Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар



Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Мемлекет нысаны: тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мемлекет нысанының түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мемлекеттің басқару нысаны
2.1. Мемлекет басқару нысаны
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
3. Мемлекеттік құрылым нысаны
3.1.Унитарлы
мемлекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..12
3.2.Күрделі
мемлекеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..14
4. Саяси режим
4.1.Демократиялық режим және оның
белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..17
4.2. Антидемократиялық режим мен оның көрініс табу
нысандары ... ... ... ... 20
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...24
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..26

Кіріспе
Тәуелсіз Қазақстанда екі жылдан кейін 1993 жылғы Конституцияның орнына
екінші 1995 жылғы Конституция алынды.Бұл соңғы Конституция мемлекеттің
сыртқы нысанын өзгертіп, Қазақстанда президенттік республиканың саяси
режимі құрылды. Мемлекеттік тарихи даму процесінде оның нысанына бірнеше
жағдайлар әсер етеді. Бірінші жағдайға географиялық, климат, тарихи
факторлар жатады. Егер мемлекет континентте қалыптасса немесе оның шекарасы
теңізге, мұхитқа шықса, бұл екі жағдайда мемлекеттің нысаны екі түрлі
болады. Аралда орналасқан мемлекеттердің континенттік мемлекеттермен
салыстырғанда демократиялық режимдері күштілеу екені байқалады. Шығыс
мемлекеттерде бірінші ірі цивилизациялардың дамуы Ұлы өзендермен байланысты
болды: Қытайда-Хуанхэ, Египетте-Ніл, Вавилонда-Тигр және Ефрат, Үндістанда-
Ганг. Шығыс мемлекеттерде-монархия, Еуропада-шектелген монархия немесе
республика құрылған. Ежелгі демократиялық республикалар Жерорта теңізінің
жағасында орналасқан. Ол мемлекеттер шапшаң, жақсы дамығаны белгілі.
Қазақстанның географиялық жағдайы екі бірдей – Ресей және Қытай сияқты ірі
мемлекеттермен көршілес болуы, теңізге қашықтығы және ашық тікелей жолдың
жоқтығы мемлекеттің дамуына едәуір нұқсан келтіріп отыр.
Мемлекеттің сыртқы нысаны мен ішкі мазмұнының диалектикалық бірлігі
байқалады. Мемлекеттің нысаны қоғамның экономикалық, мәдени, рухани
мазмұнына байланысты. Демократиялы мемлекеттер туралы айтатын болсақ, олар
тек қана республика немесе шектелген монархия түрінде өмір сүреді. Ал шығыс
мемлекеттерде көбінесе монархиялық басқару болғаны жақсы мәлім. Қытай,
Үндістан, Египет, Англия, АҚШ мемлекеттерінің философтары, Аристотель,
Монтескье, Локк, Вашигтон, Де Голль мемлекеттің нысанына көп көңіл бөлген.
Мемлекеттің мазмұны оның нысанынан бөлінбейді, олар бір-бірімен тығыз
байланыста дамиды.
Мемлекет нысаны – бұл қоғамның басқару, мемлекеттік құрылым және саяси
режим нысандарынан құралған құрылымдық ұйымдастырылуы.
Басқару нысаны – бұл мемлекеттік биліктің жоғары органдарының
өкілеттіктерінің өзара қатынасы, олардың құрамы мен құрылу тәртібі. Басқару
нысаны жоғары билікті жалғыз адамның немесе сайланбалы алқалық органның
жүзеге асыруына байланысты ерекшеленеді. Осыған сәйкес, басқарудың негізгі
түрлері болып монархия мен республика болып табылады.
Монархия – бұл жоғары мемлекеттік биліктің бір тұлғада ғана, монархта,
болуымен сипатталатын басқару нысаны. Монарх билікті мұрагерлік бойынша
өмір бойы иеленеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: мемлекет нысаны туралы түсінік беру және
мемлекеттің құрылым нысандары мен саяси режимдері турал толық мағлұмат
беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Мемлекет нысанының түсінігі мен түрлеріне түсінік беру;
- Мемлекеттің басқару нысандарымен танысу;
- Мемлекеттің құрылым нысаны туралы және саяси режим, оның белгілері
туралы түсінік беру.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, төрт бөлімнен
және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Мемлекет нысанының түсінігі және түрлері
Мемлекеттің басқару нысанына оның жоғары, орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасты, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады.Басқару нысаны монархия және республика болып екі
түрге бөлінеді.
Монархия жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан көшуі, сондықтан
оның билігі – мұралық билік. Тақтың көшуінуң екі әдісі бар: шығыс және
кейбір Еуропа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік
Еуропа мемлекеттерінде еркек адамдарға да, әйел адамдарға да беріле береді
(Ресей, Дания, Англия). Монархияның озбырлық жолмен де көшуі
мүмкін,Наполеон, Каролингтердің тұқымдары, Вильгельм, Оранский. Англияда
даңқты революция арқылы монархия түпкілі патшаның орнағаны белгілі.
Монархияның көшуінің үшінші түрі бар, монарх бірнеше ақсүйектердің
тұқымдарынан сайланды (Малазия). Тарихта екі монарх болған мемлекеттік
басқару формасы да кездескен (Спарта). Тоталитарлық режимдерде коммунистік
партияның басшысының билігі монархтың билігінен де күшті болды.
Мемлекеттің құрылысына экономикалық және саяси жағдайлар әсерін
тигізеді. Мысалы, Үндістанның мемлекет құрылысы туралы қатаң қағида болған:
патшаның әділетті болуы, жеке меншікті бұзбайтын, брахмандарды сыйлайтын
және олардың айтқан ақылдарын тыңдауы міндетті болған. Бұл туралы Ману
заңдарында айтылған. Ресейдің феодалдық мемлекетінде халық жиналысының,
соттың, рулық қауымның рөлдері көпке дейін сақталып келді. Саяси жағдай,
топтардың арасындағы қарым-қатынастар шиелініскен жағдайларда демократиялық
басқару туралы айту қиын. Дағдарыс кезінде көбіне мемлекетті басқару бір
адамның қолында болады: Наполеон, Рузвельт, Гитлер, Пиночет. Ал мемлекеттің
экономикасы жақсы дамыған кезде, жағдай тыныш уақытта демократиялық әдістер
жақсы қолданатыны мәлім (Греция, Рим, Швейцария, Бельгия).
Мемлекеттің құрылымына қоғамның ұлттық құрамы, тарихи әдет-ғұрыптары
немесе ерекше тарихи жағдайлары да әсерін тигізеді. Ресей,
Үндістан,Америка, Мексика мемлекеттері көп ұлттық мемлекеттерге жатады,
сондықтан олардың мемлекеттік құрылымдары – Федерация. Ал Жапония,
Германия, Польша бір ұлттық мемлекеттер, бірақ біреулері тұтас мемлекет,
екіншілері, мысалы, Германия – федерация. Бұл жағдайды анықтау үшін
Германияның мемлекеттік процесін және тарихын жақсы білуі керек. XIX
ғасырда Пруссия мен Австрияның гегемония үшін күресі Пруссияның жеңісімен
аяқталды. Бірақ феодализм кезеңінен Германияның капитализмге көшкенімен
буржуазиялық мемлекеттің қалыптасуы аяқталған жоқ. Сондықтан, қазірде
немістер бірнеше тәуелді мемлекеттерде тұрады: ФРГ, Швейцария, Австрия –
олар федерацияға жатады.
Қазақстан жерінде көне дәуірден қазақтың арғы атасы түріктер, бергі
атасы қыпшақтар өмір сүрген. XV ғасырда Қазақ хандығы құрылып, өзінің
тәуелсіз мемлекеті болған. Қазақстан көп ұлттық республикаға айналуы XX
ғасырда болды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы
біртұтас, бөлінбейтін мемлекет болып жарияланды.
Мемлекеттің нысанына – халықаралық жағдай, мемлекеттердің арасындағы
қарым-қатынастар және абыройы күшті адамдардың істері де әсер етеді.
Отарлық мемлекеттердің басқару нысанына бұрынғы метрополия мемлекеттердің
нысаны үлгі болатыны мәлім. Дамыған елдердің саяси мемлекеттік құрылысы,
олардың демократиялық іс-әрекеттері дамушы елдерге көп әсер етуі объективті
процесс. Мысалы, Ұлыбритания бүкіл
Еуропа континентіне, Жапония және Скандинавия мемлекеттеріне өзінің
шектелген Конституциялық монархиясын үлгі ретінде сыйлағаны белгілі. Ал АҚШ
өзінің көрші мемлекеттеріне және посттоталитарлық мемлекеттерге
президенттік республикасының әсерін тигізді. Федерациядағы Де Голль құрған
парламенттік республикада кейбір мемлекеттерге әсерін тигізді.
Республиканың мемлекеттік құрылысына саяси күшті адамдардың қызметі
және жүргізген саясаты әсерін тигізеді:Гитлер, Рузвельт, Шыңғыс хан,
Абылай, Петр I, ата түрік және басқаларын еске алсақ дұрыс болады. Марксизм
– ленинизм саясаты бір континенттің мемлекеттеріне 70 жылдан аса үлгі
болды. Тек қана Еуразия емес, Куба, Вьетнам, Корея, Африканың
мемлекеттерінің тарихына ықпал жасағаны мәлім.
Мемлекеттің дамуына діни факторлары да әсерін тигізеді. Мұсылман,
католик, христиан, буддистік мемлекеттердің өздеріне тән нышандары бар.
Сонымен, мемлекеттің сырқы формасын анықтау үшін көп фактілерді тереі
зерттеу керек.
Оқу әдебиетінде мемлекеттің нысаны көбіне үшке бөлінеді – басқару
нысаны, мемлекеттің құрылымының нысаны және саяси режим. Ал негізінде
мемлекеттің нысаны тарихи кезеңмен және әрбір мемлекеттің ерекшеліктерімен
байланысты екені мәлім. Сондықтан, мемлекеттің әрбір нысанының көп
варианттары бар. Мемлекеттердің дамыған кезінде осы үш элементтерінің
біреуі бірінші орынға шығады. Қазіргі Ресейде мемлекеттің екінші элементі
– Ресей Федерациясының негізгі принциптерін сақтау үшін Шешен
Республикасымен соғыс әдісін қолданғаны белгілі. Бұл Ресей Федерациясының
мықтылығын көрсету, негізгі принциптерін сақтау үшін істелген саясат. Бұл
мемлекеттің құрылым нысанын бірінші орынға қойып отыр. АҚШ 1860-1864
жылдары Солтүстік пен Оңтүстіктің арасындағы соғыс кезінде Федерацияны
сақтау мақсаты мелекеттің негізгі нысаны болды. Фашистік режим құрылған
кезде мемлекет нысанының саяси режимі бірінші орынға шығады. Бейбітшілік
кезде экономикалық дамуы жоғары демократиялық мемлекеттерде басқару нысаны
мемлекеттің сыртқы жағдайын белгілейді.
Егер монарх мемлекеттік биліктің жалғыз органы болып табылса, бұл
монархия шектелмеген деп аталады, ал жоғарғы билік монарх пен басқа бір
органның арасында бөлінсе, бұл монархия шектелген деп аталады. Шектелген
монархиялар, өз кезегінде, өкілдік және парламентарлық болып екіге
бөлінеді. Өкілдік монархияда монарх атқарушылық билікті жүзеге асыра алады,
ол үкіметті құру, министрлерді тағайындау, вето және парламентті тарату
құқықтарын иеленеді. Ал парламентарлық монархияда монархтың құқықтық
жағдайы әлдеқайда шектелген болады, монарх тағайындаған министрлер
парламенттің сенімсіздік вотумына тәуелді болады және монарх заңға
көзделген жекеленген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
Республика – жоғары мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын
сайланбалы органға тиесілі басқару нысаны. Халықтың қай бөлігінің
мемлекеттік биліктің жоғары органдарын сайлауға қатыса алатынына байланысты
республика аристократиялық және демократиялық болып екіге бөлінеді.
Демократиялық мемлекеттер, өз кезегінде, төмендегідей түрлерге бөлінеді:
1. Парламенттік, бұл мемлекетте саяси өмірдегі шешуші рөл парламент
сайлаған үкіметке тиесілі болады;
2. Президенттік, бұл мемлекетте сайланған ел басшы үкіметтің де
басшысы болып табылады, сол себепті, ол үкімет мүшелерін тағайындайды және
оларды қызметінен босатады;
3. Аралас, бұл мемлекетте үкіметті президент пен парламент бірлесе
отырып құрайды.

2. Мемлекеттің басқару нысаны
2.1. Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекеттік басқарудың нысанына оның жоғарғы , орталық және жергілікті
органдарының құрылуы, олардың қарым-қатынастары қандай принциппен
қалыптасады, халық оларды сайлауына қандай түрде қатысады деген сұрақтарға
жауап береді. Мемлекет нысандарының арасында басқару формасы маңызды
элемент болып саналады. Басқару нысаны монархия және республика деп екі
түрге бөлінеді.
Монархияда жоғарғы билік бір адамның қолында болады және бұл билік
мұрагерлікпен беріледі. Монархияның белгісі: мемлекетті басқаратын адамның
билігі оған әкесінің немесе басқа туысқандарының қолынан тиеді. Сондықтан
оның билігі- мұра билік. Тақтың көшуінің екі әдісі бар: шығыс және кейбір
Европа мемлекеттерінде тақ тек ер адамдарға беріледі. Ал көпшілік Европа
мемлекеттерінде еркек адамдарға да әйел адамдарға да беріле береді (Ресей,
Дания, Англия). Монархияның өмірбойлық берілген әдістері де болады, бұндай
жағдайларда мұрагерлік заңды әдіспен берілген жоқ, мысалы: Наполеон,
Каролингтердің тұқымдары, Чандрагупта, Вильгельм Оранский. Соңғы Англияда
мемлекеттік төңкеріс ұқсас даңқты революциясынан кейін заңды патшаның
қолынан билікті алғаны белгілі. Монархияның үшінші түрі бар, монарх бірнеше
ақсүйектердің тұқымдарынан сайланады (Малайзия).
Монархия екіге бөлінеді: шексіз және шектелген монархиялар. Шексіз
монархия –монархтың билігін басқа мемлекеттік орган шектемейді, жоғарыда
айтылған биліктің бәрі соның қолында. Бірақ шексіз монархияның да бірнеше
түрлері бар. Ең бірінші шексіз монархия –Шығыс деспотия (Египет, Вавилон,
Қытай, Жапония) монархтың қолында өте күшті экономикалық функциялары
жиналған, ал бұл қызметі осы айтқан мемлекеттердің географиялық және ерекше
экономикалық жағдайларымен байланысты.
Жаңа кезеңдерде шектелген монархия конституциялық монархия деп аталды.
Оның екі түрі бар: дуалистік және парламенттік монархия. Дуалистік
монархияларда мемлекетті басқарған екі топтың күші тең, буржуазиялық
революциялар өткеннен кейін, оның бірінші кезеңінде бұрынғы корольдер
биліктерінің жартысынан айырылады, оған біріншіден заң шығару билігі
жатады.
Егер мемлекетте жоғарғы және төменгі органдардың бәрі сайлаумен
белгілі мерзімге құрылатын болса, осындай мемлекеттік басқару формасын
республика деп атайды. Республикада мемлекеттік органдар белгілі бір
мерзімге сайланып құрылады. Республика деген сөз көне дәуірдегі
мемлекеттерде бірінші рет қолданды. Бұл термин халықпен байланысты.
Мемлекетті басқаратын адамдар мен органдарды халық белгілі бір кезеңге
сайлайды. Сайланбаған қызметкерлер мен органдар республика болмайды.
Республиканың ең бірінші түрі-Греция, Афин республикасы. Олар халықты өте
шектеулі түсінді, бұл республиканың басқару органдарына және сайлауға тек
Грецияның азаматтары қатысатын, ал азаматтары болып 20 жасқа толған ерекек
адамдар, ата-анасы Афинаның азаматтары, жеке меншігі бар, әскерде қызмет
еткен, барлық құқықтарын пайдалана алатын адамдар саналатын.
Парламенттік республика. Бұл мемлекетті басқару нысанында билік
парламенттің қолына жиналған. Кабинет пер премьер министрді парламенттің
төменгі палатасы тағайындайды, тексереді және түсіреді. Өкімет парламенттің
алдында жауапты. Парламенттік басқару нысаны жағдайында билік жүргізу
функциясы мемлекет пен үкімет басшылары арасында бөлінген. Президент тек
мемлекет басшысы. Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады әрі парламенттегі
партиялық көпшілік негізінде құрылады. Күшті үкімет - әлсіз президент.
Федерация. Құрама мемлекет бірнеше зиялы мемлекеттерден тұрады. Құрама
мемлекет- күрделі мемлекет, ол федерацияның мүшелерін біріктіреді.
Мемлекеттік органдар екіге бөлінеді: жалпы федерацияның органдары және
әрбір мүшесінің жеке органдары. Федерацияның субъекттері ішкі істерін
өздері шешеді, ал федеративтік орталық органның қолында барлық ішкі-сыртқы
билік болады. Федеративтік республика халықаралық құқықтың алдында тек бір
мемлекет болуға тиіс.
Конфедерация. Бұл өте көлемді және күрделі конфедерациялы
мемлекеттердің одағынан және халықаралық ұйымнан айыру өте қиын.
Конфедерация- белгілі мақсатқа жету үшін бірнеше ерікті мемлекеттердің
уақытша одағы. Конфедерация мүшелері өздерінің тәуелсіздігін толық
сақтайды: азаматтығын, заңдарын, мемлекеттік аппараты, сот және қаржы
жүйесін, өздерінің ақшасын. Конфедерация қабылдаған шешімдерді олардың
жоғарғы органдары мақұлдау керек.
Мемлекеттік қызметтің жалпы түсінігі ретінде мемлекеттік саясатты
әзірлеуді, оны орындау мен зерделеуді айтуға болады. Сондықтан ол
мемлекеттік басқарумен қатар бір уақытта пайда болғандықтан, оларды бір-
бірімен тығыз байланыста қарастырамыз.

3. Мемлекеттік құрылым нысаны
3.1.Унитарлы мемлекеттер
Мемлекет формасының екінші элементіне мемлекеттік құрылымының
нысаны жатады. Бұл мемлекеттің әкімшілік-жергілікті бөлінуі, сол
бөлімдердің бір-бірімен қатынасы, және мемлекеттің, және бөлімдердің
арасындағы байланыстары. Мемлекеттік құрылым – ұлттық мемлекеттік
қатынастарды, әкімшілік-территориялық жүйені, олардың еркшеліктерін
бейнелейді. Мемлекеттер бұл элемент бойынша унитарлық, федеративтік және
конфедеративтік мемлекеттерге бөлінеді.
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-
мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық
бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға,
департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары
өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел
территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық
алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін
мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген,
тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы
Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін.
Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас
бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады,
олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы
мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін.
Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған
түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік
органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-
қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер
(мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал
екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық
тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын біртұтас мемлекеттер
(мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады.
ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару
пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемлекеттік орталық билік
ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін
қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың
орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Қазақсатан Республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол
сұғуға болмайды, деген Конституцияның кіріспесінде (унус деген сөз – бір,
жалғыз деп латын тілінен аударылады). Сонымен, тұтас мемлекеттер тек қана
әкімшілік жергілікті-аудандарға бөлінеді. Мысалы, Қазақстанда әкімшілік-
аумақтық құрылысы 14 облыстан тұрады, олады президент тағайындаған әкімдер
басқарады. Облыстар аудандарға, қалалық аудандарға, ауылдарға, селолар мен
поселкілерге бөлінеді. Ал жергілікті өкілетті органдар мәслихат деп
аталады, оған депутаттарды халық сайлайды. Жергілікті әкімшілік – аймақтық
бөліністердің құқықтары тең. Жергілікті атқару орган – әкім.

3.2.Күрделі мемлекеттер
Күрделі мемлекет – бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын
жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі
мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды,
достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар –бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен
тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың
ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік –
құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде
құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін
құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді
мемлекеттер халықаралық – құқықтық қатынастардың субъектілері болып
табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері
сақталады.
Федерация –бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік
егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі,
одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен
қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады;
федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің
біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық –
мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық – бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен
сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін
олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты
болады.Достастық мүшелері – бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер,
халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы – бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі
ауыспалы нысаны. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші
Мемлекетті басқару нысанының ерекшеліктері
Ғылыми техникалық прогрестің ерекшеліктері
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Мемлекеттің ішкі функциялары
Экономиканы мемлекеттік реттеу реферат
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Мелекет нысанының түрлеріне сипаттама
Мемлекеттiң басқару нысандары
Азаматтық қоғамның қалыптасуы барысындағы жеке тұлға мен мемлекеттің арақатынасы мәселелері
Пәндер