Музыкалық қызметтің түрлері
Музыка
Музыкалық қызметтің түрлері:
Музыкалық-ырғақтық қимылдар
Балалардың музыкалық қызметтерін дамытуында музыкалық-ырғақтық
қимылдарды қолдану, швейцарлық ғалым Женева консерваториясының профессоры,
пианист және композитор Э.Ж. Далькроздың (1865-1950) идеясы. Оның ойынша,
музыка ырғағы адамның моторлық, бұлшық еттерінің реактивтігімен тығыз
байланысты.
Әрі қарай Далькроздың идеясын оның ізбасарлары Н.Г.
Александровамен, Е.А. Румермен, Н.А. Метловпен және т.б. дамытылған.
Музыкалық-ырғақтық қимылдарды музыка сабағында қолдану балалардың
шығармашылық қабылеттерін, музыкадан алатын әсерлерге шапшаң және дұрыс
жауап бере білушілік қабылетті, сонымен қатар саздылықпен ырғақ сезімін
дамытады.
Музыкалық ырғақтық қимылдарының тәсілдері арқылы музыкалық
тәрбиенің міндеттері:
білімділік: жүріс, жүгіріс және т.б. қимыл түрлері арқылы музыкалық
бейнелерді білдіру машықтарын қалыптастыру; музыкалық шығармаларды
екпінімен, динамикасымен, регистрлік ерекшеліктерімен сәйкес ырғақпен
қозғалу машықтарын қалыптастыру; қимылдарда метрді, акценттерді, ырғақтық
суреттерді белгілеу машықтарын қалыптастыру.
Тәрбиелік: баларда қимыл мәдениетін, сезім мәдениетін,
жаттығуларды, ойындарды және билерді ұжыммен орындауда жауапкершілік
сезімін тәрбиелеу.
Дамытулық: балаларда эмоциялық қайырымдылықты (отзывчивость);
көркемдік-шығармашылық қабылеттерін дамыту.
Музыкалық-ырғақтық қимылдардың түрлері. Музыкалық тәрбие қозғалыс
тәсілдері жаттығуларда, ойындарда, билерде іске асырылады. Атап кеткен
музыкалық-ырғақтық қимылдар жалпы міндетті орындайды – қимыл және музыка
бірлігіне жету.
Музыкалық ойындар музыканың эмоционалдық мазмұның білдіруіне
бағытталған. Сюжеттік және сюжетсіз музыкалық ойындар түрлері бар.
Балалардың билері халықтық және классикалық бишілік қимылдар
элементтнріне негізделген.
Балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдістемесі.
Балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйретудің негізгі ережесі музыкаға
назарлы қатынасы.
Музыкалық қызметтің түрі: музыканы қабылдау
Оқушылардың музыкалық тәрбиесінің негізгі міндеттерінің бірі
музыкалық қабылдауды дамыту болып келеді. Музыкалық педагогикада музыканы
қабылдау екі мағынаны білдіреді. Біріншісі, сабақтағы балалардың музыкалық
қызметтер түрлері – хормен ән айту, музыкалық аспаптарда ойнау, музыкалық-
ырғақтық қимылдар. Терминнің басқа мағынасы, музыканы тыңдау: әр түрлі
стильдегі және жанрлардағымузыкалық шығармалармен, композиторлармен,
орындаушылармен таныстыру.
Музыканы қабылдау эстетикалық қабылдаудың бөлігі болып келеді және
соны есте сақтау қажет: музыканы қабылдай отырып адам оның әсемдігін сезіну
керек. Музыкалық қабылдау – музыкалық мазмұнды (музыкалық бейнелерге)
эмоционалды есту және уайымдау көркемдік бірлік ретінде.
Оқушыларда музыкалық қабылдау процесс тұрақтығын сезімдік
аспектісінен, эмоцияны оятудан бастау керек. Музыкалық шығарманы қабылдау
процессін ұйымдастыру келесі кезеңдерге бөлінеді:
- мұғалімнің кіріспе сөзі;
- шығарманы тыңдау;
- тыңдалған шығарма туралы әңгіме;
- шығарманы талдау (анализ);
- қайтадан тыңдау.
