Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
Орал гуманитарлық колледжі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Модульдік оқыту технологиясы
Орындаған:
Тексерген:
Орал, 2015ж.
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
1.1 Модульдік оқыту технологиясының теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ..6
1.2 Модульдік оқытудың негізгі
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ тарау. МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫн пайдалану арқылы сабақтың өткізілу
ФОРМАЛАРЫ
2.1 Модульдік технологияның
гипотезасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2 Модульдік технология тұлғаның дамуына бағытталған
оқыту ... ... ... ... ..27
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде болашақ мұғалімдердің инновациялық ic-әрекеттің ғылыми-педагогикалық
негіздерін мeңгepyi - маңызды мәселелердің бipi. Өйткені, жаңа
педагогикалық технологияны меңгеруге мұғалімдерді даярлау - оларды кәсіби
білімін көтеруге дайындау аспектісінің бipi және педагогтың жеке тұлғасын
қалыптастыру үрдісіндегі әрекеттің нәтижесі болып табылады.
Ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген XXI
ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің
басты міндеті болып саналады.
2004 жылдың 12 қазанында Қазақстан Республикасы білім саласы
қызметкерлерінің III съезінде Елбасы Н.Назарбаев Құрылымдық, өзгерістер
мұғалім кадрларын әзірлеу жүйесі оздыра отырып дамытумен қамтамасыз eтілуі
тиic. Жаңа формацияның педагогы қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім
деңгейі жөнінен әрдайым саналып келгеніндей біршама емес, әлдеқайда жоғары
болуы тиіс - бұл уақыт талабы деп атап көрсеткеніндей, әр баланың
қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын шебер әpi iскер мұғалім
даярлауға бетбұрыс жасалмақшы [1].
Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді. Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет -
әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық
енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын
мұғалімдерді даярлау. Ол қай уақытта да ең өзекті мәселелер қатарына
жатқызылып келеді. Олай болатыны, қоғамның әлеуметтік-экономикалық
міндеттеріне сай өскелең ұрпақты өмipгe бейімдеудің жаңа талаптары туындап
отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі
қалыптасуда. Бұл сының процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар
жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.
Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект–субъектілері педагогикасының
орнын басқасы басты, ол бала оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі
өзектілендіруге, өзін тануға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын жазушы
тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің манызды
құрамы оқу ісіндегі субъектілер - оқытушы мен оқушының тұлғалық–бағытталған
өзара әрекеті болып табылады[2, 3].
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен
дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы, дамуын қойып отыр.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық
дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Педагогикалық технологиялар – бұл білімнің басымды мақсаттарымен
біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу–тәрбие процесін ұйымдастырудың
өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары
мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына
әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын
құрайды
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық бірліктері шоғырландыру
технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясы,
В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының белгі және сызба үлгілері негізінде
қарқынды оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа
көптеген ғалымдарың технологиялары кеңінен танымал [4, 5, 6, 7, 8].
Қазақстанда Ж.А.Қараевтің, Н.Оралбаеваның, М.М.Жанпейісованың және
т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда [9, 10,
11].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологиялар таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл
білім мекемелерінің мұғалідеріне, педагогтарының өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануға, педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық
үлгімен құруға мүмкіндік береді [12].
Шетелдік ғалымдар модульдік білім беру идеясының туындауын 1960-
жылдардың аяғы мен 1970-жылдардың басына жатқызады.
Модуль ұғымы термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болды.
Бұл термин латынның modulus (өлшеуіш) сөзінен шыққан. Векторға арнап бұл
терминді алғаш рет 1814 жылы Швейцария математигі Жан Роберт Арган
қолданған. Көшу модулін алғаш рет енгізген ағылшын математигі Роджер Коутс
[13].
Педагогикада модульмен оқыту идеясының нeгiзiн салушы ғалым АҚШ-тағы
Падуа университетінің профессоры С.Н.Постлезвейт оқушының өзіне қолайлы
қарқында жұмыс жасауына, нақ өзіне сай оқу тәсілін таңдап алуына мүміндік
беруге тырысты. Ең алғаш рет 1969 жылы осылай Падуа университетінде оқу
үрдісіне енгізілген миникурстар, кейін АҚШ қолледждері мен
университеттеріне тез тарады. Мұнда олардың бірнеше түрі пайда болды:
пакеттегі ұғым, consent оррасу, меңгеру пакеті т.б. Модульмен оқыту
мәселесімен айналысқан ғалымдардың тағы бipi Дж.Д.Рассельдің пайымдауынша,
модуль - оқу материалының бip концептуальды бірлігін қамтитын оқу пакетін
білдіреді. В.Гольдшмидт және М.Л.Гольдшмидт деректері бойынша, АҚШ
қолледждері мен университеттерінде модульмен оқыту инженерлік пәндерді,
химия, психология, социология, лингвистика, ағылшын тілі және басқа
пәндерді практикалық тұрғыда оқыту үшін пайдаланылады. Аталған мәселемен
-айналысқан ғалымдардың келесі тобы (Я.Л.Клиндштат) - студенттердің білімді
меңгеру мүмкіншіліктерін өздері анықтауына көмектесуге, үшіншілері
(В.Б.Закорюкин, В.И.Панченко, Л.М.Твердин және т.б.) оқытудың қалыптасқан
бірліктеріне оқу мазмұнын икемді етіп құру деп пайымдады. Ал П.Юцявичене
сияқты ғалымның пікірінше, модульмен оқыту арқылы болашақ мамандардың
кәсіби білімін жетілдіру жоғары деңгейге жеткізуге болады, ғалым
К.Вазинаның айтуынша, модульмен оқыту - адамның жалпы өзіндік даму, моделі
[14, 15, 16].
Модуль арқылы оқытуды экспериментті және практикалық түрде тәжірибеде
қолдану АҚШ, Батыс Еуропа елдерінің колледждері мен жоғары оқу орындарында,
ТМД елдеріндегі жоғары оқу орындарында қазір кеңінен жүзеге асуда.
Зерттеу жұмысының мақсаты: модульдік оқыту біртұтас жүйе ретінде оқыту
процесіндегі мектеп оқушылары мен мұғалімнің субъект-субъект қатынасын icкe
асыру үшін жағдай жасауды ғылыми тұрғыдан негіздеу және ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негіздеу және оны тәжірибе арқылы тексеру.
Зерттеу жұмысының болжамы: егер мектептің білім беру процесінде
модульдік оқыту технологиясы тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың
білімдері жаңа сапалық нәтижеге жетеді, өйткені жаңа модульдік оқыту
технологиясын қолдану жеке тұлғаның танымдық кабілеттерін және танымдық
процестерін дамуына ықпал етеді.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздерін айқындау;
- Барап негізгі мектебінде модульдік технологияны қолдану жағдайына
талдау жасау;
- экономика пәнін оқытуда модульдік технологияны қолдану тәжірибесінің
әдістемесін жасап, тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру;
- оқушылар білімдерін модульдік оқыту технологиясы арқылы
қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік ұсыныстарын практикаға ендіру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды
мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1.1 Модульдік оқыту технологиясының теориялық негіздері
Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік
өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.
Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді,
ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында
тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді
азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру
жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр.
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін
кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз
тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни
біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық
үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие
бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар,
әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар
беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының
бірі – модульдік оқыту.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті
Қазақстан-2050 жолдауында негізгі бағыттарды білім берудің маңызын
көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетті.
Сондай-ақ, ҚР Білім туралы заңында Білім беру жүйесінің негізгі
міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай
туғызу делінген. Сондықтан қазақ тілін бүгінгі заманның талабына сай
оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған
әлемдік құндылықтардан хабардар, жан – жақты жетілген, өз тарихының
өткеніне көз жүгіртетін, ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру болып
отыр.Оған ықпал ету үшін оқытушының шығармашылық ізденісі қажет. Жаңа заман
талаптарына сай сабақ түрі өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері
мен ықпалы ерекше болады. Қазіргі заман ағымына байланысты студенттердің
білімге қызығуын арттыру үшін оқытушыларға жаңа талаптар қойылуда.Ғылыми
педагогиканың негізін салушы Ы.Алтынсарин мұғалімнің қоғам алдында ролін
қарапайым айта келіп,кезінде ...Салып жатқан үйдің жақсы болуы,оның
іргесін берік және мықты қалануына байланысты болатыны сияқты,біздің қолға
алып отыратын ісіміз де,қазақ мектептерінің бар келешегі көбінесе,істің
қазіргі басталуына байланысты.Сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны
дүниедегі заттың бәрінен де қымбат көремін-деген пікірі мұғалімге қоятын
талабы ретінде естіледі. Оқыту үдерісіне жаңа инновациялық технологиялар
енгізілуде. Технология – белгілі бір істегі адамның шеберлігі. Қазіргі
педагогикалық әдебиеттерден 50-ден астам оқыту технологиялары қолданысқа
енгені белгілі болып отыр. Осындай әр түрлі технологяларды оқытушы сабағына
пайдаланып, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасап отырса жаңашылдыққа
жақын болғаны. Міне, осы тұрғыдан келгенде,қазақ тілі сабағында модульдік
технологиялар –интербелсенді әдістерді үнемі жетілдіріп отырса,
студенттердің ойлау қабілеттерін дамытудың тиімділігі артады.
Ғалымдардың зерттеу нысандарында модульдік технологиялар арқылы
проблемалық оқытудың да теориялық негізін анықтауға және студентердің ойлау
қабілетін дамытуда проблемалық оқытудың жолдары қарастырылған.
Модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәнін проблемалық оқыту
тәсілі арқылы студенттердің логикалық қабілетін және оқуға деген
қызығушылығын арттыруға , тіл үйренушілерді өздігінен саналы жұмыс істеуге
үйретуге, сонымен қатар, осы оқыту тәсілі арқылы берік білімге, оқытудың
жоғары нәтижесіне қол жеткізуге болады.
Ғылыми болжамдарда егер ұйымдастырылатын жұмыстар жүйелі, мақсатты
түрде құрылса,онда модульдік технологиялар арқылы қазақ тілі пәні негізінде
проблемалық оқыту тәсілдерімен студенттердің ойлауын дамытуға болатындығы
дәлелденген.
Қазіргі таңда жан-жақты ізденістің нәтижесінде оқытудың әр түрлі
технологиялары жасалып, өсіп келеді.Айталық, Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың
Дамыта оқыту технологиясы, В.Ф. Шаталовтың Тірек сигналдары арқылы оқыту
технологиясы, Ж. Қараевтың Деңгейлеп оқыту технологиясы,
М.М.Жанпейісованың Модульдік оқыту технологиясы және т.б.ғалымдардың
технологиялары кеңінен қолдануда.Қазақстанда білім берудің өзіндік,ұлттық
үлгісі қалыптасуда. Солардың бірі бұл модульдік оқыту технологиясы.
Модульдік оқыту технологиясының негізгі зерттеушілері: Дж.Блок, Б.Блум,
М.М.Жанпейісова.
Мақсаты:Тұлғаның танымдық қабілеттерін танымдық жағдайлар арқылы
модульдік сипатта дамыту.Модульдік оқыту технологиясы студенттерді өз
бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға, жүйелі білім алуға және өзін-
өзі бағалай білуге үйретеді.
Модульдік оқытудың негізгі талаптары:
✓ Студент тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту.
✓ Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті)
дамыту.
✓ Оқуға қызығушылық қалыптастыру.
✓ Сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.
✓ Тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.
Модульдік оқытудың құрылымы:
✓ Оқытудың жалпы мақсатын қою.
✓ Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.
✓ Студенттердің білім деңгейін алдын – ала (диагностика)
бағалау.
✓ Оқу әрекеттерінің жиынтығы және нәтижені бағалау.
Қазақ тілі пәні бойынша бағдарламада берілген тақырыптарды топтап,
модульге енгіздік. Атап айтсақ: Адам және қоғам, Қазақ елі, Тәуелсіз
Қазақстан, Мемлекеттік тіл Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор,
Қазақстан әлемдік кеңістікте, Мамандық әлемі атты тақырыптық бөлімдері
модульдік үлгіде топтастырылды.Жоғарыдағы аталмыш тақырыптар өз ішінде
модульді құрамды бөліктерден тұрады. Мысалы, Қазақ елі модулі: Қазақ
халқының, қазақ атауының шығу тарихы; Қазақтың алғашқы хандары, билері
мен батырлары; Абылай хан қазақтардың басын қосушы тұлға; Қазақ
халқының салт-дәстүрлері; Жеті жарғы- дала конституциясы; Көшпенділер
өркениеті; Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің шешендік өнері; т.б.
Сабақ үдерісінде бағдарлама бойынша жоғарыда топтастырылған модульдік
тақырыптардың кіріспе бөлімінде студенттерді оқу модулінің жалпы
құрылымымен, мазмұнымен таныстырылып, студенттердің осы оқу модуліндегі
танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін әрбір студенттің
қабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөлінді және тірек сызбаларға сүйене
отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша оқу материалдарын қысқаша
түсіндірілді.
Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше
жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың
дербестігін қамтамасыз етеді. Ал модуль дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты
бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін
сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі
мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу
ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша
айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы модуль сөзі оқытудың
мазмұны мен технологиясын білдіреді. Модуль мазмұны өзіндік мағына
беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.
Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты
функционалды байланыстырушы.
Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі
және қорытынды бөлімнен тұрады.
Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы
бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат
санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің
неғұрлым тиімді екенін көрсетті.
Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және
қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу
бөлімінің меншігінде болады.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен,
оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің
барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде)
сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік
пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу
бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.
Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға
бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар
қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды
қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы
тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу
көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану
оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта
оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің
барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі
ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы
өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің
көмегінсіз көрсетуі тиіс.
1.2 Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі
Оқу модулін құрудың тағы бір ерекшілігі- тәрбиешінің даярлық жүйесі.
Тәрбиеші бір оқу модуліне бөлінетін сағат санын анықтап алғаннан соң, оның
мақсатын, мазмұның және нәтижелерін, сондай-ақ осы модуль сабақтарын
ұйымдастырудың формасын ойластырып, оқу модулін құрайды.
Бұл технология
-баланың тұлғасының танымдық қабілеттерін дамытуға:
-танымдық поцестерін дамытуға
- жағымды қызығушылық қалыптастыруға;
-белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға:
-тұлғаны қиындықтарға даяр болу және білу, қарым-қатынас, ойын,
танымдық, қауіпсіздік,сыйласу, шығармашылық, өзін-өзі өзектілендіру, өзін-
өзі бекіту қажеттіліктерін қанағаттандыруа ықпал етеді.
Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологияның Снежинка - әдісі
бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі.
Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаландым.
Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.
1. Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім негізіндегі
тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда
алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.
2. Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен
қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.
3. Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдеибеттерді
пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының
ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.
4. Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім
сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:
Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және
құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл
орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне
қарай қызмет атқарады.
"Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.
"Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.
"Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.
Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа
технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.
Модульдік оқыту технологиясы – баланың белсенді оқу қызметін
ұйымдастырады, бала өз әрекетін жоспарлай, талдай, өз бақылай білуге
үйренеді.
Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі:
✓ Әр студентке деңгейлік жүйе бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік
береді;
✓ Студенттердің өзіндік ізденісіне алғышарттар жасайды;
✓ Сабақ барысында барлық студенттердің қатысуына жағдай жасайды.
Модульдік оқытудың ерекшелігі: бірінші кезекте студенттерді оқытуға
емес,қайта танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу
негізінде құруға бағытталды.Модульдік оқыту технология кезінде студент
оқу материалын тыңдау, жазу, көру, айту, өз бетімен жұмыс жасау арқылы оқу
материалын қарапайымнан күрделіге қарай шығармашылық, зерттеушілік
сипаттағы тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік
стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру қажет деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
айтып өткендей,бүгінгі заманғы білім берудің басты мақсаты - мамандарды
әлемдік шығармашылық тұрғыдан өзгертудің әдістемесімен қаруландыру. Осы
тұрғыда ғылыми міндеттерді шешудің тиімді жолы ретінде модульдік
технологиялар арқылы қазақ тілі пәні сабағында оқушылардың ойлау
қабілеттерін дамыту үшін проблемалық оқыту жүйесін қолдануға болады.
Проблемалық оқыту жүйесі – оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдана отырып,
студенттердің ой-өрісін,логикалық ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін
дамыту болып табылады. Қазіргі заманғы білімдендірудің мақсаты мамандарды
шығармашылыққа дайындау. Ал шығармашылық дегеніміз жаңалықты ашу
болса,модульдік технология арқылы сабақты проблемалық оқытудың өзі де
шығармашыл процесс болып табылады.Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің
мәні:оқытушы оқушылар алдына міндет (проблема) қоя отырып,оған қызықтырады
және оның шешу әдіс-тәсілдерін табуға ынталандырады. Оқытудың бұл түрі
жаңадан ғана пайда болған жоқ. Өйткені, кезінде бұған өз үлес қосқан
педагог-ғалымдар болды,атап айтқанда, Сократ, Руссо, Дистерверг, Ушинский.
Мысалы, грек данасы Сократтың алдына қойған мақсаты білімнің өзі емес,
адамдардың білім алуға деген ықыласын ояту, білімге ынтықтыру болған екен.
Проблемалық оқыту технологиясын зерттеу жұмыстары 60- шы жылдардың
соңында 70-ші жылдардың басында пайда болды. Проблемалық оқытудың негізін
салушылар мен зерттеушілер: американдық: Джон Дьюи мен оның шәкірті
В.Клипатрик, орыс ғалымы М. Махмутов. Олардың негізгі идеясы: Проблема
қойып, оны шешу арқылы оқып үйрену. Проблемалық оқыту технологиясы тіл
үйренушілердің оқытушы басшылығымен проблемалық ситуацияны шешуде өздік
зерттеу іс-әрекетімен айналысуы, соның нәтижесінде студенттердің білім
дағдыларының қалыптасуымен, танымдық белсенділігінің,шығармашылық ойлау
және т.б. маңызды қасиеттерінің дамуымен сипатталады.
Қазақ тілі пәнінде проблемалық оқыту мәселесін сөз етпестен
бұрын,алдымен проблема ұғымына анықтама беретін болсақ,қазақ тілінің
түсіндірме сөздігінде былай деп көрсеткен: Проблема –зерттеуді,шешуді
керек ететін күрделі мәселе. Олай болса,модульдік технология арқылы қазақ
тілі сабағын проблемалық оқытудағы басты міндет – студенттердің ойлау
жүйесін өздерінің шығармашылық қабілеттері арқылы игерген білім қорын одан
әрі тереңдету және түрлі проблемаларды шеше білетін білімді студент
тұлғасын қалыптастыру болып табылады. Проблемалық оқытудың негізгі
ерекшелігі – оқытушының білім алушы білуге тиісті таным- түсінікті өзі
айтып бермейді, қайта шәкіртке іздетеді.Проблемалық оқытуға негізделген
шығармашылық тапсырмалардың дәстүрлі оқытудағы тапсырмалардан басты
айырмашылығын қарайтын болсақ, студент мен оқытушы іс-әрекеттері
төмендегідей болады.Атап айтқанда, дәстүрлі оқытуда:
1.Проблема қойылмайды.
2.Оқытушы тарапынан тапсырмалар берілетін жауабы дайын,қарапайым
тапсырмалар.
3.Студент -объект және орындаушы. Оқытушы жетекшілігі,басшылығы басым
болады.
4.Шығармашылық ізденіс міндетті емес.
5.Топтағы барлық студенттерге бірдей арналған тапсырмалар.
Проблемалық оқытуда:
1. Студент алдына проблема қойылады.
2.Дайын жауабы жоқ,проблема шешуді талап ететін, зерттеушілікті,
шығармашылықты қажет ететін тапсырмалар беріледі.
3.Студент-субъект.Ол-дербес ізденуші. Еш нәрсені қайталамайды,дайын
дүниені көшірмейді,өзінің ізденісі, зерттеуі арқылы проблеманы шешуге
талпынады.Оқытушы-ақылшы,кеңесші, ұйымдастырушы және бағыт беруші.
4.Студенттердің жан-жақты дамытуға, жеке тұлғаға,оның
дарынын,қабілетін арттыруға бағытталған шығармашылық сипаттағы тапсырмалар.
Әдістемелік жүйе ретінде оқытушының танымдық тапсырмалары мен көрнекі
құралдардан проблемалық оқытудың мәні құрылады. Проблемалық оқыту кезінде
ізденіс жұмыстары ұйымдастырылып, сабақ тақырыбына байланысты
конспект,проблемалық сұрақтар мен шешімдері де қарастырылады.Сабақ
барысында студенттердің жаңа білімді меңгеруі ,зерттеу белсенділігі
дамиды, шығармашылыққа үйренеді. Модульдік технологияға құрылған қазақ тілі
сабағындағы проблемалық оқытуды жүзеге асыру үшін студенттерге алдын-
ала проблемалық сұрақтар жүйесі ұсынылады. Онда кез келген сұрақ проблемалы
бола бермейді әрі проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды.Сондықтан оны
студенттер міндетті түрде өзі ізденуі шарт. Ол сұрақ студенттің сана-
сезімінде қиындық туғызуы қажет. Студент іштей түйсінген ойлау қиыншылығы
проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын
болуы, екінші жағынан, студенттің шамасына және білім деңгейіне байланысты
болуы керек.Проблемалық сұрақта студент сұрақтардың дұрыс нұсқаларын
шешуді қарастырады, ойланады және ізденіс жолына түседі.Модульдік
технология арқылы қазақ тілі сабағында проблемалық тақырыпты толық ашуда
жағдаяттар арқылы тіл үйренушілердің танымдық әрекетін дамыта
аламыз.Мысалы, жоғарыда көрсетілген Қазақ елітақырыбы бойынша,сөйлесу
бөлімінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz