Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік
ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастыру
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7
1.2 Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық
сауаттылығын қамтамасыз ету және педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу
шеберлігіне
дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...11
2. Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
ерекшеліктері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың үйдегі тәртібін ұйымдастырудағы ата-
ананың
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2.2 Отбасы мен балабақша
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 28
КІРІСПЕ
Мектеп жасына дейінгі балалар тәрбиесінде ата-аналар мен тәрбиешілер
баланың негізгі тәрбиешілері болып табылады. Сондықтан да педагог
жүргізетін тәрбие жұмысының нәтижелілігі оның ата-аналармен жұмыс істей
білуіне, олармен ортақ тіл тауып, олардың көмегімен қолдауына сүйене
білуіне байланысты.
Тақырыптың өзектілігі. Тәрбиешінің ата-аналармен жұмысының түрлері
мен әдістері әр түрлі. Оған ата-аналардың жиналысын өткізуде, оларды
балалармен жұмысқа тікелей қатыстыру да, ата-аналармен топтап, жеке-жеке
өткізілетін әңгімелер де, олардың арасында педагогикалық білімдерді тарату
да жатады. Бірақ бұл түрлер мен әдістердің барлығы жұмыстың табысты болуын
қамтамасыз ете бермейді. Мұны тәрбиеші жақсы түсінуі тиіс. Тәрбие қажетінің
мазмұнымен және әдістерімен бірге тәрбиеші мен балалар ата-аналардың
арасында қалыптастаны қарым-қатынас стилі де шешуші рөлге ие болады.
Тәрбиеші мен ата-ананың қарым-қатынасында бастауыш рөлді педагог атқарады,
өйткені тәрбие жұмысы – оның негізгі мамандығы. Оның арнаулы дайындығы бар.
Әр түрлі педагогикалық ситуацияларда іскерлікпен қолданатын тәрбие
құралдарының бай арналарына ие.
Тәрбиеші ата-аналармен жұмыс істей жүріп балаға оның қылықтарын,
оқудағы табыстары мен ұтылыстарына, өз міндеттеріне, көзқарасына тағы
басқаларға баға беріп отырады. Тәрбиешінің ата-аналармен өзара түсінісуі
жайы оның дұрыс және бұрыс бағаларды беру дәрежесіне байланысты. Бұл жерде
педагог үнемі мына жайды есте ұстауға тиіс: әр жолы баланың жеке басына
емес, оның нақты қылығына баға беруі керек, міндетті түрде ата-аналармен
бірлесе отырып әрбір жағдайдан шығудың, оны түзеудің жолдарын табуы қажет.
Екіншіден тәрбиеші балаға теріс баға беру арқылы еріксізден-еріксіз ата-
анаға да баға береді. Оның үстіне ата-анаға әрі әке-шеше, әрі тәрбиеші
ретінде баға беріледі. Тәрбиешінің балаға және ата-аналардың тәрбиелік
ықпалына дұрыс талап қойып, дұрыс баға беруі педагогикалық тұрғыдан
мақсатты, әділетті түрде болуға тиіс. Сонда ғана педагог пен ата-аналардың
арасында дұрыс қарым-қатынасқа қол жететін болады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау
және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-
қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.
Отбасы – балаға эмоционалдық тылда психологиялық қорғау беретін
бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы
балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында
(Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және
т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер
саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан
ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес,
қандай болса солай сүйгенін қалайды.
Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында
ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз
адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені
бүкіл әлеммен: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.
Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы
тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын
жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстың формалары мен
заманауи моделдері атты әдістемелік ұсынымда мектепке дейінгі білім
жүйесіндегі танымал моделдер ұсынылады және мектепке дейінгі ұйымдарда ата-
аналармен жұмыстың заманауи әдістері ашылады.
Педагогтың ата-аналармен жұмыста әрқашан және кез-келген істе
педагогикалық нормалар мен мәнерді сақтауға балалардың бойында өзі
қалыптастыруға тиісті адамгершілік қарым-қатынастар мұратын берік ұстауға
міндетті екенін және бір ескерткен жөн. Тәрбиешінің ата-аналармен жұмысы
баланы балабақшаға жазу кезіндегі алғашқы кездесуден басталады. Алғашқы
әңгімені ата-ана тәрбиеші кеңесін пайдаланылатындай, сөйтіп сабақ
басталғанға дейінгі уақыт ішінде баласын балабақшаға толық әзірлейтіндей
етіп өткізу керек. Оқу жылы бойында тәрбиеші өз орқушыларының жанұяларында
болып отыруы қажет. Бала үйлеріне баруға мұқият әзірленуі, онда барғанда
нелерге назар аудару керектігін, ата-анадан нқандай сұрақтар сұрап, қандай
кеңес беру керек екендігін ойластырып алуы шарт.
Зерттеудің мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмысты
ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру, жұмыс түрлерін көрсету.
Зерттеудің нысаны: мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыс.
Зерттеу пәні: мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты
ұйымдастыру ерекшеліктері.
Зерттеу болжамы: егер мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен
жұмыстың түрлері ұйымдастырылып тұрса, білім сапасы артып, отбасы мен
балабақша ынтымақтастығы нығая түседі деген болжам бар.
Зерттеу міндеттері:
-  мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмытың түрлерін
көрсету;
-  мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыстарға сипаттама
беру;
-мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмыстардың
ерекшеліктерімен танысу;
-  мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмыстар ұйымдастырып,
өткізу және оның нәтижесін талдау арқылы көрсету.
Зерттеу көздері: психологтар, педагогтардың зерттеу тақырыбы бойынша
еңбектері; Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Қазақстан
Республикасының Қазақстан–2030 стратегиясы, Қазақстан Республикасының
білім берудің мемлекеттік стандарты; оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-
педагогикалық мерзімді басылымдар.
Зерттеу әдістері: педагогикалық, психологиялық, әдістемелік
әдебиеттерді оқу, талдау, жинақтау, қорыту, зерттеуді өткізу барысында
сауалнамалар алу, бақылау жүргізу, балалар еңбегінің нәтижелерін салыстыру,
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың қорытынды нәтижесін шығару.
Зерттеудің практикалық маңызы және ғылымилығы: осы жұмыс аясында оқу-
тәрбие процесінде интерактивті әдісті пайдаланып балаларның қызығушылығын
оятуда ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беріліп, тиімділігі дәлелденді.
Қарастырылған теориялық пайымдаулар мен тәжірибелік ұсыныстарды
интерактивті әдістерді пайдаланып балалардың қызығушылығын ояту үшін
қолдануға болады.
Зерттеу базасы: Орал қаласы, Айгөлек балабақшасы
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік
ұйымдастыру
1.1. Мектепке дейінгі мекемеде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды
ұйымдастыру ерекшеліктері
Болашақ ұрпақ тәрбиесін іске асырып отырған кезкелген мекеме үшін
отбасымен жұмысты тиісті дәрежеде ұйымдастырудың маңызы өте зор. Себебі,
отбасы баланың түпкі тамыры, болмысын қалайтын мекен. Отбасымен жұмыс
мүмкін педагогтардың жүргізетін жұмыстарының ең қызықты бір бағыты шығар.
Бір жағынан, бұл жұмыс аса бір шеберлікті, құпиялықты, мәдениетті, білімді,
тәжірибені қажет ететін жұмыстардың бірі. Өйткені, отбасымен жұмыс
жүргізген кезде түрлі адамдармен, түрлі түсініктермен, түрлі мінез-
құлықтармен, түрлі қиыншылықтармен қарама-қарсы кездесесің. Осының
барлығынан педагогтық абыройыңа кір келтірмей шығу үлкен өнерді қажет
етеді. Сол себептен білім беру мекемесінде отбасымен жүргізілетін
жұмыстарды әдістемелік жағынан орынды ұйымдастырудың маңызы өте зор.
Отбасымен жүргізілетін жұмысты әдістемелік дұрыс ұйымдастыру дегеніміз не ?
Бұл - мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстарды педагогикалық
қағидаларға сәйкес, баланы жан-жақты дамытуға негізделген, бала құқығын
сақтауға және қорғауға бағдарланған түрде ұйымдастыру. Отбасымен
жүргізілетін жұмыстарды әдістемелік жағынан белгілі бір ретпен, жүйелі
түрде ұйымдастыру жүргізілген жұмыстың нәтижесіне әсер етеді. Бірнеше
жылдар көлемінде біздің №15 Әсел мектеп-бақшасында отбасымен жұмысқа аса
терең мән беріліп келеді. Әсіресе бұл жұмыс Тәй-тәй технологиясымен
эксперименттік жұмыстарды бастаған уақыттан алға баса бастады. Себебі, Тәй-
тәй технологиясының басты шарттарының бірі – оқу-тәрбие үдерісіне отбасын
белсенді араластыру болып табылады. Осының негізінде мекемеде жұмыстың жаңа
түрлері жарық көрді. Бұл жұмыстар алдыңғы уақытта жүргізілетін жұмыстарға
ұқсамайтын және жаңашыл бағытта болды. Яғни оның негізінде отбасымен ашық
қарым-қатынас жатты. Бүгінгі таңда сол жұмыстар заманның талабына сай, бала
мен отбасының қажеттігіне сай өзгертіліп, әртараптандырылып отырылуда.
Бірнеше жылғы іс-тәжірибе мекемемізде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың
белгілі бір тұрақтылығы мен заңдылығының қалыптасуына әкелді. Біздің
Көкшетау қаласындағы №15 Әсел мектеп-бақшасында бұл жұмыс төмендегідей
бағыттарда жүзеге асырылады:
1. Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру
2. Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындау
3. Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын үздіксіз
игеру.
Мекеме ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарының мақсаты –
отбасымен қарым-қатынастың тиімді, оңтайлы түрлері арқылы отбасын мекеме
жұмысына белсендіре араластыру, бала тәрбиесіне деген қызығушылықтарын
арттыру болып табылады. Осыған байланысты жылдық жоспарда мынадай жұмыс
түрлері жоспарланады:
· Ата-аналарды балабақшамен таныстыру (презентация);
· Ата-аналарға арналған ашық сабақтар;
· Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер (оқу жылында 1 кеңесті
арнауға болады);
· Педагогикалық әңгімелер
· Тақырыптық кеңестер (әр топта оқу жылында 3-4 рет және осынша жалпы
түрде);
· Жиналыстар (оқу жылында 3-4 рет);
· Дөңгелек үстелдер (дәстүрден тыс түрде ата-аналармен өзекті
тақырыптар төңірегінде әңгімелесу);
· Ата-аналарға арналған конференция (ата-аналар, шектеулі мамандар,
тәрбиешілер өмірлік жағдаяттарды моделдейді, тақырыптар аналарға арналған
Анам жайлы әңмелесейікші, әкелерге арналған Мен үшін ең қымбат жан
т.с.с.);
·Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын
қамтамасыз ету;
· Көрнекі насихаттық жұмыстар.
Балабақшамен таныстыру жұмысы – жылына 1 рет оқу жылының басында
жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты ата-аналарды балалардың білім алу
және тәрбиелену ортасымен таныстыру болып табылады. Яғни, отбасын балалар
өмір сүріп отырған ортаның материалдық-техникалық базасымен және осы
ортаның оқу-әдістемелік қамтамасыздану дәрежесімен, педагогикалық ұжыммен,
мамандармен таныстыру және осы арқылы олардың оң көзқарастарын
қалыптастыру, достық қарым-қатынас құру.
Ата-аналарға арналған ашық сабақтар – отбасына баланың белсенділігін,
даму деңгейін ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар топ ішінде сабақтардың
ұйымдастырылу ерекшеліктерімен де таныстырады. Сондай-ақ балабақшада
балалар тек ойын әрекетімен айналысады деген жансақ ойлардан сақтайды.
Ата-аналарға арналған педагогикалық кеңестер – оқу жылында 1 рет болуы
мүмкін. Бұл кеңесті әсіресе оқу жылының басында өткізген ыңғайлы. Көбіне
бұл бала тәрбиесінде кездесетін өзекті мәселелерге арналады.
Педагогикалық әңгімелер – отбасына баланы таңертең әкелгенде және
кешке әкеткенде тәрбиешінің ата-анамен әңгімелесуінен бастау алады,
тәрбиеші оларға бала тәрбиесіне қатысты бағдар көрсетеді, өз ойын айтып,
ата-ана ойын тыңдайды. Бұл әңгімені жалпылай да өткізуге болады.
Тақырыптық кеңестер – белгілі бір тақырыпқа байланысты болуы мүмкін.
Бұл кеңестерді тәрбиеші, дәрігер, шектеулі мамандар бере алады. Тақырыптар
жиі кездесетін сұрақтар төңірегінде таңдалады.
Жиналыстар – оқу жылында бірнеше рет ұйымдастырылады. Баланың
жетістіктері жайында ата-аналарға ақпараттар беріліп, топтың түрлі
мәселелері шешіледі.
Дөңгелек үстелдер – еркін түрде ұйымдастырылып, еркін ашық
әңгімелесуге бағытталған. Бұл ата-аналардың ашылып әңгімелесулеріне
мүмкіндік береді. Тақырыптар тәрбиешінің қалауымен немесе ата-аналардың
сұранысымен таңдалуы мүмкін.
Конференция – түрлі жағдаяттарды моделдеу арқылы ата-аналарға
балабақшаның тыныс-тіршілігін таныстыруға мүмкіндік туады.
1.2 Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық
сауаттылығын қамтамасыз ету және педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу
шеберлігіне дайындау
Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын қамтамасыз
ету – бұл ата-аналарға бала дамуындағы ерекшеліктер туралы кәсіби кеңестер
беру. Арнайы педагогикалық немесе медециналық мамандықтары жоқ ата-аналар
кей кездері қиыншылықтармен, түсініспеушіліктермен кездесіп қалуы әбден
мүмкін. Осыған байланысты мұндай кеңестердің маңызы өте зор.
Көрнекі-насихаттық жұмыстар - бәрімізге таныс хабарландыру, дәрігер
бұрышы, мәзір т.с.с. ұқсас, күнделікті бағыттармен ғана шектелмеуі керек.
Көрнекі ақпараттар ата-аналарға өте жақсы әсер етеді. Сол себептен бұл
жұмыс түріне аса бір шығармашылықпен қарған жөн. Осыған орай мынадай
қызықты жұмыстарды жүргізуге болды:
Біз кішкентай болғанда - ата-аналардың өз балаларының кішірек кезі
жайындағы қысқаша әңгімелері.
Мен үйренген нәрсе - әр баланың жетістігі туралы тәрбиеші тарапынан
жасалатын ақпарат.
Бала тілімен - балалардың тосын айтқан қызықты әңгімелері.
Мен не туралы ойлаймын - баланың қандайда бір адамға байланысты,
құбылысқа байланысты айтқан қызықты ойларының жазбасы.
Өзім жайлы - әр бала туралы қысқаша таныстыру ақпараты. Бұл парақтар
топқа әкелетін дәліз бойымен қабырғаға ілінуі немесе топтық қабылдау
бөлмесінің қабырғасына ілінуі мүмкін.
Эстафеталық кітапша - ата-аналар бала тәрбиесінде кездесіп жүрген
қиыншылықтарымен бөлісетін арнайы кітапша. Бұл сұрақтарға ата-аналар да,
тәрбиешілер де өз ойларын жазып білдірулері мүмкін. Жұмыстың бұл түрі
отбасымен тығыз қарым-қатынас жасауға, достық қарым-қатынас жасауға
мүмкіндік береді.
Педагогтарды отбасымен жұмыс жүргізу шеберлігіне дайындаудың мақсаты –
оларды ата-аналармен және отбасы мүшелерімен мәдени қарым-қатынас жасауға
үйрету. Аталған бағыт бойынша мекемеде төмендегідей жұмыс түрлері
жүргізіледі:
Топ ішінде отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жоспарын құру бойынша
әдістемелік көмек көрсету және осы жұмыстарды қадағалау;
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың барлығын салауатты рәсімдеуді
қамтамасыз ету;
· Отбасы мүшелірімен қарым-қатынас жасау мәдениеті бойынша психолог
тарапынан кеңестер беру және осы жұмыстың орындалуын қадағалау;
· Педагогтардың ата-аналар мен мекеме арасында жасалатын келісім-
шарттың мазмұнын нақты білулерін қамтамасыз ету;
· Ата-аналармен болуы мүмкін келеңсіздіктердің алдын алу жұмыстары;
· Бала құқығын қорғау конвенциясының мазмұнын меңгерулерін қамтамасыз
ету;
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың мониторингін жүргізу.
Отбасымен жүргізілетін жұмыстардың жаңа бағыттарын игерудің мақсаты –
отбасымен қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-
тәсілдерді ендіру, тәжірибеде қолдану.
· Білім кеңістігінде пайда болған отбасымен қарым-қатынастың жаңа
формаларын игеру, озық тәжірибелерді ендіру;
· Ата-аналардың белсенділіктерін арттыруға мүмкіндік беретін
дәстүрден тыс қарым-қатынас түрлерін тәжірибеде қолдану (сайыстар, рингтер,
дөңгелек үстелдер, диспуттар, пікірталастар т.с.с.);
· Отбасымен жүргізілетін жұмыстар бойынша өзінің жаңа авторлық
жобасын ұсынған педагогтарға қолдау көрсету.
Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы бүгінгі күні біздің мекемемізде
кеңінен қолдануда. Әрине, бүгінгі таңда бұл жұмыстар өз нәтижелерін беруде.
Дегенмен, отбасымен жүргізілетін жұмыстар үздіксіз өзгерістерді қажет
етеді. Себебі, бүгінгі күннің ата-аналары жаңа заманның, озық
технологиялардың адамдары. Осыдан бірнеше жыл бұрыңғы ата-аналар үшін
балаларының уақытылы тамақтанылуы, қаралуы ғана маңызды болса, бүгінгі ата-
аналар үшін аталған шарттармен қатар баланың сапалы білім мен саналы
тәрбиемен қамтамасыз етілуі де аса маңызды. Сондықтан ата-аналар қауымын
мекеме жұмысымен таныстырудың бірден бір жолы оларды мекеме жұмысына, яғни
бала тәрбиесіне белсендіре араластыру болып табылады. Ал ол үшін ата-
аналарды мекемеде жасалып жатқан жұмыстарға қызықтыра білу керек.
2. Мектепке дейінгі ұйымдағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру
ерекшеліктері
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың үйдегі тәртібін ұйымдастырудағы ата-
ананың рөлі
Ата-ана балаға тәрбие бере отырып оның оқуын ұйымдастыруда үлкен рөл
атқарады. Балалардың оқу жұмысын ұйымдастыруда ата-аналар көмегі үш бағытта
жүзеге асады.
Ата-ана балалардың күн тәртібін ұйымдастырады және қадағалайды: үйге
берілген тапсырмалардың орындалуын тексереді және балаларды дербестікке
үйретеді.
Тәрбиеші күн тәртібін сақтаудың ата-аналардың көзін жеткізуге тиіс. Ол
нанымды мысалдарға сүйене отырып күн тәртібін сақтаудың баланың бала
міндетін орындауына, денсаулығының нығаюына, нерв жүйесін шаршаудан
сақтандыруына жағдай жасайтынын дәлелдеп көрсетеді. Балалардың жиырма
пайызының бастауыш топтарда сабақ үлгермеуі олардың денсаулығының
нашарлығынан болып отыр. Баланың оқу жұмысын, сабақтан бос кездегі үйдегі
басқа да міндеттерін жоспарлау кезінде олардың бәріне де белгілі бір уақыт
бөлу керек екенін ата-ана назарда ұстауға тиіс. Әрине, кейбір кезеңдерде
ұлын неемесе қызын күн тәртібінен тыс шаруаларға жұмсауға тура келетін
жағдайлар да кездесіп қалады. Бірақ, баланың дәл қазір немен айналысып
ескерместен ылғи жұмсай беруге болмайды. Кейде мынадай жағдайлар кездеседі,
бала кітаптарын жайып тастап сабақ оқуға енді ғана кіріскенде, оны дүкенге
жұмсайды, ұлы қызық кітапты оқи бастаған еді, - гүл суаруға жұмсады, қызы
отыра қалып кесте тіге бастаған еді \, - бауырын ойнатып кетуге жіберді.
Баланың нерв жүйесіне байланыстиы бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу
кейде тез, кейде баяу жүзеге асып жатады. Нерв жүйесі шапшаң жұмыс істейтін
балалар мұндайда бір жұмыстан екінші жұмысқа оп-оңай ауысып, оны тез игеріп
алып кетеді. Ал нерв жүйесі баяу жұмыс істейтін балалар мұндайда қатты
қиналады. Төменгі топ баласы өзінің жас ерекшелігіне сәйкес бір жұмыстан
екінші жұмысқа оңай ауысып кете алмайды. Өзі кірісіп кеткен шаруаны тастап,
екінші бір істі бастау үшін баланың өз дегенінде тұрып, ата-ананың айтқанын
істемеу жөніндегі табиғи ішкі тілекті жеңуіне тура келеді. Ал мұның
нәтижесінде жалпылама наразылық, өкініш сезімі пайда болады. Кейде бір
шаруадан екіншісіне ауысудың қиындығына байланысты табиғи ішкі тілек
дөрекілік арқылы көрініс табады. Шешесінің немесе әкесінің басқа бір
жұмысты істеу жөніндегі ұсынысына бала күтпеген жерден: Ешқайда да
бармаймын. Қашан да қызықты бірдеңе істей бастасам міндетті түрде басқа
жұмысты бастауға мәжбүр етесіңдер - деп қалады. Ата-ана баланың басқа
жұмысты бастауына, өзін сол жаңа іске психологиялық жағынан әзірленуіне
уақыт беруге тиіс. Мәселен, қызық кітап оқып отырғанда, Ғалия сол бетті
оқып болған соң, магазинге барып келуің керек. Міне, мына жерге ақша
қойдым, - деуге болады.
Баланы негізсізден негізсіз бір жұмыстан екінші жұмысқа көшіре берудің
(егер бұл әдетке айналып кетсе) зияндығы да бар. Бала бастаған жұмысты
аяқтамастан тастап кетуге мәжбүр болады. Ал бұл жүйеге айналса бала бойында
жаман қасиет бастаған істі аяқтамай тастап кету қасиеті тәрбиеленеді.
Бұл жайларды төменгі топтағы балалардың ата-аналары мұқият ескеруге
тиіс. Өйткені балалардың өз міндеттеріне сабаққа, қоғамдық тапсырмаларға,
еңбекке қарым-қатынасы дәл осы жаста қалыптаса бастайды. Күн тәртібі
балалардың (өз міндеттеріне, сабаққа) таза ауада міндетті түрде болуын
ескеріп жасалады. Тәрбиеші ата-аналардың бұл талапты бұзбауын атап көрсетіп
отырады. Сайып келгенде ата-аналар өздерінің басты міндеті үйдегі уақытын
ұйымдастыруда төменгі мектеп жасындағы балаға көмектесу екенін жақсы
түсінуге тиіс. Жинақы, орнықты және зерек бала сабақ үстінде жақсы жұмыс
істейтін болады. Тәрбиеші ата-аналарға балалардың үйге берілген тапсырманы
орындауын қалай бақылап отыруға тиіс екенін айтады. Ең алдымен күнделіктегі
үйге берілген тапсырманың орындалуы қажет. Содан кейін барып оның орындалу
дұрыстығын қарау шарт. Үлкендер дәптердегі қатені байқасымен дереу
көрсетуге асықпауы тиіс. Бала өзін-өзі бақылауға үйренуі қажет. Әуелі былау
деу керек: Сен мысалды қате шешіпсің, осындай есептердің дұрыс орындалуын
қалай тексеріп едіңдер топта, соны есіне түсірші, жұмысыңда қатенің бар
жоғын қандай әдіспен тексеруге болады? Бұдан ештеңе шықпағанда барып ғана
қатесін көрсетуге болады. Көп ретте ата-аналар балаға тәрбиешінің
тапсырмаларынан тыс қосымша (өз ойынша өте қажет) сабақтық тапсырмалар
жүктеп қояды. Мұндай ата-аналардың баласы тапсырманы алдымен басқа қағазға
орындап алып барып, соңынан таза дәптерге көшіріп жазып жатады. Егер
тәрбиеші үйде екі бағанды мысалды шешуді тапсырса ата-аналар көп шығарса
жақсы болады деген оймен төрт бағанды мысалдарды шештіреді. Оның үстіне
оның бәрі бос уақыттың есебінен орындалады. Бала діңкілдеп, тез шаршайды
және жақсы оқудың орнына нашар оқитын болады. Оның өзі үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық қызметтің дамуы
МДҰ әдістемелік кабинет
Мектепке дейінгі мекемедегі отбасымен бірлескен жұмыстар
Мектепке дейінгі балалармен жұмыс тәжірибесі
Білім берудегі инновациялар
Педагогтың өздік жұмысы
Балабақшадағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы әдіскердің рөлі
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
Адамамгершілік сапаларының тұлға дамуындағы рөлі
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Пәндер