Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Саз кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспапты қолдану жолдары
Орындаған:
Жетекші:
Орал-2014ж
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-бөлім. Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық білім беру
1.1. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық білім
беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 Музыкалық тәрбие бағытының негізгі
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.3 Музыка – оқу іс - әрекетін ұйымдастырудың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ...19
2. Мектепке дейінгі мекемелерде мызкалық аспапты қолдану жолдары
2.1 Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы
үйрету ... ... ... ... ... ... ... . ... 21
2.2 Музыкалық аспаптарды қолдану әдіс-
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Ұлттық музыкамызды құрметтеп, оны түсінуге
баулу, ұлттық салт – дәстүрімізді үйрету және сонымен қатар музыка тілі
туралы түсінік беру.
Балаларды әсемдік әлеміне жақындатып, өнерге баулитын кезең балабақша.
Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының дамуына
жәрдемдеседі.
Әр ұлт өз ұрпағына ұлттық тәлім – тәрбие беру арқылы ғана ұлттық
болмысын, бейнесін сақтап, дамыта алады.
Басқа өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін терең мағыналы, кең
ауқымды Ел болам десең, бесігіңді түзе деген мақал тегін айтылмағаны
жөнінде ойланған артық емес. Егеменді елдің ертеңі – оқу – біліммен өнегелі
тәрбиемен өлшенеді.
Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың,
тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір – асыл мұрат. Әр
отбасында дүниеге келген сәби, өсіп жатқан жас буын, ата – анасының ғана
емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы, төл ұлтының туын көтерер
перзенті. Сондықтан жас ұрпақтың дені сау болып өсіп, уақытында білім алып,
жүрек қалауымен еңбекке араласып, туған Отанына қызмет етуіне қамқор болу
бір ғана ата – ананың емес, қоғамның, оны басқаратын мемлекеттің биік
борышы, абыройлы міндеті екені даусыз.
Бүгінде еліміздің мектепке дейінгі мекемелерінде тәрбиеленіп жатқан
бүлдіршіндердің арасынан болашақ небір майталман өнерпаздар, әншілер,
жазушылар, ақындар, қайраткерлер бір сөзбен айтқанда талай – талай мамандық
иелері шығуы әбден ықтимал.
Сол тәрбиенің бір саласы музыкалық, эстетикалық тәрбие. Музыкалық
эстетикалық тәрбие денегіміз – сұлулықты, көркемдікті сездіртіп үйрету,
сондай сұлулық пен көркемдікті тек көріп қана қоймай өз бойына қалыптастыра
білудің әдет – дағдыларын меңгеру.
Зерттеудің мақсаты: Музыкалық қабілеттерін дамытуда музыкалық
аспаптарды және музыкалық білімді ұйымдастыру кезінде техникалық құралдарды
пайдалану мүмкіндіктерімен таныстыру.
Зерттеу міндеттері. Мектепке дейінгі мекемелерде музыкалық аспаптарды
қолданып үйрету, музыкалық білім беру.
Зерттеу мәселесі. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз заманына сай тәлімді
тәрбие алуы үшін, осы мәселелерге баса назар аударылғанын қалаймыз.
Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ баласының болашағы бізді көп
толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің болашағы, ертеңі – ол бүгінгі өсіп
келе жатқан бала екені бәрімізге белгілі. Осы балалардың дұрыс тәрбие алуы
білікті мамандарға, тәрбиешілерге тікелей байланысты. Тәрбиеші деген үлкен
ұғым, сол ұғым өз деңгейінде болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.
Зерттеу болжамы. Музыка баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып
адамгершілік бейнесін қалыптастырады, жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай
балалардың музыкаға деген әсерлі көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле
түседі, шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Музыканың ықпалы кейде
үгіттеуден де, нұсқаудан да анағұрлым күшті болады. Балаларды мазмұны
әртүрлі шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге
баулимыз.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс -
әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми – практикалық маңызы. Баланың дамуына педагогикалық
процестің басты роль атқаратындығы дәлелденді. Бұл жұмысты оқығандар
зерттеуден өздеріне қажетті мағлұматтар ала алады. Сондай – ақ мектепке
дейінгі мекеме тәрбиешілеріне де пайдалы болмақ.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, теориялық және практикаалық
бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1. Мектепке дейінгі ұйымдарда музыкалық білім беру
Мектеп жасына дейінгі баланың музыкалық қабілеттері ересектермен және
өзге балалармен бірлесе қызмет істеуінен көрінеді. Педагог әр баланың жеке
басының жетілуіне дәйекті әдістемелік тәсілдерді қолдану, бүкіл ұжымға
ортақтандыру арқылы ықпал жасайды. Бұл ретте артта қалушының қиыншылықтарды
жеңіп, тез ілгерілеуіне көмектесетін құрбы – құрдастарының үлгілі істері
пайдаланылады.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттер музыкалық қызметтің барлық түрі
бойынша жасалған бағдарламаға сай жоспарлы жүргізіледі. Педагог материалды
бірнеше сабаққа бөле отырып, олардың әрқайсысын әрі дербес педагогикалық,
әрі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігін қамтитындай етіп
ұйымдастырады. Балаларды сонымен қатар келесі оқу іс - әрекеттерде не
жайлы айтылатынына, онда қандай әнді үйренетіндігіне, мерекеге қалай
әзірлену керектігіне т.б. оқу іс - әрекетінің қай – қайсысы болса да өткен
және алда жүргізілетін оқу іс - әрекетімен байланысты болуы тиіс. Оқу
процесін ұйымдастырудың мынадай кестесін белгілей кетуге болады: жаңа
материалмен таныстыру, ішінара меңгерілген шығарманы түгел үйрену, алған
білімдерді тиянақтау.
Іс - әрекет алмасып отырады: балалар ән айтады, билейді, ойнайды,
музыка тыңдайды. Бұл педагогқа белгілі қиыншылықтар туғызады, өйткені ол
балалардың назарын музыка аспаптары әуендерінің ауысуына байланысты
бағыттап отырады. Әр түрлі эмоциялық және қимыл арқылы орындалатын
тапсырмаларды ұштастыра білу жетекшінің оқытуды білікті әрі алуан түрлі
етіп жүргізуіне жәрдемдеседі.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерді ұйымдастыру балалардың жас
ерекшеліктеріне қарай белгіленеді және ересек адам мен бала арасындағы
қарым – қатынастың өзгере бастауымен айқындалады. Педагог тапсырмаларды
бірте – бірте күрделендіріп, әдістемелік әдістерді түрлендіре отырып, оқу
іс - әрекеттерді жоғары топтағы балалардың анағұрлым және өздігінен қызмет
істей алатындай дәрежеде болуын ұйымдастырады.
Жұмыс барысында туатын талаптарды ескере отырып, педагог дербес оқу іс
- әрекет формасын қолдана алады. Кейде бала оқу іс - әрекетке ұзақ уақыт
қатыспағандықтан өзін қалай ұстауын ұмытып, қысылады, ұжымдық қимыл –
ырғақтан шет қалып қояды. Мұндайда жалпы оқу іс - әрекеттен кейін қысқа
уақыттық жеке оқу іс - әрекеттер (2 – 3 минуттық) өткізген жөн. Педагог
баланың артта қалу себептерін анықтайды, ән айтудың, қимыл жасаудың кейбір
тәсілдерін түсіндіреді және көрсетеді, оған белгілі бір тапсырманы орындау
арқылы жаттықтырады. Артта қалған баламен 3 – 4 рет сабақ өткізгеннен кейін
ол ұжымда белсенді бола бастайды. Бірақ солай бола тұрса да педагог оған
назар аудара жүріп қажет болған жағдайда жеке сабақтарға тартады.
Балалардың музыкалық аспаптарда ойнаудың қайсыбір тәсілін меңгеруіне,
кейіннен мерекеде орындау үшін қайсыбір шығарманы басқалардан жасырын
үйретуіне т.б. сондайларға көмектесу қажет болған жағдайда шағын топпен
сабақтар өткізілуі мүмкін.
Балаларға білім беру жұмыстарының негізгі формасы – оның барысында
әрбір балаға жүйелі мақсатты және жан – жақты тәрбие беретін және олардың
музыкалық қабілеттерін қалыптастыратын музыкалық оқу іс - әрекеттері.
Музыкалық оқу іс - әрекеттері барлық топтармен бір мезгілде
өткізіледі. Олардың құрылымы, мазмұны оқу тапсырмалары мен балалардың
жасына байланысты болады. Бір жастағы баланың бақшада болу кезі ересек пен
балдырғанның белсенді қатынаста болып, оқуға үйретудің дайындық кезеңі
ретінде қарастырылады. Бір жарым жастағы балалармен оқу іс - әрекеті әуелі
шағын топпен 10 – 12 минут, ал содан кейін бәрін қосып өткізіледі. Екінші
топтан бастап және мектепке дейінгі мекеменің одан кейінгі топтарының
барлығында да музыкалық сабақтар аптасына екі рет өткізіледі.
Ендігі бір қиындық – оқу материалын жаттауды жүйелілікпен жүргізу:
алғашқы танысу, оқу процесіндегі дағдыларды меңгеруді қайталау, оны
тиянақтау, жатталғанды орындау. Бір сабақта белгілі бір шығарманы жаттау
кезеңдері сай келе бермеуі мүмкін. Мысалы, қолға алынған үш әннің біреуі
жақсы меңгеріледі және нақышымен орындалады, екіншісі тұңғыш рет тыңдаладығ
ал үшіншісі жаңадан жатталады. Музыкалық ырғақ қимылдарға үйрету процесі де
осыған ұқсас – балалар жаңа бидің жеке элементтерін меңгереді, ал таныс
музыкалық ырғақтарды қайталайды.
Ақыл – ой мен дене жағынан дамуды, адамгершілік тазалық пен өмірге
деген эстетикалық көзқарасты үйлесімді ұштастыру - әр тарапты сомдалған
жеке адамды қалыптастырудың қажетті шарты. Балаларға музыкалық тәрбие
беруді дұрыс ұйымдастыру көп ретте осы мәртебелі міндетке жету ісіне
көмектеседі.
Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы. Эстетикалық тәрбие
мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну,
жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, сөйтіп
көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталады.
Эстетикалық тәрбиенің жарқын құралдарының бірі – музыка. Музыка осы
маңызды міндетті орындау үшін балада жалпы музыкалық қабілетті дамыту
керек. ал жалпы музыкалық қабілеттің негізгі белгілері қандай?
Музыкалық қабілеттің бірінші белгісі – музыкалық шығарманың сипатын
(характерін) сезіну, естігеніне бірге қуану не күйіну, эмоциялық әсерін
көрсету, музыкалық образды түсіну қабілеті.
Музыка бөбекті толғандырады, қабылдаушылық қабілетін оятады, өмір
құбылыстарымен таныстырады, оларды бір – бірімен салыстырған ой
(ассоциациялар) туғызады. Марштың ырғақты әуені оның көңіл күйін қуанышты,
көтеріңкі етсе, ал науқастанып қалған қуыршақ жайындағы пьеса мұңайтады,
жабырқатады. Бір баланың ересек адамның радио арқылы орындап тұрған мұңды
әнін естігенде: Ағай өз қайғысы жайында ән айтып тұр дегені бар. Демек,
ол адамның ішкі тебіреністерін бейнелеген әннің сарынын сезген.
Музыкалық қабілеттің екінші белгісі – тыңдау қабілеттілігі, неғұрлым
жарқын және түсінікті музыкалық құбылыстарды салыстыру, оларға баға бере
білу қабілеті. Мұның өзі ең қарапайым музыкалық дыбысты тыңдап, ести білу
мәдениетін, қайсыбір бейнелеу құралдарына ден қойып, еркін тыңдау қабілетін
талап етеді. Мәселен балалар музыкалық дыбыстардың ең қарапайым қасиеттерін
(рояль мен скрипка тағы басқа аспаптардың жоғары және төмен тембрлік
дыбысын) бір – бірімен салыстырады, музыкалық шығарманың ең қарапайым
құрылымын (әннәі бастамасын, қайырмасын, пбесадағы үш бөлімді т.б.) бір –
бірінен айырады, бір – біріне қарама – қарсы көркем образдардың
айқындылығын (өлең бастамасының биязы жұмсақ және созылыңқы сипаты мен
қайырманың жігерлі тез сипатын) байқайды. Бара – бара балалардың өздері бар
ынтасымен тыңдайды және орындайтын сүйікті шығармаларының қоры жинақталады,
музыкалық талғамдарының алғашқы негіздері қаланады.
Музыкалық қабілеттің үшінші белгісі – музыкаға шығармашылық
көзқарастың көрінісі. Бала музыканы тыңдап отырғанда, көркем образды әнді,
ойынды, биді көз алдына елестете отырып, өзінше қабылдайды. Мәселен, бала
сергек басып келе жатқан балаларға, маң – маң басқан аюға, үркек қоянға,
т.б. тән бейнелі қимылды іздейді. Таныс би қимылдары жаңа құрылымдар мен
түрлерде қолданылады. Балалар қарапайым әуендерді ойдан шығарып айта
береді.
Музыкаға жалпы бейімделушіліктің дамуына қарай балалардың музыкаға
деген эмоциялық көзқарасы қалыптасып, есту қабілеті жетіле түседі,
шығармашылық елестету сезімі пайда болады. Балалардың тебіреніс –
толғаныстары өзіндік эстетикалық реңк алады.
Музыка – баланың моральдық бейнесін қалыптастыру құралы. Музыка
баланың сезімдеріне тікелей әсер ете отырып, оның моральдық бейнесін
қалыптастырады. Музыканың ықпалы кейде үгіттеуден де, нүсқаудан да
анағұрлым күшті болады. Балаларды эмоциялық – образдық мазмұны әр түрлі
шығармалармен таныстыра отырып, біз оларды қосыла әсерленуге баулимыз.
Ұжым болып ән салу, билеу, ойнау көп ретте тәрбиелік міндеттерді
шешуге көмектеседі, мұндайда балалардың бәрі ортақ әсерге бөленеді. Ән айту
қатысушылардың бәрінің бірдей күш салуын қажет етеді. Әнді дәл айтпайтын
адам әннің жақсы айтылып, орындалуына кедергі жасайды, ал ол бәрінің
сәтсіздігі ретінде қабылданады. Көптің бірдей тебіренуі дербес дамудың
қолайлы негізін қалайды. Жолдастарының үлгісі, бәрі бірдей шаттанып,
қуанышты түрде орындауы жүрексіз, батылсыз балаларды қанаттандырады. Басқа
балалардың сәтті шыққан өнері ықылассыз, өр көкірек баланың жағымсыз
қылықтарға бой ұруына белгілі кедергі болып табылады. Ондай балаға
жолдастық көмек көрсетуге, сөйтіп, кіші пейілділікке тәрбиелеуге және оның
басқадай қабілеттерін дамытуға болады.
Музыкамен айналысу мектеп жасына дейінгі баланың жалпы мінез –
құлқына, мәдениетіне себін тигізеді. Түрлі тапсырмаларды, іс – қимыл
түрлерін (ән айту, музыка тыңдау, балалар аспаптарында ойнау, музыка
ырғағына үйлесімді қимылдар жасау) алма – кезек ауыстырып отыру балалардың
ықылас қоюын, тапқырлық көрсетуін, тез қабылдап, тез тауып қимыл жасауын,
ұйымшыл болуын, жігерлі күш – қимылды: әнді дер уақытында бастап, дер
кезінде аяқтауды; биде, ойындарда тезірек жүгіріп кеткісі, әлдекімдерден
озып кеткісі келген ықтиярсыз тілекке берілмей, музыкаға бағынып, қимылдай
білуді талап етеді. Осының бәрі тежеу процестерін жетілдіреді, ерік –
жігерді тәрбиелейді.
Сөйтіп, музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар туғызады, болашақ адамның жалпы
мәдениетінің алғашқы түп негіздерін тәрбиелейді.
Музыка – ақыл – ой қабілеттерін жандандыру құралы. Музыканы қабылдау
ақыл – ой процестерімен тығыз байланысты, яғни зейінді, байқағыштықты,
тапқырлықты талап етеді. Балалар дыбыс үніне құлақ салады, ұқсас және бір –
бірінен өзгеше дыбыстарды салыстырып, олардың бейнелік мәнімен танысады,
көркем образдардың сипатты мағыналық ерекшеліктерін байқайды, шығарманың
құрылымын түсіне білуді үйренеді.
Баланы эстетикалық және ақыл – ой тұрғысынан жетілдіре отырып, оның
қабылдау және көз алдына елестету қабілетін жандандыратын, ой – қиялын
оятатын кішкентай да болса шығармашылық көріністерін барынша демеп, қолдау
керек.
Ересек адам балаға шығармашылық тапсырмалар берген кезде ақыл – ой
белсенділігін қажет ететін ізденіс туады. Мәселен, ән айтқанда бала әуеннің
өзі тапқан түрін жанынан шығарып айтады, әдеби мәтіннің бейнелі интонацияға
сәйкестігін табуға тырысады.
Музыкалық – ырғақ (ритмика) сәтінде балалар рахаттана әндетіп, музыка
ырғағына сай қимылдай жүріп, өздері ойлап тапқан жаңа биге көшеді. Би,
халықтың жеке билері, пантомима, әсіресе музыкалық – ойын түріндегі драма
балаларды өмір көріністерін бейнелеуге, бейнелі қимыл, мимика, сөз арқылы
қайсыбір персонажды сипаттауға итермелейді. Бұл жағдайда белгілі бір жүйе
байқалады; балалар алдымен музыканы тыңдайды, тақырыпты талқылайды,
рольдерді бөліседі, содан кейін барып іске кіріседі. Әрбір кезеңде
ойлануға, қиялдауға тура келетін жаңа міндеттер туып отырады.
Ән айту дауысты жетілдіреді, дауыс желбезегін бекітеді, сөзді дұрыс
айта білуге үйретеді (логопед – дәрігерлер тұттықпаны емдегенде ән айтқызу
тәсілін қолданады), вокальдық – дыбыс координациясын қалыптастыруға
көмектеседі. Ән салушылардың өз тұлғасын дұрыс ұстауы тынысты реттеп,
тереңдете түседі.
Музыка мен қимылдың өзара байланысына музыкалық ырғақты қимылмен
шұғылдану баланың тұлғасын, координацияны жақсартады, аяқты нық басып,
жеңіл жүгіретін қасиет қалыптастырады. Музыкалық шығарманың динамикасы мен
екпіні тиісінше қимыл шапшаңдығын,оның ауырлығын, амплитудасын, бағытын да
өзгертіп отыруды талап етеді.
Мектепке дейінгі мекемедегі музыкалық әрекеттің басты түрі ән айту
болып саналады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалар есту арқылы ән
айтудан нота бойынша айтуға көшетіндіктен, мектепке дейінгі мекемеде
музыкалық оқу іс - әрекеттеріне белсенді түрде дайындалу үшін балалар үшін
барлық жағдай жасалынуы керек. Есту арқылы ән айтудан нота бойынша ән айту
– дыбыс пен нотаны ұштастыра білуді талап етеді. Осыған ұқсас жағдайда
ауызша және жазбаша сөздердің байланысын еске түсіруге болады. Сондықтан да
баланың бойында көтеріңкі дауыс шығарудың арақатынасы туралы музыкалық –
есту түсініктерін қалыптастырудың маңыздылығының мәні де осында.
Жүйеге түскен әндердің (ансамбльдік) дағдылары коллектив болып ән
айтудағы тұрақты жаттығулар арқылы қалыптасады. Мұнда бұкіл музыкалық
реңктердің ерекшелігін айтып отырудың маңызы зор. Егер балалар осы
ерекшеліктердің мәнін, көңіл күйін жете білсе, онда олар мерекелік әндерді
не үшін салтанатты түрде, шаттық сезіммен, бесік жырын баяу, ерекше
мейіріммен айту керектігін біледі. Ең бастысы – балалар әрекеттерінің
ынтымақта болуы, әрқайсысы өзін ән айтушы коллективтің қатысушысы екенін
сезе білуі және өз даусын жалпы дауысқа, ырғаққа мүмкіндігінше теңестіре
білуі.
Балаларды музыкалық – ырғақтық қимылдар жасауға үйрету алған
дағдыларын бекітуге бағытталған жұмыстың белгілі бір қорытындысы болып
табылады. Егер ән айтуға үйрету кезінде мектепке дейінгі мекеме мен мектеп
арасында сабақтастық болуы белгіленетін болса, ырғақты меңгеру ісі басқаша.
Ырғақ мектепте айтарлықтай орын алмайды (әр түрлі жағдайларға байланысты),
жүйелі жүргізілуі де жеткіліксіз. Сол себепті үйрету барысында мектепке
дейінгі және мектеп жүйесіндегі сабақтастық туралы айтудың өзі де қиын.
Алайда мектептегі сабақтарға қажетті эстетикалық, ақыл – ой қабілеттерін,
адамгершілік – еріктік сапаларын дамытуда ырғақтың қосар үлесін де
бағалаған жөн.
Билерді, қол ұстасып жүрумен ән айтуды мәнерлі, дәл орындау,
шығармашылық әрекеттер жасау, белсенділікті арттыру, өздігінен жұмыс жасай
білу дағдыларын жетілдіру жөніндегі жұмыс одан әрі жалғастырылады.
Балалар музыкалық тапсырмаларды орындай отырып, қимылдар сипатын
теңдестіре білуді: жүру кезінде мерекелік жүрістің салтанатты, көтеріңкі
көңіл күйін, орыстың қол ұстасып жүріп айтатын өлеңдерінде бір қалыпты
салмақтылық жағдайды; секіру кезінде жеңіл, әсем, биікке көтерілуге,
қимылдарды кеңінен жасауды үйренеді.
Қимылдардың, әсіресе би және гимнастикалық қимылдардың көлемі
айтарлықтай кеңейтіледі.
Балалардың музыкалық – ойындық, би шығармасы олардың ойындарда
өздігінен ойлап табушылығын, композицияларды, қол ұстасумен ән айтуды, би
билеуді ойдан шығара білу мақсатын көздейді.
Музыкамен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі.
Тәрбиенің барлық жақтарының өзара байланыстылығы музыкалық қазметтің алуан
түрлері мен формалары процесінде қалыптасады. Балалардың эмоциялық
елгезектігі мен музыкалық есту қабілетінің жетулуі олардың ізгі сезімдер
мен іс – қылықтарға қолдарынан келетін формада жауап қайтаруға мүмкіндік
береді, ой қызметін күшейтуге көмектеседі, мектеп жасына дейінгі балалардың
қимыл – қозғалыстарын ұдайы жетілдіре отырып, дене жағынан шыңдап шығарады.
Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі. Балаларға эстетикалық тәрбие
беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда музыкалық ойыншықтар мен балалар
аспаптарына айрықша рөл жүктеледі. Олар балалардың зор қызығушылығын
туғызады. Сондай – ақ бұлар балдырғандарды музыка сферасына қызықтыру,
шығармашылық қабілетін жетілдіру мақсатында отбасында да, мектепке дейінгі
ұйымдарда да кеңінен қолданылады.
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін
мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта
музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар оркестріндегі ұжымдық орындаулар да
осындай мүмкіндік болып табылады.
Музыка жетекшісі әуелі аспаптардың көмегімен балалардың музыкамен
өздігінше айналысуына түрткі болуға күш салады. Балалар өздеріне таныс
шағын әндерді ойнауды, жеңіл ырғақтарды немесе жеке интонацияларды ойдан
шығаруды, есту қабілеті арқылы таныс әуенді іріктеуді музыкалық
жаңғырықта ойнауды, ән айтуды және өз дауысына келтіруді, т.б. үйренеді.
Мектепке дейінгі ұйымда музыкалық аспаптардың түрлерін ансамбль немесе
тіпті шағын оркестр құруға болатындай етіп жинақтаған жөн.
Балалар аспаптарының дауысы таза, тембрі анық, көлемі мен салмағы
жағынан балаларға қолайлы, құрылымы қарапайым, мейлінше мықты болуы керек.
Жөндеуді, жүйелі дыбысқа келтіруді қажет ететін музыкалық аспаптар сабақ
басталмай тұрып ретке келтірілуі тиіс.
1.2 Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты
Музыкалық тәрбие бағытының негізгі мақсаты - баланың бойында белгілі
бір деңгейдегі білім мен музыка мәдениетінің негіздерін қалыптастыру,
балалардың шығармашылық дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету.
Бала дүниеге келгеннен бастап, ана әлдиін, халықтық музыканы құлағына
сіңіріп өседі. Халықтық әуен келешек ұрпақты адалдық, тазалыққа, кең пейіл,
ақжүрек болуға баулиды.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру
негізінде халықтың ән-күйлерін тыңдау, айтыс, жұмбақ, жаңылтпаш, музыкалық
аспаптармен, би өнерімен таныстыру мақсаты көзделеді. Сонымен қатар халық
музыкасы сәбидің ақыл-ойына, сезіміне әсер етіп, олардың шығармашылық
қабілетін арттырады. Қазақ халқы дарындылығымен қоса таланттарға бай.
Балаларды қабілеттеріне қарай ән-би үйірмелеріне қатыстыруға көңіл
бөлінеді. Музыка пәні жетекшісінің алға қоятын мақсаттары – балаларға
халық мұрасын үйрету. Балаларды музыка арқылы әдемілікті, әсемдікті
сезінуге тәрбиелеу.
Музыка өнері тек эстетикалық тәрбие құралы емес, оның өзге де
сипаттары бар: ұлттық болмыс, мазмұн, сипат. Сондықтан да жастардың
тәрбиесіне ықпал ететіндей жаңаша түрін іздеу керек. Музыка өнері әр түрлі
қызмет атқара алады:
1) Қатынастық қызмет.
2) Кәсіби бағытпен тікелей байланыста музыканы дамыту.
3) Жастар ойын, олардың жалпы білімдік деңгейін мамандыққа сәйкес
дамыту.
4) Мамандыққа сәйкес тәрбиелік қызмет т.б.
Осылардың негізінде орындалатын міндеттер:
- қазақтың ұлттық мәдениетінің жай-күйін зерттеу;
- жастар арасындағы мәдени-рухани байлықтарды кеңейту;
- музыка саласындағы жетістіктерін насихаттау;
- жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне мейлінше көңіл бөлу.
Қазақ халқының мәдениетін, өнерін, салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де
жас ұрпақ тәрбиесінде ерекше маңызға ие болды.Бала музыка әуенінің өзіндік
ерекшілігін, табиғатын түсінуі керек. Кез келген музыкалық шығарма
мінездемесі, құрылымы, мазмұны, жанры,стилі, шығу тарихы жағынан бірінші
кезеңде тұтастық талдау әдісіне бағынышты. Екінші кезеңдегі бөлшектеп
талдау әдісі музыканы өңдеу,әуенді музыкалық құралдардың айқындылығын
меңгеруді тереңдетеді. Ал, үшінші кезеңдегі тұтас талдау әдісі өнердің
бір-біріне жақын түрлерін біріктіреді. Мектептегі барлық оқу және сыныптан
тыс эстетикалық бағыттағы жұмыс барысы музыка пән жетекшісінің кәсіби
білімін, іскерлігін талап етеді. Жоғары оқу орындарында Музыкалық білім
беру мамандығы бойынша Музыкалық білім берудің әдістемесі- болашақ
маман музыка пән жетекшісін кәсіби-педагог ретінде дайындауға бағытталған
оқу пәндер циклында негізгі және интегралданған пән.Осы пәнді оқыту
барысында әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Мысалы:
- жергілікті мекен жайдағы таңдаулы жетекшілердің сабақтарын көрсетіп,
сол жетекшінің көзге түсерлік қыры мен сырын аңғартып жазбаша талдау
жасатқызу;
- өз аумағымыздағы мәдени өзгешілікпен таныстырып,болашақ мамандарды
кітап оқу арқылы ғана емес, әр түрлі экскурсиялар,жорықтар,көрмелерге,
театрларға бару арқылы баулу;
- өзін-өзі жаттықтыруға оқу теледидарын және аутогендік жаттығулар
әдісін қолдану ( өзін-өзі бақылау, өзін-өзі талдау);
Іздемпаздыққа тәрбиелеу үшін оқытушы тағы да бір тәсілдерді үйрете
алады.
- өз бетінше іс басқару, өзгеге жалтақтамау, тыңнан жол салуға баулу;
- тәуекелге бел байлау;
- белсенділік, әуесқойлық, іздену жолындағы жігерлік;
- қалыптасқан дәстүрге сын көзбен қарау, ұнамаған әдіс-тәсілдерді
өзгерту жолында жаңа ойлай білу;
- өзге тұлғалармен араласып, өз ойларымен бөлісе білу.
Жоғарыда айтылғанның бәрін ескере отырып, музыка пәні жетекшісінің
бірнеше кезеңнен тұратын ұзақ оқу процессінде оның алдына қойылатын
міндеттерді көрсетуге болады: балалардың музыка өнеріне қызығушылығын ояту,
дамыту; олардың музыканы қабылдау қабілетін дамытуды жүйелі түрде
ұйымдастыру әне халықтық мұра – орындаушылықты насихаттау.
Музыка пәні жетекшісінің қызметі ұйымдастырушылық, танымдық,
эмоционалдық, т.б. бірнеше бағытта жүргізіледі:
Ұйымдастырушылық бағыт жетекшінің оқыту, тәрбиелеу процессін жоспарлау
және ұйымдастырудан құрылады. Бұл оқу материалын іріктеу, оқу және тәрбие
жұмыстарының түрлі формаларын, сабақ барысын ұйымдастыру, т.б. Бұл үшін
мұғаім мынадай заңдылықтарды білуге тиіс:
- мектепке дейінгі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz