Мектептегі математиканы оқыту жүйесінің негізгі компоненттері



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Математикалық ойындар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Негізгі бөлім
1. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық
oйындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Математикалық ойынның ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
Кіріспе
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды
өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс
қалған жоқ. Қазіргі білім беру (саласы) жүйесі әлемдік өркениеттің барлық
талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар
дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Білім
туралы заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық
құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін
қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу
әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны балабақша
тәрбиеленушілерінің білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына
мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын балаларға қозғау салуға,
оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас
қасиеттерге ие: балалар үшін оның оңайлығы мен игерімділігі,
демократиялылығы (ойын барлығын да қабылдайды), игерілуі тиіс шынайы
ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық
құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: Ойын ойнап ән салмай, өсер бала
бола ма? - деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың
өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді.
Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік
арқылы) байқалады.
Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде балабақша
тәрбиеленушілеріне тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін
тапқан.
Балалардың қарапайым есептеуді үйренуі жайлы алғашқы ақпараттар Ежелгі
Шығыс елдерінің тарихи жазбаларында кездеседі. Мектептегі математикалық
білім берудің дамуына Ежелгі Грециядағы математикалық мәдениет үлкен
септігін тигізді, мұнда б.э.д. 5 ғасырда сауданың және теңізде жүзудің
дамуына байланысты бастауыш мектептерде есеп және практикалық геометрия
оқытылды.
Математитканы оқыту әдістемесінің мақсаты мектептегі математиканы
оқыту жүйесінің негізгі компоненттері мен олардың арасындағы байланысты
зерттеу болып табылады. Мұның негізгі компоненттері деп математиканы
оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістерін, формалары мен құралдарын түсіну
керек.
Курстық жұмысымдағы мақсатым: балаларға математиканы оқытуда ойын
элементтерін қолдану арқылы оқыту ерекшеліктерімен танысу.
Мақсатқа қойылатын міндеттер:
- Математика пәнінен өткізілетін ойындардың түрлерімен ерекшеліктері
туралы;
- математикалық ойындардың әдістері туралы түсінік беру.
Негізгі бөлім
1. Математика сабағында қолданылатын дидактикалық
ойындар
Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында жан-жақты дамыған, сауатты
саналы азамат тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың баянды
болуы оқу-ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі
бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуына
ойынның алатын орны ерекше. Ойын арқылы оқушыны білім алуға, оқуғап
қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Мазмұны бойынша
барлық дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін
қалыптастырудың маңызды құралы бола отырып, олардың бағдарлама материалының
негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түсуді, әрі
пысықтауды көздейді. Бұл ойындардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре
түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және
оқушылардың зейінін, ойлау, зерде үрділерін дамытады. Өмір тәжірибесін бір
жүйеге келтіруге үйретіп, жүйке жүйесін демалдырады. Міне , сондықтан да
ойын оқу әрекетінде жетекші рөл атқарады.
Мұның барлығы дидактикалық ойындарды бастауыш сынып оқушыларының оқу
іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану қажеттілігін дәлелдейді
1. Ойын-саяхат. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе
оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі;
қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық- оңай жолмен; қажеттілер- қызық жолмен
беріледі;
2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік
тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға
негізделеді.
3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар Не болар еді...?, Мен не істер едім,
егер ... деген сұрақтарға негізделеді.
Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен
ситуацияны қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда
ұштастыра байланыс есептерін тағайындамауды талап етеді.
4. Ойын-жұмбақ. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының
болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу
және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы
қиялының дамуына әсер етеді.
5. Ойын-әңгімелер. Мұғалімнің балалармен, мұғаліммен және балалардың
балалармен қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады. Ойынның
құндылығы - эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке,өзара әрекет
жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.
Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:
1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.
2. Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар.
3. Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.
4. Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.
Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге
болады:
1. Сюжеттік-рөлдік ойындар.
2. Жаттығу ойындары.
3. Шығармашылық ойындар.
4. Драмалық ойындар.
5. Әдеби-музыкалық ойындар.
Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай
жіктемесі бар:
1. Білім беретін ойындар.
2. Тәрбиелейтін ойындар.
3. Дамытатын ойындар.
4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.
5. Диагностикалық ойындар.
Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және
өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен
мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу
үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.
Ойын-оқушы білімін берік меңгерту құралы.
Педагогика ғылымында ойын әрекетінің оқу үрдісінде алатын орны туралы
зерттеліп жүрген еңбектер аз емес. Себебі ойын-оқу, еңбек іс-әрекеттерімен
бірге адамның өмір сүруінің маңызды бір түрі. Оны мынадай сызба арқылы
суреттесек те болады:

Ойын ұғымына түсінік берсек-бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар
негізіндегі іс-әрекеттің бір түрі. Адамзат тәжірибесінде ойын әрекеті
мыныдай қызметтерді атқарады:
-ойын-сауық;
-коммуникативтік немесе қарым-қатынастық:
-диагностикалық (ойын барысында өзін-өзі тану);
-коррекциялық (өзін-өзі түзету);
-әлеуметтендіру
Әлде де болса ойынның адамның дамуына, қалыптасуына, тәрбиесіне
байланысты функциялары анықталуда.
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы
балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді.
Ойын-бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет іспетті. Ол міндетті
түрде ұжымдық әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой
қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр
ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету
болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген
сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік
ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз
атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,
қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі
бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын,
байқағыштығын, зейінділігін артырумен қатар, ерік сезім түрлерін де
дамытады.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын:
ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы
ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар және т.б.
Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне
көмектеседі.
Оқу үрдісінде кеңінен қолданылып ойынның тағы бір түрі ол – дамытушы
ойындар. Дамытушы ойындардың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке
ала отырып, оқуды қызықты етіп білім дағдыны қалыптастыру. Дамытушы
ойындарға қойылатын бірінші талап- оқушының танымдық әрекетін,
қызығушылығын дамыту.
Бұл талаптар төмендегідей сұраныстарға жауап береді:
- Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру;
- Баланы басқалармен жарыса білуге қалыптастыру;
- Білік пен дағдыны қалыптастыру үшін білімді өзі ізденуге қамтамасыз
ету;
- Ойын барысында балаға жаңа білім, білік, дағдылардың қайнар көзіне
жету;
- Баланың ойын барысында жеткен жеңісінің, оның жаңа алған білім,
білік, дағдыларымен сәйкес келетіндігі.
Осы көрсетілген сұраныстардың ішінде балалардың танымдық әрекеттерін
дамытуда әсіресе кейінгі 3 бөлімнің маңызы зор.
Дамытушы ойындардың ішінде оқушылардың өздері қолдан жасап, құрастырып
ойнайтын ойыншықтардың орны ерекше. Өйткені өздері ойын барысында жаңа
білім алып, олардың елестету, есте сақтау, ойлау, сөйлеу тілмен олардың
ұйымдастырушылық т.б. қасиеттері дамиды.
Сабақтың бірыңғай әдістермен жүргізе беру оқушыларды жалықтырары
сөзсіз. Егер арасында ойын араласып келіп отырса, оқушылар сабақ мазмұнына
аса назар аударып, тез қадымдап, ұғып алады.
С.А. шмаковтың анықтауы бойынша ойын төрт түрлі қырымен сипатталады:
- еркін дамытушы әрекет, ол әрекет белгілі бір нәтиже үшін емес,
баланың қанағаттануына байланысты;
- әрекеттің эмоционалды жағынан көтеріңкі болуы, яғни жарыстық орын
алуы;
- ойынның мазмұнын сипаттайтын қағидалар.
Ұлы Абайдың ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма? деген
пікірінен бала өмірінде ойынның маңыздылығын көруге болады. Бастауыш сынып
оқушыларының психикасының дамуына ойын әрекеті белгілі ғалымдар өз
еңбектерінде айтып кеткен: Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабаев, Т.Тәжібаев т.б. Ал,
ертедегі ойшылдар Ж.Ж.Руссо мен И.Г. Пестолоций ойын арқылы балаларды
болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның теориясы мен
маңыздылығы туралы К.Д. Ушинский мен П.Ф. Лестгафт, тәрбиеде және оқыту
барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және
Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген.
Педагогикалық үрдісті жетілдіру ойынның алар орны жөнінде Қазақстандық
Н.Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинкт күнделікті
негізгі іс-әрекет және өмірі дәл дәлелденген. Н.Құлжанованың айтуы бойынша
ойынды әдептілік, тәрбиелік мақсатқа пайдалану- болашақ өміріне түзу жол
салу, үлкендерге еліктеу және өмірдің талаптарына сай деп түсіндірген.
Сонымен бірге бастауыш сынып оқушыларының назарын аударатын ойын түрі
берілген тапсырманы орындаумен қатар баланың денсаулығын нығайтып, т.б.
көптеген қасиеттерін дамытады.
Бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті- оқу, қарым-қатынас, ойын
және еңбек болса, бұлардың әрқайсысы негізгі функцияларды атқарып, баланы
дамытады. Оқу- білім алу мен білік, дағдыны қалыптастырса, қарым-қатынас-
бұл балалардың бірін-бірі дұрыс қабылдап, сонымен қатар жаңалық алмасуын
арттырады. Ойын-пәндік әрекеттерді жетілдіріп, бірлесіп жұмыс жасай білуге
дағдыландырады. Ал еңбек қолдың қозғалысын жақсартып, практикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп математикасын оқыту үрдісіне дамыта оқыту технологиясын қолдану
Болашақ мұғалімдерге математикалық анализ курсын оқыту принциптері
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Математиканы оқыту әдістемесі
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі
Компьютерде есеп шығару технологиясын математикалық біліктілікті тереңдетуде және дамытуда пайдалану
Математикадан көрнекі құралдардың жіктелуі
Бастауыш мектеп математика сабақтарында модульдік технологияны қолдану
Теңдеулерді шешудің кейбір ұтымды тәсілдері
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ КӨРНЕКІЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
Пәндер