Оқушылармен өнер шығармаларын қабылдауында келесі жағдайлар болып келеді:
- педагогикалық жүйелілік басқару;
- балалардың да, мұғалімнің де эмоционалдық ашықтығы (открытость);
Бұл мағынада балалардың музыкамен қуанышы, таңдануы, таңырқауы бағалы;
- балаларға музыкалық-эстетикалық білімдерді қызықты формамен
жеткізу;
- көлемдері үлкен емес музыкалық шығармалар.
Музыкалық қызметтің түрі: хормен ән айту
Балалардың қызмет түрлерінің ішінде музыка сабағында хормен ән
айтудың бірнеше анық артықтығы бар.
Музыка сабақтарында хормен ән айтудың мақсаты – оқушылар өздерінің
шығармашылықтарының шығуына хор орындаушылығы арқылы себеп болу.
Міндеттері:
- оқытулық (білімділік): дауысты қою және дамыту, вокал-хордық
машықтарды қалыптастыру, вокал-хордық репертуармен таныстыру.
- Тәрбиелік: вокалдық есту қабылеті ән айтудың маңызды факторы
ретінде біртұтас ән айту нақышына тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, назар аударуға,
жауапкершілікке тәрбиелеу.
- Дамытулық: музыкалық қабылеттерді дамыту, балаларды хормен ән
айтуға қызықтыру.
Музыка сабақтарында хормен ән айту қызметін қолдануда, мұғалім кіші
буын оқушыларының дауыс ерекшеліктерін білу қажет. Шығармамен вокалдық
хордық жұмыс жасау келесі кезеңдерден тұрады: әнмен таныстыру, әуенді және
сөздерін меңгеру, мәнерлік орындауға жұмыс жасау, қорытындылау және
қайталау.
Тақырып: Музыка сабағы – мектеп пәні
Мектеп пәні ретінде музыка сабағы, біріншіден өнер сабағы деп
аталады. Музыка сабағы басқа пәндермен қатар мектеп жоспары бойынша өтетін
сабақ. Музыка сабағының өзінің ерекшеліктері бар, сонымен қатар мектеп пәні
ретінде басқа сабақтармен ұқсастығы да бар.
Ұқсастықтары келесіде:
біріншіден, оқыту жоспарына кіретін бүкіл пәндерді жалпы міндет
біріктіреді: жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру;
екіншіден, кез келген мектептік сабақтын құрылу негізінде психолого-
педагогикалық заңдылықтар жатыр. Мысалы: балалардың жас ерекшеліктері
ескеріледі;
үшіншіден, мектепте оқыту процессі жалпы дидактикалық принциптердің
негізінде құрылады. Басқа бір пәнді оқытуда сияқты музыка сабағына да тән
принциптер: тәрбиелеп оқыту, жүйелілік, көрнекіліктерді пайдалану және
т.б.;
төртіншіден, сабақты ұйымдастыру формасы музыканы басқа пәндермен
байланыстырады: басқа пәндерге тән сыныптың құрамы бір және оқушылардың
жастары бір келкі; оқушылардың қызығушылықтарына, бейімділіктеріне
қарамастан, сабақ бүкіл оқушыларға міндеттелген; сабақтың созылу уақыты;
жаңа тақырып өту, бекіту, қайталау, өткен материалды меңгеруін тексеру;
бесіншіден, әр-түрлі жұмыс формалары арқылы (мысалы: оқу, жазу,
мұғалімнің әңгімесін тыңдау, шығарма – немесе: ән айту, музыка тыңдау,
музыкалық импровизация және т.б.) сабақтын тұтастығы. Әр түрлі қызметтерді
сабақ мазмұнына еңгізу;
алтыншыдан, негізгі оқыту әдістері жалпы болып келеді: көрсету-
түсіндіру, сұхбаттасу, әр-бір тапсырманы орындау үшін мәселелік жағдайларды
құру.
Басқа сабақтардан айырмашылығы. Біріншіден, музыка сабағы өнер
сабағы.
Екіншіден, музыка өрісі тек қана ой өріске байланысты емес, сонымен
қатар бүкіл психикалық қасиеттерін дамытады (сезім, қиял, эмоциялық
толғану). Музыка адамға жалпы комплексті бүкіл физиологиясына әсер етеді.
Музыка сабағының үшінші айырмашылығы, эмоционалдық және
саналылықтың бірлігі. Сабақтың әр элементі балалардың белсенділіктерін,
қызығушылықты қатынастарын арттырады.
Төртінші ерекшелігі, көркемдіктің жәнетехникалықтың бірлігі. Музыка
сабағы өнер сабағы ретінде болғандықтан оның бүкіл компоненттері көркемдік
болғанын талап етеді. Тыңдауға, әндетуге арналған репертуары ғана емес,
сонымен қатар тез келген жаттығуларда көркемдік болу керек.
Бесінші ерекшелігі, жұмыстың ұжымдық формасы болып келеді, бүкіл
балалар бір уақытта музыканы орындайды және тыңдайды (хормен ән айту т.б.)
Бірінші сынып оқушысының жалпы мінездемесі
1-сынып оқушыларына тән:
а) бүкіл ағзасының нәзіктігі, қалыптаспағандығы; бір қалыпта
отырғандықтан, мұғалімнің бір үнде сөйлеуінен және т.б. тез жалығу;
б) балалардың жүйелілік жұмыс істеуге дағдылары жоқ. Ой-өрістері
дамымаған, бірақ зейін, еске сақтау дағдылары зор болады;
в) ерікті абайдың (непроизвольное внимание) көлемі аз. Еріксіз
абайдың көлемі көбірек, сондықтан еріксіз абайды белсендету керек
(активизировать);
г) балалардың бейнелеу қиялы өте дамыған (воображение);
д) ойынға бейім болады. Сондықтан сабақты ойын арқылы түсіндіру,
өткізу қажет.
1-сынып балаларының музыкалық қабілеттері әр түрлі болады. Бір
балалардың қабілеттері көрініп тұрады, екіншілердікі аса көрінбейді.
Біреулері музыканы жақсы қабылдай, тыңдай білетін болса, екіншілері оны
неге тыңдау керек екенін білмейді. Кейбір балалар арнайы музыкалық
мектептерде оқып музыкаға деген ынталары зор болады. Сондықтан балалардың
музыкалық дамуыда әр түрлі болады. Осы жастағы балалардың музыкалық
мінездемесі болады:
1) музыканы қабылдай біледі, көп балалар негізгі музыкалық
жанрларды ән, би, марш айыра біледі. Бірақ балалар тек қана қысқа, көрнекі,
қызықты музыкалық шығармаларды қабылдайды;
2) балалардың ән айту мүмкіншіліктері шамалы. Әншілік диапазондарды
2-3, 3-4 дыбыстан аспайды. Дауыс құбылысы әлі дамымаған. Нәзік, күші аз
болады. Дыбысының тарауы аз (полетность звука). 1-сынып оқушыларының жұмыс
жасау диапазоны примарлық тонмен қатар болуға тиісті. М-ы: 7-жастағы
баланың дыбыс көлемі ре-ля дыбыстарынан аспау керек. Балалардың ырғақтық
импровизациялары жақсы дамыған.
Музыкалық тәрбиенің әдістемесі 2-сыныпта
1-сыныпта қолданылатын музыкалық тәрбиенің жалпы міндеттері 2-
сыныптада қалады. Мұнда, музыкаға деген сүйіспеншілікті және қызығушылықты
қалыптастыру, оқыту процессінде музыкалық қабілеттердің дамуын жалғастыру.
2-сынып оқушысының жалпы мінездемесі: 1 және 2 сыныптардың
балаларына көп белгілері жалпы, бірдей болады, бірақ белгілі
айырмашылықтары бар. Ең негізгісі 2-сынып оқушысы тәжірибелі оқушы; оған
мектеп тәртібі (режим) және сабақтағы талаптар үйреншікті; 1-сынып
оқушыларына қарағанда олардың зейіндері нық бола бастайды, ойлау
қабілеттері көбірек дамыған, яғни талдау жасау қабілеттері.
2-сынып оқушысының музыкалық дамуы 1-сыныптағы музыкалық
сабақтардың сапасына байланысты. 1-сыныптағы ұйымдастырылған, міндетке
бағытталған, қызықты музыка сабақтары балаларды бірге музыканы тыңдауға,
одан алған әсерлерін айтуға, бір-бірін тыңдап хормен ән айтуға үйретті. 2-
сыныпта музыкалық жанрларды интонация, музыканың дамуы, музыканың формасы
(құрылысы) арқылы менгереді.
3-сыныптағы музыкалық тәрбиенің әдістемесі: Егерде 1-сыныпта
музыкалық тәрбие басы, негізі, 2-сыныпта орталық жалғасы және алдында
алынған білімдерін бекіту болса, 3-4-сыныпта мектептегі бүкіл бастауыш
кезеңдегі білімдерін аяқтау.
3-сынып оқушысының жалпы мінездемесі: 3-сынып оқушысы, ол
қалыптасқан типтік оқушы. Бұлшық еттері аса мықты, күшті дамыған. Зейіні
және ақыл-есі дамыған. 3-сыныпта балалардың қызығушылықтары және
бейімділіктері тұрақты және таңдамалы бола бастайды, бірақ әлі тұтас
қалыптаспаған. 1,2-сыныпта балалар әр қызмет түрін ынтамен жасаса, ал 3,4-
сыныпта балалардың қызығушылықтары анықталған, олардың арасында әр түрлі
мінезді сабақтарға аса және кем қабілетті екені анықталады. Мұғалім үшін 4-
сыныптағы музыкалық тәрбие қиыншылық тудырады. Нағыз осы кезде балаларда
музыка сабағынада өзіндік анықталған қатынасы қалыптасады.
Музыкалық тәрбиенің әдістері
Музыкалық тәрбие әдісінің түсінігі (әдіс грек. сөзінен бірденеге
жол) кіші буын оқушыларының музыкалық тәрбиесінің мақсатына жетуге
бағытталған мұғалім мен оқушылардың белгілі іс-әрекеттері.
Кіші буын оқушыларының музыкалық тәрбиесінде жалпы педагогикалық
әдістері қолданса, солай музыкалық өнердің өзгешелігін белгілейтін әдістер
қолданылады. Сонымен жалпы педагогикалық әдістерінен қолданылатын әдәстер
тобы:
білім қайнары бойынша (тәжірибелік, көрнекілік, сөздік, кітап пен
жұмыс, видео әдіс),
тағайындау бойынша (білім алу, дағдыларды және машықтарды
қалыптастыру, білімдерін, шығармашылық қызметтерін қолдану, бекіту,
білімдерін, дағдыларын, машықтарын тексеру),
танымдық қызметтерініңмінездері бойынша (түсіндірілу-көркемділік,
репродуктивтік, эвристикалық, зерттеулік, ойындық),
дидактикалық мақсаттар бойынша (алғашқы материалды меңгеруге
мүмкіндік жасайтын, алған білімдерін бекіту және жетілдіру әдістері).
Жоғарыда аталып кеткен жалпы педагогикалық әдістер кіші буын
оқушылардың музыкалық тәрбиесінде оқытулық, дамытулық, тәрбиелік, бақылау-
өзгертулік функцияларды орындайды.
Белгілі музыканттар және педагогтар музыкалық өнердің ерекшелігін
анықтайтын әдістер тобына мынадай әдістерді жатқызған:
-музыканы бақылау әдісі, музыкаға көндірмеу, керісінше онымен
сендіру, қуанту әдісі, суырып салма әдәсі (Б.В. Асафьев);
-уайымдасу әдәсі (сопереживание) (Н.А. Ветлугина);
-музыкалық жинақтау, алға кету (забегание) және өткенге қайтып
келу әдісі, музыка туралы толғану, ойлану, эмоционалдық драматургия
әдістері (Д.Б. Кабалевский, Э.Б. Абдуллин);
-стильдерді айыруын дамыту әдісі (Ю.Б. Алиев);
-көркемдік шығармашылық процессін үлгілеу (моделирование) әдісі
(Л.В. Школяр);
-музыканы меңгеруде интонациялық-стильдік әдісі (Е.Д. Критская).
Бүкіл осы әдістер, кіші буын оқушыларының көркемдік дамуларына,
өнердің эстетикалық мәніне парапар (адекватный) кіші буын оқушыларының жас
ерекшеліктеріне, сонымен қатар оқушылардың музыкалық тәрбиесінің мақсаттары
мен міндеттеріне бағытталған.
Сонымен, музыкалық жинақтау әдісі оқушыларда білім жүйелерінің
қалыптасуын, музыкалық өнерге деген қатынастарының дамуын ұйғарады
(предполагает).
Жинақтау әдісінің күші көркемдік ойлау дамуына бағытталғандықтан,
Д.Б. Кабалевский осы әдісті мектептегі музыкалық сабақтарында негізгі әдіс
деп санаған.
Алдына жүру және өткенге қайтып келу әдісі балаларда музыка туралы
тұтастық елестетуін қалыптастыруға бағытталған.
Эмоционалдық драматургия әдісі, оқушылардың музыкаға деген
эмоционалдық қатынасын белсендіреді, сонымен қатар музыкалық өнерге деген
құмарлықтарын және қызығушылықтарын тудыруына әрекет жасайды.
Көркемдік шығармашылық процессін үлгілеу (моделирование) әдісі
баланың шығармашылық потенциясының жетуіне бағытталған.
Музыканы меңгеруде интонациялық-стильдік әдісі музыкалық өнердің
табиғатына парапар. Е.Д. Критскаяның ойынша, осы әдіс дәстүрлердің және
жаңашылдықтардың анықтауна себеп болады.
Ереже бойынша, музыка сабағында әр түрлі әдістер алған
білімдерінің есебінен, балалардың көркемдік қызмет түрлерінен, сабақ
түрлерінің және көркемдік-шығармашылық қабілеттерінің даму мәселелерінің
жиынтығымен қолданылады.
Тартыс аспаптық сайыс
Аспаптық сайыс – тартыс қазақ халқының музыкалық тұрмысында кең
тараған.Домбыралық тартыстар үш түрге бөлінеді:
1) орындау шеберліктерін көрсету;
2) сазгерлік өнерін көрсету;
3) сазгерлік шеберлігін көрсету, күйді бір ойнағаннан кейін есте
сақтаумен байланыстыру;
1. тартыстың бірінші түрі кең тараған. Музыканттар бірінен соң
бірі әр түрлі күйлерді ойнап, өз техникалық шеберліктерін көрсетеді.
Орындалатын күйлер санына әр түрлі авторлардың шығармалары еңгізіледі,
сонымен қатар өздерінің шығармалары кіреді. Осындай тартыстың үлгісі екі
белгілі домбырашылардың Құрманғазы мен Дәулеткерейдің кездесуі болады. Аңыз
бойынша осы тартыста Құрманғазының Бұлбұлдың құрғыры атты күйі
шығарылған.
2. Келесі тартыс түрінің ерекшелігі, сайыстың қатысушылары күй
шығару өнерін көрсетеді. Мысал ретінде адай руының Күлшар деген жігіттің
табын руының қызымен және оның шешесімен тартысын келтіруге болады. Бұл
тартыс Нар идірген күйінің аңызында көрсетілген.
Жалпы білім беретін қазақ орта мектебінің Музыка пәніне арналған
Мұрагер бағдарламасы
Мұрагер атты бағдарлама ән-күй пәні бойынша қазақ орта мектебінің 1-
7 сыныптарына арналған. Бағдарламаның негізгі мақсаты - өзінің тілін,
дінін, дәстүрін, өнерін, әдет-ғұрыптарын біліп, халқының асыл қазынасының
мұрагері сезінетін, өз елін, туған жерін, ата-мекенін сүйетін Қазақстан
Республикасының азаматын тәрбиелеу. Бағдарламаның ерекшелігі - өнер арқылы
балалардың творчестволық қабілетін ашу.
Бағдарламаның басты темірқазығы – балаларға домбыра үйрету арқылы
олардың жалпы халық өнеріне деген ынтасын арттыру. Домбыра үйрету барысында
халықтың музыка педагогикасына арқа сүйеген. Ол домбыра қағыстарын көзбен
көріп, сөз иірімдерін құлақпен ілу сияқты домбыраны нотасыз үйрету
әдістемесіне негізделген. Бағдарлама балалардың санына қарамай кез келген
сыныпта қолдана беруге болатын, коллективті түрде нотасыз домбыра тартып
үйретудің әдістемесі ұсынылады.
Білімділік мақсаттары:
- домбыра сүйемелдеуімен ән айтып, күй тартуға үйрену;
- аңыз-күйлер тыңдау арқылы балалардың мифологиялық білімін
қалыптастыру;
- жыраулық дәстүр мен айтыс өнерінің поэтикалық өлең құрылысын
талдай отырып, осы заман тақырыптарына өлең құрап үйрету;
- ұлттық қолөнер технологиясын меңгере отырып, қазақтың ою-
өрнектерімен таныстыру;
- түркі халықтарының музыка мәдениеті жөнінде мағлұмат беру;
- батыс-еуропаның классикалық музыкасын зерттеу арқылы олардың
көркемдік құндылықтары туралы (ой-өрісін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz