Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Мектепке дейінгі шақтағы балаларды оқыту тәрбиелеу ерекшеліктері

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі.
1.1.Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Ойлау және сөйлеу әрекетінің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...8
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
2.1. Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2.2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу

Бағдарламалары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...13
ІІІ. Оқытудың теориялық және әдістемелік негіздері
3.1. Дидактика туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.15
3.2. Оқыту процесінің жүйесі, құрылымы,
функциялары ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
5

КІРІСПЕ

Мектепалды даярлықтың негізгі мақсаты – 5-6 жасар баларды жалпы,
интеллектуалды, физикалық дамыту, олардың білімді игеру дайындығын
қамтамасыз ету, оқу іс-әрекетін меңгеру үшін баланың тұлғалық қасиеттерін
қалыптастыру.
Мектепалды даярлықта тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай шешу үшін
балалардың ой өрісін, танымын, оқуға деген қабілетін жетілдіру және
денсаулығын сақтау басты талаптардың бірі болып табылады. 5-6 жастағы
баланың оқу, тәрбие жұмыстарын меңгеріп кетуі оның денсаулығы мен жалпы
даму дәрежесіне байланысты. Баланың оқуға даярлығы мен денсаулығын алдын
ала анықтап алу оған алдағы уақытта көрсетілетін қамқорлықтар қандай болуы
керек екенін нақты белгілеуге мүмкіндік береді. Баланың оқуға даярлығы
медициналық, психо-физиологиялық, психологиялық көрсеткіштер жиынтығы
арқылы анықталады. Әр баланың жеке ерекшелігіне қарай оқуға даярлығы да әр
түрлі болады. Медициналық көрсеткіштерге баланың биологиялық жетілу
дәрежесі, денсаулығында ауытқудың болу – болмауы; психо-физиологиялық
көрсеткіштерге Керн – Ирасек тестін орындау нәтижелері, қозғалу мүшелерін
басқара білу дәрежесі, сөйлей білу; ал психологиялық көрсеткіштерге оның
айнала туралы түсінігі, өзін - өзі күте білудің қарапайым дағдыларын
меңгеруі, берілген тапсырмаға біршама зейін қоя алуы, оқуға деген ынта –
ықыласы, көпшілікпен қарым – қатынас жасай білуі, тәртіпке мойын ұсынуы
жатады.
5-6 жастағы баланың ойлау қабілетін дамытып, оны тұрақтандырудың мәні
зор. Ақыл – ой, еңбек қабілеттерінің өсуі барысында олар білім, білік,
дағды түрлерін тез игереді. Жасына лайық берілген тапсырманы дұрыс, сапалы
орындау баланың даму деңгейін көрсетеді. Оқу жылының бірінше жартысында
оқудың ақыл – ойға тигізетін әсерін, баланың игерген білім сапасы мен
қалыптасқан дағдыларын байқауға болады.
Ең жас шәкірт мектеп қабырғасында жаңа ортаға, мектеп талабына, оқуға
бейімделеді. Егер бала мектепке дейінгі кезеңде белгілі бір күн тәртібіне
әдеттенбесе, оның жаңа ортаға бейімделуі үшін едәуір күш – жігер қажет
болады. Жаңа ортаға бейімделу кезінде бала организмінің қызметі өзгереді,
ортаның әртүрлі әсеріне оның төзімділігі артады.
Сондықтан мектептің алдына қойған мақсаты:
5-6 жастағы балалардың денсаулығын сақтап және нығайтып, ақыл-ойы мен
дене дамуын жетілдіре түсіп, сөздік қорларын молайта отырып тілін дамыту,
жан-жақты жеке тұлға ретінде мектепке даярлау.
Курстық жұмыстың мақсаты: 5-6 жастағы баланың оқу, тәрбие жұмыстарын
меңгерумен ақыл-ойының дамуын жетілдіру.
Курстық жұмыстың мідеттері: Осыған байланысты мектепалды жасындағы
балаларға эстетикалық тәрбие беру талабына сараптама жасау.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігі.
1.1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
Қазіргі заман талабы болашақ ұрпақтың эстетикалық тәрбиесі мен
көркемдік білімін жетілдіру кажеттілігін тудырып отыр. Сұлулық. қоғамдық
тәжірибеде, адамдар қарым-қатынасында, олардың қажеттіліктерінде,
эстетикалық көзқарастар мен коркемдік талғамдарына бірте-бірте еніп келеді.
Осыған байланысты мектепалды жасындағы балаларға эстетикалық. тәрбие беру
талабы өсіп отыр. Бейнелеу енері балаларға эстетикалық тәрбие беруді,
шығармашылық тәжірибе мен балалардың эстетикалык козқарастарын
қалыптастыруды, көркемдік шығармашылықтарын дамытуды көздейді.
Өнердің негізінде көркемдік шындық көрсетілген, сондықтан да
болашақтағы Мектепке дейіңгі оқыту және тәрбиелеу пәнінің мамандары
адамдардың көркемдік бейнесін, олардың сезімін, ойын, көзқарастарын
қалыптастыратын, оларды тәрбиелейтін , ой-өрістерін дамытатын, пәнді терең
біліп бағалайтын маман болуы қажет.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі балалардың
психикалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Мектепке дейінгі білім беру
стандартының мазмұны және қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыруда
балалардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге көмектеседі.
Математикалық ұғымдар: сан, санның натурал қатары, сан және санаудың даму
тарихы, санақ жүйесі және оның дамуын балаларға ерекше ықыласпен тындата
білу керек. Мектепке дейінгі ұйымда қарапайым математикалық түсінігін
қалыптастыру әдістемесінің кұрылымы өте қарапайым және түсінікті болу шарт.
Е.И.Тихееваның мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым
математикалық түсініктерді қалыптастыруға орасан зор үлес қосты.
Ф.Н.Блехердің балабақшада қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
туралы бағдарламасын ұсынған болатын. Мектеп жасына дейінгі
балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
мен теориясына А.МЛеушинаның қосқан үлесін де ерекше атауға болады. 1950-
1980 жылдардағы мектепке дейінгі балаларда математикалық түсініктерін
қалыптастыру мәсслелері жөніндегі педагогикалық-психологиялық ізденістер
1980-1990 жылдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық
түсінігін қалыптастыру мазмұнынан әлдеқайда ерекше болып келеді. .
Қазақстандағы мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым
математикалық түсінігін қалыптастыру әдістемесінің дамуына Н.Құлжанова,
М.Сәтімбекова оқу-әдістемелік кешендері мен "Балбөбек" бағдарламасының
құрылысы және қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
әдістемесінің мазмұны зор. Сондай-ақ Сорос бағдарламасы - балалардың
шығармашылығын дамытудың негізгі кұралы болып табылады. Мектеп жасына
дейінгі балаларда математикалық түсініктерін қалыптастыру мен оқытудың
дидактикалық принциптері ерекше маңызға ие. Мектеп жасына дейінгі
балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту мен бастауыш
мектепте математиканы оқытудың сабақтастығы арасындағы байланыстар
қарапайым математикалық түсініктерді дамытуда қолданылатын әдістер,
ұйымдастыру түрлерінің жалпы сипаттамасы бір-бірімен сабқтасып жатыр.
Мектеп жасына дейінгі балаларға математиканы үйретудегі ойын
және логикалық жаттығулар баланың психикасын жетілдіреді. Мектеп жасына
дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді дамыту
барысында пайдаланатын құралдар: жабдықтар, көрнекіліктер, оқулықтар,
тапсырмалар (жаттығулар) болып табылады.
Сабақ үстінде тәрбиешілерге қойылатын талаптар: 1-6 жас аралығындағы
балаларда математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын ұйымдастыру
ерекшеліктеріне аса көніл бөле отырып олардың ойлау ерекшеліктеріне де
назар аударған жөн. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау
ерекшеліктері және заттарды қайта жаңғырту жолдарындағы балалардың
жетістіктерін бағалай білу керек. 2-3 жаста айналадағы заттар туралы сезім
әрекетін қалыптастырса, 3-4 жастағы балалар үш көлеміндегі сандар туралы
түсініктерін қалыптастырады.
Сандарды ауызша санай білуге, сан, сана, көп, аз деген ұғымдарды үйрету
арқылы 4-5 жастағы балаларға бес көлеміндегі сандарды тура және кері
санауга үйрету болды. Санның натурал қатары туралы түсініктерін
қалыптастыра отырып ересек топтағы он көлеміндегі сандарды дұрыс санай
білуге үйрету, көп, артық, аз, кем, ұғымдарын қолдануға және сандардың peт
қатарын жаңылмай айтып, топтастыра білуге машықтандыру арқылы балалардың
ойлау ерекшеліктерін байқаймыз. 6-7 жаста жиырмаға дейінгі сандарды тура
және кері санау, 10 көлеміндегі сандарды ауызша есептеп шығаруға үйрету
балалардың ойлау қабілетінің жетілгенін аңғартады. Есептеу, өлшеу барысында
балалардың сандардың қатары туралы ұғымдарының даму ерекшеліктері мен
есептеу іс-әрекеттерінің даму кезеңдеріне тоқтала отырып, әр жас топтарында
балаларды есептеуге үйретудің міндеттерін ескерген жөн.
1.2. Ойлау және сөйлеу әрекетінің дамуы
Ойлаудың әлеуметьтік табиғаты. Ойлау ми қыртысында жүзеге асатын
психикалық процесс болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. адам
кез-келген мәселені алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң, ереже
ұғымдары пайдаланып отырады. Ғылымда жинақталған осы заңдар тәуелділіктер,
әдістер, ұғымдарды әр адам ойлау үстінде пайдаланып, отырады. әрине бұл
үшін ол осы заңдарды білетін болуы керек.
Ғылым, техника, өндіріс , ауыл шарушылығының барлық орасан
жетістіктері бір ғана адамның емес, көптеген адамдардың , тұтас
коллективтердің,тіпті бірнеше ұрпақтық ұзақ жылдар бойы дамылсыз
ойлаларының нәтижесі. Адамдар тәжрибелер жасайды, зерттеулер жүргізеді, әр
түрлі құбылыстардыңқасиеттерінің бетін ашады, құбылыстар арасындағы
тәуелсізділіктерді және оларға әсер ету тәсілдерін ашып отырады. Практика
мен теорияның өте күрделі мәселелерін шешу үшін адамдар ашылған байланыстар
мен заңдылықтарды пайдаланудың жолдарын міне осылай табады.
Ойлаудың әлеуметтік табиғаты адамның оны қандай мәселені шешуге
бағыттауынан да ашық көрінеді. Мысалы, атом энергиясы саласындағы, ғылыми
зерттеулерді капиталистік елдердегі кейбір ғалымдардың халықты қыру
мақсатына бағыттайтыны, ал социалистік лагерь елдердегі ғалымдар атом
энергиясын бейбітшілік мақсатында, еңбек өнімділігін, халықтардың тұрмыс
жағдайын арттырға пайдаланатыны кездейсоқ нәрсе емес қой.
Дара адамның ойлауының ғылымының, өндірістің дамуымен қоғамдағы
жаңалықтар және жетістіктермен осылайша байланысуы ойлаудың айқын тарихи,
әлеуметтік табиғатын білдіреді. Ойлаудың қалыптасу процессі Энгельстің
Маймылдың адамға айналу процессіндегі еңбектің ролі деген еңбегінде
көқрсетілген. Энгельс адамның еңбек әрекетінің заттар мен құбылыстар
арасындағы қабылдаудан жасырын ерекшеліктер мен өзара байланыстарды
танудағы маңызын ашып көрсетті. Еңбек адамның алда атқарылатын әрекетті
жоспарлауды, оның нәтижелерін бақылап отыруды талап етті. Еңбек адамды
құрал жасауға мәжбүр етті. Еңбек адамдарды бірлесіп әрекет жасауға
итермеледі, қарым-қатынас құралы – сөздің пайда болуына әсер етті. Еңбек
адамның өзін-өзі саналы түрде тануына жол ашты. Әрине, қазіргі заман
адамның ойлауының дамуы адам санасының ұзақ тарихи қалып тасуында өткен
барлық кезеңдерін қайталап өтпейді.
Сөйлеу мен ойлаудың дамуы және өзара байланысы.
Осы тарадың тақырыбы – сөйлеу мен ойлаудың дамуы, әсіресе балалық
шақтағы ойлаудың жоғары формаларының дамуы – қиын да күрделі мәселе. Бірақ
осындай үлкен де күрделі мәселеге теориялық тұрғыдан басқа да жолдарын
көріп отырған жоқпын. Суреттерді әңгімелеуі бойынша бала ойының дамуындағы
негізгі кезеңдерді анықтауға жасалған белгілі тәжірибеден бастағым келеді.
А.Бине ұстанған В.Штерн көп қолданған тәсіл өте қарапайым және анық.
Мысалы, қалалық немесе шаруа, отбасы немесе түрмеде отырған тұтқындар
салынған қарапайым суретті алады, суретті 3,7,12 жастағы балаларға
көрсетіп, олардың әр қайсысы сол ұсынылған сюжетті қалай сипаттағанын
анықтайды.
ІІ. Мектеп жасына дейінгі балаларды еңбекке тәрбиелеудің маңызы
2.1. Мектеп жасына дейінгі бала еңбегінің өзіндік ерекшеліктері
Адамның адам болып қалыптасуының құралы еңбек. Еңбектің нәтижесі әрбір
адамға, оның еңбекке саналы, шығармашылық көзқарасына байланысты. Олай
болса бүгінгі таңдағы қоғам қажеттілігі — жас ұрпақтың бойында еңбекке
ынталандыруды тәрбиелеу, болашақ еңбек жолын дұрыс таңдауға баулу. Баланың
жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей
байланысты.
...Тәрбие тек адамның ақылын дамытып және белгілі бір мағлұматтар беріп
қана қоймай, қайта саналы еңбекке деген ынтасын арттыра түсуі керек,
мұнысыз оның өмірі ардақты да, бақытты да бола алмайды. Қейбір жағдайдың,
әсіресе адамның балалық және жастық шақтарында алған әсерінің салдарынан
еңбекке деген ынтасы өсіп те, өшіп те қалуы мүмкін, сондықтан баланы
мектепке дейінгі кезеңде ұқыптылықпен баулу, еңбекке деген дұрыс ынта-
ықыласын қалыптастырған дұрыс.
Мектепке дейінгі жас — негізінен ойын кезеңі болғандықтан, еңбектің
бала өмірінен алатын орны тым аз. Әдетте еңбек әрекетінің қарапайым
элементтері көрініс тауып, бірте-бірте еңбек ойыннан бөлініп, айрықша
сипатка ие болады.
Н. К. Крупская мен А. С. Макаренко баланың мінез-қүлқындағы еңбекке
бағыт алу мектептен кеп бұрын, отбасы мен балабақшада тәрбиеленуі тиіс деп
есептеген. Бала ойластырып ұйымдастырылған еңбск тәрбиесі арқылы дұрыс
әрекет жасап, қоршаған орта жайында алғашқы мағлұматтар алып, айналадағының
бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттснеді.
Еңбек балалардың жауапкершілік сезімін тәрбиелеумен қатар
анализаторларын (көру, есту, түйсіну, Сезіну, иіс, дәм) дамытуға мәнді
ықпал етеді.
Қазіргі физиология ғылымы еңбек әрекетінде бала ағзасы дамуының
ішкі механизмін аша келіп, баланың денесі мен психологиясының
дамуындағы бірлікті негіздейді. Бұлшықет қимылының бала денесі
мен ақыл-ойының дамуына, тынысы мен жүрек жұмысы ықпал ететіндігі
дәлелденген. Мектепке дейінгі балалардың еңбек қызметін ұйымдастыруда адам-
гершілік тәрбиесі міндеттерін шешуге зор көңіл бөлінеді. Педагог бала-ларға
олардың орындап жаткан ісінің коллектив үшін маңызды екенін ұғындырады, өз
жұмысын уақтылы атқарып шығуға, маңайындағыларға қамқорлық жасауға
ұмтылатын етіп тәрбиелейді. Ол кезекшілерге өзінің көмекшілері ретіңде
қарайды, міндеттерін уақтылы орындағаны үшін ал-ғыс айтады, барлық
балаларды кезекшілердің еңбегін құрметтеуді үйрете-ді. Кезекшілер жұмысының
сапасына, оның уақтылы орындалуына, өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесіне
қойылатын талаптар да артады. Балалар жеткілікті іскерлік, ептілік
көрсетуге, қойылған талаптарды саналылықпен орындайтын болуға тиіс.
Ересек топта балалардың коллективтік еңбегін ұйымдастыру үшін мол
мүмкіндіктер пайда болады, бұлар: топ бөлмесін немесе учаскесін жинау,
бақшаны, гүлзарды бөлу, егін өнімін, үрықтарын жинау, залды мерекеге арнап
көркемдеу және т. т. Әдетте учаскедегі коллективтік еңбек серуен кезінде,
ал топ бөлмесінде — күннің екінші жартысында ұйымдастыры-лады.
Тәрбиеші балаларға ұсынылатын жұмыстың маңызын, оларды бірнеше топқа
бөлу қажеттігін түсіндіріп, олардың әрқайсысына белгілі бір тап-сырма
береді. Коллективтік еңбектің мазмұнын белгілеген кезде, ол жұ-мыстың қай
түрі балаларға таныс, қай түрі таныс емес ёкенін, оларды ка-лай бөлісу
керек екенін ескереді, балаларға мына секілді етіп түсіндіреді: Мына топ
құрылыс материалын жуады. Өткен жолы ол текшелерді сүрткен болатЬш,
сондықтан бүгін екінші топпен тапсырма алмасады. Солай еткеніміз әділ
болады: балалардың бәрі ең қызық жерде де, басқа іске уйренетін жерде де
жүмыс істейді.
Әрбір топтағы балалардың арасында жұмыс бөлісуге де назар аудару қажет.
Сол_мақсатпен тәрбиеші былай деп түсіндіреді: Балалар, сендер қуыршақтарды
қайта киіндіруге де, көйлектерін жууға да тиіссіңдер. Кім қуыршақтардың
көйлегін шешіп, тазасын киіндіретінін, кім кір жуатынын .келісіп.алыңдар.
Сонда сендердің жұмыс істеулеріңе ыңғайлы болады, бір-біріңе кедергі
жасамайсыңдар әрі шаруаны да бітіресіңдер. Қажет болған ретте ол мектеп
жасына дейіңгі балалардың өзара келісіп алуына көмектеседі.

-
2.2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм
беретiн оқу бағдарламалары
1. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары iс-әрекет түрлерiнiң мектеп жасына дейiнгi балалар үшiн
ерекшелiктерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың
мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандартының негiзiнде әзiрленедi.
2. Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы
принциптерiн ескере отырып, мектепке дейiнгi және бастауыш бiлiм берудiң
сабақтастығы мен үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi;
2) әр баланың талабын, бейiмдiлiгiн, қабiлеттiлiгiн,
дарындылығын iске асыруға және оның даму ерекшелiктерi мен денсаулық
жағдайын ескере отырып, дара әдiс негiзiнде оны бастауыш бiлiм берудiң
бiлiм беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
3. Мектепке дейiнгi оқытудың жалпы бiлiм беретiн оқу
бағдарламалары оқудың, жазудың, есептеудiң және тiлдiк қатынас
тәжiрибесiнiң қарапайым дағдыларын қалыптастырады және бастауыш бiлiм
берудi меңгеру үшiн бiрдей бастапқы жағдайларды жасауды көздейдi.
Бiлiм алушылар мен тәрбиеленушiлердi бiлiм беру ұйымдарына қабылдауға
қойылатын жалпы талаптар:
1. Мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта, техникалық
және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан
кейiнгi бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi тиiстi үлгiдегi оқу
орындарына қабылдаудың үлгiлiк ережесiмен белгiленедi.
2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумақтарында тұратын барлық
балаларды қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi, бастауыш, негiзгi
орта және жалпы орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртiбi үлгiлiк
қабылдау ережелерiнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен
қабылдау ережесiмен белгiленедi.
Мектепке дейiнгi тәрбие мен оқыту ұйымдарында орналастырылатын
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы тәрбиеленушiлер санын және бiр
тәрбиеленушiге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиiс.
Алты (жетi) жасқа дейiнгi балаларды мектепке дейiнгi тәрбиелеу
отбасында немесе бiр жастан бастап мектеп жасына жеткенге дейiн мектепке
дейiнгi ұйымдарда жүзеге асырылады.
Мектепке дейiнгi оқыту балаларды мектепте оқытуға мектеп алды даярлық
түрiнде бес жастан бастап жүзеге асырылады.
Мектеп алды даярлық мiндеттi және отбасында, мектепке дейiнгi
ұйымдарда, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, лицейлердiң және
гимназиялардың мектеп алды сыныптарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк бiлiм беру ұйымдарындағы мектеп алды даярлық тегiн
болып табылады.
Мектепке дейiнгi ұйымдар және мектепке дейiнгi тәрбие берудiң
мектепалды топтары және бiлiм беру ұйымдарының мектеп алды сыныптары үшiн;
балалар мен жасөспiрiмдердiң спорттық бiлiм беру ұйымдары үшiн 24
сағатбөлінген.
Жалпы орта, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту
Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық мәні
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу үрдісінде тәрбие формаларын қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балаларда зерттеушілік әрекеттің дамуы жағдайындағы балалардың эксперименті
БАЛАБАҚШАДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМ ҮРДІСІН ДАМЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Танымдық белсенділіктің теориялық негіздері
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Мектеп жасына дейінгі балалардың оқу–танымдық әрекетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің ерекшеліктері
Пәндер