Мектепте дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен ағзаны сауықтыру және гармонизациялау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Мектепте дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен ағзаны сауықтыру және
гармонизациялау

Орындаған: Серік Ү.Қ.
Тексерген:

Орал, 2016ж.

Мазмұны

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Мектепте гимнастика және дәстүрлі емес денсаулық
сақтау технологиялары арқылы ағзаны сауықтыру және гармонизациялау
2.Эмоциялар
3.Гимнастика
4.Тыныс алу жаттығулары
5.Негізгі қозғалыстар
6.Түстер терапиясы
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік - экономикалық өміріндегі
өзгерістерге байланысты білім жүйесіне оның мазмұны мен оқыту
технологиясында да өзгерістер болып жатыр.Ол мектептегі тәрбиемен де тығыз
байланысты екенін білеміз. Бүгінгі күнгі біздің ұрпақ таңдауына шексіз
мүмкіндік туғанда өмір сүріп жатыр. Баланың өсіп-жетілуі, жеке түлға
ретінде қалыптасуы оның нәрестелік шағынан жүйелі түрде берілетін
тәрбиесіне, тәрбиелей отырып меңгерілетін, білім-білік дағдыларына
байланысты.
Баланың ағзасының жан-жақты дамуының негізгі, тәрбие көзі дене
тәрбиесі болып табылады. Табиғи, дұрыс өсіп келе жатқан бала тұрақты түрде
қозғалғысы келіп түрады.Оның осы қозғалыс әрекетін жанұяда, балабақшасында
дұрыс ұйымдастыру оның жүрек-қан тамыры, дем алу, жүйке,зат алмасу жүйесі
қызметтерін жақсартады, қозғалыс – тірек аппаратын нығайтады. Баланың
ауыруға қарсылық күшін, ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді. Қозғалыс арқылы
бала өмірді, табиғатты тани бастайды, оның психологиясы, ерік күші, өзіндік
қасиет тері дамиды. Бала көбірек қозғалыстарды білген сайын оның таным,
түйсік, қабылдау, сезім, қабілет және басқа әртүрлі психикалық
мүмкіншіліктері кең көлемде дамиды. Осы кезеңде дене тәрбиесі салауатты,
дұрыс жүргізілуі қажет, олай бол маса өткізіп алған уақытты қуып жету,
жіберілген қателіктерді түзету қиын болады.
Денсаулықты бекіту, дене дамуыларының кемшіліктерін түзету, алдын алу
шараларын және қозғалу қызметінің белсенділігін арттыру үшін әртүрлі
сауықтыру технологияларын, инновацияны енгізіп және мектепте мынадай
дәстүрлі емес үлгіде сауықтыруды қолдану: жүгіру, демалу жаттығуы,
нүктелі уқалау, аутотренинг, релаксация, түсті терапия, күлкі терапия, ойын
терапиясы, фитбол -жаттығуы, хатха-йога.
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға арналған жаттығулар және
бала ағзасы мен маңызды қозғалыс дағдыларының функционалды мүмкіндіктерін
жетілдіру әдістері туралы мағлұмат беру.
Міндеті:
- Балалардың қозғалыстарын жетілдіру жаттығулары туралы;
- Қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік,
төзімділік қасиеттерін қалыптастыру жаттығулары туралы;
- Жас ерекшеліктеріне қарай толыққанды дамуына, ағзаның қоршаған
ортаға бейімдену қабілетін, дене және ақыл – ойдың қабілеттігін аттыруға
жасалған жағдайлар туралы түсінік беру.
Негізгі бөлім
1.Мектепте гимнастика және дәстүрлі емес денсаулық
сақтау технологиялары арқылы ағзаны сауықтыру және гармонизациялау
Мақсаты: балаға мұғалімнің іс – қимылдарын қайталап еліктеуі арқылы
бұлшық еттерге әртүрлі салмақтың түскенін сезуіне мүмкіндік беру; өз
сезіміне баланың зейінін бағыттауға, тоқтатуға жаттықтыру және ол
сезімдерді салыстыруға, айыруға үйрету; әр түрлі бұлшық еттерге түскен
түйсік арқылы дене қозғалыстың сипатын аңықтауға баланы жаттықтыру; бұлшық
ет түйсігі, сезіну және қиялдау қабылетінің бақылауына сүйене отырып, өз
қимылының өзгерісін анықтауды балаға үйрету.
Психогимнастикада дене қозғалысының қандайы болсын эмоциялық мазмұнмен
қанықтандырылған берлігі бір қиял бейнесін мәнерлейді, соның арқасында
психикалық функциялар, яғни ойлау функциясы, эмоция, қимыл функциялары
бірігеді, ал мұғалімнің түсініктемелері көмегімен балалардың ішкі зейіндері
осы аталған үрдістерге қосылады Атап айтқанда, психогимнастикалық
жаттығулар жасауда денеге, ми-жүйкесіне күшті төмендетіп түсірудің
функциялық тұтастық механизмі қолданылады. Мысалы, мұғалім былай дейді:
Балалар, қараңдаршы, қояндар барабандарды қалай қатты соғып жатыр!
Олардың аяқтарында күштің көп екенін сендер білесіңдер ме? Аяқтары
шыбық сияқты майыспайтын қатты екенін сезесіңдер ме? Сендердің
жұдырықтарыңның, қолдарыңның, тіпті иықтарыңның бұлшық еттерінде күш
керемет көп сезесіңдер ме? Ал беттерің олай емес!
Бет - әлпеттерің жайбарақат, күлімдеп тұр. Іштерің де бос, жайбарақат.
Тағы не жайбарақат? Кәне, тағы да соғып көрейік, бірақ сезімімізді дәл
анықтау үшін, баяулау ақырын соғайық
Жаттығуларды көрсеткенде мұғалімнің экспрессиясы (мәнерлеп, немесе
әсерлеп көрсете білу) әбден қажет, себебі ол балалардың еліктеуіне жеңілдік
және эмоциялық шабыт береді. Мұғалім өзінің балаға жақындауымен сезімдік
сезімдік аймағын дәл анықтауға көмектеседі: қолынан ұстап сілкіп қалып
оның босаңдығын, арқасынан сипап күш кернеуінің барлығын, итеріп қалып
оның мығымдығын және т.с.с.
Қиял бейнелерін әуелі мұғалім жеткізеді, әр бала өз еркімен әрі қарай
сол қиялды дамытады. Жаттығулар мөлшері балалардың жас ерекшеліктеріне
және жаттығулардың түрлеріне байланысты бес – алты рет бір- екі минутқа
созылады. Психогимнастикалық жаттығулар тізбегінде қимыл кезектесуінің
сақталуына және қарама – қарсы сипаттарының салыстырылуына ерекше мән беру
керек:
- тығыз– босаң;
- қаурытты – сазды;
- жиі – баяу;
- бөлшек – тұтас;
- әзер қабырлау – мүлдем қатып қалу;
- дененің айналуы және секіру;
- кеңістікте еркін қозғалу және заттармен соғылысу.
Барлық жаттығулар бұлшық еттің жиырылуы және босаңдауы арқылы
алмасып отырып өткізіледі.
Мидың психикалық тіршілігінің гармонизациялануына қимылдардың бұлай
кезектесуі рефлекторлық әсер тигізеді: баланың психикалық және қозғалу
белсенділігі реттеледі, оның көңіл – күйі жақсарады, селқостық жоғалады.
Психогимнастикалық дене физикалық жаттығулары мен дене
шынықтырудың арасындағы қағидалық айырмашылық осында жатыр.
Тәрбиеші немесе психолог өзінің көзқарасын жиі өзгертіп отырғаны
жөн: не драмалық ойынның белсенді қызықтырушысы немесе жай ғана көрермен не
режиссер ретінде, бірақ ешкімді мәжбірлемеу, жазаламау керек.
Психогимнастика сабақтарында барлық балалар ойдағыдай: олардың
өздерінше біліп істеген істері қалай болса да бәрібір дұрыс.
Толық жіктеу және балалар өздерінің барлық түйсіктерін сезінуі
мүмкін емес, бірақ әр сабақта тіпті болмағанда солардың біреуіне болсын
зейін қоюға тиісті.
Көзге арналған гимнастика
Алдын-алу жаттығулары баланың көру аппаратын жақсарту үшін және де
түрлі көз ауруларының пайда болу жолдарын жояды.Күнделікті қоршаған
ортадан қабылданған мәліметтерден, көз шаршап қызарады,осыдан түрлі көз
аурулары пайда болады. Сондықтан да, көз гигиенасын сақтап, жаттығулар
орындап отыру қажет. Берілген жаттығулар қарапайым және көп уақыт
алмайды.Жаттығуларды дұрыс орындау, өте маңызды.Қозғалыстар бірдей болуы
қажет, және дұрыс дем алуға көңіл бөлінуі қажет. Мұндай ұсақ
кемшіліктерге көңіл аударған жағдайда, жасалған жаттығулар тиімді болады.
Осы жаттығулардың бәрін,ойын түрінде көрсетуге болады.
Тыныс алу(Дем алу) гимнастикасы.
Тыныс алу- бұл өмір.Тамақсыз бірнеше күн,жұма шыдап жүруге болады, ал
ауасыз тек бірнеше минут. Ауа арқылы адам дамиды,аурулардан босайды, дені
сау, жан , тұлға қалыптасады.Адам жүру,жүгіру кезінде дұрыс дем алу керек
екенін есте сақтау керек.Ауыз арқылы дем алу, миға әкелетін ауаның 20%-ын
тежейді.Суық жыл мезгілдерінде тыныс алу мүшелерінің ауруларына әкеледі.
Сондықтан да, түрлі жаттығулар мен әдістер арқылы, дұрыс дем алуын үйрену
қажет.Бұл жаттығулардың лайықтығы, арнайы жағдайлар,киімдер,арнайы орын
қажет етілмейді.
Түстер терапиясы.
Психологтар мен дәрігерлердің айтулар бойынша, баяғы заманнан бері,
адам денсаулығына түстердің әсер етуін байқаған.Халық медицинасында да, түс
терапиясын қолданады.Мысалы,(егер бала қызылшамен ауырып қалса,анасы
бөлмені қызыл түске бояйды)Неврозбен ауыратын адамдарға тынық (спокойный)
түстер-көгілдір,сары, жасыл,қызғылт оң әсер етеді. Қазіргі таңда
психологтар мен дәрігерлердің әр түстің ерекшелігімен емдік қасиеттері
анықталған.
Қызыл түс-еңбек қабілеттілігін жоғарлатады, көңіл-күйді
жақсартып,жүйке-жүйесінің қызметін жоғарлатады.
Сары түс-көз аурулары және ұйқысыздық кезінде қолданады.Барлық
түстердің арасында ең емдік қасиеттері бар түстер-көгілдір,ақ,қара,
жасыл, көк болып саналады.Бұлар балалардың қисында ойлауларын дамытып,
жүйке-жүйесіне оң әсер етіп, асқазан-ішек жұмысын жақсартып,тыныс алу
жолдарымен, қоршаған ортадағы жағымсыз әрекеттерден қорғайды.
Қазіргі заманда барлығы компьтерлік технология болғаннан
кейін,компьтермен қолдану жағдайында , компьютер тек баланың ақыл ойын
дамытып қана қоймай, оның көру аппаратына кері әсерін тигізеді.Бұл жағдайда
қара түстің көмегі зор,5 минут қараңғы бөлмеде отырған жағдайда көру
қабілеті орнына келеді.Бақшадағы сәбилерге , түстерді түрлі жағдайда
қолдануға болады:гуашьпен жұмыс жасау кезінде, күздік жапырақтар,
жұлдызшалар және тағы басқалары.
Психогимнастика.
Атақты психолгтардың айтулары бойынша,психофизикалық және
психогимнастикалық жаттығулар,баланың денсаулығына,оның белсенді өмір
сүруіне жақсы дамуына оң әсер етеді делінген.Тек физикалық жүктеме кезінде
ғана организмде белсенді зат алмасу үрдісі болады. Белсенді
қозғлыстар,баланың физикалық және рухани дамуына әсер етеді.
Дене шынықтыру мұғалімі,мұның бәрін ескере отырып, баланың
психофизикалық қабылдауына түрлі әрекеттермен қолдану қажет.Бұл түрлі
жаттығулар-жүру,орында жүру,тура жүру т.б.Психогимнастикалық жаттығулар
организмдегі, психикаға және жүйке жүйесіне түсетін жүктемені
азайтуға,бұлшықет тонусының дұрыс жұмыс жасауына, зейін мен сабаққа деген
қызығушылық, ынталарын дамытуда үлкен орын алады.
Саусақ жаттығулары.
Саусақ жаттығулары тілдің дамуына үлкен рөль атқарады.Сергіту сәтінде
жасалатын жаттығуларда , балалардың жас ерекшеліктері ескеруліу қажет.
Атақты ғалымдар баланың миы мен психикасын зерттеу барысында , бір
шешімге келді.Сөйлеудің пайда болуымен дамуында саусақтың пайдасы өте
көп.Ерте заманнан белгілі бала қоршаған орта мен әлемді сипай сезу
арқылы қабылдайды.Қолдағы саусақ көмегімен баланың сөйлеу қабілеті дамиды.
Ертегі терапиясы.
Әңгімелер әсіресе ертегілер , балалар мен дұрыс қарым-қатынас
құралының ең тиімдісі.Ертегі әлемді тануда,ақ пен қара, жақсы мен жаманды
ажыратуға көмегін тигізеді.Ал, ертегіде ең негізгі жақсылық әрқашан
жамандықты жеңеді,кейіпкерлер қиын жағадайлардан шығады.Ертегі өз
қиыншылықтарын сезінуге және онымен күресуге мүмкіндік береді.
Пальминг жағында пайда болатын әсерге көңіл аударыңыз. Сіздің
мақсатыңыз – уақыт өте келе осы әсерге қасыңызды көтермей-ақ жету. Бұл
жаттығу кез келген адамның қолынан келмейді, бірақ жаттыққан сайын бәрін
үйренесіз.
Негізгі кешен.Бұл кешенді йогтар көзді өз қалпында сақтау үшін
ұсынады. Йогтардың айтуынша, бұл жаттығуды бала кезінен таңертең және кеште
жасаса, қартайғанша көзелдірік кимеуге болады.
Жаттығуды бастамас бұрын, өзіңізге Бойыңызды еркін ұстап, түзу
отырыңыз. Көзіңізді алақаныңызбен жабыңыз: оң алақаныңыздың ортасы оң
көзіңізге қарсы болу керек, сол алақыныңыз - сол көзге қарсы. Бетіңізді
алақандарыңызбен сәл ғана басасыз қатты баспай, қолдарыңыздың саусақтары -
өзіңізге қалай ыңғайлы маңдайыңызда қатар немесе айқаса орналасуы мүмкін.
Бастысы – жарық өтетін тесіктер болмау керек. Нәтижесінде, Сіздің көзіңіз
жұмулы және алақандарыңызбен жабулы болады.
Енді шынтақтарыңызды үстелдің үстіне қойыңыз. Бастысы – мойын мен
омыртқа бір түзу сызық бойында болу керек. Денеңіз, арқаңыз да, қолыңызда
бір қалыпты болу керек. Тыныс алу жайлы болу керек.
Енді, өзіңізге рахат әкелетін бір нәрсені есіңізге түсіріңіз: теңіз
жағасында демалғаныңызды, туған күніңізді, жұлдызды аспанды, т.б. Жаттығу
кезінде күй ойнатып қоюға болады.
Жаттығу барысында өз-өзіңізді қадағалаудың қажеті жоқ – бұл жаттығуға
кері әсер етеді, одан да өзіңізе ұнайтын бір нәрсе жайлы ойлаңыз.
Бұл жаттығуды жұмыста, кішкентай үзіліс жасап, орындауға болады. 10-15
секундтің ішінде Сіздің көзіңіз тынығып үлгереді. Дегенмен, бұл жаттығуға
бірнеше минут бөлгеніңіз жөн.
Жаттығудан кейін (әсіресе, жаттығуды ұзақ уақыт жасағаннан кейін)
біртіндеп алақандарыңызды ашыңыз, көздеріңіз жарыққа үйренгеннен кейін ғана
оларды ашыңыз.
Мұрынмен жазу
Бұл жаттығу көзіңізді және мойыныңызды жаттықтыруға арналған. Мойын
шаршағанда көзге қанның келуі бәсендейді.
Бұл жаттығуды тұрып, жатып та орындауға болады, бірақ отырып жасаған
жақсы. Бойыңызды еркін ұстаңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Мұрныңыздың ұшы –
жазатын қалам деп елестетіңіз. Енді өзіңіздің қаламыңызбен ауада жаза
бастаңыз. Не жазатыныңыз маңызды емес. Әр түрлі сөздер, қала атауларын,
сүйікті адамыңызға арнап кішірек хат. Бала кезіңізде салған үйдің суретін,
немесе шеңбер, төртбұрыштарды салыңыз.
Егер жұмыс орныңызда жасайтын болсаңыз, қаламның орнына түйреуіштің
басындағы инемен жазып отырғаныңызды елестетінің. Мұнда басыңыздың қимылы
сырт адамға байқалмайды да, әріптестеріңіз Сіздің көзіңізді жұмып
отырғаныңызды ғана көреді. Қоғамдық көлікпен жұмыстан келе жатқан уақытта
да осылай көзіңіді жаттықтыруға болады.
Саусақ арасынан
Бір нәрсеге шоғырланбай жан-жаққа қарап та көзді тынықтыруға болады.
Көзіңіз біраз тынығу үшін келесі жаттығуды ұсынамыз. Жаттығуды тұрып,
отырып, жатып та жасауға болады.
Алақыныңыз көздің сызығынан біраз төменірек болатындай етіп қолыңызды
бүгіңіз. Саусақтарыңызды алшақтатып ұстаңыз. Саусақтарыңыз-дың арасынан
алысқа қарап отырып, басыңызды байсалды оңға-солға бұрыңыз. Көзіңізді
ештенеге тоқтатпай, айналадағы нәрселерді шолып өтіңіз. Жаттығуды дұрыс
жасаған жағдайда саусақтарыңыз көз алдыңыздан жүзіп отырады.
Кезекпен үш рет көзіңізді ашып, үш рет көзіңізді жұмып жасаңыз.
Жаттығуды 20-30 рет қайталаңыз, еркін демалыңыз.
Саусақтарыңыздың қозғалуына қол жеткізе аламасаңыз, келесідей жасап
көріңіз. Сұқ саусағыңызды жоғары көтеріп, алға созыңыз. Ал Сіздің мұрыныңыз
оған тиіп тұру керек. Көзіңізді жұмып, басыңызды оңға-солға бұрыңыз,
саусақтың жанынан өткенде мұрныңыз оған тиіп отыру керек. Басыңызды бұруды
тоқтатпай, көзіңізді ашыңыз (тек көзіңізді саусағыңызға тоқтатпаңыз).
Саусағыңыздың қозғалғанын көресіз.
Қасқа арналған жаттығу
Қастарыңызды неғұрлым жоғары көтеріңіз, құлағыңыздың жоғары ыңғайлы
етіп отырыңыз. Омыртқаңызды түзу ұстаңыз. Өзіңізді еркін ұстаңыз. Алдыңызға
алысқа қараңыз, терезе болған жағдай - терезеге қараңыз, болмаса –
қабырғаға қараңыз.
1 - жаттығу
Баяу және терең дем алып, қастарыңыздың арасына қараңыз, осылай
бірнеше секунд отырыңыз. Баяу деміңізді шығарып, көзіңізді төмен түсіріп,
бірнеше секундқа жұмыңыз. Уақыт өте (2-3 аптадан соң) көзіңізді жоғары
көтеріп ұстау уақытын біршама ұзартуға болады.
2 – жаттығуТерең дем алып, мұрныңыздын ұшына қараңыз. Бірнеше секунд
осы қалыпты сақтаңыз, дем шығарып, көзіңізді жоғары көтеріңіз. Көзіңізді
бірнеше секундқа жұмыңыз.
Психогимнастика
Мақсаты: Дене және психикалық ми-жүйкесіне күш түсіруді
қарқындылығын төмендету, бұлшық ет тонусын ретке келтіру, бірге
өткізілетін сабаққа баланың зейіні мен ықыласын аудару, балаларды белсенді
жұмысқа кірістіру және өзара қарым – қатынастарын нығайту.
Мазмұны: зейінділікті шыңдайтын бірнеше жаттығу – ойын және ширақ
ойын.Зейінділікті шыңдайтын жаттығу – ойынның үлгілері мен сипаты әр түрлі
болу керек. Мысалы: Бұл бөлмеде не өзгерді?, Көшедегі, көрші үйдегі
қандай дыбыстарды айыра аласың?, Кімнің шақырғанын тапшы?, Саған кім
жанасты?, Кім қолды қаттырақ қысты?, Қандай зат ең үлкен, жылы және
бұжырлы?, Балалардың ішінде қайсысының шұлықтары ақ түсті?, Кім нағыз
көңілді, кім уайымды? және басқалар. Ширақ ойынға барлығы жаппай қатысып
және бірлескен қимылда, қарым – қатынаста болуы керек.Жаттығу уақыты
шамамен 5 – 6 минөт.

2.Эмоциялар
Әрбір сабақтың сюжетіне міндетті түрде екі – үш эмоция және эмоциялық
ұштасу жаттығулары кіргізіледі.
Мақсаты: өзінің эмоциялық аймағын басқару дағдысын меңгеру:
балалардың өздерінің және бөтен адамдарың эмоцияларын түсіну және сезу
қабілеттілігін дамыту, оларды дұрыс көрсете білуге және толық түрде
ортақтасуға үйрету.
Әдістемелік міндеттер: бөтен эмоциялардың көріністеріне баланың
зейінін аудару; өз бұлшық еттерінің сезімдерінде бөтен эмоциялар
көріністері орын алып отырғаны сияқты сезімге берілу; бұлшық еттер
көрінісіндегі эмоциялардың ауызша сипаттамасы және оны талдау; жаттығуларда
берілген осы эмоциялық сезімді бақылай отырып қайталап көрсету.
Жаттығулар түрі: пантомимикалық жұмбақтар, ойындар, ойын – сауықтар,
тапсырмалар.
Жаттығуларда қолданылатын эмоциялар, түрлер, қалыптар тізімі: ынта –
зейінділік; қуаныш – рақаттану; таңырқау – таңдану – қайран қалу; қайғы –
торығу - күйзелу – рақымдылық; қаһар – долылық – қызғаныш; өкпе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Командалар капитанын таңдау
Денсаулық сақтау технологияларының мақсаты мен оқу-үрдісіндегі маңызы
Дене шынықтырудың міндеттері
Денсаулық сақтау педагогикасы және оны жүзеге асыру технологиялары
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Халықаралық құқық және мемлекеттердің заңдарын унификациялау мен гармонизациялау проблемалары
Дене тәрбиесі сабақтарының топтастырылуы
Шаңғы спортының шығу тарихы
Балалар және жасөспірімдердің дене тәрбиесіндегі шаңғы спортының орны
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің дамуы
Пәндер