МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР


Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі
Тіркеу күні «Қоғамдық пәндер»
Бөлімнің меңгерушісі кафедрасы
А. У. Кидришева «Мәдениеттану» пәнінен
БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы:
«МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК»
Орындаған: сырттай оқу бөлімінің 3А КДО тобының студенті Ергалиева Д. А.
Тексерген: Батырғалиева А. Б.
Орал - 2012ж.
Мәдениеттану - жалпы адамзаттық және ұлттық мәдени үрдістердің объективтік заңдылықтары, тарихи ескерткіштер, құбылыстар, сондай-ақ адамдардың материалдық және рухани өмірінің оқиғалары мен әрекеттерін зерттеп, зерделеуге негізделген мәдениет туралы ғылым және оның пәні.
Мәдениеттану ғылымы зерттейтін ең негізгі мәселелердің біріне дүниежүзілік мәдениеттің теория мен тарихы жатады.
Мәдениет дегеніміз (латын тілінде өңдеу, тербиелеу, білім беру, даму, сыйлау) - адамдардың өмірі мен қызметін ұйымдастыру қалпы мен түрлерінен, сонымен қатар олардың жасаған материалдық және рухани құндылықтарынан көрінетін қоғам мен адам дамуының белгілі бір дәрежедегі тарихи деңгейі.
Мәдениет ұғымын ежелгі заман оқымыстыларының шығармаларынан кездестіруге болады. Ежелгі қала - Полиото мәдениет ұғымы - есі кірмеген баланы естияр азамат, мемлекет қайраткері дәрежесіне дейін тәрбиелеудің құралы тұрғысынан қарастырылса, орта ғасырларда мәдениет ұғымы бірте-бірте философиялық мағынаға ие бола бастады.
Мәдениет көп түрлі, оның салалары сан алуан: адамзат мәдениеті, әр түрлі дәуірлер мәдениеті (ежелгі заман, орта ғасырлар, қайта өрлеу, т. с. с), әр түрлі елдер мен ұлттардың мәдениеті, діни мәдениет, әр түрлі әлеуметтік және кәсіби топтардың мәдениеті (шаруалар, қалалық, ауылдық) . Мәдениет адамнан тыс өмір сүрмейді. Ерте замандарда-ақ мәдениетті адам қызметінің нәтижесі деп санаған. Грек ойшылы Демокриттің пікірінше, мәдениетті жасаушы - адам. Ол табиғатқа еліктеп, өз қажеттілігін қанағаттандыра отырып мәдениетті жасайды. Ежелгі грек мәдениеті мәдени дәстүрлердің бейнесіне айналған аңыздарды сыйлады, сонымен қатар Батыс Еуропа елдеріндегі ғылым мен техниканың дамуының негізін қалады. Мәдениет ұғымының қалыптасуына ежелгі Рим ойшылдары да өз үлестерін қосты. Цицерон шығармаларынан мәдениеттің алдына қойылған міндеті - республикалық құрылысты нығайту болғанын көруге болады.
Ортағасырлық дәуір медениетінің негізгі құндылығы құдай еді. Орта ғасырлардың сәулет өнері мен мүсін өнерін «Тастағы інжіл» десе де болады. Қайта өрлеу дәуірінде мүлде жаңа таным қалыптасты. Адамға, адам жанына терең үңіліп, адамды дүниені, сұлулықты, өзін-өзі құрушы деп есептей бастады. Мәдениет - тек адам қолымен түлеген табиғат қана емес, ол адамның өзін қайта жасаушы да. «Білім - күш» - дейді Бэкон. «Мен ойлаймын, яғни мен өмір сүремін» деп жариялайды Р. Декарт.
Сайып келгенде, күнделікті өмірде «мәдениет» деген сөзді әрбір адамның аузынан естуге болады. Мәдениет құбылыстарын көптеген ғылымдар - философия, көркем-өнер, эстетика, мораль, дін, т. б. ғылымдар зерттейді. 1920 жылдан бастап 1950 жылға дейін бұл ұғымның 157 анықтамасы шықты. Қазіргі кезде ғалымдардың пікірінше 500-дің үстінде мәдениеттің анықтамасы бар көрінеді.
«Мәдениеттің классикалық үлгісі» ұғымы мәдениетті адамзаттың тарихи дамуының нәтижесі, адамзат баласының саналы және адамгершілік қоғамдық қарым-қатынастарының қол жеткен дәрежесі деп қарастырады. Мәдениетке байланысты қағидаларды сын елегінен өткізе отырып, ағартушылық кезеңінің ойшылдары жаңа мәдени үлгілері (адам, қоғам, мемлекет, құқық, философия және т. б. ) жасауға тырысты және өткен заман мен жаңа заманның мәдени тәжірибесін жаңаша сын елегінен өткізе отырып қарастырды.
Адам өзінің дамуында ұзақ, соқтықпалы, соқпалы жолдан өтті. Адамзат тарихының мыңдаған жылдарға созылған ұзақ кезеңі алғашқы қауымдық құрылысқа келеді. Дүниені көркемдік тұрғыдан танып-білу, ақырында, саналы адамның қалыптасуына септігін тигізді.
Дүниемен танысу стихиялы түрде жүрді, әрбір ұғымның артында тірі әрекет, бейне тұрды. Осы кезеңде көркем-енер ескерткіштері пайда болды. Жер шарының әр жерлерінен, оның ішінде Қазақстанда адамдар мен жануарлардың (мамонт, бизон, бұғы, т. б. ) суреттері табылды. Алғашқы қауымдық құрылыстың кейінгі кезеңдері - мезолит пен неолитте алғашқы металл құралдар қолданыла бастады. Аңшылық, балықшылықпен қатар, адам егіншілік және малшылықпен айналыса бастады.
Алғашқы қауымдық құрылыстың көркемөнері дүниежүзілік көркемөнердің одан әрі дамуына негіз болды.
Ежелгі Мысырдың, Шумердің, Иранның, Үндістанның, Қытайдың мәдениеті алғашқы қауымдық құрылыс мәдениетінің заңды жалғасы еді.
Мәдениет - көп деңгейлі жүйе. Мәдениет - аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. Мәдениет дүниежүзілік және ұлттық болып бөлінеді.
Дүниежүзілік мәдениет - біздің планетамызды мекендеген барлық халықтар мәдениетінің озық үлгілерінің синтезі болып табылады.
Ұлттық мәдениет өз кезегінде белгілі бір қоғамның әр түрлі таптары, әлеуметтік топтары мен жіктері мәдениетінің синтезін алға тартады. Мәдениет материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.
Материалдық мәдениет - еңбек және материалдық өндіріс мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, топостың, яғни тұрған мекеннің, үйдің, ауылдың, қаланың мәдениеті, адамның өз денесіне, дене тәрбиесіне қарым-қатынасының мәдениеті.
Рухани мәдениет көп қырлы құбылыс ретінде таныла отырып, өзінің құрамына танымдық және ақыл-ойлық, философиялық, адамгершілік, көркемөнерлік, құқылық, педагогикалық, діни мәдениетті енгізеді. Кейбір мәдениеттанушылардың пікірінше, мәдениеттің жекелеген салалары материалдық та, рухани да мәдениеттің құрамына кірмей, өз беттерімен мәдениеттің қосылысын құрай отырып, мәдениетті байыта түседі. Бұлар - экономикалық, саяси, экологиялық және эстетикалық мәдениет.
Мәдениетті тарихи гуманизммен байланыстырады. Мәдениеттің негізінде адам дамуының мөлшері жатыр. Техниканың жетістіктері де, ғылыми жаңалықтардың ашылуыда, егер онда адамгершілік болмаса, егер мәдениет адамды жетілдіруге жұмсалмаса, өз беттерімен қоғам мәдениетінің деңгейін анықтай алмайды. Сондықтан да мәдениеттің өлшемі - қоғамды имапдандыру болып табылады. Мәдениеттің мақсаты - адамды жан-жақты тәрбиелеу.
Мәдениеттің құрылымы және қызметі. Мәдениеттің құрылымы күрделі және көп қырлы. Ол білім, ғылым, көркемөнер, әдебиет, мифология, имандылық, саясат, құқық, дін жүйелерін біріктіреді. Бұлар бір-бірімен араласа отырып, аса маңызды мәдениет құбылысын құрайды. Мәдениеттің ең негізгі қызметі - адамға қызмет жасау немесе гуманистік қызмет болып табылады.
Аса маңызды қызметі - әлеуметтік тәжіриені тарату. Мұның мәнісі - мәдениет бір ұрпақтың тәжірибесін екінші ұрпаққа, бір кезеңнен екінші кезеңге, бір елден екінші елге жеткізу деген сөз. Сондықтан да мәдениетті «адамзаттың әлеуметтік есі» деп атайды. Мәдени жалғастықтың жойылуы жаңа ұрпақтың әлеуметтік есінің жоғалуына (Ш. Айтматов) алып келіп, жастарды үлкен рухани кедейшілікке ұрындырады.
Мәдениеттің тағы бір маңызды қызметі - танымдық қызметі. Мәдениеттің парасаттылығы - көбінесе өткен кезеңдердің мәдени құндылықтарын пайдалана білу деңгейімен байланысты. Қоғамның барлық түрлері осы жағдайға байланысты бір-бірімен ажыратылады. Кей бір елдер мәдениет арқылы өткен кезеңнің пайдалы тәжірибелерін алып, өз қажетіне шебер қолданады. Мұндай қоғамдар (мыс: Жапония) ғылым, техника, өндіріс салаларында аса зор табыстарға жетті. Кейбір қоғамдар мәдениеттің осы танымдық қызметін дұрыс пайдалана алмағандықтан, дамуы жағынан көп артта қалып қойды.
Семиоттық немесе таңбалық (гректің таңбалар туралы ғылымы) қызмет мәдениет жүйесіндегі аса маңызды қызметтер қатарына жатады. Қажетті таңбалар жүйесін оқып-үйренбейінше, мәдениет жетістіктерін игеру мүмкін емес. Мысалы, тіл (ауызша немесе жазбаша) адамдардың қарым-қатынасының құралы, әдеби тіл ұлттық мәдениетті игерудің аса маңызды құралы болып табылады. Кәсіби тілдер музыка әлемін, көркемсуретті, театрды тану үшін қажет. Жаратылыстану ғылымдарының (физика, математика, химия, биология) таңбалық өз жүйелері бар.
Мәдениеттің ең кіші бөлінбейтін бөлшегі мәдениеттің элементі деп аталады. Бұл элементті зерттеу америкалық ғалым Э. Хобельден басталады. Оның пікірі бойынша, мәдениеттің элементі дегеніміз - одан әрі бөлінбейтін материалдық немесе материалдық емес заттың бөлшегі, Мысалы, материалдық мәдениеттің элементі шеге, қарындаш, қол орамал, т. б. болса, ал материалдық емес мәдениеттің элементі амандасқанда қол беру, қалпағын көтеру, сүйісу, т. б. болады.
Әрбір мәдениет мыңдаған мәдени элементтерден тұрады. Ол элементтердің бірқатары әр халықтың, әр түрлі елдердің мәдениеттерінің бөлшегі болады. Әртүрлі мәдени элементтердің жиынтығы мәдени көшендер құрайды. Мысалы, спорт ойыны (футбол) мәдени кешен болып есептеледі. Оған материалдық (доп, қақпа) және материалдық емес (ойын ережелері, төрешінің этикасы) элементтері кіреді.
Бірнеше мәдени кешендердің бірлігі мәдени институттарды (отбасы, мектеп) құрайды. Мысалға неке институты: танысу, некелесу, той жасау, т. б. мәдени кешендерден тұрады.
Мәдени элементтердің ішінен басты немесе базистік элементтер ерекше орын алады. Рухани мәдениеттің базистік элементтеріне білім, құндылық, мәдени нормалар жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz