Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І бөлім. Қабілеттер дамуының психологиялық мәселелері.

1. 1 Қабілеттер феноменін зерттеудің негізгі бағыттары . . . 8

1. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының творчестволық қабілетін

дамытудың психологиялық негізі13

1. 3 Оқушылардың креативтілік дамуың ерекшеліктері. . ……. 18

ІІ бөлім. Жеке тұлғаның қабілеттілік деңгейін анықтаудың

психологиялық диагностикасы.

2. 1 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін

анықтау әдістері . . . 26

2. 2 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеттерін

дамыту жолдары. . 30

ІІІбөлім Эксперимент зерттеу жұмыстары42

Қорытынды. 55

Пайдаланған әдебиеттер тізімі57

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Әрбір қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның қабілеттңлік потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда қабілеті жеке тұлғаны дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті», - делінген.

Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының қабілеттілігіне терең үңіле бермейміз.

Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.

Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын қабілетті тұлғаға айналдыру.

Педагогикалық психология тұрғысынан қабілеттілік іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы қабілеттілік деңгейінің даму мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.

Әрбір жеке адамның қабілетілік деңгейі дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.

Біз зерттеу жұмысымызда бастауыш мектеп кезеңін алып отырған себебіміз, қабілеттілкі жеке тұлға ретінде дамуына бұл кезеңнің мәні зор. Сондай-ақ қабілетті балалардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажет.

Бастауыш мектеп оқушыларының қабілетілік деңгейінің дамуы оқу барысын дұрыс ұйымдастырумен байланысты. Мектеп мұғалімдері көп жағдайда оқушылардың пәнге байланысты жаңа материалды дұрыс меңгеріп, сабақ үлгерімінің жақсы көрсеткіштеріне қанағаттанып қояды да, олардың айрықша, стандартты емес шешім қабылдауына, творчестволық белсенділігіне жағдай жасай бермейді.

Бастауыш мектеп оқушыларының қызығулары заттық әлеммен байланысты. Оларға тән жағдай үлкендерге бағдарлану, яғни оларға еліктеу, үлкендерді үлгі тұту ерекшеліктері педагог үшін күшті дамыту құралы болып табылады. Соның негізінде балалардың шығармашылық және интеллектуалды даму деңгейлері жоғарылап қана қоймайды, әрі олардың мінез-құлқындағы жағымды өзгерістер де жүзеге асырылады.

Қазақша оқитын бастауыш мектеп шәкірттерінің тұйықтық, жасқаншақтық қасиеттері, олардың бойындағы шығармашылық потенциалдарын үнемі жарыққа шығара бермейді. Олай болса, қабілеттің физиологиялық негізін сипаттауда әрбір бала белгілі бір нышанымен туылатындықтан, ал оның дамуы кейінгі дамытушылық жағдайларға байланыстылығын басшылаққа алу қажет болады.

Зерттеудің өзектілігі қабілетілік деңгейінің жеке тұлғаны дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Зерттеу жұмысы жеке тұлғаның қабілетілік мүмкіншілігінің дамуы - креативті дамумен интеллектуалды дамудың байланысты екендігін, қабілетілік деңгейінің таным негізінде жеке бастық даму сапаларымен, объектіге деген творчестволық танымды тұтастық жүйесінде мәнді қабілеттер мен қажеттіліктерді таратуға бағытталған творчестволық іс-әрекеттің негізінде қарастыруды өзіне мақсат етіп қойды.

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі бастауыш мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді керек етіп отыр. Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста тәжірибелік қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір оқушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды. Жаңа білімді алу қажеттілігін туындатыды, оқып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделген жоғары мәдениетті, білімді ұрпақ дайындайды.
Оқушыны дамытуда өзін-өзі тәрбиелеу арқылы жас ұрпақтың ғылыми-танымдық, экономикалық, нарықтық қатынастарға байланысты мүмкіндіктерді қарастырылды. Оқушының жеке тұлға ретінде дамуына тәрбие үрдісінің ықпалы жан-жақты қамтылады. Яғни, оқушы бойындағы мәдени құндылықтарды: әлеуметтік қатынас, адамгершілік қатынас, әстетикалық қатынас, дене мәдениетін жетілдіру көзделеді.
Оқушыларды жан-жақты дамыту мәселелері - бүгінгі қоғамның негізгі міндеттерінің бірі. Оқушылардың дамуында іс-әрекеттердің негізгі себеп екені зерттеу барысында айқындалды. Оқушыны дамытуда тәрбиенің өзіндік ықпалы, яғни тәрбиелей отырып оқыту сыныптан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар ғылыми-теориялық тұрғыда қарастырылуы тиіс.
Бастауыш саты оқушыларының жеке басының қасиетін дамытуда отбасы, мектеп, тектептен тыс мекемелер сыныптан тыс уақытта жүргізілетін іс-шараларды кіріктіре ұйымдастыру арқылы дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкіншілігі бар екені анықталып отыр.
Жалпы сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Осы орайда, балалар әсемдік ойын, ертегі, музыка, сурет, фантазия, шығармашылық әлемінде өмір сүруге міндетті.
Бастауыш сатыда сыныптан тысжүргізілетін жұмыстар негізінен: оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін ары қарай дамытуға мүмкіндік жасау; оқушының қоғамдық белсенділігін дамыту; оқушылардың өзара қарым-қатынасын қалыптастыру; белгілі бір еңбекке баулу; оны дамытуға ықпал ету көзделді. Оқушыларды жан-жақты дамытуда сыныпта тәрбие жұмысының тәлімдік мәні аса зор екені ғылыми-теориялық еңбектерде және мұғалімдердің іс-тәжірибесінде дәлелденіп отыр. Соңғы кезде нарықтық қатынасқа байланысты мектептегі сыныпта тәрбие жұмысының ұйымдастырылуға байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектердің сирек жарияланатыны аталған шараларды жүзеге асыруға өз кедергісін тигізіп отырғаны байқалды. Сондықтан тәрбие жұмысын және үйірмелерді бүгінгі әлеуметтік-экономикалық, нарықтық, ұлтаралық қатынастарға және ұлттық ерекшеліктерге байланысты қарастыруды қажет етеді.

Зерттеу пәні : Жеке тұлғаның қабілеттілік деңгейін анықтаудың психологиялық диагностикасын зертттеу.

Зерттеу жұмысымның мақсаты: Бастауыш мектеп оқушыларының қабілетінің дамуы мен интеллектуалды дамуының өзара байланысын және творчестволық танымдағы негізгі жеке бастық құрылымдардың байланысын ашу. Соның негізінде шығармашылық қабілетті дасытудың психологиялық ерекшеліктерін көрсету.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттілік деңгейлерін анықтау

Зерттеудің ғылыми болжамы: Жеке тұлғаның потенциалды дамуының бір белгісі - креативтіліктің дамуы интеллектуалды дамуға тәуелді болады, әрі қабілеттілік іс-әрекетке деген орнықты мотивация дамиды.

Негізгі болжам жанама болжамдармен нақтыланды:

- креативтілік - жеткілікті түрде жоғары дамыған интеллект негізінде дамиды, жеке адамның интеллектуалды және шығармашылық қабілеттері (креативтілігі) өзара байланысты;

- арнайы ұйымдастырылған оқу барысында объектіге деген қабілеттілік таным сипаттамалары (синтездеуге деген бағдар тұтастық деңгейлері) неғұрлым жоғары болса, креативтілікте (шығармашылық қабілетте) соғұрлым жоғары болады.

Зерттеу міндеттері:

- Қабілет ұғымдарын теориялық және эмпирикалық тұрғыдан зерттеу;

- Бастауыш мектеп оқушыларының қабілеттілік мүмкіндіктерін дамытуға негіз болатын - «шығармашылық қабілетті» бала моделін жасау және қабілеттілік жеке тұлғаны тәрбиелеуші творчестволы ұстазды дамыту мақсатын көздеген оқу-практикалық жұмыстарын ұйымдастыру;

- қазақ мектептеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының интеллектуалды даму деңгейі мен қабілетінің дамуын эксперименталды зерттеу;

- қабілеттің нәтижелі болу белгілерінің бірі жеке тұлғаның объектіге деген қабілеттілік таным сиапттамаларын эмпирикалық зерттеу;

- орыс тілдеріндегі қабілеттілік және интеллектіні зерттеу тестерін қазақ бастауыш сынып оқушыларына арнайы арнып бейімдеу және нұсқау дайындау, оны қолданудың практикалық мүмкіншілігін бағалау. Соның көмегімен арнайы оқу жүйесін қалыптастырып, балалардың қабілеттілігі жеке тұлға ретінде дамуына ықпал ету.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі: Қабілетті зерттеу мәселесіне Л. С. Выготскийдің, А. Н. Леонтьевтің, Б. М. Тепловтың] іс-әрекеттік ықпал және адамды тұтастай жүйеде қарастыратын концепциялары, шығармашылық ойлаудың дамуы - оқушыларға дидактикалық ұйымдастырылған қарым-қатынаста белсенділікті тәрбиелеудің негізінде жүзеге асатындығы туралы Матюшкиннің концепциясы, творчество психологиясында жиі айтылып жүрген Л. Л. Гурова, Д. Б. Богоявленская тағы басқалардың жеке адамның когнитивті және жеке бастық аспектілерін арақатыстыру концепциялары, В. В. Давыдов, Н. А. Менчинскаяның проблемалық оқыту концепциясы, шығармасы - жеке тұлғаның өздігінен дамуы дейтін гуманистік ықпалдары (К. Роджерс, А. Маслоу) негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Б. Г. Ананьев, В. С. Мерлин, П. Я. Пономарев, П. Торренс, Дж. Гильфорд, Дж. Рензулли, Э. Боно, Н. Н. Палагина, С. М. Жақыпов, Қ. Р. Рақымбеков, С. Қ. Бердібаева, М. О. Резванцева т. б. жұмыстары болды.

Зерттеу әдістері: Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруге бір-бірін толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды: қабілеттілік мәселесі бойынша еліміздегі және шетелдердегі әдебиеттерге теориялық талдау әдісі, зерттеудің ұйымдастырушылық әдісі ретінде салыстырмалы әдіс, қабілеттілік пен интеллектінің даму деңгейін бағалауға арналған анықтаушы әдістері: Равен (А формасындағы) Д. Векслер, П. Торренс әдістемелері, жеке адамның дайын базалық ұғымдарда зерттейтін «Идеалды әрекетті бейнелейтін сана ерекшеліктері» әдістемесі (Н. И. Непомнящая, 1992) қабілеттің дамуын бақылау, талдауға байланысты әдістер: психологиялық эксперимент, бақылау, әңгімелесу, анкета. Зерттеу нәтижелерін математикалық-статистикалық өңдеу әдістері: Стьюденттің Т-критериясы, Спирменнің корреляциялық рангілеу коэфициенті, Пирсонның корреляциялық коэффициенті.

Зерттеудің териялық және практикалық мазмұндылығы:

Зерттеуден алынған нәтижелерді педагогикалық тәжірибеде қолдану шығармашылық жеке адамды қалыптастыру мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады. Шығармашылық тапсырмалар мен ойындар мектеп тәжірибесінде балалардың мектепке даярлығын анықтауда және бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық жеке адам ретінде даму болашағын анықтауға қолдануға болады.

  • жалпы орта білім беретін бастауыш мектептер жұмыстарында оқушылардың шығармашылығын дамыту әдістемесі ұсынылды;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамытуға байланысты мектеп мұғалімдеріне арналған арнайы курс бағдарламасы мен әдістемелік құрал дайындалды;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттілігін дамытуға байланысты әдістемелік нұсқаулар, ұсыныстар жасалды;
  • зерттеу нәтижелерін жалпы білім беретін бастауыш мектептерде, педагогикалық оқу орындарында, мұғалімдердің білімін жетілдіру және қайта даярлау институттарында пайдалану маңызды.

Зерттеу базасы: Зерттеудің тәжірибе-эксперименттік базасы ретінде, Мақаншы ауылы, «Сейфуллин атындағы орта мектеп - бақша» Коммуналды Мемлекеттік Мекемесінің бастауыш сынып оқушылары алынды.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмысым кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Қабілеттер дамуының психологиялық мәселелері

1. 1 Қабілеттер феноменін зерттеудің негізгі бағыттары

Қазіргі кезде қабілетті балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық мәліметтер және ғылыми зерттеулер жылдан жылға көбеюде. Алайда, қабілет мәселесі әлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді - ізденісті қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бұл мәселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.

Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішінде қабілеттілік туралы ойлар сонау ертедегі грек психологтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтардың еңбектерінен бастау алады

19 ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды.

Қабілет мәселесі арнайы психологиялық зерттеудің пәні ретінде - ағылшын ғалымы Ф. Гальтон[73] ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе кез келген деңгейдегі қабілеттілікте тұқым-қуалаушылық негізгі шарт деген қорытындыға келді.

20 ғасырда неміс психолгі У. Штерн[27] жеке дара ерекшеліктерді зерттеп, жеке даралық психологияның негізін қалады. Сонымен бірге ол адамның ақыл ойын анықтауға арналған «қабілеттілік коэффициентін» ұсынды, әрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынандай анықтама берді: «Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл -ой қабілеттілігі».

Қабілеттердің даму мәселесін зерттей келе А. Н. Леонтьев, А. В. Петровский, В. А. Крутецкий, Б. М. Теплов, В. С. Шубинский, М. Мұқанов, Т. Тәжібаев, Қ. Жарықбаев қабілеттер оқытусыз да дамитынын, бірақ онда ол ұзақ процеске айналатынын айтады. [80]

Қабілеттілік проблемасы - оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Егер барлық адамдардың әрекеттің түрлерімен айналысуға арналған мүмкіндіктері бірдей болса, онда қабілеттілігі туралы сөз етпеуге де болар еді. Мүлдем еш нәрсеге қабілеті жоқ адам болмайды. Әр адам бойында бір нәрсеге деген қабілеттілік болатындығын кеңестік психология ғылымының негізгі ережелерінің бірі, бірақ ол қабілеттілік дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде болады. Олардың іс-әрекетінің белгілі бір түріне қабілеті не жоғарылау, не төмендей келеді. Бұған қарап мысалы музыкаға, не хореографияға немесе математикаға қабілеттілігі төмен оқушыларды қабілеті төмен дарынсыздар қатарына жатқызу әсте дұрыс емес. Бұл - оның қабілеттілігінің басқа салада жатқандығының белгісі. Қабілеттілік туа бітті қасиет емес, олар өмір сүру барысында іс-әрекет арқылы дамып отырады.

Кеңестік психологтар бірауыздан ақыл есі дұрыс, дені сау баланың оқуға қабілеті орта білім алу мүмкіндігі бар деген көзқарасты қуаттайды. «Мектеп курсында оқылатын пәндердің бірден-бір тарауының бала үшін қолайсыз екендігін кездестірген емеспін» - деп жазды В. А. Крутецкий. [9] Ал академик А. Н. Калмогоровтың[10] тұжырымдамасы былай дейді: «Математиканы меңгеру үшін баланың айрықша қабілеті болуы керек деген ұғымдар артық айтылады . . . ».

Айтылғандарды қорытындылай келе, «қабілет» термині адамның белгілі бір істі орындап, одан нәтижеге жеткізетін қасиетін білдіреді деуге болады.

Демек, әр бала бойындағы табиғи нышандардың, жоғарғы қабілеттер деңгейіне көтерілуі тек баланың белсенділігіне және дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысына байланысты.

Балаларда кездесетін баяулықты, сылбырлықты, оның биологиялық кемшілігі деп қарауға әзір тұрамыз. Біздіңше, тұйықтық, бұйығылық, баяулық оның табиғатының әсері емес, көп жағдайда оқыту мен тәрбиенің нәтижесі ондағы әміршілдіктің салдары болуы мүмкін.

Академик Д. Ковалевский «ән айтқысы, би билегісі, әңгіме, ертегі, өлең құрастырғысы, сурет салғысы келмейтін баланы табыңызшы», - дейді. Шынында, табу қиын. Егер ондай бала кездесе қалса, ол жаман тәрбиенің нәтижесі деуге әбден болады.

Қабілеттілік нәтижесінің теориялық және практикалық негізін қалауда С. Л. Рубинштейн [60] еңбектері зор роль атқарады. Ең алдымен қабілеттіліктің дамуы туралы, қабілеттің қалыптасуының негізін салса, кейінірек олардың көрінуінің психологиялық құрылымын ашып берді. С. Л. Рубинштейн қабілеттілікті нақты бір іс-әрекетке икемділік деп түсіндіреді. Оның айтуы бойынша қабілеттілік - жаңа бір іс-әрекетті жеңіл меңгерумен, сонымен қатар индивидтің бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке көшуі мен қабылдау тәсілдерін терең меңгере алуы. Оның айтуы бойынша қабілеттің негізі - туа біткен нышан, тұқымқуалаушылықтың белгісі болып табылады, яғни, адамның жүйке, ми аппараттарының анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі болып табылады. Осыған орай, ғалымдар «қабілет нышандарының негізінде дами отырып, нышанның өз бетінше функциялануы емес, тек дамудың негізгі кезеңі, алғы шарты» деп жазды.

Қазіргі әлеуметтік - экономикалық жағдайда кәсіби жетістікке қабілеттілік, білімділік, шығармашылық арқылы ғана жетуге болады. Сондықтан ата-аналар, мұғалімдер дер кезінде балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтап және оны дамытса, оның негізінде олардың болашағына бағыт берсе - бүкіл дүние жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын жан - жақты дамыған дарынды тұлға болып қалыптасуына көп ықпалын тигізері хақ. Осы аталған мәселенің өзектілігі соншалық, жеке тұлғаның қабілеттілігін дер кезінде анықтап, оны қолдап отыру қажеттілігі дәлелдеуді қажет етпейді. Олай болса, қабілет өніп, өркендеуі үшін қолайлы жағдай мен сыртқы ортаның қажетті факторларын талап етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларын оқыту процесінде бағалауды психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Бастауыш сынып окушыларының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері
Оқу іс-әрекеті дамытуды эскпериментаиды зерттеу
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-танымдық қызығушылығын зерттеу тәсілдері
Бастауыш сынып оқушларының мектепке бейімделуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz