Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І - бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары

1. 1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары . . . 7

1. 2. Музыка - оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен

міндеттері . . . 9

1. 3. Оқу іс - әрекетінің тәрбиелік маңызы . . . 12

1. 4. Оқу іс - әрекеті қызмет түрлерінің өзара байланысы . . . 14

1. 5. Музыкалық тәрбие берудегі музыка жетекшісінің ролі . . . 23

1. 6. Тәрбиешінің іс - әрекеті . . . 26

ІІ - бөлім. Ұйымдастырылған іс - әрекеттің технологиялық картасы . . . 29

Қорытынды . . . 46

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 48

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Мәдениетті, ұлтшыл адам тәрбиелеуге өте үлкен екі күш ерекше ықпал жасайды, ол - өнер мен білім.

Ұлттық музыкамызды құрметтеп, оны түсінуге баулу, ұлттық салт - дәстүрімізді үйрету және сонымен қатар музыка тілі туралы түсінік беру.

Балаларды әсемдік әлеміне жақындатып, өнерге баулитын кезең балабақша. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының дамуына жәрдемдеседі.

Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім - тәрбие беру арқылы ғана ұлттық болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алады.

Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең ауқымды «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген мақал тегін айтылмағаны жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі - оқу - біліммен өнегелі тәрбиемен өлшенеді.

Бала болашағы - бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір - асыл мұрат.

Әр отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата - анасының ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып, жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу бір ғана ата - ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.

Бүгінде еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер, жазушылар, ақындар, қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай - талай мамандық иелері шығуы әбден ықтимал.

Сол тәрбиенің бір саласы музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық эстетикалық тәрбие денегіміз - сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету, сондай сұлулық пен көркемдікті тек көріп қана қоймай өз бойына қалыптастыра білудің әдет - дағдыларын меңгеру.

Зерттеудің мақсаты: эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, сондай - ақ сұлулықты тек көріп қана қоймай өз бойына сіңіре білуді әдет - дағдыларына айналдыру. Осы маңызды мақсатты орындау үшін баланың жалпы музыкалық қабілетін дамыту керек.

Зерттеу міндеттері:

1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық - ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад - биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.

7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек.

Проблема . Бүгінгі таң ХХІ ғасырдың көш басы, бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Осы кезеңде де бала тәрбиесі бір сәтте назарда тыс қалмауы тиіс. Біз қаншама дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, Бала - Ұрпақ - Өркен деген ұғым өз деңгейінде болуы тиіс. Бүгінгі күннің алға қояр мақсаты - жан - жақты бала тәрбиесі. Ал, бала тәрбиесіне қазір үкімет тарапынан тиісті қамқорлық қайта қарала бастады. Мектепке дейінгі мекемелердің біразы қайта ашылып және оған деген сұраныстар көбеюде. Бұл қоғамымыздың тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі нарық кезеңінің қиындығынан өтіп, өз - өзіне келіп, адамдардың әлеуметтік жағдайы жақсара бастағынының белгісі. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде уақыт талабына сай жұмыс атқаруға, ұлттық негізде тәрбиелеу мәселесі қолға алынуға талпыныс сезіледі. Алыс аудандар мен ауылдарға жетпей жататын әдістемелік оқу - құралдары мен бағдарламалары көбірек шығарылып, барлық мектепке дейінгі мекемелерге жетсе екен. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз заманына сай тәлімді тәрбие алуы үшін, осы мәселелерге баса назар аударылғанын қалаймыз. Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ баласының болашағы бізді көп толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің болашағы, ертеңі - ол бүгінгі өсіп келе жатқан бала екені бәрімізге белгілі. Осы балалардың дұрыс тәрбие алуы білікті мамандарға, тәрбиешілерге тікелей байланысты. Тәрбиеші деген үлкен ұғым, сол ұғым өз деңгейінде болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.

Зерттеу болжамы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны әртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз. Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы мәдениетінің алғашқы түп негіздерін қалайды.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары.

Зерттеудің ғылыми - практикалық маңызы. Баланың дамуына педагогикалық процестің басты роль атқаратындығы дәлелденді. Бұл жұмысты оқығандар зерттеуден өздеріне қажетті мағлұматтар ала алады. Сондай - ақ мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне де пайдалы болмақ.

І - бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу

іс - әрекетін ұйымдастыру жолдары

1. 1. Музыкалық қызметті ұйымдастырудың формалары

Мектеп жасына дейінгі педагогиканың теориясы мен практикасы музыкалық қызметті ұйымдастырудың мынадай формаларын айқындап береді: сабақ, музыканы мерекелер мен ойын - сауықта, дербес және басқа қызметтерде пайдалану.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті. Музыка ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті - белгілі бір жастағы балалардың бәрі бір мезгілде қатысатын оқу процесінің формасы. Олар ұжым болып ән айтады, ойнайды, билейді. Бәрі бірдей тебіреніс - толғанысқа бөленіп, ортақ іс атқаруға талаптанған балалар әрқайсысының ісінің сәттілігі мен сәтсіздігін - бүкіл ұжым ісінің сәттілігі мен сәтсіздігі деп біледі. Бұл, сөз жоқ, балалардың музыкалық қызметін ұйымдастырудың тиімдірек формасы болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке басының жетілуіне дәйекті әдістемелік тәсілдерді қолдану, бүкіл ұжымға ортақтандыру арқылы ықпал жасайды. Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы - құрдастарының үлгілі істері пайдаланылады.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық, әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс - әрекеттерде не жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай әзірлену керектігіне т. б. оқу іс - әрекетінің қай - қайсысы болса да өткен және алда жүргізілетін оқу іс - әрекетімен байланысты болуы тиіс. Оқу процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады: жаңа материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған білімдерді тиянақтау.

Іс - әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды, музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы қарым - қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды бірте - бірте күрделендіріп, әдістемелік әдістерді түрлендіре отырып, оқу іс - әрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым және өздігінен қызмет істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.

Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес оқу іс - әрекет формасын қолдана алады. Кейде бала оқу іс - әрекетке ұзақ уақыт қатыспағандықтан өзін қалай ұстауын ұмытып, қысылады, ұжымдық қимыл - ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы оқу іс - әрекеттен кейін қысқа уақыттық жеке оқу іс - әрекеттер (2 - 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3 - 4 рет сабақ өткізгеннен кейін ол ұжымда белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.

Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне, кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан «жасырын» үйретуіне т. б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен сабақтар өткізілуі мүмкін.

Шағын топтармен және жекелей оқу іс - әрекеттер өткізу сирек кездеседі, олар қажеттілік туғанда және бұған тиісті жағдай болғанда ғана өткізіледі.

1. 2. Музыка - оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың мақсаты мен

міндеттері

Мектепке дейінгі мекемелердегі оқу іс - әрекеті жұмысының нәтижесі мен сапасын көтеру мәселесі - бүгінгі таңда алдыңғы қатарда тұрған маңызды істердің бірі.

Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында да түбегейлі өзгерістер мен жаңалықтар енгізіліп, оқыту мүмкіндіктері туды. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы - осының айғағы.

Мектепке дейінгі мекемеде оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың түбегейлі мақсат - міндеттерін жүзеге асыруда музыка пәнінің де алатын орны ерекше. Балалардың эстетикалық талғамын, рухани байлығын, әсемдігін, терең сезімін, музыкалық сауатын қалыптастыруды шығармаларды тыңдау, музыканы айту, тыңдау арқылы жүзеге асыру үшін музыка жетекшісі мен тәрбиешінің алдына көптеген міндеттер жүктейді.

Мектепке дейінгі топтарда музыка оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың басты міндеті және мақсаты - балаларды музыкалық тәрбиеде түрлі көрнекілік іс - әрекеттерге қатыстыра отырып, балалар жүрегіне халық дәстүрінің рухына толы, оны қабылдай алатын біртұтас көркемдік - эстетикалық мүмкіндіктер туғызу.

Балалар музыка сабағынан өзін қоршаған дүниенің әдемілігі мен сұлулығын өнермен үйлесімді сезінуге тиіс болса, музыка жетекшісі осыларға сәйкес музыкалық шығармалардың терең педагогикалық дәстүрін таныта білетін тәрбиенің әдістемелік көздерін табуы қажет.

Өзін қоршаған өмір мен мектепке дейінгі мекемедегі музыка сабағын тығыз байланыстыра ұстау, оқу - тәрбие жүйесіндегі басты және негізгі міндет болуы керек. Өйткені, өзімізді қоршаған табиғат, күнделікті еңбек, халықтың материалдық - рухани мәдениеті (халықтың қолданбалы өнері, зергерлік, үй тұрмыс бұйымдары), халық ауыз әдебиеті, ойын сауық, салт - дәстүр, т. б. музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің басты мақсаты болып табылады.

Мектепке дейінгі мекемедегі тәрбиенің негізгі міндеті - баланы жан - жақты әрі үйлесімді дамыту. Музыканың атқаратын міндеті де осы.

Осы тарауда баяндалған барлық қағидалар мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық тәрбиенің міндеттерін айқындап беруге мүмкіндік туғызады, бұл қағидалар баланың жеке басын жан - жақты және үйлесімді тәрбиелеудің жалпы мақсатына бағындырылып, музыкалық өнердің өзгешелігі мен мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп құрылады:

1. Музыкаға деген сүйіспеншілік пен құштарлықты тәрбиелеу. Бұл міндет баланың естіген шығармаларының мазмұнын тереңірек сезіп, түсінуіне көмектесетін музыкалық қабылдағыштығын, музыканы есте ұстау қабілетін дамыту жолымен шешіледі. Музыканың тәрбиелік ықпалы жүзеге асырылады.

2. Балаларды алуан түрлі музыкалық шығармалармен таныстырып, олардың музыкалық әсерлерін байыта беру керек.

3. Балаларды музыканың ең қарапайым ұғымдарымен таныстыру, музыка тыңдау, ән айту, музыкалық - ырғақ қимыл, балалардың музыкалық аспаптарда ойнау саласындағы дағдыларын дамыту қажет.

4. Эмоциялық әсер алғыштығын, сенсорлық қабілеттері мен лад - биік дыбыстарды айыра білуін, ырғақ сезуін жетілдіріп, әншілік дауыс пен қимылдарын әрлендіре түсу керек.

5. Ән айтудың қарапайым түріне және қимыл әдістеріне үйрете беру, бұл істе музыкалық шығармалардың табиғи және әсерлі орындалуын қадағалау керек.

6. Алған әсерлері мен музыка жөніндегі ұғымдары негізінде музыкалық талғамы пайда болған балалардың алғаш көрінуіне жәрдемдесу керек, ол үшін алдымен олардың музыкалық шығармаларды таңдауына, содан соң бағалай білуіне көмектескен жөн.

7. Музыканың балаларға түсінікті барлық түрлерінде: ойындар мен хороводтарда характерлік образдарды беруде; үйренген би қимылдарын өздері тапқан жаңа үйлесімдерге пайдалануда; ойдан шығарған шағын әндер мен қайырымдарды айтуда шығармашылық белсенділікті дамыта беру керек. Сонда дербес, үйренген репертуарды күнделікті өмірде қолдануға деген инициатива мен талпыныс, музыкалық аспаптарда ойнауға, ән салып, би билеуге деген құлшыныс қалыптасады.

Музыка пәні мұғалімі осы ұсынылып отырған мақсаттар мен міндеттерді барлық сыныптардағы музыка сабағында жүзеге асыруда өз шеберліктері мен әдістерін, музыкалық білімін үнемі ізденіспен толықтыра отырып қолдануы керек.

1. 3. Оқу іс - әрекетінің тәрбиелік маңызы

Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы - оның барысында әрбір балаға жүйелі мақсатты және жан - жақты тәрбие беретін және олардың музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық оқу іс - әрекеттері.

Оқу іс - әрекетін түсіндіру қызметтің сан алуан түрін (ән салу, ритмика, музыка тыңдау, балалар музыка аспаптарында ойнау, музыка сауатының элементтерімен танысу) қамтиды, соның нәтижесінде балалардың музыкалық қабілеттерінің жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқу іс - әрекеті баланың жеке басының көптеген жақсы қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайды. Ол балаларды қуаныш, эстетикалық толғаныс үстінде біріктіреді, жұмыла әрекет етуге баулиды, тәртіп мәдениетіне үйретеді, байыпты көзқарасты, ой еңбегін, инициатива мен шығармашылықты талап етеді. Сонмен қатар оқу іс - әрекеті балаларды ұйымдастырудың басқа да формаларына әсерін тигізетіні сөзсіз. Балалардың оқу іс - әрекеті барысында алған білімі, іскерлігі, дағдысы негізінде олардың дербес музыкалық қызметі белсенді де әсерлі болады. Егер балалар оқу іс - әрекетінде үйретілген әндерін, билерін, хороводтарын бейнелі және қысылмай орындаса, мерекелік салтанаттар, ойын - сауықтар тартымды, қызғылықты өтеді.

Музыкалық оқу іс - әрекеттері барлық топтармен бір мезгілде өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен оқу іс - әрекеті әуелі шағын топпен 10 - 12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі. Екінші топтан бастап және мектепке дейінгі мекеменің одан кейінгі топтарының барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.

Оқу іс - әрекетінің мазмұны өлең айтуға үйрету, музыка тыңдау, ритмика сауатының элементтерін, балалар музыка аспаптарында ойнауды қамтиды. Қызметтің бұл түрлерінен қамтылған білімдер бағдарламада және мектепке дейінгі мекемедегі әр түрлі жастағы балдырғандарға музыкалық тәрбие беру міндеттерімен белгіленген.

Оқу іс - әрекеттерінің мазмұнын ашатын кейбір жалпы мәселелерге тоқталайық.

Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде, басқа да оқу іс - әрекеттері сияқты жалпы тәрбие беру жұмыстары жүзеге асырылады, арнайы қабілеттер дамытылады, оқу материалына шығармашылық, инициативалық қатынас қалыптасады. Меңгерілген дағдының сапасына деген талап топтан - топқа өткен сайын күрделілене және жоғарылай түседі.

Айрықша айта кететін жай әдеттегі сурет, қол еңбегі, есеп сабақтарына қарағанда музыка сабағында балаларды біртіндеп музыка қызметінің бірнеше түріне (ән салу, қозғалыс және тағы басқа) үйрету қатарынан жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабағы да балалардың әр түрлі дене қимылы қызметін - гимнастика түрінде жаттығуды, ойындардың қайта құрылуын қамтиды, бірақ олардың барлығы тек қимылды дамытуға бағытталған.

Оқу іс - әрекетін қайта құрудың қиындығы сол, жетекші әр түрлі тақырыптағы, көңіл күйдегі шығармалар орындалып жатқанда балалардың көңіл көтеріңкілігін бәсеңдетіп алмай, муызка қызметінің бір түрінен екіншісіне іскерлілікпен аударуы керек.

Ендігі бір қиындық - оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізу: алғашқы танысу, оқу процесіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау кезеңдері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, қолға алынған үш әннің біреуі жақсы меңгеріледі және нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет тыңдаладығ ал үшіншісі жаңадан жатталады. Ритмикаға үйрету процесі де осыған ұқсас - балалар жаңа бидің жеке элементтерін меңгереді, ал таныс музыкалық ырғақтарды қайталайды.

1. 4. Оқу іс - әрекеті қызмет түрлерінің өзара байланысы

Ақыл - ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік тазалық пен өмірге деген эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру - әр тарапты сомдалған жеке адамды қалыптастырудың қажетті шарты. Балаларға музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мәртебелі міндетке жету ісіне көмектеседі.

Музыка - балаға эстетикалық тәрбие беру құралы. Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталады.

Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі - музыка. Музыка осы маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту керек. ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?

Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі - музыкалық шығарманың сипатын (характерін) сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.

Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір құбылыстарымен таныстырады, оларды бір - бірімен салыстырған ой (ассоциациялар) туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл күйін қуанышты, көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған қуыршақ жайындағы пьеса мұңайтады, жабырқатады. Бір баланың ересек адамның радио арқылы орындап тұрған мұңды әнін естігенде: «Ағай өз қайғысы жайында ән айтып тұр» дегені бар. Демек, ол адамның ішкі тебіреністерін бейнелеген әннің сарынын сезген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Мектепке дейінгі балалрдың іс-әрекет түрлері
Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық формаларын ұйымдастыру
Музыка ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұны, құрылымы жоспарлау мен өткізу жолдары
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ
Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану материалдарын балаларға тиянақты меңгерту жолдары
Балалар музыкалық аспаптарын ойнау жолдарын ұғыну
5-6 ЖАСАР БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ БАУЛУДА ДАМЫТУШЫ ЗАТТЫҚ ОРТАНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мектепке дейінгі ұйымдардың күнделікті өміріндегі музыка және оны пайдалану жолдары
Көпмәдениетті тәрбиенің түйінді мақсаттары көпсатылы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz