Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 бөлім. Мектепке дейінгі мекелерге қойылатын талаптар
1.1. Мектепке дейінгі
мекемелер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 7
2 бөлім. Бала тәрбиесінде жанұя жұмысына қойылатын талаптар
2.1. Бала және отбасы, отбасы ролін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Отбасы және отбасы тәрбиесінің бала дамуында алатын
орны ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 27
Кіріспе
Қазіргі Қазақстандағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық
жағдай баланың интеллектуалды, жеке және табиғи дамуын қамтамасыз ету
жүйесін тұрақты дамытуға мүмкіндік береді.
Азаматтар мен отбасыларын әлеуметтік қолдауды реттейтін заңнамалық
база жетілдірілуде. Мектепке дейінгі балалық шақтың толық дамуын қамтамасыз
ететін нормалар қабылданды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының сапасын арттыру
мақсатында 2008 жылы Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
жалпыға міндетті білім беру стандарты әзірленді және бекітілді.
Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті
білім беру стандартының танымдық саласын іске асыру мақсатында білім беру
процесінде сараптаудан өткен және балалардың оқуына рұқсат етілген 300-ден
астам әдебиеттер пайдаланылады.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік ережелеріне сәйкес
балабақшаға 3 жастан бастап қабылданады.
Әлемдік тәжірибе мектепке оқуға дайындау үшін аса қолайлы жас баланы
дамытудың 3 жастан 6 жасқа дейінгі жастағы кезеңі болып табылатынын
көрсетті. Францияда мектепке дейінгі білім міндетті болып табылмайды, бірақ
3 жастан 6 жасқа дейінгі барлық балалар балабақшаға барады. Осындай ұқсас
жағдай Германияда, Канадада, Венгрияда, Англияда бар. Данияда мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту құрылымы қазақстандыққа ұқсас: бөбекжай бір жарым
жастан 3 жасқа дейін, балабақшалар – 3 жастан бастап 6-7 жасқа дейінгілер.
Барлық тәрбиеленушілер санынан алғанда Қазақстанның 89,7% мектепке
дейінгі ұйымында -3-6 жастағы балалар, 2-ден 3 жасқа дейінгілер -10,3%.
Республиканың 9 облысының балабақшасында бөбекжай топтары жұмыс
жасайды. Онда 2 жасқа дейінгі балалар тәрбиеленеді. 2007-2009 жылдары
бөбекжай жасындағы балалардың саны 1305-тен 942-ге азайды.
Сонымен қатар, елде мектепке дейінгі ұйымдардың жетіспеушілік
проблемасы бар. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
қажеттілік 1 жастан 6 жасқа дейінгі 260 мыңнан астам бала бар барлық
өңірлерде байқалады. 2007 жылдан бастап балабақшаларға кезек 40 %-ға (185-
тен 260 мың адам) өсті, әсіресе қалаларда толық: әрбір 100 орынға орташа
алғанда республика бойынша 111 адамнан келеді.
Мектепке дейінгі ұйымға орын алу кезегінде 3 жастан 6 жасқа дейінгі
балалар саны кезектегі балалардың жалпы санының 147084-тін немесе 56,4%-ын
құрайды.
Бағдарламаның басты басымдығы 3-6 жасқа дейінгі балаларды
ұйымдастырылған тәрбиемен және оқумен қамту, оқу қызметіне балаларды сапалы
дайындау үшін жағдайлар жасау болып табылады.
1 бөлім. Мектепке дейінгі мекелерге қойылатын талаптар
1.1. Мектепке дейінгі мекемелер
Ұйым қызметі – мектепке дейінгі тәрбие және білім берудің негізгі
мақсаттарын жүзеге асыру, әрбір баланың жеке қабілетін ескере отырып дене,
интеллектуалдық және жеке дамуына бағытталған балалардың денсаулығын сақтау
және нығайту; балаларды тәрбиелеуде жанұяға көмек көрсету.
Білім беруді ұйымдастырудың мақсаттары мен қызметтері:
- тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі тәрбие және оқыту
бағдарламаларын меңгеруіне жағдай жасау;
- тәрбиеленушілердің интеллектуалды және жеке дамуын қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушілердің дене және психикалық денсаулығын қорғау мен
нығайту;
- 5 (бес) 6 (алты) жастағы тәрбиеленушілердің мектеп алдындағы
дайындығын қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушілердің, ата – аналарымен өзара қарым – қатынас жасау;
- қоршаған ортадағы Отанды, отбасын сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Ұйым мақсаттары:
- мектепке дейінгі дайындық;
Ұйым қызметінің мәні:
- балалар өмірін және денсаулығын қорғау;
- мектеп оқуына дайындау;
- баланың гармониялық дамуы;
- балалардың жас ерекшелігін ескере отырып жалпы адамгершілік
құндылықтарды үйренуге тәрбиелеудің бағыт – бағдары;
- балалардың әртүрлі мәнді – дамушы ортада еркін дербес шығармашылық
қызмет жасауына жағдай жасау;
- балалармен қатынас жасау түрлерін таңдау, әрбір баланың өз
ерекшелігінің болуына бағыт беру.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға ұлттық, этностық-мәдени тәрбие
беруге байланысты бірнеше шетел және отандық ғылыми зерттеушілерді атап
өтуге болады:
- мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің халықтық педагогика
аспектілері (Т.В.Черник, О.В.Леонова, М.Г.Евграфова, Е.А.Иванова,
Е.Н.Кергилова, Т.Иманбеков, К.Сейсембаев, Т.А.Левченко, Ә.С.Әмірова,
А.Е.Манкеш, О.М.Сыздық, З.М.Балгимбаева);
- мектеп жасына дейінгілердің этностық-мәдени дамуы (Е.Ф.Вертякова,
Л.Д.Вавилова, В.Д.Ботнарь, О.Н.Юденко, С.Д.Кириенко, Б.Н.Галаева);
- мектепке дейінгі ұйымдардың мамандарын даярлау мәселесі
(О.И.Давыдова, Х.Т.Шерьязданова, Л.С.Берсенева, У.Ш.Ибрагимов,
М.Б.Кожанова, Ж.С. Хасанова);
- мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық педагогика
үлгілерін ендіру (Ж.М.Акпарова, С.Г.Жанабаев, А.Ә.Капенова, Ұ.Т.Төленова).
Мектепке дейінгі ұйымдардың оқу-тәрбие процесін талдау балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мақсатында мектепке дейінгі
ұйымның жұмысының мазмұнында ұлттық-мәдени элементтердің өз мүмкіндігіне
сай қолданылмайтынын көрсетті.
Осыған сәйкес дәстүрлі құндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке
тұлғаны тәрбиелеудегі қазақстандық қоғамның қажеттіліктері мен мектепке
дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
жүйесінің жеткіліксіздігі; мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастыру мүмкіндігі мен бұл мәселенің
педагогикалық теория мен практикада аз зерттелгендігі арасында бірнеше
қайшылықтар туындайды.

1.2. Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру

Мектепке дейінгі ұйымдарда баланың белгілі бір халыққа тиістілігі
екенін саналы түрде меңгеру, оның ерекшеліктерін айқындау педагогикалық
ерекшеліктерін зерттеуден тұрады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктерінің бірі табиғилық принциппен айқындалады.
Тәрбиенің табиғилық принципін алғашқы рет XVII ғасырда Я.А.Коменский
көрсетті. Тәрбиенің бұл принципінің жүзеге асырылуын қазақтардың күнделікті
тұрмыс-тіршілігінен көруге болады. Олар өздерін табиғаттың ажырамас бөлігі
ретінде есептеген. Мұның барлығы өз ізін жыныстық-жас ерекшелік саралауда
да қалдырды.
Ата-бабаларымыздың Балаңды бес жасқа дейін хандай ұста, он бес жасқа
дейін құлдай жұмса, он бес жастан кейін досыңдай көр деген дана сөзінен
баланың мектепке дейінгі кезеңінде сана-сезімінің тұрақсыздығы, танымдық
ерекшеліктерінің ырықсыздығы, ересектердің мінез-құлықтарына еліктеушілігі
көрінеді. Сондықтан этностық-мәдени сәйкестілікті мектепке дейінгі кезеңде
қалыптастырудың ерекшелігін бұл принцип аша түседі.
Тәрбиенің табиғилық принципі – кез келген тәрбие әрекеті мен
педагогикалық процестің жетекшісі болып, нақты даму деңгейімен
ерекшеленеді. Бұл принциптің мәні мынада: тәрбие мен білім беру табиғи және
әлеуметтік-мәдени процестердің өзара байланысы туралы ғылыми түсінігінің
негізінде танылады. Биологиялық организмнің витальды ерекшеліктерін есепке
алу және жыныстық-жас ерекшелік саралауынан тұрады.
Тұлғаның Мен-тұжырымдама бөлігінде этностық-мәдени сәйкестілік адам
психологиясының түбірлі өзгерісіне байланысты. Одан жас ерекшелік дамуының
әр түрлі кезеңіндегі сапалы мәнін табуға болады.
Этностық-мәдени сәйкестілік өзінің қалыптасу процесінде баланың
психикалық даму кезеңдеріне сай бірнеше кезеңдерден өтеді. Баланың белгілі
бір ұлттық топқа жататыны жөніндегі алғашқы тұжырымдамалардың бірін Пиаже
ұсынды. Пиаже этникалық сипаттамалардың дамуының алғашқы кезеңін мектепке
дейінгі жас кезеңіне арнады, бірақ бала алғашқы өз этносы туралы үзік,
жүйелі емес білімді игереді дейді.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшелігін айқындайтын екінші әдіснамалық қағида -
мәденилік принципі.
Балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда мәденилік
принципінің мәні бала тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, қоғамның,
мемлекеттің, аймақтың мәдениетін баланың қолдана алуы.
Н.Б.Крылова бойынша мәденилік принцип – метапринцип, тәрбие мен білім
беру, бір жағынан, мәдениеттің ерекшеліктері мен талаптары бірқалыпты
болса, екінші жағынан, әлеуметтік қайта құруға қабілетті, яғни тек қана
оның нормалары мен құндылықтарын тасымалдаушы ғана емес, жаңа мәдени
формаларды ұйымдастырушы. Тәрбие мен білім берудің қабілеттілігі -
мәдениеттің мәнін, қарқынын, мазмұны мен компоненттерін көрсетіп, мәдени
өзін-өзі анықтауға және сәйкестілендіруге (идентификациялауға) шарттар
тудыру. Бұл принцип бойынша тәрбие мен білім беру жалпы адамзаттық
құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық
мәдени құндылықтар мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады.
Этностық-мәдени сәйкестіліктің дамуы бұл мәдени салада маңызды роль
атқаратын психологиялық әлеуметтік үрдіс. Адам өзінің сәйкестілігін
мойындайтын көптеген ерекшеліктерді әлеуметтік жағдайдың дамуын
талдамайынша, түсінуі қиын.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың маңызды факторы - тіл. Балалардың өзара әрекетінің
нәтижесінде этникалық топ өзінің этникалық тілін сақтай алады, кез келген
жағдайда этникалық тілді сақтау этностық-мәдени сәйкестілікке әсер етеді.
Бабаларымыздың қара сөзінің құдыретін жас ұрпаққа үйрету арқылы
олардың сөз қорын байытып, ана тілінің мәртебесін көтеру қажет деп
ойлаймыз.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың үшінші ерекшелігі ұлттық сана-сезім мен этностық-мәдени
сәйкестіліктің арақатынасына байланысты айқындалады. Балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастыруда бұл ерекшеліктің мәні этностық-мәдени
сәйкестілік компоненттері арқылы анықталады. Олар: когнитивті, аффективті,
мінез-құлықтық.
Когнитивті компонентке жас ерекшелігіне этникалық өзіндік
идентификация, ана тілін үйренуге талпыныс, өз халқының және басқа да
этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады.
Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар
кіреді.
Мінез-құлықтық компонентке мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың
әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін
сақтауы жатады.
Ұлттық сананың қалыптасуындағы мәдениет, өнер рольдерін ашуда, оның
маңызын көрсетуде де Л.С.Выготскийдің триадасы сана – мәдениет – жүріс-
тұрыс туралы пікірін тысқары қалдыра алмаймыз. Себебі, әр ұлт өзінің ұлт
болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы
мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп,
өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт
бастамасы баланың өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың төртінші ерекшелігі этноәлеуметтік-рольдік принципіне
негізделеді.
Этностық мәдениеттің қайта пайда болуы жағдайында біз баланың назарын
жас кезінен этноәлеуметтік рольдерге аударуымыз керек. Бала басқа адам
алдындағы өз міндетін, жауапкершілігін бірте-бірте игере отырып, өзінің
этноәлеуметтік ролінің мәнін түсіне бастайды. Этноәлеуметтік рольді тани
отырып, бала бір жас кезеңнен екінші жас кезеңге өту барысында әр түрлі
этноәлеуметтік рольдерді игереді. Бұл рольдердің этникалық тәрбие берудегі
маңызы өте зор. Оларды әлеуметтену үдерісімен бірлікте жүзеге асыру керек.
Адам әлеуметтену барысында белгілі рольдер атқарып, сол рольдер арқылы
әлеуметтік ортада белгілі орын алады.
2 бөлім. Бала тәрбиесінде жанұя жұмысына қойылатын талаптар
2.1. Бала және отбасы, отбасы ролін анықтау
Бала – отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан
да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық
тәрбие - бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің,
апа-қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы,
мінез-құлқы – ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Этностық тәрбие – жеке
тұлғаның этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың бесінші ерекшелігі мемлекеттік интеграция және этностық-
мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм) идеясына тәуелді.
Қазіргі қоғам дамуында және білім беру жүйесінде екі тенденция
байқалады: саралау және кірігу. Этностық қатынастар саласында оларды
бірлікте қарастыру этно-мәдени білім беру қажеттілігін тудырды.
Педагогикалық үдерісте бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру этностық
сәйкестілікті мемлекеттік кірігумен бірлікте қалыптастыру мақсатына әкелді.

Мемлекеттік сәйкестілік (кірігу) – этно-мәдени білім берудің
фундаментальды және стратегиялық мақсаты. Егер этностық сәйкестілікке жеке
және топтық түрде қысқа уақыт мерзімінде жетуге болса, мемлекеттік кірігуге
жету – мемлекетте тұратын барлық этностардың күштерін талап ететін ұзақ
процесс (ҚР этномәдени білім тұжырымдамасы).
Педагог жұмысының айқын компоненттерінің бірі - балаларды полигамия
және мәдениеттің алуан түрлілігіне құрметпен қарау, педагогтар мен ата-
аналардың арасындағы әріптестік өзара қатынасты тереңдетуге үйрету болып
табылады. Ата-аналар мен отбасы тұтас алғанда, балаларды оқыту мен
тәрбиелеудегі кәсіби көмек алу, қабілеттерін дамыту жөнінде ақпараттар алу
қажеттілігін бастан кешіреді.
Жаңа стандарт ынтымақтастықты орнатудың маңыздылығын атап өте отырып,
отбасының әлеуметтік институт ретінде ұрпақтардың сабақтастығын
қалыптастыруға зор ықпалын тигізеді: үлкендерге сый-құрметпен қарау, дәстүр
мен салттар, мінез-құлық мәдениетін сақтау, өз халқының тарихына, Отанына
деген махаббаты.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың басты мақсаты - әрбір баланың
отбасымен өзара әлеуетін дамыту және қабілеттерін ашу, бірінші кезекте - өз
балаларының басты мұғалімдері және қорғаушылары болып табылатын ата-
аналарымен қатынасы.
Педагогикалық процестің талаптары білім саласының мазмұны негізінде
жүзеге асырылады және қауымдастықтың көмегіне мұқтаж болады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандарты белгілі талаптарды
көрсетеді:
- педагогтар үшін - олардың кәсіби құзыреттілігі және бала құқығы
жөнінде Конвенцияның сақталуы;
- мектепке дейінгі ұйым үшін - Мемлекеттік стандарттың орындалуын
қамтамасыз ету;
- отбасы үшін - баланы дамытудың негіздеріне жауапкершілік, педагогтар-
мен бірлесе отырып оның оқытуы мен тәрбиесіне қатысуы. Құжаттың мазмұнына
талдау жасай отырып, жаңа ҚР МСТ 1.001-2009 мыналарды қамтамасыз етеді деп
айтуға болады:
- мүмкіндігі шектеулі балаларды қоса алғанда жеке қабілеттерін,
өмірлік маңызы бар әлеуметтік дағдылар, достықжылы шырай, дербестік,
креативтілік, жауапкершілік, ашықтық, коммуникативтікті дамыту;
- педагогтардың кәсібилігі мен құзыреттілігі, олардың отбасылар мен
қауымдастықтармен өзара ынтымақтастыққа ұмтылысы;
- ата-аналар, отбасылардың балаларды оқыту және тәрбиелеу жөнінде
хабардар болуы, ата-аналардың білім процесіне қатысуы және педагогтармен
әріптестігі.
Қоғамға ақылды, өсіп жетілген, достық қалыптағы, дербес, эмоционалдық,
шығармашылық және жауапты бітірушілер-мектепке дейінгі оқушылар қажет.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан - 2030 Жолдауында:
...оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған
жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... бүгіннен бастап ұлттық мінез-
құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, ұлттық намыс қасиеттерін
сіңіріп қалыптастыруымыз керек, - деген болатын. Елбасының бұл сөздері
педагогтар үшін негізгі бағыт, бағдарлама болып табылады.
Этностық-мәдени сәйкестілікті қалыптастырудың алтыншы ерекшелігі
тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсерінен туындайды. Бұқар жырау
Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, адамның ата-тегінен
деген. Қазақ сонау ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан, тұқым қуалайтын
барлық жақсы қасиеттердің жиынтығын тек деген ұғымға сыйғызып, ондай
адамдарды текті деп бір ауыз сөзбен сипаттаған. Ұлттық ерекшеліктерін
қатаң ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуіне осы тектілік негіз болғаны хақ.
Тәрбиедегі негізгі түп – тектілік, оның тамырын, өмір тұрғысын дұрыс
қалыптастыру - ата-ананың негізгі міндеті. Ол міндетті дұрыс атқару үшін
олардың өздері баласына өнеге болуы тиіс.
Қазақтар Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Балаңа басқұр қалдырғанша,
тозбас дәстүр қалдыр - деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ
қамын қатты ойластырған.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың жетінші ерекшелігі әлеуметтену және этностық тәрбие
түсініктерінің арақатынасынан шығады.
Американ социологтары Т.Парсонс, Р.Мертон жеке тұлғаның белгілі ортаға
бейімделіп, әлеуметтік ортада толық сабақтасып кету үдерісін әлеуметтену
деп атайды. Адамның белгілі ортада әлеуметтенуі оның сол ортаға бейімделу
деңгейімен анықталады.
Гуманистік психологияның өкілдері Г.Олпорт, А.Маслоу, К.Роджерс жеке
тұлғаның әлеуметтенуі дегеніміз оның өзіндік өзектелуінен, яғни Мен
тұжырымдамасының процесінен, қандай ортада болмасын белгілі мағынаға ие
болуынан көрінеді - дейді. Жеке тұлға әлеуметтену барысында өзін-өзі
тәрбиелеуге, істеген ісіне жауап беруге, яғни өзіндік сана-сезімінің
қалыптасуына өзі ықпал ете алады. Адамның әлеуметтенуі - өмір бойы үздіксіз
болып отыратын процесс. Әлеуметтену процесінің мазмұны жалпықоғамдық,
ұжымдық, халықтық және ұлттық мазмұнға ие болады. Тәрбие және оқыту жеке
тұлғаның әлеуметтену негізі бола алады.
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі - өмір бойы жалғасатын біртұтас
үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде
этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт-
дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік
санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш
сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін
қалыптастыру болып табылады.
1-кестеде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері көрсетілген.
Кесте 1 - Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың ерекшеліктерін айқындайтын әдіснамалық қағидалар:
табиғилық, мәденилік принциптері, ұлттық сана-сезім мен этникалық
сәйкестіліктің арақатынасы, этноәлеуметтік рольдік принцип, мемлекеттік
интеграция және этностық-мәдени сәйкестілік (қазақстандық патриотизм)
идеясына тәуелділігі, тұқымқуалаушылық, орта және тәрбиенің әсері,
әлеуметтену және этникалық тәрбие түсініктерінің арақатынасы. Осы қағидалар
үлгіге принциптері ретінде кірістірілді. Осы принциптерді есепке алу арқылы
мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыру міндеттері өз шешімін педагогикалық шарттар жүйесін анықтауда
және құрастырудан тұрады. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-
мәдени сәйкестілігін қалыптастыру педагогикалық шарттар жүйесін өңдеуді
талап етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастыру процесі педагогикалық шарттардың болуын
қамтамасыз етуді талап етеді. Педагогикалық шарттар түсінігі мектепке
дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің барлық бағыттарының тиімді қызметін
қамтамасыз ету үшін қажетті объективті және субъективті факторлардың
жиынтығы деп қарастырылады. Олар оқыту мен тәрбиенің мақсатын, міндеттері
мен принциптерін таңдауға байланысты соған сәйкес мазмұнды, ұйымдастыру
формалары мен әдістерін анықтайды. Онда нақты шарттардың көрінуін маңызды
етеді. Олар мыналар: тілдік ортаның белсенділігі (ЭЕМ-ға арналған Ана
тілі бағдарламасы); балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастыруға арналған мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие процесінің
мазмұнына этностық-мәдени материалды ендіру (Мектепке дейінгілерге
этностық-мәдени білім беру бағдарламасы); балалардың этностық-мәдени
сәйкестілігін қалыптастыруда отбасының көмегі, отбасының балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін дамытуға бағдарлануы (Ата-аналарға көмек
әдістемелік нұсқауы); мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілеріне балалардың
этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыруға көмек.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін
қалыптастырудың жоғарыда аталған педагогикалық шарттары бір-бірімен өзара
байланысты.
Тілдік ортаның белсенділігі (ЭЕМ-ға арналған Ана тілі бағдарламасы).
Балаларға ана тілін үйрету әр ұстаздың, әр ата-ананың борышы. Ана
тіліне деген сүйіспеншілік мектеп жасына дейінгі кезеңнен басталады. Бұл
ұсынылып отырған бағдарламада әріптер мен дыбыстарға үйрену және бекіту
үшін ойындар, сөйлеуге дағдыландыратын тапсырмалар беріледі. Бекітуге
арналған ойындар, жұмбақтар ұсынылады. Бұл бағдарламада бір бөлімнен кез
келген екінші бөлімге тез көшіп, ондағы ақпараттармен танысуға болады.
Бірінші және екінші тараулар – белгілі бір тәртіпке негізделген қатаң
бірізді технология бойынша құрылған. Үшінші және төртінші тараулар –
модульды технология бойынша құрылған ойын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық - мәдени дүниетанымын қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбиелеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық мәдениетін калыптастырудың педагогикалық бағыттарын теориялык тұрғыда негіздеу
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастыру
Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды этностық - мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың ерекшеліктері
Балабақшадағы және мектепке дайындайтын топтағы мұғалімінің балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысы
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың этностық-мәдени сәйкестілігін қалыптастырудың педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыда негіздеу
Республикасының Заңы тілі
Салт - дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіне қосар үлесі
Пәндер