік жұмыс түрлерін
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушыларды математика сабағында өз бетінше жұмыс
жасауға үйретудің дәстүрлі әдіс
амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...40
Кіріспе
“Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында” Н.Ә.Назарбаев.
Жаңа ғасыр табылдырықтан аттап, мектебіміздің есігін айқара ашқан
кезде Бүгінгі күні заманымызға сай ұстасымыз қандац, мектебіміз қандай
болу керек? деген сан сұраулар көкейімізде тұрады. Ұстазсыз мектепті,
мектепсіз ұстазды көз алдына елестету қиын.Сондықтанда осы сұрақтарға жауап
іздеп, еліміздің ертеңі-болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде бастауыш
сынып мұғалімдерінің де еңбектері өте зор екенін айта кеткенім артық
болмас.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапасымен өлшенеді.
Мектептегі сан-салалы жұмыстың арасында білім сапасы бірінші орында
тұратындығы даусыз. Өйткені, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына
жолдауында Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдегі стандарттар деңгейінде сапалы
білім беру қызметіне қол жеткізуіміз керек деп атап көрсетті.
Ендеше оған қол жеткізудің бірден-бір жолы бүгінгі күн талабына сай
туындаған жаңа технологиялар негізінде жұмыс жасау болып отыр.
Білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында блім беру жүйесі міндеттерінің бірі
Азаматтылық пен елжандылыққа өз Отаны-Қазақстан Рес-публикасына
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін
қастерлеуге тәрбиелеу деп атап көрсетілген. Демек, Ел болсам десең-
бесігіңді түзе демекші мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп
парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында олардың
санасына қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал дәл бүгінгі күн үшін
дән дегеніміз-оқулықтар, оны тиімді жолмен, әдіспен пайдалана білу,
ұрпақтың ойын, санасын жетілдіру, ол қандай жолмен жетілдіреді,бұл мәселе
мұғалімнің қолында.Бұрынғы дәстүрлі оқыту технологияларында қолданылған
жылпылама әдіс-тақтамен жұмысты сыныптағы 3-4 оқушы орындайды, қалғандары
оны көшіреді, ұқты ма, жоқ па әрі қарай сабақ жалғаса ереді. Бұл әдіс
ескірді. Қазір оқу технологияларында пайдаланып жүрген әдістердің бірі
өзіндік жұмыс түрлерін ұйымдастыру.
Баланың танымдық қабілеттерін дамыту мәселесіне бізге дейін ертерек
ұлы ойшылдар бірнеше еңбектерін арнаған.
Адамның ақыл-ойын, қабілеттерін дамыту арқылы бақыт жолына жеткізу
жлдарын көрсеткен шығыстың әйгілі ойшылы Әл-фараби болды. Бүгінгі жылдам
қарқынмен дамып жатқан заманда елімізге қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл
шешім қабылдай білетін, дүниетанымы кең адам қажет. Сондықтан сабақтарда
тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жеке қасиеттерін.
Танымдық қабілеттетерін-олардың қабылдауы мен түйсігін, зейіні мен есте
сақтауларын және ойлау қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Танымдық тапсрымалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беруі
үшін төмендегі шарттар орындалуы тиіс:
- Баланың танымдық қабілеттерін дамыту ісін ерте бастан қолға алу
керек
- Тапсырмаларды дұрыс ұйымдастырудың ролі зор
- Жаттығулар баланың ойлау мүмкіндігіне сай болуы керек
- Бала әрекеттің әр түрімен айналысуға, тыңдауға деген еркіндіктің
болуы
Бірақ балаға берілетін еркіндік үлкеннің қамқорлығын, көмегін талап
етеді.
Бала бойындағы қабілетті шыңдайтын танымдық жаттығуларға мен түрлі
сөзжұмбақтар мен ребустар,логикалық есептер мен психологиялық
жаттығуларды, лабиринттерді топтастырдым.
Бұл тапсырмалар сабақ үстінде олимпиада жұмыстарында қолданыла береді.
Л.Н.Лук өз бетінше жұмыс жасауды көрегендікке, қырағылыққа балайды,
ақылдың алғырлығын, әрекетті сынай, бағалай білу қабілетін, болжай, іздене
білу қабілеттерін атайды.
Т.С.Назаров: Өз бетімен жұмысты оқушының оқытушымен өзі қалаған
мәселелерді өзінің қабілеті мен еркі арқылы шешуі, деп санайды.
Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Н.А.Менчинская,
А.А.Любменская сынды ғалымдар өз еңбектерінде оқушылардың өз бетімен
ізденіп оқуы бағытына басым назар аударады.
Өз бетінше жұмыс – оқушының берілген тапсырманы мұғалімнің көмегінсіз
орындауы - дейді Ө.Төлегенов.
Бұл пікірлерге сүйенсек, ортақ пікір: өзіндік жұмыстың ең басты
қажеттілігі оқушыны ойға жетелеуінде, ойланта отырып, өзіндік қадам
жасауында болмақ.
Оқыту теориясының негіздерін дамытуда дидактиканың негізін салушы
Т.Сабыровтың еңбегін бағалап кетуге болады.
Оқушылардың санасында жеткілікті деңгейде білім қоры болмаса, онда
оның өздігінен жұмыс істеуіне, өз бетімен жұмыс жасау біліктілігін
қалыптасуы мүмскін емес. Сондықтан, бұл тақырыптың негізгіә өзектілігі
жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш мектептің үшінші сыныбында ана тілі
сабақтарында оқушылардың өз бетімен жұмыс жасмау біліктіліктерін
қалыптастыру жолдарын анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
Бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығын дамытудағы оқытудың ғылыми
әдістемелік негіздері, педагогкикалық, психологиялық әдебеиттерге шолу
жасау, оның мазмұнын аулу;
Оқушының өмірге, қоғамға ғылыми көзқарасын қалыптастыру негізі оның өз
бетінше жұмыс жасау жайлы түсінікті тәжірибеде жүзеге асыру жолдарын
анықтау;
Зерттеудің объектісі: математика сабақтарында 3 сынып оқушыларының өз
бетінше жұмыс жасауға қызығуы.
Зерттеу пәні: бастауыш математика
Зерттеу әдістері. Ғылыми әдістемелік әдебиеттер, озат педагогикалық
тәжірибелер, анкета, тест,бақылау, баспасөз материалдары.
Зерттеу жұмыс: Кіріспеден,екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер
тізімінен, қосымшадан тұрады.

қалыптастыру
Бүгінгі таңда өскелең ұрпақтың өз бетінше жұмыс істеу қасиеттерін
қалыптастыру, оқу танымдық қызығушылығын арттыру, оқу тәрбие ісіндегі
жетістіктердің қыры мен сырын білу міндеттерін айқындау, соның ішінде
бастауыш мектептердегі білім мен тәрбие беру тәжірибесіне сүйену ерекше
көкейкесті мәселе. Қоғамдық дамудың қазыргі кезеңдегі жаңаша ой-пікірлер
мен педагогикалық көзқарастараның қалыптасу белесінде әлеуметтік педагогика
ғылымдарының ауқымыдылығы кеңейіп оларды зерттеу жан-жақты толыға түсуде.
ҚР-ң Білім туралы” заңы қабылданып, оның негізінде “Білім” мемлекеттік
бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатыдағы білім
мазмұнының тұжырымдамасы қабылданды. Осыған орай еліміздің қайта өркендеуі,
әлемдік желілерге көтерілуі жағдайында бастауыш сынып оқушыларының
дүниетанымдық көзқарасытарын қалыптастыру, оны педагогикалық-психологиялық
тұрғыдан дұрыс басқару қазіргі кездегі объективті қажеттілік. Қызығушылығын
дамыту– білім алудың негізі болып отыр. Сондықтан, бұл мәселе оқушыларды
ғылыми таным әдістері, логикалық ойлау операциялары және жаңаша әдіс-
тәсілдермен таныстырудың жолдарын анықтауды қажет етеді.
Жалпы орта білім беру жүйесінің іргетасы бастауыш білім беруден
қаланатыны белгілі. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өз бетімен жұмыс
біліктерін қалыптастыруда бастауыш білімінің маңызы зор. Бастауыш білім
беру арқылы оқушыларды жалпы орта білім берудің мақсаты көзделеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың оқу процесін демократияландыру,
ізгілендіру принциптері оқушының белсенділігін дамыту, оқу тәрбие ісмін
кешенді түрде қарап, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық тәрбие бірлігін
ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыпқа негіздей отырып, білім берумен қатар, өз
бетіндік жұмысты барлық пәндер арқылы да біліктерін қалыптастыроуға болады.
Білім беру– қоғамдық процесс, ол арқылы алдыңғы ұрпақтың әлеуметтік маңызды
тәжірибесі кейінгі ұрпаққа беріледі. Жалпы білім беру негәізінен, үш
мақсатты көздейді. Біріншісі–табиғат, қоғам, техника, өнер, туралы ғылыми
білім негіздерін меңгеру. Бұған ғылымдағы негізгі заңдылықтардан,
фактілерден, жетекші ұғымдар мен идеялардан басқа дүниетанымдық идеялар мен
сенімдер практикалық біліктер мен дағдылар және өз бетінше ойлау әрекеттері
жатады.
Екінші– оқушыларды сабақтан тыс күндері практикалық іс-әрекетке, өз
бетімен қоғамдық пайдалы еңбек етуге даярлау.
Үшінші мақсаты– оқу пәндерін оқытуда өзіндлік жұмыстың тәрбиелік
мүмкіндіктерін пайдалануды керек етеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік жұмысын дамыту және
жетілдіруде мынадай шарттар бар:
Оқушылардың білім қорының болуы және оларды қолдана білуі;
Оқушылардың көрген-білгендеріне байланысты ынта-ықыласы мен өзіндік
мағынасының болуы;
Оқушылар өз көзқарастары мен сенімдерін практикалық іс-әрекеттер
арқылы жүзеге асыруға дайын болуы.
Көптеген ғалым педагогтардың, практик-мұғалімдердің тәрбиесіне
сүйенсек, оқу-тәрбиесі үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рольді ең
алдымен оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады.
Себебі ,сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі,
тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік
әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі сапалы орындалуы мүмкін емес. Сол себепті
де біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен
жұмыс, оның түрлері бала дамуындағы мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз.
Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары
сапалы түрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел оқушыны дамытуға бағыттала
құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны соның негізінде жазылған жаңа
оқулықтар. Себебі, бұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән
беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың бала дамуындағы ролін жете
көрген және ол жөнінде еңбек жазған қазақ зиялылыраның бірі ағартушы ғалым
Ахмет Байтұрсынов.
Ахмет Байтұрсынов оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның
“Бастауыш мектеп, “Қазақша оқу жайынан”, “Мектеп керектері” атты
мақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше көңіл аударарлық
мәселе–бұл автордың “Қазақша оқу жайынан” автты еңбегінде айтқан пікірі.
Автордың пікірінше, бала білімді тәжірибе арқылы өз бетімен алуы
керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі–балаға орындлалатын жұмыс түрлерін
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру.
Бұдан біз Ахмет Байтұрсыновтың 20-30 жылдардың өзінде-ақ кейінгі жылдары
ресей ғалымдары В.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі
болған,-өз бетіндік танымдық әрекеттің ролін көре біліп, оның бала
дамуындағы маңызын өз кезінде қозғағағндығын байқаймыз.
Бұл тағы да оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы, ғалымы
екндігімен қатар, оның баланы дамыту мәселесін көтере отырып басты нысанасы
болып табылатын өз бетіндік жұмыстың ролін көре білгендігін көре аламыз.
Бастауыш сыныптарда өз бетімен жұмысты ұйымдастыру оның бағдарлама
мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы
шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы,сондай-ақ бағаланып,
марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі. Осыған орай өз бетімен
жұмыс бастауыштың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда
көрініс табуда. Өз бетіндік жұмыс–бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол
себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өзбетіндік
жұмысынсыз дамыту мүмкін емес.
Бастауыш мектепте өзбетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын
қолайлы жағдай- бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік
ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және
қиялдау, елестеу, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті
де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.
ӨЗ бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз
тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып,
олардың белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс
түрлеріне төмендегі негізгі үш жұмыс түрлерін жатқыза аламыз. Олар:
Логикалық дамытушы ойындар мен берілген тапсырмалар (құрастырмалы
ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;
Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері ( кері есеп
құру, мәтіннің мазмұнын өңдеу, т.б.)
Өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық
бағыттағы жұмыстар (өлең құрастыру, әңгіме, шығарма жазу, т.б.).
Мұнда басты назар аударатын мәселе- бұл оқушылардың ауызша, жазбаша
тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша,
жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету. Соның негізінде ғана біздіңше ,
тіл байлығымол, сауапты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.
Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушының
оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.Өзіндік тапсырмаларды орындау
барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр-түрлі танымдық есептерді шешу
талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді,
оларды тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім еңбексүйгіштік,
табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалды оқып
үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену (игеру), бекіту, қайталап-
пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Оқушылардың өз бетінше жұмыстың педагогикалық тиімділігі- мұғалімнің
жұмысқа жасаған басшылығының сапасы мен тікелей байланысты. Егер мұғалім
жұмысты дұрыс ұйымдастырса,оқушылардың алдында қойылған мақсат да айқын
болса, онда орындалған өзіндік жұмыстың сапасы да ойдағыдай болады.
Бастауыш сыныптарда оқытудың маңызды мақсаттарының бірі-оқушыларға өз
бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Білімнің негізгі бастауыш сыныптарда қаланатыны белгілі. Ендеше, осы
бастауыш сыныптардан бастап, оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу
іскерліктері де қалыптасуы тиіс. Атап айтсақ: жаңа ұғымды, заңдылықты
ережені түсініп, тұжырымдау есепті талдап, шығара білу, жаңадан өтілген
ұғым бойынша өздігінен ой қорыта білу, өзінің оқу іс-әрекетіне бақылау
жасай білу, т.б. Осындай іскерліктерді қалыптастыру-оқу барысында мақсатты
түрде ұйымдастырылған жұмыстар және жаттығулар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады.
Өз бетінше жұмыстың негізгі ерекшелігі – оқушының берілген тапсырманы
мұғалімнің көмегінсіз орындау. Тапсырманы орындауда жақсы нәтижеге жету
үшін,мұғалім оқушының іскерлік дағдысын, бақылау, білу қабілетін, ойлауын
есепті шешу жолдарын дұрыс таңдай білуін байқап көреді. Егер тапсырманы
орындауда қателер жіберілсе, онда мұғалім сол қателерді оқушылардың өздері
жөндеуіне мүмкіндік беріп, оқушының іс-әрекетін дұрыс жолға бағыттағаны
жөн.Оқу – мектеп жасындағы балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы
психикалық мектептегі оқу мен өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың
оқу әректі-күрделі, жан-жақты үрдіс, ол баланың барлық әректін, рухани
күштерін керек етеді.
Баланың ақыл ой еңбегі белсенді әрекет болуға тиісті. Ол оқушының
жалпы психикалық даму ерекшеліктеріне байланысты болады.

педагогикалық-психологиялық негіздері
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу проблемасын қарастырғанда алдымен
оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының қандай психологиялық негізі
бар, оның шәкірттердің басқа да іс-әрекеттерімен байланысы, қатысы қандай
деген мәселені анықтап алу қажет болады.
Қазіргі уақытта мектептегі оқыту жұмысы алдына балаларға белгілі
дәрежеде білім беру, қажетті дағдылар мен іскерліктерді меңгерту сонымен
қатар оқушылардың ақыл-ойын, қабілетін дамыту міндеті қойылған.
Мұғалімдер әр оқушының кішкентай кезінен бастап, байқалатын жалпы не
арнайы қабілеті болатынын біледі. Сондықтан мұғалімдердің баланың қабілетін
тәрбиелеу мен дамытуға бағытталған оқыту процесін ұйымдастыруда
программалық материалдарды меңгерту, дағдыға үйрету, түсіндіру, жаттықтыру,
көрсету, істету оларды қайталау әректтеріне ғана сеніп қоймай, психолгиялық
негізге де сүйеніп ұйымдастырудың мәні де зор. Айталық , қабілетті дамытуға
негіз болатын фактор–баланың қызығуы дейміз. Ал мұғалім осы қызығудың
қайнар көзі неде екенін білуі пайдалы. Мәселен, қызығу сезімге әсер етуден,
сол арқылы зейінді аударудан басталады. Сондықтан мұғалім сезімге әсер
етудің жолын, тәсілін білуі керек. Ал оқушыларда қызығу пайда бола
бастағанда педагогтың екінші мәселені ойластыруына тура келеді. Ол – сол
қызығуды жойып алмай, тереңдету, тұрақтандыру, әрекетін ұйымдастыру
мәселесі. Бұл – қызықтыра отырып, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын
жүргізуін қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын оқыту
процесіне ендірудің психологиялық негізі мынадан да байланысты. Оқушының
оқудағы белсенділігі дегеніміз оның оқуға қажетті білім, дағды, іскерлік
қабілетті меңгеру және оларды өмірде, практикада қолдану жолындағы саналы
ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады. Мысалы, мұғалімнің түсіндіріп
тұрған материалын ұғып, түсініп алу үшін, оқушы оған көңіл қойып тыңдауы
керек. Ал мұғалімнің айтқандарынан алған білімін кеңейтіп, толықтыру үшін
өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу-сызу сияқты жұмыстар
жүргізу тиіс. Ал өтілген материалды сапалы қайталау да, жаңадан білім
алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену де белсенді ой мен іс-әректсіз
мүмкін емес.
Ал шын мәнісінде оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстары олардың
белсенділігіне негізделеді. Бірақ кейбір мұғалімдер сияқты белсенділікті
оқушылардың өздігінен істейтін жұмысына жатқызуға болмайды.
Оқушылардың белсенділігі дегеніміз – олардың колективті түрде бірлесе,
көмектесе, қатыса отырып, білім алу жолында жасаған іс-әректі деуге болады.
Ол өздігінен істейтін жұмысқа да жатпайды. Себебі оқушылардың өзіндік
жұмысына олардың толық ой дербестігімен, түгелдей өздігінен істейтін,
тындыратын жұмыстары жатады.
Екінші бір басын ашып алатын мәселе – оқушылардың өздігінен істейтін
жұмыстары мен олардың оқудағы дербестігінің арақатынасы. Оқыту процесіндегі
оқушылардың дербестігі ой дамуының негізінде қалыптасады. Сондықтан
өздігінен істейтін жұмыстарды оқушылардың ақыл-ой дербестігін
қалыптастырудың жолы деуге болады. Оқушылардың ой дербестігінің
қалыптасуына психологиялық (оқуға қызығу, әсерлену, анализ-синтездік
талдау дағды қабілеттерінің дамуы т.б.) және дидактикалық (проблемалық
сұрау, зерттеу әдісі, жаңа материалды өткен материалмен, өмірмен
байланыстыру, білімін жоспар, схема, таблица жасау сияқты практикалық
істерде пайдалану т.б.) жайлар негіз болады.
Бұдан шығатын қорытынды: 1) Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуі үшін
белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек. 2) Оқушылардың
өздігінен істейтін жұмыстары олардың ой-әрект дербестігін, жұмыс дағдыларын
қалыптастырады.

2.1 Бастауыш сыныптарда математикадан өзіндік жұмыс түрлерін қолдану

Ойлаудың жоғары деңгейіне берілгендіктен сабақта орындай алмаған
оқушыға төмен баға қойылмауы талап етіледі.
Енді танымдық жаттығулардың түрлері туралы айисақ, бұлардың өзіндік
жасалу жолдары мен тәсілдері бар.
Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының
өзін ізденуге жетелейді деп орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский айтқан
екен.
Оқушыларға жеңіл-желпі бірыңғай тапсырмалар бере бермей, оның орнына
баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын танымдық тапсырмалар орындату
үлкен нәтиже береді.
Ағылшын философы Б.Шоу адамды қызған сайын кірпішке салыстырады. Сол
сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау баланың ақыл-ойын арттырып,
шығармашылығын шыңдайды.
Оқудағы өз бетінше жұмыс - өзін-өзі оқыта білу, оқушыда оқу
әрекетінің компоненттерін жоғары дәрежеде меңгеруді қалыптастырады. Бұл
Ю.Н.Бабанскийдің, А.В.Усованың жеке т.б. авторлардың зерттеулерімен
дәлелденген.
В.А.Ковалев, А.И.Кочетов, А.И.Рубинский өз бетімен жұмыстарды өзін-өзі
тәрбиелеумен байланыстырады.
А.И.Выготский өз бетінше жұмыстың көріністерін оқушылардың іс-
әрекетімен анықтайды. Оқушылардың өз бетінше әрекет етуі басқа адамның
көмегінсіз, қадағалауынсыз жұмыс істеуі деп біледі. Бұл әрекет оқушыларды
өзін қоршаған ортада ұстай білуге, өз жұмысын ұйымдастыра білуге, өзінің
пікірін қорғай білуге үйретеді.

Төмендегі сынып оқушыларының оқуға деген қызығушылығын (мотивациясын),
танымдық әрекет белсенділігін қалыптастыру тәсілдерінің бірі - өз бетінше
танымдық әрекет жасау болып табылады. Бастауыш мектеп білім мазмұнында
дайын үлгілер бойынша орындалатын тапсырмалардың үлес салмағы әлі де болса
зор болып тұр. Мұғалімдер орындалатын тапсырмалардың санына ерекше тірек
жасайды, бұл оқушылардың ғылыми білім негіздерін саналы түрде және бекем
меңгеру мәселесін және оқуға деген қызығушылық проблемасын шешпейді, қайта
мектеп оқушыларының шамадан тыс жүктелуіне алып келеді.
Оқушы оқу процесінде әртүрлі оқу тапсырмаларын өздігімен шешіп
орындаудың тәсілдерін, өз әрекетін бақылап бағалауды, нәтижесін салыстыруды
меңгереді. (Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы, 6-бет). Осы
тапсырмаларды өзіндік жұмыс арқылы меңгерудің әдістерін үйрету бүгінгі
таңдағы басты мақсаттың бірі. Ал, ол үшін мұғалімнің арнаулы осы мақсатта
жұмыс жасауы талап етіледі. Мектеп тәжірибесіне бақылау жасау, бұл
бағыттағы жұмыстардың өз деңгейінде емес екенін көрсетіп отыр.
Сонымен қатар, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасаудан
осы тақырыптағы нақты материалдың тапшылығы көрініп отыр. Осылардан келіп
тақырыптың өзектілігі шығады.
Бұл жұмыстың мақсаты: өз бетінше жұмыс арқылы бастауыш сынып
оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастырудың теориялық шарттарын
негіздеу, тиімді жолдарын анықтап, тәжірибеге енгізу, әдістемесін ұсыну.
Міндеттері:
1. Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыруға арналған педагогикалық, психологиялық
әдебиеттерге, бағдарламаларға, оқулықтарға, әдістемелік нұсқауларға және
баспасөз материалдарына талдау жасау.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасу деңгейін анықтау.
3. Өз бетіндік жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастыру бағытында қалыптастырушы эксперимент
материалдарын дайындау.
4. Педагогикалық эксперимент жүргізіп, тиімділігін дәлелдеу,
әдістемелік ұсыныс дайындау.
Өз бетіндік жұмысы арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық
белсенділігін қалыптастырудың теориясы талданып, осы бағыттағы математика
пәнінің мүмкіндіктері қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыруға
бағытталған педагогикалық тәжірибелік эксперимент (2 сыныптың математика
материалдары негізінде) материалдары берілді.
Ғылыми пікірлердің құндылығы, болжамдардың дұрыстығы айтылды.
Таным – ойдың білмеуден білуге қарай, дәл емес білуден, неғұрлым
толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой-өрісінің күрделі өрісі. Адам танымы
бақылаудан, нақты аңғарудан заңды теория жүзінде ашуға, ал сонан кейін ол
заңды, теорияны, практикада қолдануға қарай жүріп отырады. Таным заттардың
адаммен практикалық байланысының мәні мен қасиеттерін ғана көрсетіп қоймай,
заттардың өзара обьективтік байланыстарын және заңдылықтарын қоса анықтайды
.
Таным - философиялық ұғым: ... ... ...айналадағы материалдықтың
адам санасында бейнеленуі. Негізінен қоршаған дүниені білу танымға
байланысты. Таным ... ... өмірлік қызмет барысында іске асады.
Р. Қоянбаевтың Қысқаша педагогикалық сөздік кітабында танымға
төмендегідей түсінік берілген: Таным - обьективті шындықты адамның ойында
бейнелейтін және қайта жаңғыртатын қоғамдық іс-әрекет барысы. Ол заттардың
мәніне дәлірек жетудегі күрделі және қарама-қайшылықты процесс барысы
ретінде қаралады. Таным – ақиқатқа жетудің, обьективті шындықты танудың
диалектикалық жолы - нақты пайымдаудан абстрактілі ойлауға, одан тәжірбеге
көшу болып табылады. Таным үрдісінде ойлаудың түрлі тәсілдері
пайдаланылады (анализ, синтез, дедукция, индукция, абстрактіліктен
нақтылыққа көтерілуі және т.б.). Танымның негізі және білімнің
ақиқаттығының шарты – тәжірибелік іс-әрекет. Сол себепті оқушылардың оқу іс-
әрекеті ретінде жүзеге асады. Себебі, оның оқу іс-әрекетінің нәтижесі оның
таным өрісінің жаңа шеңберіне алып келеді, ол үшін жаңа білім, білік пен
дағдылардың көзі ашылады. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті –
оқу. Оқу арқылы балаға қоғам өзінің ғасырлар бойына жинаған асыл мұрасын,
дағды тәжірибесін береді. Демек, оқыту - таным үрдісі. Өйткені, онда ілгері
қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады.
Оқытудағы міндет – оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және
негізгі заңдарымен қаруландыру.
Бұл кезеңнің мақсаты – тәжірибе барысында алынған ғылыми
мәліметтердің ақиқаттылығын тексеру. Бұл сатыда өте жоғары дәрежеде барлық
танымдық процестер жұмыс істейді (сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу, ес,
елестету т.б). Мектептегі таным процесі білім берушілік, тәрбиелеушілік
дамытушылық сипатта болады. Білімді игеру барысында оқушының ақыл-ой
қабілеттері мен пәнге қызығушылығы дамиды.
Таным процесі мұғалімнің басқарушылық әрі бағыттаушылық рөлімен,
ынтымақтастық байланыста бірлескен қызметінде іске асырылады. Ғалым педагог
Л.Занков: Оқыту оқушылардың жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуі қажет
десе, көрнекті психолог Л.Выготский: Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан
ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады деп тұжырымдайды және
оқу баланың өзіндік танымдық белсенділігі екенін анықтайды. Оқу – оқыту
процесіндегі оқушылардың іс-әрекеті. Оқыту процесінің логикасы оның
құрылымын анықтайды, ол құрылымға оқыту процесінің звенолары – танымдық іс-
әрекетінің кезеңдерін енгізеді:
- таным міндеттеріне жете түсіну;
- жаңа материалды қабылдау;
- ұғыну - жаңа оқу материалдарын түсініп жинақтау процесі;
- білімді, іскерлікті және дағдыны практикада қолдана білу;
- оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру, бағалау.
Бұдан шығатын қорытынды: таным міндеті түсінікті болса, оны оқушылар
өз бетімен ізденіп, шешуге тырысады, оқыту процесінің әрбір звеносына жеке-
жеке дайындалады. Енді оқыту процесінің звеноларына тоқталайық.
Қабылдау – адамға тікелей әсер ететін заттардың я құбылыстың адам
санасында бейнелену процесі. Сабақ үстінде оқушылардың жаңа материалмен
танысуы түйсіктен және қабылдаудан басталады. Ал түйсік – сананың сыртқы
әлеммен байланысы. Сезім мүшелеріне әсер етіп, оның мида бейнелеуін түйсік
деп атайды.
Ұғыну – бұл саналы түрде ғылыми білімді, заңдылықтарды ұғу, фактілерді
жинақтау процесі, қорытынды шығару. Ұғыну процесінде оқылатын материал
терең ойластырылады, дәлелденеді және бекітіледі.
Бекіту – бұл оқушылардың білімді берік ұғынуының тиімді тәсілі.
Сабақта жаңа материалды алғашқы бекіту қолданылады. Өткен оқу материалын
еске түсіру үшін мұғалім күнделікті қайталау жүргізіп отырады.
Оқушылардың жетістіктерін талдау, білімін, іскерлігін және дағдысын
тексеру, бағалау бұл оқытудың кері байланыс процесі. Таным іс-әрекетінің
бұл кезеңінде оқушылардың сабақ үстінде тек қана белгілі сұрақ бойынша
білімін тексеріп бағалаумен шектелуге болмайды. Сондықтан оқушылардың
барлық жетістіктерінің дәрежесін ескеріп, талдау жасап отырған жөн. Оның
негізінде білім мазмұны анықталады, әділ баға беріледі.
Танымдық психикалық процестің (түйсік, қабылдау, зейін, сөйлеу, ойлау
т.б.) дамуымен бірге баланың психикалық қасиеттері де (қабілет, бейімділік,
мінез) қалыптаса бастайды. Осыған байланысты ойлаудың қабылдағыштық,
бақылағыштық, білімге құмарлық, тапқырлық сияқты болымды жақтары да жетіле
түседі. Р.М.Қоянбаев таным туралы: Мұғалім баяндайды, әңгімелейді,
түсіндіреді, заттар немесе көрнекі құралдар мен техникалық құралдарды
көрсетеді, ал оқушылар сол кезде тыңдайды, қызығады, қабылдайды, бақылайды,
ойланады және т.б. таным әрекеттерін жасайды - деп танымның оқушы
өміріндегі маңызына тоқталған.
Өзара байланыстары
- қарапайым тапсырмаларды алдын ала таңдап, жоба тапсырмаларды
тұжырымдайды;
- енгізу-шығару объектілерін анықтап, жобалау ортасының жабдықтарын
барынша анықтайды;
- оқушыларға тапсырманы орындау кезінде кеңес береді;
- оқушылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz