Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
I-тарау. Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті
басқару нысаны.
1.1.Мемлекет нысанының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .6
1.2. Республикалық және монархиялық басқару
нысандары ... ... ... ... ... ... .. ..10
ІІ-тарау. Мемлекет құрылым нысандары түрлері, белгілері
2.1. Мемлекеттік құрылым нысаны,
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2.Мемлекет нысанының
режимдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..27
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Мемлекет – бұл әр түрлі функциялары, нысандары,
құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет
типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны
түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері
мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін
қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді. Мемлекет нысаны
туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері – басқару нысаны,
мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.
Курстық жұмыста мемлекеттік құрылым нысандарының: унитарлық,
федеративтік және конфедеративтік нысандарының түсінігі, олардың
анықталуында, ұйымдастырылу принциптеріндегі, айырмашылықтарындағы,
түрлеріндегі келелі мәселелер қарастырылады.
Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да
өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы
зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық
мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі
проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты
және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге
белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың
арасында қызығушылық туындатады.
Курстық жұмыста жұмыста алға қойылған мәселелерді тек теориялық және
құқықтық тұрғыларда ғана қарстырылып қана қоймайды, сондай-ақ қандай да бір
тарихи жақтары мен ұқсастықтары қарастырылады, мемлекеттік құрылым
нысандарына қатысты кейбір мысалдар келтіріледі және өзімнің жауаптарым
баяндалады. Курстық жұмысымда қарастырылатын мәселелердің біршама жалпы
түсініктеріне тоқталамын, өйткені әрбір сұрақ үлкен ғылыми зерттеудің
объектісі болуы мүмкін және сондай болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысандарының келелі мәселелерін көптеген
зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр. Мемлкеттік құрылым
мәселелері Маркстің және Энгельстің көз қырларына түскен кезде, олар
унитарлы мемлекеттің федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін
айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер
арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі
керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ
мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар
болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды
болады. Олар өз назарларын Ұлыбританиға аударғанда, британдық колониялар
астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда
мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі
мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын
буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т.б. бір бірімен бірігеді.
Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің
федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең
құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені көтереді және әртүрлі
халықтардың консолидация құралы болады.[1]
Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде
мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық-аумақтық мазмұнының сыртқы
көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары – жоғарғы
мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық
бөлімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының
сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін
ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта,
қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, эколгиялық факторлар
және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады.
Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы
дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан
отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі
сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық
және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама
салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын
белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру
нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері – мемлекеттік құрылым
нысанының түсінігіндегі, оның түрлеріндегі келелі мәселелерді қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жалпы курстық жұмыс кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I-тарау. Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару
нысаны.
1.1.Мемлекет нысанының түсінігі
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттерде көбінесе монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай,
Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель,
Монтескье, Локк, Вашигтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды. [3]
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституцияның
орнына екінші 1995 жылғы Конституция алынды.Бұл соңғы Конституция
мемлекеттің сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың
саяси режимі құрылды.
Мемлекеттік тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше жағдайлар
әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи факторлар жатады.
Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы теңізге, мұхитқа
шықса, бұл екі жағдайда мемлекеттің нысаны екі түрлі болады. Аралда
орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен салыстырғанда
демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс мемлекеттерде
бірінші ірі цивилизациялардың дамуы Ұлы өзендермен байланысты болды:
Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Ніл, Вавилонда-Тигр және Ефрат, Үндістанда-Ганг.
Шығыс мемлекеттерде-монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе республика
құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің жағасында
орналасқан. Ол мемлекеттер шапшаң, жақсы дамығаны белгілі. Қазақстанның
географиялық жағдайы екі бірдей – Ресей және Қытай сияқты ірі
мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық тікелей жолдың
жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр[6]
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған:
патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын
және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману
заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының,
соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай,
топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиелініскен жағдайларда демократиялық
басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір
адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің
экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер
жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей,
Үндістан,Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады,
сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары – Федерация. Ал Жапония,
Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет,
екіншілері, мысалы, Германия – федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін
Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білуі керек. XIX
ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен
аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен
буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан, қазірде
немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия –
олар федерацияға жатады.[12]
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі
атасы қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылып, өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына – халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттердің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі
объективті процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл
Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің
шектелген Конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ
өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге
президенттік республикасының әсерін тигізді. Федерациядағы Де Голль құрған
парламенттік республикада кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді. [2]
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді:Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр I, ата түрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады.
Марксизм – ленинизм саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса
үлгі болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сырқы формасын анықтау үшін көп фактілерді тереі
зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал негізінде
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің
ерекшеліктерімен байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір
нысанының көп варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш
элементтерінің біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің
екінші элементі – Ресей Федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін
Шешен Республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей
Федерациясының мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін
істелген саясат. Бұл мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр.
АҚШ 1860-1864 жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде
Федерацияны сақтау мақсаты мелекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим
құрылған кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады.
Бейбітшілік кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде
басқару нысаны мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.

1.2. Республикалық және монархиялық басқару нысандары
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және
саяси режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының
өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі.
Басқару нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық
органның жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес,
басқарудың негізгі түрлері болып монархия мен республика болып
табылады.[12]
Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана,
монархта, болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік
бойынша өмір бойы иеленеді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл
монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір
органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген
монархиялар, өз кезегінде, өкілдік және парламентарлық болып екіге
бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады,
ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату
құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық
жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер
парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңға
көзделген жекеленген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын
сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің
мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты
республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:
Парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент
сайлаған үкіметке тиесілі болады;
Президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшы үкіметтің де басшысы
болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және оларды
қызметінен босатады;
Аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе отырып
құрайды.
Монархиялық басқару нысаны - мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары,
орталық және жергілікті органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары
қандай принциппен қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады
деген сұрақтарға жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару
формасы маңызды элемент болып саналады.Басқару нысаны монархия және
республика болып екі түрге бөлінеді. Монархия жоғарғы билік бір адамның
қолында болады және бұл билік мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі:
мемлекетті басқаратын адамның билігі оған әкесінің немесе басқа
туысқандарының қолынан көшуі, сондықтан оның билігі – мұралық билік.
Тақтың көшуінуң екі әдісі бар: шығыс және кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ
тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Еуропа мемлекеттерінде еркек
адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді (Ресей, Дания, Англия).
Монархияның озбырлық жолмен де көшуі мүмкін,Наполеон, Каролингтердің
тұқымдары, Вильгельм, Оранский. Англияда даңқты революция арқылы монархия
түпкілі патшаның орнағаны белгілі. Монархияның көшуінің үшінші түрі бар,
монарх бірнеше ақсүйектердің тұқымдарынан сайланды (Малазия). Тарихта екі
монарх болған мемлекеттік басқару формасы да кездескен (Спарта).
Тоталитарлық режимдерде коммунистік партияның басшысының билігі монархтың
билігінен де күшті болды. Сонымен, монархтың билігі көбіне мұрагерлік
билікке жатады, ол өзінің қызметіне Құдайдан басқа ешкімнің алдында
жауапиы емес, ол мемлекеттің басшысы, құқықтың қайнар көзі, оның атынан
сот, мемлекеттің атқару функциялары жүзеге асырылады, ол әскерді
басқарады, мемлекеттің атымен шарт құрады. Монархтың бірнеше жоғарғы
аттары мен титулдары болады, оны асырау мемлекеттің міндеті, мысалы,
Англияның Короліне 1660 жылдан бастап цивилдік қағазбен парламент
мұқтажына керек ақшаны беретін болды. Корольдердің сарайлары, киімдері,
әскерлері мемлекеттің міндетінде болды. Корольді асырау мемлекетке өте
ауыр болса да, көп мемлекеттер Корольден және монархиядан басын тартқысы
келмейді. Қазіргі Англияның Королі – Елизавета 2 мұра жалғастыратын
балаларының абыройы өте күшті болмады, екі баласы және қызы некесін
бұзып, ажырасып кетті. Бірақ 1997 жылы Англияның азаматтарынан Король
Англияға керек пе? Деп сұрастырғанда, 66% проценті монархияда,
Корольде сақталсын деп жауап берді. Орта ғасырларда Еуропа
мемлекеттерінде сословиелік – өкілдік монархиялар пайда болды. Еуропа
қоғамында үш сословие қалыптасқан болатын:
Шіркеу қызметкерлері;
Дворяндар және қала тұрғындары;
Басқаша айтқанда-буржуазия.
Осы сословиелер өздерінің мүдделерін қорғайтын сословиелік органды
құрайтын, ол парламент, Кортес, Бас штаттар деп аталатын. Бұл органдар
қалыптасқан кезде салық жинауға келісімін беретін, одан кейін қызметін
күшейтіп заң шығару ұсынысын қолына алды, кейін заң шығару билігін өзіне
қаратты. Жапония мемлекетінде Императордың билігін Сегун деген әскери
қызметкерлер шектеген болатын, бұл басқару форма сегунат деп аталды.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия Конституциялық монархия деп
аталады.Оның екі түрі бар: Дуалистік; Парламенттік. [15]
Дуалистік монархияда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең,
буржуазиялық революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы
корольдер биліктерінің жартысынан айырылды, оған біріншіден заң шығару
билігі жатады. Мысалы, Франция мемлекетінде 1791 жылғы Конституция бойынша
Король заң шығару билігін жоғалтты, ол ұлттық жиналыстың қолына көшті.
Бірақ оның қолында қалған билігі әлі күшті еді: ол әскерді өзі басқарды,
осыны пайдаланып өзінің халқына қарсы шықты, сот қызметкерлерін,
министрлерді және атқару билікті өзіне бағындырды, шығарған заңдарға тыйым
салды және парламентті таратуға құқығы болды. Сонымен, мемлекеттік билік
екіге бөлінді: парламент буржуазияның мүдделерін қорғады, ал Король
феодалдардың. Бірақ, тарихи прцесс объективтік түрінде парламентті жеңіске
жеткізді де, дуалистік монархия парламенттік монархияға айналды.
Парламенттік монархия бірінші Англияда құрылды. Даңқты революциядан кейін
Құқық туралы Билль деген Конституциялық заңда осы мемлекеттік басқару
нысаны пайда болды. Қазір Еуропа мемлекеттерінің көбі осыған жатады:
Бельгия, Норвегия, Швеция, Дания. Бұл мемлекеттерде монарх – мемлекеттің
басшысы. Ол парламаенттің келісімінсіз көп мәселерді шеше алмайды.
Парламенттің төменгі палатасына көп орын алған саяси партия өзінің
өкіметін құрады. Сол партияның басшысы премьер-министр болып
тағайындалады. Премьер-министр кабинетін өзі құрастырады, Король оған тек
келісім береді. Кабинет Корольдің алдында емес, парламенттің алдында
жауапты. 1997 жылы Англияда консервативтік партия сайлауда либористерден
жеңіліп 18 жыо Англияны басқарғаннан кейін оппозицияға кетті. Парламент
Королдің мұқтажына керек ақшаны бөледі, оның жеке өміріне де қатысады.
Бірақ көп мемлекеттер монархтың құқықтырын шектесе де, бұл ескілік немесе
керек емес мемлекеттің элементі деп санамайды. Монарх – мемлекеттің көркі,
тұрақтылығы, сәні, ертеден келе жатқан әдет-ғұрыптары. Сондықтан, кейбір
мемлекеттер жойылған монархияларды қайтадан орнына қалыптастырғаны мәлім
(Испания, 1975, Англия). Қазіргі Ресей, Грузия, Болгария, Румыния
мемлекеттерінің патша тұқымдары, тірі халықтың арсында монархияны қалпына
келтіру деген пікірді білдірген адамдар және саяси партиялар да бар.
Сонымен, монарх топтардың, саяси партиялардың арасындағы арбитрі және
тұрақты саяси режимінің кепілдігі болып көрінеді. Монархтың өмірін
реттейтін әдет-ғұрыптардың көбін халық жақсы көреді: Парламенттің бірінші
сессиясын ашу процедурасы, мемлекетке келген қонақтарды қарсы алу,
мемлекеттің атымен мерекелерімен құттықтау, монарх сарайларының өмірін
реттейтін әдеттер.[20]
Республикалық басқару нысаны. Егер мемлекетте жоғары және төменгі
органлардың бәрі сайлаумен белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай
мемлекеттік басқару формасы – республика деп аталады. Республика,
мемлекеттік органдар белгілі бір мерзімге сайланып құрылады. Республика
деген сөз көне дәуірдегі мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин
халықпен байланысты. Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық бір
белгілі кезеңге сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар
республикада болмайды. Республиканың ең бірінші түрі – Греция, Афин
республикасы. Олар халықты өте шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару
органдарына және сайлауға тек Грецияның азаматтары қатысатын. Ал азаматтары
болып 20 жасқа толған еркек адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке
меншігі бар, әскерде қызмет еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын
адамдар саналатын. Сонымен, әйел адамдар, метистер, шет елдердің азаматтары
және құлдар саяси өмірге қатынасқан жоқ. Грецияның негізгі органы – халық
жиналысы, ол барлық қызметкерлерді сайлаған, олардан есеп алатын,
мемлекеттің негізгі мәселелерін шешетін, заң шығарды. Басқа органдар 500
жүздік Кеңес, гелиэй, қызметкерлер, стратегтер, белгілі уақытқа ғана
сайланатын және халық жиналысының алдында жауапты болатын.
Антикалық республиканың аристократтық түріне Рим және Спарта
республикасы жатады. Бұларда сайлауға және мемлекетті басқаруға
азаматтардың бәрі емес, тек ақсүйектері жіберілді.
Орта ғасырларда республика өте сирек кездеседі, көбіне ол республика
– қала (Псков, Новгород, Бремен, Любек, Венеция, Флоренция).
Жаңа кезеңде республиканың екі түрі кездеседі: президенттік және
парламенттік республикалар. Президенттік республиканы АҚШ 1787 жылғы
Конституциясында бекіткен. Олар Англияның корольдерінен көп озбырлық,
заңсыздық көргесін, абыройлы билікті орнатуды анық түсінді. Деспотиялық
режим құрылмауы үшін биліктің бөліну принциптерін енгізді. Сонымен,
мемлекеттің жаңа басқару формасын ойлап шығарды. Поезиденттік республикада
билік үшке бөлінеді: заң шығару парламенттің қолында, атқару билік –
президент пен өкіметтің қолында, ал сот билігі тәуелсіз сот органдарында.
Президентті халық сайлайды. АҚШ-та 4 жылда бір рет президент сайлауы
өтеді. Президент мемлекеттің бірінші басшысы, өкіметті өзі басқарады,
Сенаттың келісімімен министрлерді тағайындайды, әскер оған бағынады.
Президент - республика бірлігінің тұтастығының символы. Кейбір
президенттік республикаларда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекетің құрылым нысаны
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Құқық теориясы
Әкімшілік құқықтық тұрғыдан мемлекеттi басқару нысандарының түсiнiгi мен мазмұны
Мемлекет нысаны жайында
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет нысандары
Мемлекет құрылымының нысаны
Мемлекеттің пайда болуы мен мәні туралы ақпарат
Пәндер