Қоғамдық өндіріс негіздері



1. Адам және оның экономикалық қызметі
2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
3. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
РМҚК Рымбек Байсеитов атындағы
Семей қаржы-экономикалық колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІС НЕГІЗДЕРІ

орындаған: Ақпекова А.Т.
тексерген: Мұхтарова М.Н.

2011-2012 оқу жылы
Жоспар

1. Адам және оның экономикалық қызметі
2. Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
3. Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
4. Жай және кеңейтілген ұдайы өндіріс
      

             
             
Адам және оның экономикалық қызметі
Экономикалық теория адамдардың мінез-құлқын зерттейді, адам өзінің
еңбегінің арқасында қоғамдық тіршілік иесі болды деп анықтайды. Еңбек -
адамның саналы түрде және мақсатты бағытталған қызметі ретінде барлық
жануарлар әлемінен бөлектеп, адамға сана берді және оның өмірінің қоғамдық
сипатын анықтады. Қоғамдық өндірісті оқып-үйрену кезінде, адам бір мезгілде
өндіруші және экономикалық байлықтарды тұтынушы болып саналады. Ол тек қана
байлықты жасап қоймай, сонымен бірге техника мен технологияларды пайдалану
тәсілдерін анықтап, оны іс-қимылға келтіреді. Өндірістің бұл құралдары өз
кезегінде, өндірістегі адам факторларының физикалық және интеллектуалдық
параметрлеріне жаңа талаптар білдіреді.
Адам факторы термині мен ғылыми түсінігі, экономикалық теорияға өте
ертеде енген сияқты, алайда содан бері оның  әлі нақты анықтамасы жоқ.
Дегенмен, адам - қоғамның басты өндіргіш күші деген марксистік тезиспен
барлық экономикалық мектептің өкілдері: классиктер, неоклассиктер,
кейсиандықтар, монетаристер, институционалшылдықтар және т.б.
келіседі.  Адам ғана өндірістің заттық факторларын жандандырады: капитал
мен жер өндіріс технологиясының өте күрделі жүйесін құрады, өзіне және
қоғамға қажеттерінің барлығын өзі өндіреді. Адам - өндірістің басында тұр,
ол өндірісті мақсатқа жұмылдырушы болып саналады, сол сияқты кез келген
өндірістің мақсаты ретінде оның соңында тұр. Демек, адам капиталы
капиталдың өзге түрлерімен қатар экономикалық теорияның басты, негізгі
категориясы ретінде  қарастырылады. Сонымен, адам капиталы - экономикалық
қызмет объектісі ретінде, капитал салу объектісі ретінде, өндірістің кез
келген өзге факторына қарағанда пайда табу объектілері ретінде танылады
және негізделеді.
Экономикалық категориялардың ішінен, адам факторының анықтамалары мен
атаулары көп кездеспейді. Мұндай категория жоқ деп айтса да болады. Бұл
мынадай жағдайлармен түсіндіріледі: адам капиталы теориясы түсінігі -
экономикалық салымдар объектісі және пайда әкелуші экономикалық қызмет
объектісі ретінде адамның негіздеуі мен тануы. Дегенмен, өндіріс
құралдарына жеке меншік пен адам факторына пайдалар мен инвестицияларды
сіңіру нарықтық формалары кезінде біліктілікті өсіру, жұмысшы денсаулығы,
оның миграциясы ешқандай мәнге ие болмайды. Тек соңғы 40-50 жылдары әлемдік
экономиканың дамуымен, дамыған елдерде әлеуметтік проблемаларды шешумен,
адам капиталы проблемалары пайда болды.
Адам капиталына салынатын инвестиция - бұл өмір жағдайын жақсартатын
жеке адамның біліктілігін арттыратын, шығаратын тауарлардың сапасын
жақсартуға ықпал ететін кез келген әрекет. Өндіріс үшін станоктар мен құрал-
жабдықтар сатып алушы кәсіпкерлердің шығындары, еңбекке инвестиция ретінде
қарауға болады. Бұл ағымдық шығыстар немесе шығындар, болашақта өсіп
отыратын кірістермен көп қайтара өтеледі және адамның әлеуметтік-
экономикалық жағдайын көтеру үшін, сондай есеппен жүзеге асырылады.
Жұмысшыларды оқытуға арналған инвестицияны  жабдықтарды сатып алуға
жұмсалған инвестициялармен салыстыру таң қаларлық, тіпті мағынасыз болуы
мүмкін. Дегенмен, нақтысында екі көзқарас бір-біріне өте ұқсас. Қосымша
білім алуға арналған инвестициялар, сондай-ақ білімнің 7-8 жыл ішінде
ескіріп қалатындығынан, ал бұл кезеңде адам білімінің көлемі екі
еселенетіндіктен қажет болады. Сөйтіп, білім беру қоры көлемінің 6-7%-ы,
екінші мамандық алу, біліктілікті көтеру, қайта даярлық қоғамдық өндірістің
өсу объективті қажеттілігіне жұмасалады.
Дамыған нарықтық елдерде соңғы 30-40 жылдары адам капиталына құйылатын
инвестициялар өндірістің материалдық-заттық факторларына қарағанда маңызды
түрде тез өсуі туралы мәліметтер адам капиталы маңызын растайды. Мәселен,
АҚШ-та білім факторы ұлттық табыстың 14%-ын құрайды.
Экономикалық теория адам моделін зерттеу инструменті ретінде немесе
соның негізінде зерттеуші-теоретиктер сұраныс, ұсыныс, бәсекелестік,
пайдаларды бөлу, тұтынушылардың мінез-құлықтары сияқты теорияларын
жасайтын белгілі бір теориялық алғышарт ретінде қарастырады.

Экономикалық ресурстар және өндіріс факторлары
Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін
қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық,
әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді.
Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру
қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.
Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу
болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-
саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.
Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша
өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.
Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай
комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі
туралы шешім қабылдайды.
Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған
жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы
болып табылады.
Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара
байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер,
еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс
ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар
туралы деректерге ие болуы тиіс.
Өндіріс ресурстары  - бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде
пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.
Ресурстар төрт түрлі болады: табиғи,  материалдық,
еңбек,  қаржылық.
Өндіріс факторлары - бұл өндіріс процесіне ресурстардың алуан түрлерін
шынайы түрде біріктіруді  білдіреді. Ресурстар   бір-бірімен өзара
байланысты, олардың комбинациясы жағдайында ғана факторларға айналады,
сондықтан да өндіріс - алуан түрлі факторлардың өзара байланысты
әрекеттерінің бірлігі болады.
ҒТП-ның дамуымен байланысты ресурстардың саны өсетіндігіне қарамастан,
экономикалық теория өндірістің  төрт негізгі факторларын: жер, капитал,
еңбек, кәсіпкерлікті бөліп көрсетеді.
Капитал - өндіріс факторлары жүйесіндегі материалдық және қаржылық
ресурстар.
Еңбек - тікелей өндіріс процесімен айналысатын халықтың белсенді
бөлігі.
Кәсіпкерлік - еңбек факторының  бір түрі, табысты өндіріс ұйымдастыру
қабілеті, нарық конъюктурасын басқара білу, тәуекелге бару және
экономикалық проблемаларды шешу.
Өндірістің әрбір факторы өзінің иесіне кіріс әкеледі: капитал-пайда,
жер-рентаға, еңбек-еңбекақыға, кәсіпкерлік-кіріс алуға. Қоғамдық жиынтық
өнім мен табыс алудағы    әрбір фактордың қосқан үлесінен шығара отырып,
оның иесі өзінің орнын табады және қоғамдағы шектеулі ресурстарға иелік
жасайды.
 
Қоғамдық өндіріс факторлары және нәтижелері
Кез-келген ұлттық экономикалық жүйе екі саладан: материалдық өндіріс
аясындағы салалардан және материалдық емес  салалардан қалыптасатын
экономиканың салалық құрылымдарының жиынтығынан тұрады. Бірінші топтағы
салаларға мыналар жатады: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік пен
байланыс, сауда мен қоғамдық тамақтандыру және т.б. Екінші топқа
кіретіндер: мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау, әлеуметтік
қорғау, тұрмыстық қызмет көрсету және т.б.
Функционалдық және салалықтан өзге аймақтық немесе аумақтық
экономикалық құрылым болады. Нақты аймақтық экономика ел аумағындағы бүкіл
экономикалық объектілердің жиынтығын білдіреді. Экономикалық аудандар,
мысалы: Орталық Қазақстан (Қарағанды), Шығыс Қазақстан (Өскемен), Оңтүстік
Қазақстан (Шымкент) және өзге аудандар экономикалық аудандар болып
саналады.
Экономикалық аудандар құрылымына, нақтылы ауданның жекелеген сала
кәсіпорындарының, оның табиғи ресурстарымен, жол қатынастарымен және
экономикалық-географиялық жағдайларымен үйлесетін шаруашылық кешендерін
немесе аумақтық-өндірістік кешендерін құрайды. Макроэкономикалық
мақсаттарды шешетін экономикалық өсу негізінде қоғам мүшелерінің өмірлік
қызметінің оңай жағдайларын қамтамасыз етуі ұлттық экономиканың мақсаты
болып саналады.
Макроэкономикалық мақсаттар ұзақ мерзімдік немесе қысқа мерзімдік болуы
мүмкін, оған қол жеткізу үшін мемлекет саяси құралдар жиынына иелік етуі
тиіс. Оған елдің бюджет, салық, несие, ақша, валюта жүйелері жатады,олар
саясаттың монетарлық және фискалдық екі түрі арқылы көрінеді. Бірінші, ақша-
несие және валюта жүйесі тұтқаларын пайдаланумен байланысты, ал екіншісі -
салық жүйесін манипуляциялау жүйесі арқылы байланысады.
Ұлттық экономиканың материалдық-заттық нәтижелері - қоғамдық жиынтық
өнім (ҚЖӨ) - белгілі бір кезеңдегі   бүкіл кәсіпорындар өндірген
материалдық игіліктер (өнімдер). Бұл жерде басты орынды ұлттық жалпы өнім
(ҰЖӨ) алады.
Ұлттық жалпы өнімнің құрамына өндірістің өндірілген бүкіл құралдарының,
тұтыну заттары мен қызметтерінің құны, сондай-ақ шетел аумағында аталмыш ел
субъектілерінің өндіріс факторларын пайдаланудан алған кірістері кіреді.
Ұлттық жалпы өнімді дұрыс өлшеу үшін оған шетелде өндірілген
өнімдер  құны (салықтар мен басқа төлемдерді алып тастағаннан кейінгі) -
түпкі өнімдер кіреді. Түпкі қоғамдық өнім (ТҚӨ) - бұл тікелей тұтынуға
арналған.
Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) - амортизациялық аударымдарды шегеріп
тастағандағы, жаңадан жасалған құнына сәйкес барлық салалар өнімдерінің
жиынтығы.
Одан жанама салықтарды шегеріп тастағаннан кейінгі (сатудан салықтар,
акциздер, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер мен кеден баж салықтары) таза
ұлттық өнім сомасы ұлттық табысты (ҰТ) білдіреді. ҰТ - бұл өндіріс
факторының иелеріне жататын: жер, капитал және еңбек, жеке тұтынуға
жұмсалатын шығындар - жиынтық табыс. Ол сондай-ақ  бюджетке түсетін табыс
салығы, өндірістік емес салалардағы қызметтерге жұмсалатын шығындар,
корпорацияның пайдалары, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналар түрінде
қайта бөлінеді. Ұлттық табыстың акциялар мен трансфертке дивиденттер мен
жиынтықтағы қалған бөлігі ғана жеке табысты құрайды және ол тұтынуға
пайдаланады.
Экономикалық әдебиеттерде адам қажеттіліктерін бастапқы (төменгі) және
қайталама (жоғары) (Американ экономисі А.Маслоу және оның пирамидасы)
қажеттіліктерге бөлу жиі пайдаланылады. Бірінші қажеттіліктерге жататындар
- тамақ, сусын, киім, түс және т.б.
Екіншіге - адамның рухани, жеке қызметімен байла-нысты қажеттіліктер -
өзін-өзі айқындау,  білім беру, өнер-дегі, ойын-сауықтағы, қоғамдық құрмет
қажеттіліктері.
Ресурстардың шектеулігі жағдайында адамдардың, кәсіпорын мен қоғамның
әл-ауқат деңгейі бірқалыпты  болу үшін қолда бар ресурстарды тиімді
жұмсауға мүмкіндік беретін дұрыс таңдау жасау маңызды болып саналады. Бұған
әрбір мүмкін варианттардан  алынатын пайданы салыстыру арқылы қол жеткізуге
болады. Баламалы пайда варианты баламалы құнды құрайды.
Сөйтіп, қандайда бір формадағы пайда қоғамның әл-ауқат деңгейін
қамтамасыз етеді. Әл-ауқат деңгейі - ел азаматтарының тауарлармен және
қызметтермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика саласынан дәрістер курсы
Экономикалық жүйе және, оның экономикалық заңдылықтары
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық білім беру жүйесінде экономиканы оқыту
Қоғамдық ұдайы өндіріс тұжырымдалары
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіш
Материалдық өндіріс
Экономикалық тиімділік
Өндірістің жалпы негіздері
Ұлттық экономиканың мәні мен ерекшелігі
Пәндер