Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Орал гуманитарлық техникалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір
салтын қалыптастыру

Орындаған: топ студенті
Жетекші:

Орал, 2013ж.
Мазмұны

Кіріспе
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
ерекшеліктері
1.1. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимыл-қозғалыс
ойындарының ерекшелігі
1.2. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың салауатты өмір салтын
валеология құралдарымен қалыптастыру
1.3. Балалардың гигиеналық тәрбиесі
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы
2.1.Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің әсері.
2.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының пәні
2.3. Салауатты өмір сүру мәселелерін оқу іс-әрекетінде қолдану
әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі –
дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені
жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары
деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік,
эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің
елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын
педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Зерттеу өзектілігі: Ел басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан 2030
стратегиялық даму бағдарламасында Салауатты өмір салтын ынталандыру
әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға,
есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария
шараларын сақтауымызға және Т.С.С. бағытталған делінген.
Салауатты өмір салтының балалар арасында қалыптасуының маңызы өте зор.
Салауатты өмір тіршілігі –денсаулықты сақтаудың және нығайтудың негізгі, ол
жан-жақты дамыған азаматтың қалыптасуына, оның рухани, дене дамуына әсер
етеді.
Денсаулыққа кері, жағдайсыз әсер ететін көптеген факторлар бар: аурып
жазылу; никотин мен алкогольге құмарлық; еңбектің, тұрмыстың жайсыз
жағдайларының созылмалы әсері; дұрыс тамақтанбау (оның жеткіліксіздігі және
шамадан тыс көптігі); көңіл күйдің жылдам ауытқуы, ауаның, судың бұзылуы
және тұрмыс химиялық заттарын орынсыз пайдалану. Осы факторлардың ішінде
бірінші қатарда қимыл-қозғалыстың аздығы.
Салауатты өмір тіршілігінің негізгі бағыттарының бірі – қимыл-қозғалыс
деңгейі. Адам тіршілігіне ауа, су, тамақ қандай керек болса, белгілі
деңгейдегі қозғалыстың да маңызы сонша, оны өмір сүрудің ең басты
шарттарының бірі ретінде есептейді. Табиғаттың өзі адамның қолында
физиологиялық теңдесі жоқ, денсаулық тәсілін беріп отыр, ол – қимыл –
қозғалыс, дене жаттығулары. Бәрі де адамның ынтасына, ықыласына, жігеріне,
әркімнің өз басына, жауапкершілігіне тікелей байланысты. Адам ағзасы атадан
атаға, бір адамның даму кезеңдеріне қимыл қозғалыстың әсерінен қалыптасады.
Қимыл –қозғалыстың аздығы (гипокенезия) денсаулықты бұзатын себептердің
бірі.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және
өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен
сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады.
Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің
мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын
талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік
қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары
жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің
жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір
бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және
оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып
біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір
қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып
табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға
сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі
кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен
байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан
саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау
процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан
информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс
ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және
алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып
табылады.
Зерттеу обьектісі: мектепке оқыту және тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру түрлерінің
тәсілдері арқылы балалардың денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын
қалыптастыру әдістемесі.
Зерттеу мақсаты: Балалардың дене тәрбиесі пәні салауатты өмір
тіршілігіне әртүрлі көзқарастардың себебін ашу және балалардың дене
шынықтырумен шұғылдануына кедергі келтіретін факторларды нықтау.
Зерттеудің болжамы – балалардың спорт түрлерінің тәсілдері арқылы
денсаулығын қалыптастыру оған әсер ететін бүкіл компоненттер жиынтығын
салауатты өмір салтын қалыптастыруға әсер ететін тәрбие процесіне жүйелі
түрде енгізу жолдары арқылы іске асуы мүмкін, оған қоса ұлттық спорт
түрлерін дамыту тұжырымдамасын жасау, жарыс ережелерін жетілдіру және осы
процеске республикамыздың тәрбиеші - оқытушылар мен жаттықтырушыларын,
мектепке дейінгі мекемелерін, жалпы білім беретін мектептер мен спорт
мектептерінің ұстаздарын жұмылдыру.
Зерттеу міндеттері:
1) балалардың қозғалыстарын жетілдіру;
2) қимылдық және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік
сияқты қасиеттерін қалыптастыру;
3) сауықтыру, білім беру, тәрбиелік міндеттілік бағытты сақтай
отырып, жас ерекшеліктерін ескере нақтылау;
4) балалардың өмір қорғау және денсаулық нығайту, организмін шынықтыру
әдістемесін дене шынықтыру тәсілдері арқылы тәжірибелік тұрғыдан негіздеу.
5) Мектепке дейінгі балалардың салауатты өмір салтын дұрыс
қалыптастыру.
6) Балалардың дене тәрбиесі сабағына және салауатты өмір салтына
әртүрлі көзқарастардың себебі.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы зерттеу нәтижелерін мектепке дейінгі
мекемелердегі оқу – тәрбие процесінде практикалық тұрғыдан пайдалана білуде
болып отыр.
Зерттеу құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
ерекшеліктері
1.1. Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда қимыл-қозғалыс
ойындарының ерекшелігі
Қазіргі таңда әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – бала денсаулығы.
Республика көлемі бойынша статистикалық мәліметтерге қарағанда мектепке
жасына дейінгі жас балалардың 85%-ке дейін әр түрлі аурулардың белгілері
кездеседі. Яғни біздің қазіргі кездегі елімізде экологиясы жағынан күннен -
күнге нашарлап бара жатқаны бәрімізге мәлім. Сондықтан соңғы жылдары
мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие процесінде балалардың психикалық дамуы
мен тәрбиеленуіне, денсаулығын нығайтуға, олардың салауатты өмір салтын
сақтау әдеттерін қалыптастыруға ерекше мән берілуде әр адамның өзі үшінде
мемлекет үшін де денсаулық шешуші саясат және демографиялық мүдденің
түйіні.
Қазақ халқының ұлттық ойындар туралы қарастырылған ғалымдар:
Ж.Ембергенова, Д.В.Хухлаева, А.И.Левшин, З.М.Богуславская, Е.О.Смирнова
және т.б.
Салауаттылық өмір салтын сақтау дегеніміз не? деген сауалға зерттеуші
Ж.Ембергенованың мына тұжырымдарын айтуға болады:Салауатты өмір салты
дегеніміз-адамның өмір сүруі үшін қажетті іс-әрекеті мен қызметіндегі ақыл,
зерделілігін, парасат, байсалдылығын, сабырлы сана-сезімін, жалпы адамның
рухани деңгейін көрсететін жеке тұлғалық мінез-құлық нормасы мен өмір сүру
тәсілінің жүйесі,-дейді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда салауаттылық
туралы білім, іс-әрекет және дағдыларды игеру жөнінде арнайы нақтылы бағыт
болуы аса маңызды екенін айтады[1].
Ал қазақ халқының ұлттық ойындарының ерекшелігі жайлы мына ғалымдардың
еңбектерінен көрініс табуға болады:
Д.В.Хухлеваның пікірінше , дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастыған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы нақ
көрінеді., сондықтан дене тәрбиесі күнделкті қажеттілік болумен қатар
денсаулықтың, шыдамдылықпен тез қимыл іс әрекеттің символы болып
табылады[2].
А.И.Левшин қазақ халқының шыдамды, мықты болып өсетінін еңбегінде
былай бейнелеген: қазақ халқының өмірі үнемі мал бағумен, табиғатпен,
таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі олардың дене бітімінің зор, күшті
болып өсуіне себепкр болған. Сондықтан да олар суыққа, ыстыққа төзімді,
көп жасайды.Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген. Олар үшін атқа
шабуыл гимнастикалық жаттығулардың бір түрі сияқты болып кеткен-деген[3].
З.М.Богуславская, Е.О.Смирнованың еңбектерінде 3-4 жастағы балалардың
ой-өрісін дамытып, дене қимылын жақсартатын ойын түрлерін ұсынады. Олар
дамыту ойындарының бірнеше талап бағыттарын көрсетеді.Аталған авторлардың
айтуынша: бала ның ой-өрісінің жан-жақты дамуына ойын элементтерін дене
тәрбиесі сабақтарында аз-аздан еңгізе отырып, келесі сәтте ойлану
ойындарына өтіп оқу –тәрбиелік процесінде жалғастырған жағдайда ол өз
жемісін береді деген пікір айтқан[4].
3-5 жас аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты
фактор оның қимыл-қозғалыс әрекетінің қаншалқыты дұрыс жолға
қойылғандығымен байланысты. Себебі қимыл қозғалыс жаттығулары бұлшық
еттерге қан жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс
бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін
қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан мектеп
жасына дейінгі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс жоспарлап оны іске
асыру балалардың қимыл дағыдыларын дұрыс қалыптастыруға, саналы
қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейміделу қабілетіне әсер етеді.
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса да балалдарда гиподинамия немесе
бұлшық ет қозғалыс белсенділігі төмендейді. Сондықтан мектеп жасына дейінгі
балаларға тән осы мүмкіндлікті пайдалана отырып, олардың салаутты өмір
салтының дұрыс қалыптасуына ұтымды құрал ретінде ұлттық ойындардан
құралған қимыл-қозғалыс элементтерін оқыту процесіне енгізу қажет деп
санаймыз.
Қимыл-қозғалыс ойындары , мысалы Көрші, Ақ серек, көк серек, шыт
тастау, ине жасырмақ, белбеу тастау қазақ халқының ежелгі ұлттық
ойындары бала денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, батылдыққа,
ептілікке, төзімділікке, дер кезінде тез ойланып, тиімді амал, ақылды
шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.
Ертеден келе жатқан спорттық қимыл-қозғалыс ойындарының бірі- қазақша
күрес. Екі топтан шыққан екі бала қоян-қолтық ұстасып, аяқтан шалу,
жамбасқа түсіру, көтеріп алып жауырынға жатқызу тағы сол сияқты айла-
тәсілдер қолданып, бір-бірінің жауырынң жерге тигізгенге дейін күреседі.
Бұл қимыл қозғалыс ойындары баланың денесін, бұлшәқ еттерін жатықтырып
қана қоймайды, сонымен бірге ойын үстінде баланың өзін-өзі жатықтыруға
үйретеді.Соның нәтижесінде баланың нақтылы мақсатқа,яғни ойынға қатысқан әр
баланың алдына жеңіске деген ұмтылысы пайда болады.
Балардың белсенділігі артып, алдына қойған мақсатына жетуге деген әрік
қайраты арттады. Олай болса, мектепке дейінгі оқыту процесінде барлық дене
тәрбиесі жаттығуларын, соның ішіндеұллтық ойындарды тиімді ұйымдастыруды
бала денсаулығын нығайтудың зор мүмкіндігі ретінде қарастыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындары адам ағзасы үшін өте маңызды бағасы жоқ
сауықтыру, денсаулықты нығайту, салаутты өмір салтын қалыптастырудың бірі.
Адамның морфологиялық-физиологиялық дамуында, эндогенді, экзогенді
факторларға қарсы тұруына, тұлғаның жалпы салауатты дамуына тигізер маңызы
мол.
Қазақтың ұлттық ойындары ептілікті, ширақтылықты,
тапқырлықты,шапшандылықты, өжеттілікті және т.б. қасиеттерді талап етеді.
1.2. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың салауатты өмір салтын
валеология құралдарымен қалыптастыру
Бұл сәби жастан басталуы мүмкін бе? Деген сұраққа иә белгілі бір
жағдай туғызып жасауға болады. Бала өмірін арнайы ұйымдастырылған
салауатты өмір салтын қалыптастыру. Бұл үшін сабақта, ойын барысында,
күнделікті өмірде балаға жеткізе білу керек. Адам бала кезінен бастап өз
ісіне жауаптылық, қалыптасу деген ұғымға жауапкершілікпен қарайды. Егер
бала бұл процесте енжарлы болса оның қалыптасуы мен денсаулығы да өзгереді.
Сондықтан кіші жастан бастап денсаулықты сақтау және оның жүйелігіне
қызығушылық туғузу қажет.Бірақ бала денсалығын нығайту үшін ұмтылмайды. Ол
үшін жеке тұлғаға тиісті белгілі бір жасына сәйкес өзін өзі дамыту және
өзін өзі сақтау техналогия қалыптастыру қажет. Ол күнделікті біздің
таңғы гимнастика, сергіту сәттері, қимылды ойындар, серуен. Денсаулықты
сақтау оқыту прцесі бала дамуына белсенді қозғалысқа, қуатты ынталандыру,
ақыл – ой және эмоционалдық белсенді болып табылады. Нақтырақ тоқталсақ
денсаулыққа ынталандыру, дені сау өмір әрекетіне қамтамасыз ету дағдылары
мен іскерлігін қалыптастыруға баланы дене тәрбиеге деген қызығушылықтар
пайда болады. Кейінгі уақытта білім беру жүйесінде валилогия негізі
қалыптасты. Осы негізге сәйкес педагогикалық процесте бала денсаулығы ең
басты құндылық болып саналады.
Валеология – денсалықты сақтау, денсаулықты қалыптастыру заңдылығы
болып табылады. Валиология негізін қалаушы деп орыс ғалымы И.И.Брехман. Ол
1982 жылы өз тәжірибесінде денсаулығы бар адамдарды практикаға алды.
Валилогия пәнінің негізі болып дені сау адам және оның денсаулығын нығайту
болып табылады. Мектепке дейінгі мекемеде валиология пәнінің мақсаты
гигиеналық тәртіптер мен нормалар, денсаулықты сақтау және салауатты өмір
салтын қалыптастыру болып табылады. Олар: қозғалмалы еңбек, рационалы
демалыс, шынықтыру процедурлары, дене тәрбиесі мен өзін –өзі дамыту,
рационалды және дұрыс тамақтану, жеке дара гигиена, уақытында дәрігерге
көріну т.б.
Балабақшада салауатты өмір салтын қалыптастырудың міндеттері:
1.Адам табиғат пен қоғамнның бір бөлігі деген жүйелік бойынша
балаларды тәрбиелеу.
2.Баланың өлі және тірі табиғатпен үйлесімді қарым қатынасын
орналастыру
3.Жеке тұлғаның қалыптасуы
4. Жеке дара гигиеналық тәрбиесі
5.Баланы шынықтыру және оның белсенді қозғалысы
6. Зиян қылықтарды жою және оны алдын – алу.
Валиология курсын ата- аналармен бірлесіп өткізу өте тиімді. Ата-
анамен бала арасындағы қарым –қатынастын проблеммасын ойын және әртүрлі
методикалық ойындар арқылы шешуге болады.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде денсалық бұрышын Дені
сау балақай!, балалармен жеке дара жұмысқа қоса альбомдар ашуға болады.
Мысалы: Есіне сақта балақай!, Назар аудар балақай!, Таңғажайып
лабиринт. Балбақшада салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін арнайы
физминуткалар жасауға болады.
1.3. Балалардың гигиеналық тәрбиесі
Балаларды жеке және қоғамдық гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу -
олардың денсаулықтарын қорғауда тұрмыстық, қоғамдық мінез-құлықтарының
дұрысқалыптасуында маңызды орын алады. Ақыр түбінде балалардың гигиеналық
ережелері және мінез-құлық нормаларына қажетті білім мен дағдыларын үреніп
– орындауларынан, олардың ғана денсаулықтары ғана емес, сонымен бірге басқа
балалардың, ересектердің денсаулықтары да тәуелді,байланысты болады.
Балалармен күнделікті жұмыс процесінде олардың жеке гигиена ережелеріг
орындаулары үйреншілік әдетке айналып, ал есейген сайын гигиеналық дағдылар
үнемі жетілулері керек.
Әуелі балалар қарапайым ережелерді орындауға үйрену керек: тамақ
алдында, дәретханадан, ойыннан, серуеннен, т.б. іс-әрекеттен кейін
қолдарын жуу. 2 жасар бала тамақтан соң аузын ауыз сумен шаю әдеттеріне
дағдыландырылады, әрине балаларды осыған алдын-ала үйреткеннен кейін ғана.
Ортаңғы және ересек топ жасындағы балалар жеке гигиена ережелерін орындауға
жетік түсіне қарауы қажет. Өз беттерімен қолдарын жуу, көбік шықанша
сабындау және құрғата сүрту, жеке орамал, тарақ, ауыз шаятын стақанды
қолдану және барлық заттарды таза болуын қадағалауы керек.
Жеке гигиеналық дағдыларын қалыптастыру – баланың үнемі ұқыпты боуын,
киіміндегі ақаулықты өздігінен немесе ересектің көмегімен жою икемдігілігін
жорамалдайды. Гигиеналық тәрбие және үйрету мен мәдени мінез-құлық тәрбиесі
тығыз байланысты.Сондықтан сәбилер тобынан бастап балалар тамақтану кезінде
үстел басында дұрыс отыруға, тамақты мұқият және баяу шайнап, асхана
аспаптары мен сүлгілерді қолдана алулары үйретіледі.
Ал асханадағы кезекшіліктер, тек қана үстелді дұрыс жабдықтап қана
емес, сонымен бірге кезекшілікке кіріспес бұрын міндетті түрде қолдарын
тазалап жуу, өзін тәртіпке келтіру, шашын тарауы керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларына тәрбиелеу міндеттерін шешуге көптеген
педагогикалық тәсілдерді баланың жас шамалық ерекшеліктеріне қарай
қолданылады. (Тура үйрету, көрсету, іс-әрекеттерді орындау жаттығулары,
дидактикалық ойындар, т.б.)
Ең бастысы балаға мәдени-гигиеналық немесе жеке-гигиеналық дағдыларды
бойына сіңдіру үшін оған гигиена ережелерін жүйелілігін сақтау керектігін
үнемі естеріне салып отыру және қойылған талаптарды біртіндер күрделендіру
қажет. Жәнеде әрекеттерді нақты да дәл орындауына бірізділікпен жету
керек.
Мәдени-гигиеналық дағдыларды сәбилер тобының балалары арнайы
бағытталған ойын әрекеттері арқылы оңай меңгереді, ал ересек тобында сөздік
және көрнекілік тәсілдер арқылы, алуан түрлі мазмұнды каринкалар, белгілер
арқылы үйретіледі. Мәдени-гигиеналық тәрбие дене тәрбие, айналамен
таныстыру және экология сабақтары арқылы өткізіледі, онда көбінесе
дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындар және кішкене қойылым, рөлдерді
бөлісіп ойнау әдіс-тәсілдері қолданылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбиеші (кезкелген ересек адам) үлгі
екенінде ұмытпаған жөн. Сондықтан ересектердің жағынан балаларға қойылатын
талап бірдей болуы керек.
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы
2.1.Мектеп жасына дейінгі балаларға дене тәрбиесінің әсері.
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін сапалы дәрежеге көтеру
қазіргі Қазақстанның білім беру саласындағы өзекті мәселенің бірі болып
табылады. Осы маңызды жұмысты іске асыру барысында тарихи ел арасында
қалыптасқан ұлттық халық ойын түрлерін баланың денесін шынықтыру барысында
ұтымды пайдалануды зерттеу маңызды сала болып табылады, себебі халық
арасында таралған ойындар баланың сүйіп ойнайтын және оның күш-жігерін
жетілдіретін әсерімен ерекшеленеді.
Соңғы жылдарда зерттелген көптеген ғылыми еңбектердің негізгі
тұжырымдамасы бойынша осы мектеп жасына дейінгі балалардың дене шынықтыруын
нақты бір мақсатты бағытпен дамытқанда ғана денсаулығы нығайып, жұмыс жасау
қабілеті дамып жеке тұлға болып қалыптасуына тікелей әсері бар екендігі
дәлелденуде.
Неміс ғалымы В. Зигердің дәлелдеуінше: Дене тәрбиесін қоғамдық
құбылыс, мәдениет пен тұрмыс салтының құрамдас бөлігі, адамдардың нақты
тарихи әлеуметтік топтарының тәрбиесі ретінде айтқанда, біз тәнді
жетілдірудің әлеуметтік-мәдени жағдайларының, сонымен қатар белгілі-бір
қозғалыстың дамуына дұрыс мән берілуі қажет екендігін көреміз [1].
Қозғалмалы ойындарды дене шынықтыру сабақтарына кеңінен пайдалануды
орыс ғалымы П.Ф. Лесгафт ұсынды. Ол балаларды ауыр гимнастикалық
жаттығулардан сақтандыруды, оның орнына табиғи қозғалысты ойынды
пайдалануды орынды деп дәлелдеді.
Лесгафт ойынның әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншіліктерін бағалай
отырып ойын арқылы тәрбиелеуді, балаларды өз бетімен жұмыс істеуге
үйретудің жолы және қоғамдық пікірлердің маңызын бағалай білуге бір-бірімен
жолдастық қатынас орнатуға, шындыққа баулуға, ойын барысында өздерін реттеп
отыруы үшін ойын керек деді [2].
3-5 жас аралығындағы баланың денесін шынықтыру кезінде басты фактор
оның қимыл әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандығымен байланысты
себебі мақсатты орындатқан қимыл-қозғалыс жаттығулары бұлшық еттерге қан
жүгіртіп, ағза қорегін арттырады.
Балалар үшін қозғалыс әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қозғалыс
бала үшін үлкен бір қуаныш көзі, сондықтанда қимыл күші оның денесін
қатайтумен қатар психикалық дамуына үлкен әсерін тигізеді.
Бала қозғалысы туралы Мағжан Жұмабаев былай дейді: Адам неғұрлым жас
болса солғұрлым қозғалуды көп тілейді, дені сау бала бір минут тыныш отыра
алмайды. Күні бойы шаршау білмей, ойнайды да жүгіреді [3].
Адамның денесі мен ақыл-ойының дамуына дене қозғалысы күшті әсер
етеді. Баланың қозғалыс белсенділігіне бөгет жасағанда оның дамуы
нашарлайды және кешігеді.
Күнделікті тіршілікте орындалатын қимылдардың қосындысын адамның
қозғалыс белсенділігі деп атайды. Қозғалыс белсенділігі ұйымдастырылған
және ұйымдастырылмаған қимылдардан тұрады. Ұйымдастырылған қозғалыс
белсенділігіне дене шынықтыру және спорттық жаттығулар белгілі еңбек
әрекеттері жатады. Ал ұйымдастырылмаған қозғалысқа түрлі ойындар кезіндегі
баланың өз тарапынан жасаған қосымша қозғалыстары жатады.
Бала ағзасы үшін ұйымдастырылған қимыл-қозғалыстардың маңызы зор,
деп жазады Ж.Д. Демеуов бастаған бір топ ғалымдар. Сондықтанда мектеп
жасына дейінгі мекемелердегі балалардың мұндай қозғалыстарын дұрыс
жоспарлап оны іске асыру балалардың қимыл дағдыларын дұрыс қалыптастыруға,
саналы қозғалыстарды көбейтуге, ағзаның бейімделу қабілетіне әсер етеді.
Ұйымдастырылған қозғалыстар аз болса балаларда гиподинамия немесе бұлшық ет
қозғалыс белсенділігі төмендейді [4].
Келесі ғалым А.Б. Нурлыбекова өз еңбектерінде дене шынықтыру
сабағындағы ойын түрлерін үш үлкен құрылымға бөліп жаттығу, еліктеу және
ереже деп атайды. Барлық үш құрылымға ойынның үш түрі тән: жаттығумен
дағдыны талап ететін ойын, белгілі бір нәрсеге еліктеу арқылы өткізілетін
(аң-құс, мал, зат т.б.), үшіншіге арнайы қатаң ережеге бағынатын ойындар.
Ойындарды белгілі бір классификация арқылы кезең-кезеңге бөліп
қарастыратын болсақ, алғашқы негізгі орынды жаттығуларға береміз. Келесі
маңызды обьект еліктеу, ал соңынан ережені қадағалаймыз деп ұсынады [5].
Осы белгілерді негізге ала отырып қазақтың ұлттық ойындарын балалар
арасында дамыту тиімді болып келеді. Жалпы алғанда дене тәрбиесінің ұлттық
пішіндерімен ұштасатын жолдары қоғамдық өмірдің барлық басқа салалары
сияқты жаңа өмір салтына сай не сай еместігі жөнінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста салауатты өмір салтын ұйымдастыру
Дене жаттығуларына үйрету әдістері мен тәсілдері
Дене шынықтыру және спорт саласындағы проблеманың қазiргі жәй-күйiн талдау
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардағы негізгі қозғалыстың маңызды түрле
Мектепке дейінгі жастағы дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру шарттары
Қимылдық ойындар арқылы балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу
Дене тәрбиесі сабағында салауаттылық өмірге тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесін дамытудың маңызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының дамуы
Пәндер