Мерекелер түрлері


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы :

«Мерекелер түрлері»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2015ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

1. Мерекелер

1. 1 Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-міндеттері . . . 4

1. 2. Мерекелердің түрлері . . . 6

2. Мерекелердің түрлері, сипаты

2. 1 Жаңа жыл туралы . . . 10

2. 2 Наурыз мейрамы, тойлану сипаты . . . 13

2. 3 8-наурыз - халықаралық әйелдер күні . . . 17

2. 4 Қазақстан Республикасының ресми мейрамдары . . . 21

Қорытынды . . . 25

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 27


Кіріспе

Мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен, тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.

Мәдениет - адамзат жасаған әрi жасайтын және жеке адамның жарасымды дамуына, Қазақстан Республикасы азаматтарының отаншылдығын тәрбиелеуге және эстетикалық қажеттерi мен мүдделерiн қанағаттандыруға бағытталған материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы.

Мәдениет қызметкерi - кәсiби қызметi мәдени құндылықтарды сақтаумен, дамытумен, таратумен, пайдаланумен және оларға азаматтарды баулумен байланысты болатын жеке адам.

Мәдениет саласындағы әлеуметтiк мәндi iс-шаралар - республикалық деңгейде және шет елдерде есте тұту және мерейтой күндерiн, мәдениет күндерiн, фестивальдер, байқаулар, конкурстар, көрмелер өткiзу жөнiндегi iс-шаралар және көрнектi мемлекет қайраткерлерiн мәңгi есте қалдыру.

Мәдениет саласындағы қызмет - мемлекеттiк органдардың, заңды тұлғалардың және азаматтардың мәдени құндылықтарды жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану, сондай-ақ оларға азаматтарды тарту жөнiндегi қызметi;

Мерекелер мен ойын - сауықтарға қатысуға белсенділігін артыру үшін, өнерлі балаларды қалалық мерекелік кештерге қатыстырып, өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқу, ән айту, би- билеуге талпындырып, шығармашылық жолға тәрбиелейді. Жыл сайын өтілетін қалалық, аймақтық, балалар шығармашы-лығы байқауына өнерлі балаларды қытыстырамыз, болашақ жас әншілік қадамына жол көрсетеміз. Балабақашаның жас бүлдіршіндері яғни жас әншілері қалалық пен аймақтық балалар шығармашылығы байқауына қатысады.

1. Мерекелер

1. 1 Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мақсат-міндеттері

Мақсаты: айнала қоршаған әлем мен өмірлік құбылыстарды сезінуге қабілетті, қарапайым шығармашылық іскерліктер мен дағдыларды меңгерген бала тұлғасын қалыптастыру.

Міндеттері:

- мерекелер мен ойын-сауықтарға қызығушылығы мен оған қатысуға ынтасын арттыру;

- елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастыру, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелеу.

Мерекелер мен ойын-сауықтар өткізудің мазмұны:

Балалармен бірге мемлекеттік, жалпыұлттық мерекелерді атап өту:

Білім күні. Қазақстанда тұратын ұлттардың тіл мерекесі - «Көп тілде сөйлей білеміз». Қазақстан Республикасының күні - «Еліміздің туған күні». Тәуелсіздік күні - «Еркіндік күні». Жаңа Жыл. 8 Наурыз - «Аналар мерекесі». Наурыз - «Көктем мерекесі». Күлкі күні - «Күлейікші шаттана». Қазақстан халықтарының бірлігі күні - «Достық күні». Жеңіс күні. Балаларды қорғау күні.

Мемлекеттік және жалпыұлттық мерекелер туралы түсініктерін кеңейту.

Мерекелер мен ойын-сауықтарға қатысуға белсенділігін арттыру.

Серуенде жүргенде мемлекеттік мерекелер қарсаңында қаланың, көшелер мен үйлердің қалай безендірілгенін бақылау.

Мереке қарсаңында топ бөлмесін безендіру. Мерекеге дайындығын мадақтап, бірлесіп жасаған жұмыстары мен оның нәтижесіне қуану сезімдерін қолдау.

Мерекелік ойын-сауықтар мен кештерге қатысып өз өнерлерін көрсетуге: өлең оқуға, ән салуға, би билеуге, ойын ойнауға, ертегі кейіпкерлерін сомдауға қатысуға талпыныстарын қалыптастыру.

Өз қолдарынан туысқандары қызметкерлеріне арнап сый-сияпаттар мен мерекелік шақыру билеттерін дайындау, ойыншықтар мен әшекей бұйымдарын жасауға талпыныстарын қалыптастыру. Үлкендерді мерекемен құттықтауға үйрету.

Спорттық ойындар мен іс-шараларға (жаздық, қыстық) белсенді қатысып, түрлі жаттығуларды орындауда, спорттық жарыстарда өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, зеректігін танытуына мүмкіндік жасау.

Үлкендер ұйымдастырған ойын-сауық түрлеріне қызығушылығын арттыру (қуыршақ театры, музыкалық және әдеби композиция, концерт, ән кештері, ертегі, телебағдарламалар мен мультфильмдер көру) .

Түрлі сайыстарға, жұмбақтар шешуге, тақырыптық кештерге, ән байқауларына, театрландырылған көріністерге қатысу белсенділіктерін арттыру.

Мерекелер мен ойын - сауықтарға қызығушылығымен оған қатысуға ынтасын арттыру арқылы елжандылық пен азаматтық сезімдерін қалыптастырып, қоғамдық өмірге араласуына талпынысын тәрбиелейді.

Музыка - адамзаттың рухани азығы, жан серігі және тілмен айтып жеткізе алмайтын ұшқыр қиялы, нәзік сезім. Ол өзінің көркемдігімен, нәзіктігімен сана сезімін кеңейтіп, жақсы мінез-құлықтарының қалыптастыруына әсерін тигізеді. Олай болса «Бұлақ көрсең - көзін аш» - деген нақыл сөздің өзі адамды алға жетелейді. Өнерлі балаларға демеу көрсетіп, алғашқы қадамына мәдени орталықтардан бастап жолын ашса, болашақ жас ұрпақтың тамыры тереңінен қаланады.

1. 2. Мерекелердің түрлері

Ұлттық мерекелер - Қазақстандық мемлекеттілікті дамытуға маңызды ықпал ететін ерекше тарихи маңызы бар оқиғаларды атап өтуге Қазақстан Республикасында белгіленген мерекелер. Ұлттық мерекелерді мерекелеу орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы ресми іс-шараларды өткізумен жалғасады. Бүгінгі таңда ұлттық мереке тек Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні болып табылады.

Мемлекеттік мерекелер - қоғамдық-саяси мәні бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлі атап өтетін мерекелер. Мемлекеттік мерекелерді тойлау ресми іс-шараларды жүргізумен жалғасуы мүмкін.

Кәсіби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттік мерекелер мәртебесі берілмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетін мерекелер.

Кәсіби мерекелер демалыс күндері болып табылмайды, бірақ әріптестеріңізді, таныстарыңыз бен жақын адамдарыңызды құттықтаудың жақсы себебі болып табылады.

Кәсіби мереке
Заңға сәйкес күні
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні
Кәсіби мереке: Ғылым күні
Заңға сәйкес күні: - сәуірдің бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 5 сәуір, жексенбі
Кәсіби мереке: Ғылым қызметкерлері күні
Заңға сәйкес күні: - 12 сәуір
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 12 сәуір, жексенбі
Кәсіби мереке: Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 21 мамыр
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 21 мамыр, бейсенбі
Кәсіби мереке: Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - мамырдың соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 31 мамыр, жексенбі
Кәсіби мереке: Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Заңға сәйкес күні: - 31 мамыр
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 31 мамыр, жексенбі
Кәсіби мереке: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні
Заңға сәйкес күні: - 4 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 4 маусым, бейсенбі
Кәсіби мереке: Эколог күні
Заңға сәйкес күні: - 5 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 5 маусым, жұма
Кәсіби мереке: Қаржы полициясы күні
Заңға сәйкес күні: - 6 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 6 маусым, сенбі
Кәсіби мереке: Жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - маусымның екінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 14 маусым, жексенбі
Кәсіби мереке: Медицина қызметкері күні
Заңға сәйкес күні: - маусымның үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 21 маусым, жексенбі
Кәсіби мереке: Полиция күні
Заңға сәйкес күні: - 23 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 23 маусым, сейсенбi
Кәсіби мереке: Мемлекеттік қызметкер күні
Заңға сәйкес күні: - 23 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 23 маусым, сейсенбi
Кәсіби мереке: Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 28 маусым
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 28 маусым, жексенбі
Кәсіби мереке: Дипломатиялық қызмет күні
Заңға сәйкес күні: - 2 шілде
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 2 шілде, бейсенбі
Кәсіби мереке: Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 13 шілде
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 13 шілде, дүйсенбі
Кәсіби мереке: Металлург күні
Заңға сәйкес күні: - шілденің үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 19 шілде, жексенбі
Кәсіби мереке: Көлік қызметкерлері күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 2 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Құрылысшы күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың екінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 9 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Спорт күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 16 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Шекарашы күні
Заңға сәйкес күні: - 18 тамыз
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 18 тамыз, сейсенбi
Кәсіби мереке: Шахтер күні
Заңға сәйкес күні: - тамыздың соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 30 тамыз, жексенбі
Кәсіби мереке: Білім күні
Заңға сәйкес күні: - 1 қыркүйек
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 1 қыркүйек, сейсенбi
Кәсіби мереке: Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 6 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Отбасы күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің екінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 13 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Қазақстан халқы тілдерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 20 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Атом саласының қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 28 қыркүйек
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 28 қыркүйек, дүйсенбі
Кәсіби мереке: Машина жасаушы күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 27 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Еңбек күні
Заңға сәйкес күні: - қыркүйектің соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 27 қыркүйек, жексенбі
Кәсіби мереке: Әділет органдары қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 30 қыркүйек
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 30 қыркүйек, cәрсенбi
Кәсіби мереке: Мұғалім күні
Заңға сәйкес күні: - қазанның бірінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 4 қазан, жексенбі
Кәсіби мереке: Құтқарушы күні
Заңға сәйкес күні: - 19 қазан
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 19 қазан, дүйсенбі
Кәсіби мереке: Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қазанның соңғы жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 25 қазан, жексенбі
Кәсіби мереке: Статистика күні
Заңға сәйкес күні: - 8 қараша
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 8 қараша, жексенбі
Кәсіби мереке: Ұлттық валюта - теңге күні, Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі
Заңға сәйкес күні: - 15 қараша
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2015 жылғы 15 қараша, жексенбі
Кәсіби мереке: Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - қарашаның үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 15 қараша, жексенбі
Кәсіби мереке: Прокуратура күні
Заңға сәйкес күні: - 6 желтоқсан
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 6 желтоқсан, жексенбі
Кәсіби мереке: Кеден органдары қызметкерлерінің күні
Заңға сәйкес күні: - 12 желтоқсан
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 12 желтоқсан, сенбі
Кәсіби мереке: Энергетик күні
Заңға сәйкес күні: - желтоқсанның үшінші жексенбісі
Нақты күні және 2015 жылдағы кәсіби мерекенің апта күні: 2014 жылғы 20 желтоқсан, жексенбі


2. Мерекелердің түрлері, сипаты

2. 1 Жаңа жыл туралы

Жаңа жыл - әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз.

Қазақтар үшін 'Жаңа жыл мерекесін наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қаңтардың 1-інде I Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, I Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамның таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғанын, Жаңа жылдың - көшпелілердің де байырғы мейрамы екенін жазады.

Мұрат Әджінің «Қыпшақтар» атты кітабында «Шыршалар мерекесі» деген тарау бар. Оның жазуынша, мереке ең басында құдайлар мен аруақтар мекені - жер шарының тура кіндігінде тіршілік еткен Жер - Судың (Иерсу) құрметіне арналыпты. Жер - Судың жанында ақ сақалды Үлкен (Ульген) есімді шал жүрсе керек. Түркілер оны үнемі әдемі қызыл шекпен киіп жүрген қалпында көріпті. Мұрат Әд-жінің дәлелдеуінше, ежел-гі алтайлықтар шыршалар мерекесін 25 желтоқсан-да, Күннің Түнді «жеңген» кезінен бастап, түркілер Күннің қайта оралғанына қуанып, Үлкенге (Ульген) алғыстарын жаудырыпты, оған тәу етіпті. Дұғаларымыз Тәңірінің құлағына шалынса деген үміт-арманмен Үлкеннің сүйікті ағашы - шыршаны үйлеріне әкеліпті. Бұтақтарына неше түрлі әсем шүберектер байлапты. Сонан соң дөңгелене қол ұстасқан қалпы шыршаны айналып: «Түн кетіп, Күн келсін», деп ән салған. Осылайша Мұрат Әджі бауырымыз Жаңа жыл түніндегі «үлде мен бүлдеге» бөленген шырша мерекесінің І Петр патшадан да әріде болғанын баяндап, ол түркілер дәуірінде сол халықта тойланған деп дәлелдейді.

Белгілі этнограф - тарихшы Ақселеу Сейдімбек Жаңа жылдың көшпелілер мейрамы екендігі туралы былай дейді: «Өмір - тіршілікте шарттылықтар өте көп. Сол шарттылықтардың ең ғажабы, адам баласының уақытты межелеуіне қатысты. Мәселен, осы күндері бү-кілхалықтық қуаныш ретінде тойланып жатқан Жаңа жыл мейрамын алайықшы. Қалыптасқан ұғым бойынша, Жаңа жыл, яғни1-қаңтар, Иса пайғамбардың туған күні. Бүкіл христиан әлемі осылай деп түсінеді, осындай деп тойлайды. Ол тойына «Рождество Христова» деп ат берген. Орыстар православ сенімінде болғандықтан, бұрынғы Юлиан күнтізбесінің межесі бойынша, желтоқсан-ның 25-і Исаның туған күні деп тойлайды. Тарихи дерек бойынша, 532 жылға дейін бүкіл Еуропа Диоклитан календарын тұтынған. Ол христиан дініне қарсы адам. Сол кезде христиан дінін басқарушы кординалдардың бір бас-қосуында жыл басын Исустың туған күнімен бастау жөнінде қарар қабыл-данады. Бір қызығы, сол басқосуға қатыс қандардың ішінде Исустың туған күнін ешкім білмейтін болып шығады. Сонда босаға жақта отырған скифтен шық-қан есепші-жұлдызшы кішкене Диониси деген кісі: «Жарықтық, Иса пайғам-бардың туған күнін мен білуші едім. Ол осыдан аттай 532 жыл бұрын дүниеге келген», - дейді. Оған ешкім де дау айта алмайды. Өйткені, Иса пайғамбардың туған жылын айғақтайтын ешқандай тарихи дерек болмайтын. Ал кішкене Дионисидің аузынан шыққан 532 деген сан көшпелілер үшін киелі сан болатын. Яғни, көшпелілер табынатын аспан денелері - Ай 19 жылда бір рет дөңгелегін жаңғыртып отырады. Осы Айдың дөңгелегінің саны 19 бен Күннің дөңгелегінің саны 28-дің көбейтіндісі - 532.

Демек, Жаңа жылды тойлағанда бұл мерекенің де көшпелілер пайымымен байланысты екендігін ескерген жөн. Өкінішке орай, бұл деректер бүкіл халықтың жадының игілігі бола алмай келе жатыр. Дегенмен, В. В. Цибульскийдің «Луно-солнечный календарь стран Восточный Азий», М. Ысқақовтың «Халық календары», Х. Әбішевтің «Аспан сыры» атты кітаптарында осы деректер қызықты баяндалады.

Қысқасы, сол деректерге ден қойғанда, Жаңа жыл таза көшпелілердің мейрамы екенін мойындауға тура келеді. Бірақ Еуропаға бұл мейрам жерсінді. Бұған Аяз ата, шырша, шырақ жағу деген сияқты Еуропа елдері өздерінің этнографиялық реңктерін беріп, байытты. Содан бүгінгі күні мүлдем танымастай өзгеріп, Еуропалық мейрам болып шыға келді. Діни күнтізбе бойынша, Исаның туған күні қаңтардың 1-і емес, одан 6 күн бұрын аталып өтеді».

Болгарияда сағат тілі 12-ні соққанда барлық үйде жарық сөне бастайды. Сол кезде әркім көңілі қалаған адамымен 3 минут бойы сүйседі екен. Дастарқанға міндетті түрде самса қойылады екен.

Венгрияда дастарқанға үйрек пен тауық еті қойылмайды. Себебі венгрлер құстардың барлығын “Бақыт құсының” туыстары деп есептейді екен.

Итальяндықтар ескі жылдың соңғы сағаттарында ешкіммен ренжіспеуге және ешкіммен қарыз ақша алмауға тырысады екен. Жаңа жылдың алғашқы түнінде үйлеріндегі сынған ыдыстарын, ескірген жиһаздарын аулаларына шығарып тастайды екен.

Оңтүстік Америкадағы Эквадор елінің халқы Жаңа жылда сабаннан жасалған қарақшыны ескі жылдың символы ретінде далада жағылған отқа өртеп жібереді.

Францияда адамдар Жаңа жыл кешінде жомарт болуға құмар келеді екен. Бұл күні мейрамханалар адамдарды тегін тамақтандырып қана қоймай кетерінде сыйлықтар береді екен.

Үндістанда Жаңа жыл - Дивали жарық пен оттар мерекесі деп аталады екен. Айтса айтқандай осы күні қалалар мен ауылдардың барлығы оттың ішінде тұрғандай жарқырап кететін көрінеді. Жарығы сөніп тұран бірден-бір терезені көре алмайды екенсің. Әйел адамдар көшеге шығып жерге түрлі оюлы суреттер салып, оларға ұн, топырақ сеуіп, шырақтар жағып көркемдейтін көрінеді.

2. 2 Наурыз мейрамы, тойлану сипаты

Қазақстанда жыл басы мерекесі наурыз айында тойланады. Бұл қазіргі күн есебі бойынша наурыздың 22-ші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні адамдар жұмыс істемейді, сапарға шықпайды, кір жумайды, ешкімді ренжітпейді. Барлық үйде мерекелік дастарқан жайылады. Бұл күні күн мен түн тенеседі.

Жалпы Наурыз мейрамын тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Мәселен, бұл мейрамды ежелгі гректер «Патрих», бирмалықтар «Су мейрамы», тәжіктер «Гүл гардон», «Бәйшешек», «Гүлнаурыз», хорезмдіктер «Наусарджи», татарлар «Нардуган», буряттар «Сагаан сара», соғдалықтар «Наусарыз», армяндар «Навасарди», чуваштар «Норис ояхе» деп түрліше атаған. Әлем халықтары арасындағы, оның ішінде күншығыс және Кавказ мұсылмандары арасында ежелгі мереке саналып келген Ұлыстың ұлық мейрамы Әз Наурыз 2010 жылғы БҰҰ қарарына орай әлемдік мереке ретінде аталып өтуде. Жыл басы мерекесі үшін бұндайлық халықаралық маңыз беретін бастаманы БҰҰ деңгейіне бауырлас Әзірбайжан тарапы ұсынған болатын. Кейіннен Наурыз қарарының жобасын БҰҰ-ға мүше мемлекеттер: Қазақстан, Албания, Ауғанстан, Әзірбайжан, Үндістан, Иран, Македония, Тәжікстан, Түрікменстан мен Түркия сынды елдер қарап шығып, өз ұсыныстарымен толықтырды. Сөйтіп, Наурыз ‑ бір ұлттың немесе бір ғана мәдениеттің мерекесі ретінде емес, бүкіл адамзат мұрасының құрамдас бір бөлігі ретінде өз орнын алып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мерекелер мен сауықтардың маңызы
Маусымдық мерекелер
Мектепке дейіңгі ұйымдағы мерекелер мен сауықтар
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Жұмыс уақытының түрлері
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Ұлттық спорт түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz