Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау ерекшеліктерін дамыту жолдары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық техникалық колледжі

Бақылау жұмысы

Тақырыбы:

Мектеп жасына дейінгі баланың есте сақтау ерекшеліктерін дамыту жолдары

Орындаған: Мукатова А.

Тексерген:

Орал - 2013ж.

Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Балалардың есте сақтау қабілеттілігі мен психологиялық негіздері
2. Балалардың есте сақтау қабілеттерінің психологиялық ерекшеліктері
3.Есте сақтау қабілетін дамытуға арналған ойындар
4. Есте сақтауды зерттеу әдістері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бала есі біртіндеп ырықтылық сипатқа иеленіп, саналы меңгеріліп және
жанамалана бастайды.
Қабілеттік функцияларының қайта құрылуы, оның эффективтілігіне
қойылатын талаптарға негізделген. Оның жоғары деңгейі оқу іс-әрекетінде
пайда болатын әр тұрлі мнемикалық есептерді шешуде қажет. Естің оқу
барысындағы маңыздылығын П.П. Блонский былай жазды, "баланың негізгі
қызметі ойлана отырып меңгеру, және осы жастағы негізгі функциясы – ойлаушы
ес, яғни нені қалай есте сақтау, ойланумен бірге жүретін есте сақтау, және
нені қашан еске түсіру, ойлаумен бірге жүретін еске түсіру". Ойланушы ес –
логикалық ес. Енді бала көп нәрсені есте сақтауға, материалды жаттауға,
сондай-ақ жаттағанын есте ұстауға және ұзақ уақыттан соң қайта жаңғырта
білуі керек. Баланың есте сақтай білмеуі, оның оқу іс-әрекетіне, ең соңында
мектептегі оқуға деген қатынасына әсерін тигізеді.
Ес – ақпаратты есте ұстайтын, сақтайтын, қайта жаңғыртатын
психикалық функция. Есте сақтау көлемі, қайта жаңғыртуы, ес жылдамдығы
және т.б. нәтижелік жағы талданып тіркеледі.
Ес – тек тәжиірбенің жиналып, сақталу міндеттерімен ғана емес іс-
әрекет жүйесін ұйымдастыруда, уақыт қатынасына байланысты өзекті әрекеттер
жоспарының арақатынасымен байланысты жеке адамның құрылымы болып табылады.

Негізгі бөлім
1.Балалардың есте сақтау қабілеттілігі мен
психологиялық негіздері

Қабілеттік процестердің дамуының ең басты шарты, баланың мектеп
сабақтарына қызығушылығы, оның белсенділігі, жоғарғы танымдық мотивациясы
екенінде дау жоқ.
Бірақ бала есінің дамуына тек есте сақтауға арналған арнайы жаттығулар
ғана емес, соңдай-ақ сабаққа, жекеленген пәндерге деген қызығушылығын
қалыптастыруға байланысты көзқарастар даулы болды. Тәжірибе жоғарғы
психикалық функциялар ретінде ырықты естің дамуына тек бір ғана
қызығушылықтың аздық ететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі шақта естің
жетілуі ең алдымен оқу іс-әрекеті барысында есте сақтаған материалды
ұйымдастыру мен өңдеуге байланысты әртүрлі тәсілдер мен стратегияларды
меңгеруге негізделеді. Бірақ осындай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған
арнайы жұмыссыз олар стихиялы қалыптасады, жиі өнімсіз болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың ырықсыз есте сақтау қабілеттері, осы
кезең бойында әркелкі болады, балалар үшін материадды ұғына, ұйымдастыра
есте сақтағаннан гөрі, оны ешқандай есте сақтау құралдарынсыз өте жеңіл
есте ұстаулары тән. Сыналушылардың көпшілігі қалай есте сақтаудың, есте
сақтау процесінде не туралы ойладың, деген сұрақтарға көп жағдайларда жай
ғана есте сақтадым, деп жауап береді Мұның өзі естің нәтижелік жағына да
әсер етеді. Балалар үшін бірдеңе арқылы есте сақтағаннан гөрі, тек есте
сақтау керек деген бағыттылықты орындаған жеңіл
Есте сақтаудың ойлау тәсілдері ретінде мағыналы сәйкестендіру,
классификация, мағыналы негіздерді бөліп көрсету, жоспар жасау және т.б.
қолданылуы мүмкін
Балаларды осы тәсілдердің қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеуге
бағытталған арнайы зерттеулер, мнемикалық тәсілдерге үйретудің негізінде
ойлау әрекеті жататындығын көрсетеді. Ол екі сатыны біріктіруі керек: 1)
ойлау әрекетінің өзінің қалыптасуы; 2) оны мнемикалық тәсіл (есте сақтау
құралы) ретінде қолдану.
Осылайша материалды есте сақтау үшін классификация тәсілін қолданбас
бұрын классификацияның өзін ойлау әрекеті ретінде меңгеру керек.
Мектепке дейінгі шақтың әр кезеңінде балалардың мағыналы есте сақтау
тәсілдерінің динамикасын байқауға болады: егер екінші сыныпта олардың өз
бетінше қолдану қажеттілігі пайда болмаса, бастауыш мектептің соңына қарай
балалардың өзі оқу материалымен жұмыс істеу барысында, есте сақтаудың жаңа
тәсілдерін іздей бастайды.
Мектеп жасын дейінгі балалардың ырықты естерінің дамуында, осы жаста
есте сақтаудың белгілік және символдық құралдарды меңгерумен байланысты, ең
алдымен жазбаша жазу немесе сөйлеу және сурет салумен байланыстағы бір
аспектісін бөліп көрсетуге болады.
Жасқа байланысты ес өнімділігінің көрсеткіштері өзгеріп отырады. Олар
тез шаршайды. "Психикалық процестерді зерттеу (немесе функцияларды) олардың
бір-бірімен тығыз байланыста және бір-біріне ауыспалы екенін көрсетеді.
Мысалы: қабылдауды қарастырсаң оны естен, ойлаудан, эмоциялардан және т.б.
оқшаулауға жағдай жасаудың мүмкін еместігін көреміз. Реалды қабылдау
процесіне ес те, ойлау да және т.б. кіреді", деп жазды Б.Ф. Ломов 11.
В.Д.Шадриков ұсынған танымдық қабілеттер құрылымы, олардың
диагностикалық процедурасын да анықтайды. Нақтылы қабілетке сипаттама беру,
тек оның басқа қабілеттермен өзара байланысын ескергенде ғана мүмкін.
Мұндай диагностиканы практикада жүргізу мүмкін бе? Ол тым күрделі болмай
ма? Мұндай процедура қандай болу керек?, деген сүрақтарға, ол
эксперименталды тәжиірбелерге сүйене отырып, мұндай процедураларды
жүргізуге болатынын айтады. Ол үшін алдымен әр танымдық қабілеттерді
диагностикалап, сонан кейін алынған нәтижелерді регрессиялы талдау керек.
Нәтижесінде бір қабілеттің басқаларымен байланысын бейнелейтін регрессия
теңсіздік матрицасы шығады. Диагностикалаудың бұл тәсілі оларды талдаудың
жаңа сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді. Қабілеттер өз табиғатынан
динамикалы. Ол үнемі қозғалыста дамиды.

2. Балалардың есте сақтау қабілеттерінің психологиялық
ерекшеліктері

Қабілеттердің қалыптасуы мен дамуы диагностикалық құралдарды
жасаудағы негізгі сүрақ. Ес психологиясы тарихқа бай екендігі баршаға
мәлім. Егер ес процестерін түсінуге ретроспективті қарар болсақ, онда оның
құрылымын әртүрлі көзқарастар тұрғысынан анықтауға жасалған көптеген
талпыныстарды көреміз. Абстрактілі-теорилық трактовкадағы есті із ретінде
қарастырудан ес психологиясындағы іс-әрекет бағытына дейін есті зерттеудегі
шешуші қозғалысты іс-әрекет пен психиканың бірлігі туралы диалектико-
материалистік методологияның ортаңғы принципін тарату негізінде жүзеге
асты.
Қазіргі мінез-құлықта алдыңғы тәжірибенің қатысуы мен пайдаланылуы
есті білдіретіндігі туралы ой Л.С.Выготскийге жатады. Бұл көзқарас
тұрғысынан ес реакцияны сақтау мен қайта жаңғырту кезінде іс-әрекетті
береді. Бұл ойды Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, А.Р.Лурия эксперименталды
дамытты.
А.Н. Леонтьевтің "Ес дамуы" (1931) Л.С.Выготскийдің айтуынша
"естің дамуы оның қасиетімен түсіндірілмей, оның дамуы қасиетінен шықты"
деген алғашқы зерттеу жұмысы еді. Бұл жоғары психикалық функциялардың
жанамалылығы мен есте сақтау тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды.
Бұл заңдылық тура және жанама есте сақтау өнімділігіне, кішкентайдан
орта мектепке дейінгі жасқа қарай біртіндеп дивергенция болатын, орта
мектеп жасынан ересек сыналушыларға қарай конвергенция көрсеткіштерінің
көрінуінен байқалады. А.Н.Леонтьев "даму параллелограмы" деген атпен
белгілі зандылықта нақтыланған сыртқы құралдардың "айналуы" мен есте сақтау
тәсілдері туралы ережелерін жасап шығарды. Бұл заңдылық тура және жанама
есте сақтау өнімділігіне де кішкентайдан орта мектепке дейінгі жасқа қарай
біртіндеп дивергенция болатын, орта мектеп жасынан ересек сыналушыларға
қарай конвергенция көрсеткіштерінің көрінуінен байқалады.
А.А.Смирнов "есте сақтауда түсінудің ролі жалпыға белгілі", деп жаза
отырып, материалды терең, әрі айқын түсіну құралы ретінде көрінетін есте
сақтау мен ойлау процестерінің байланысын көрсетеді . Одан әрi А.А.Смирнов
ойлау әрекеті "өзінің әр алуан және күрделі көріністерінде" қайта
жаңғыртудың психологиялық ядросын құрайды, деп дәлелдейді. Есте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балалар - балалар мемлекетіндегі ерекше халық
Зерттеу пәні - Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процесі
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЕС ПРОЦЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектепке дейінгі кезеңнің психологиялық дамуының тарихи қалыптасу кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесінің қалыптасу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларда ойлау үрдісінің дамуы
Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін сабақ барысында дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың логикалық танымы үдерісін ойын әрекеті арқылы дамыту.
Пәндер