Мектеп жасына дейінгі балалардағы негізгі қозғалыстың маңызды түрле


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Дене шынықтыру» кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Мектеп жасына дейінгі балалардағы негізгі қозғалыстың маңызды түрлері»

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2014 ж.

Жоспары

Кіріспе

1. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимыл-қозғалыс ойындарының ерекшелігі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады. Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.

Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу.

Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу - бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру - бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті, адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.


1. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимыл-қозғалыс ойындарының ерекшелігі

Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі - бала денсаулығы. Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін әр түрлі аурулардың белгілері кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен - күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің түйіні.

Қазақ халқының ұлттық ойындар туралы қарастырылған ғалымдар: Ж. Ембергенова, Д. В. Хухлаева, А. И. Левшин, З. М. Богуславская, Е. О. Смирнова және т. б.

Салауаттылық өмір салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші Ж. Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады:«Салауатты өмір салты дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл, зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру тәсілінің жүйесі», -дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт болуы аса маңызды екенін айтады.

Ал қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың еңбектерінен көрініс табуға болады:

Д. В. Хухлеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен ұштастыған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл іс әрекеттің символы болып табылады.

А. И. Левшин «қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде былай бейнелеген: « қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкр болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді, көп жасайды. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа шабуыл гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен»-деген.

З. М. Богуславская, Е. О. Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді. Аталған авторлардың айтуынша: «бала ның ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене тәрбиесі сабақтарында аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану ойындарына өтіп оқу -тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз жемісін береді» деген пікір айтқан.

3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.

Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді.

Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп санаймыз.

Қимыл-қозғалыс ойындары, мысалы «Көрші», «Ақ серек, көк серек», «шыт тастау», «ине жасырмақ», «белбеу тастау» қазақ халқының ежелгі ұлттық ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа, ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.

Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі- қазақша күрес. Екі топтан шыққан екі бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу, жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу тағы сол сияқты айла-тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынң жерге тигізгенге дейін күреседі.

Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшәқ еттерін жатықтырып қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жатықтыруға үйретеді. Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа, яғни ойынға қатысқан әр баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.

Балардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген әрік қайраты арттады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене тәрбиесі жаттығуларын, соның ішіндеұллтық ойындарды тиімді ұйымдастыруды бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.

Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі. Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуында, эндогенді, экзогенді факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы мол.

Қазақтың ұлттық ойындары ептілікті, ширақтылықты, тапқырлықты, шапшандылықты, өжеттілікті және т. б. қасиеттерді талап етеді.


Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалардың творчестволық қабілетінің табысты дамуына қажетті шарттар
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК САБАҚТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қозғалыс үйлесімінің бұзылуы
Психологиядағы балалардың қорқыныш мәселесі
Ересек мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мәнерлілігін дамыту ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың физикалық қасиеттерін дамыту ерекшеліктері
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Дизартрия
Мектеп жасына дейінгі жалпы сөйлеу тілінде бұзылысы бар балаларға сипаттама
Денені қозғалысқа келтіретін сүйектер мен бұлшықеттер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz