Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атынағы педагогикалық колледжі
«Педагогика және психология»
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары»
Пәні: Тіл дамыту
Орындаған: 3 п КДО тобының
студенті Бойханақова З. М.
Жетекші: Калмурзина Р. С.
Орал-2013
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері
1. 1. Балаларға ақыл-ой тәрбиесі туралы түсінік беру . . . 6
1. 2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн
оқу бағдарламалары . . . 8
1. 3. Мектепке дейінгі оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері . . . 10
1. 4. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі . . . 14
ІI - Бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
2. 1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы. 17
2. 2. Мектеп жасына дейінгі балаға адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту . . . 22
2. 3. Мектеп жасына дейінгі балаларға еңбек және дене тәрбиесі туралы түсінік беру . . . 25
Қорытынды . . . 34
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 36
Қосымшалар . . . 37
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі . Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін Қазақстанда Орталық Азиядағы ең үздік мектепке дейінгі білім жүйесі болды, ол 7 жасқа дейінгі балалардың шамамен 70 %-ын қамтыды.
Республиканың тәуелсіздік жылдарында мектепке дейінгі білім жүйесі қайта жандана бастады: балабақшалар саны өсуде, мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған ұйымдардың жаңа түрлері құрылуда.
Жаңа онжылдық -жаңа экономикалық өрлеу -қазақстандықтардың жаңа міндеттері атты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында - Адам - елдің басты байлығы, елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты. 2050 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс - делінген.
Сөйлеу, ойлау қабілеттері, еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған және дамуында басқа да ерекшеліктері бар мектеп жасына дейінгі балаларды топтық және жеке психологиялық-педагогикалық алып жүру бағдарламалары әзірленді және сынақтан өткізілді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін дамытудың қазіргі жағдайларында көбінесе педагог кадрларды даярлау және қайта даярлау мәселесі қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанына негізделген.
Қазақстан балаларының мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту құқығы мектепке дейінгі ұйымдардың әртүрлі үлгілерімен және түрлерімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекет мектепке дейінгі білім беру саласындағы жеке меншік жеткізушілердің қызметін қолдау шараларын қабылдауда. Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.
Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты - 5-6 жасар баларды жалпы, интеллектуалды, физикалық дамыту, олардың білімді игеру дайындығын қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетін меңгеру үшін баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.
Мектепалды даярлықта тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай шешу үшін балалардың ой өрісін, танымын, оқуға деген қабілетін жетілдіру және денсаулығын сақтау басты талаптардың бірі болып табылады. 5-6 жастағы баланың оқу, тәрбие жұмыстарын меңгеріп кетуі оның денсаулығы мен жалпы даму дәрежесіне байланысты. Баланың оқуға даярлығы мен денсаулығын алдын ала анықтап алу оған алдағы уақытта көрсетілетін қамқорлықтар қандай болуы керек екенін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Баланың оқуға даярлығы медициналық, психо-физиологиялық, психологиялық көрсеткіштер жиынтығы арқылы анықталады. Әр баланың жеке ерекшелігіне қарай оқуға даярлығы да әр түрлі болады. Медициналық көрсеткіштерге баланың биологиялық жетілу дәрежесі, денсаулығында ауытқудың болу - болмауы; психо-физиологиялық көрсеткіштерге Керн - Ирасек тестін орындау нәтижелері, қозғалу мүшелерін басқара білу дәрежесі, сөйлей білу; ал психологиялық көрсеткіштерге оның айнала туралы түсінігі, өзін - өзі күте білудің қарапайым дағдыларын меңгеруі, берілген тапсырмаға біршама зейін қоя алуы, оқуға деген ынта - ықыласы, көпшілікпен қарым - қатынас жасай білуі, тәртіпке мойын ұсынуы жатады.
5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні зор. Ақыл - ой, еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік, дағды түрлерін тез игереді. Жасына лайық берілген тапсырманы дұрыс, сапалы орындау баланың даму деңгейін көрсетеді. Оқу жылының бірінше жартысында оқудың ақыл - ойға тигізетін әсерін, баланың игерген білім сапасы мен қалыптасқан дағдыларын байқауға болады.
Зерттеу обьектісі. Мектепке дейінгі білім беру процесі.
Зерттеу болжамы - мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту арқылы балаларды үлкен өмірге тәрбиелейді, баланың ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар. Сондықтан балабақшада, мектепке дейінгі ұйымдарда баланы тәрбиелеу маңызды міндет болып табылады. Балалардың біліміді, тәрбиелі болуы отбасыдан және мектепке дейінгі ұйымдардан басталады. Егер тұлға өзін жақсы қасиеттерге тәрбиелеу үшін ең алдымен өзін тани білуі тиіс болса, оған ұстазы өзін - өзі тани білу өзіндік сананың қалыптасуына көмектессе онда дұрыс тәрбиелі баланы болашақта көретін боламыз. Оларды адамгершілік рухани тұрғысынан тәрбиелеудегі ерекшелігі, өзімізді тану арқылы біз өзгені танитын артықшылыққа ие боламыз. Әрбір ұрпақ ең алдымен туған халқының әдеп - инабат тағылымын бойына сіңіріп өсуге тиіс. Сонда ғана бәріміз ғұмыр кешіп, еңбек ететін, аялап ұл - қыз өсіріп, бақытқа талпынатын қоғамдық ортада ізгілік салтанат құрады.
Зерттеу пәні . Мектепке дейінгі мекемелерде балаларды оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі.
Зерттеу мақсаты . Мектепке дейінгі жастағы баланың оқу, тәрбие жұмыстарын меңгерумен ақыл-ойының дамуын жетілдіру.
Зерттеу міндеттері. Мектепалды жасындағы балаларға оқыту әдістері мен тәрбие беру талабына сараптама жасау.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі мекемелердегі оқу - тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде болып отыр.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-бөлім. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту ерекшеліктері
1. 1. Балаларға ақыл-ой тәрбиесі туралы түсінік беру
Белгілі психологтар мен педагогтардың еңбектерінде ойлаудың түрлері, олардың мәні, мазмұны жеткілікті зерттелген мәселелердің бірі. Сондықтан біз жеке-жеке ойлаудың түрлеріне тоқталамыз. Бірақ кейбіреулерін кейінірек атап кеткен жөн.
Жалпы айтқанда ойлау дегеніміз не? Ойлау деп заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті атайды. Ойлау таным іс-әрекетіндегі күрделі процесс. Ал таным - бұл әржақты процесс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалысының адам миында бейнеленуі.
Ақыл-ой тәрбиесі - балалардың ойлау қабілетін дамыту, интеллектуалдық ақыл-ой санасын, дүниеге ғылыми көзқарасын жетілдіру, ой еңбегі мәдениетін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет. Ақыл-ой тәрбиесі жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан-жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі. Ол білім жүйесін меңгеруге, балалардың рухани күшінің дамуына ықпал жасайды.
Адамның қабілетін жан-жақты жетілдіре тәрбиелеу үшін дене еңбегімен қатар, ақыл-ой тәрбиесін өрістету аса қажет. Өйткені қоғамның дамуы еңбек пен ғылымның, ұштаса өрістеуімен тығыз байланысты. Қорамдағы барлык байлык, - ой еңбегі мен дене еңбегінің, ғылым мен техника жетістіктерінің ортақ жемісі.
Ақыл-ой тәрбиесі, көріп-білу, жүрекпен терең сезіну - біртіндеп толыға, молыға қалыптасатын тәжірибеден туатын үздіксіз жаттығудың жемісі. Көрген-білгенді ой елегінен өткізіп, оны түйіндеп миға тоқу, үнемі сарапқа салу ынта-жігерді, күшті қажыр-кайрат пен талапты керек етеді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез»- деп тектен-текке айтпаған, шешендік өнерді құрметтеп оған жастарды ерте жаттықтыруға ерекше мән беріп, өнерлі азаматтарға жиын-тойларда орын беріп, ерекше қошемет көрсеткен. Сөз бастаған шешенді қол бастаған батырмен пара-пар қойған, шешендікті тапқыр ойдың тұтқасы деп санаған. Орыс ғалымы И. П. Павлов: «Фактілер - ғылымның ауасы» десе, ғұлама ғалымдардың осынау ой-пікірлеріндей тұжырымдарды өз өмір-тәжірибесіне сүйеніп, ой топ-шылаған ата-бабаларымыз: «Тәрбие негізі - ғылым, даналық негізі - білім» деп қорытынды жасаған. Ал сол ғылымды меңгеру, даналық ойға ие болу оқумен, оқығанды көңілге терең тоқумен байланысты деп дұрыс түсінген қазақ халқы.
Балаларға ақыл-ой тәрбиесін беруде, ой-санасын өрістетуде ауыз әдебиетінің айтыс жанры, оның ішінде әсіресе жұмбақ айтысы ерекше рөл атқарған. Қазақ халкының әдет-ғұрпынан, салт-санасынан туған ойын-сауық кештерінде өлең-жырмен айтысу, өнер сайысына түсу, сөйтіп, жиналған жұртты күлдіру, жастарды тапқырлыққа тәрбиелеу дәстүрі ертеден орын алған. Жастар ән шырқап, күй шертісіп, жаңылтпаш, жұмбақ айтысып, өнер сайысына түскен. Бұрын қазақта күйеу таңдаған дана қыз жігітке жұмбақ арқылы талап қойып, оны шешіп, сертке жеткен, ақылды, тапқыр жігітке тұрмыска шығатын болған. Бертін келе жұмбақ ақындар айтысынан ерекше орын алған. Мәселен, Әсет пен Рысжанның, Отарқұл мен Тәрбияның айтыстары жұмбақтасу түрінде жырланған. Сондай-ак. ойын-тойда қыздар мен жігіттер жұмбақ айтысып, жеңілгендерін жазаларын алған. Жұмбақ айтысу жастардың логикалық ой-өрісінің дамуына әсер еткен, оларды тапқырлыққа тәрбиелеген. Академик-жазушы М. Әуезов: «Жұмбақ - халық шығармаларының ішіндегі ең ескі түрінің бірі. Жұмбақ - өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті күшті, тәрбиенін тамаша кұралы. Ол бүгінгі біздің, дәуірімізде де өзінің керектілік қасиетін жойған жок» деген болатын. Жұмбақ адам баласы санасыньщ даму сатысында әр алуан өмір құбылыстарын түсініп-білу үшін ойды жетектеу, талпындыру, әсіресе жастардың ой-өрісін, қиялын кеңейту мақсатынан туған.
1. 2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн
оқу бағдарламалары
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары iс-әрекет түрлерiнiң мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн ерекшелiктерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының негiзiнде әзiрленедi.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм берудiң сабақтастығы мен үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi;
2) әр баланың талабын, бейiмдiлiгiн, қабiлеттiлiгiн, дарындылығын iске асыруға және оның даму ерекшелiктерi мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдiс негiзiнде оны бастауыш бiлiм берудiң бiлiм беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
3. Мектепке дейiнгi оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудiң және тiлдiк қатынас тәжiрибесiнiң қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш бiлiм берудi меңгеру үшiн бiрдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейдi.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру ұйымдарына қабылдауға қойылатын жалпы талаптар:
1. Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережесiмен белгiленедi.
2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi үлгiлiк қабылдау ережелерiнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен қабылдау ережесiмен белгiленедi.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
Алты (жетi) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейiн мектепке дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады. Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн болып табылады.
Мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшiн; балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн 24 сағатбөлінген.
Жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн ұзақтығы күнтiзбелiк 56 күн; оқу-әдiстемелiк қызметкерлерi қамтамасыз ету, мектепке дейiнгi және қосымша бiлiм беру ұйымдарының педагог қызметкерлерi мен оларға теңестiрiлген адамдар үшiн - күнтiзбелiк 42 күн ақы төленетiн жыл сайынғы демалыс алудың әлеуметтiк кепiлдiктерiн иеленедi.
Мектепке дейiнгi ұйымдарда және қосымша бiлiм беру ұйымдарында үш жылдан кейiн өткiзiледi. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
1. 3. Мектепке дейінгі оқытудың теориялық және
әдістемелік негіздері
Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни - үйретуші мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері те зерттелген.
Қалай оқыту керек? Тұтас педагогикалық процесте оқыту мен тәрбиенің казіргі кездегі әдістерін тиімді пайдалану. Ол үшін оқыту әдістерін, формаларын жетілдіру және дәлелдеу керек.
Не үшін оқыту керек? Қоғамдық өмірдің барлық саласында оқушьшарды белсенді қатысуға даярлау. Ол үшін мектепте оқытудың мақсатын міндеттерін, принциптері мен заңдылықтарын дәлелдеу және жүзеге асыру.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқьггу, білім беру, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі жәнс оның компоненттері, міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең зерттеуге, педагогикалық озат төжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика коптеген проблсмаларды зерітейді. Солардың інінде жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, үздіксіз халыққа білім беру жүйесі. Бұл жерде оқыту тұжырымдамасына сәйкес кейбір көкейтесті мәселелер қарастырылады.
Білім берудің мазмұны қазіргі кездегі жоғары талаптарға сай жазылған оку бағдарламалары мен оқулықтарға байланысты. Жалпы білім беру мазмұнына оқылатын пәндердің үш негізгі цикілдері кіреді: гылыми жаратылыс, гуманитарлық циклдер, еңбек және дене шынықтыру дайындығы.
«Білім беруді жетілдірудің негізгі талаптарының бірі - оқу пәндері бойынша білім беру деңгейін арттыру, оқу пондерінің негізгі ұғымдары мен жетекші идеялары барынша айқып баяндалатын болсын, оларда ғылым мен практиканың жаңа жетістіктерінің қажетті түрде көрініс табуы қамтамасыз етілсін», деп мектеп реформасында жазылған.
Оқыту процесінің табысты болуы: біріншіден, мұғалімнің өз пәнінен теориялық және практикалық дайындығына, оқу процесін ұйымдастыра және басқара білуіне; екіншіден, білім дағдысына, жоғары мәдениеттілігіне, ғалым мен техника жетістіктеріне пайдалана білуіне; үшіншіден, мұгалім мен балалар арасындағы адамгершілік озара қатынас және бірлікке байланысты.
Қәзіргі кезде еңбек тирбиесі және оқыту, кәсіптік бағдар, политехникалық білім беру мәселелеріне ерекше мән берілуде. Осы-мақсатқа лайық мектептің, кәсіптік-техникалық училищелердің базасын толық пайдалануды қамтамасыз ету керек. Негізгі базалар мектеп лабораториялары, оқу кабинеттері, шеберханалар оқу тәжірибе учаскелері, окушылардың өндірістік бригадалары, мектепаралық балалардың өндірістік комбинаттары, орта кәсіптік-техникалық училищелер т. с. с.
Адам баласының іс-әрекетінде процесс термині жиі кездеседі. Мысалы, еңбек процесі, технологиялық процесс, биологиялык, процесс т. б. Олай болса, жалпы процесс, сонымен бірге оқыту процесі дегеніміз не?
Процесс бұл ілгері қарай қозғалыс және қандай болса да нәтижесінің жетістігіне бағытталған бірізділік әрекетінің жиынтығы болып табылады.
Оқыту процесі терең берік және дәл білім алу таным жолындағы балалардың қимылына байланысты. Оқыту процесі - бұл мұғалім мен балалардың мақсатқа бағытталған озара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту процесінде балалардың ақыл-ойы дамиды, танымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың озара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы және бөліктерімен сипатталады.
Педагогикалық процес - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесті ұйымдастыратын педагог. Педагогикалық процес - бірнеше элементтен құрылатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық процестің әдістемелік жүйесін жасау үшін мақсат бірнеше міндеттерге бөлінеді. Әрбір міндет ұстаз бен шәкірт іс -әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды. Мысалы, оқу іс әрекетінің әдістемелік құрылымы: экскурсияның әдістемелік құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Педагогикалық процестің психологиялық құрылымы: танымдық процестер (қабылдау, ойлау, есте сақтау, ақпарат сіңіру), оқуға қызығушылық (оқуға қызығуды, қабілетті, ынтаны айқындау), қуат (көтеріңкі не түсіңкі дене мен жан күш-қуаты, белсенділік, еңбекқорлық не шаршау динамикасы) .
Оқыту адамның қызметінің бір ғана түрі, ол екі жақты сипатта болады. Ол мұғалім мен балалар арасында оқудың мақсат - міндеттерін жүзеге асыруға байланысты бір мезгілде өзара қарым-қатынастары мен оқу әрекеттерінен тұрады. Оқу әрекеті дегенде: мұғалімдер тарапынан білім беру қызметіне басшылық болса, оқу - бұл балалар тарапынан білімдерді белсенді түрде меңгеруі, таным әрекеті. Мұғалім балаларға білім беруде қаншалықты белсенділік танытқанымен, егерде ондай белсенділік балалар тарапынан қолдау таппаса оқыту нәтижелі болмайды. Сондықтан, белгілі бір мақсатқа бағытталған бұндай өзара қарым-қатынаста біржақты көзқарас болмауы тиіс. Оқыту процесі тек мұғалім мен балалар арасындағы оқу әрекетінен құралмайды, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар.
Білім алудың мотиві мен мақсатын анықтау -белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады. Сөйтіп, ол баланың білім алудағы әрекеті де мотив пен мақсатқа сәйкес іске асады.
Оқыту процесінде балалардың алған білімдерін бекітіп отырудың маңызы ерекше. Бекіту - бұл балалардың білімді берік ұғынуының тиімді әдіс-тәсілі. Жаңа материалды қабылдаудан кейін, бекіту әр түрлі практикалық, лабораториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.
Бекітудің бұдан да басқа әдіс-тәсілдері бар. өтілген оқу материалын бөліктерге бөліп қайталап отыру: күнделікті қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тәсілдерін үйрету т. с. с.
Білімді жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етеді. . Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші практика. Егер бала білімді практикада қолдана алмаса, бұл оның білімді үстірт қабылдағандығынан, жете түсінбегенінен болады. Білімді практикада қолданудың оқу процесінде екі түрі жиі кездеседі. Бірінші - білімді жаңа материалды ұғыну үстінде қолдану, екіншісі - жаңа оқу міндеттерін шешу үстінде қолдану. Бұл кезде бала бұрын алған білімін жаңа мәселелерді шешуге байланыстырып, өздігінен әрекет жасай алады.
Білім мен дағды оқыту процесінде түрлі практикалық және лабораториялық жұмыстарда кеңінен қолданылады. Мұндай жағдайда балалар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz