Мектепке дейінгі дайындық пен лекциялық бастауыш сатысы арасындағы математиканың білім мазмұнындағы сабақтастық
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Педагогикалық факультет
Педагогика және психология
кафедрасы
Бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі мамандығы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі дайындық пен лекциялық бастауыш сатысы арасындағы
математиканың білім мазмұнындағы сабақтастық
Орындаған: Аманғалиева А.Е.
Тексерген:
Орал, 2013ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш саты арасындағы сабақтастық
1.1. Балабақша мен бастауыш білім сатысының
сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Мектепке дейінгі қарапайым математиканың басқа ғылымдармен
сабақтастығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...8
2. Мектепке дейінгі ұйымдардағы және бастауыш сатыдағы математикалық
дайындықтардың ерекшеліктері
2.1. Бастауыш сыныптардағы математиканы
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 10
2.2. Балаларда алғашқы математикалық түсініктерді
дамыту ... ... ... ... ... ... ..15
2.3. Математикалық түсініктерді қалыптастыру және санай білуге
үйретудің әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін
алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет
пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан –
жақты жетілдіру қажет болып отыр. Білім беру және ғылым саласына елеулі
өзгерістер енгізіп жатқан қазіргі кезеңде мектепке дейінгі ұйымдар мен
бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті бүгінгі
күннің көкейкесті мәселесі. Осы өзгерістер білім саласының алғашқы сатысы
болып саналатын мектепке дейінгі ұйымдарда болашақ ұрпақтың дүниетанымын
дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, сәбилік шақтан бастап толық
жағдай жасауды, тәрбиелеумен білім беруге аса жауапты қарауды басты міндет
етіп қойып отыр. Аталған міндетті шешуде кезек күттірмейтін мәселелердің
бірі ретінде мектепке дейінгі тәрбие мен бастауыш білім берудің
сабақтастығын қамтамасыз етудің жолдарын айқындаудың маңызы зор.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2007 жылы “Жаңа
әлемдегі жаңа Қазақстан” халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері
арасында қуатты дамушы елу елдің қатарына қосылу межесі барша
қазақстандықтарға қуат беруде. Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті
елдер қатарына қосылуға бет бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы
мемлекетіміздің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен
мәдениетін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі
мен білімдерін арттыру қажеті туындап отыр. Мақсат, мазмұн бірлігі
неғұрлым тиімді деген әдістерді, оқыту құралдарын, балалар мен оқушылардың
жетістіктеріне қорытынды жасау және бағалауды таңдап алуға негізделген
білім берудің мектепке дейінгі, бастауыш буын сатыларындағы көп түрлі, көп
нұсқалы бағдарламалардың болмауы, осы сатылардың арасындағы байланыстың
жоқтығын көрсетеді. Берілген бағдарламаларда білімді игеру көлемі, жеке
тұлғалық, әлеуметтік даму деңгейлері ескерілмеген. Бастауыш буын мен
мектепке дейінгі білім беру бір-бірінен алшақ жатыр деуге болады.
Балабақша мен бастауыш буын сабақтастығын айқындауда біріншіден:
- аталған сатыдағы білім берудің өзіндік мақсаттарының айқындалуы,
білім мазмұнының бірыңғай, жүйелі құрылуы, баланың белсенді дамуы арқылы
білім берудің келесі сатысына көшудің тиімділігінің қамтамасыз етілуіне;
- екіншіден: білім беру жүйесінің әрбір әдістемелік компоненттерінің
байланысы мен үйлесімділігінің болуына назар аудару керек (мақсаты,
міндеттері, мазмұны, әдістемесі, ұйымдастыру түрлері).
Зерттеудің мақсаты. Мектепке дейінгі дайындық пен лекциялық бастауыш
сатысы арасындағы математикалық білім мазмұнындағы сабақтастықты анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі ұйымдарда және бастауыш сыныпта математиканы оқыту
әдістері туралы түсінік беру;
- алғашқы математикалық білімдерді дамыту туралы түсініктерін
қалыптастыру;
- математикалық білім мазмұнындағы сабақтастық туралы түсінік беру.
Зерттеудің мәселесі. Елдің болашағы оқу – тәрбие ісіне тәуелді.
Сондықтан да оқу – тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп,
жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана,
ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру
отбасының, балабақшаның және мектептің міндеті.
Бүгінгі күні математиканы оқытуда, біздіңше, қарапайым түсініктерді
қалыптастыру мен дамыту жолдарын анықтаудың негізі ретінде оқушының жеке
басының іс-әрекеттін қасиетіне деген қызығушылықтың ыңғайынан алған абзал.
Қарапайым түсініктерді қалыптастыру оқушылардың танымдық сұранысының
объективті көрінісі ретінде, яғни олардың шығармашылық есептерді орындауда
білімі, біліктілік және машақтарға ие болуларына бағытталған қауырт оқу
танымдық іс-әрекеті ретінде көрінеді. Осындай іс-әрекетті басқаратын,
қарастырылып отырған математикалық жағдайдың (ол әртүрлі есеп, тапсырмалар,
проблемалық мәселелер болуы мүмкін) шешімін табуда оқушының іс-әрекетінің
шығармашылық сипатында өрбуіне жетелейтін әдістемені жасау қажеттілігінен
туып отыр.
Зерттеу болжамы. Егер мектепке дейінгі мекемеде және бастауыш сатыда
математика сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған
алғашқы математикалық білімдерді дамыту әдісі пайдаланылса, онда балалардың
танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының
деңгейі жоғарылайды деген болжам бар.
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныпқа математикалық білім беру.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми
әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
- алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс – тәжірибесімен танысу;
- дәстүрлі оқыту әдістері мен ұсынылған оқыту әдісіне салыстырмалы
талдау жасау;
Зерттеудің ғылыми – практикалық пайдасы.
- ұсынылып отырған курстық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
пәнге қызығушылығын оятуға игі әсерін тигізеді және алғашқы математикалық
білімдерді дамыту туралы ұғымдарды сапалы игеруге көмектеседі;
- математикалық білімдерді дамыту ұғымын оқыту негізінде математикалық
элементтерді оқытудың әдістемесінің мектепке дейінгі мекеме мұғалімдерінің
іс – тәжірибесінде қолдануға кең мүмкіндіктің болуында.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. Мектепке дейінгі дайындық пен бастауыш саты
арасындағы сабақтастық
1.1. Балабақша мен бастауыш білім сатысының сабақтастығы
Сабақтастық даму кезеңдері мен сатылардың арасындағы ортақ мақсат-
міндеттер, ортақ мазмұнды байланыс, бұл байланыс олардың толық және жеке
жақтарының кейбір элементтерін сақтайтын тұтас жүйе. Жеке тұлғаның даму
кезеңінің үздіксіз білім беру деңгейлері мен сатылары нақты мақсаттарды
іске асыру жағдайлары мен талаптарының іске асырылуымен анықталады. Осының
барлығы бір ғана түпкі мақсатқа — баланы жүйелі сатылы дамыту, бір буыннан
екінші буынға неғұрлым сәтті өтуге бағытталуы тиіс.
Сабақтастық білім беруде:
- балалардың жеке тұлғалық дамуын қалыптастырып, олардың одан арғы
өмірлік қызметтерін қамтамасыз етеді;
- білім беру кезеңдерінде үздіксіз білім беру (балабақша-мектеп,
мектеп жоғарғы оқу орны);
- біртұтас білім беру жүйесінде осы кезеңдердің және оқыту түрлерінің
біртұтастығын ұйымдастыруға өз әсерін тигізеді.
Мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш сынып арасындағы сабақтастықтың
негіздемесі:
- балалардың білуге деген құмарлығын дамыту;
- балалардың өздігінен шығармашылық жұмыс тапсырмаларын шеше білу
қабілетін дамыту;
- балалардың интеллектуалдық және тұлғалық дамуына бағытталған
шығармашылық қиялын дамыту;
- тілдік қарым-қатынасын дамыту (құрбы-құрдастарымен, ересектермен тіл
табысып, сөйлесе білу).
Мектепке дейінгі буын сатысында мектепке дейінгі балалық шақтың
өзіндік құндылығы қысқартылады және балалардың жеке тұлғалық сапасының
негізі қалыптасады.
Мектеп өз жұмысын жоқтан құрмайды. Мектепке дейінгі балалардың
жетістігін қапсырып алып, балалардың жинақтаған әлеуетін педагогикалық
практиканы ұйымдастыра отыра дамытады. Сабақтастықтың осындай түсінігі
балалардың дамуы мен оқып үйренуін үздіксіз іске асырып отырады.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты бастауыш білім беру
мен мектепке дейінгі тәрбиелеу кабинеті екі буын арасындағы сабақтастықтық
бойынша жұмысты ұйымдастыруда келесілерді белгілейді:
✓ бала дамуының тиімді жақтарын қамтамасыз ететін үздіксіз білім
беру жүйесін құру, білім беру компоненттерінің келісімі мен
байланысы негізінде баланың табысты білім алуы мен тәрбиеленуі
(мақсаттары, міндеттері, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру
формалары);
✓ заман талабына сай мектепке дейінгі мекеме мен бастауыш білім
берудің мемлекеттік стандартын құру;
✓ мектепте оқуға бейімделуіне, әр баланың жеке тұлғалық дамуына
оң жағдай туғызу;
✓ мектепке психологиялық жағынан дайындығын қамтамасыз ету;
✓ жаңа шығармашылық шеберханалар мен жобалар құру.
1.2. Мектепке дейінгі қарапайым математиканың басқа
ғылымдармен сабақтастығы
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық
түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуы. Н.Құлжанова, М.Сәтімбекова оқу-
әдістемелік кешендері. 1996-2000-2005 жылдардағы "Балбебек" бағдарламасының
құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесінің мазмұны. (Балбөбек 1996 ж.) Сорос бағдарламасы - балалардың
шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы. Математика орталығы және
ерекшелігі. 1999 жылғы Астана-Алматы балабақшада 5-7 жастағы балаларды
мектепалды дайындау бағдарламасындағы қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастыру мазмұны.
Құлжанова Назипа Сағызбайқызы ХХ ғасырдың басында өз халқын ілімге,
мәдениетке шақырып, жаңалықтың жаршысы болған халқымыздың көрнекті
ағартушысы, алғашқы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың негізін қалаған
тұңғыш педагог, әрі – журналист-публицист.
Н. Сағызбайқызы 1888 жылы Торғай облысы, Жангелдин ауданында қазіргі
Торғай кеншары жерінде дүниеге келген. Балалық шағы қазақ ауылында,
еңбекші бұқараның ортасында өткен. Ол Торғай қаласындағы қазақтың тұңғыш
ағартушы-педагогі, демократ, ақын-жазушысы Ы. Алтынсарин іргесін қалаған
орыс-қазақ мектебін бітірген. 1902 жылы Қостанай қаласының Қыздар
гимназиясын бітіріп, 1903-1904 жылдары қайта Торғай қаласына келіп, өзінің
жастығына қарамастан 15 жасында әйелдер училищесінде мұғалімнің көмекшісі
болып еңбек еткен. Одан кейін Орынбор қаласындағы Мұғалімдер семинариясын
бітірген. 1905-1920 жылдары сол Семей Мұғалімдер семинариясында мұғалімдік
қызметте болған.
Назипа Құлжанова 1923 жылы мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру
жайлы Мектептен бұрынғы тәрбие кітабын жазған. Бұл Қазақстан оқу
комиссариатының тәрбие бөлімінің нұсқауымен және арнайы тапсырысымен
жазылған алғашқы авторлық туынды.
Аталмыш кітапқа алғысөз жазған қазақ халқының ұлы перзенті Ахмет
Байтұрсынұлы былай деген: Заман амалының жарысынан, заман көшінің
қатарынан қалмай өмір сүру үшін бүгінде адамға көп өнер – білім даярлау
керек. Автордың бұл еңбегі мынадай тараудардан тұрады: 1Күллі жер
жүзінде 2 Мектеп жасына толмаған бала 3.Мектеп жасына толмаған балаға
тәрбие не керек? 4.Мектептен бұрынғы тәрбиенің Россиядағы түрі 5. Бала
бақшасы деген не? Сол кездің өзінде шет елдердің мектепке дейінгі тәрбие
мен оқыту жұмыстарын зерделеу жүргізілгендігін осы кітаптың мазмұнынан
айқын көруімізге болады. Мысалға, Күллі жер жүзінде атты алғашқы
тарауында дүние жүзін мекен еткен Автор дамыған елдердегі бала бақшалардың
мән-жағдайын көрсетіп баяндай келе, қазақ тұрмысында бала бақшаның болашақ
ұрпақты тәрбиелеуде зор қызмет атқаратындығына зор сеніммен қарайды.
Сонымен қатар, Италия балабақшаларының балаларға арналған құрал-
жабдықтармен талапқа сай қамтамасыз етілгендіктерін, Швицарияның Цюрих
қаласындағы тастан жасалған мектептің бір жағында мектепке жасы толмаған
балалардың үйі бар екендігін және оның балалардың жас шамасына сай
құралдармен жабдықталғандықтарын бейнелейді.
Н. Құлжанова мектеп жасына толмаған бала тәрбиесінде ойынның ерекше
қызмет атқаратындығына айрықша көңіл бөліп былай деген: Балаға керегі –
ойын. Ең мағыналы, пайдалы мектебі, бар қызығы ойын. Ойында бала көрген-
білгендеріне еліктейді, үйренгендерін нығайтып, бекітеді.
Мектепке дейінгі тәрбие мазмұнын қоғам мүддесіне лайықты жаңартып,
бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иесін
дайындау мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясында қызмет
ететін ғалымдардың ( Н.Нұрахметов, М.Сәтімбекова, Б.Баймұратова,
Ә.Әмірова, Ғ.Дүкенбаева, Ф. Жұмабекова, С.Бәтібаева, Г.Өтебаева) еңбектері
нәтижесінде 1996 жылы Балбөбек бағдарламасы жарық көрді.

2.1. Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту
Кіші жастағы баларға математиканы оқытудың әдістемелік ерекшеліктерін
сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және
дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
Бастауыш сыныптардағы математиканы оқыту материалының мазмұны кіші
жастағы оқушылардың математикалық дайындығына, білім, білік және дағдылар
деңгейіне қойылатын талаптардың өзгер-уімен байланысты дәстүрлі модельге
елеулі түзетулер енгізген жаңа мектеп бағдарламасымен анықталады.
Өндірістік орындар қайта түлеп, жаңа әлемдік технологиялармен
жабдықталып, қарқынмен дамуда, ауылшаруашылық саласы артып, халқымыздың
әлеуметтік жағдайы жақсаруда.
Қазақстан бүгінде әлем таныған өркениетті елдер қатарына қосылуға бет
бұрған жағдайда демократиялық жолмен дамушы мемлекетіміздің қалыптасуы
жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениетін, еркін ойлау
қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімдерін арттыру
қажеті туындап отыр.
Оқыту міндеттері:
1) Балалардың мектептік өмірге бейімделуіне, ұяң болмауға, тілін
дамытуға көмектесу, мектепке дейінгі мекемелердегі дайындықтан өтпеуіне
байланысты өз қатарластары және үлкендермен сөйлесуге тарту;
2) Әр оқушының мектепке дайындық деңгейін анықтау;
3) Мектепке дейінгі кезеңде алған қарапайым білім, білік және
дағдыларын (ББД) айқындау, жүйелеу және толықтыру;
4) 10 көлеміндегі заттарды санай алу және сандарды оқытуға
дайындық ретіндегі заттардың реттік нөмірін анықтай алу біліктерін
қалыптастыру;
5) Теңдік және теңсіздік ұғымдарына дайындық ретінде
заттардың екі тобын салыстыру)
6) Қосу және азайту амалдарын оқытып үйретуге, сондай-ақ сан
ұғымын анықтауға тірек білім болып табылатын заттардың екі тобын біріктіру
және топтан бірнеше затты бөліп алуға үйрету;
7) Шама және сан ұғымдарын оқытуға дайындық ретіндегі
заттардың ұғындықтарын салыстыру, заттың, кесіндінің ұзындығын өлшеу және
өлшем бірлігі – 1 см-ді енгізу сияқты ұғымдарды меңгеру;
8) Геометриялық фигуралардың қарапайым түрлері, заттардың бір-
біріне қатысты орналасуымен және амалдар мен әрекеттің өту ретімен
кеңінен таныстыру;
9) Бүтін және бөлшек ұғымдарына дайындық ретінде фигураны
бөліктерге бөлу және оны бөліктерден қалыптастыру;
10) Дәптермен жұмыс істеу: оның беттерін шамалай алу, жаза білуге
дайындық ретінде қарапайым элементтерді жазуға үйрету.
Осыған байланысты бастауыш сынып оқушыларының математикалық
сауаттылығын қалыптастыруда ең алдымен математикалық ұғымдарды
қалыптастыру. Оқушыны мектепке оқытуға бейімдеу: өзіңмен тең санап,
әңгімеге тарту арқылы тілін дамыту (мұғалімнің шыдамдылығы, қамқорлығы,
сүйіспе-ншілігі қажет); оларды зейін қоя тыңдауға, тапсырма бойынша
әрекеттер орындауға, сұрақтарға жауап беруге үйрету.
Оқушылардың мектепке дайындық деңгейін – олардың қарапайым ұғымдар
жайлы білімдерін анықтау, бала: санай біле ме және нешеге дейін санайды?
Заттарды санай ала ма және қалай санайды? Заттарды сыртқы белгілеріне:
түсіне, мөлшеріне, пішініне қарай ажырата ала ма? Заттардың екі тобын
салыстыра ала ма: артық, кем, сонша терминдерінің мәнін түсіне ме?
(Мысалы, қай дөңгелек артық: көк пе әлде қызыл ма? Суретте қанша шаршы
болса, оң қолыңа сонша таяқша ал). Заттардың екі тобын біріктіре ала ма
және заттардың жиынтығынан екі топ жасай ала ма? Геометриялық фигуралармен
таныс па? Кеңістік түсінігі қандай деңгейде (Шалқан, Үйшік ертегілері
бойынша: кейін, жанында, арасында, оң жақта, сол жақта, жоғарыда, төменде
т.б.). Кеңі-стіктегі заттардың орнын анықтай ала ма? Нәтижелері сабақты
ұйымдастыру жәнежеке-дара жұмыс жүргізу үшін арналған кестеде көрсетіледі.
1. Білім, білік, дағдарларды анықтау, жүйелеу және толықтыру:
а) бақылау арқылы әртүрлі белгілеріне (түсіне, пішініне, мөлшеріне)
қарай ажырата алу білігі төмендегі: бірдей, пішіндері әртүрлі сөз
тіркестерін, сондай-ақ ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, кең-тар, биік-
аласа, үлкен-кіші, жоғары-төмен, ең ұзын- ең қысқа, т.б. ұғымдарын
игеру жүзеге асырылады; Тез фигура құрастыр, Не өзгерді?, Екі бірдей
фигураны тап, Қандай?, Геометриялық лото сияқты балалар ойындарын
қолдануға болады. Таратылатын материалмен (санау матер-иалдары мен қағаз
парақтары) жұмыс: жолақшаларды (ұзындығы және ені бойынша) салыстыру;
ә) кеңістік түсініктерді қалыптастыру: жоғары, төмен, жоғарыда,
төменде, сол жақта, оң жақта, солдан оңға қарай, алдында, артында,
арасында, жанында, жоғары жақтан, төмен жақтан, ішінде, артынан, алдынан
және т.б.
б) уақыт жайлы түсінікті анықтау: ерте, кеш, алдымен, содан соң, одан
соң, басында, соңында, таңертен, түсте, кешке, күндіз, түнде және т.б.
Циклдік уақыт ұғымдарын бекіту: тәулік өзгеру (кеше, алдыңғы күні, бүгін,
ертең, бүрсігүні) және жыл мезгілдерін (қыс, көктем, күз, жаз), сондай-ақ
тәулік бөліктері (таңертен, күндіз, кеш, түн). Уақыт түсініктерін
бейнелейтін Бауырсақ, Үйшік, Шалқан, ертегілерін және сиқырлы
терезе ойынын қолдануға болады. Оқулықпен жұмыс: уақыт аралығы жайындағы
түсінік қоршаған ортада болатын қандай да бір мысалды келтіру барысында
қалыптастырылады. Мысалы, өсімдіктің тұқымын себу, оның көктеуі, өсуі,
гүлдеуі, және жеміс беруі немесе оқушының күн тәртібі.
Математикалық ұғымдарды оқытудың мазмұны мен әдіс-тәсілдерін
анықтаудың теориялық жағымен бірге практикалық та маңызы бар.
Қазіргі ғылым мен мәдениеттің өркендеген кезінде, әсіресе математика
ғылымының дамуы барысында оқу-шыларды математика ұғымдарын оқумен бірге
өзінің ойын жеткізе білуге, оқыған математикалық ұғымдарды дұрыс тани
біліп, қолдана алуға баулудың маңызды айрықша екендігі белгілі. Сондықтан
оқушыларды математикалық ұғымдарды біліп қана қоймай, оның қолдану
ерекшеліктерін тани алуға, оларды практикалық жұмыстарында қолдана алуға
үйрету қажеттігі келіп туады.
Нумерацияны оқып үйренгенде оқушылар мыналарды оқып меңгеріп алулары
керек:
- біріншіден, санағанда әрбір сан алдыңғы санмен бірліктен, сондай-
ақ сан мен бірліктен, қалай жасалатынын;
- екіншіден, әрбір сан қалай аталады және ол баспа және жазба
цифрмен қалай белгіленетінін;
- үшіншіден, әр сан санағанда тікелей өзінің алдында тұрған
саннан қанша үлкен және тікелей өзіне кейінгі саннан қанша кіші
болатынын;
- төртіншіден, 1-ден 10-ға дейінгі сандар қатарында қандай орында
тұратынын, оны санағанда қай саннан кейін және қай саннан бұрын
айтатынын.
Математикалық сауаттылықты қалыптастыра отырып, оның қыр-сырын
толығымен түсіндіре жалпылау. Соған байланысты математикалық сауат-тылықтың
ең дұрыс та нақты айтылу мен жазылуын еске ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz