Мерекелер жайлы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Құрманғазы атындағы саз колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Мерекелер

Орындаған:
Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1. Мәдени демалыс қызметіндегі мерекеілк шаралар
1. Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-
міндеттері ... ... ... ... ... ... . .6
1.2. Мерекелер мен ойындар өткізу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3. Мәдени демалыс қызметінде өткізілетін ойындарды
түрлері ... ... ... ... ... 12
2. Мәдени демалыс қызметіндегі мерекелік шаралар сценарийі
2.1 Аналар мерекесіне арналған мерекелік
сценарийі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..28

Кіріспе
Мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды
дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және
эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған
материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.
Мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен,
дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен
байланысты болатын жеке адам.
Мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық
деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет
күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-
шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру.
Мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды
тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету,
сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту
жөнiндегi қызметi;
Халқымыз Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара деген сөзінде де
тәрбиенің терең мәні жатыр деуге болады. Баланың патшадай көңіліне
адамгершілік қасиетін ұялату әрбір ата-ананың міндеті болса, тәрбиеші мен
ұстаздардың парызы сол ақылға ақыл қосу.
Адамның бары да, байлығы да – бала екені көзге көрініп-ақ тұрады.
“Балам аман болсын, басқасының барлығы табылады” дейтіні де осыдан шығар.
Өмірдің өзі балалармен мәнді. Көңілің күрсінгенде, жаның ауырғанда,
қиналғанда, шаршағанда баланың бір күлгенін көріп, жаның жай табады.
Балалардың балалығына даналық қосуға үлесі зор – мәдение демалыс орындары
деп білеміз.
Көрнекті ақын, ойшыл философ Ғұмар Қараштың Су басынан тұнады, өрт
алдынан сөнеді деген тұжырымы тәрбие мен оның келешегі жайында айтылған.
Сол тұнық судай мөлдір, пәк те таза, аңғал да адал сәбилеріміздің
тәрбиесіне дұрыс көңіл аударып, олардың сөз әдебін қалыптастырып, салауатты
өмір сүруге дағдыландыру әрбір ата – ананың міндеті деуге болады.
Адамзаттың барлық жақсы қасиеттерін жас ұрпақ бойына сіңіруде, олардың
көз қарастарының дұрыс қалыптастыруына эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.
Эстетикалық тәрбие жас ұрпақтың өскен ортасын дұрыс таңдауға, олардың
нәзік сезімді, ұшқыр –қиялды, мейірбан болып өсуіне елеулі ықпал етеді.
Эстетикалық тәрбиенің ең басты саласының бірі - музыка. Біз музыканы
тыңдағанда көңіл күйіміз өзгере сала береді. Адам сезімі тым ұшқыр, шегі
жоқ.
Сол ұшқыр сезімді бейнелеп жеткізуге тек музыканың ғана құдыреті
жетеді. Қазақ халқының педагогикасында балалар мен жастарға музыкалық
эстетикалық тәрбие беруде сан түрлі тәсілдері бар. Музыкалық эстетикалық
тәрбиенің қалыптасу мен дамуы, халықтың сан- ғасырлық тарихымен, тыныс
тіршілігімен, тұрмыс- салтымен, және мәдениеті- мен байланысты.
Қазақ халқының өнері, ән- күйлері, аңыз ертегілері, жыр – дастаны,
әдет- ғұрыптары, айтыс өнері. Қазақ халқы қашаннан да әнге , өлең – жырға
бай, ән шығармашылығының да жанрлары сан алуан.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін,
өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін
көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға
тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы
байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз , болашақ жас әншілік қадамына жол
көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен
аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.
Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан
да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: Ойын ойнап,
ән салмай, өсер бала бола ма? деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше
орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық
ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек
психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар
және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да
шұғылданды.
Бала біздің болашағымыз: өз Отанын сүйетін, адамгершілігі мол,
елжанды, инабатты, ұшқыр қиялды, нәзік сезімді жүрегі жұмсақ тұлға
тәрбиелеу.

1. Мәдени демалыс қызметіндегі мерекеілк шаралар
1. Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің
мақсат-міндеттері
Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге
қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала
тұлғасын қалыптастыру.
Міндеттері:
- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын
арттыру;
- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге
араласуына талпынысын тәрбиелеу.
Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:
Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:
Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі – Көп тілде
сөйлей білеміз. Қазақстан Республикасының күні – Еліміздің туған күні.
Тәуелсіздік күні – Еркіндік күні. Жаңа Жыл. 8 Наурыз – Аналар мерекесі.
Наурыз – Көктем мерекесі. Күлкі күні – Күлейікші шаттана. Қазақстан
халықтарының бірлігі күні – Достық күні. Жеңіс күні. Балаларды қорғау
күні.
Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.
Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.
Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер
мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.
Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын
мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін
қолдау.
Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге:
өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін
сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.
Өз қолдарынан туысқандары қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен
мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын
жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға
үйрету.
Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып,
түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен
шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.
Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру
(қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері,
ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру).
Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән
байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін
арттыру.
В. А. Сухомлинский былай деген:
Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін жүрекке жеткізе білсе,
мәдениеттің жоғары сатысына көтеріледі деген
Осы бір қағида сөздің мағынасында қаншама тәрбиелік сырлы сөз жатыр.
Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата – баба сұлу ән, асыл сөздің
кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой –санасын игі адамгершілікке жетелейді.
Ән қанатында халық ойынның тереңдігі, шексіз қиялы, шешен тілі, берік
сақталып, заманның алдын орап, кейінгі ұрпаққа таратылып келе жатыр.
Осы орайға байланысты мәдени демалыс қызметіндегі тәрбиелік іс-шаралар
көп өткізіледі.
Мәдени демалыс орталықтарында жыл бойына өтілетін Әнші балапан,
Даусыңнан айналайын, Әнші болғым келеді атты балалар шығармашылығын
шыңдап, жас әншілер таңдауын жасап, қалалық мерекелік іс-шараларға
қатыстырады.
Мерекелер мен ойын – сауықтарға қызығушылығымен оған қатысуға ынтасын
арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдық
өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейді.
Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе
алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен , нәзіктігімен
сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін
тигізеді. Олай болса Бұлақ көрсең - көзін аш - деген нақыл сөздің өзі
адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына
мәдени орталықтардан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры
тереңінен қаланады.
1.2. Мерекелер мен ойындар өткізу жолдары
Мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен
балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен,
тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Қысқы мерекелер басқа да мерекелер сияқты, мектепке дейінгі мекеме
жұмыс істейтін бағдарламаға сәйкес барлық жас ерекшелік топтарындағы
балалармен өткізіледі. Мерекені өткізудің формалары әр түрлі болады:
- Қыс тақырыбы бойынша тақырыптық немесе комплексті сабақтар;
- театрландырылған әрекеттер, олардың тақырыптары қысқы суреттемелер
бола алады;
- халықтық фольклор негізіндегі мерекелер (Ауылдағы апама қонаққа
барамыз, Қысқы жәрмеңке, Менің Отанымдай әдемі жер жоқ!)
- әдеби-музыкалық көрініс (Қыс кереметі, Қысқы мерекелер, Қысқы
суреттер, Қысқы сыйлықтар)
- Мереке тақырыптары және олардың мазмұны мекеме ұжымы қолданатын
бағдарламада негізделген мүмкіндіктер және жағдайлар, педагогикалық бағдар,
мекеме дәстүрлерімен анықталады.
Мерекеде шығармашылық тасырмаларды іздену барысында табиғи, шығармашыл
жағдай тууы мүмкін: ән және би құрастыру, үлкендер мен тәрбиеленушілердің
біріккен іс-әрекеті.
Ең бастысы мереке баланы қуанту керек. Ғажайыптарға толы, таныс
кітаптардың жаңа кейіпкерлерімен кездесу, сыйлықтармен, қызықты ойындармен
қуанту керек. Мереке балаларға қуаныш, шаттық сыйлауы керек. Мерекеге
үлкендердің қатысуы балаларға үлкен қуаныш сыйлайды.
Мерекеге дайындық кезінде балаларға күш көрсетуге болмайды. Балалар
мерекеге сол күнге арналған дайындықпен, өз еріктерімен келгені жөн. Мереке
қонақтарға арналып дайындалмайды, ол балаларға арналған мереке.
Бала әнді дұрыс айта алмай қалады, сөзін ұмытып қалады, биден шатасып
қалады деп қорқуға болмайды. Бала өзін - өзі емін еркін, сенімді ұстап,
үлкендердің көмегін, сергектікті және кеңпейілдікті сезінуі керек.
Егер сюжетті ойын араласса, ең қиың жұмыс балаларға жаңа және
қызықты, кездейсоқ болып көрінеді.
Мерекелік орындауларда балалар қуана және қызығушылықпен таныс
материалдарды қайталайды. Оның тақырыпты болуы міндетті емес. Ол сол
жастағы балалардың музыкалық дамуына арналған негізгі міндеттерді шешуіне
көмегі тиетін материал болып табылады.
Балаларға мерекелік шараны ұйымдастырушы үлкендер оған сәбилер мен
ата-аналарды қатыстырады. Таныс ойындарды, әндер, билер, тақпақтарды немесе
жаңа күтпеген қызығушылық туғызатын және барлық қатынасушыларға қуаныш
сыйлайтын әдістерді қолданады.
Үлкендердің, әсіресе ән айта алатын, би билейтін, ертегі, тақпақ оқып
беретін, қойылымдарда қатысатын ата-аналардың белсенділігінің арқасында
балаларға қуаныш пен бақыт сыйлайтын жақсы эмоционалдық жағдай туындайды.
Егер бала мерекеден кейін достары мен ата-анасына өзінің мереке
жөніндегі ойымен бөлісуге асықса, ол осы ойымен көп күн жүреді – онда сіз
мақсатыңызға жеттіңіз. Яғни, балаға мереке ұнады.
Мерекелерге дайындық кезінде , балаға мереке тек қана қуаныш сыйлағаны
маңызды. Мереке балаға бақытты кезең болып, оның есінде көпке дейін
сақталып қалуы қажет.
Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Балалықтың қанына ойын азық деп бекер айтпаған.
Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және
қызығуы анық байқалады. Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі,
қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс, кейіптендіру ойындары болып
бөлінеді. Мазмұнды-бейнелі ойында балалар ойын мазмұнын түсінікті етіп
жеткізуге тырысады, оған қажетті құрал-жабдықтарды табуға талпынады, оларды
дайындау үшін еңбектенеді, ал еңбек ұжымдық іс-әрекетке біріктіреді және
шығармашылық іс-әрекетке бағдарлайды, балалардың өзара қарым-қатынасын
реттеп, олардың бойында адамгершілік сапаларды қалыптастырады. Бала алған
рөлдеріне сай кейіпкердің киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі
жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан (ән-саз, бейнелеу өнері
сабақтары) алған білімдерін пайдаланады, қуыршақты ұйықтату үшін бесік
жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй
жиһаздарын, қағаздан құрастырған заттарды ойын құралы ретінде пайдаланады.
Мазмұнды-бейнелі ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал
ойын қызметі айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар
қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.
Құрылыс ойынында бала сызық бойына әдемі үй құрылысын жасап, оның
бояуларының бір-бірімен келісімді болуын қадағалайды. Құрылыс материалдарын
пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең, тар),
биіктігі (биік, аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық
танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және
жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. Дидактикалық
ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, балалар
музыкалық ойыншықтар мен әр түрлі саздық аспаптардың дыбыс шығару
ерекшелігін ажыратуға, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге,
әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді. Ауызша ойналатын дидактикалық
ойындарда сұрақ, өтініш, келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу
қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек
суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау үшін
байқағыштық пен тапқырлық көрсетеді. Қимыл-қозғалыс ойынында балалар
санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың
ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты
бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық
көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар
тәрбиеленеді.

1.3. Мәдени демалыс қызметінде өткізілетін ойындарды түрлері
Ат жарыс
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады.
Ойын шарты: Балалала тәрнбиешінің Алға-деген белгісі бойынша,ат
үстіндегі қимылын салып жарысады.Қай команда мәреге тез жетіп бітіреді.Сол
команда жеңімпаз болады.Ат кескін бет пердесін тақымға қысып мәреге шауып
жету.
К\Құралдар: Екі командаға аттың кескін бетпердесі.
Үй артында қол ағаш
Ойынды топ бала болып ойнайды.
Ойын тәртібі: қатысушылар бірінің қолынан бірі ұстап дөңгелене
тұрады.ойын бастаушы не белбеу,не орамал алады да ,дөңгеленіп тұрған топтың
сыртын айнала жүгіріп былай дейді.
Үй артында қол ағаш
Желбау тартам , есік аш,-деп бірнеше қайталанады.Дөңгеле тұрған
балалар:
Үй артнда қол ағаш
Жел кірмесін ,ескі аш-деп бірігіп жауап қайтады.Тұрған балаларға
ұстасқан қолдарын ажыраппайды.Ол-есік ашпағанның белгісі.
Енді: Үй артында қол ағаш
Жел бау тартам есік аш-деп жүгіріп жүрген бала өзі артындағы баланы
артына ормалмен бір соғып қалады да ,орамалды сол балаға тастай сала:
Үй артындла қол ағаш
Озам десең ала қаш-деп өзі сол бетімен жүгіре береді. Осының боларын
біліп,әзір тұрған бала да Қол ағашты ала сала,әлгі балаға қарма-қарсы
жүгіреді.Бұл кезде дөңгелене тұрған балалар
Үй артында қол ағаш,
Қол ағаштан ала қаш
Бұрын келген балаға
Тездеп барда есік аш,-деп барлық бала хормен айтады.

Қуыр-қуыр қуырмаш.

Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де,сол қолымен оны
бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға:
-ортанғы саусағымды тапшы,-дейді.Екінші балаға қарап байқап отырады
да,міне,-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады.Егер екінші бала
жасырушының ортанғы саусағын дәл тапса,ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан
бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек.
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел
атап бередуі.:басбармақ,балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай
бөбек.Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп 5
с аусақты түгел жазады.
Сен тұр қойыңа бар.
Сен тұр түйеңе бар
Сен тұр жылқыңа бар
Сен тұр сиырыңа бар
Сен кішкентай әлі жас екенсің
Қазанның қаспағын қырып же де,жыламай отыра тұр.
Енді осы шынашақтың өзі алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да:
Қуыр-қуыр ,қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Әжең келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас
Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды.Осыларды істеп
бола беріп:
-мына жерде қой бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде жылқы бар
Мына жерде түлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп
ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық! Қытықтайды

Үш табан

Бұл ойынды үш-төрт баладан топтап екі-үш жерде ұйымдастыруға
боладыОйын шарты бойынша әр балаға бір-бірден асық,бір-бір сақа
беріледі.(Бұл ойынның жылдам әрі қызықты өтуіне сеп)Көмбеге бір-бірден асық
тіккен әр топтың ойыншылары өз алаңдарында жеке-жеке сақаларын
үйіріседі.Сақасы алшы түскен бала бірінші болып одан кейінгілері рет-
ретімен (тәйке,бүк,ішік) ұшуға кіріседі.Ұшу дегеніміз-көмбеден алшақтау
жерге барып сақа үйіру.Сақасы алшы түскен ойыншы бірден көмбедегі тігіулі
асықты атуға жолдама алады.Осылай болмаған жағдайда асқ ату бәрі ұшып
болған соң бастапқы кезек бойынша жалғасадыАлысқа ұшқан мергендер тигізе
алмаса,көмбеде қалған ойыншыға кезек тиеді.Көздеген асығына дәл тигізіп
және оны көмбеге жиегін алып өлшегенде үш табан артық қашықтыққа ұшырған
ойыншыны қашан келесі асыққа тигізе алмай қалғанша атауды жалғастыра
береді.Болмаса атқан асығы үш табаннан аспай қалғанда ғана ойынды
тоқтатып,өзінен кейінгі бәсекелесіне кезек беруіне мәжбүр болады.
Ережебойынша ұтылған бала ойыннан шығып қалады.Сөйтіп айналасы екі-үш
айналымның ішінде әр көмбеден бір-бір жеңімпаз шығып,олар енді орталық
көмбеде ақтық (финал) сайысқа түседі.Бұл шешуші жарыса бірінші,және екінші
орынға ие болған мергендерге арнаулы арнаулы жүлделер тапсырылса нұр үстіне
нұр.

Хан талапай.

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-
бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші
асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Оқушылардың музыкамен тынығу жұмысын ұйымдастыру
Діни мерекелердің рөлі
Балабақшадағы меркелереді өткізу және ұйымдастыру
КӨҢІЛДІ МЕРЕКЕЛЕР ЖӘНЕ ҚЫЗЫҚТЫ ЕРТЕҢГІЛІКТЕР
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Оқытудағы құндылықтарға бағытталған ұстаным
Пәндер