Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлыұ университеті
Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы
Педагогика және психология
кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту үрдісін пайдалану
Орындаған: Мектепке дейінгі тәрбие және
оқыту мамандығының 2 курс студенті Адиет
С.Т.
Тексерген: п.ғ.к., доцент Джонисова Г.Қ.
Орал, 2014ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде интерактивті оқыту
технологиясын қолдану
1.1. Оқытудың интерактивті
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.6
1.2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. Мектепке дейінгі оқыту үрдісінде интерактивті әдістерді пайдалану
ерекшеліктері
2.1. Интерактивті әдістерді қолдану арқылы балалардың білім
сапасын
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..17
2.2 Мектепке дейінгі мекемелерде интерактивті оқыту процесінің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..26
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Біз Өмір бойына жететін білім алу моделінен
өмір бойы білім алып өту моделіне көшуге тиіспіз. Н.Ә.Назарбаев.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің
басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен
практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және
кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқыту
және тәрбие берудегі жаңа технологиясын енгізу делінген. Ал, оқу мен
тәрбие – бір-бірінен бөлек алынып қаралмайтын күрделі процесс. Бала
тәрбиесі отбасынан басталады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен
берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-
жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы білім-тәрбие бала
табиғатына ерекше әсер етіп өмір бойы өшпестей із қалдырады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру
жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын
толығып өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де,
түп қазығыда – балабақша. Балабақшалардың білім деңгейін көтеру және онда
интерактивті құралдарды пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті
деңгейге көтеру, тәрбиешілердің, басшыларының, педагогикалық ұжымның жүйелі
басшылыққа алған бағыты деп есептейміз.
Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың
біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы
бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңында : Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар
жасау керек деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру
барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады.
Сондықтан кез – келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық
оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланылады.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет
дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне
мұқият қарайтын дәуір.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын
жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі
мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры
деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің
негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.

бойынша көтеру негізгі міндеттерінің біріне айналды.
Интерактивті әдістерді мектепке дейінгі ұйым тәжірибесіне енгізуді
неден бастау керек деген сұрақта тәрбиешілерді ойландырады. Бұл әдіспен
оқыту сыныптағы жағдайдың өзгеруін талап етері сөзсіз. Сондықтан балалар да
осы әдіспен жұмыс жасайтын тәрбиешіде белгілі бір уақыт дайындықтан өтулері
қажет. Біздің пікірімізше тәрбиеші алдын ала біртіндеп интерактивті
әдістерге құрылған –жұппен жұмыс, шағын топпен жұмыс тағы басқаларын
ұйымдастырудан бастағаны абзал. Интерактивті әдістің дәстүрлі әдістерден
артықшылығы баланы қозғалысқа түсіру енжар тыңдаушы емес, белсенді өз
бетімен білім іздеуші, табиғат, қоғам заңдарын өз бетімен ашушы рөліне
енгізу. Осындай тұрғыда тыныштықты бұзу қажет бұл-қозғалыс талдауға қатысу,
пікірін дәлелдей білу, өзге көзқарас, пікірлермен санаса білу
тәртіпсіздікті емес, ойлай білетін білімді, мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу
құралы. Сол себепті интерактивті әдіспен жүргізуші тәрбиеші қа қатысушы
педагогтар ата-ана т.б тағы қозғалыс, дыбыстың мән-мазмұнына тереңірек
қарау керек деген пікірдеміз.
Интерактивті әдістерді пайдалану кезінде балалар түсіну процесіне
толық қанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі
қайнар көзі қызметін атқарады. Оқытушы дайын білімді бермейді, бірақ
балаларды өз бетімен ізденуге үйретеді. Білім берудің дәстүрлі нысандарымен
салыстырғанда, интерактивті оқытуда оқытушы мен баланың өзара әрекеттестігі
ауысады: педагогтың белсенділігі баланың белсенділігіне орын береді, ал
педагогтың тапсырмалары олардың инициативасы үшін жағдай жасаушы болады.
Бұл әдістерді игеру және қолдану үшін, оқытушыға топтық өзара әрекеттердің
әр түрлі әдістемелерін білу қажет. Интерактивті оқыту өзара түсінікті,
өзара әрекеттестікті, өзара байытуды қамтамасыз етеді.
Интерактивтік оқыту – бұл ең алдымен бала мен тәрбиешінің қарым-
қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивтік оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнайы ұйымдастыру формасы. Ол
толық айқындалған және мақсатын алдын ала болжауға болатын оқыту түрі. тағы
интерактивтік әрекет өзара түсіністікке, өзара әрекетке, қатысушылардың
әрқайсысына қажет міндетті бірлесіп шешуге алып келетін – ұйымдастыру және
қарым-қатынас жасауды дамытуды ұсынады.
Интерактивті әдіс әр адамды білім алудың барлық кезеңдерінде белсенді
жағдайға қояды, білім алу үрдісін мәнді етеді. Қорыта айтқанда, әр
технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жете аламыз. Болашақ
ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында білім беру жүйесін ізгілендіру,
инновациялық үрдісте тиімді қолдану қазіргі заман талабы.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі оқу процесінде интерактивтік
әдісті қолдану ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: интрерактивті оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі білім беру
Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі оқу-тәрбие процесі кезінде
интерактивті әдістерді пайдаланылса білім игеру жүйелі түрде және өзін-өзі
жетілдіру мүмкін болса, онда балалардың сапасы артады.
Зерттеу міндеттері:
- интерактивті әдісті қолданудағы тәжірибелерімен танысу;
- оқыту үрдісіндегі интерактивті әдістің ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеудің жетекші идеясы: мектепке дейінгі оқу-тәрбие үрдісінде
интерактивті әдістерді пайдаланып балалардың қызығушылығын ояту –
балалардың шығармашылықпен, ізденімпаздықпен жұмыс істей білуіне негіз
болады.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері: мектепке дейінгі оқу-тәрбие
үрдісінде интерактивті әдістерді пайдаланып балалардың оқуға деген
қызығушылығын ояту теориясы мен оны практикада пайдалана білу туралы
педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырған тұжырымдамалар.
Зерттеу көздері: психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша
еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Қазақстан–2030 стратегиясы, Қазақстан Республикасының
білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-
педагогикалық мерзімді басылымдар.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында
сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру,
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Оқытудың интерактивті әдістері
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде
нәтижеге бағдарлану, оқытуды баланың жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту
әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, бала
білімді дайын күйінде тәрбиеші түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік
тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық "жаңалық” ашуы шығармашылық
тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде
баланың дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi
таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта
балалардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер
интерактивті деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл
көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив – ағылшынның өзара әрекет деген сөзі. Демек, интерактивті
оқыту әдістері тұлғааралық қарым – қатынасқа негізделе отырып, жеке
тұдлғаны дамытуға бағытталатын қазіргі білім беру парадигмасын
қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып
табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана
қоймай, ары қарай дамытады.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде
балалардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік
сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік
қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті
ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі
өлшемдерді қолдануды қажет етеді және балалардың танымдық іс -әрекетін
басқаруда тәжірибесі аз тәрбиешілерге көптеген қиындықтар туғызады.
Оқытудың интерактивті әдістерінің негіздері
Интерактивті оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, алға қойған мақсатқа
жету үшін, белсенді оқытудың өзіндік талаптарын есепке алып, алғышарттарын
қанағаттандыру керек.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың тиімділігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде балалардың бірлескен әрекет ережелерін
мойыгндай отырып, өзара әрекеттесуге ұмтылуын, топтық рефлексияның дамып,
ұжымдық ынтымақтастықтың қалыптасуын, ал әсерлілігінің ішкі көрсеткіштері
ретінде балалардың өз міндеттері мен құқықтарын түсіне отырып, өзара әрекеи
дағдыларын меңгеріп, топтық жұмысқа дайын болуын, оқу әрекетінің
субъектісіне айнала отырып, өзіндік рефлексиясының дамуын айтуға болады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, интерактивті оқытудың нәтижелілігінің
сыртқы көрсеткіштері ретінде балалардың топтық жұмыс ережелерін қабылдай
отырып, нақты мақсаттар қоюға үйренуін, оқу топтарының жасақталып, қажетті
оқу кеңістігінің қалыптасуын, ал табыстылығының ішкі көрсеткіштері ретінде
балалардың таным белсенділігі артып, жаңаша оқуға дайындықтарының жетіліп,
өзара әрекеттесу дағдыларының дамып, ынтымақтастық ұжымның қалыптасуын
айтуға болады. Жалпы алғанда, интерактивті оқытудың басты шарттары
қауымдастық пен бәсекелестік болып табылады.
Психолог-ғалымдардың айтуынша, бала білімді төрт түрлі жағдайда алады
екен: дайын білімді қабылдап алу, зерттеу барысында жаңалық ашу, әр түрлі
жағдайда әсерді сезіну және синтез арқылы бұйым құрастыру немесе өнім
жасау. Интерактивті оқыту әдістері балаларға рольдік ойындар арқылы әр
түрлі жағдайда әсерді сезінуге жол ашады, әр түрлі білімдерді синтездеу
кезінде шығармашылық өнім жасауға жағдай жасайды, дегенмен түрлі
ситуациялар мен мәліметтерді талдап, сараптап, зерттеу барысында жаңалық
ашуға көбірек мүмкіндік береді.
Топтың сандық құрамы оқыту немесе өзара әрекеттестiктiң сапасын
анықтамайды. "Өзара әрекеттестiк” әдiсiнiң өзектi ерекшелiгi – ол АШУ
ҮРДIСIН бiлдiредi, оның мәнi – балалардың оқыту дағдыларын өзара
әрекеттестiк арқылы меңгеруi.
Оқытудың икем-дағдыларды дамытуға бағытталуы
Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер барысында мұғалiм мен бала
арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе,
"интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда,
inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi. Өзара
әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi
туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.
Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды
екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты – тек ақпаратты
беру ғана емес, балаларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту
екендiгiмен байланысты.
Интерактивтi оқыту әдiстерiн қолданатын мұ-ғалiмдер, тек ақпарат
беретiн және өздерiнiң қатысу-ынсыз берiлген тапсырмаларды балалардың есте
сақтауы нашар болады, балалар қолдарындағы кө-термелеушi қор –
құрдастарының идеяларын пайда-лана алмайды деп есептейдi. Зерттеулердiң
"бiз қолы мызбен iстегеннiң 80 пайызын, оқығанымыздың 20 пайызын,
естiгенiмiздiң 10 пайызын ғана есте сақтаймыз” деген қорытындысын жиi
естимiз.
Бiздiң тәжiрибе - соның дәлелi. Атқа шабу дағдысын меңгеру үшiн, оны
қалай жасау керектiгiн бiреудiң түсiндiргенi немесе оны кiтаптан оқып алу
әлi жеткiлiксiз. Ол үшiн шындығында атқа мiнiп барып, дағдыларды меңгерген
абзал. Бұлай болатын себебi, iскерлiктi практика жүзiнде дамыта отырып, бiз
бiлгенiмiздi қайта өңдеп, оны әрекетке айналдырамыз.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені білгілі: балаға
жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру, балаларға топтасып оқып-үйренуге
жағдай жасау, балаларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату және іс-
әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
"Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты” дайын білімді
қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан
балалардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды роль
атқарады. Ол үшін оқыту білімді балалардың өздігінен оқып-үйренуге
бағытталуы керек.
Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу
Балалардан, шешу үшiн кейбiр нақты дұрыс жауабы жоқ, даулы мәселелердi
неге беретiндiгiн сұрағанда, олар:
- өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi;
- шешендiк өнерiн жетiлдiредi;
- танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық
болмайтынын);
- сыни ойлау дағдыларын дамытады;
- өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады;
- пiкiрлердiң көптiгiн түсiнесiң және т.б. деп жауап берген.
Жоғарыда аталғандарды "үйрене бiлу” деген ұғыммен жинақтауға болады.
Яғни, үйрене бiлу – қажеттi дағды, өйткенi ол интеллектуалды тәуелсiздiктiң
негiзi болып табылады және барлық дамыған және дамушы елдердегi азаматтар
үшiн қажет.
Екінші жағынан, құстың қос қанаты сияқты баланың да екі сүйеніші бар:
бірі – оқи алуы болса, екіншісі – оқығысы келуі. Бірінші тірек баланың
дербестігін құраса, екіншісі белсенділікті береді.
Өзара әрекеттесуге бағытталған үрдiс барысында бала iстеп жатқан
iсiнің мәнiне енедi. Балаларға дайын жауаптары бар тапсырмалар бергенде,
олардың танымдық белсендiлiк деңгейi жоғары болмайды.
Елбасы Жолдауында білім саласы қызметкерлерінің алдына үлкен
міндеттер қойды. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда
бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3 - 6 жас
аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту
әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы
білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту
деңгейіне жеткізу керек.
Білім - барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді,
сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып
Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру
жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда
көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық
мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті
технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі
ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман
дайындау.
Балабақша – үйрететін орта, оның жүрегі – тәрбиеші. Ізденімпаз
тәрбиешінің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп,
тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту,
қастерлеу, арындай таза ұстау - әр тәрбиешінің борышы. Ол өз кәсібін, өз
пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы
жаңа формация тәрбиеші – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген,
тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан
шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация тәрбиеші табысы, біліктері арқылы
қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы тәрбиешіге қойылатын талаптар:
бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. Осыған орай, үлкен
жауапкершілік жүктеліп отырған тәрбиешілерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға
тура келеді. Қазіргі даму кезеңінде білім беру жүйесінің алдында оқыту
үрдісін барынша технологияландыру мәселесі басты орынға қойылып отыр.
Мазмұнды және оқыту технологиясын жаңарту негізінде орта білім берудің
сапасын елеулі арттыру мақсатында экспериментті e - Learning электронды
оқыту жүйесі енгізілді. e - Learning электрондық оқыту жүйесі - Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасына қосылған ауқымды мемлекеттік жоба.
Жаһандану үрдісінде шығармашылық ізденістегі әр баланың ақыл-ой
еңбегінің дамуына ықпал жасайтын негізгі тұлғаның бірі – баланың ұстазы.
Ұстаздар қауымына білім беру принциптері тұрғысында жаңаша көзқарас
қалыптастыру жұмыстары дендеп өмірімізге енуде. Соның бірі – Кембридж
университетімен бірлесіп әзірленген ҚР педагог қызметкерлерінің
біліктілігін арттыру курстарының үшінші деңгей бағдарламасы. Қазақстан
Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстары
бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) өзектілігі Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен үйлеседі ,ал
мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында
көш басында келетін Финляндия, Сингапур және Ұлыбритания секілді прогресшіл
елдерге тән заманауи мақсаттармен және құндылықтар жүйесімен барабар. [2]
Бағдарламаның негізгі мақсаты, әрбір ел үшін маңызды болып табылатын
рухани, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде өз елінің
мәдениетін құрметтеуге жастарды тәрбиелеу; екіншіден – жастарды жылдам
өзгеріп жатқан әлемде өзіне сенімді және табысты болуға мүмкіндік беретін
дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өмірлік жағдайларда өз білімдерін
қолдануға ықпалын тигізетін сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтиды.
АКТ басым бағыттары: электрондық оқыту әдісі, мультимедиялық және
гипермәтіндік оқыту әдісі, ғаламдық тор арқылы оқыту әдісі және кейінгі
кезде белгілі бола бастаған тәсілдер: подкастинг, wiki, youtube, беттеріне
шығу.
Балабақшадағы технологияларға мыналар жатады:теледидар бағдарламалары;
сандық теледидар; интернет WWW; ұялы телефон; ұтқыр қондырғылар;
компьютер; ноутбук.
Білікті тәрбиеші үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз
байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық және тәжірибелік
білімдердің біртұтастығы оларды тиімді қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл
оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта
теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор
оқыту үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің
қалыптасқандығы болып табылады.
Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қоғамдағы
өзгерісті танып білуге және оларды тез қабылдауда мол мүмкіндік береді.
Оқыту мен оқытуда да ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану
модульде ұсынылған ақпараттар тәрбиешілерге оқыту барысында ғылыми
жетістіктерді жан-жақты пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа сандық
технологияларды қолдану бойынша көмек көрсету мен үйрету, Интернет
желісінің мол мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге баулу қарастырылған.
Заман талабына сай техника тілін белсенді меңгерген тұлға компьютер
бағдарламаларын, интерактивті жабдықтарды жан-жақты пайдаланушы ретінде ХХІ
ғасырдың толыққанды адамы екені сөзсіз. Сондықтан тәрбиешінің электрондық
және сандық сауаттылығы балалардың АКТ тұрғысында әлеуметтенуіне толық
қызмет етуі қажет. Бұл тұрғыда қазіргі заман жетістіктеріне дер кезінде
ілесе отырып, баланың, әріптестерінің толық мәнде ақпараттануына үлесін
қосуы қажет.

қолдану
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу – тәрбие процесін
ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің,
мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр
позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында баланың дамуына жағымды
жағдайлар жиынтығын құрайды
Қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің
білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында,
соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай
өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі кезеңде білім ғылым саласында инновациялық педагогикалық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен
қолданылатын ұғымдардың біріне айналды.
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың
ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі мақсаты–баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы
болып отыр.
Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын
қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр сырын
анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет.
Әрине, ол үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың
жеке басының қалыптасуы мен дамуында педагогтардың педагогикалық
технологияларды қолдана білу сауаттылығынада байланысты.
Яғни, педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың
еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай
жасау қазіргі таңдағы әрбір педагогтың міндеті. Қоғамдағы қазіргі даму
кезеңінде мектепке дейінгі мекемелердегі білім беру жүйесінде оқыту, тәрбие
беру үрдісін технологияландыру - басты мәселенің бірі. Осыған орай мектепке
дейінгі мекемелердің тәжірибесіне оқыту мен тәрбиелеудің әр түрлі
технологиялары жасалып енгізілуде.
Әрине мұндайда педагогикалық технологияға анықтама берген ғалымдардың
бірін атап өтсек те болады. Олар: В.П.Беспалько, В.М.Монахов, В.М.Кларин,
П.И.Третьчков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, М.А.Чошанов т.б. өз
еңбектерінде қарастырып өткен.
Білім беру жүйесінде педагогикалық технологияны қолдану келешек
ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл
болуына жағдай жасау әрбір педагогтың міндеті болып табылады. Білім беру
жүйесінде қолданылып жүрген педагогикалық технологиялар: ынтымақтастық
педагогикасы, білім беруді ізгілендіру, ойын арқылы оқыту, проблемалық
оқыту, модульдік оқыту, тірек сигналдары арқылы оқыту, дамыта оқыту,
түсіндіре басқарып оза оқыту, өздігінен оқыту, сын тұрғысынан ойлауды
дамыту, оқытудың компьютерлік технологиясы, бағдарламалап оқыту, деңгейлеп
оқытут.б.
Білім берудің алғашқы деңгейлері балабақшадан басталмақ. Мақсаты -
мектепке дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы
мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту технологиясы тәрбиешіден
терең теориялық, психологиялық, педагогикалық әдістемелік білімді,
педагогикалық шеберлікті, бабалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына
білуді талап етеді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын
педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.
Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік,
дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының
ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік
талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық,
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. Ойын - балалар үшін оқу да,
еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі. Сонымен қатар, ойын
балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды,
олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны
танып білуге құштарлығын арттырады.
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында
еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту.
Сонымен қатар, мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру
құралдарын қолданудың да маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына:
аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет,
мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер,
инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы
объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар
көптеп шығып, қолданыс табуда. Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық
оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу
іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал,
мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды
пайдаланар еді.
Бала бақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың
қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген
жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады. Мультимедиялық оқулықтар балабақшада
балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың
зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке
әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де
күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепке дейінгі мекемелерде ақпараттық қатынастық технология
құралдарын қолданудағы мақсаты - баланың танымдық қызығушылығын
қалыптастыру. Балада танымдық қызығушылықтың болуы олардың оқу іс-
әрекеттерге белсенді, білімінің сапалы болуына, жағымды мінез құлықтарын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Заман талаптарына сай мектепке дейінгі мекемелерде АКТ оқыту
процесінде кенінен пайдаланады. Түрлі танымдық салаларына арнаулы
компьютерлік бағдарламалар құрылуда. Баланың жас ерекшелігіне және
пайдаланатын компьютерлік бағдарламаларға сай интерактивті тақта ойындағы
баланың оппоненті, бағдарлаушы (әңгімелеуші), жаттықтырушы, емтихан
қабылдаушы болуы мүмкін.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға араналған
пайдаланатын компьютерлік құралдар бар: олар қөру, есту арқылы қабылдау,
зейін, есте сақтау, логикалық ойлау, т.б.
Интерактивті тақтаның жетістіктерінің кіші жастағы балаларда оқуға,
жаңа білім алуға деген құштарлық туғызады.
Интерактивті тақта ақпаратты кеңінен ұсыну құралы болып келеді және
баланың мотивациясын күшейтеді. Мультимедиалық технологияларды пайдалану
арқылы (түс, графика, дыбыс, замануи видеотехникалық құралдар) түрлі
жағдайлар мен ортаны моделдеуге болады. Мультимедиалық бағдарламаларға
еңгізілген ойын компоненттері үйренушінің таңымдық әрекетін белсендіреді
және материалды ұғынуды күшейтеді.
Оқытуда пайдаланатын интерактивті құралдар: тақта, компьютерлер
балаларды диагностикалауда жақсы көмекші болып келеді:
Зейінің дамытуда
Есте сақтау қабілетін дамытуда
Ойлау қабілетін дамытуда
Тілің
Жеке тұлғасың дамытуда
Оқу әрекетінің дағдыларын қалыптастыруда
Ақпараттық мәдениетке бейімдеу – ол тек ғана компьютерлік сауаттылық
емес, сонымен қатар этикалық, эстетикалық және интеллектуальдық сезімін
меңгеруі болып табылады. Балалардың онай түрде түрлі электронды,
компьютерлік жаңалықтармен жұмыстана білу тәсілдерін меңгеруі сөзсіз. Бала
бір минутта 1 мыңға дейін шартты бірлік ақпаратты қабылдап өндей алады, ал
көру органдары қосылғанда 100 мың шартты бірлік ақпаратты қабылды деген
эксперимент арқылы дәлелденген. Мектепке дейінгі ересек жастағы балада
ырықсыз зейіні жақсы дамығаны белгілі, бірақ балаға ақпарат қызықты,
көрнекілік болғанда зейіні жинақталатыны, жағымды эмоциялар туғызатыны да
белгілі. Компьютерді біріккен және өзбетімен әрекеттенуде қолдану баланың
мотивациясын көтеру және оқуға деген жекелендіруінің бір тиімді тәсілі
болып келеді, шығармашылық қабілеттерін дамытады және жағымды эмоциялық фон
туғызады. Осыдан АКТ-ні оқытуда пайдаланудың тиімділігі көрінеді.Мектепке
дейінгі мекемелерде АКТ пайдалану балаларда қоршаған ортаның ақпарат ағымын
бағдарлай білу дағдыларын дамытуға, ақпаратпен жұмыстанудың практикалық
тәсілдерін меңгеруге көмектеседі, заманауи техникалық құралдар арқылы
ақпаратпен бөлісу дағдыларын дамытады.Оқу іс-әрекеттерінде АКТ пайдалану
түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту тәсілінен гөрі әрекет жасауға көшу
мүмкіндігін береді, бала педагогикалық ықпалдын пассивті обьектісі емес,
белсенді субьекті болады. Осы, мектепке дейінгі балаларды саналы білім
алуға әкеледі. Интерактивті оқу іс-әрекеттерін өткізу бөлмесі келесі
міндеттерді орындайды:
1. балаларды жаңа технологиялары арқылы оқыту;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz