Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Саз кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Той мерекелік салт-дәстүрлік әрекеттердің теориялық негіздері

Орындаған:
Жетекші:

Орал-2015ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І-бөлім. Мерекелердегі салт дәстүрдің рөлі
1.1. Салт дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2. Қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерінің ролі мен
маңызы ... ... 9
ІІ-бөлім Той мерекелік салт-дәстүрлердің түрлері, тойлану сипаты
2.1 Қазақ халқының той мерекелік салт-
дәстүрлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Мәдениет - (латын тілінен өңдеу, тәрбие,
білім, даму, құрметтеу) материалдық және рухани құндылықтар жасаушы
адамдардың күнделікті өміірі мен қызметінің түрлері мен формаларында
көрініс беретін адам мен қоғам дамуының белгілі бір тарихи сатысы. Мәдениет
ол көп қырлы, ал оның көрінісі шексіз. Мәдениеттің көп қыр-лылығы оны
түсіну үшін жасалған талпыныстар мен оның анықтамаларының әр түрлілігінде
көрініс тапқан.Қазақтар, ең алдымен, баршаға қонақжайлылығымен танымал.
Қазақ қонақжайлылығы тұрмыс пен салттағы ерекшеліктерден, наным – сенім,
ырым-тыйымдардан туындаған қоршаған орта, адамдардың арасындағы қарым-
қатынас жөніндегі дүниетанымның негізінде қалыптасқан. Қазақтың бес нәрсеге
асық бол дейтінінің бірі – қонақ күтудің, яғни, қонақ келсе Қырықтың бірі
қыдыр, Мыңның бірі Уәлі,- деп көңілін тауып, ас-су беріп, ықылас-
батасын алып, аттандыруды меңзейді.
Мереке - бұл күн басқа күннен бөлменің безендірілуімен, үлкендер мен
балалардың сәнді киімдерімен, қонақтарды шақырумен, ерекше ас мәзірімен,
тосын сый, сыйлықтармен ерекшеленеді.
Ежелгі салт бойынша сырт адам келе жатқанын көрген үйдегі ересек
балалар алдынан шығып, атын ұстап, қолтығынан демеп аттан түсірген. Ұлттық
салт-дәстүріміздің ішінде қазақтық мейрамдарымыздың бірқымызмұрын- дық.
Қымызмұрындық дегеніміз – ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін
қымыз тойы. Қазақта қымызмұрындық әр түрлі аталады.. Жетісу, Батыс
Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжанда биебау,
Монголияда бие байлар т.с.с., бірақ бәрәнәң мағнасы бір. Қытымыр қвстан
жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жаз жайлауға шығып, жадырап, сағынған
сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға айналдыратын. Жалпы
ұлттық сипаты жағынан қымызмұрындық Наурыз мерекесі мен құрбан айттан бірде-
бір кем түспейді. Қазақта шашу - қуаныш пен шаттықта құт-береке молынан
болуын ырымдап жасайтын салт, Сүйінші жақсы, қуанышты хабарды алдвмен,
бірінші болып жеткізген адамның алатын сый-кәдесі. Бұл жақсы жаңалықты
алыстан сүйінші, сүйінші деп жұртқа естірте айқайлап келіп, жақсы хабарды
естушіден айайлап келіп, жақсы хабарды естушіден не беретінін сұрап барып,
айтып жататын әзәл-қалжыңға негізделген тамаша қалжыңның бірі. Сонымен
қатар сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен некеге байланысты
сонву ежелден кележатқан бірегей әдет-ғұрыптар менг салт-дәстүрлері
болатын. Басқа халықтар сияқты қазақтарда да екі адамның ерлі-зайыпты бас
қосуы туралы көне түсінік бар. Халық түсінігі бойынша өмірде үш нәрсен
болжау мүмкін емес: ол – кімді алатынын, бвлвның кім болып туатыны және
қашан өлетінін. Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай ел. [1]
Сонымен қатар қазақта ұлттық ойын түрлері де өз салт дәстүріміз
шеңберінде дамыған. Олардың түрлері: Бәйге, қыз қуу, көкпар, аударыспақ,
күрес, асық ойыны, тоғыз құмалақ, бүркітші т.с.с. Бүркітші бұл Құс салып,
саятшылық құру үлкен мәртебе саналады. Егер еуропалықтар сұңқар салумен көп
айналысса, Орталық Азия көшпенділері бүркіт пен қаршыға және сұңқардың
ондаған түрін аңшылыққа пайдаланады. Қан сонарда бүркітші шығады аңға -
деп тегін айтылмаған. Той-думан мерекелердің де өзіндік ерекшеліктері бар.
Олар: Айтыс, Наурыз, Қызыр – баба, Алтыбақан, Ораза айт пен құрбан айт.
Зерттеудің мақсаты: қазақтың ұлттық ойын түрлері де өз салт мерекелері
туралы түсінік беру.
Зерттеу құрылымы: жұмыс кіріспеден, теориялық және практикаалық
бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-бөлім. Мерекелердегі салт дәстүрдің рөлі
1.1. Салт дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі алатын орны
Ел болам десең, бесігіңді түзе, - деген ұлы қаламгер М.Әуезов. Қазақ
халқында жаңа өмірдің, жарық дүниенің есігін ашқан нәрестенің өзіне сый –
құрмет көрсетіліп, дәріптейтін лайықты салт – дәстүрлері бар. Әлемдік
жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, ұлт дінін, тілін,
мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға әрекет етуде. Олай болса салт-
дәстүр – өсіп келе жатқан баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің ұлт
өкілі ретінде өсіп, үлгі-өнеге алуына әсерін тигізеді.[2]
Отбасындағы тәрбие, үлкендердің әрбір сөзі, ісі, мерекелік рәсімдер,
салт-дәстүрге байланысты ұйымдастырылған шаралар – баланың қоғамдағы өз
алдына жеке тұлға болып қалыптасуына әсер ететін алғы шарттар деуге болады.
Салт-дәстүрдің үлгісін отбасында өнеге ретінде көрсете білген ата-ана
баланың отбасына, ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға
алғашқы қадам жасайды. Адам еш уақытта өзімен өзі адам болмайды, адам
болуды шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап үйренеді. Ал адамды адам
ететін – жұмыр жерді мекен еткен сан толқын ұрпақтардың ақыл-ойы мен
тірнектеп жинаған  тәрбиесі. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден
балаға ауысатын тарихи-әлеуметтік, қоғамдық-практикалық дәстүр сабақтастығы
болмаса, адамзатта прогресс те болмақ емес. Сол тарихи-мәдени тәрбиені
танып білу арқылы адам баласы өзінің парасат-болмысын шыңдайды.[3]
Қазақ халқы қандай да болсын қуанышын жеке отбасы болып ғана емес,
көрші-қолаңын, туған-туысын, ел-жұртын жинап атап өтетін дархан халық. Той
– думанның, қуанышты хабардың жаршысы ретінде Сүйінші айтылады. Сүйіншіні
жеткізуші адамның көңіл-күйі көтеріңкі, ерекше қуанышты жағдайда болады.
Сүйінші – қуанышты хабар жеткізушінің сөзі. Мысалы, Сүйінші, сүйінші!
Келініңіз ат ұстар (ұл) тапты деп хабар әкелген адамға Қалағаныңды ал
деп, аяғын қуанышты қонақасыға айналдырып жібереді. Сүйіншіні жеткізетін
адам бір отбасын қуантып, жақсы хабар әкелетін дәнекер. Оның қалағанын,
сұрағанын беруге той иесі міндетті. Сүйінші дәстүрін Шілдехана
жалғастырады. Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын той.
Дастархан жайылып, жастар ән салып, домбыра тартып, ұлттық ойындар
ойналады.  Жаңа туған нәрестеге азан шақырылып ат қойылып жөн-жоралғысы
жасалады. Бір ескертетін жайт, салт-дәстүрлерді үлгі-өнеге етудің басы-
қасында балалар да болу керек. Бала-отбасы тірегі, елінің ертеңі, шаңырақ
иесі. Бесікке салу рәсімінде әжелердің бесік жыры тыңдалады. Бесікке
салу – халқымызда бесік – қасиетті, киелі,  құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы
болып есептеледі. Мұны Туған жер – алтын бесік деген сөз дәлелдей түседі.
Бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бұл – халқымыздың елеулі үлкен
дәстүрі. Бесікке салу жолы, жасы үлкен немесе елдің құрметті, өнегелі
адамына жүктеледі. Бесіктің үстіне жеті бағалы заттар жабылады. Ол
заттардың әрқайсының, мысалы, ел қорғайтын батыр болсын деген сияқты тілек-
жоралары бар. Мерекелік дастархан жасалып, бесікке салған адамға кәде
беріледі.
Ретімен, сәнімен келетін салт-дәстүрлердің өзіндік ерекшелігін, рухани
құндылығын көріп, тыңдап отырған балаға қайталанбастай әсер қалдырады. Өсіп
келе жатқан ұрпақ салт-сананы көру арқылы ата – бабасының қалдырып кеткен
бай мұрасын бойына сіңіреді, қоғамның жеке тұлғасы, отбасының бір мүшесі
ретінде жауапкершілігін сезінеді.
Тұсау кесу – сәби қаз тұра бастағанда тез жүріп кетсін деп ала жіп
есіп (бұл – біреудің ала жібін аттамасын дегені), екі аяғын тұсап, сүрінбей
ширақ жүретін адамға  тұсауын кестіріп, баланы қолынан ұстап тез-тез
жүгіртеді. Оған қуанысып шашу шашылып, дастарқан жасалып, тұсаукесер
кәдесі беріледі.
Өмір жолына аттанған сәбидің алғашқы қадамына үлкендер ақ батасын
беріп, ақ жол тілейді:
                                             Қаз-қаз балам, қаз балам
                                             Қадам бассаң, мәз болам.
                                             Тағы-тағы баса ғой
                                             Тақымыңды жаз балам
                                             Қаз баса ғой қарағым,
                                             Құтты болсын қадамың. 
   
Үлкендер мен балалардың қатысуымен болатын салт-дәстүрлердің мағынасы
терең. Сәбидің тұсауын кесетін адам да еліне танымал, сыйлы, өз ортасында
беделді адам болуы тиіс. Бала аяғынан тұрып, есін білгеннен кейін әке-
шешесі, туған-туыстары  сенің тұсауыңды сол адам кескен, сен соған тартып
ширақ болдың, ол білімді , ақылды адам, - деп өсіп келе жатқан балаға үлгі-
өнеге көретеді. Өркениетті елдер қатарына ілесуді мұрат еткен қонақжай,
бауырмал, жомарт қазақ халқы ата-баба дәстүрін жалғастырып келеді. Баланы
бағып-қағып, тәрбиелеу, өсіру – ата-ананың қоғам алдындағы жауапкершілігі,
отбасындағы міндеті.
Бала - бар асылымыз, мөлдір бұлақтың бастауындай тіршілік иесі. Тәлім-
тәрбиені бала бойына сіңіру әрі бала санасына, қоршаған ортасына, еліне
деген мақтаныш сезімін ұялту, ұлттық рухпен тәрбиелеу арқылы сатылы түрде
дамитын үрдіс.
 Қазақ халқының этнопедагогикасы курсының бағдарламасында Халқым
қандай десең, салтымнан біл дегендей, адам баласы дүниеге келгеннен бастап,
дүниеден өткенге дейінгі өмірі, сенімі, түсінігі, тұрмыс-тіршілік әрекеті
мен әдет-ғұрыптарының туатындығы[4]
Ұстаздың, тәрбиенің әрбір игілікті ісі баланың жан әлеміне, рухани
қалыптасуына бағытталады. Сабақ барысында, сабақтан тыс уақыттарда әр
оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, баланың танымдық қызығушылығын дамытатын
әдістерді пайдалануға болады. Этнопедагогика негізінде балалардың танымдық
белсенділіктерге арттыру мақсатында тәрбие сағаттарын ұйымдастыру –
оқушының шығармашылығын дамытудың бір әдісі. Бесікке салу мен Тұсау
кесу үлгісін тәрбие сағаты барысында көрсету, түсіндіру, фильм қолдану
сияқты қызықты көріністер, көрсетілетін әрбір детальдар оқушы есінде ұзақ
сақталады. Оқушылар алдында ұлттық нақышпен жабдықталған бесік, бесіктің
жанында кимешек киген әже, - жанды көрініс үлгісі. Әже нәрестені бесікке
салмас бұрын оқушыларға бесікті не үшін, қалай пайдалануды түсіндіреді.
Бесік жырын айта отырып, оң жақтан бесікке сәбиді салып, орап, тербетеді.
Бесік – киелі, әр баланың  ата-анасы қастерлейтін атадан балаға келе
жатқан отбасының алтын қазынасы. Әженің маңына жиналған оқушылар көріністі
көзбен көріп, өзінше танымдық, тағлымдық ой, көзқарасын калыптастыра алады.
Сабақты ұйымдастырушы мұғалім немесе тәрбиеші оқушыларға бағыт беріп, салт-
дәстүрлердің бала тәрбиесіндегі ерекшелігін жан-жақты мысалдармен, аңыз,
ертегілермен түсіндіреді.
Қай ғасырда, қай қоғамда болмасын ата-ана міндеті – өмірін
жалғастыратын саналы ұрпақ тәрбиелеу. Кешегі нәресте бүгінгі ақылы
толысқан, парасатты, ойы озық азамат – отбасының тәрбиесін көріп өз елінің
патриоты болып қоғамның жеке  тұлғасына айналады. Ендеше ір ұлт ұрпақ үшін
салт-дәстүрлердің бала тәрбиесінде алатын орны ерекше.
 
 
1.2. Қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерінің ролі мен маңызы
Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-
дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-
ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-
дәстүрлері 3әсімдер мен жөн-жоралғылар, 3әсімдер, ырымдар мен тыйымдар,
түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып,
толысып, жаңарып отырады.
Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік, қайырымдылық, мейіріділік,
қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық мәдени үлгі - өнегелі іс-
әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады.
Қазақ халқының өсіп игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты
рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді
халық деп атауға әбден болады.
Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп-ұрпақ
тәрбиесінің өзекті арқауы.[5]
Игі әдептердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның бір жола
өмір заңдылығына айналуы – салт дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр
–қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің ”нұсқауынсыз”
еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің
толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену
тойлары толысып, жаңарды да, ал ”әменгерлеп”, ”атастыру” салты бірте-бірте
өмірге қолданудан қалды.
Қазақ халық педагогикасындағы салт-дәстүрлерінің ұлттық санаға сіңіп,
біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға сіңіп,
қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін көрсетеді.
Ұлттың сананың қозғаушы күші-ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол жеке
тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз көріністерін
байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-санаға әсер
ететін тәрбиелік мәні зор.
Халықтық педагогиканың мұрасының бірі - дәстүр.
Дәстүр – бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің
дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын
халықтың қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.
Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай
алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани – адамгершілігінің қуат-
қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған баланың жан
дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-
ақ.
Ол – халықтың кәібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен адамгершілік
қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер ерекшелігіне
қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын
қастерлі мұра.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде
адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері
бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны
оның өмірмеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында.
Адамның туған күнімен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі 3әсім,
дәстүрлер бар.
Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру
әдістері ертеден қалыптасып, бітіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша ықпалды
болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендіігі мақсат ата-
баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге айналдыру
қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту
басты міндет.
Сонымен, қай халық болса да ұлттық үрдісі, ілікті қасиетте, өзіндік
әуені, тағлымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет
дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының төл
келбетті қалыптастырады. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде
тиімді деп есептейміз.
Ұлы ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие
жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі
дамытылып, әз халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті
күшке айналып отыр.
Соңғы кезге дейін тәрбиеде халықтық педагогикаға өз деңгейінде мән
берілмей келді.
ІІ-бөлім Той мерекелік салт-дәстүрлердің түрлері, тойлану сипаты
2.1 Қазақ халқының той мерекелік салт-дәстүрлері
Той малы (дәстүр). Жүз жылқы той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев). Келін
алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр салты бойынша сән салтанатымен, жөн
жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде жоралары да көп болады. Соның
ішінде ең басты кәдесінің бірі осы топқа арнайы әкелген той малы деп
аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәулеті мен шамасына қарай жылқы
немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де
байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады.
Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы
үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға
жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері
құдалардың бетіне басады. Сондықтан да той малының мүшесі түгел әрі семіз
болуы қатты қадағаланады.
Дәмету
Дәметкен сары майдан кеудең құрсын (халық өлеңі).
Дәметудің әр түрі бар Ал ырымда жас келіншектердің дәметуінің жөні
бөлек. Жас балалар мен келіндер ата енелері қонақтан келсе, олардан тәтті
дәмететтін әдеті бар. Әсіресе, балалы жас келіндер дәметсе оның меселін
қайтаруға болмайды. Өйткені, дәметіп отырып ойындағысы болмаса оның емшегі
ісіп кетеді. Бұл өмір шындығы. Ал үлкен кісілер, аналар, әжелер жас
келіншегі бар үйге дәметіп қалар деп қашанда қалтасына дәм тұзын сала
жүреді. Бұл әркім ескере жүретін ескіден келе жатқан ырым.
Қалың мал
Қалың мал (дәстүр, кәде). Мен ат тон айыбымен қалың мал қайтартпақшы
болдым ғой (С.Көбеев). Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша
күеу жағы қалың мал төлеуге тиіс. Бұл қазақ, қазақ болғалы бұлжымаған
ежелгі дәстүр. Оның мөлшері құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты
екі жақ келісе отырып шешеді. Бұрынғы кедейлер арасындағы қалың мал
мөлшері бес алты малмен тынса, ірі байлар арасында екі жүз, бес жүз, мың
жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалың мал
үстіне бес жақсы деп аталатын бес түйеге қосып бір жетім қыз (күң), аяқ
жақсы днп беретін үш түйеге қоса бір еркек жетім (құл) бергендігі кейбір
деректер арқылы белгілі. Қалың малдың қырық жеті, отыз жетінің бүтіні,
отыз жеті, отыз жетінің жартысы, жақсылы отыз жеті, жиырма жеті,
он жеті, домалақ қалың мал, домалақ бата сияқты түрлері болған. Мұның
сыртында той мал, сүт ақы, күйеу апаратын ілу, өлі тірі апаратын, тағы
басқа көптеген бағалы кәде, жоралар да болады. Бұған кеңес үкіметі кезінде
қызды малға сату деп қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы
қалың мал мөлшерінен кем болмаған. Демек, бұрынғы дала заңында бұл
ескерілген сияқты. Әрине қалың мал құдалардың дәулетіне байланысты
болған. Бұл істе әркім өз шама шарқына қарай белгілеген. Бұрынғы заманда
қалың мал байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы
болғаны шындық. ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта
жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының қалың малы бес жүз
жылқы болған. Үш жүз жылқы қара малы, жүз жылқы үйге кіргізер, жүз жылқы
той малына кетіпті (М.Ж.Көпеев). [6]
Күйеуаяқ
Күйеуаяқ (ғұрып). Жігіт қалыңдығын алғаннан кейін әдеп бойынша енесін
қошаметпен өз үйіне апарып салады. Ата енесі күйеу баласына ірі мал атайды.
Мұны күйеуаяқ дейді.
Түйемұрындық
Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып жатқан келіншек көшінің жолында отырған
ауылдың адамдары (жастары, әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің
бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды,
кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.
Қыз қашар
Қыз қашар (дәстүр). Былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді болыс
үй дейтін көрінеді. (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін ұрын келу десе,
қыздың атастырылған күйеуін көруі қыз қашар дейді. Бұл ұрын тойы өтетін
күні болады. Ұрын той жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған
жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын қол ұстатар, шаш
сипатар, қыз құшақтар, арқа жатар, көрпе қимылдатар тағы сол сияқты
кәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін бірі көріп, тілдесуі де осы
тойда болады. Екеуі де бірін бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі
орамалын және оның іні қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте
ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал
қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал
толық қайтарылады әрі айып төлейді.
Құйрық бауыр
Құйрық бауыр (салт). Құйрық бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе
(мәтел). Бұл құдалық дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны бөлек
жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда оларға құйрық бауыр арнаулы сый
әкеледі. Әкелуші әйел бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деп тілек
білдіреді. Одан барлық құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ дәстүрінде
құда болудың заңды белгісі құжат болып бекітілген.
Құдалық дәстүр және оған сәйкес әдет ғұрыптар әдетте әзіл қалжыңсыз,
ойын сауықсыз өтпейтіндігі әркімге белгілі. Сондай ақ осы Құйрық бауыр
салтында да қалжың өлеңдер мен қағытпалар да айтылмай қалмайды. Астана
қаласында қостанайлық Сәмкен Омаров пен көкшетаулық Қуантай Әблмәжінұлының
құдалығында құйрық бауыр ұсынғанда Қанапия қызы Орынбасар құдағи осы
қазақы салттың ажарын мынадай өлеңмен өрнектей түсті. Осы құдаларға қарап,
былай деп әндетті:
Құда, құда дейсің ау, әй,
Құйрық бауыр жейсің ау, әй,
Құйрық бауыр жемесең,
Несіне құда дейсің ау, әй.
Үлкен құда, бас құда,
Кіші құда, жас құда,
Құйрық бауыр әкелдім,
Ауызыңды аш, құда.

Үлкен құда ардақты ай,
Кіші құда салмақты ай,
Құйрық бауыр асатам,
Тістеп алма бармақты ай.
Үлкен құда әнекей ау
Кіші құда мінекей ау.
Құйрық бауыр асаттым,
Кәделерің кәнекей ау!

Әр елде, әр ауылда әр салт дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән
жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт жырлардың мұндай
үлгілерінің көпшілігі ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның бірнеше
жақсы түрлерін әлі де табуға болады. [6]
Балдыз қалың
Кейде қалыңдық қайтыс болатын жайлар кездеседі. Мұндайда қалың малын
төлеген болса, онда сол үйдің екінші қызын алуға құқы бар. Егер ер жігіт
қалыңдығына ұрын барып, ол үйдің басқа қызы болмаса төлеген малдың жартысы
қайтарылады. Егер бұрынғы қалыңдығына ұрын барған күйеу енді балдызын
алатын болса, онда бұрынғының үстіне балдыз қалың төлеуге тиіс. Оған түйе
бастатқан бір тоғыз қосылады. Күйеу бұрынғы қалыңдығына ұрын келмеген болса
балдыз қалың төленбейді.

Күйеу киімі

Күйеу киімі (салт). Әкесі күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба? деп
бізді мінейді. Ки! деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу міндетті түрде
күйеу киімін киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз келіншектер
күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт
бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік
киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып
төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз келіншектердің
ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл қалжыңға төзеді. Оның мінген атын
күйеу атымен күл тасы дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді.
Бұл да ауыл салты.

Қынаменде

Қынаменде (дәстүр). Қынаменде, жар жар мен беташар бар, өлеңсіз
солар қызық бола ма гүл? (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да,
көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің
атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы қынаменде деп аталады.
Шығыс халықтарында қынаменде кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін
қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар
жүргізілетіндіктен қынаменде жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың
махаббат мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің
тәрбиелік ережесінің бір саласы. Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі
аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер қалыңдық ойнау дейді, кей
жерде ұрын келу дейді. Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман
бөркін қырын келді (Н.Ахметбеков). Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар
үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше
көрінбеген болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен
келеді. Мұны есік көру көбінесе ұрын келу деп айтады. Күйеу осы жолы
өзінің болашақ жарын көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.
Әрине ұрын келудің де кәде жоралары аз емес. Сені күтіп жүгіреміз деп
ентігіп қалдық деп ентікпе сұрап жеңгелері келеді, балдыз көрімдік деп
тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты. Ұрын той өткізіліп күйеуге
және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады.
Құда түскенмен, келісім жасалғанмен күйеудің қыз ауылына ұрыннан бұрын
келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс туғандары (аға інілері) қазақ
әдет ғұрпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар.
Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже қағидалары тәрбиелік
ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді. Күйеу кәделері мен ырымдары тағы
бар. Олар мынандай: ұрын келу, есік ашар, ентікпе, балдыз көрімдік, күйеу
табақ, сүт ақы, жігіт түйе, атбайлар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет және ұлттық мәдениет
Ұлттық дәстүр - әлеуметтік институт ретінде
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Қазақ халқының салт – дәстүрлері жайлы
Қазақ халқының салт дәстүрлеріне кіріспе
Мектептің оқу – тәрбие процесінде салт – дәстүрдің пайдаланудағы тәрбиелік мүмкіндіктері
Ұлттық салт-дәстүрлердің жаңарған түрлері, жаңа заман туғызған салт-дәстүрлердің тәлімдік мәні
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәні
Жастардың бос уақытын ұйымдастыру технологияларыпәні
Пәндер