Білім берудің мемлекеттік стандарты және оған қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жалпы педагогика және
информатика кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Білім берудің мемлекеттік стандарты және оған қойылатын талаптар
Орындаған: 01207 топ студенті
Бисенгалиева Р.Р.
Тексерген: оқытушы Ергалиева Г.А.
Орал 2010 ж.
Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Білім мазмұны түсінігі жəне оның
мəні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..3
2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі
теориялар ... ... ... ... ...4
Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1. Білім беру құрылымының
бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2. Жалпы, политехникалық еңбек және кәсіптік білім
беру ... ... ... ... ... ... ... .12
3. Мемлекеттік білім
стандарты ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 13
4. Оқу жоспарлары, бағдарламалары жəне оқу
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... .23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .26
Кіріспе
1. Білім мазмұны түсінігі жəне оның мəні
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай
болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша
біркелкі пайымдама жоқ.
Білімдендіру қызметін іске асыруға бағытталған дəстүрлі педагогикада
білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс педагогикалық икем мен сəйкестікке
келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған байланысты тəжірибелік ептіліктер мен
дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт
білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное) оқу атамасын алған. Мұндай оқу
жүйесінде адамзаттың тарихи дамуы барысында жинақталған білімдер ғана
əлеуметтік құндылық ретінде танылады.
Бұл көзқарастан демократиялық қоғамның басты міндеті- шығармашыл,
дербес ой жүргізе алатын адам қалыптастыру – жалаң білім жинақтау
талаптарының көлеңкесінде қалып келді.
Соңғы кезеңдерде білімді адамиластыру идеясының арқасында білім
мазмұнының мəнін айқындауда тұлғалық бағдарлы (личностно-ориентированное)
оқу бағыты кең назарға алынуда. Осы бағытқа орай оқушылар белгілі оқу
мазмұнын ғана меңгерумен шектелмеуі тиіс.
Оқу-тəрбие барысында ең алдымен шəкірттерде құндылықты- мəнді
сұраныстар мен ниеттер қалыптастыру міндеті тұрады, олар тұлғаға қажет сапа-
қасиеттердің орнығуына негіз ретінде қабылдануы лəзім. Болашақ қоғам мүшесі
–тұлға педагогикалық процесс аймағында өз əрекет – қылықтарына, қоғам мен
ел тағдырына, қоршаған ортаны қорғауға деген жауапкершілік сезімін
қалыптастырып, əділетсіздік пен немқұрайлықтан қашық болуға баулынады,
өзінікінен басқаша пікірлерді ымырашылдықпен тыңдап, ұрда-жық ысырып
тастамай, қажеттісін қабылдауға үйренуі тиіс.
Тұлғалық бағдардағы білім мазмұны мейлінше толық құрылымға
келтірілген, педагогикалық тұрғыда икемге түсірілген əлеуметтік тəжірибе
күйінде төрт элементтен құралып, төмендегідей іс-əрекеттерде көрініс
береді:
- нəтижелік формасы –білім (қоғам, табиғат, техника, ойлау, іс-əрекет
əдістері жөнінде) күйінде бекіген танымдық іс-əрекеттер;
- үлгі бойынша орындау ептіліктері (ақыл-ес жəне практикалық
ептіліктер мен дағдылар) формасындағы əрекеттердің белгілі əдістерін іске
асыра білу;
- проблемді жағдайларда қалыптан тыс шешімдер қабылдау ептіліктері
формасындағы – шығармашыл іс-əрекет, қызмет;
- тұлғалық бағдар (қоршаған ортаға, дүниеге, адамдарға, өз басына,
мораль нормаларына, көзқарастық идеяларға жəне т.б.) формасындағы көңіл-күй
құндылықты қатынастарды орындай білу.
Білім мазмұнының аталған элементтері бір-бірімен байланысты жəне өзара
шарттасқан. Əлеуметтік тəжірибенің осы элементтерін игерген адам жақсы
орындаушы ғана болып қалмастан, дербес, өз бетінше шығармашылдықпен əрекет
істей алатын, қалыптасқан қатынастар жүйесіне өз үлесін қоса білетін тұлға
дəрежесіне көтерілуге мүмкіндік алады.
2. Білім мазмұнын қалыптастыруға байланысты негізгі теориялар
Білім мазмұны тарихи сипатқа ие. Ол қоғам дамуының белгілі
кезеңдерінде алға тартылатын білім міндеттері мен мақсаттарына орай
анықталады. Əрқилы əлеуметтік жүйедегі білім мазмұны біргелкі емес. Ол
өмір, өндіріс жəне ғылыми білімдердің даму деңгейіне сəйкес өзгермелі.
Білім мазмұнының қалыптасуына байланысты негізгі теориялар XVIII ғ.
ақырында- XIX ғ. басында өрбіді. Бұлар мəн-мағынасына қарай білім
мазмұнының материалдық жəне формальдық теориялары атауларымен педагогика
тарихына енді.
Білім мазмұнының материалдық теориясын қолданушылар (дидактикалық
материализм немесе энциклопедизм теориясы тараптарлары) білімнің негізгі
мақсаты – оқушыларға ғылымның əрқилы салаларынан мейлінше ауқымды білім
игерту деп білді. Мұндай пікірді өткен дəуірлердегі көптеген танымал
педагогтар қолдап, қуаттады (Я.А.Коменский, Г.Спенсер жəне т.б.). Аталған
теория бүгінгі күнде де өз жүгінушілеріне ие (болмаса, оқушыларды шектен
тыс жүктеме ақпаратқа кезіктіру неліктен тиылмайды?).
Білім мазмұнының формальдық теориясын қалаушылар (дидактикалық
формализм идеяшылдары) оқуды шəкірттердің қабілеттері мен танымдық
қызығуларын, олардың зейінін, есін, ұғымын жəне ойлау мүмкіндіктерін
дамытудың құралы ретінде пайдаланады. Олар түсінімінде, білім көзі - ақыл.
Сондықтан да, ең алдымен адамның ақыл-есін жəне қабілетін дамыту
қажеттігіне ден қойды. Білім мазмұнын іріктеуде дидактикалық формализм
тараптарлары математика жəне классикалық көне тілдер сынды дамытушылық
сипатымен құнды пəндерді басшылыққа алды. (Дж. Локк, И.Г.Петалоцци,
Н.Гербарг жəне т.б.).
Қазіргі дəуір педагогикасында бұл екі теория да сынға ұшырауда. Таза,
жалаң күйінде аталған бағыттардағы педагогикалық жүйе оқу-тəрбие
міндеттерін ойдағыдай орындай алмайды. Мектептің басты мақсаты- адамның
ақыл-ес (интеллектуал) күштерін дамытып, сол арқылы білім игеруге, оны
қолдана білуге үйрету. Осыдан, бүгінгі педагогика дидактикалық материализм
мен дидактикалық формализм бағыттарындағы оқу-тəрбие істерін бірлікте
жүзеге асыруды қолдайды. (К.Д.Ушинский).
XIX жəне XXғғ. шектерінде білім мазмұнын іріктеудің дидактикалық
прагматизм теориясы қалыптасты. Бұл теорияны қолдаушылардың (Дж.Дьюи, Г.
Кершенштейнер) пікірінше, білім мазмұнының негізі жеке пəндерде емес, ол
оқушының қоғамдық жəне дара іс-əрекеттерінде. Білім мазмұны оқушылардың сол
білімді меңгеруге бағышталған ұжымдық еңбегі жəне белгіленген мəселені
шешуге сəйкес практикалық əрекеттерді қажет ететін пəнаралық біліктер
жүйесімен белгіленуі тиіс. Осы теорияға орай оқушылар мейлінше еркіндікпен
оқу пəндерін таңдауға құқылы, оқу-тəрбие жұмысы оқушылардың субъектив
сұраныстары мен қызығуларына икемдестіріледі.
Европа, əсіресе, АҚШ мектептерінде кең енген бұл теория нəтижесі
білімдену деңгейінің күрт төмендеуіне соқтырды. Өткен ғасырдың 20-жылдары
Қазақстан оқу –жүйесінде "Төте оқу” атымен қабылданған бұл əдіс өз жалғасын
таппады.
Дегенмен, материалдық жəне формальдық теориялар, дидактикалық
прагматизм бағыты уақыт талаптарын көтере алмағанымен, білім мазмұнын
қалыптастырудың осы заманғы бағыттарының өркендеуіне үлкен ықпал жасады.
Белгілі поляк ғалымы В.Оконь функционалды материализм атты білім
мазмұнын қалыптастыру теориясын жарыққа шығарды. Оның пікірінше, қандай
дидактикалық теория болмасын, ол оқушылардың білім алуын қамтамасыз етумен
бірге сол білімдерді өз іс-əрекеттерінде пайдалана білу ептіліктерінің де
жетілуіне негіз болуы шарт, яғни таным мен іс-əрекет ажырамас бірігімді
байланысқа келуі қажет. Жеке пəндер мазмұнында да сол пəннің жетекші ұғымы
басты назарға алынуы тиіс. Мысалы, биологияда – эволюция теориясы,
математикада – функционалды тəуелсізділік, тарихта – тарихи шарттылық жəне
т.б., яғни білім мазмұнын таңдастыруда дүниетанымдық көзқарастарды
басшылыққа алған жөн. Дəрістер барысында оқушылар өз меңгерген білімдерін
практикада қолданып үйренетіндей жағдайлар жасалуы тиіс.
Көзделген нақты практикалық мəселелерді білім негізінде шеше отырып,
шəкірт табиғи , техникалық, мəдени жəне қоғамдық болмысқа сай өз
мүмкіндіктерін қайта қарап, өзгертуге үйренеді.
В.Оконь теориясы өз ішіне қоғамның білімге қойған талаптарын жəне
оқушылардың жеке сұраныс –қызығуларын біріктіре қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы бүгінгі мектептің білім мазмұны ҚР "Білім
заңына” сəйкес құрастырылған. Бұл Заңға орай білім мазмұны қоғамның
экономикалық жəне əлеуметтік ілгерілеуінің аса маңызды жағдайаттарының
бірі, сондықтан ол тұлғаның өзіндік қалыптасуына, оның өз мүмкіндіктерін өз
бетінше іске асыра алуына жағдай жасап, қоғам дамуын, құқықтық мемлекеттің
бекіп жəне жетілуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім мазмұнының міндеті-қоғамның əлемдік деңгейге сай жалпы жəне
кəсіби мəдениетін көтеру, оқушылар санасында осы заман білім деңгейі мен
білімдену бағдарламасының талаптарына сəйкес əлем бейнесін (образ мира)
қалыптастыру; тұлғаның ұлттық жəне əлемдік мəдениетке араласуына; осы күнгі
қоғамның төл тумасына айналған жəне сол қоғамды жетілдіруді мүдделеген адам
жəне азамат тəрбиелеу; қоғамның мамандар қорын жаңғырта көбейтіп, əрі қарай
дамыту.
Білім мазмұнын қалыптастырудағы басты мақсат - расалық, ұлттық,
этникалық, діни жəне əлеуметтік тегіне қарамай адамдар, халықтар арасындағы
өзара түсіністік пен қызметтестік қатынастардың орнығуына жəрдемдесу,
оқушының ерікті пікір мен наным таңдау құқығын іске асыруға көмектесу,
əрқилы дүниетаным көзқарастарды ымырашылдықпен ескеру.
Білім мазмұны жалпы жəне кəсіби білімдерден құралады. Жалпы білім
мазмұны негізінде тұлғаның жалпы мəдениеті, оның дүниетанымы, азаматтық
бағдары, əлемге, еңбекке жəне қоғамдық өмірге болған көзқарасы қалыптасады.
Кəсіби білім мазмұны адамға нақты еңбектік іс-əрекет саласындағы
білімдер мен ептіліктерді игеру үшін қажет.
Педагогика ғылымында білім мазмұнын іріктеудің өлшем-шек (критерий)
жүйесі қабылданған. Осы шектер негізінде мектепте берілетін білім мазмұны
келесідей талаптардың орындалуына себін тигізуі міндетті:
- тұлғаның жан-жақты дамуы жəне оның базалық мəдениетінің қалыптасуына
қажет міндеттерді толық та біртұтас күйде берілуін қамтамасыз ету;
- оқу пəндері мен қоғамдық практикаға енетін білім материалдарының
ғылыми жəне тұрмыстық маңызға ие болуы;
- əрқилы жас деңгейіндегі оқушылардың нақты мүмкіндіктеріне сəйкес
болуы;
- материал мазмұны көлемінің оқушының мүмкін болған игеру уақытына
сəйкес келуі;
- жалпы орта білімді құрастыруда халықаралық тəжірибені ескеру;
- осы заманғы мектепте бар оқу -əдістемелік жəне материалдық базаға
сəйкес болуы.
Негізгі бөлім
1. Білім беру құрылымының бөліктері.
Білім құрылымы төрт бөліктен тұрады. Білім жалпы білімнің мазмұнындағы
негізгі элемент, болмысты тану, табиғат, қоғам және ой заңдарын ашу
нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде адамдардың жыйнаған
тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми
білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан
алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы
байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми
білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу
тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім — болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты
дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп,
дүниетінымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен
ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
Білім - өлеуметтік тәжірибенің бірінші элементі болса, оның екінші
элементі - әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету,
білімді қолдануға дағдыландыру, дәлірек айтсақ адамзат жасаған іскерлік пен
дағдыларды меңгерту.
Сыртқы (практикалық) және ішкі (ақыл-ой) дағдылары мен іскерліктеріне
барлық пәндер үйретіп, оқушы жоспар құруға, мөндіні бөлуге, салыстыруға,
қорытынды жасауға машықтанады. Кейбір оқу пәндерінің өздерінің
қалыптастыратын іскерліктері мен дағдылары бар. Мысалы, физикадан немесе
математикадан есептер шығару, химиядан тәжірибе өткізу, т.б.
Ақыл-ой іскерліктері мен оқу іскерліктеріне конспектілеу, аннотация
жазу, оқулықпен, сөздікпен жұмыстар жатады.
Сонымен білім мазмұнының тәжірибелік бөлігінде нақты іс-әрекет жасауға
мүмкіндік беретін, жастардың мәдениетті сақтау қабілетін жетілдіретін
көркемөнер, еңбек, қарым-қатынас, іс-әрекеті түрлері бар.
Танымдық (оқу және оқудан тыс) іс-әрекет оқушының ой-өрісін кеңейтіп,
дүниені танудық маңызды құралдарының бірі білім алуға, өздігінен білім
алуға ынталандырып, ақыл-ойдың дамуына, ғылыми білімдерді жүйелі меңгеруге
көмектеседі.
Еңбек іс-әрекеті материалдық заттар жасауға, оларды сақтауға,
көбейтуге бағытталған. Түрлері: өзіне-өзі қызмет көрсету, қоғамдық пайдалы
және өнімді еңбек.
Көркемөнер іс-әрекеті әстетикалық дүниетінымды дамытып, әдемілікке
сүранысты туғызып, әдемі ойлауға үйретіп, нәзік сезімге бөлейді.
Қоғамдық іс-әрекет оқушының әлеуметпен байланыс орнатуына көмектесіп,
азаматтың бет-бейнесін қалыптастырады.
Қарым-қатынастық іс-әрекетке бос уақытты ұйымдастыру арқылы
үйретіледі.
Іс-әрекетке үйрену үшін оқушы үлгілерге қарап жұмыс істеп, жаттығулар
орындайды.
Білімнің үшінші элементі - шығармашылық жұмыс тәжірибесі "дайын"
білімдерді хабарлау, жаттығулар орындау, үлгіге қарап жұмыс істеумен
шектелмейді. Шығармашылық жұмысқа оқушыны іздендіретін, оқулықтағы
мәселелік әдіспен баяндалған шығармашылық есептер, тапсырмалар үйретеді.
Әрине оқулықтың барлық тақырыптары мәселелік әдіспен түсіндірілсін деп
ешкім талап етпейді. Бірақ тақырыпқа сай қиын әдісті қолданған жақсы.
Оқушыларға ғылымда, өндірісте қандай қиын болғанын, оларды шешу үшін қандай
жұмыстар атқарылғанын, нәтижесінде ғылыми жаңалықтар ашылып, олар ғылымда,
техникада үлкен өзгерістер әкелгенін баяндау қажет. Сол сияқты ақиқат үшін
күрескен, баланың адамгершілігіне игі әсерін тигізетін ғалымдардық өмірі
және қызметімен таныстырған дұрыс.
Оқушыларды іздендіретін білім, іскерлік, дағдыларын жаңа жағдаяттарда
қолдандыратын тапсырмаларды оқулықтардан, басқа деректерден, оқушылардың өз
тәжірибелерінен алуға болады. Оқушыларғылыми әдістер қолданып, шығармашылық
жұмыстар арқылы бағдарламадағы білімдерді өз беттерімен, шағын зерттеу
жұмыстары арқылы меңгереді. Осы теорияға сөйкес бастауыш сыныптың
математика оқулығына шығармашылық есептер, қазақ тілі оқулығына
шығармашылық тапсырмалар енгізілген.
Білім беру мазмұнының төртінші элементі - тәжірибе, адам, іс-әрекет,
құрал, өзара қатынас.
Бұл бөлікте адамның дүниеге, іс-әрекетке, адамдарға берген бағалары
болады. Сезім мәдениеті - адамның әлеуметтік тәжірибесі арқылы қалыптасатын
ерекше құбылыс. Адамның білімге, іскерлік дағдыларға іштей сүраныстарын
туғызып, түрлі сезімдерге бөлеп, білім беру мазмұнын меңгертуге болады.
Білім, іскерлік, дағды, шығармашылық іс-әрекет эмоцияны тәрбиелейді. Бала
сезіміне әсерлі мәтіндер, иллюстрациялар, сұрақтар мен тапсырмалар да әсер
етеді. Оқушы өзі оқып отырған материалға қатынасын сөзі және ісі арқылы
білдіреді.
Егер оқушылар білім алуға оң көзқараспен қараса, онда олардың оқудағы
табыстары жақсы болады. Психологтардың дәлелдері бойынша жағымды эмоциялар
адамды шабыттандырады.
Білім беру мазмұнының және жеке тұлғаның негізгі мәдениетінің барлық
бөліктері бір-бірімен байланысты. Білімсіз іскерлік болмайды, шығармашылық
іс-әрекет белгілі бір білім және іскерліктерге сүйеніп атқарылады,
мотивсіз, сезім, ерік-жігерсіз оқыту дұрыс жүрмейді.
2. Жалпы, политехникалық еңбек және кәсіптік білім беру.
Іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сипатына қарай білім беру
жалпы білім және кәсіптік білім беру болып бөлінеді. Жалпы білім - ғылым
негіздерін оқушылардың меңгеруі және нәтижесі. Жалпы білімнің мазмұнына оқу
пәндерінің иггілгі 3 түрі енеді. Олар:
• ғылыми-жаратылыс;
• гуманитарлық;
• еңбек және дене дайындығы. Ғылыми-жаратылыстану пәндеріне табиғат
заңдылықтары
турнлы білім беріп, баланың ойлау қабілетін дамытудың негізгі құралы
болып табылатын физика, математика, химия, биология енеді.
Гуманитарлық пәндер (тарих, әдебиет, қоғамтану, экономикалық
география, түрлі тілдер) оқушыларды қоғамды дамытатып заңдармен
таныстырады.
Әр түрлі тілдер қоршаған өмірді терең түсінуге, ақыл-ой тәрбиесіне,
әлеуметпен қарым-қатынас жасауға көмектеседі.
Гуманитарлық білімдер - тарих, әдебиет, саз, ән, бейнелеу өнерлерінің
баланың дамуына үлкен ықпалы бар.
Еңбек және дене шынықтыру пәндері оқушылардың денсаулығын жақсартып,
іскерлік, дағдыға үйретеді.
Сонымен оқушылар ғылыми білімдер жүйесін зерделеп, табиғат және қоғам
құбылыстарының мәніне жетіп, ғылымның зерттеу әдістері және даму тарихымен
танысады.
Жалпы білім - политехникалық және кәсіптік білімнің негізі және
олармен тығыз байланыста болады.
Политехникалық білім арқылы бала қазіргі өндіріс негіздерін
зерделейді, еңбек құралдарымен жұмыс істеуге үйренеді, еңбекке, қазіргі
техникаға, ғылымға қызығушылығын арттырады.
Өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы сүйенетін, заңдылықтары қолданылатын
математика, дүниетіну, физика, химия, биология, сызу, тарих, еңбек
сабақтары политехникалық білімді көбірек береді. Сондықтан кәсіпорындарға
саяхат жасалып, оның қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылады.
Сызу, мектеп жанындағы учаскіде тәжірибе жүргізу және оны бақылау,
кейбір еңбек құралдарымен жұмыс істей білу -политехникалық білімді
тереңдетеді. Политехникалық білімнің зерделенуіне мұғалімнің қазіргі
өндіріс туралы білімдері көмектеседі.
Кәсіптік білім сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға нақты мамандық
туралы білімдер, іскерлік, дағдылар көмегімен, жалпы және политехникалық
білім негізінде беріледі.
Ал материалдық-техникалық негізі мықты мектептерде өндірістік оқу
ұйымдастырылып, оқушылар кәмелеттік аттестатпен бірге мамандық алып шығады.
3. Мемлекеттік білім стандарты
ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.
“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем”
деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат,
білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа
орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін
ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын
қамтиды.
Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары – стандарт
құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі.
Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын
бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек
(эталон) сипатында қабылданады.
Стандартта оқушы меңгеруі тиіс білім, іскерлік дағдылардың көлемі,
оқушының дайындығына өойылатын талаптар белгіленген.
Аталған құжат республикадағы білім саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз
ететін стратегиялық маңызды құжат. Стандарттың негізгі қызметі - басқару.
Ол "Білім туралы" Заңға сәйкес жасалады.
Қазіргі уақытта елімізде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған
мемлекеттік стандарттары өзірленіп, тәжірибеге енгізілді. Оның көп себебі
бар. Солардың бірі - кейбір мектептердің күмәнді мазмұны бар оқу курстарын
ешқандай әдістемесіз енгізуі.
Отандық стандарттардың өз ерекшеліктері бар. Республикадағы ерекше
пәндер, атап айтсақ, қазақ тілі, орыс тілі, араб тілі, ұйғыр тілі және
әдебиеті стандартталады.
Дене тәрбиесінің стандарты Президенттік тест негізінде жасалған.
Ақпараттандыруға қатысты білімді стандарттау барша мектептерге
қойылатын жаңа нұсқалы ДЭЕМ-нің бағдарламалық-ақпараттың мүмкіндігіне сай
жүреді.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер мазмұнын анықтағанда дүниежүзілік
тәжірибе қолданылды.
Білім мазмұнын анықтау кезінде ұлттық және аймаңтық ерекшеліктер
ескерілді.
Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш білім
стандартын 199899 оқу жылынан бастап мектеп тәжірибесіне сатылап енгізу
ұсынылған болатын. Әрине стандарт оқу бағдарламалары мен оқулық, оқу-
әдістемелік жинаңтар түрінде мектеп тәжірибесіне енді ғана еніп жатыр.
Стандарттың бірінші бөлімінде бастауыш білім берудің мақсаты мен
міндеттері, білім мазмұнының құрамы, екінші бөлімінде білім беру салалары,
базалық білімнің мазмұны, бастауыш сыныпты бітіретін оқушының дайындық
деңгейіне қойылатын талаптар жазылған.
Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі, оқу
және тіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz