Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық әдістемелік негіздері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының
теориялық әдістемелік негіздері
1.1. Қалыпты балалардың және зияты бұзылған балалардың кеңістіктік
түсініктерді қабылдау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .7
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті
бағдарлау
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 10
2 бөлім. Кеңістік туралы түсініктердің дамуы
2.1. Мектепке дейінгі балаларда кеңістік туралы
түсініктердің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...12
2.2. Балалардың кеңістікті бағдарлау
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...15
2.3. Кеңістікті бағдарлауға арналған
ойындар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...33

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Балаларды кеңістікте орын ауыстыруын қамтамасыз
ететін қимылдарды жетілдіруге, жүру кезінде орнықты қалыпты сақтай білуге,
ептілік көрсетуге мүмкіндік туғызу. Қозғалыс бағытын сақтауға, өз
қимылдарын басқа балалардың қимылдарымен үйлестіруге үйрету. Әрекет
жағдайына лайықты әрекет етуге үйрету. Балалардың дербес ойынында қимыл
белсенділігін реттеуге мүмкіндік беретін жағдай туғызу. Мектепке дейінгі
балаларды оқуға дайындауда үлкен және кіші моторикасына ерекше мән берген
жөн. Ғалымдардың айтуынша баланың саусақтарының дамуы ақыл-ойы мен
сөйлеуінің қалыптасуында маңызды роль атқарады.
Швейцар психологы Ж. Пиаженің пікірінше Баланың оқуға дайындығының
ең жоғары деңгейі бұл баланың кеңістікте және уақытта бағдарлай алып, өзін
басқа адамның позициясында сезіну біліктілігінің қалыптасуы, - деген.
Яғни, мектепке дейінгі баланың кеңістікті және уақытты қабылдай алуы, оның
оқу материалын меңгерудің жолын жеңілдетеді.
М.М. Кольцова өзінің еңбектерінде Бала мектепке барар алдында көру-
моторлы координациясы біршама дамыған болуы тиіс және қолдың саусақтары
мидың сөйлеу аймағы болып табылады деген. Яғни, бала жүгіріп, секіріп
допты лақтырып және ұстап алу әрекеттерін еркін орындап, қайшымен,
қарындашпен, қыл-қаламмен жұмыс істеу біліктілігі дамыған болуы керек.
Балаға сурет салғызу, әртүрлі заттардан құрастыру, пластилинді илеу баланың
саусақтарын дамытып қана қоймай, ойлау қабілетін де дамытады. Сурет сала
алмайтын және пластилинмен жұмыс істей алмайтын баланың жазуға икемі
болмайды. Кез-келген 5-6 жастағы бала 3 минуттан артық жаза алмайды тез
шаршап қате көп жіберетін болады және 2-3 минут сайын баланың қолын
демалдырып отыруды қатал есте сақтағаныңыз жөн. Бала жазу дағдыларын
меңгеруде әрбір жетістігін мақтап Сенің қолыңнан келеді,біз көмектесеміз,
Сен істей аласың деген сенімділік сөздерді жиі айтуыңыз қажет, өйткені
қуатты сөздер баланың табысқа жетуіне әсерін тигізеді.
Б. Г. Ананьев өз жұмыстарында қоршаған ортаның бейнесі, уақыт пен
кеңістің бейнесі бір уақытта тануы да болып табылатын екі негізгі формада
көрініс табатындығын айтып өтеді. Яғни ол формалар: сезімді бейнелі және
логика – түсінікті. Бұл негізгі формалардың бірлігімен байланысы объективті
қызмет бейнеленетін уақытты – кеңістіктік бейнеден көрініс табады.
Бала жазу жазуда қарындашты немесе қаламды дұрыс ұстап үйретуіңізді
ұмытпаңыз. Сонымен бірге баланың сөйлеуін дамытуда сурет бойынша сөйлем
құрастыртып, ертегілерді немесе әңгімелерді оқып, кітаптағы суреттерге
зейін қойып қарауына аса мән беріңіз және Мына суретте не бейнеленген?
Адамдардың аты кім? Олар не істеп жатыр? деген сұрақтарды қою арқылы
кітапқа қызығушылығын арттыруға болады. Ата-ана баласын санауға үйретуде
Үстелде неше кесе? Суретте неше доп? Киімде неше түйме?, - деген сұрақтар
қойып баланы санауға жаттықтыруға болады. Мектепке дейінгі баланың оқу
материалын меңгеруде, кеңістікті және уақытты қабылдай алуы маңызды рөл
атқарады. Сөйтіп, бала мектепте оқудың жаңа жағдайларына еркін ене
алатындай дайындықтан өтеді. Мектепке дайындық баланың үйлесімпаздылығынан
туындайтын кезде оңтайлы мүмкіндіктері арқылы жан-жақты тәрбиеленуі мен
дамуын талап етуі бала оқу және тәжірибе мәселесін шешу үшін өзіндік
білімін пайдалануы, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму
деңгейін көтерілуі тиіс.
Психологиялық және физиологиялық зертеулер бойынша білгеніміздей,
кеңістіктік көріністерді қабылдау түрлі анализаторлардың арақатынасына
негізделген. Бала дамуындағы кеңістік қатынастардың бастауы түрлі
анализаторлардың арасындағы кеңістік байланыстардың құрылуымен тығыз
байланысты. Көптеген психологтар өз зерттеулерінде В.И. Павлов пен И.М
Сеченовтардың анализаторлардың кеңістікте атқаратын қызметіне берген
кешенді сипаттамаларын тәжірбие жүзінде растады.
Баланың кеңістікте бағдарлай алу даму кезеңдері бірнеше кезең бойынша
бөлінеді.
I. Кезең. Балалар барлық бағыттарға бұрылады, дене бағытын, басын,
қолдарын, осы қимылдарын көзқарасымен бақылай отырып тиісті жағдайға
өзгертеді. Бұл кезеңде сөз шешуші рөл атқармайды.
II. Кезең. Балалар кеңістік бағыттарды қабылдау процесінде
көрсетілгендей, баланың кеңістіктегі көзқарас жағдайына қарап бағаланған
сөздік белгілер арқылы түсінік бағыттары мен сипаты белгіленген.
III. Кезең. Баланың кеңістік туралы неғұрлым жинақталған ойлар
қалыптастыруы өзіне ғана емес, басқа тұлғаларға және заттарға қатысты
бағыттарды анықтауы қамтамасыз етеді.
Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық
әдістемелік негіздері деп аталатын бірінші тарауда 5 тақырып қарастырылған.
Олар:
1.Қалыпты балалардың кеңістікті бағдарлау функцияларының дамуы
2.Кеңістікті бағдарлау қабілетінің даму кезеңдері
3.Мектеп жасына дейінгі балалардың уақытты бағдарлауы
3.Зияты бұзылған балалардың кеңістіктік түсініктерді қабылдау
ерекшеліктері.
Сонымен балаларды мектепке психологиялық даярлау бағыттарын тәжірибеде
жүзеге асыратындар - ата-аналар, мұғалімдер және мектеп және балабақша
психологтері.
Зерттеу объектісі. Мектеп жасына дейінгі балаларға кеңістікті
бағдарлауға үйретуге арналған әдістер.
Зерттеу нысаны. Мектеп жасына дейінгі балалар өміріндегі кеңісікті
бағдарлауы.
Зерттеу мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балаларға кеңістікті
бағдарлауға үйрету және оны теориялық-әдістемелік тұрғысынан зерттеу болып
табылады.
Зерттеу міндеттері: мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу, балаларға
кеңістікті бағдарлауға үйрету әдістері және балалард мектепке даярлау
ерекшеліктері туралы толық мағлұмат беру.
Зерттеу нысаны – отбасында бала тәрбиесін нәтижелі қарастыру.
Зерттеу пәні – мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу.
Зерттеу әдістері – ғылыми–педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге
теориялық талдау, бақылау, байқау; ата–аналар және ұстаздармен әңгіме,
сұхбат жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының түрлері мен күрделі тұстарына
теориялық тұрғыда сипаттама берілді;
- отбасы тәрбиесінде ата–ана қарым–қатынасының ықпалын арттырудың
тетіктері анықталып зерделенді,
- бала мен ата–ана қарым–қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың
педагогикалық шарттары белгіленді.
Практикалық пайдасы: эксперименттік – тәжірибе жұмысының нәтижелерін
ата–аналардың педагогикалық сауатын ашуда, мектепте сынып жетекшілерінің
ата–аналармен жұмысында, педагог–психологтардың практикалық іс –
шараларында қолдануға болады.

1 бөлім. Мектепке дейінгі балалардың кеңістіктік бағдарлауының теориялық
әдістемелік негіздері
1.1. Қалыпты балалардың және зияты бұзылған балалардың кеңістіктік
түсініктерді қабылдау ерекшеліктері

Көптеген әдебиеттерде зияты бұзылған балалардың кеңістіктік
түсініктерді түсінбеуі және кеңістікке қатысты заттардың орнын анықтай
алмауы туралы айтылады (К.И. Вересотская, Т.Н. Головина, В.И. Липа, И.М.
Соловьев, А.А. Хилько). Зияты бұзылған балалар өздерімен жасты сау
балалардан практикалық кеңістіктік есептеулерді шешуде:
- белгіленген бағыт бойынша бағдарлауда;
- қарама-қарсы орналасқан заттардың кеңістіктегі орнын анықтауда
артта қалғандықтары анық байқалады. Заттар арасындағы кеңістіктік
қатынастар және олардың атауларын толық түсінбеуі З.М.Дунаевтің
еңбектерінде жан-жақты зерттеліп жазылған. Оған қоса, қиындықтары
мен бастапқы психологиялық дамуын зерттеді. Аталған авторлар, зияты
бұзылған балалардың бастауыш сыныпқа өткенде кеңістікте бағдарлауы
жақсы динамикамен дамитынын атап көрсетеді.
Зияты бұзылған балалардың кеңістікті бағдарлаудың жеткіліксіздігі
интеллектілік ақаулыққа тікелей байланысты.
Сонымен қатар, зияты бұзылған балалардың сөз қорының аздық еркшелігі
В.Г.Петрова. Н.В. Тарасенко, Г.И. Данилкина, Г.М. Дульнев сияқты көп
авторлардың назарын аударды. Олар зияты бұзылған балалардың сөз қорының
кедейлігінің себебтерін: ақыл-ойының төмендігі, қоршаған ортаны білмеуі,
олар туралы түсініп, сезулерінің шектеулігі, қызығушылықтың қалыптаспауы,
айналсындағы адамдармен араласып сөйлесу қажеттілігінің төмендігі деп
түсіндірді.
Зияты бұзылған балалардың көпшілгі кеңістіктік – уақыттық ұғымдарын
бағдарлай алмайды. Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйлеу тілінің
кемдігінен кеңістіктік - уақыттық ұғымдарын бағдарлай алмау мектеп
бағдарламасын меңгеруде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Зияты бұзылған
баланың сөйлеу тілінің кемістігін түзетепей жалпы кеңістікті, уақытты
бағдарлай алу мүмкіндігі шектеледі. Сондай-ақ, кеңістікті, уақытты
бағдарлау түсініктері есте сақтау қабілетінің дамуымен тығыз байланысты.
Кеңістікті, уақытты болжау туралы арнайы педагогика мен психология
әдебиеттерінде сипатталған. Ж.И.Шиф, Н.Ф.Гнездилов көмекші мектептердің
алдына сапалы білім беруді мақсат етіп қойды.
Зияты бұзылған балалармен арнайы мекемелерде арнайы бағдарламалар
негізінде тәрбиелеу мен оқыту, түзете-қалыптастыру тапсырмаларын шешуде
және түрлі іс-әрекеттерін қалыптастыруда баланың генетикалық қағидасы
ескеріліп, кешенді жұмыс жүргізілуі тиіс, бұл баланың әр түрлі дамуында
және олардың қабылдауында, ойлауында, сөйлеуінде ақаулықтарына түзетуді
қамтамасыз етеді.
Зияты бұзылған балалармен жүргізілетін түзету жұмыстардың жүйесі
қоршаған ортада пайда болған шынайы заттар мен құбылыстарды елестету
негізінде іске асырылады. Бұл қоршаған ортаның заттары мен құбылыстарын
арнайы таныстырғанда, яғни іс-әркеттің әр түрлі бағыттарын игеру барысында
жүзеге асырылады (қарапайым еңбек негізінде, ойын, сурет салу, құрастыру).
Бірақ, зияты бұзылған балалардың кеңістіктік - уақыттық ұғымдарды түснуі
мен елестетулері баяу қалыптасып, алдағы уақыттарда оқуына кедергі
келтіреді ( Т.Н.Головина, И.А.Грошенко, В.А.Литвак).
Зияты бұзылған балалардың кеңістіктік - уақыттық ұғымдарды түсінбей,
бағдарлай алмауына, оның біршама танымдық үрдістерінің зақымдануымен
түсіндіреді.
Сөйлеу тілінің ақаулығы, ұзақ уақыт еске сақтай алмауы, зейін
мөлшерінің бағдарламаны меңгеруде қиындықтар туғызады. Оқыту негізінде және
зерттеу қорытындысы бойынша кеңістіктік ұғымдарын түсіну және қолдану
ерекшеліктері туралы алынған мәлеметтер балаларда кеңістіктік ұғымдарды
қалыптастырудың тиімді бағыттарын анықтауға көмектеседі. Нәрселердің шама-
шарқы мен түр-түсінің тұлғасының тұрақтылығына қатысты өзге де
қасиеттерімен толықтыруға болар еді. Бұл мәселенің бәрі тікелей бақыланатын
қасиеттер құрылымы деп аталады. Тікелей бақылаудың өзі тағы да заттарды
дұрыс қабылдай білу. Соңдықтан біздер тікелей бақылау нәтижесінде нәрселер
мен құбылыстардың құлпырып өзгеруі кеңістікте орналасу жағдайына
қарамастан, оларды бұрмаламай дәл сол күйінде тұрақты жағдайында
қабылдаймыз.
Г.Гельмгольц осы мәселенің тоқырап қапуына өкініш білдіріп, қабылдау
процесін бақылау негізгі әдіс емес, оның дамуына орай пайда болған көзқарас
деген-ді. Қабылдау процесінің өзге де қасиеттері жайында Гельмголыцтік
өзіндік пікірлері мен идеялары болды. Алайда оның зерттеулеріңде қабылдауды
тікелей бақылау нәтижесі деп санауы шындыққа сай келе бермейтін жағдай еді.
Өйткені қабылдау бастапқы порцесс емес, ол пси-хикалык дамудың жемісі деп
санау керек еді. Мұңдай шындыққа сай келетін кесімді пікірді Гельмгольц өз
кезіңде ғылыми талапқа орай көтере алмады.
1.2.Мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікті
бағдарлау кезеңдері

Б. Г. Ананьев өз жұмыстарында қоршаған ортаның бейнесі, уақыт пен
кеңістің бейнесі бір уақытта тануы да болып табылатын екі негізгі формада
көрініс табатындығын айтып өтеді. Яғни ол формалар: сезімді бейнелі және
логика – түсінікті. Бұл негізгі формалардың бірлігімен байланысы объективті
қызмет бейнеленетін уақытты – кеңістіктік бейнеден көрініс табады. Яғни
бейненің сезімділігі және уақытқа бейімделудің негізінде, балада уақыттың
бейнесі мен бағдарының жоғарғы формасы қалыптаса бастайды. Уақытты бейнелеу
мен бағдарлаудың жаңа деңгейіне өту әдетте баланың сөздік құрам мен
грамматикалық құрылымның мамандануымен бірге қалыптасатын сөйлеу кезеңімен
байланыстырады. Бұл процестегі ерекше рөл баланың арнайы уақыттық
терминін меңгеруі және мұғалімнің оқыту функциясына беріледі. Уақытты
қабылдауда үш қызмет түрі қатысады: бағалау, өлшеу және уақыттық
интервалдың жаңғыруы:
· Бағалау кезінде адам оған көрсетілген материалды ауызша анықтайды
( мысалы: 1 минут.) ;
· өлшеу кезінде өзі айтқан материалды бағалайды;
· уақытты жаңғырту кезінде оған көрсетілген интервалды қайталайды.
О. Б. Эльконинның ойы бойынша, уақыттың әртүрлі жағын тану үшін ми
құрылымының әртүрлі қабыршақтарының функциясы қажет. Ең аз дәлдікпен уақыт
интервалын ауызша бағалау сипатталады. Сол сияқты тура дәлдік уақыт
интервалын жаңғыртуда байқалады. Бұл, яғни адам бағалау және өлшеу кезінде
тереңірек санайды, ойда сақталынған интервалды үлгімен байланыстырады, ал
жаңғырту кезінде ішкі салыстырудан басқа, алдыңғы көрсетілген материалмен
салыстыру мүмкіндігі болады. Сонымен, сөз және уақытты бағалауды
қабылдаудың ерекше рөлі бар екенін айтуға болады.
Баланың кеңістікте бағдарлай алу даму кезеңдері бірнеше кезең бойынша
бөлінеді.
I. Кезең. Балалар барлық бағыттарға бұрылады, дене бағытын, басын,
қолдарын, осы қимылдарын көзқарасымен бақылай отырып тиісті жағдайға
өзгертеді. Бұл кезеңде сөз шешуші рөл атқармайды.
II. Кезең. Балалар кеңістік бағыттарды қабылдау процесінде
көрсетілгендей, баланың кеңістіктегі көзқарас жағдайына қарап бағаланған
сөздік белгілер арқылы түсінік бағыттары мен сипаты белгіленген.
III. Кезең. Баланың кеңістік туралы неғұрлым жинақталған ойлар
қалыптастыруы өзіне ғана емес, басқа тұлғаларға және заттарға қатысты
бағыттарды анықтауы қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, баланың кеңістікте
бағдарлауының қалыптасуы бірқатар алғышарттарға байланысты болады, олар:
1) қозғалу мүшелерінің дамуы мен қолдың сипап сезу қызметі және қолдың
қызметімен байланысты заттық қызметтер;
2) локомоторлы қызметтің дамуы (отыру, еңбектеу, жүру);
3) Тілді меңгеру.
Зияты бұзылған балалардың кеңістік түсініктерді қабылдауының
ерекшеліктерін айтар болсақ, олардың орталық жүйке жүйесінің ерте диффузды
зақымдануынан, баланың жүйелі түрде кеңістікті қабылдау механизмін бұзады.
Зияты бұзылған балалардың әр түрлі анализаторларының қызметтерінде ақаулар
болады. Сонымен, көру анализаторының көру аймағында тепе-теңдік
концентрациялы іс-әрекеттері тарылады (М.Г. Бруксон), көру өткірлігі мен
көзбен анықтауы төмендейді, сезгіштік аймақтары шектеледі. Ассиметриялы
қозғалу функциясы жеткіліксіз байланысқандықтан, баланың кеңістікті
қабылдауына кері әсерін тигізеді.
2 бөлім. Кеңістік туралы түсініктердің дамуы
2.1. Мектепке дейінгі балаларда кеңістік туралы
түсініктердің дамуы
Кеңістік ұғымы обьектілерді бақылау мен тәжірибелік пайдалану
негізінде қалыптасты. Мектепке дейінгі балалардың санасында кеңістік ұғымы
қалыпты тұрмыстық жағдай ретінде есептелінеді, кеңістіктің аумағында
қарастырылады деп есептеледі.
Мұндай көзқарас кеңістік абсолютті мән береді. Бірақ оларда
субстанцияның ең маңызды қасиеті- әр түрлі денелерді тудыру қабілеті жоқ.
Сонымен қатар басқа концепциялар да бар (Беркли, Мах, Авенари-ус тағы
басқа) олар кеңістікті адам санасына тәуелді етіп көрсетеді.
5-6 жастағы баланың қозғалыс белсенділігі саналы және әр түрлі
болады. Қозғалыс дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасуының шамасына
қарай оларды спорттық ойындарға және жаттығуларға деген айтарлықтай
анағурлым қызығушылық пайда болады. Осы жастағы балалардың
көбісінде жүру және кеңістікті дұрыс бағдарлау байқалады.
Балалардың қимыл – қозғалыс қажеттілігі кейде керекті деңгейде
іске аспайды. Дене тәрбиесі танымдық тәрбиемен де байланысты.
Олардың негізгі қимыл белсенділігінің төмендеуі жанұяда және
балабақшада танымдық қызығушылығының артуына байланысты ,
(компьютерлік ойындар , құрастыру , телехабар көру , бейнематериалдар
жіне т. с.с.).
Шығармашылық миниатюра немесе шығармашылық ойын оқутудың
педагогикалық үдерісін психологизациялауға және оған ойындық сипат
беруге көмектеседі. Атақты оқымысты А.В.Запорожец өзінің
зерттеулерінде қозғалыс сезінерлік және байыпты, тиянақты болғанда
ғана ерікті және басқарылатын болуы мүмкін деп көрсетті.
Тәрбиеші балалармен бірге нысананы қарап, заттың бөлшектерінің
(бөліктерінің) (отыратын орындықтың аяқтары, арқасы) атауларын, кейбір
қасиеттерін (түс, мөлшер, түр) анықтайды, заттардың маңызы туралы сұрайды.
Балалар өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің
көмекшісінің аты және әкесінің атымен атай білу керек; тұрмыстық заттарды
білдіретін сөздерді дұрыс қолдану (киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, ойыншықтар) және
олардың қолданылуын (төсекте ұйықтауды, үстел басында тамақтанады және
сабаққа дайындалады, шкаф пен сөреде - кітаптар мен ойыншықтар орналасады,
тостағанға қымыз, шыныаяққа сүт, шай құяды, қасықпен тамақ ішеді) білу
керек.
Балалардың заттардың санын (біреу, көп, аз, бір-бірден), олардың
кеңістікте орналасуын (биік - аласа, алыс - жақын, астында, үстінде,
жанында), қозғалу бағыттарын (алға - артқа) сипаттау білуді жетілдіру. Өз
тілінде үстеу мен сын есімді үйлестіріп қолдану.
Балалар жылдың соңында бағдарлама материалдарын меңгеру нәтижесінде:
- педагогтың ауызша көрсетуі бойынша: заттарды түстеріне, өлшемдеріне
қарай тауып, олардың орналасқан жерін ажыратуды;
- транспорт құралдары, автомобиль бөліктері, өсімдіктер, жемістер,
көкөністер, үй жануарлары және олардың төлдерінің аттарын білдіретін зат
есімді қолдануды;
- кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін етістікті, заттың көлемін,
түсін, дәмін білдіретін сын есімді, үстеуді қолдануды;
- сурет мазмұны бойынша, серуенде көргендері жайлы тәрбиешінің қойған
сұрақтарына жауап бере білуді;
- суреттегі үй жануарлары мен оның төлдерін танып, атай білу,
өсімдіктерді ажыратып, дұрыс атау, гүлдің, шөптің, жапырақтардың түсін
атап, сыртқы түріне қарай ажыратып, кейбір жемістер мен көкөністердің
дәміне қарай атай білу, отбасындағы, балабақшадағы, көшедегі үлкендердің
кейбір еңбек әрекеттерін атауды;
- айналадағы кейбір транспорт түрлерін сыртқы түріне қарап және
бөлшектерін ажыратуды;
- өзінің, жақын адамдарының аты-жөнін, тәрбиешісін, тәрбиешінің
көмекшісін атымен және әкесінің атымен атай білуі тиіс.
Мектепке дейінгі балаларға кеңістікті бағдарлауды үйретуге арналған
шаралар:
- Үстел үстінде орналасқан материалдармен (кубиктер, кірпіштер),
олардың әр түрлі пішіндерімен, көлемімен және орнықтылығымен
таныстыру. Кірпіштерді көлденеңінен орналастыруға (жіңішке, кең
жолдар, поезд, қоршау), кірпіштерді бірінің үстіне бірін қоюға
(мұнара), текшелерді кірпіштермен қатар қоюға (үстел, орындық,
диван, трамвай, көпір, төбешік) үйрету. Кірпіштерді түрліше
орналастыра отырып (қақпа, үй) құрастыру, жасалған құрылысты атау.
Балаларға бөлшектерді түзу сызық бойына орналастыру және қысқа -
ұзын, жіңішке - жуан кеңістіктік белгілерді ескере отырып,
біріктіруге үйрету.
- Жиһаздың түрлі нұсқасын құрастыруға үйрету. Екі-үш құрылысты (үстел
және орындықтар, үстел және диван және т.б.) бірден жасау.
Балаларды құрастырудың ерекшелігін ескере отырып, материалдарды
алдын ала іріктеп алудың қажеттелігіне назарын аударту.
- Қарапайым құрастыру дағдыларын бекіту: бірінің үстіне бірін қою,
жанына қою.
- Қарапайым құрылыс жасап, құрылыс ауқымына сәйкес сюжетті
ойыншықтарды қолдана отырып, олармен ойнау
- Құрылысты бөлшектеп бұзып, қорапқа ұқыпты салуға үйрету.
2.2. Балалардың кеңістікті бағдарлау ерекшеліктері
1 жас 3 айдан бастап, 1 жас 6 айға дейін бала жаңа іс-әрекеттерді
орындай бастайды, ересектер мен жасы үлкен балалардың іс-әрекеттеріне қарай
отыра, тәрбиешінің қимылын қайталап, көргендерін орындайды. Ол бейнелеу
әрекеттері деп аталады, 2 жастың соңына қарай біртінділікті қажет ететін
сюжеттік ойындарға ауысады. Өйткені, бір жарым жасқа дейін бала көзбен
көргенінің әсерінде болады, оның тәжірибелері мардымсыз, ойындары тұрақсыз,
ал ойын жағдайын тәрбиеші дайындайды. Келесі жарты жылда ойын едәуір
тұрақты бола бастайды, бала бір затпен әртүрлі іс-әрекеттер орындайды. Егер
бір жарым жасқа дейін бала бір іс-әрекетпен 2-4 минут айналысса, екі жасқа
қарай, өз әрекетін сөзбен түсіндіре отыра, 5-7 минутқа дейін айналыса
алады. Біртіндеп ойын барысында ойлау қалыптаса бастайды: бала ойында
ауыстырғыш заттарды қолданады, үлкендердің қимылына еліктейді, өзінің іс-
әрекетін басқа жағдайға ауыстыра алады. Балада көрнекі-қимылды ойлау
қабілетінің негізі қалыптаса бастайды.
1 жас 9 айдан бастап еңбек құралдарына ұқсас құралдармен және
ойыншықтармен мақсатына, пішіндеріне және кеңістіктегі орнына қарай әрекет
жасауға үйрету, балаларға белгілі талап қойып, оларды орындауға
көмектеседі. Өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережелерін орындап, ұқыптылықты
сақтауға үйретеді. Белгілі міндеттерге сәйкес үй тұрмысындағы заттарды
қолдана білу біліктерін қалыптастырады. Құрал ретінде кейбір тұрмыстық
заттарды қолдана білу қабілеттерін дамытады. Баланың мінез-құлқын
жетілдіруде, тілді меңгеруде және ойын әрекеттерін дамытуға баланың еліктеу
қабілеті маңызды орын алады: бір жарым жастан кейін бала ересектердің
қимылдарын қайталап қана қоймай, өзі көрген қимылдарды қайталай бастайды.
Екі жаста негізгі қимылдардың барлық түрлері жетіледі, ол кейбір
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерге байланысты: бұл жастағы баланың
аяқтары қысқа, басы үлкен, денесі ұзын; қимылдарды үйлестіру мен сыртқы
белгілерге сәйкес ауыстыру іскерліктері жеткіліксіз.
Екінші жылдың басында жүру әлі де жеткілікті үйлеспейді: балаға
түзудің бойымен жүріп өту қиын, шөп, тас, төбешіктер мен ойлар күрделі
кедергілер болып табылады. Балаларға қоршаған ортадағы қимылдармен өзінің
қимылын сәйкестендіру, кеңістікте бағдарлану қиынға соғады, заттарға
шалынып, басқа балалармен соқтығысып қалуы мүмкін. Бала өз қимылын жолда
кездесетін кедергіге сәйкестендіре алмайды. Мысалы, босағаны немесе ойыс
жерді аттап өту үшін аяғын ерте көтеріп қояды. Екінші жылдың бірінші жарты
жылдығында баланың жүрісі жетіле түседі - бала тек тегіс еденде ғана емес,
сонымен қатар далада, шөптің үстінде жақсы жүре бастайды, төбешіктерге
өрмелейді, үлкендердің көмегімен сатылардан өтеді. Лақтыру мен өрмелеу
жетіледі, балалар төбешікке, диванға, орындыққа өрмелеп, түрлі
кедергілерден (бөрене, орындық) асып өтеді, олардың қимылдары үйлесімді,
епті бола бастайды. Біртіндеп балалар өздерінің қимылдарын басқа балалардың
қимылдарымен сәйкестендіріп, қимыл-қозғалыс дағдыларын жақсы меңгере
бастайды.
Балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы
көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен
олардың қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) қабылдау қабілеттері
жетіледі. Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына
қарамастан, тани алады. Алғашқы көрнекті жалпылауы дамиды. Белгілі түсі,
пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады.
Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне,
олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді.
Екі жастағы бала музыка мен көркемсөзге әуес келеді. Балалар би және
байсалды орындалатын музыканы түрліше қабылдайды. Қарапайым ән айту
ырғақтары пайда болады, балалар жеке буындарға қосылып, ырғақты қайталайды.
Қимылдарын музыкамен сәйкестендіру қабілеттері дамиды, қарапайым
ырғақтылығы пайда болады, музыкамен орындалатын қимылдар әртүрлі болады.
Тәрбиелеу және үйрету әдістерінің көмегімен баланың қоршаған ортамен
байланысы кеңиді: ол өзін-өзі ұстаудың кейбір ережелерін меңгереді,
үлкендердің талаптары мен тапсырмаларына бағынады, ересек адамдармен
бірінші болып әңгіме бастайды. Басқа балалармен қарапайым қарым-қатынастары
пайда болады: бала құрбылары мен олардың әрекеттеріне еліктейді,
қызығушылық танытады, бірге ойнауға тырысады, басқа балалардың ойынына
қосылуға талаптанады. Екі жастағы балалардың дамуында айтарлықтай
өзгерістер пайда болады, сондықтан да тәрбие жұмысында әр баланың жеке
ерекшеліктерін ескеру қажет.
2.3. Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар
Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан
гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды.
Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді,
келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Басқа
сөзбен айтқанда, қатынас жасай білуге үйренеді. Ауыстырғыш заттармен ойнай
отырып, шартты кеңістікті көз алдына ойша елестетеді. Жүріп және жүгіріп:
Қуыршақта қонақта, Допты қуып жет, Жол бойында, Арықтан аттап, Кім
баяу?, Таяқтан аттап өт, Мені қуып жетіңдер, Торғайлар мен
автомобиль, Күн мен жаңбыр, Құстар ұшып барады, Затты әкел, Көбік,
Поезд, Ұшақтар, Итті қуып жет, Автолмобиль.
Еңбектеп: Сылдырмаққа дейін еңбекте, Қақпаға, Сызықты басып
кетпе, Сақ бол, Маймылдар.
Лақтырып, тосып алу: Доп ортада, Допты домалат, Допты тосып ал,
Қақпаға дәлде, Дәл тигіз, Себетке түсіру .
Секіріп: Менің көңілді добым, Ақ қоян отыр, Құс ұясында,
Арықтан аттап, Алақаңды қойып секір, Қоңырауды сылдырлат, Доп сияқты
секір, Жүгіріп-секіру, Сұр қоян жуынады.
Кеңістікті бағдарлау: Қай жерден дыбыс шығады?, Жалаушаны тап. Әр
түрлі қимылдармен және әндермен: Поезд, Қоян, Жалауша.
Сырғанау: үлкендер балаларды мұз жолдарымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар мектеп жасына дейінгі балалардың кеңістікте бағдарлау ерекшеліктерін зерттеу
Есту қабілеті зақымдалған оқушылардың кеңістік қатынасқа қатысты сөздерді қолдану ерекшеліктерін анықтау
ПДТ баланың жазудағы кеңістіктің бағдарлаудың рөлі
«Мектепке дейінгі балалардың уақытты қабылдау ерекшеліктері»
Мектеп жасына дейінгі балаларды математика элементеріне оқытудың негізгі принциптері
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Мектепке дейінгі балалардың құрастыру процесіндегі қабылдау ерекшелігін зерттеу жұмысы
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Көру қабілеті бұзылған балалар
Балалардың кеңістікті бағдарлауын дамыту
Пәндер