Мектепке дейінгі шақтағы балаларды оқыту тәрбиелеу ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Педагогика және психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі шақтағы балаларды оқыту тәрбиелеу ерекшеліктері

Пәні: Педагогика

Орындаған: Нұртазина.О.С 3 а КДО
тобының студенті
Жетекші: Калмурзина.Р.С Педагоика
пәнінің оқытушысы

Орал – 2012ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
1.1. Қарапайым математикалық түсініктерді
қалыптастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .7
1.2. Ойлау және сөйлеу әрекетінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .10
Тәжірибелік бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беру және
оқытудың ерекшеліктері
2. 1. Оқыту процесіндегі дидактика туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2. 2. Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы,
функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..29
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы
атты Қазақстан халықына Жолдауында былай делінген: Білім беру реформасы –
Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін, аса маңызды құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық
жаңарту қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет.
Сондықтан, бүгінгі таңда заманына сай зерделі, ой-өрісі жоғары, жан-жақты
дамыған азаматты қалыптастыру мемлекетіміздің алдына қойған аса маңызды
мақсаттарының бірі болып отыр. Адам баласы өмір бойы тәрбиеленіп, үздіксіз
білім алуы қажет.
Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні мектепке дейінгі тәрбие ошағында
беріледі. Отбасындағы ата-ананың ықыласы мен мейірімділігінен нәр алған
бала балабақшада тәрбиешінің шұғылалы шуағына бөленеді. Бала бойындағы
жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі де тәрбиелі болып
тәрбиеленуіне балабақша ошағының маңызы зор екені белгілі.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты – 5-6 жасар баларды жалпы,
интеллектуалды, физикалық дамыту, олардың білімді игеру дайындығын
қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетін меңгеру үшін баланың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру.
Мектепалды даярлықта тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай шешу үшін
балалардың ой өрісін, танымын, оқуға деген қабілетін жетілдіру және
денсаулығын сақтау басты талаптардың бірі болып табылады. 5-6 жастағы
баланың оқу, тәрбие жұмыстарын меңгеріп кетуі оның денсаулығы мен жалпы
даму дәрежесіне байланысты. Баланың оқуға даярлығы мен денсаулығын алдын
ала анықтап алу оған алдағы уақытта көрсетілетін қамқорлықтар қандай болуы
керек екенін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Баланың оқуға даярлығы
медициналық, психо-физиологиялық, психологиялық көрсеткіштер жиынтығы
арқылы анықталады. Әр баланың жеке ерекшелігіне қарай оқуға даярлығы да әр
түрлі болады. Медициналық көрсеткіштерге баланың биологиялық жетілу
дәрежесі, денсаулығында ауытқудың болу – болмауы; психо-физиологиялық
көрсеткіштерге Керн – Ирасек тестін орындау нәтижелері, қозғалу мүшелерін
басқара білу дәрежесі, сөйлей білу; ал психологиялық көрсеткіштерге оның
айнала туралы түсінігі, өзін - өзі күте білудің қарапайым дағдыларын
меңгеруі, берілген тапсырмаға біршама зейін қоя алуы, оқуға деген ынта –
ықыласы, көпшілікпен қарым – қатынас жасай білуі, тәртіпке мойын ұсынуы
жатады.
5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні
зор. Ақыл – ой, еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік,
дағды түрлерін тез игереді. Жасына лайық берілген тапсырманы дұрыс, сапалы
орындау баланың даму деңгейін көрсетеді. Оқу жылының бірінше жартысында
оқудың ақыл – ойға тигізетін әсерін, баланың игерген білім сапасы мен
қалыптасқан дағдыларын байқауға болады.
Ең жас шәкірт мектеп қабырғасында жаңа ортаға, мектеп талабына, оқуға
бейімделеді. Егер бала мектепке дейінгі кезеңде белгілі бір күн тәртібіне
әдеттенбесе, оның жаңа ортаға бейімделуі үшін едәуір күш – жігер қажет
болады. Жаңа ортаға бейімделу кезінде бала организмінің қызметі өзгереді,
ортаның әртүрлі әсеріне оның төзімділігі артады.
Зерттеу мәселесі - мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың
маңызын көрсету.
Зерттеу болжамы – мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту
арқылы балаларды үлкен өмірге тәрбиелейді, баланың ойлау қабілетінің дамуы
жақсарады деген болжам бар. Сондықтан балабақшада, мектепке дейінгі
ұйымдарда баланы тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады. Балалардың
біліміді, тәрбиелі болуы отбасыдан және мектепке дейінгі ұйымдардан
басталады. Егер тұлға өзін жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін
тани білуі тиіс болса, оған ұстазы өзін - өзі тани білу өзіндік сананың
қалыптасуына көмектессе онда дұрыс тәрбиелі баланы болашақта көретін
боламыз. Оларды адамгершілік рухани тұрғысынан тәрбиелеудегі ерекшелігі,
өзімізді тану арқылы біз өзгені танитын артықшылыққа ие боламыз. Әрбір
ұрпақ ең алдымен туған халқының әдеп – инабат тағылымын бойына сіңіріп
өсуге тиіс. Сонда ғана бәріміз ғұмыр кешіп, еңбек ететін, аялап ұл – қыз
өсіріп, бақытқа талпынатын қоғамдық ортада ізгілік салтанат құрады.
Зерттеу пәні - мектепке дейінгі шақтағы балаларды оқыту тәрбиелеу
ерекшеліктері.
Зерттеу объектісі - мектепке дейінгі балалар
Зерттеу мақсаты - 5-6 жастағы баланың оқу, тәрбие жұмыстарын
меңгерумен ақыл-ойының дамуын жетілдіру.
Зерттеу міндеті:
➢ Баланың өмірін ұйымдастыруды, оның тәрбиесіне қатысты
мәселелерді шешуде ортақ көзқарастың болуында;
➢ Баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және
әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай
ұстанымдарын қоюда;
➢ Балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасы ойластыруда,
әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш – жігерді
біріктіру;
➢ Сабақтан тыс әртүрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру;
Зерттеу көздері - мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы
тәрбиесі.
Зерттеу әдістері - ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және тәрбиешілермен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері - мектепке дейінгі балалар (орта және ересек топтағы
балалар).
Ғылыми жаңалық - баланың кез-келген өзіне тән сипатын байқағыштығы
немесе айналасында болып жатқан табиғаттағы құбылыстарды аңғарғыштығы бірте-
бірте қалыптасады және баланың байқағыштық, ойлау қабілетін жетілдіру
үшін, жүргізілетін тәрбие жоспарлы түрде лайықтап құрылған бағдарламамен
мақсатты үйретуді талап етеді. Балалардың қиялының тәрбиелік мәні теориялық
және практикалық тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы - эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата–аналармен
жұмысында, іс – шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау
қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.

Негізгі бөлім. Мектепке дейінгі шақтағы балаларды оқыту тәрбиелеу
ерекшеліктері

1.1Оқыту процесінің мәні оның мектепке дейінгі шақтағы өзіндік ерекшелігі.
Мектепке дейінгі шақтағы оқыту – балалардың үйрену қабілетін дамытудың,
олардың қарапайым білімдер жүйесімен қаруландырудың, Балалар бақшасындағы
тәрбие программасы белгіленген көлеміндегі іскерлікпен дағдыны
қалыптастырудың жүйелі, жоспарлы, мақсатты процесі. Мектепке дейінгі
балаларды ақыл – ойға тәрбиелеуде оқытуға жетекші роль беріледі, өйткені
оқыту барысында ақыл – ой тәрбиесінің барлық міндеттері комплексті түрде
шешіледі. Ол балаларға дәйекті білім беруді, оның нақтылауды және жүйеге
келтіруді, ойлау белсенділігін дамытуды қарастырады. Оқыту байқағыштықты,
білуге құштарлықты, сол сияқты ақылдың талаптанушылық, зеректілік,
сыншылдық сияқты қасиеттерін дамытуға жағдай жасайды.
Оқыту дене, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиені ойдағыдай
жүзеге асыру үшінде қажет.
Балалар бақшасында оқыту мектептегі оқытуды ойдағыдай жалғастырудың
маңызды алғы шарты болатын себебі, балалар білім, іскерлік және дағды
жүйесін игеріп қана қоймай, сонымен бірге олардың бойында оқу қызметі
негіздері де қалыптасады.
Балалар бақшасындағы оқыту мазмұны, ұйымдастыру формалары мен әдістері
жағынан мектептегіден өзгеше болады. Балалар бақшасының міндеті – мектепке
дейінгі балаларға айналадағы заттар мен құбылыстар жөнінде қарапайым, бірақ
ғылыми тұрғыдан нақты білім беру болып табылады. В.Ф.Одоевский мектепке
дейінгі жаста оқытуды қандайда болмасын ғылымға дейінгі ғылым деп атаған
еді. Балалар бақшасында оқытудың мазмұнына айналадағы заттармен , олардың
арасындағы қарапайым байланыстармен, өзара қарым – қатынастармен
бақыланатын құбылыстардың негізгі себептерімен танысу кіреді. Оның
мақсатына балаларға білім мен дағдылар беру ғана емес оларды игеру
тәсілдерінде беретін үйрену жатады. Мектепке дейінгі балаларды оқыту
әдістер жағынан да ерекшеленеді. Мұнда көрнекілік әдістер үлкен орын алады,
дидактикалық ойындар мен ойын тәсілдері кеңінен қолданылады. Жаңа
материалды игеру негізінен белсенді қимыл процесінде: заттар мен күрделі
қимылдар жасау, әр түрлі ойындар,сурет салу, құрастыру арқылы жүргізіледі.
Алайда, мектептегі сияқты балалар бақшасындағы оқытуда программалық сипатта
болады. Оқыту процесінде ол мектептегі сияқты дидактимкалық принциптерге
сүйенеді. Оқыту – екі жақты процесс. Ол тәрбиешінің де, балалардың да
белсенді қатысуымен ғана табысты болады. Мұнда тәрбиеші жетекші роль
атқарады. Мектепке дейінгі оқыту ауызша В.Ф.Одоевский мен К.Д.Ушинский
айтқандай, кітапқа дейінгі формада өткізеді. Оқытудың нәтежесі білімді,
іскерлікпен дағдыларды үйренуденде сондай – ақ баланың жеке басында әрекет
барысында болатын өзгерістерден көрінеді.

1.2. Оқу әрекеті
Оқу әрекеті – баланың білім, іскерлікпен дағдыны, қимыл тәсілдерін
игерудегі өз бетінше істейтін әрекеті. Ол тәрбиешінің басшылығымен өтеді.
Мектепке дейінгі балалардың оқу әрекеті олардың алдына қойылған міндетті
толық түсінуімен, оның орындау жолдарымен құроалдарын тандап алу
қабілетімен, сондай – ақ қойылған міндеттердің орындалу барысын бақылауымен
және өз жұмыс қорытындысын тексерумен сипатталады. Сөйтіп, міндеттер
қабылдау, оларды орындауды және одан таймаудың жолдары мен құралдарын
белгілеу, өзін - өзі бақылау және өзін – өзі тексеру оқу әрекетінің негізгі
компоненттері болып табылады. Олардың әрқайсысы баладан тиісті іскерлікті
талап етеді.
Мәселен, алға қойылған міндетті қабылдау үшін мектепке дейінгі балалар
тәрбишінің сөзін естіп, тыңдай білуге, ол көрсеткен заттарға қарап, көруге,
іс – әрекеттің танымдық мазмұнын, дағдысын, тәсілдерін игеруде оның
нұсқауларын орындауға тиіс.
Бала қойылған мақсатын жүзеге асыру жолдары мен құралдарын белгілеуі және
оны орындауы үшін қажетті жоолдар мен құралдарды білуі, жұмыс жоспарын
жасауы сол бойынша әрекеттенуі керек.Жұмыс барысында бала терең ойланып,
белсенділік, ұйымшылдық көрсетіп, өз бетінше әрекеттеніп, тапсырманы
орындаудабелгілі бір нәтежелерге жетуі тиіс.
Жоғарыда атап өткендей оқу әрекетінің компонентттерінің бірі

Тәжірибелік бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие
беру және оқытудың ерекшеліктері
2.1 Оқыту процесіндегі дидактика туралы ұғым
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни - үйретуші мұғалім деген ұғымды
білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік
негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін,
оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың
негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері те зерттелген.
Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский
(1592—1670). Оның Великая дидактика кітабының (1632) оқытудың мақсаты,
әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған.
К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді,
ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупска П.П.Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен
үлес қосты.
Белгілі педагог ғалымдардың Б.П.Есипов, М.А.Данилов
Л.В.Заикин, М.Н.Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөнінде еңбектері жарияланды.
Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен
формаларын дәлелдеді
Педагогика ғылымының Дидактика саласында белгілі қазақ педагог
ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабасв,
Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов
т.б. ол уақыттарында шығармашылықпен еңбектесіп, бір сыпыра үлестерін
косты.
Қазақстан ұлы педагогы Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) қазак балаларын
оқыту, оларға білім беру жайлы оқыту әдістері мен тәсілдерін зерттеді. Оның
ғылыми-әдістемелік анықтамасы бойынша оқыту әдістері бұл балалардың
сабаққа, ғылымға, өздігімен білім алуға ынталарын арттыратын, сөзімін
оятатын жол.
Ы. Алтынсарин бірнеше оқу құралдарының, солардың ішінде рус тілін
қазақтарға үйрету туралы бастауыш құрал кітабының, мектептер үшін оқу
жоспарларының, оку пәндер бағдарламалары авторы. Осы оқулықтар мен оқу
құжаттарын мектептерге тиымды қолдануды ұйымдастырған алғашқы қазақ
педагогы.
Мағжан Жұмабаев ұлы ақын, ағартушы, қысқа өмірінің көбін ұстаздықпен
өткерген, жастарды қалай оқытып, өмірге дайындаудың жолын қадала зерттеген
педагог. Оның Педагогика кітабы ең алғашқы рет 1922 жылы Қызылжар
қаласында, одан кейін 1923 жылы Тошкент қаласында (Түркістан баспасоз
махкамасы) шығарылды. Мағжан осы кітабында Дидактика және әдістеме
мәселелерін оқыту мен білім берудің негізі деп карастырған. Оның 1917-1918
жылдары Омбы қаласында курста қазак балаларына, 1919-жылдары Орынборда
мұғалімдер курсында, 1928 жылы Бурабйдағы арнайы орта мектепте оқыған
дәрістері оқыту процесін жақсартудың негізі болса, ал екіншіден, Мағжан
Жұмабаевтың шығармашылық іздену жұмысына ежелгі грек философтары Сокаттың,
Аристотельдің, сол кездің атақты педагог психологтары С.Л. Рубинштейннің
(1889-1960), А.А. Смирновтың (1894-1975), т.б. ғалымдардың еңбектері игі
әсер етті.
Жоғарыда айтылған ғалым-педагогтардың дидактикаға байланысты ой-
пікірлері, олардың еңбектерінде қарастырылған.
Шетел, Ресей, Қазақстан педагог-ғалымдарының еңбектері практикалық
проблемаларды шешудің сонымен бірге кейбір нақты сұрақтардың жауабын
анықтаудың негізі. Мәселен. нені оқыту керек, қалай оқыту керек, не үшін
оқыту керек деген дидактика сұрақтарына қазіргі заман талаптарына сәйкес
жауап берілуі тиіс. Мысалы: Нені оқыту керек? Оқушыларды кең білім
шеңберімен қаруландыру, олардың бойында адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру керек. Сондықтан білім беру мазмұнын мектеп реформасына, жалпы
білім беру бағдарламасы талаптарына және жаңашыл мұғалімдердің идеяларына
сәйкес ғылым нгзінде дәлелдеп, іске асыру қажет.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің
казіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін,
формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушьшарды
белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын міндеттерін,
принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқьггу, сабақ беру,
оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі жәнс оның компоненттері, міндеттері,
мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге,
педагогикалық озат төжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие
процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика коптеген проблсмаларды зерітейді. Солардың інінде жалпы орта
білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде
оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған
оку бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына
оқылатын пәндердің үш негізгі цикілдері кіреді: гылыми жаратылыс,
гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері
бойынша сабақ беру деңгейін арттыру, оқу пондерінің негізгі ұғымдары мен
жетекші идеялары барынша айқып баяндалатын болсын, оларда ғылым мен
практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз
етілсін, деп мектеп реформасында жазылған.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен
теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және
басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғалым
мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұгалім мен
оқушылар арасындағы адамгершілік озара қатынас және бірлікке байланысты.
Оқыту пәндері бойынша әрбір сабақты шығармашылықпен өткізу жайлы
жаңашыл мұғалімдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінің мақсаты мен міндеттері. Ерте балалық шақ педагогикасы пәнінде, пәнді игеру нәтижелеріне қойылатын талаптар
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Қиял дамуының психологиялық-педагогикалық негіздері
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі
Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу
Сәбилік шақтағы балалардың дербес әрекетіне басшылық жасаудың әдістемелері
Мектеп жасына дейінгі балалардың іс –әрекеті, психологиялық ерекшеліктері және зерттеу әдістері
Пәндер