Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
« » кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Балалар бақшасында мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру және жүргізу ерекшеліктері»
Орындаған:
Жетекші:
Орал - 2015
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. Мектепке дейінгі мекемеде музыкалық-эстетикалық тәрбие беру негіздері . . . 3
2. Негізгі бөлім . . . 7
1. 1 Мерекелік ертеңгіліктердің бала өміріндегі рөлі . . . 7
1. 2. Мерекелік кештердің құрылымы . . . 10
1. 3. Атаулы ертеңгіліктердің өту барысы . . . 13
1. 4. Ертеңгіліктердегі тәрбиешінің рөлі . . . 19
1. 5. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай репертуарларды таңдай білу . . . 28
Қорытынды . . . 31
Практикалық бөлім . . . 33
1. Кіші, орта, ересек топтарға арналған ертеңгіліктер үлгісі . . . 33
2. Ойындар . . . 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 48
Кіріспе
1. Мектепке дейінгі мекемеде музыкалық-эстетикалық тәрбие беру негіздері
Зерттеу өзектілігі: Халқымыздың егемендікке қол жеткізіп, ХХІ-ғасырға тарих табалдырығынан еркін, тәуелсіз ел ретінде аттап отырған кезінде әуелі ана тіліміздің өрісін көбейтумен бірге жас жеткіншек ұрпаққа ұлттық, адамгершілік - эстетикалық тәрбие беру бүгінгі таңда игілікті іс екені баршамызға мәлім.
Оқыту мен тәрбие егіз- деп бекер айтылмаған. Сондықтан біз өскелең ұрпақты Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеп, халқымыздың ұлттық музыкасы арқылы олардың бойына өз елінің жетістіктері мен табыстарына, музыкалық мәдениетіне деген үлкен мақтаныш сүйіспеншілік, қызығушылық сезімдерін қалыптастыруымыз керек.
«Музыканы тыңдай және оны түсіне білу - эстетикалық мәдениеттің қарапайым ғана белгісі, бұл болмаса сапалы тәрбие беруді елестету мүмкін де емес» деп жазды ұлы педагог В. А. Сухомлинский.
Бүгінгі педагогтік тәжірибеде оны жүзеге асырудың көптеген әдіс-тәсілдері жинақталған. Солардың бірі-балаға эстетикалық тәрбие беру құралы балабақшадағы музыка сабағы. Сабақ барысында бүлдіршіндер музыкалық іс- әрекеттің барлық түрін ойын түрінде өтеді. Баланың сабақ барысында жалығып кетпеуі музыка жетекшісінің шеберлігіне, тәжірибесіне, біліміне өте байланысты.
Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың «Су басынан тұнады, өрт алдынан сөнеді» деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған. Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңғал да адал сәбилеріміздің тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата - ананың міндеті деуге болады. Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдыреті жетеді. Қазақ халқының педагогикасында балалар мен жастарға музыкалық эстетикалық тәрбие беруде сан түрлі тәсілдері бар. Музыкалық эстетикалық тәрбиенің қалыптасу мен дамуы, халықтың сан- ғасырлық тарихымен, тыныс тіршілігімен, тұрмыс- салтымен, және мәдениеті- мен байланысты.
Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр - дастаны, әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге, өлең - жырға бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.
Мерекелер мен ойын - сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз, болашақ жас әншілік қадамына жол көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті - ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданды.
Зерттеу мәселесі : балабақшаларда мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастырудың тәрбиелік маңызын және ойынның бала өміріндегі рөлін ашып көрсету.
Зерттеу болжамы: Қазақ халқында «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын балалар өмірінің нәрі. Сондықтан оқу, тәрбие ісінде ойындарды, мерекелік шараларды ұйымдастыру қолданылса, баланың дүниетанымы қалыптасып, қиялы шыңдалып, зейіні қалыптаса отырып, ойлау қабілетінің дамуы жақсарады деген болжам бар.
Зерттеу пәні : Әр топ ерекшеліктеріне арналған мерекелік шаралар репертуарының сипаттамасы.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі кішкентай, орта, ересек балалары
Зерттеу мақсаты: мерекелік шараларды ұйымдастыруда балалардың жан-жақты қабілеттерінің даму барысын зерттеу.
Зерттеу міндеті:
- Мектепке дейінгі мекемелерде ойындарды үйрету арқылы өз Отанын, елін, жерін сүйетін, жан-жақты қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеу;
- балабақшаларда мерекелік ертеңгіліктерді ұйымдастыру әдістері мен тәсілдерін меңгерту;
- Оқу-тәрбие жұмысында ойындарды қолдана білудің маңызы туралы түсінік беру.
- Балаларды тәрбиелеуде қолданылатын ойынның түрлері мен маңызын зерттеу.
Зерттеу көздері : мектепке дейінгі ұйымдар, балабақшалар және отбасы тәрбиесі.
Зерттеу әдістері: ғылыми-педагогикалық, тарихи-әлеуметтік еңбектерге теориялық талдау, бақылау, байқау; ата-аналар және тәрбиешілермен әңгіме, сұхбат жасау.
Зерттеу кезеңдері : мектепке дейінгі балалар (кішкентай, орта және ересек топтағы балалар) .
Ғылыми жаңалық:
- Балалар өміріндегі ойынның маңызы мен түрлеріне теориялық тұрғыда сипаттама беру;
- Ойындардың түрлерімен таныстырылды және отбасы тәрбиесінде ата-ана қарым-қатынасының ықпалын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді,
- Бала мен ата-ана және балабақшада қарым-қатынасының тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді.
- Балалар ойындарының тәрбиелік мәні теориялық және практикалық тұрғыдан зерттелінді.
Тәжірибе маңызы: эксперименттік - тәжірибе жұмысының нәтижелерін ата-аналардың педагогикалық сауатын ашуда, тәрбиешілердің ата-аналармен жұмысында, іс - шараларында қолдануға болады. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін нығайтуда үйретілген ойындарды пайдалануға болады.
2. Негізгі бөлім
1. 1 Мерекелік ертеңгіліктердің бала өміріндегі рөлі
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу, талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі болып табылады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемелердің алдында балаға жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни, сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, ойын дұрыс жеткізе білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті болып тұр.
Балалар өміріндегі мерекелердің маңызы - адамгершілік, эстетикалық тәрбие беру құралы, әдеби шығармалар, әндер мен өлеңдер патриоттық сезімдер қалыптастырады, балалар бойында тәртіптілік, мінез - құлық, ұжымшылдық негіздерін, мәдениетін тәрбиелейді.
Мейрам күндері - балалар үшін жан тебірентер ән мен күйдің, әсем бидің, көз қуантар көріністердің қызғылықты бір әлемі. Сондықтан да, мейрам күндерін балабақшаның әрбір тәрбиеленушісі асыға күтеді, өз өнерлерін жолдастарына, тәрбиешілеріне және ата - аналарына көрсетуге асығады.
Осы жағынан алғанда, жас жеткіншектерді тәрбиелеп, оларды жан - жақты дамытып, жетілдіруге мерекелік күннің үлесі зор. Жас жеткіншектердің өзін қоршаған ортаға дұрыс қалыптастыруға өз Отанына сүйіспеншілігін арттыруға, еңбекке ынтасын күшейтуге, интернационалдық сезімін оятуға үлкен әсер етеді.
Мерекелік ертеңгіліктердің барлық түрлері (ән салу, музыка ырғағымен қимылдар жасау, би билеу, музыка аспаптарында ойнау) балаларды музыканы сүйе білуге баулудың ерекше бір түрі. Қатар отырып қуанып, толғану жас жеткіншектерді тату ұжымға топтастырады және ұжымды жауапкершілікке баулиды.
Әрбір мерекеге арналған ертеңгілік сол мерекенің қоғамдық зор мәнін, идеялық мақсаттарын жас жеткіншектердің өз сезіміне лайықтап жеткізіп, сол арқылы бүкіл халықты салтанатқа үлес қосуына мүмкіндік береді.
Балалар ертеңгілігін дайындап, өткізуде ересек кісілердің де алатын орны ерекше. Мерекелерге балаларымен қатар отырып қуану үшін ата - аналар да қатысуға тырысады. Өйткені, балалардың көрсеткен өнері, орындаушылық ерекшеліктері көңілді де, мәнді ойын түрлері ата - аналардың да ара - тұра өз өнерлерін ортаға салуы сыйлықтар, әртүрлі естелік кітапшалар беру балалар өміріндегі аса бір қуанышты сәттер болып табылады, мұқият жоспарланады.
Осыған орай, күнтізбелік жоспар жасағанда балалардың өздері тұрған жердегі еңбек адамдарының мерекеге дайындығымен таныстыруға арналған оқу іс - әрекеттері ерекше ойластырылған жөн. Өтетін оқу іс - әрекет жоспары оқылатын әңгімелердің, жатталатын өлеңдердің, көрсетілетін суреттердің жинақталған жүйелерін бұзбай енгізу керек. Ескеретін басты мәселе - олардың балаларға түсінікті болуы. Барлық дайындық жұмыстарын өтетін мереке тақырыбына топтастыру - ең негізгі мақсат десек, бұдан ата - аналарды да шет қалдыруға болмайды. Болғалы жатқан ертеңгілік туралы ата - аналарды хабардар етіп, қажет болса, олардың көмектесуін өтінген жөн. Сол сияқты, тәрбиешілер ата - аналарға мереке күндерін үйде қалай атап өту керектігі жөнінде де кеңес бергені өте орынды болады.
Мерекеге әзірлену және өткізу.
Әрбір сценарийді алдын - ала ұқыпты, жан - жақты әзірлейді. Сценарийде ертеңгіліктің мазмұнына қарай үлкен кісілер мен балалардың айтатын сөздері және орындау реті жоспарланады. Әрине, ертеңгілікті үлкендерге арнаған балалар концертіне айналдыруға болмайды. Балалардың көрсеткен ойындары олардың өздерін де қуанышқа бөлейді, бірақ олардың естерінде ұзақ уақыт сақталатындай ерекше құбылыс бола алмайды. Сондықтан, балалар өнерін үлкен кісілердің (балабақша қызметкерлерінің) орындауындағы концерттік нөмерлерімен кезектестіріп, өткізсе, эмоциялық әсерге толы, есте қаларлық мереке болуы сөзсіз.
Ертеңгіліктің терең мазмұнды ойын ретінде ұйымдастырылғаны дұрыс. Балалар өнер көрсетіп жатқанда ойыншықтар тиелген машиналар шыған келсе немесе қолында сиқырлы таяғы бар бөгде бір кісі кіріп келсе, не болмаса екі адам қатар тұрып, пілдің бейнесін жасап, балпаң басып кіріп келсе, әлде сыпыртқыға отырып, құйындатып шауып кірген Жалмауыз кемпір, не болмаса ертедегі Қаңбақ шал не Алдар көсе кіріп келіп, ертеңгілікті әрі қарай жалғастырып, ойынды қыздырып әкетсе, әрине балалар өздерін бір ертегідей сезінеді, ішек - сілелері қатқанша күледі. Мұндай көріністерден кейін қызықты атрибуттарды пайдаланып, билер биленсе, әртүрлі ойындар ойналса орынды болады.
Тақпақтар айту, ән орындау, би билеу сияқты көңілді ойындарды алмастыра отырып, балалар белсенділігін арттыру ертеңгіліктер кезінде іске асуы тиіс. Күтпеген жерден сыйлықтар таратылып, оның өзі домалап келген қарбыздың ішінен немесе қонаққа келген адамның кәрзеңкесінен, бөлке нан немесе бауырсақ түріндегі қораптардан тосын түрде шығарылып жатса, балалар дүрліге мәз болып қуанып қалады.
1. 2. Мерекелік кештердің құрылымы
Ертеңгілік кезінде ойынның бала өмірінде алатын орны зор, ойнау балалардың табиғи қажеттілігі, оның өсіп - жетілуінің негізгі шарты десе де болады. Сондықтан, ертеңгілік кезінде ойындарды ұйымдастыруға қажетті атрибуттар алдын - ала ескерілуі қажет. Ойналатын ойындардың бірсарынды болмауы, ойынға қатысатын, оны тамашалайтын балаларды жалықтырып алмауын қатты қадағалаған жөн. Ертеңгілікте музыкалық ойындармен қатар көп дайындықты қажет етпейтін және өте жеңіл ойналатын, күтпеген жерден басталын кететін тосын ойындарды да ойластырудың артықтығы жоқ.
Ертеңгілікті өткізу кезіндегі орналастыру (построение) ретін әр кезде әр қилы ойластырмаса болмайды. Өйткені, орналастырудың ұқсастығы балаларды жалықтырып жіберуі мүмкін. Ертеңгілік кезінде балалардың қысылмай еркін отырып - тұруы олардың көңілділігі мен қуанышты күйі табиғи да шынайы болуына барлық мүмкіндік жасалғаны дұрыс.
Мерекелерді салтанатты түрде мектепке дейінгі ұйымда атап өтудің маңызы зор. Мерекелер өзінің ойластырылған бағыты мен құрылымына қарай үш түрге бөлінеді:
• Қоғамдық - саяси мерекелер
• Тұрмыстық мерекелер
• Маусымдық мерекелер
Қоғамдық саяси мерекелер салтанатты түрде өтеді. Бұл мерекелер музыка залына балалардың көгілдір жалаушалар, шарлар, гүлдер ұстап, салтанатты шеру жасап кіруінен басталады. Оған қоса ұрандар айтылып, Отанымыздың ұлылығына арналған құттықтаулары шатты түрде естіліп жатса, мереке салтанатының әсері арта түспек. Салтанатта көңілді сауықтар, ойындар, билер, топпен айтылатын әндер мерекені жандандырып отырады. Балалар ептілік, тапқырлық жөнінде сайысқа түседі. Мерекенің соңына қарай ересектердің құттықтаулары болады.
Қоғамдық саяси мерекелер:
- 6 шілде - Астана күні;
- 30 тамыз - Конституция күні;
- 16 - 17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні;
- 8 наурыз - Халықаралық Әйелдер күні;
- 1 мамыр - халықаралық ынтымақтастық күні;
- 7 мамыр - Қарулы күштер күні;
- 9 мамыр - Жеңіс күні
Тұрмыстық мерекелер балалардың тұрмысы мен өмірі, көркемдік безендірілуі мен құрылымы жағынан өзгеше. Балалар үшін асыға күтетін сүйікті мереке - Жаңа жыл. Жаңа жыл мерекесі ертегідегі сияқты сиқырлы ғажайыптарға толы, ол балаларға толып жатқан қызықтар әкеледі. Оттарымен, ойыншықтарымен жарқыраған шырша - жаңа жыл мерекесінің орталығы. Шырша өзінің әдемілігімен балаларды тартады. Әрбір мерекелерде бала өзі ұнатқан кейіпкерді алып, ойын ойнауы керек. Мектепке шығарып салуға арналған ертеңгілік даярлық топтары үшін ұйымдастырады. Қонаққа келген сәбилер тобы өз өнерлерін көрсетіп аяқтағаннан кейін ересек жолдастарын құттықтайды, бір - біріне естелік сыйлықтар береді.
Тұрмыстық мерекелер:
- Жаңа жыл мерекесі;
- 22 наурыз - ұлыстың ұлы күні;
- Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Маусыдық мерекелер жыл мезгілдеріне байланысты өткізіледі. Олардың тақырыбы балаларға күнделікті өмір мен іс - әрекеттен алынатынын, мыс: жазғы мереке кезінде балабақша ауласында концерт түрінде өткізіп, жаңа әндер айтып, би билеуі қаншалықты әсер ететінін байқауға болады. Күз мерекесінде өсімдіктердің көк сабағынан, гүлдерден өрілген әшекейлі тізбектер, жемістер макеті балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін одан әрі кеңейте түседі. Қыс мезгілінде боранның уілдеген даусын салып, қар лақтыру ойынын ойнаса, көктем мезгілінде гүлдермен билеу, жапырақтардың бүршік жаруы туралы түсінік алуы балаларға маусым құбылыстары туралы мағлұмат береді.
Маусымдық мерекелер:
- Көктем келді шуақты"
- Жаз келді жасыл . . . !
- Сары алтындай сары күз!
- Қыс мезгілі тамаша!
Ертеңгілікті сәбилер тобын басқа топтармен біріктіріп өткізуге болмайды, өйткені балалардың өз мерекесіне қатысуын олардың белсенділігін арттыруға пайдаланғаны дұрыс. Мұндай жастағы балаларға сырттан қонақтар шақырылса, балалар көңілін басқа жаққа аударып, мереке оларға қызықты болмай қалуы мүмкін. Ондай сәттерде кейбір балалар жылап та жібереді.
Басқа топтың балаларын қажеттілігіне қарай біріктіруге болады. Бұл жағдайда сценарий бойынша орындалатын бағдарламаға әр түрлі екі топтың балалары қатысуын қамтамасыз етуі қажет.
Кез келген ертеңгіліккке балалардың толық қатысуын қамтамасыз ету керек. Ертеңгіліктерде орын алатын басты рольді балалардың бірінен екіншісіне ауыстырылып отырғаны жөн. Әрине, әр баланың мүмкіндігі мен мінез - құлқын да ескерген жөн. Баланың барлық кезде тек орындаушы, не тек көрермен боп қалуы дұрыс болмайды. Көпшілік ойынға нашар қатысатын бала мейрамға да аса қатты қызықпайды, ондай бала өз күшіне өзі сенбей күннен - күнге тұйықталып, жеке - дара қалуы мүмкін. Сондықтан, педагогтың міндеті әр балаға көпшіліктен орын тауып беру.
Адам өзін - өзі жетілдіруге де, сонымен қатар, өзін - өзі жоюға да қабілетті болады. Адамның өз болмысын тануға ұмтылып, тереңде жатқан талап - тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
1. 3. Атаулы ертеңгіліктердің өту барысы
Мектеп жасына дейінгі баланы дене жағынан тәрбиелеу ерекше орын алады. Мықты денсаулықтың, дененің дұрыс жетілуінің, жоғары жұмыс қабілетінің негізі нақ осы мектеп жасына дейінгі балалық шақта каланады. Балабақшада дене жаттығулары мынандай түрлерге бөлінеді: таңертеңгі жаттығу, қимылды ойындар, спорттық жаттығулар, қарапайым туризм. Таңертеңгілік жаттығу балаларды ақыл - ой адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және күні бойы белсенді болуларына ықпал етуі тиіс. Таңертеңгі жаттығу балаларды сауықтыру мен тәрбиелеудегі бағалы құрал болып табылады.
Таңертеңгі жаттығумен жүйелі айналысушыларда ұйқышылдық жоғалады, эмоционалдық өрлеу басталады, ең қабілеттілігі артады, балаларды тәртіптендіреді. Сөйтіп таңертеңгі жаттығу жасау алдында мүлде ерекше міндеттер қойылмайды, атап айтқанда: бала организмін «ояту», оны әрекетшіл қалыпқа келтіру, жан-жақтылыққа, бірақ бұлшық ет жүйесіне жайлап ықпал ететіндей, организмнің жүрек, тынысы және басқа функцияларының қызметін белсендіру, ішкі органдар мен сезім органдарының жұмысын стимулдау, тұлғаның дұрыс, жүрістің жақсы қалыптасуына ықпал ету, табанның қисайып кетпеуін болдырмау. Егер балалар күн сайын таңертең дене жаттығуын жасауға дағдыланса және мүдделі болса, ертеңгілік жаттығу сонысымен құнды. Осындай пайдалы әдет адамда өмір бойында сақталады. Таңертеңгі жаттығу балалар бақшасында күнді ұйымдасқан түрде бастауға мүмкіндік береді, күн кестесін дәл орындауға ықпал етеді. Бір уақыттың ішінде бірге жүргізілген бірқалыпты қимыл қызметінде жүгіріп, секіріп, үлгеріп, алып ұшқан балалар тынышталады, ал белсенділігі төмендері белсенділенеді. Мұның бәрі балалардың барлығының да көңіл күйін бірдей етеді, сергітеді, оларды келесі сабаққа даярлайды. Сөйтіп таңертеңгілік жаттығуды біден ұйқыдан кейін емес, біршама уақыт өткен соң жасағанда оның тәрбиелік маңызы кеңейеді. Ол күн кестесінің бөлінбес ұйымдастырушы сәті болады, балаларды белгілі бір тәртіпке, жинақылыққа үйретеді.
Таңертеңгі жаттығу жылдың жылы мезгілдерінде алаңда, ал суық кездерде залда өткізіледі. Белгілі бір тәртіппен іріктелінген дене жаттығуларының үйлесуі комплекс деп аталады. Бір ғана комплекстің өзі 2 апта бойы қайталанады. Егер комплекстің жекелеген жаттығулары тым қарапайым болса, балаларды қызықтырмаса немесе жалықтырса онда ол тәрбиешінің қалауына қарай күрделеніңкіруі мүмкін. Ұлттық тәлім - тәрбие беруде түрлі жаңашыл әдістерді қолдануға болады. Соның бір түрі - ұлттық сипаттағы, сондай - ақ салт - дәстүр элементтерін жаттығуға кірістіруге болады. Ұршық иіру, жүн сабау, киіз басу жаттығуларын жасауға болады.
Мектепке дейінгі жастағы таңертеңгілік жаттығуды «сезім, зейін, ерік, сұлулық, мәдениеті мінез - құлықтың бүкіл мәдениеті» деп есептеуімізге болады. Қорыта айтқанда балалар бақшасындағы таңертеңгілік жаттығулардың ерекшелігі - балаларды дұрыс қимылдауға үйрету. Бұл жағдайда балаларда кеңістіктегі орнын бағдарлай білуі, қимылды айқын, дәл, тәрбиеші ұсынған екпінде, ырғақта, бағытта орындауы, әр баланың, қимылы бүкіл ұжымның қозғалысымен үйлесуі пісіп - жетіледі. Таңертеңгілік жаттығудың ұйымдастырушылық және тәртіптеушілік үлкен маңызы бар.
Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі - «Көп тілде сөйлей білеміз». Қазақстан Республикасының күні - «Еліміздің туған күні». Тәуелсіздік күні - «Еркіндік күні». Жаңа Жыл. 8 Наурыз - «Аналар мерекесі». Наурыз - «Көктем мерекесі». Күлкі күні - «Күлейікші шаттана». Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Достық күні». Жеңіс күні. Балаларды қорғау күні.
Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.
Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары мен балабақша қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру) .
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру.
В. А. Сухомлинский былай деген:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz