Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық оқуы мен дамуы


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық оқуы мен дамуы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2012ж


Мазмұны

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері . . . 6

2. Баланың мектепке келу мәселесі . . . 7

3. Мектепке дейінгі балалардың оқуға психологиялық даярлығы . . . 10

4. Балалардың оқуға психикалық дайындағын зерттеудің шарттары . . . 15

Қорытынды . . . 18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 20


Кіріспе

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы осумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелеріпің дамуының үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Мектепке дейінгі жас бала дамуының жаңа әлеуметтік ситуациясының пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың айналадағы адамдар арасынан алатын орнынын ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылы болады. Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болалар. Баланың үлкендермен байланысы жаңа формаға ие болады, бір-лескен іс-әрекет ересек адамның нұсқауларын дербес орындаумен алмасады. Тұңғыш рет баланы белгілі программа бойыпша біршама жүйелі оқыту мүмкін болады. Бірақ Л. С. Выготский-дің айтып көрсеткеніндей, бұл программаның жүзеге асуы оның қаншалықты дәрежеде баланың өзіндік программасына айналуына тығыз байланысты болып келеди.

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен жасайтын арнайы өзара қарым-қатынасының пайда болуы, «балалар қоғамының» құрылуы болып табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқа адамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы өз «менін» және өз қылықтарының маңызын аңғарудың арта түсуімен, үлкендердің ішкі дүниесіне олардың іс-әрекеттері мен өзара қарым-қатынасына ерекше қызығүымен сипатталады.

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен, алдымен сюжеттік-рольдік ойындардан көрініп отырады. Үлкендер өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердін болмауының ұштасып келуі баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуы үшін айрықша қолайлы жағдайлар мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жүйесі арқылы жасалынады. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту программасы жузеге асып, олардың бірлескен іс-әрекеттерінің алғашқы түрлері қалыптасып, қоғамдық пікір пайда болады. Арнайы жүргізілген зерттеулердің нәтижесі көрсетіп отырғандай, психикалық дамудың жалпы дәрежесі мен мектепте оқуға даярлықтың барысы жағынан балабақшада тәрбиеленгендер бақшаға бармағандардан жоғарырақ болады. Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Айтылып өтілгендей, мектепке дейінгі шақта жетекші іс-әрекет ойын болып есептеледі.

Балалардың мектепке дейінгі кезеңнен оқушылық өмірге көшуі психология ғылымында кеңінен қарастырылған келелі мәселелердің бірі. Бала психологиясын зерттей келе, оның жаңа білімдерді игерудегі қызығушылықтарын қалыптастыру үшін баланы үнемі жаңалықтармен қамтамасыз ету керектігін дәлелдейді.

Тақырыптың өзектілігі. Мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға психологиялық дайындығын тексеру мақсатымен олардың окуга дайындық мүмкіндігі және даму дәрежесін анықтау және психикалық дамуы ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе тұтас топпен де жүргізуге болады. Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Зерттеу мәселесі. Балалардың психикалық дамуы мен оқуын зерттеу.

Зерттеу объектісі. Балалардың психикалық дамуы мектепке психикалық дайындығын анықтау жолдары және оларды анықтауға арналған әдістер.

Зерттеу мақсаты. Балалардың психикалық дамуын және оқуға психологиялық дайындығын зерттеу әдістерімен танысу.

Зерттеу міндеттері. Балалардың мектепке даярлығын анықтау және балалардың психикалық даму жолдарымен таныстыру. Балаларды мектепалды даярлауға арналған жаттығулар мен әдістер туралы толық мағлұмат беру.

Негізгі бөлім

1. Отбасында баланың жас және психологиялық

даму ерекшеліктері

Отбасында баланың даму ерекшеліктерін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресе балалық шаққа көп көңіл бөлген (Э. Эриксон) . Ол өзінің кезеңдік бөлу негізін басқа да белгілер енгізді.

1. Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін) негізгі сенім сенімдікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандырудың өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік таныта бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-әрекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.

2. Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады.

3. Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәләлік сезімі» 4 - 5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен зеттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен констуктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.

4. Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары отбасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.

5. Бесінші жеткіншектік кезең. Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде үзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:

1. Баланың жалпы оқу үлгерімі төмендейді.

2. Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады. Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.

2. Баланың мектепке келу мәселесі

Мектепке алғаш бару - бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға көшуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы. Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар балаға әріптерді және санауды үйретумен ғана шектеледі. Әрине баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен ғана шектеліп қоймай, оның оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Яғни, бұл баланың мотивациялық-қажеттілік және психикалық үрдістерінің дамуы оқуда, қарым-қатынаста қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді. Бұл қауырт кезеңде мектеп бірінші күннен бастап оқушыға бірнеше талаптар қойып және баланы ұқыптылық пен зейінділікке тәрбиелейді. Сондықтан да балалар оқу ісіне машықтануға, қимыл-әрекетерінің ықтиярлы басқарылуы қабілетін, ақыл-ой еңбегін, мақсаткерлігін, дағдысын қалыптастыруға аса көңіл бөлінеді.

Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу, оқытудың тиімділігін арттыру үшін балалардың мектепте оқуының дайындық деңгейін нақты ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай білу керек.

Балалардың мектепке даярлығы төмендегі параметрлер бойынша анықталады. Олар:

1. Жоспарлау - бұл мақсатқа сәйкес өз іс - әрекетін ұйымдастыра білу іскерлігі:

  • баланың әрекеті мақсатпен сәйкес келмеуі - төменгі деңгей;
  • баланың әрекеті мақсаттың мазмұнына жартылай сәйкес келуі - орта деңгей;
  • мақсаттың мазмұнына баланың әрекеті толығымен сәйкес келуі - жоғары деңгей.

2. Бақылау- қойылған мақсатпен өз әрекетінің нәтижесін салыстыру іскерлігі:

  • бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа мүлдем сәйкес келмеуі - төменгі деңгей (баланың өзі бұл сәйкессіздікті көрмейді) ;
  • бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа жартылай сәйкес келуі - орта деңгей (жартылай сәйкессіздікті бала өз бетінше көре алмайды) ;
  • бала әрекетінің нәтижесі қойылған мақсатқа толық сәйкес келуі, бала өз бетінше алған нәтижесі мен қойылған мақсатты салыстыра алуы - жоғары деңгей.

3. Оқу мотивациясы - бұл заттардың және қоршаған әлем заңдылықтарының жасырын қасиеттерін табуға, қолдану ұмтылу:

  • бала тек қана заттардың сезім мүшелеріне мүмкін болатын қасиеттеріне ғана бағытталса, онда ол - төменгі деңгей;
  • бала қоршаған әлемнің кейбір жалпыланған қасиеттеріне бағытталуға және жалпылауларды табуға қолдануға тырысады;
  • қоршаған әлемнің заңдылық қасиеттерін қабылдаудағы кұпияны табуға тырысудың айқын көрінуі және осы білімді өз іс - әрекетінде қолдануға деген құштарлық - жоғары деңгей.

4. Ақыл - ой дамуыныц деңгейі. Өзге адамды тыңдай білмеуі, талдау, салыстыру, жалпылау, абстракциялау және нақтылау сияқты логикалық операцияларды сөздік түсінік түрінде орындауы - төменгі деңгей;

  • өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде орындалган логикалық операциялардағы қателіктер - бұл орташадан төмен көрсеткіш;
  • өзгені тыңдай алмауы және сөздік түсінік түрінде берілген салыстыру, жалпылау сияқты қарапайым логикалық операциялардың қатесіз орындалуы, күрделірек логикалық операцияларды, яғни абстракциялаудағы, нақтылаудағы, талдаудағы, жинақтаудағы жіберілген қателіктердің болуы - орта деңгей;
  • өзгені түсінудегі және барлық логикалық операцияларды орындаудағы кейбір қателіктерді, бала ересектің көмегінсіз өзі түзетуі - бұл жоғары деңгей;
  • өзге адамды тыңдай алу мүмкіндігінің болуы және сөздік түсінік түріндегі барлық логикалық операцияларды орындауы - бұл өте жоғары деңгей. Осы аталған параметрлер бойынша мектепке келеген баланы былайша бөліп көрсетуге болады:

1. Мектепке даярлығы жоқ бала - өз әрекетін жоспарлай және бақылай алмауы, оқу мотивациясы төмен (тек сезім мүшелеріне ғана бағытталған), өзгені тыңдайды және түріндегі логикалық орындауды білмейді.

2. Мектепке даярлығы бар бала - өз әрекетін басқарып бақылай алады (немесе осыған қарай ұмтылады), қоршаған ортадағы заңдылықтармен, заттардың жасырын қасиеттеріне бағытталған, өзгені тыңдай алады және сөздік түсінік түрінде логикалық операцияны орындай біледі (немесе тырысады) .

Балаларды жетік зеттеу мектепке барар алдында сәуір - мамыр айларында іске асырылады. Тексеру нәтижесінің негізінде баланың мектепке даярлығы жайлы қорытындыны психологиялық - педагогикалық сараптау комиссиясы береді. Бұл комиссияда психолог, физиолог, дәрігер - педиатр және мұғалім болады.

3. Мектепке дейінгі балалардың оқуға

психологиялық даярлығы

Оқуға психологиялық дайындықтың құрамдас бөліктері ретінде жеке тұлғалық шығады. Жеке тұлғалық мектепке даярлығы баланың жаңа әлеуметтік орынға ұмтылысын жатқызамыз. Бұл позиция баланың мектепке, оку іс - әрекетіне, мұғалімдерге және оқушы ретінде өзіне - өзі қатысынан байқалады.

6-7 жастағы бала үшін мұғалімнін тұлғасы аса маңызды болып табылады. Жүргізілген бақылаулар нәтижесінде мыналарды байқауға болады: мүғалімнің талап - тілегін 6 жастағылар шын көңілмен, ынта - ықыласымен орындайды.

Баланың мектепке даярлығын А. А. Венгер мен К. Н. Поливанова зерттеген. Олар оқу мазмұнын ересектердің фигурасынан бөліп алу қабілетін мектепке даярлықтың басты шарты деп есептеген. Зерттеушілер 6-7 жастағы бала үшін мектеп өмірінің сыртқы формальдық жағы ғана ашылады деген. Сондықтан да олар бар ынтасымен өзін «оқушы сияқты» ұстауға тырысады, яғни қолын көтеру, жауап бергенде тұру, тік отыруға тырысады, Бірақ мұғалімнің не айтып тұрғанына және оған не деп жауап беру керек екені балаға маңызды емес, 7 жасқа қараған бала үшін кез - келген тапсырма мұғаліммен қарым - қатынас жағдайына байланысты. Бала оқытылып жатқан пәнге мән бермей - мұғалімді ең басты қатысушы адам ретінде қабылдайды. Оқыту мазмұны - байқаусыз қалады. Осындай жағдайда мұғалімнің басты міндеті балаға оқытылатын пәнді ұсыну және оны жаңа мазмұнға араластыру, қайта ашу болып табылады. Оқыту мазмұны мен оны таратушы, яғни мұғалім - баланың санасында бөліңу қажет. Егер ондай болмаған жағдайда оқыту материалында алға жылжу мүмкіндігі жойылады.

Мектеп өмірі баладан мінез - құлық ережелерін дәл орындауды, өз іс -әрекетін өз бетінше ұйымдастыра алуын талап етеді. Ересектердің талабы мен ережелеріне бағына алу қабілеті мектептегі оқуға ерік даярлығының басты көрсеткіші болып табылады.

Мектептегі оқыту интеллектуалдық дайындықты да қажет етеді. Бала өзінің мектепке дейінгі эгоцентризмін жеңіп, шындықтың әр түрлі жақтарын ажыратуы тиіс. Сондықтан да мектепке даярлықты анықтау үшін мөлшердің сақталуына арналған Ж. Пиаженің есептері пайдаланылады. Мысалы: сұйықты кең ыдыстан жіңішкеге кұю, арақашықтықтағы әр түрлі түймелер қатарын салыстыру т. б.

Бала заттардың жеке жақтарын, параметрлерін көре білуі қажет, осы жағдайда ғана пәндік оқытуға ауысуға болады.

Ол танымдық іс - әркеттің тәсілдерін меңгеруді шамалайды. Қабылдауда сенсорлық эталондарды, ойлау сферасында кейбір интеллектуалдық операцияларды меңгеру. Мектепке интеллектуалдық даярлықтың маңызды жағы ол баланың ақыл - ой белсенділігі мен танымдық қызығушылығы, яғни жаңа бірнәрсе білуге деген құмарлық, бақыланған құбылыстардың мәнін түсіну, ақыл - ой міндетін шешуге ұмтылу.

Баланың мектепке психологиялық дайындығын тексеру мақсатымен олардың окуга дайындық мүмкіндігі және даму дәрежесін анықтау жүргізеді.

Зерттеу жұмысын жеке балалармен немесе тұтас топпен де жүргізуге болады. Психологиялық зерттеудін мынадай шарттары бар. Баланың мектепке даярлығын мектепке дейінгі кеме психологы және балалар емханасындағы дәрігерлер анықтайды.

Балабақшаға бармайтын бала болса, онда оны жергілікті дәрігер анықтайды және баланың мектепке даярлық деңгейі медициналық психологиялық -физиологиялық шарттар бойынша анықталады.

Медициналық шарттарға мынапар жатады:

1. Анатомиялық - биологиялық даму деңгейі;

2. Тексеру кезіндегі науқастығы;

3. Өткен жылғы науқастығы, мектепке қажетті функциялар дамуының психо - физиологиялық шарттары, бала психикасының даму деңгейін көрсететін психологиялық тұрғыда құрылған танымдық сұрақтар болады.

Мысалы: Кейн - Йерасек сынағы және тіл дыбысты айту санасын анықтау жұмысы жүргізіледі. Баланың мектепке дайындығын анықтау жөніндегі дәрігерлердің жұмысы 2 кезеңнен тұрады және мектепке қажетті функциялардың дамуындағы кемшіліктерді түзетуге ерекше мән береді.

Баланың оқуға даярлығын терең зерттеу мектепке баратын жылдың алдында, қазан және қараша айларында өткізіледі. Ал медициналық жоспарлы түрде диспансерлік тексеруді бала - бақшада, балалар емханасында ларинголог, психоневролог, хирург, ортопед, тіс дәрігерлерінің бақылауынан өтеді. Балалардың алғашқы әр жақты медициналық психо - физиологиялық тексеру нәтижелері олардың дәрігерлік даму карталарына түсіріледі.

Денсаулығы нашар, әртүрлі ауытқуларға ұшыраған балаларға сауықтыру және емдеу шараларының комплексі белгіленеді. Мектептеп оқуға қажетті функциялары жете дамымай қалған кемістігі байқалған балалардың тіліндегі және колдың бұлшық ет қозғалысын дамыту үшін әртүрлі жаттығулармен шұғылдану шаралары ұсынылады. Мұндай емдеу сауықтыру шараларын балалар емханасының маман дәрігерлері жүзеге асырады.

Баланың дыбыстарды айтуындағы кемістіктерді жою сабақтарын да жүргізеді. Қолдың бұлшық ет қозғалысын дамытуға арналған сабақтар мен жаттығуларды психолог, бала тәрбиешісі немесе ата - аналары жүргізе алады. Атап айтқанда, сурет салуды тапсыру, құрастыру, конструкциялық ойындар, әртүрлі жазу емлелерін жазып үйретуге болады. Баланың белсенді сөздік қорын анықтау үшІн сынақтар да ұйымдастыруға болады.

Мектепке барар балаладың ақыл - ойы принципі оралымдылығын анықтау үшін авторлық әдістемелер.

Бүгінгі күнде мектепке окуға дайындық іс жүзінде жалпыға танымал көл компанентті білім бола отырып, ол кешенді психологиялық зерттеулерді талап етеді. Психологиялық дайындықтың құрамына мынадай компаненттерді жатқызуға болады:

1. Интеллектуалдық дайындық - баланың ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады.

2. Жеке тұлғалық дайындық - баланың мектепте оқу әрекетіне, ұстаздарға, өзіне қатынасын көрсетеді.

3. Әлеуметтік - психологиялық дайындық - баланың құрбылармен, мұғалімдермен қарым қатынасын, соның ішінде баланың коммуникативтік ерекшелігін көрсетеді.

Әр бір жас бүлдіршіннің мектепте оқуға даярлығында осы жоғарыда аталған 3 компанент басты рөл атқарады.

Сонымен, мектепке барар баланың дайындық деңгейін анықтау үшін қарастырылған әдістемелерді іс жүзінде пайдалану арқылы мектеп психлогі әр бала туралы жан - жақты түсінік алады. Мектепте баланың негізгі әрекеті оқу болғандықтан, оның бар ынта - жігерін, ерік - күшін оқуға бағыттау үшін оған қандай карым - катынас түрін пайдалану мәселесін шешуде бұл деректер психолог кызметіне ете қажет болып табылады.

6-7 жасар баланың мектепке психологиялық даярлық деңгейін анықтауға арналған әдістемелер қоры сан алуан. Қойылған мақсат ерекшелігіне байланысты тиімді әдістер мен тәсілдерді таңдау зерттеу жүргізетін маман іскерлігіне байланысты. Сондықтан, маман - психодиагностика баланың мектепке қабылданар алдындағы психологиялық даярлық деңгейін анықтауға қолданатын әдіс - тәсілдерді жиі өзгертіп, жаңалап отыруы тиіс. Осы ретте ескерілуі тиіс шарт тағы бір мәселе - анықтау шараларының мүмкіндігінше кешенді бағдарламалық сипат алуын қадағалау. Баланы мектептегі оқуға дайындаудың психологиялық бағыттары

Бүгінгі күнде «мектептегі оқуға дайындық» ұғымы комплексті және баланың барлық өмірінің сферасын қамтиды.

Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік ортасы өзгеріп және оқушының жаңа әлеуметтік рөлін меңгере бастайды.

Белгілі орыс психологтары А. Н. Леонтьев, А. В. Запорожец, А. А. Люблинская мектепке даярлау ұғымына баланың оқу тапсырмаларын түсінуін, әрекеттерді орындау тәсілдерін меңгеруін, ерік қасиеттерінің дамуын, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларын, мұғалімді тыңдау, материалды еске сақтау біліктілігін жатқызады.

Е. Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л. И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді.

Р. В. Овчарова тұжырымдамасында, мектептегі оқуға дайын бала өзінің әрекеттерін жоспарлап және бақылай алады, қоршаған дүниенің заңдылықтарын, заттардың жасырын қасиетін бағдарлайды, оларды өз әрекеттерінде қолдана алады, басқа адамды тыңдай біледі және логикалық ойлау тәсілдерін орындай алу біліктілігін жатқызады [3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Олигофренияның топтастырылуы
Балалардың психологиялық дамуының жеке дара ерекшеліктері
ПМПК олигофренопедагогының қызметі
Кіші мектеп жасындағы балалардың үлгермеушілігін түзеу
Логопедия ғылымы. Логопедия ғылымының пәні, зерттеу объектісі, мақсат-міндеттері
Бастауыш сынып оқушыларынң сөйлеу тілін дамыту жұмыстарының әдістемесі
Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы
ПДТ баланың жазудағы кеңістіктің бағдарлаудың рөлі
Психологтың мектепке даярлық тобымен жүргізетін жұмысы туралы
Мектепте оқуға психологиялық дайындық жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz