Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы

Педагогика және психология
кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойының дамуы

Орындаған:

Тексерген:

Орал - 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І тарау. Балалардың ақыл-ой қабілеттілігі мен
психологиялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой деңгейінің психологиялық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой деңгейін
анықтауға арналған жұмыстар
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой деңгейін
Диагностикалау ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Ақыл-ойды дамытуға арналған
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32

Кіріспе
Балабақшада баланың барлық қабілеттерінің нышаны ашылып, ойлау
процесінің көрініс беретін шағы. Балабақшада балалар ес те басқа да
психикалық процестер сияқты түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Бала есі
біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп, саналы меңгеріліп және жанамалана
бастайды.
Балалардың таным процестері дамуына оқытудың тигізетін әсері өте
үлкен. Дамыта оқыту проблемалары 18 ғасырдан бері зерттелуде. Швейцар
ғалымы И.Г.Песталоцци оқу барысында балалардың қабылдау және еске сақтау
қабілетін дамыту проблемасын зерттеуді бастаған. Бұл идеяны К.Д.Ушинский,
Л.С.Выготский жалғастырған. Д.Б.Занков дамыта оқытуға қазіргі
технологияларды қолданып, жалпы ақыл-ойды дамыту жолдарын анықтаған.
Балабақшада барлық таным процестерді жедел дамыту жолдарын ескере отырып
жасалған оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен
осы проблеманы шешу үшін әр мұғалім ойлау қабілетінің ерекшеліктерін, оны
дамыту жолдарын толық түсінуі қажет. Балалардың осы ерекшеліктеріне жан-
жақты түсіну үшін зерттеу жұмысымның тақырыбын Мектеп жасына дейінгі
балалардың ақыл-ойының дамуы деп алдым.
Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы, оның эффективтілігіне
қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде
пайда болатын әр тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оқу
барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды, "баланың негізгі
қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы
ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және
нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес –
логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға,
сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта
білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне, ең соңында
оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.
Бұрынғы кеңес үкіметінде психодиагностика әдістерінің дамуы 30-50
жылға тоқтап қалғанымен, қазіргі кезде психодиагностикалық әдістерді жасау
жаңа сатыға көтерілген.
В.В.Кочетков диагностикалық әдістерді екі топқа бөледі:
1. оқудың жемістілігін анықтайтын әдістер (баланың үлгерімін
бағалайтын дәстүрлі әдістер);
2. педагогикалық процестің қатысушыларының қабілеттерін
диагностикалайтын әдістер (мысалы: ақыл-ой дарындылығының коэффиценті)
Сонымен қатар ол, бұл әдістердің қазіргі талаптарды қанағаттандырмайтынын
және оларды қайта қарау керектігін айтады. 2
"Егер бұрындары бастауыш сынып мұғалімдері ең алдымен "балаларды
окуға, жазуға, санауға" үйретуі керек болса, қазіргі кезде бұл жеткіліксіз.
Қазіргі тәрбиешілер дәстүрлі мәселелерді шешумен қатар, балаларды оқуға
үйретумен бірге, олардың қабілеттерін дамытуға, баланың жеке басында керек
сапаларды калыптастыруы керек" 3. Дифференциалды ес психологиясы, есті
зерттеуде көптеген әдістерге ие болғанымен, оларды оқу іс-әрекетінде ғылыми-
практикалық қолдану өте күрделі мәселе болып табылады.
Тақырыптың өзектілігі: қазіргі уақытта оқу-ағарту саласында
балабақшаларда тәрбиелеу бағытынан баланың жеке басының дамуына, оның ақыл-
ойын дамытуға аса көңіл аударылуда. Баланың ақыл-ойын жетілдіруге
бағытталған тереңдетіп оқыту сыныптарының, лицей, гимназиялардың ашылуы,
қазіргі танда балалар қабілетін психолого-педагогикалық диагностикалау
мәселесінің өзектілігін көрсетеді. Мұның өзі мектепке дейінгі мекемелерді
психодиагностикалық методикалармен қамтамасыз етуді қажет етеді.
Ал, қазіргі уақытта В.Д.Шадриков көрсеткендей ақыл-ойын дамуының
бірнеше бағыттарын байқауға болады: Ес – психикалық процесс ретінде: мұнда
мнемикалық операциялар мен есте сақтау сатылары, естің ауыспалы процестері
көрсетіледі және есті есте сақтау, қайта жаңғырту, тану, есте тұту,
ұмытумен сипаттайды.
Зерттеу мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерін
диагностикалау ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттері:
- ақыл-ой қабілеттері жайлы теорияларға талдау жасау;
- ақыл-ой қабілеттердің операционалды даму деңгейі мен сапалық
құрылымын анықтау;
- ақыл-ой қабілеттердің функционалды даму деңгейін анықтау;
Зерттеу объектісі: мектеп жасына дейінгі балалар
Зерттеу пәні: оқу іс-әрекетіндегі ақыл-ой қабілеттерінің мазмұны мен
құрылымының диагностикасы.
Ғылыми болжам: мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой қабілеттерін
дамыту, олардың есте сақтау өнімділікгерін арттыра отырып білім сапасын
жоғарылатады. Мектеп жасына дейінгі балаларының ақыл-ой қабілетін дамыту
табысты өтеді, егер тілдік теорияны үйрету үрдісінде көрнекілік
пайдалану; мағыналы жаттаудың оңтайлы тәсілдеріне үйрету, ақыл-ой қабілетін
арттыруға бағытталған жаттығулар, яғни ақыл-ойды дамыту үшін қосымша
құралдарды пайдалану, оның ішінде символ-белгілер сияқты жағдайлар жасалса.
Зерттеудің теориялық мәні: балалар психологиясының ерекшеліктерін
зерттеу және оқу процесінде қабілеттерді зерттеуге байланысты негізгі
теорияларды зерттеу негіз болды (В.Д.Шадриков, С.А.Изюмова, Т.В.Зотова,
Л.В.Черомошкина).
Зерттеу әдістері және процедуралары. Ғылыми–педагогикалық, тарихи-
әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, ғылыми зерттеулер, бақылау, байқау;
ата–аналар және мұғалімдермен әңгіме, сұхбат жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
І тарау. Балалардың ақыл-ой қабілеттілігі мен
психологиялық негіздері
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің дамуы
Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететін кез келген
адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады. Ақылдың орамдығы мен
сыншылдығы, материалды еске тез қалдыра алу, зейінділік пен бақылағаштық,
зеректік пен тапқырлық т.б. осы секілді ақыл-ой әрекетінде көрінетін
өзгешеліктер жалпы қабілет болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың таным процестеріне талдау беруге
көшелік. Мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі таным процестері
(қабылдау, зейін, жат пен ес, қиял, ойлану) балабақшаға кіргеннен кейін
недәуір өзгерістерге ұшырайды. Осының ішінен біз зерттеуімізде ойлау
процесінің ерекшеліктеріне және оны дамыту жолдарына тоқтап өттік.
Мектеп жасына дейінгі балаларының ойлау процесіне келсек, осының
қаншалықты дамығаны туралы әр түрлі пікірлер бар. Л.С.Выготскийдің пікірі,
бойынша оқымай жүрген ойын баласы оқуға кіргеннен соң ойымен интеллектысы
үлкен өзгеріске ұшырайды: яғни натуральдық ойдан, мәдени, немесе ұғым
арқылы ойлануға көшеді.
Ой операцияларының түрлері балалардың оқу әрекетінде әр түрлі
тереңдікте кездеседі. Төменгі топтағылар нақты затқа, не солардың
көшірмесіне (үлгісіне, суретіне т.б.) негізделе отырып, тапсырманы
орындайды. Сол затқа не оның көшірмесін көз алдынан алып кетсе, тапсырманы
орындау қиынға түседі. Ортаңғы, жоғарғы топтағылар бірте-бірте заттың жеке
қасиеттеріне, әсіресе негізгі белгілерін есінде қалдырып, соларды
мүмкіндікше топтастыруға үйренеді. Осының өзі сол заттың не оның көшірмесі
жоқ кезінде жабайы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Ал аталған операциялар - өзінше динамикалық болып тұратын процессуалдық
құбылыстар. Осы құбылыстар, яғни операциялар жүзеге асу үшін тиісті
бейнелерге елестету бейнесіне, не ұғымға негізделуі тиіс.
Мектеп жасына дейінгі балалардың бірте-бірте ой өрісінің қалыптасып
және заттарды тиісті ұғымдарға жатқыза алуына қалай өзінің ойын құрбылары
арасында дәлелдеуге үйрене бастайды. Ол не болса, соған көнбейді,
өзгелерден дәлел келтіруді талап етеді. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйелерге
(логиканың негіздеріне) сүйенеді. Сонымен қатар өзінің пікіріне, не берген
жауабына сынмен қарап: пікіріне не ісіне өзгерісінің бағыты тұрғысына қарай
алуға үйренеді. Әркім өзінің пікіріне не ісіне талдау жасап сынмен қарауды
рефлексиянық қарапайым түрі деп аталады. Рефлексияға не болу ойланудың
шарты және оның жемісі бола тұрып, оқу үстінде 7-11 жастағыларда қалыптаса
бастайды деу, бұл жастағылардың ақыл-ойының недәуір қалыптасып қалғанына
дәлел бола алады.
Ойлау процесі бірнеше кезеңдерден өтеді. Ол қажеттіліктен немесе
бірдемелерді түсіну, түсіндіру керектігінен басталады. Бұл, ойлау
әрекетінің бірінші кезеңі.
Ойлау процесінің пайда болуы үшін екі шарт қажет:
1) жаңа әдеттен тыс нәрсені белгілі нәрседен айыра білу;
2) бұл жаңа және бейтаныс нәрсені тануға: түсінуге, сырын ашуға ұмтылу.
Ойлау процесіні пайда болуында адамның қоршаған дүниеден байқаған жаңа,
белгісіз нәрселерге қызығуының да елеулі маңызы бар.
Күтпеген, бейтаныс жағдайлармен кездескенде адам алдына міндет қоя
білуі керек. Ойы жоғары дәрежеде дамыған, жеткілікті мөлшерде мол өмір
тәжірибесі бар ересек адамдар әдетте өздері-ақ міндетті аңғарады және
мәселе қоя біледі. Сөйтіп, олар үшін нені танып білу керектігі, яғни ой
нысанасы мен ой процесінің бағыты айқын болады. Ой әрекетінің міндетті
атқару және қоя білу сияқты бірінші кезеңі осылай аяқталады.
Ойлау процесінің келесі кезеңі қойылған мәселені шешу.
Анализ-синтез формасы әр түрлі формада болады, әр дәрежеде өтеді, бірақ
адам қандай ой міндетін атқарса да ол ылғи анализ-синтезді қолдайды.
Анализ – бүтінді бөлшектеп майдалау, мүшелеу, қайсыбір жақтардан, жеке
бөлшектерден, белгілерден бөліп қарау, ажырату, абстракиялау. Синтез -
бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау, бүтін құрау.
Анализ бен синтез ешуақытта бір-бірінен оқшау тұрмайды, біртұтас ой
процесінің екі жағын құрайды. Атап айтқанда, анализ бен синтездің өзара
байланысы мен өзара тәуелділігі ой процесінің мәнін, ядросын құрайды.
Анализ бен синтездің өзара қатынасы мынандай тәуелділіктерден көрінеді:
1. Анализ бүтіннің бөлшектерін, жақтарын, белгілерін ажыратуға ғана
емес, сонымен бірге бүтіннің осы бөлшектері арасында болатын байланыстарды,
тәуелділіктерді қатынастарды ашуға бағытталатындықтан бүтінді талдаудық өзі
әрі синтездеу болады.
2. Анализдік - синтездік процестің тұтастығы талдауға түпкі негіз бағыт
беретіндігінен және жасалынған жұмыс нәтижесінде тереңірек және толығырақ
танылатын сол негізді танудың құралы, жолы, тәсілі болатындығынан көрінеді.
3. Ой процесінің сәтті болуы яғни қойылған мәселені шешуге әкелуі оның
осы үш буыны бір-біріне сайма-сай болған жағдайда жүзеге асады.
4. Ойлау процесі, яғни талдау-синтездеу әр дәрежеде өтеді – ол не
заттарды қолға ұстап әрекет ету, оларды практика жүзінде мүшелеу және
біріктіру түріне жүзеге асады, немесе міндет көрнекі түрде қойылады.
Талдау – синтездеу ой процесінің негізі бола отырып, жеке сипатқа не әр
түрлі операцияларында көрініс береді. Ол операциялар мыналар:
Салыстыру – бұл қаншада салыстырылатын заттардың ұқсастығы мен
айырмашылығын анықтау.
Салыстыру жолымен балалар әр түрліліктің жалпылығы және ұқсастықтың әр
түрлілігін оңай табады.
Салыстыру – зат, құбылыс, оқиғаларды ойша топтаудың негізі.
Топтау – бұл салыстырудан барып шығатын күрделірек операция. Басты және
қосалқы ұқсас белгілер негізінде заттар класс, тек, түр сияқты топтарға
бөлінеді.
Жүйелеу – заттар мен құбылыстарды топтастыру, осы топтың ішінен одан
кіші топтар мен бөліктерді саралайды. Бұл – кішкене топтар да ортақ
белгілер негізінде құрылады, бірақ ол белгілер бұл түр, класс өкілдерінің
бәрінде кездесе бермейтін жеке белгілер болып келеді.
Жалпылау жалпылардың ең қарапайым түрі ұқсас заттарды олардың кездейсоқ
ортақ белгісіне қарай біріктіру болып табылады.
Нақтылау дегеніміз – жалпыланған білімді нақтылы жеке жағдайда қолдану,
бұл үшін осы жеке жағдайды тағыда талап, оның белгілі ереже, ұғым, заңға
сай келетін белгілерін айрықшалау керек.
Іс-әрекеттің және салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына
мүмкіндік беретін қабілетті арнаулы қабілет деп атайды. Бұған суретшінің,
музыканттың, актердің, спортшының, математика - ғалымның, ақын-жазушының
қабілеттерін жатқызуға болады. Соңғы кездері кейбір зерттеушілер қабілеттің
үшінші түрі деп практикалық іске қабілеттілікті айтып жүр. Бұған
ұйымдастырушылық, педагогтық, конструктивті-техникалық қабілеттерді
жатқызады. Қабілеттердің осы түрлері іс-әрекеттің басты сапаларына орайлас
бөлінеді.
Әрбір адамның іс-әрекеті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным
процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына,
сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау
жылдамдығына және адамның жеке даралық қасиетіне байланысты. Қабілеттілік –
адамдағы жеке дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан
айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын
былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы - көбінесе
музыканттарға, ал бойшаң болып келу – баскетболшы-спортшыларға тән
ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілетіліктің тек белгілі бір іс-
әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке
аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу,
оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының
жылдамдылығын неғұрлым жоғары деңгейге болса, спорт түрлерімен шұғылдануға
өзіндік әсері мен пайдасы тиуі даусыз.
Қабілеттіліктің өлшемі – белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында.
Қабілет адамнық іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне
жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға
мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни
адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.
Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызымет саласында және әрекетпен
үйрену үстінде көрініп отырады.
Ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек. Адам
қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты
қасиеттер де жатады. Дарындылық – адамның белгілі бір іске деген айрықша
қабілеттілігі, өмірдің қандайда бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі.
Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: қазақ даласында өздерінің ақындық,
әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Әсет, Мади
тәрізді басқа да таланттарадан есімдері осы кезге дейін ел есінде.
Қабілеттің жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады. Талант – адамның нақты
бір істі нәтижелі орындаудағы қабілеттінің біршама жағымды қасиеттерінің
өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы
әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді.
Адам қабілетіндегі, дарындылығы мен таланты одан әрі дамып, данышпандық
қасиетін тудырады. Бұл – адамның ақыл-асты мен іс-әрекетінің ең жоғары
дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет – адамның жалпы және арнаулы
қабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан
адамның іс-әрекет нәтижелері адамнық әлеуметтік өмірі мен қоғамдық
тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-
экономикалық т.б. салалардық өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи
дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон,
Әбу Нәсір, әл -Фараби сияқты ғұламалар, қазақтың Аблай хан, Төле би, Әйтеке
би, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.
Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет – адамның даралық
психологиялық қасиеті. Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын,
кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне
айналдырады. Психология ғалымында соңғы 1-1,5 ғасыр бойында адам
қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасу тәжірибесі зерттеулер арқылы
анықтала бастады.
Адам қабілетінің әр қилы болып келуі сигнал жүйелерінің
ерекшеліктеріне де байланысты. Жүйе әрекетінің жеке көріністеріне келуін
И.П.Павлов адамға тән жүйке қызметінің үш түрлі типі болады деп
тұжырымдады. Егер адамның нерв әрекетінде бірінші сигнал жүйесінің жұмысы
басым болса, оны өнерлі тип, ал екіншісі сигнал жүйесінің жұмысы басым
болса, ойшіл тип деп атауды ұйғарды. И.П.Павлов сигнал жүйелерінің
әрекеттің кез келген түрінен байқалады және олар өмірінде бір-біріне
ауысып, өзгеріп отырады. Бұл өзгеруі тәлім-тәрбиемен байланысты деп
көрсеткен. Л.В. Лурияның зерттеулерінде адамның қабілетінің оқу, ойын
барысындағы іс-әрекетпен байланысты екенін дәлелдеген.

1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой деңгейінің психологиялық
ерекшеліктері
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы
баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді
меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп
жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. Бес жасқа дейін
жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті, - деп
Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен[1].
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке
үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн
талабы.
Қазіргі Қазақстан балабақшаларында білім бері беру және тәрбиелеу
теориясы жөнінде бағыт нұсқаушы материалдармен қатар өткен мұраларға
барынша мұқият қарап, бүгінгі күн талабына сай талдап,оның ішінен пайдалы
ілімдерін ала білу ұлттық педагогика үшін аса қажет шарттардың бірі.
Бүгінгі таңда республикамыздың білім беру жүйесі ақыл-ой тәрбиесі
мәселесіне жете көңіл бөліп, педагогикалық-психологиялық зерттеулер арқылы
жас ерекшелігіне байланысты ақыл-ойдың қалыптасуы мен дамуына жол
салуда[2].
Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы
болып келді. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңінен
әрдайым орын алды. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары
бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты
игерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере
алатынын түсінді. Білімнің мәнін Ақылдан қымбат байлық жоқ, Ақылды сатып
ала алмайсың, Ақыл -тозбас киім,білім-сарқылмас бұлақ деген халқтың
даналық сөздерінен-ақ байқауға болады[3].
Бүгінгі күн талабы-баланың ақыл-ойын дамыту, ойлау қабілетін
жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай
ойын жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен
бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың
құралы - ойын әрекеті, яғни, ойын - баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын
тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға
берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек. Яғни, оқыту-
тәрбиелеу жұмысын бағдарлама талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра
отырып, баланың логикалық ойлау қабілеттін арттыруға жағдай жасау негізгі
міндет. Бала ойын барысында айнала құбылыс сырын танып сезінеді, себеп-
салдарлық байланысты және тоәуелділікті анықтауға тырысады. Ойын негізінде
ойлай отырып, тапсырмалары өзінше зерттеп, орындау, өзінше шешім жасау өз
ойындағысын айту жағдайларына мүмкіндік туғызылса ғана бала еркін ойлы,
өзіне сенімді, ерік-жігерлі, дүние танымы кеңейген, сөйлеу тілі жақсы
қалыптасқан, болашаққа қызығушылығы оянған дара тұлға ретінде жан-жақты
дами алады. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің дамуына
зерттеу әдістерінің тигізетін әсері өте үлкен. Қазіргі мектепке дейінгі
балалардың барлық ойлау қабілеттерін дамыту жолдарын ескере отырып
жасалған, оқулықтар мазмұны ойлауды дамытуға үлкен үлесін қосады. Дегенмен
осы проблеманы шешу үшін әр болашақ тәрбиеші ойлау қабілетінің
ерекшеліктерін, оны дамыту жолдарын, зерттеу әдістерін толық түсінуі қажет.
Мектепке дейінгі білім берудің алдында тұрған негізгі мақсат
–балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру,
оқуға ынтасын ояту. Мектепке дейінгі кезеңінде алған білімдерді бала өз іс-
әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-
салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне
бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы
ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын
дәлелдеуге үйрене бастайды. Ал ойлау қабілеттері белгілі зерттеу әдістеріне
сүйенеді. Мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілетін зерттеу әдістері
арқылы біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден – баланың
тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден – сөздік
қорының кеңеюі әсер етеді.
Ақыл-ойдың дамуы - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелік
ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және
сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы
шапшаң қарқынмен жүреді. Таным процестері жетіледі, бала ақыл-ой әрекетінің
қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың ақыл-ойы дамуын қамтамасыз ету оның
барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар, Ақыл-ойды дамыту әлеуметтік
ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадғылармен араласу барысында
тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан
ұғымдар жүйесін игереді. Ақыл-ойды неғұрлым тиімді дамыту, оқыту мен
тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл-ой
дамуының негізгі көрсеткіштері-білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау,
шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға қажетті танымдық қызмет
әдістерін меңгереді деп есептейді.
ІІ тарау. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой деңгейін
анықтауға арналған жұмыстар
2.1. Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой деңгейін
диагностикалау
Баламен жұмыс жасау барысында оның психологиялық ерекшеліктерін, даму
заңдылықтарын, механизмдерін білу өте маңызды. Отандық психологиялық
еңбектер атақты кеңес психологтары Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. Н.
Леонтьев, А. В. Запорожец, П. Я. Гальперин, Д. Б. Эльконин, Л. И. Божович,
В. С. Мухина, М. И. Лисина, Х. Т. Шерьязданова еңбектеріне сүйенеді.
Сонымен бірге, балалар психологиясын зерттеген шетелдік психологтардың
концепциялары да үлкен мәнділікке ие. Бұл концепциялар қатарына В. Штерн,
К. Бюлер, Ж. Пиаже, А. Валлон, Дж. Брунер және т. б. еңбектерін жатқызуға
болады.
Бала тәрбиесімен айналысатындардың балалардың жас ерекшеліктеріне
байланысты дамуын жан - жақты жақсы білуі, балалардың өмірін және іс -
әрекетін, ойыншықтармен және заттармен әрекет дағдыларын қалыптастыруға,
тілді меңгерудің алғышарттарын ұйымдастыруға мүмкіндік жасайды. Баланың
мектепке дейінгі жетекші іс - әрекет түрі ойын болып табылатыны белгілі.
Соған байланысты балалармен жұмыс барысында баланың ойлауын, тілін, қиялын,
еске сақтауын дамыту, қоғамдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамытуды жүзеге асыру
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттамасы
Баланың логикалық ойын дамыту
Мектепке оқуға дайындықтың психологиялық негізі
Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі бала ойлауының негізгі түрі
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТІЛІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ
Пәндер