Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. Саяси партия қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
«Құқықтық пәнідер» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер. Саяси партия қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде»
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2012ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 бөлім. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
1. 1. Мемлекет ұғымының қолданылуы . . . 5
1. 2. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам . . . 8
2 бөлім. ҚР-ның қоғамдық бiрлестiктер туралы заңы
2. 1. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы . . . 11
2. 2. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi . . . 13
2. 3. Саяси партиялар құрудың тәртібі . . . 16
2. 4. Саяси партиялар - қоғамның саяси жүйесінің элементі . . . 20
3 бөлім. Азаматтар және қоғамдық бірлестіктер
3. 1. Азаматтардың мемлекеттік басқару аясындағы құқықтық жағдайы . . . 28
3. 2. Қоғамдық бiрлестiктiң құқықтары мен мiндеттерi . . . 31
Қорытынды . . . 34
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
Кіріспе
Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi.
Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. [1]
Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсiнiң атынан өкiлдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады. Азаматтардың саяси партияның құрылтай съезiнде (конференциясында) сенiмхат бойынша өкiлдiк етуiне жол берiлмейдi. Саяси партияның құрылуын, оның iшiнде құрылтай съезiнiң (конференциясының) өткiзiлуiн ұйымдастыруды қаржыландыру осы Заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң саяси партиялардың iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Саяси партияларға мемлекеттiк органдардың функцияларын жүктеуге де жол берiлмейдi. Азаматтардан кез келген нысанда, оның iшiнде ресми құжаттарда да, қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады.
Саяси партиялардың тұрақты жұмыс iстейтiн органдарында қызмет атқаратын адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады.
Саяси партия қызметтері:
1) Мақсаттың анықталуы. Тиянақты идеология және бағдарлама, партия бағдарлық стратиегиясын анықтауға тырысады.
2) Қоғамдық мүдделерді, қызығушылықтарды біріктіру. Орталық мемлекеттік органдардың шешімдеріне ықпал жасай отырып қоғамдық пікір туғызады.
3) Азаматтардың мобилизациясы және социализациясы. партия азаматтардың саяси белсенділігін арттыруға ұмтылады және ұзақ уақыттық саяси әрекетін негіздейді.
4) Жетекші элитаны және үкімет құрамын қалыптастырады
Г. Алмонд қазіргі партиялар көп функционалды деп есептейді. Олар билік органдарын бақылайды және «үкіметтік қызметті» жүзеге асырады. басқа органдармен немесе ұйымдармен келісе отырып коммуникация құрылымын құрайды. Сөйтіп ол коммуникативтік қызметті де атқарады. Сонымен қатар оның саяси рекруттеу және саяси социализация қызметтері бар.
Партияның классикалық үлгісіне орай үш қызметі және бар: қоғамдық пікірді қалыптастыру, кандидаттарды жинау және депутаттар әркетінің шарттарын қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың мақсаты - Мемлекет және қоғамдық бірлестіктер мен саяси партия туралы түсінік алу және оларды қоғамның саяси жүйесінің элементі ретінде қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті - мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері және мемлекет деген ұғымының қолданылуы, сонымен қатар саяси партиялардың қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементі жөнінде толық мағлұмат беру. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерiмен таныстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 бөлім. Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
1. 1. Мемлекет ұғымының қолданылуы
Біріншіден: қоғамды басқаратын аппарат. Себебі «үкімет» деген ұғымға сай. Екіншіден: қоғам мүшелерінің ассоциациясы. Мұнда «халық», «ел», «қоғам» сөздеріне сәйкес.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі бөлігі болып саналады. Мемлекет алғашқы қауымда болған жоқ. Себебі алғашқы қауымдық құрылыста теңсіздік болған жоқ. Құл иеленушілік құрылыста мемлекет пайда болды, себебі өмірге басқарушылар мен бағынушылар келді. Мемлекеттің пайда болуы туралы әр түрлі анықтамалар бар:
Патриархтық теория. Оның негізін салушы XVIII ғ. өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер. Ол мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.
Қоғамдық келісім теориясы. Негізін салушылар: Т. Гоббс, Г. Гроций, Ж. Ж. Руссо. Мемлекет тәуелсіз әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімі арқылы пайда болды.
Теологиялық теория. Негізін салушылар: А. Августин мен Фома Аквинский. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған.
Зорлық жасау теориясы. Негізін салушылар: Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский. Мемлекет бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арасындағы қатынастарды реттеу үшін пайда болды.
Географиялық теория. Негізін салушылар: А. Гатцель, В. Соловьев, Б. Чичерин. Мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.
Психологиялық теория. Адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәңгі бақи тән болған дегенді айтады.
Марксистік теория. Мемлекет жеке меншік пен таптың пайда болуынан туған дейді. Яғни, экономика жағынан үстем болып тұрған таптың мүддесін қорғап, басқа таптардың қарсылығын басу үшін керек дейді.
Шетелдік зерттеушілер мемлекеттің мәнін таптық күресті бітістіруде, татуластыруда деп біледі. Қоғамға қауіпті әлеуметтік шиеленістерді асқындырмауға тырысып және оларды бейбіт саяси жолмен шешу үшін мемлекет негізгі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастарға белсене араласып, ортадағы әділ төреші сияқты болуы керек дейді.
Мемлекеттің мынадай белгілері болады:
1. Өзінің шекарасы бар, белгілі территориясы болады. Өндірістің өркендеуі, сауданың өсуі, еңбектің бөлінуі, халықтың көбеюі кәсіпке байланысты аумақтық бөлінуге әкелді. Аудан, облыс, штат, т. с. с. пайда болды.
2. Ерекше үкімет аппараты болады: мемлекетте әр түрлі мәселелерді шешу үшін қарулы әскер, шенеуліктік аппарат, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз, т. б. құралдар қажет болады.
3. Мемлекет егеменді болуы керек. Ол - ішкі және сыртқы істерін атқарудағы толық тәуелсіздігі, дербестігі.
4. Ішкі істер органдары, тергеу комитеті, прокуратура. Қылмыс жасағандарды еркінен айырудан бастап, өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу. Үкімет аппаратын ұстау үшін халыққа салық салады.
6. Мемлекеттің азаматтығын алу қажет. Сол жерде туып, өскен соң, сол елдің азаматы болуың керек, онсыз мемлекет тарапынан қорғаныш болмайды.
Осы айтылған белгілер мемлекетті басқа ұйымдардан ерекшелендіреді. Мемлекеттің ішкі, сыртқы қызметтері болады.
Экономикалық салада мемлекет кәсіпкер, жоспаршы, үйлестіруші ретінде мәселелерді шешеді. Экономикалық бағдарламаны жасайды. Халық шаруашылығының әр түрлі салаларының арасындағы байланыстарды реттеуге, экономикалық интеграцияны өрістетуге, ғылыми-техникалық революцияның жетістіктерін енгізуге, т. с. с. қатысады. Әлеуметтік өмірді ұйымдастырады. Халықтың әл-ауқатын, өмір деңгейін көтеру, денсаулықты сақтау ісін жақсарту, тұрмыс қажетін өтеуді жетілдірумен айналысады. Заңдылықты қамтамасыз етеді. Ел ішінде қарапайым тәртіпті сақтауға, қылмысқа қарсы күресті өрістетуге, әкімшілік - зорлыққа жол бермеуге басшылық етеді. Мәдени-тәрбиелік салада мемлекет халыққа білім беру және оқу-ағарту ісін, ғылымды, әдебиет пен өнерді дамыту жөнінде қамқорлық жасайды.
Мемлекеттің сыртқы тұтастығы мен қауіпсіздігін қорғау. Өзін-өзі билеу, егемендігін сақтау, басқа елдермен тиімді қарым-қатынасты орнату, олармен бірге алынған міндеттердің екі жаққа бірдейлігін қамтамасыз ету. Өз елінің саяси мүддесінің ықпалдылығына, ұтымдылығына, өтімділігіне, тиімділігіне жағдай жасау, басқа елдердегі жаңалықтар туралы өз еліне дер кезінде мәліметтер беру және т. б. Жалпы азаматтық, аймақтық саяси негізде интеграциялық процестерді дамыту. Қорытындылай келе, мемлекеттің ең басты міндеті - қоғамның тұрақтылығын орнатып, қалыпты тіршілігіне жағдай жасау. Ол әр түрлі топтарға, жіктерге бөлінген қоғамның бірлігін қамтамасыз етуге тиіс.
1. 2. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам
Азаматтық қоғам туралы елеулі еңбек қалдырып, үлес қосқандар: Ш. Монтескье, Ж. Ж. Руссо, Т. Гоббс, Т. Пейн.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.
Азаматтық қоғамға отбасы, кооперациялар, қоғамдық ұйымдар, ассоциациялар, кәсіби, шығармашылық, спорттық, этникалық, т. с. с. бірлестіктер жатады. Мұнда әрбір адамға саяси, экономикалық, рухани өмірінің түрін еркін таңдауына кепілдік береді. Адамның құқықтары қорғалады.
Азаматтық қоғамда әр адамның өз еркімен әр түрлі меншік түрі таңдауына, белсенді еңбек етуіне жол ашылады.
Саяси салада да төмендегідей құқықтар негізге алынады:
- Ұлттық-этникалық, саяси, діни, жастық, жыныстық белгілері бойынша қандай да болсын алалаушылыққа жол берілмейді;
- Жеке-тұлға мен азаматтық абыройы болып саналатын үйі мен мүлкі, мамандық таңдау еркіндігі, тұратын мекенін таңдау, телефон-хаттағы сөз құпиялылығы, сөз, баспасөз, т. с. с. заң жүзінде сенімді қорғалады;
- Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді;
- Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан толық қорғалады.
Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған кезде құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп - демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Заңдар халықтың еркіндігін білдіреді. Мұнда мемлекет те халық та екі жақты өзара жауаптылықта болады. Мұнда қысым мүлде болмайды, оларға жол берілмейді. Адам құқығы билік дәрежеде сақталады.
Құқықтық мемлекет белгілері:
- Үкіметті заң шығарушы, атқарушы, сот жүйесі арқылы жіктеу;
- Мемлекеттің өзі және органдары заңға байланысты;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес институттардың қызметтері мен өкіметтігін шектеу;
- Заңның қоғам өмірінің барлық саласында жоғары тұруы;
- Заңдылықты сақтауды қадағалау мен бақылаудың тиімді формаларының болуы;
- Мемлекет пен жеке адамның өзара қатар жауапкершілігінің болуы.
Қазақстан Республикасы - егеменді унитарлы мемлекет. 1991 жылы 1 желтоқсанда жалпыхалықтық дауыс беру арқылы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды. 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақстан ССР-і атының өзгеруі туралы» заң қабылданып, «Қазақстан Республикасы» атанды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстанның Егемендігі туралы» Конституциялық заң қабылданды. 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Елтаңбасын, Туын, Әнұранын бекітті. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы өзгертіліп, қайта қабылданды.
Адамзат қауымдасуының ең жоғары баспалдағы және формасы. Мұнда ерікті түрде қалыптасқан қоғамның экономикалық, әлеуметтік, рухани салаларындағы мемлекеттік және саяси емес құрылымдар: отбасы, ұйымдар, кооперативтер, одақтар мен басқа да бірлестіктер қамтылады;
Қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, отбасылық, ұлттық, рухани, адамгершілік, діни, өндірістік, жеке және т. б. мемлекеттік және саяси емес қатынастардың жиынтығы. Бұл адамдардың әдет-ғұрыптары, дәстүрі, адамгершілігі болып саналады.
Жеке тұлғалардың еркімен құрылған ұйымдардың және азаматтардың ассоциацияларының салалары. Мұның бәрі мемлекеттік өкімет органдарының тікелей араласуын немесе өзіндік шектеуіне жол бермейтін заңдармен қамқорлыққа алынады.
Азаматтық қоғам өз мүдделерін қорғау үшін мемлекет құрады, оған мүмкіндігінше қамқорлық пен бақылау жасайды. Әлеуметтік прогрестің дамуы саяси өмірдегі ірі жаңалықтарға жол ашты. Бірақ азаматтық қоғам әлі де бұғанасы қатпаған жас сәби сияқты мемлекет оны ығыстырып, адамдар тағдырын өз заңдары бойынша шешуге ұмтылды. Уақыт озған сайын азаматтық қоғамның іргетасы көтеріліп нығая түседі, оның негізгі құрылымдары қалыптасады, оның ішінде қорғау қабілеті жетіледі. Қоғамның мемлекетпен арақатынасы заңмен реттеледі. Жекеленген және өмірлік маңызы бар қоғамдық салалардың мемлекет ықпалынан қорғану деңгейі арта түседі. Саяси режимдер тұрақты қалыпқа келеді.
Дамыған елдердегі «әл-ауқатты» мемлекетке айналуына байланысты азаматтық шектеу пайда болады. Дүниежүзілік тарихи даму барысында адамдардың шын теңдігін орнату, олардың түбегейлі арманын, мүдделерін азаматтық құқықтық қоғам реттейді. Әр адам өз еңбегінің нәтижесіне жауапты болады.
Әрбір азаматтың өз меншігіне толық қожалық етуге сол сияқты жеке не ұжымдық меншік түрлерін өзі басқаруға құқығы бар. Қоғамдағы сан-қилы әлеуметтік қауымдастықтың мүдделерін білдіретін жетілген, дамыған әлеуметтік құрылымдар болуы шарт. Қоғам мүшелерінің жоғары әлеуметтік, санаткерлік және психологиялық даму деңгейі, өз бетінше қызметке бейімділігі болуы шарт.
2 бөлім. ҚР-ның қоғамдық бiрлестiктер туралы заңы
2. 1. Қоғамдық бiрлестiк ұғымы
Бiрлесу бостандығына құқық адам мен азаматтың аса маңызды және конституциялық құқықтарының бiрi болып табылады, оның iске асырылуы қоғам мүдделерiне сай келедi және мемлекеттiң қорғауында болады.
Осы Заңмен реттелетiн мәселелер - Қазақстан Республикасы азаматтарының бiрлесу бостандығына құқығын iске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бiрлестiктердiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар.
Қоғамдық бiрлестiк - Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен оған қайшы келмейтiн басқа да заң актiлерiнен тұрады. Осы Заңның күшi азаматтардың бастамасымен құрылған барлық қоғамдық бiрлестiктерге қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер, құрылу тәртiбi мен қызметi өзге заң актiлерiмен белгiленетiн өзiн-өзi басқару органдары мен қоғамдық ынталы органдар кiрмейдi. Осы Заңның күшi Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс iстейтiн шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) қызметiне қолданылады, бұған дiни бiрлестiктер кiрмейдi. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық актiде осы Заңда баяндалғаннан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық актiнiң ережелерi қолданылады.
Саяси партиялардың, кәсiптiк одақтардың және басқа да жекелеген қоғамдық бiрлестiктер түрлерiнiң құрылуына, қызметiне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты ерекшелiктер өзге заң актiлерiмен реттелуi мүмкiн. Аталған қоғамдық бiрлестiктердiң өзге заң актiлерiмен реттелмеген қызметi осы Заңмен реттеледi.
Мемлекет қоғамдық бiрлестiктердiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. Қоғамдық және мемлекеттiк институттардың қосылуына, мемлекеттiң қоғамдық бiрлестiктер iстерiне және қоғамдық бiрлестiктердiң мемлекет iстерiне заңсыз араласуына, қоғамдық бiрлестiктерге мемлекеттiк органдардың мiндеттерiн жүктеуге және қоғамдық бiрлестiктердi мемлекеттiң қаржыландыруына жол берiлмейдi. Қоғамдық бiрлестiктер мемлекеттiк органдармен ынтымақтасуы және өзара iс-қимыл етуi, олармен келiсiмдер жасасуы мүмкiн, мемлекеттiк органдармен шарттар бойынша олар үшiн заңдарда көзделген белгiлi бiр жұмыстар орындауы мүмкiн.
Қоғамдық бiрлестiктер аппараттарының қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамасы қолданылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қоғамдық бiрлестiктердiң мүдделерiн қозғайтын мәселелердi қоғамдық бiрлестiктермен келiсе отырып, мемлекеттiк органдар шешуi мүмкiн.
2. 2. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiнiң негiздерi
Қоғамдық бiрлестiктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени құқықтары мен бостандықтарын iске асыру мен қорғау, белсендiлiгi мен ынталылығын дамыту; кәсiби және әуесқойлық мүдделерiн қанағаттандыру, ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту, адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, қоршаған табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдени-ағарту, спорт-сауықтыру жұмыстарын жүргiзу; тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау; патриоттық және адамгершiлiк тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметтi жүзеге асыру мақсаттарында құрылып, жұмыс iстейдi.
Экстремистiк мақсаттарды көздейтiн қоғамдық бiрлестiктердi құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендiрiлген құралымдарды құруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасы аумағында әскерилендiрiлген құрылымы, түрi, арнаулы айырым белгiлерi, гимндерi, жалаулары, вымпельдерi, iшкi тәртiп пен басқарудың ерекше ережелерi, қаруы, соның iшiнде қару iспеттес заттары бар әскерилендiрiлген құрамалар үлгiсiндегi қоғамдық бiрлестiктер құруға тыйым салынады.
Басқа мемлекеттердiң саяси партиялары мен кәсiптiк одақтарының, дiни негiздегi партиялардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсiптiк одақтарды шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. Азаматтардың денсаулығы мен адамгершiлiк негiздерiне қастандық жасайтын қоғамдық бiрлестiктер құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ тiркелмеген қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктер құрудың және олардың қызметiнiң принциптерi Қоғамдық бiрлестiктер заң алдында тең. Қоғамдық бiрлестiктер қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен өзге де заң актiлерi шеңберiнде жүзеге асырады. Қоғамдық бiрлестiктер өз мүшелерiнiң (қатысушыларының) ерiктiлiгi, тең құқықтылығы, өзiн-өзi басқару, қызметiнiң заңдылығы, есептiлiгi мен жариялылығы негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi. Азаматтың қоғамдық бiрлестiк қызметiне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшiн негiз бола алмайды. Ресми құжаттарда қоғамдық бiрлестiкке мүшелiк (қатысу) туралы көрсетудi талап етуге жол берiлмейдi.
Қоғамдық бiрлестiктердiң мәртебесi. Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктер құрылып, жұмыс iстеуi мүмкiн. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер республикалық қоғамдық бiрлестiктерге жатады. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) бар бiрлестiктер аймақтық қоғамдық бiрлестiктерге жатады.
Жергiлiктi қоғамдық бiрлестiктерге Қазақстан Республикасының бiр облысы шегiнде жұмыс iстейтiн бiрлестiктер жатады. Республикалық және аймақтық қоғамдық бiрлестiктер өз мәртебесiн растау үшiн тiркелген күннен бастап бiр жыл өткенге дейiн осы бiрлестiктi тiркеген органға құрылымдық бөлiмшелерiнiң (филиалдары мен өкiлдiктерiнiң) аумақтық әдiлет органдарында есептiк тiркеуден өткенiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн табыс етуге мiндеттi.
Қоғамдық бiрлестiктер одақтары (қауымдастықтары) . Белгiленген тәртiппен құрылған және тiркелген қоғамдық бiрлестiктер, түрiне қарамастан, одақтар (қауымдастықтар) қабылдаған құрылтай шарттары мен жарғылары негiзiнде жаңа заңды тұлға жасай отырып, қоғамдық бiрлестiктер одақтарын (қауымдастықтарын) құруға, сондай-ақ халықаралық одақтарға (қауымдастықтарға) қатысушы болуға құқылы.
Қоғамдық бiрлестiктер, соның iшiнде халықаралық бiрлестiктер одақтарының (қауымдастықтарының) қызметi мен мемлекеттiк тiркелу тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi.
Қазақстан Республикасы аумағында халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) құрылып, жұмыс iстей алады.
Халықаралық және шетелдiк коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi), егер олар Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, сол бiрлестiктердiң жарғыларын басшылыққа алады.
2. 3. Саяси партиялар құрудың тәртібі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz