Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму кезеңдері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәнінен

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:

Мектепке дейінгі мекемелердегі Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі
пәні, міндеттері. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелік даму
кезеңдері

Орындаған: Самсенова Х.Б.
Тексерген: Айтқалиева А.М.

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының пәні
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі теориясының
дамуы
3. Мектеп жасына дейінгі балалар дене ьәдістемесінің мақсаттары мен
міндеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дене шынықтыру жүйесі дегеніміз - әлеуметтік, экономикалық, құқықтық,
ғылыми әдістемелік, нормативтік бағдарлама негіздерінің жиынтығы және
республикадағы дене шынықтыру мәселесіне жауапты ұйымдар мен мекемелер
жеткілікті. Дене шынықтыру жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты,
жантәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жүмысқа құштар, жан-жақты
дене шынықтыру дайындығынан өткен азаматтар тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегі
жалпы міндеттерге негізделеді:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру
және дене шынықтыру көлемінде мектепке дейінгі балаларға білім беру;
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен
мектепке дейінгі балалардың денсаулықтарын күшейту;
3. Тәрбиелік міндеттер – мектепке дейінгі балаларға адамгершілік,
жігерлілік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн
талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене
тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды
өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті,
адамгершілік қарым-қатынасы әрекетімен көрінетін субъект деп танылуымен
айқындалады. Қоғамның елеулі өзгерістерге түсуі, адамның мақсат-
мұраттарына, тұрмыс-тіршілігі мен мінез-құлқына, сондай-ақ өзінің жеке
басына да субъект ретінде өзгеріс енгізуде. Оның үстіне қоғамдағы
салауаттылық, дене мәдениеті мен рухани құндылықтардың табиғаты, мәні, шығу
тегі және атқаратын қызметтері туралы жан-жақты зерттеу, балалардың дене
тәрбиесін салауаттылық дене мәдениеті мәселесімен байланыста қарастыру
қажеттігі курстық тақырыбымның өзектілігін айқындай түседі.
Балалардың салауатты өмір сүру дағдыларына баулу, дене тәрбиесін
жүзеге асыру, дене тәрбиесі мәселесін теориялық талдау мен дене
тәрбиесіндегі тәжірибелерді объективті тұрғыда талдаудың маңыздылығы өте
жоғары екендігі айқындалды.
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене
тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның
қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие
талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету
үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру
сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі
екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене
тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты
жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
1. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене
тәрбиесі теориясының пәні
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – қоғамның
болашақ азаматтары – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы
ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы
идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі
болып табылады.
Дене тәрбиесі үшін жеке адамды (баланы) қалыптастырудағы өмірдің
әлеуметтік жағдайлары мен тәрбиенің шешуші ролі туралы қағидалардың зор
мәні бар.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жалпы теориясымен
мазмұндас және оқып үйрену пәні бір болуымен қатар баланың барлық жас
кезеңдеріндегі (туғаннан 7 жасқа дейін) дене тәрбиесінің заңдылықтарын
арнайы зерттейді.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы осыған сәйкес
тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы
заңдылықтарын танып – біледі.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы әр жас шамалық кезеңнің
ерекшеліктерін зерттей, ғылыми мәліметтер мен практикалық тәжірибені
қорытып талдай отырып, дене тәрбиесі міндеттерін анықтайды, олардың мәнін,
неғұрлым тиімді құралдары мен әдістерін, дене тәрбиесінің бүкіл процесін
ұйымдастырудың мақсатқа сай формаларын ашып көрсетеді.
Өз қимыл – қозғалысын жақсы меңгеретін дене жаттығуларды сүйетін, оны
айнала қоршаған ортада өз бетімен бағдар таба білетін, мектепте оқуға және
одан кейінгі жылдардағы белсенді шығармашылық қызметке қабілетті, дені сау,
шымыр, шыныққан, шат – шадыман, ынталы баланы қалыптастыру – жан – жақты
даму негізі ретіндегі дене тәрбиелеудің айрықша мәнін айқындайтын маңызды
міндет болып табылады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы ғылыми зерттеулердің негізінде сәби
жастағы және мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық – физиологиялық
ерекшеліктерін: организмнің жұмысқа қабілеттілік мүмкіндіктерін, жүре пайда
болатын ынта мен қажеттіліктерін, көрнекілік - әрекеттік, көрнекілік –
бейнелік және логикалық ойлау формаларын, іс - әрекеттің басым түрінің
өзіндік ерекшелігін ескеріп отырады. Осыған сәйкес балалар дене тәрбиесінің
теориясы дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларының мазмұнын құруға
және оны іске асырудың тиімді педагогикалық жағдайларын жасауға бағыт
береді.
Балалар дене тәрбиесі теориясы баланың әр жас кезеңінің ықтимад
мүмкіндіктерінің заңдылықтарын танып – біле және ескере отырып дене
тәрбиесінің бүкіл тәрбиелік – білім беру комплексі (қимыл – қозғалыс жасай
білу және дағдылар, дене қасиеттері, кейбір элементарлық білім) ғылыми
негізделген бағдарламасының талаптары перспективалы қарастырады. Мұны
игеру балалардың дене әзірлігін мектепке баруға қажетті деңгейде қамтамасыз
етеді.
Дене тәрбиесі жан – жақты тәрбие берудің маңызды компоненті болуымен
бірге өз процесінде ақыл – ойлық адамгершілік, эстетикалық және еңбек
тәрбиесінің міндеттерін комплексті түрде жүзеге асырады.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың барлық формаларында (сабақ,
қозғалысойындары, балалардың өзіндік әрекеттері және т.б.) тәрбиешінің
назары ақылға сала ойлайтын, эмоциялы, өз жас шамасының мүмкіндігіне қарай
саналы әреке ететін, қозғалыс дағдыларын меңгеріп отыратын, айналаны
бағдарлай білетін, өзіне берілген тапсырмалардың мәнін түсінетін, кездескен
қиыншылықтарды жеңуді үйреніп отыратын, тәрбиешінің ыждағатты, тілектесті
басшылығымен өз іс - әрекетінде шығармашылық ізденіске деген талпыныс
көрсетіп отыратын бала тәрбиелеп шығуға бағытталады.
Балалар дене тәрбиесінің теориясы бала денесін тәрбиелеудің сан алуан
жақтарын, әсіресе оның қозғалыс дағдыларын қалыптастыруды қамтитын
зерттеулер арқылы алынған жаңа білімдермен дамылсыз дамып, байып отырады.
2. Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі
теориясының дамуы
Балалар дене тәрбиесінің теориясы қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер
мен озат практика негізінде дамиды.
Дене тәрбиесі туралы отандық ғылым, тамыры орыстың көп ғасырлық
халықтық педагогикасына тереңдей сіңген өткен дәуір бай мұрасының әсерімен
қалыптасады.
XVII ғасырдың екінші жартысында – ақ сол кездің аса білімді
адамдарының бірі – Епифаний Славинецкийдің балалардың дене тәрбиесі жөнінде
озық ойлар айтқанын тарихи материалдар дәлелдейді. Ол Бала әдеттерінің
азаматтылығы деп аталатын тамаша документ жасап шыққан. Бұл кітапта
балалар ойынына ерекше тарау арналады және оның тәрбиелік – білім берудегі
үлкен мәні көрсетіледі.
Бұдан кейінгі кезде прогресшіл қоғам қайраткерлері И. И: Бецкой, Н. И.
Новиков, А. Н. Радищев дене дамуын ақыл – ой және еңбек тәрбиесімен тығыз
байланыста қарастырған.
Тамаша педагог К. Д. Ушинский ойынға, гимнастикаға, балалардың таза
ауада жүруіне үлкен мән берді. Ол балалармен өткізілетін сабақ үстінде
ықыласты қалпына келтіруге көмектесетін қысқа мерзімді қимыл – қозғалыстар
орындау үшін шағын үзілістер жасауды ұсынды.
Прогресшіл қоғам қайраткерлерінің айтқандары, ғалымдардың,
дәрігерлердің еңбектері дене тәрбиесінің отандық теориясын жасауға алғы
шарт болды.
Ресейде дене тәрбиесінің өзіндік теориясын жасаушы П. Ф. Лесгафт болып
табылады.
П. Ф. Лесгафт қимыл – қозғалыс ойындары теориясы мен методикасын
жасады. Ол қимыл – қозғалыс ойынын бала соның көмегімен өмірге әзірленетін
жаттығу ретінде анықтайды. Осы ойындар үстінде ол дағдыларға, әдеттерге ие
болады, онда мінез қалыптаса бастайды. П. Ф. Лесгафт теориясы балалардың
дене тәрбиесі туралы ғылымды одан әрі дамыту үшін берік іргетас болып
табылады.
П. Ф. Лесгафттың шәкірті дәрігер – педиатр және гигиенист, профессор
В. В. Гориневский өзінің дәрігерлік – педагогикалық қызметінде және баспа
еңбектерінде П. Ф: Лесгафттың дене тәрбиесі туралы ілімін тереңдете түсті.
В. В. Гориневский дене жаттығулары мен спортпен айналысуды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикадан дәрістер жайында
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Дене тәрбиесі бағдарламасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттері
Мектеп жасына дейінгі баланы қалыптастырудағы дене тәрбиесінің ролі
Мектепке дейінгі жастағы балаларға дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру
Дене тәрбиесінің әдіс- тәсілдері
Дене шынықтыру сабағының міндеттері
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі пәні
Пәндер