Мектепке дейінгі ұйымдарда өлі және тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

«Педагогика және психология»

кафедрасы

БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

«Мектепке дейінгі ұйымдарда өлі және тірі табиғат құбылыстарымен таныстыру»

Орындаған:

Тексерген:

Орал 2015

Мазмұны


Кіріспе

Зерттеу өзектілігі. Егемендік алып, дербес мемлекетке айналған Қазақстан Республикасының білім мен тәрбие беру саласында тың өзгерістер енгізіліп, жаңа талап пен міндеттер қойылып отыр. Соның бірі-жеткіншек ұрпақтың болашақта экологиялық таным-түсініктерін, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін дамытып, мәдениетті азамат тәрбиелеу болады.

Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында өскелең ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті, кезек күттірмейтін мәселе екендігі айтылған. Ендеше, келешек ұрпақтың қоршаған ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану жөніндегі іс-әрекеттері отбасынан және мектепке дейінгі ұйымдардан бастау алса, балаларды таным-түсініктерін дамыту мынандай қағидалардың негізінде жүргізілсе деп ойлаймын.

Біріншіден:

Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп-баптауға баулу, соған орай, бойларындағы қабілет пен икемділікті орнықтыру;

Табиғаттың қызықты да құпия сырлары жөнінде эстетикалық және ұлтжандылық сезімдерін дамыту;

Табиғаттағы барлық нәрселердің бір-бірімен өзара байланыста болатынын және оны күнделікті өмірде ескеріп отыру қажеттілігін түсіндіру;

Табиғат жайындағы қарапайым білім түрлерін меңгеріп, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөніндегі жалпылама ұғымдарды нақты түсініктермен ұғындыру.

Екіншіден:

Экологиялық тәрбие беруде пайдаланылатын даналық ұғымдар, тыйым сөздер, аңыз әңгімелер-кейінгі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұралар. Мәселен, «Атаның мал қалғанша, тал қалсын», «Ағаш ексең аялап, басыңда болар сая бақ», «Бабалары еккен шынарды балалары саялайды. » деген өсиет сөздерді педагокткр күнделікті жұмыстарында пайдаланып, мағынасын балаларға қарапайым мысалдармен түсіндіріп отырулары тиіс.

Экологиялық білім беру мектепке дейінгі педогогиканың қазіргі кезенде бөлінбес бір бөлшегі болып саналады. Сонықтан да тәрбиеші педагоктардың санасында көптеген сұрақтар туындайды. Балабақшада экологиялық білім берудің тиімді жүйесін қалай құруға болады? Оны интеграциялау негізіне қалай кірістіруге болады?

Экологиялық білім берудің идеялары баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде жүзеге асыруға болады. Мысалы, бақылау, еңбек, ойын, тәрбиелер, музыка, бейнелеу өнері және дене шынықтыру.

Экологиялық тәрбиені жүзеге асырудың ең тиімді жолдарының бірі сабақ процесі арқылы болады. Мектепке дейінгі мекемелерде Экологиялық білім беруді өз дәрежесінде жүргізу үшін мен сабақтарды арнайы экологиялық бөлмелерде ұйымдастыруды ұсынамын. Ол бөлмелер өзінің көлеміне қарай бірнеше атқарушы орталықтарға бөлінеді.

І. Оқыту зонасы, мұнда бөлменің терезе тұсы, жарық жағы қамтылады. Оқыту зоналарында үстелдер мен орындықтар, тәрбиешінің үстелі орналастырылады.

ІІ. Жинақтау зонасы, балаларды әр түрлі табиғи объектілермен (нүктелер) таныстыру үшін жинақталған құралдар көрнекі құрал жинақталған құралдар көрнекі құрал ретінде пайдаланады.

Жинақтар арнайы шкафтарда сақталады немесе сөрлерге қойылады. Олар баланың көзінен көру деңгейінде орналасуы қажет.

Балабақша жинақтарын балалардың өздері және ата-аналары жинау мүмкіндіктері бар үлгілерді құрайды: тастар, әртүрлі өсімдіктердің тұқымдары, кепкен ағаш жапырақтары мен бұтақтары, қабығы, құм, саз, түрлі су тастары, т. б.

Балаларды табиғаттан бөлмей, ағаштармен, өсімдіктермен, жануарлармен таныстырып алып, оны бекіту үшін слайд, бейнетаспалар, түрлі-түсті суреттер пайдалану керек.

ІІІ. Релаксация зонасы. Бұл зонада әр түрлі бөлме гүлдері, аквариум, фонтан болуы қажет. Осы зонада балалар демалып, өз беттерімен ойындар ұйымдастырып, өсімдіктерге, гүлдерге күтім жасайды.

ІV кітапқана зонасы. Бұл зонада түрлі-түсті әдемі кітаптар, балаларға арналған энциклопедия, экологиялық журналдар, глобус, атлас, ертегі кейіпкерлерінің қуыршақ үлгілері және мынандай техникалық жабдықтар: телевизор, үнтаспа, слайдтар, диапроектр, проектр, аудиотаспалар, пластикалар орналастырылады.

Экологиялық бөлменің қабырғасына дүниежүзінің физико-географиялық картасы ілінеді.

Бөлмеде әртүрлі үлгілер, соның ішінде мектепке дейінгі мекеме аумағының үлгілі, көрнекілікті табиғат күн тізбесіне ілінеді, экологиялық бөлменің безендірілуі бөлмені қауыпсыз безендіру үлгісі бола білуі қажет.

Ол үлкендер мен балалардың тұрмыста салауатты экологиялық қимыл-әрекет жасай білу қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы мақсатпен тек қана табиғи таза нәрселерді пайдаланған жөн. Мүмкіндігінше, жасанды гүлдер, синтетикалық құрал жабдықтарды пайдаланбаған дұрыс.

Балаларды туған өлеке арттыра отырып, табиғатқа деген қамқорлық сезімдерін ояту, аяушылық қасиеттері мен қайырымдылыққа жол ашу экологиялық тәрбиенің бөлінбес бөлігі деп есептеймін.

Сондықтан айналамыздағы орман-тоғайларды, теңіз бен көлдерді, жан - жануарларды қорғап, аялай білуді үйретуді балабақшадан бастау керек.

Елбасы Н. Ә. Назарбаев ұсынған «Жасыл ел бағдарламасының іске асуына көмектесе отырып, «Ағаш ек, гүл ек, туған жерді түлет!»»

Ұранын алға ұстап, Табиғат-анамызды қорғайық, аялайық, сүйеік!

Ендеше, жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру-бұл баланың өмірге деген құрметін арттыру.

Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық, қалған бүкіл өмірімде мен сонық жүзден біріне де ие болмаран шығар мын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жада туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» деп жазды.

Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала «бұлтты - мақта», ал «жұлдыздарды электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. » К- И. Чуковскийдің «Екіден беске дейін» деген кітабында бала ақыл- ойының талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйдеген сөздерін келтіреді.

Зерттеу мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда балаларға экологиялық тәрбие беру, тірі және өлі табиғат құбылыстары туралы мәлімет беру.

Зерттеу міндеттері:

  • мектепке дейінгі экологиялық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін
  • анықтау;
  • мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды табиғатпен таныстыру;
  • тірі және өлі табиғат мүйістері туралы түсінік беру.

Зерттеу пәні: мектепке дейінгі экологиялық білім

Зерттеу объектісі : мектепке дейінгі балалар

Зерттеу құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру

1. 1 Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі - бізге, ерексектерге байланысты. Балалар үйі балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:

1. саяхат;

2. мұражайларға бару;

3. мақсаттық серуендеу;

4. телебағдарламалар, бейнефильмдер;

5. табиғат туралы көркем әдебиеттер;

6. суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;

7. музыка тыңдау;

8. дидактикалық ойындар, мақалдар, мәтелдер;

9. “Экознайка” қалалық жарысына қатысу.

Ересек және даярлық жастағы балалар “тірі” және “өлі” табиғат деген түсініктермен таныс. Экологиялық тәрбиелеу бойынша балалармен жұмыста экологиялық қауіпсіздікке көп көңіл бөлінеді. Педагогтармен “Балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы”тақырыбында педагогикалық кеңес жүргізілді. Педагогикалық кеңеске даярлық тобының педагогтары бізді қоршаған ортада балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша сабақтар жүргізді. Әрбір топта әр түрлі жағдайларды модельдеу үшін құралдар дайындалып ресімделген болатын. Балалар экологиялық ертегілерді, тақпақтарды, әңгімелерді, жұмбақтарды тыңдауды, өз ойларымен бөлісуді жақсы көреді. Балалармен сабақ баланы бізді қоршаған ортаның жағдайы әрбір адамға байланысты екендігін сендіруге көмектеседі. [3]

Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты анықтайтынэкологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердіңалдында негізінен мына төмендегіміндеттер тұр. Атап айтқанда:

-педагогикалық беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын олардыңата-аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жылы оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланыңболашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өтебайланысты. Олай болса, адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңдеалған тәрбие негіздерінетәуелді.

Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді… Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.

Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады.

Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.

Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме ораласқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді.

Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялык тәрбие меселелерін шешеміз.

Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп-баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиеленміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді.

Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Табиғат - баланың ақыл- түсініктер бойынша қалыптасқанжоғары деңгейгежеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.

Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалыққарым-қатынас жасаудың базасынқұрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білугеүйретеді.

Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:

1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудіңалғы шарттарын құру;

2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға құру жәнеұйымдастыру;

З. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойындарды, ойыншықтарды, түрлі ертегілер кейіпкерлерінжүйелі түрде қолдану;

5. деңгейі мен олардыңбіліктілігін арттыру. Тәрбиеші - педагогикалық үрдістіңең басты тұлғасы және экологиялык тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялык ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. [4. 20]

Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ солар шеңбері, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т. б. бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен обьектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса кажет болды.

Қиырсыз кең байтақ далада үнемі көшіп-қонып өмір сүру адамдардан кеңістікті жақсы бағдарлай білуді және жұлдыздар көмегімен құдықтар мен қоныс жайылымдар жолдарын дәл таба білуді талап етті. Көптеген көшпенділер негізгі аспан жұлдыздарын білумен қатар, ауа-райын да алдын-ала болжай алды. Бұл маусымдық жұмыстармен дұрыс жоспарлауға көп септігін тигізді. Айдың тууы мен аяқталуына орай күндізгі уакыт аспанда күннің орналасуына қарай бағдарланды.

Бұдан шығар қорытынды - біздің ата-бабаларымызды өмірдің өзі табиғатты, оның құбылыстарын жетік танып білуге тәуелді етсе, ал балалардың табиғат заттары мен құбылыстарын сәндік бейнелеу әрекетінде пайдалана алмауы тәрбиешілер жұмысының кемшілігінің көрінісі болып табылады. Сол себепті ересектер тобы балаларының жас ерекшелігін есепке ала отырып, қазақтың халыктық сәндік-қолданбалы өнерімен таныстыру барысында өлі табиғатқа қызығушылығын қалыптастыру қажет. Халықтық өнердіңою-өрнектік негізі мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауына және шығармашылық іс-әрекетінде бейнелеуіне ыңғайлы да лайықты.

Қазіргі уакытта Қазақстан Республикасының ' 'Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасында" және жаңа бағдарламаларға сәйкес ересек топ балаларының алдына іскерлік-дағдыларды одан әрі жетілдіре түсу, оны халықтық сәндік ою-өрнекті бейнелеу әрекетіне пайдалану, сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оның негізінде табиғатпен тығыз қарым-қатынасқа тәрбиелеу міндеттері қойылып отыр.

Балалармен жүргізілетін негізгі жұмыстарды төмендегіше топтауға болады:

- балаларды сәндік - қолданбалы өнермен таныстыруда берілетін табиғат заттары мен құбылыстары элементтерінің алуан түрлілігін анықтау арқылы ұйымдастыру;

- өлі табиғат заттары мен құбылыстарының мәні, сондай-ақ олардың адам өміріндегі маңызы жайлы бала түсінігін қалыптастыру;

-мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық әшекей элементтерімен таныстырудың бірізді жүйесін жасау;

-сәндік әшекейлерді жасау әрекетінде - практикалық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру.

Балаларды табиғат құбылыстарымен және оны сәндік әшекейлер жасау әрекетінде бейнелеу ісі тиімді әдіс-тәсілдерді пайдалану жолдары арқылы жүзеге асады. Оның ішінде белгілі бір түсінікті бала санасына бейнелі жеткізетін көркем сөздің алар маңызы ерекше. Бұл орайда, баланың қабылдауына қызғылықты да жеңіл тиетіні - жұмбак.

Тақпақ, мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаштарды тиімді пайдалану жаңа білімді игеру үрдісін жеңілдете түседі.

Табиғатқа қызығушылықты қалыптастыру және оны сәндік әшекейлеу әрекетінде пайдалана білудің шешуші міндеттері мыналар:

- балалардың табиғат құбылыстарының өзара байланысын пайымдай білуі және себеп-салдарын анықтауы;

- әртүрлі әдіс-тәсілдер және әрекет түрлерін пайдалану арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты танып-білуге ұдайы қызығушылығын қалыптастыру;

-тәрбиешілердің жаратылыстану ғылымдарының негіздерін және онылайықты түрде бала санасына жеткізу әдістемесін білуі.

Балалардың табиғатқа қызығушылығын тәрбиелеуде оның обьектілерімен және құбылыстарымен таныстырудың әдістері мен түрлерін дұрыс таңдаумен қатар белгілі түсініктер мен құбылыстарды ажырата білудің де мәні зор. Мәселен, «аспан денелері» түсінігіне әлем, күн, жұлдыз, ай кірсе, ал «табиғат құбылыстары» тобына найзағай, жаңбыр, қар т. с. жататынын нақтылап түсіндіру қажет.

Табиғаттың әрбір заты және құбылысымен таныстыруды балалар бақылауына ыңғайлы жыл маусымы мен тәуліктің белгілі мерзімінде жүзеге асыруға тура келеді. Мысалы: күз маусымы кезінде түнгі аспанды бақылауға мүмкіндік мол. Себебі күз айында қатты суық болмайды, сондай- ақ күн ерте батады.

Аспан денелерінің ішіндегі бізге ең жақын орналасқаны - ай. Ай бетіндегі «теңіздер көлеңкесін», таулы қыраттарды жай көзбен-ақ, егер дүрбі болса, тіптен айқын ажыратуға болады. Балалар айдың көк жүзіндегі қозғалысын бақылап отырып, оның бейнесінің - орақ тәріздес жарты ай және толық ай болып үш кезеңге ауысуын байқай алады. Сондай-ақ жұлдызды аспанды бақылау және жұлдыздармен танысуды күз айларының ымырт үйіріле жүргізген ынғайлы. Таныстыру жұмыстарын «Жеті қарақшы» жұлдыздар шоғырынан бастағап жөн. Балалар «жеті қарақшыны» оңай таба алатын жағдайға жеткеннен кейін «Темірқазық» және «Кіші жетіқарақшы» жұлдыздар шоғырымен таныстыруға болады.

Балаларды айды, жұлдыздар әлемін бақылау өте қызықтырады, бірақ бұл жұмысты балабақша жағдайында ұйымдастыру мүмкін емес. Сол себепті ата-аналарға кешкі серуен кездерінде мүмкіндікті пайдалана білуге кеңес беріледі.

Аспан шырақтары туралы балалар білімін бекіту және оған қызығушылығын арттыра түсу үшін мектепке дейінгі мекемелерде баланың ата-анасымен бірге көріп-білгендері жөнінде әңгіме ұйымдастыру, табиғат жайлы әдебиеттерден әңгімелер оқу арқылы толықтыруға болады!

Мысалы: өткен заманда көшпелі тірлік кешкен ата-бабаларымыздың "қазыкты" - қазық деп атап, жеті қарақшының қалған алты жұлдызы сол қазық-жұлдызға байланып тұрғаңдай, түнімен орнынан тапжылмайтын қазықты "қойлар" айналып шығады деген түсініктерін ояту балаларға қызықты.

Табиғи обьектілер мен құблыстарды белгілі бір топтарға біріктіру - балалардың шын заттар туралы, олардың болмысы туралы нақты етеді. Балалардың сәндік-әшекей, ою-ернек жасау әрекеті үрдісінде әртүрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Ойлау белсенділігін артыратын мұндай тәсілдердің бірі- салыстыру. Ол үшін тәрбиеші белгілі бір логикалық ой туғызатын жүйелі сұрақтар қоя білуі керек. Алдымен бақыланған дүниеге жалпы талдау жасайтын, одан соң өрнектің элементтері, құрылысын, түсін т. б. ажыратуды талап ететін сұрактар қойылады. Салыстырмалы бағалау балаларға кез-келген заттың безендірілу ерекшелігін, сонымен бірге құрылысындағы айырмашылықтарды байқауға көмектеседі. Мысалы: ұлттық киімдер, кілемдер т. б.

Іс-әрекет барысында ойын әдісін пайдалану балаларды жағымды эмоциялық сезім мен көңіл- күйге бөлеп, сурет салу, қию, жапсыруды үйрету үрдісінің тиімділігін арттырады. Ойын тәсілімен жүргізілген қайталау және жаттығу жұмыстары бірсарындылықтан аулақтатып, балалардың жалығуына жол бермейді. Ойын әдісін пайдалану кезінде әр балаға «шебер», «ыдыс бояушы», «тігінші», «зергер» т. с. с. рөлдері бөлініп берілсе, балалар үшін одан сайын қызықты болмақ.

Балалардың өз бетімен қорытынды шығара білуі үшін кез-келген заттың материалын және өрнек-әшекейлерін өзгертуді ұсыну тәсілін қолдану қажет (ағаштан ер тоқым, қымыз құятын ұзын мойын құмыра, бөренеден киіз үй жаса, ерлер шапанын гүлдермен әшекейлеу, т. б. ) .

Сәндік әшекей, ою-өрнек жасау әрекеті үрдісінде балалардың табиғат туралы білімдерін бекіту үшін, жоғарыда аталған әдістермен қатар арнайы түсірілген слайдтар, диафильмдер мен кинофилъмдерді ұжымдық көруді ұйымдастыруға болады. Мектепке дейінгі жаста балаларды табиғат заттары мен құбылыстарының элементтері туралы түсінік беруге негізделген сәндік-ою-өрнек жасау үрдісіне қатыстыру, тарту - олардың сезім мәдениетінің жетілуіне едәуір ықпалын тигізеді. Сондай-ақ анализаторлардың жетіле түсуі, сезімдік тәжірибенің қорлануы, балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тілін ширатып, байқампаздық пен қызығушылық қасиеттерін қалыптастырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатпен таныстыру әдістерінің негізгі сипаттамасы
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Балаларды табиғатпен таныстыруда бақылау және эксперимент жасау әдіс- тәсілдері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру теориясы мен әдістемесінің мазмұны
Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие берудің формаларын жас және дербес ерекшеліктеріне қарай топтастырып, дұрыс пайдалану
Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру
Балалардың әрекеті
Балаларды табиғат және экологиямен таныстыру әдістері, оларды жас ерекшеліктеріне қарай іріктеу
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz