Мейрамханалардағы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мейрамханалардағы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар

Орындаған: Орақова Айсәуле
Тексерген:

Орал, 2016ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Техникалық қауіпсіздік негіздері және өртке қарсы шаралар
1.1 Өрт сөндiру кезіндегі
әрекеттер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
1.2 Арнайы, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.Мейрамханадағы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар
2.1 Өрт сөндіру құралдарын
таңдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6
2.3 Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника
қауіпсіздігі ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27
Әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Кіріспе
Мейрамхана – күрделі дайындалатын көп ассортиментті, арнайы тапсырыс
пен фирмалық тағамдар, арақ – шарап, темекі және кондитер өнімдері мен
демалу, қызмет көрсету деңгейі өзара үйлескен қоғамдық тамақтану
кәсіпорыны. Мейрамханалар орталық, ірі көшелерде, темір жол мен
автобекеттерде, фэропорттарда, су жағалауында, демалыс үйлерінде,
қонақүйлерде, мотельдерде, көпшілік демалатын орындарда: саябақтарда,
бақтарда, сонымен қатар алаңдарда, қала шетінде, орталық кешендерде, тарихи
және архитектуралық ескерткіштер орналасқан аймақтарда салынады. Кейбір
мейрамханалар бір жанұяға арналған тағам дайындайды, оларға қызмет
көрсетеді. Бұл қызмет көрсетудің түрі балалардың санын есептеп, арнайы меню
жасауды талап етеді, сонымен қатар тағамдардың бағасы жоғары болмау керек.
Зерттеу өзектілігі. Мейрамхана адамдардың көп болатын объекттерге
жатады. Практикада жүзеге асырылатын өртке қарсы шараларының жүйесі, әр-
түрлі нормативті құжаттармен ұсынылатын, болашақта жетілдірілу керек,
әсіресе жоспарлаудың жаңа түрлерімен және жаңа құрылыс материалдардың пайда
болуымен байланысты.
Мейрамханалардағы өрттер, күрделі және ірі болып табылады, үлкен
еңбекпен жойылады, адамның денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Осындай өрттерді сөндірудегі ұйымдастырушы техникалық дайындық өртке қарсы
қызмет гарнизондардың басты шарттардың бірі болып табылады. Қазіргі
мейрамханалар құрылысы кезінде көлемді қолдануды қазіргі құрылыс
материалдары алады, олар жану кезінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіп
төндіретін токсикалық заттарды шығыры алады. Күнделікті адамдардың көптеп
жиналатын орындардың бірі мейрамхана нысандары өрт сөндіру қызметі
қызметкерлерінің ерекше бақылауында, сондықтан да мейрамхана әкімшілігінен
дұрыс өрт сөндіргіштің барлығын ғана емес, сондай-ақ басқа да маңызды
талаптарды сақтауды талап етеді.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – мейрамханада өрт сөндіру және
адамдарды құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша іс-шаралар ұйымдастырып,
жобалап, күш пен құралдарды енгізу жоспарын дайындау. Сонымен қатар
мейрамхананың қауіпсіздік деңгейін нығайту.
Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:
- Мейрамхананың қауіпсіздігін нығайту шараларын қарастыру;
- Мейрамханадағы өртке қарсы шаралар туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. Техникалық қауіпсіздік негіздері және өртке қарсы шаралар
1.1 Өрт сөндiру кезіндегі әрекеттер
Өрттi сөндiру кезiнде:
✓ көмектi қажет ететiн адамдардың көп болуы және олардың
арасында үрейдiң тууы;
✓ бөлмелердің күрделi жобалануы;
✓ құрылымдардың қуыстары, арналары, пневмотранспорт жүйелерi
және желдеткіш бойымен, терезе қуыстары, лоджиялар, балкондар
арқылы, жанатын материалдар бойымен, тiк, сондай-ақ көлбеу
бағыттағы технологиялық құралдар арқылы оттың таралуы;
✓ температураның тез өсуi және ашық саңылаулар бағытымен жылу
ағыстарының ауысуы;
✓ заттар мен материалдың ыстықтан бұзылуы нәтижесiнде газды және
булы ауаның пайда болуы;
✓ түтiннiң, улы өнiмдердiң бөлiнуi және олардың тез таралуы;
✓ электр кернеуiнде тұрған жабдықтардың болуы;
✓ Күшті әсер ететін улы заттардың (бұдан әрі - КӘУЗ), жарылғыш,
радиоактивтік заттар мен материалдардың, бактериологиялық
жұқтыру болуы;
✓ қысымда тұрған баллондардың, ыдыстардың, аппараттардың
қопарылыстары;
✓ ғимараттардың, құрылыстың, технологиялық жабдықтардың
құрылымдық элементтерiнiң деформациясы және құлауы;
✓ ғимараттарда материалдық, ғылыми және басқа да құндылықтардың
көп мөлшерде болуы мүмкін.
Өрттегi жануды тоқтатудың негiзгi тәсiлдерi:
✓ от сөндiргiш заттармен жаныш материалдарды немесе
тотықтырғышты (ауаны) суыту;
✓ жану аймағын от сөндiргiш заттармен салқындату немесе жанғыш
заттарды араластыру;
✓ жанғыш материалдарды жану аймағына немесе тотықтырғыштан от
сөндiргiш заттармен және (немесе) басқа құралдармен аулақтау;
✓ от сөндiргiш заттармен жану реакциясын химиялық тежеу болып
табылады.
Берiлетiн от сөндiргiш заттарды таңдау жанғыштың физика-химиялық
қасиетiне, қойылған жауынгерлiк тапсырмаға, қолданылатын жануды тоқтатудың
тәсiлiмен және басқа да жағдайлармен анықталады.
Жауынгерлiк тапсырманы орындау үшiн берiлетiн керектi от сөндiргiш
заттардың мөлшерi мен тұтынуына өрттiң өршуi мен оны сөндiрудi
ұйымдастырудың ерекшелiгi, өртке қарсы қызмет бөлiмдерiнiң тактикалық
мүмкiндiгi, қолданылатын өрт техникасының тактика-техникалық сипаттамасы
және қазiргi белгiленген нормативтер мен ұсыныстардың анықталған оны
берудiң қажеттi қарқыны, сондай-ақ өрттi сөндiрудiң практикалық
тәжiрибесiнiң негiзi себебі болады.
Егерде жауынгерлiк тапсырманы табысты орындау үшiн от сөндiргiш заттар
жеткiлiксiз болса, онда оны өрт орнына жеткiзу ұйымдастырылады, оның iшiнде
су айдау арқылы, өрт автомобилдерімен және өрт сөндiруге бейiмделген
техникамен тасу, өрт сөндiргiш заттарды тасымалдаудың басқа да тәсiлi мен
амалы пайдалынады.
Өрттi сөндiру екi:
✓ жануды тоқтату;
✓ жануды жою сатысынан тұрады.
Өртте жануды тоқтатуға:
✓ күштер мен құралдардың керектi санын iс-қимылға дер кезiнде
жұмылдыру және енгiзу;
✓ оқпаншылардың шебіне тез енуi және олардың табысты әрекетi;
✓ өртке қарсы ажырауды жасау;
✓ от сөндiру заттарын үздiксiз беру жатады.
Өртте жануды жоюға:
✓ жануды тоқтату кезеңiнде еңгiзiлген күштер мен құралдардың
отқа шешушi шабуылы;
✓ оқпанмен ептi маневрлеу;
✓ өрт көлемiнiң iшiне оны жою арқылы ену;
✓ от сөндiргiш заттардың жануын тоқтатуға берiлген мөлшер
көлемiнде беру жатады.
Жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты адамдарға қауiп төнген, жарылыс
қаупi бар, оттың ең қарқынды таралу бағыты және осы мезгiлде ондағы жұмыс
өрттi табысты сөндiрудi қамтамасыз ету болып табылады. Күштер мен
құралдарды шешушi бағытта жұмылдырғаннан кейiн күштер мен құралдар басқа
бағыттарда да iске қосылады.
Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдың шешушi бағыты:
✓ ӨҚФ-ң адам өмiрiне қауiп төндiрген және оқпандарды
енгiзбейiнше оларды құтқару мүмкiн емес кезде - күштер мен
құралдар құтқару жұмыстарын қамтамасыз ету үшiн шоғырландыру;
✓ жарылу қаупi туындағанда – бөлiм әрекетi жарылысты болдырмауды
қамтамасыз ететiн жерлерге күштер мен құралдар шоғырландыру мен
енгiзу;
✓ жану объектiнiң бiр бөлiгiн қамтыған және ол оның басқа
бөлiктерiне немесе көршi құрылысқа тарағанда - оттың одан әрi
тарауы айрықша зиян келтiруi мүмкiн учаскелерге күштер мен
құралдар шоғырландыру мен енгiзу;
✓ жану оқшау тұрған ғимаратты (құрылысты) қамтыған және оттың
көршi объектiлерге таралу қаупi жоқ кезде - негiзгi күштер мен
құралдар ең қарқынды жанып жатқан жерлерге шоғырландыру мен
енгiзу;
✓ жану айтарлықтай құндылығы жоқ ғимаратты қамтып, жақын тұрған
объектiге қауiп төндiргенде - негiзгi күштер мен құралдар
жанбаған ғимарат (құрылыс) жағынан шоғырландыру мен енгiзу
принциптерімен анықталады.
Өрттi шектеуге келген күштер мен құралдар жетiспеген кезде,
жауынгерлiк тапсырманы қысқа уақытта орындау үшiн қосымша жеткiлiктi
көлемде өртке қарсы қызметінің күштері мен құралдарын, сондай-ақ
мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді, халықты, әскери бөлiмдердi және
iшкi iстер органдары бөлiмдерiн шақыру қажет. Бұл жағдайда қосымша күштер
мен құралдар келгенше бiрiншi өрт бөлiмдерi өрттiң дамуын тоқтатудың
шаралар қолдануға тиiсті.
Жанып жатқан және онымен көршiлес бөлмелерде түтiннiң, жоғары
температураның, газдың болуы өрттi шектеу және жою жөнiндегi жұмыстарының
қарқынын бәсеңдетпеуге тиiсті, ол үшiн өртті сөндіру бойынша жұмыстарды бір
мезгілде жүргізу қажет және көбiктi немесе шашыранды ағысты беру арқылы
түтінді шығару шараларын қолдану керек.
Тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіру бойынша жұмыстар ТОЖҚҚ
жүргізіледі, түтінсорғыштар мен жарықтандыру құралдары пайдаланылады.
Қарауыл (бөлiмше) өзi тұрған жауынгерлiк учаскеден тек өрт сөндіру
жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) немесе жауынгерлiк учаске бастығының (ЖУБ)
рұқсатымен ғана, сондай-ақ ӨСЖ,, өрттегі жедел штаб бастығымен (бұдан әрі
–ШБ) немесе ЖУБ байланысу мүмкін болмаса, жеке құрамға айқын қауіп төнген
жвағдайда бұл жөнінде кейін ӨСЖ, ШБ немесе ЖУБ хабарлап, сол жерден
өздігінен кете алады.
Өрт сөндiру үшiн тиiмдi от сөндiрушi заттарды (көбiктi, ұнтақтарды,
ерiтiндi суларды және басқаларды) пайдалану керек және бiрiншi кезекте iшкi
өртке қарсы су жүйелерiн, өрт сөндiрудiң тұрақты қондырғыларын iске қосу
қажет.
Бiрiншi автоцистерна, қағида бойынша өрт орнына жақын қойылып, оқпаны
шешушi бағыттарға берiледi, ал келесi автоцистерналар (автосорғыштар) жақын
су көздерiне орнатылып, өрт орнына магистралдық желiлер тартылады.
Автоцистернадағы су таусылғаннан кейiн, оқпан су көзiне орнатылған өрт
автокөлiгiнен тартылған магистралдық желiнiң тарамына жалғанады.
Өршiген өрттi сөндiруге А оқпаны және лафеттi оқпандар берiледi,
өрттiң басылуына қарай кiшi көлемдi оқпандарға ауыстырылады.
Ғимараттардың құрылымдарындағы қуыстар мен желдеткiш арналардағы
жануға А су оқпандары және көбiк оқпандары берiледi, жайдың жанғыш
құрылымын бөлшектеу ұйымдастырылады.
Жанған жерлерге су төгу үшiн Б оқпаны берiледi, iшкi өрт крандары
пайдаланылады.
Құю арқылы су берген кезде қажеттi өрт автомобилдерінің санын, жең
желiлерiн тартудың тәсiлдерi мен жолдары анықталады.
Жең желiлерiн тарту үшiн бiрiншi кезекте жең өрт автокөлiктерi мен жең
катушкалары пайдаланылады.
Тым барынша қуатты сорғышы бар өрт автомобилі су көзiне орнатылады да
одан өрт орнына магистральдық жең желiлерi тартылады, ал қуаты аз насосы
бар өрт автокөлiгi өрт орнына жақын орналастырылып, одан бiр мезгiлде су
көзiне және өрт орнына жең желiлерi тартылады.
Жанған жайды көбiкпен толтыру кезiнде ӨСЖ:
✓ көбiкпен толтырылуға тиiстi бөлменің көлемiн;
✓ көбiктiң ағуына кедергi келтiретiн ұстағышты орнатудың орнын;
✓ қажеттi көбiктендiргiштiң, көбiк оқпандарының санын және
олардың орнатылатын орындарын;
✓ белгiленген бағытта көбiктiң ағуына жағдай жасайтын өрт түтiн
сорғыштардың орындарын анықтауы қажет.
Бөлмеге көбiк берген кезде:
✓ көбiк оқпандарын жану деңгейiнен жоғары орнату;
✓ түтiн сорғыштарды және басқа желдеткiш агрегаттарды көбiк
оқпандары орнатылған жерден қарсы жаққа орналастыру және жану
өнiмдерiнен қашық жерде жұмыс iстеу;
✓ бөлмені көбiкпен толтырғаннан кейiн жағдайды анықтауға және
қалған жану ошақтарын жою үшiн газ-түтiннен қорғаушылардың
буынын (бөлiмшесiн) дер кезінде жiберу қажет.
Судың шамадан тыс төгiлуiн болдырмау үшiн:
✓ оқпан жапқыштарды, шашу оқпандарын қолдану;
✓ резеңкiленген өрт жеңдерiн;
✓ көбiктi, ұнтақтарды, ерiтiндiлi суларды қолдану;
✓ оқпандардың жұмысын дер кезiнде тоқтату немесе оларды сыртқа
шығару қажет.
Адамдарға және малдарға қауiп төнбегенде, өрттiң өршуi шектелгенде
және өртті жоюды қолда бар күштермен және құралдармен қамтамасыз ету
мүмкiн болғанда өрт шектелінді деп есептелiнедi.
Жану тоқтағанда және қайта жануды болдырмау шаралары қолданылғанда өрт
жойылды деп есептелiнедi.
Жанудың қайта дамуының алдын алу шаралары жануды жойған орынды
қадағалау кезінде жүргізіледі және жанған құрылымдарды бақылау ретінде
талдау, сондай-ақ қажет болған жағдайда, өртті жою ошағын салқындату
мақсатында жанған орынға су құю жұмыстарын жүргізуді қамтиды.
1.2 Арнайы, авариялық-құтқару және басқа да шұғыл
жұмыстарды орындау
Арнайы жұмыстар – арнайы техникалық құралдарды және (немесе)
тәсiлдердi пайдаланып, жауынгерлiк тапсырманы орындауға бағытталған жеке
құрамның iс-қимылдары.
Арнайы жұмыстарға:
✓ өрт байланысын ұйымдастыру (бұдан әрi - байланыс);
✓ шақыру орынына (өртке) жарық беру;
✓ құрылымдарды ашу мен бөлшектеу;
✓ биiкке көтерiлу (төмен түсу);
✓ қорғау шараларын орындау;
✓ зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету;
✓ техникалық құралдардың жұмыс iстеуiн қалпына келтiру жатады.
Өрттегi байланыс бөлімшелерді басқаруды, олардың өзара iс-қимыл
жасауын және ақпарат алысуды қамтамасыз ету үшiн ұйымдастырылады.
Басқару байланысы ӨСЖ мен жедел өрт сөндiру штабы, Өрттегі тыл бастығы
(бұдан әрі - ТБ), ЖУБ-тары және қажет болған жағдайда өрт сөндіру және
авариялық-құтқару автомобилдері арасында орнатылады. Өрттегi байланыс өрт
бөлiмдерiн басқару мен олардан өрттегi жағдайды бiлудi қамтамасыз етедi.
Өзара іс-қимыл байланысын ЖУБ-тары арасында орнатылады және
жауынгерлік учаскелер арасындағы іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Өзара іс-қимыл байланысы үшін радиостанциялар, телефон аппараттары,
сөйлесу қондырғылары, мегафондар, дауыстап шығарушы жабдықтар,
байланысшылар (Б) және өзге де техникалық құралдар пайдаланылады.
Ақпарат байланысы ӨСЖ, өрт сөндіру жедел штабы және КҚЖБО (ББП)
арасында радиостанциялар мен телефон арқылы орнатылады.
Бұл байланыс КҚЖБО (БКДҚ) немесе ББП және бөлімшелер арасында өрттегі
жағдай мен оны сөндіру барысы, қосымша күштер мен құралдарды шақыру туралы
өзара ақпараттар, сондай-ақ ӨСЖ талаптарын су өткізу, газ авариялық,
энергетикалық, медициналық және өзге қызметтерге жеткізуді қамтамасыз етуге
тиісті.
Өртте радиобайланыс құралдарын пайдаланған кезде ӨСЖ барлық
абоненттердің радио алмасу ережесін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті.
Қатты түтiндеген және көруге мүмкiншiлiк жоқ болған жағдайда ӨСЖ
нұсқауымен жарық көздерiн орнату жүзеге асырылады.
Шақыру (өрт) орнына жарықтандыру үшiн өртке қарсы қызметiнiң
қаруларының арнайы өрт автокөлiктерiнiң жарық беру жабдықтарын, содай-ақ
осы мақсатқа арналған басқа штаттық құралдарын пайдаланады.
Шақыру (өрт) орнында ӨСЖ нұсқауымен шаруашылық жүргізу объектiсінiң
жарық беру жабдықтарын қосымша қолдануға болады.
Өртте жарық беру құралдарын орнату төмендегi ережелердi басшылыққа ала
отырып жүргiзу қажет:
✓ бiрiншi кезекте адамдарды құтқару жолдары жарықтандырылады;
✓ жарылыс қаупi бар бөлмелерге сырттан терезе арқылы
жарықтандырылады, бұл бөлмелерге прожекторларды алып кiру,
оларда жану жағдайы болғанда ғана рұқсат етiледi;
✓ қатты түтiндеген, көлемi үлкен бөлмелерге қуатты прожекторлар
қойылады, жекелеген жағдайларда олар осы бөлмелерде жұмыс
iстеушiлер үшiн бағдар ретiнде орнатылады;
✓ прожекторлар, жалғастырушы муфталар, штепсельдiк ажыратқыштар,
жалғастырушы қорапшылар және басқа кабельдердi қосушы құралдар
оларға су тимейтiн, сондай-ақ құлайтын құрылымдардан зақымдану
қаупi жоқ жерлерге орналастырылады.
Ғимараттардың (құрылыстардың) құрылымдарын ашу мен бөлшектеу:
✓ адамдарды құтқару үшiн тиістi жағдай жасау;
✓ құнды мүлiктердi құтқару;
✓ жанудың жасырын ошақтарын табу;
✓ от сөндiргiш заттарды жану аймағына беру және барынша тиiмдi
пайдалану;
✓ оттың таралуын шектеу үшiн отқа қарсы ажырату орнын дайындау;
✓ түтiн мен газдарды шығару;
✓ құлау қаупiн болдырмау;
✓ оқпандарды беру үшiн ғимараттың iшiне немесе өрт ошағына өту
мақсатында жүргiзiледi.
Ғимараттардың құрылымдарын ашу мен бөлшектеу ӨТЖ-ды қолдана отырып,
белгiленген жұмыстарды толық орындау үшiн қажеттi шеңберде жүргiзiледi.
Жанудың жасырын ошақтарын табу, түтiндi шығару және от сөндiргiш
заттарды қолдану үшiн өрт сөндiру құралдары ашылатын орынға шоғырланып iс-
қимылға әзiр болғаннан кейiн құрылымдар ашылады.
Өрттiң таралуына тосқауыл қою мақсатымен өртке қарсы ажырату орнын
құру жөнiндегi жұмыстар от ажырату орнына жеткенге дейiн аяқталуы керек.
Ғимараттың құрылымын ашу және бөлшектеу кезiнде құрылымның көтеру
қабiлеттiлiгiн бәсеңдетпеу және олардың құлауына жол бермеу, жылу жүретiн
және газ жүретiн магистралдарды, сондай-ақ электр жүйелерi мен электр
қондырғыларын зақымдамау үшiн қажеттi барлық шараларды қолдану керек.
Құрылымдарды жоғарыдан лақтырған кезде олардың түсетiн орнын тексеру
және қоршау қажет.
Түтінмен күресу үшін өртке қарсы қорғану жүйелерін, түтін жойғыш өрт
көліктері мен түтін сорғыштар және желдеткіштер мен брезенттік бөгеттерді
қолдану қажет.
Адамдарды, мүлiктердi құтқару, күштер мен құралдарды шоғырландыру, өрт
сөндiргiш заттарды, басқа да жұмыстарды атқару үшiн жоғарыға көтерiлу
(түсу) ұйымдастырылады.
Ғимарттардың (құрылыстың) көшiру жолдары мен құралдарын, сондай-ақ
құтқарудың техникалық құралдарын пайдаланып, жоғарыға көтерiлу (түсу) iске
асырылады.
Жеке құрамды жоғарыға көтеруге арналған құтқарудың техникалық
құралдарының орнын өзгерту, жеке құрамды ескерткеннен кейiн жүргiзiледi.
Жауынгерлiк iс-қимылды жүргiзудiң қауiпсiз жағдайларын және тапсырманы
табысты орындауды қамтамасыз ету үшiн қорғану шараларын орындау
ұйымдастырылады.
Қорғану шараларын орындау барысында белгiленген тәртiп бойынша
жабдықтар, механизмдер, технологиялық аппараттар, электр, вентиляция және
аэрациялық қондырғылар, жылу, газбен жабдықтау, канализация, объект
iшiндегi транспорт жүйелерi және басқа да өрт орнындағы жоғары қауiп-қатер
көздерi ажыратылуы (қосылуы), ал керек кезiнде демонтаж жасалуы мүмкiн.
Жоғары кернеуде тұрған электр қондырғыларын ажыратуды
(токсыздандыруды) объектінің немесе елді мекеннің энерго қызметінің маманы
дербес немесе ӨСЖ нұсқауы бойынша жүргізеді.
Кернеу 380 А астам электр жабдығын ажыратуды стандарттық ажырату
құрылғыларын (ажыратқыштар, сақтандырғыштар және т.б.) пайдалану мүмкін
болған жағдайда өртке қарсы қызметтің жеке құрамы жүргізеді. Қажет болған
жағдайда желіні басқа тәсілмен ажырату мүмкін болмаған кезде 220 В артық
аспайтын фазалық кернеудегi электр сымдарын кесу арқылы ажыратуға болады.
Электр сымдары мен басқа да тоқ жүретiн элементтердi, егер олар:
✓ өрт сөндiруге қатысушыларға қатер төндiрсе;
✓ жаңа өрт ошақтарының пайда болуына ықпал етсе;
✓ жауынгерлiк iс-қимылға кедергi жасаса, ӨСЖ нұсқауы бойынша
жеке құрам ажыратады.
Техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптарын сақтап және технологиялық
үрдістің ерекшелiгiн есепке алып, ажырату командирдің басшылығымен
жүргiзiледi. Бұл ретте ӨСЖ электроэнергияның ажырау орнына қауіпсіздік
постын орналастырады немесе ерекше жағдайларда жеке құрам жетіспеу кезінде
Қосуға болмайды! Адамдар жұмыс істеуде! тыйым салу белгісін орнатуды
қамтамасыз етеді.
Өрт объектісін электрмен жабдықтаудан ажыртатудың мүмкіндігі болмаған
жағдайда, энергия қызметтерімен әрекет ету нұсқауына сәйкес, егер де
технологиялық процесс тоқтаусыз өндірісті көздемеген болса, бүкіл ауданның
электрмен жабдықтаудан ажырауын талап ету қажет.
Жеке құрамның зардап шеккендерге алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсетуi
регламенттеуші құжаттармен белгiленген тәртiп бойынша орындалады. Осы
мақсатта және керектi жағдайда, жеке тыныс алу органдарын сақтайтын
құралдар, алғашқы медициналық көмек көрсететiн жабдықтар және басқа да
осыған бейiмделген құралдар қолданылады.
Техникалық құралдардың жұмыс iстеуiн қалпына келтiру - өрт орнында
кiдiруге болмайтын уақытша жөндеу жұмыстарын және өрт техникаларын,
жабдықтарын, ӨТЖ-н, басқару және байланыс құралдарын техникалық күтiмнен
өткiзу болып табылады. Көрсетiлген жұмыстарды ұйымдастыру өрттегi тылға
жүктеледi.
2.Мейрамханадағы техникалық қауіпсіздік және өртке қарсы шаралар
2.1 Өрт сөндіру құралдарын таңдау
Өрт сөндірудің нормативті параметрлері болып табылады:
✓ берілген жанғыш заттар мен материалдарды сөндіруге әртүрлі өрт
сөндіру заттарының жарамдығы;
✓ берілген әдіспен берілген заттар мен матреиалдарды сөндіру
үшін қажетті өрт сөндіру заттарының үдемелі мөлшері;
✓ сөндіру уақыты;
✓ өрт сөндіру заттарын берудің интенсивтілігі.
Мейрамханалардағы өртті сөндіру үшін әртүрлі өрт сөндіру құралдары
пайдаланылады. Суды және ылғалдандыру сулы ерітінділерін шатырдағы, көрші
бөлмелердегі, науқастардың бөлмелерден, дәрігерлер кабинеттеріндегі,
коридорлардағы және т.б. өрттерді сөндіру үшін пайдаланады.
Өрттерді сөндіру үшін, ереже бойынша, РСК-50 және РС-50, шашыратқаш
және тұтас ағатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда орталықтарының өрт қауіпсіздігі
ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Ұйым аралық нормативтiк құжаттар
Мейрамхана кешеніндегі қауіпсіздік жүйесін қамтамасыз ету
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Шуылды бағалау тәсілдері
Ерасыл мейрамханасының құрылымы
Ұлттық нақыштағы мейрамхана ашу
Тұтынушылық сұраныс және жарнама
Туризм саласы - кез келген саламен байланысы бар кешенді түсінік
Пәндер