Музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту жолдары



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

Саз кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Музыка сабағындағы оқушылардың шығармашылық бастамаларын дамыту жолдары

Орындаған: 5в КДО сырттай
бөлімінің студенті Кайреденова
Жибек Елеубековна
Жетекші:

Орал-2015ж

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Баланың музыкалық шығармашылығының мазмұны мен формалары
1.1. Музыкалық тәрбие программасының
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Музыкалық шығарманың мазмұны мен формасының бірлігі
жұмыстардың атқаратын
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
4
2.1 Қазақ ойшылдары мен ағартушы-педагогтарының еңбектеріндегі халық музыка
шығармашылығының педагогикалық мүмкіндіктері туралы
идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
2.2 Мектеп оқушыларының шығармашылық қызығушылығын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .30
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 32

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан халқының ілгері дамуын қамтамасыз
ететін – білім саласы. Бүгінгі таңда білім саласының алдында дайын білімді,
дағдыларды меңгеретін, қайталайтын ғана емес шығармашылық бағытта жұмыс
істейтін тың жаңалықтар ашатын, біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін
жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр. Бүл, әрине, оқушылардың шығармашылық
әрекетін дамытуда маңызды мәселе екендігін дәлелдейді. Жалпы оқушылардың
шығармашылық әрекеті ғылыми – педагогикалық проблема ретінде едәуір
зерттелген. Оқушылар бойында шығармашылық әрекет тәжірибелерін
қалыптастыру қажеттілігі туралы 80 жылдары – ақ И. Я. Лернер жазған
болатын.
Қазақстанда шығрармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын
жүргізген психолог – ғалымдар Т. Тәжібаев, Ж. Аймауытов, В. К. Шабельников,
Н. Палагина, Қ. Р. Рахымбаев, М. О. Резванцева, С. Қ. Бердібаева, Б.
Тұрғынбаева еңбектерін атап өтуге болады.
Бала мейлі жақсы, мейлі жаман іс болсын, әйтеуір бірдеме істеуі
керек. Ештеңемен айналыспаған адамның жан дүниесі жөнді жетілмейді. Ж.
Аймауытовтың бұл пікірі белгілі психолог А. Н. Леонтьевтің адам
психологиясы тек іс - әрекет үстінде дамып отырады дейтін қағидасына жақын
тұжырым деп есептейміз.
Шығармашылық жеке тұлғаның қалыптасуындағы маңызды орындардың бірін
өнер иеленеді. Ол моральдық - этикалық қасиеттерді тәрбиелеуге көмектеседі.
Өнердің ішінде заманауи дүниенің неғұрлым түсінікті және жалпыға қолжетімді
тілі - музыкаға ерекше мән беріледі. Балаларды ерте жастан музыкаға
әуестендірудің, шығармашылық қабілеттері мен дарындылығын анықтаудың,
олардың рухани мәдениетін тәрбиелеудің өмірлік қажеттігі бар. Музыка
адамның ойы мен оның қызметін құрылымдауға көмектеседі, математиканы,
тілдерді зерделеуді, орнықты ұзақ мерзімдік жадтың дамуын жеңілдетеді.
Оқушыларға өзін - өзі таныту мүмкіндігін беруің үшін музыканы оқытудың
формалары мен мазмұнын оңтайландыру жолдарын іздестіріп, бүгінгі кешке алып
келіп отырмыз.
Музыкалық ойланулар күнделігінің мақсаты - оқушыларда олардың
эмоциялық қабылдаушылығы негізінде музыкаға белсенді, шығармашылық көзқарас
қалыптастыру, музыкалық шығармаларды тыңдау мәдениетін тәрбиелеу, музыка
пәнін тану үдерісінде оқушы қозғалысының ішкі серпінін бейнелеу.
Бәрінен де бұрын адамдардың өмірдің әр түрлі сәттеріндегі бастан
кешкен күйлерін бейнелеп беретін ғажайып мүмкіндігімен түсіндіруге болады.
Халық шаттық құшағында екен — музыка әуені де салтанатты, қуанышты, ал
солдат жорықта келе жатып ән салады екен — ән оны аса бір көңілдендіріп,
қадамын ширатады; ана қаза тапқан баласын жоқтап аза тұтса — мұңды дыбыстар
қайғыны айтып беруге көмектеседі. Музыка — адамның өмірлік серігі.
Қандай тамаша материал!.. осы материал негізінде халықтың ой
-арнамдары мен күткен асыл үміттері туралы тамаша зерттеу жазуға болар еді
ғой деген болатын В. И. Ленин орыс шаруалары әндерінің жинағы туралы.
Н. В. Гоголь халықтың музыкалық творчествосын бейнелі сөзбен әуенді
тарих, сыңғыраған жанды шежіре деп атаған.
Музыкалық шығармалар тарих беттерін көз алдыңа елестетеді. Ұлы Отан
соғысы күндерінде сол дәуірдін, ең тандаулы әндерінің бірі — А.
Александровтың Қасиетті соғыс әні дүниеге келді. Ол жауды толық жеңіп
шыққанға дейін шайқасуға бел байлаған совет адамдарын қайтпас қайсар,
қаһарлы күреске біріктірді. Жау қыспағында қалған Ленинградта Д. Шостакович
әйгілі Жетінші симфониясын жазды, Онда фашизм бойындағы қатыгез зұлымдық
айыпталды. Өзім жайында мұндай сөздер айтуды ұнатпаймын, дегенмен бұл
менің ең шабытты еңбегім болды,— деп . еске түсіретін композитор. Мына
сөздерді айтқан да Д. Шостаквич: Қайғы мен қуамышта да, еңбек пен
демалыста да — әрқашан да музыка адаммен бірге. Музыканың өмірге толық та
етене енгені соншалық, оны бір солай болуға тиісті нәрсе сияқты, өзіміз
ойланып, жатпайақ, елеп-сезінбей тыныстайтын ауа сияқты қабылданады.
Зерттеудің мақсаты: Музыка сабақтарында қолданылатын шығармашылық
жұмыстармен таныстыру.
Зерттеу міндеттері.
• оқушыларды пән бойынша жаңа қызықты ақпарат іздестіруге уәждеу;
• музыкалық тесттерге талдау жасауға, жеке музыкалық әсерлерінің
өзіндік қорытындыларын тұжырымдауға үйрету;
• оқушыларда шығармашылыққа, музыканың өмірмен байланысын көре білу
шеберлігіне көзқарасы қағидасын қалыптастыру.
Зерттеу мәселесі. Халқымыздың болашақ ұрпағы өз заманына сай тәлімді
тәрбие алуы үшін, осы мәселелерге баса назар аударылғанын қалаймыз.
Сондықтан болашақ ұрпақ, соның ішінде қазақ баласының болашағы бізді көп
толғаныдары. Себебі, егемен еліміздің болашағы, ертеңі – ол бүгінгі өсіп
келе жатқан бала екені бәрімізге белгілі. Осы балалардың дұрыс тәрбие алуы
білікті мамандарға, тәрбиешілерге тікелей байланысты. Тәрбиеші деген үлкен
ұғым, сол ұғым өз деңгейінде болып, ғасырмен қатар қадам басқаны дұрыс.
Зерттеу болжамы. музыка сабақтарына арналған және музыкалық білім беру
бағдарламасымен қарастырылған тақырыптарды тереңдетеді. Музыка сабақтарында
шығармашылық жұмыстарды қолдану оқушылардың жас ерекшеліктері есепке алына
отырып құрастырылған. Оның көмегімен оқушылар өз ойларын білдіруге,
шығармашылыққа, жаңа нәрсені білуге үйренеді.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі оқу тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: Мектепке дейінгі мекемеде балалардың музыкалық оқу іс -
әрекетін ұйымдастыру жолдары.
Зерттеудің ғылыми – практикалық маңызы. - музыкаға деген өз көзқарасын
білдіруге;
- өзінің шығармашылық өсуін қадағалап отыруға;
- музыкалық әсерлерді нақты өмірмен байланыс мәтінінде қарастыруға;
- рефлекциялауға мүмкіндік береді;
Бұл кештің жұмыс істеу жүйесін қарастыра отырып, мынадай әдістер
ұсынылуы мүмкін:
- проблемалық
- түсіндірмелі - иллюстрациялық:
- салыстыру әдісі және басқалар.
Зерттеу құрылымы: кіріспеден, теориялық және практикаалық
бөлімдерден және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Баланың музыкалық шығармашылығының мазмұны мен формалары
1.1. Музыкалық тәрбие программасының сипаттамасы
Балалар бақшасындағы тәрбие программасы— бүкіл тәрбие жұмысын
балаларды жан-жақты дамытуға, оларды мектепке даярлауға бағыттайтын
мемлекеттік документ.
Музыкалық тәрбие программасы мына ережелерді ескере отырып жасалған:
- қазіргі дәуірмен тығыз байланыстырылады; программаның бүкіл
материалы, оның репертуары және балалар іс-әрекетінің ұйымдастырылуы
педагогика ғылымы мен практиканың осы күнгі талаптарына сай болады;
- баланың жеке басын, оның музыкалық ынтасын, қажеттерін, қабілетін
қалыптастыру процесі бірте-бірте және жүйелі түрде жүргізіледі;
- әр жастағы балаға музыкалық білім беру ісі оларды жоспарлы түрде
мектепке даярлау мақсатымен ұштастырыла жүргізіледі.
Программаның материалы іс-әрекет түрлеріне қарай бөлінеді (ойын,
сабақ, еңбек, қам-қарекет) және балалардың жасына қарай жеті топқа сай
келеді (екі бүлдіршіндер тобы, екі кіші топ, бір орта топ, бір үлкен топ
және мектепке даярлау тобы).
Түсінік хатта эстетикалық тәрбиенің маңызы ашып көрсетіледі. Дәл сонда
музыкалық тәрбиенің де жалпы бағыты берілген, балалар бақшасындағы
балалардың кіші топтардан бастап үлкен топтарға дейінгі музыкалық жетілу
динамикасы көрсетілген, сондай-ақ балалардың мектепке бару кезіне дейінгі
музыкалық жетілуінің шаммен алынған дәрежесінің сипаттамасы келтірілген.
Ойын — мектеп жасына дейінгі балалар кызметінің негізгі түрі, оған
хороводтар, сюжеттік-рольдік әндер, қимыл ойындары енуі мүмкін. Музыкалық-
сенсорлық қабілеттерді дамытатын музыкалық -дидактикалық ойындар шағын
бөлім етіп өз алдына бөлек көрсетілген.
Музыкалық-дербес қызмет балалардың өз ынтасымен ойынның, барысында
туып, олардың өмірін қызықты мазмұнмен толықтырады.
Мерекелер мен ойын-сауықтар қатарына тәрбиешілердің творчестволық
инициативасы мен балалардың белсенділігі жағдайында музыкалық -эстегикалық
тәрбиенің зор міндеттерін шешетін көркем музыканың көптеген түрлері мен
жанрлары енеді.
Музыканы баланың күнделікті өміріне енгізу де осы міндеттерді шешуге
қызмет етеді. Тақертеңгі жаттығу кезінде, серуенге шыққанда, еңбек еткенде,
ана тілі жөніндегі, табиғатпен таныстыру жөніндегі сабақтар кезінде де
музықа бірге жүреді.
Музыкалық сабақтар — балаларды тәрбиелеудің, оқытудың, жетілдірудің
негізгі формасы — ол мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктеріне
қарай жасалынған программалық талаптарға негізделеді.
Балғын шақтағы бірінші топ (1 жастағылар). Мұндағы жұмыс программа
бойынша жүйелі сабақтар ретінде жүргізіледі; оларда бүлдіршіндердің
эмоциялық белсенділігі мақсатты түрде дамытылып, олардың музыкалық қызметке
бұдан былайғы қатысуы үшін алғы шарттар жасалады.
Балғын шақтағы екінші топ (2 жастағылар). Балаларға музыкалық тәрбие
беру программасына музыканы тыңдау, ересектерге ілесіп ән салу, музыкаға
ілесіп ойын және би қимылдарын жасау сияқты, баланың музыкадан алатын айқын
әсерлеріне негізделген ең қарапайым талаптар енгізілген.
Одан кейінгі жастағылар топтары (3—7 жастағылар). Бұл топтардағы
сабақтарда балаларды оқыту программалары құрылымы жағынан бірдей және
оларға мыналар қамтылған:
1) музыкалық тәрбиенің міндеттері;
2) музыкалық қызметтің жекелеген түрлері: музыка тыңдау, ән
айту, балалардың музыкалық аспаптарында музыкалық-ырғақ қимылдарын келтіру
және ойнау (әзірлік тобындағы және көбінесе
үлкен топтардағы балалар үшін) жөніндегі программалар;
3) музыкалық қызметтің барлық түрлері бойынша (бірінші кіші топтан
басқа) әр тоқсанға бөлінген репертуар.
Егер балалардың жасына қарай музыкалық тәрбиеге қойылатын міндеттерді
салыстыратын болсақ, онда мыналарды атап айтуға болады, балалардың жасына
қарай бөлінген топтарда жүргізілетін жұмыстың бәрінде де бірыңғай міндеттер
шешіледі, олар бірте-бірте күрделілендіріліп отырады, осы арқылы мектеп
жасына дейінгі балаларды музыкалық тәрбиелеу мен жетілдірудегі сабақтастық
қамтамасыз етіледі.
Музыкалық қызметтің негізгі түрлерінің аясы (музыканы тыңдау, ән айту,
музыкалық-ырғақты қимыл) ән, ойын, би творчествосы элементтерін, балалардың
музыкалық аспаптарында ойнауды енгізу есебінен кеңейтідеді, сөйтіп,
балаларға музыкалық білім элементтерін үйретуге мүмкіндік туады.
Музыкалық тәрбие мен білім беру міндеттері оқу барысында шешіледі.
Балаларға музыка туралы әңгіме айтылады, бейнелі жеткізу тәсілдерімен
таныстырады, шығарманың формасына, бір-бірінен бөлектігі айқын байқалатын
бөлімдері мен фразаларына олардың назарын аудартады. Балалар кеибір
түсініктерді, мәселен: музыкалық кіріспе, бастама мен қайырма,
музыкалық фраза тағы басқа түсініктерді ұғып, жаттап алады.
Басты міндет — музыканы, әнді, қимылдарды және аспаптарда ойнауды
игеру саласындағы әрекеттерді, дағды мен шеберлікті іс жүзінде меңгеру.
Егер балалар тапсырманың мән-мағынасын жақсы түсінсе, оны оңай орындайды.
Мәселен, әсерлі шығуы үшін бесік жырын дауысты қатты шығармастан, асықпай,
сазды орындаған жөн. Балалар бұған дағдылана отырып әннің мазмұны,
музыкасының сипаты және орындалуы туралы біршама мәліметтер алады.
Музыкалық білім мәліметтерін шартты түрде жалпы және арнаулы
сипаттағы мәліметтер деп бөлуге болады.
Жалпы сипаттағы мәліметтер музыкалық қызметтің барлық түрімен (ән
айтумен, қимылмен т. б.) байланысты:
– музыка әрқашан да алуан сезімдерді бейнелейді, бір нәрселер
жайында баяндайды, ол өзінің сипаты жағынан әр түрлі;
– музыка дамып отырады, өзгеріп отырады, онда бір-біріне ұқсас және
бір-біріне қайшы үзінділер, соған орай бір-бірінен өзгеше
бөлімдер, музыкалық фразалар, бастама, қайырма бар екенін байқауға
болады;
– музыканың мазмұнын бейнелеп, сырын білдіретін өз тілі, өз
құралдары болады;
– музыканы композиторлар мен халық жасайды.
– Арнаулы сипаттағы мәліметтер қызметтің нақты бір түрімен
байланысты болады;
– Ән айтуды үйреткенде балаларға мынадай түсініктер беріледі:
дауыстың естілу сипаты туралы (созыңқы, үздік-үздік, сазды,
жеңіл);
– дикцияпың дүрыстығы туралы (анык, айқын, бейнелі);
– әуен сызығы туралы (әуен қалықтан жоғары көтеріледі немесе
төмендейді, дыбыстар қайталанады немесе біреуі биік те, екінші
біреуі төмен болады);
– метр-ырғақ туралы (дыбыс қысқа немесе ұзын болады т.т.).
Музыкалық ырғақты қимылдар үйретілгенде мынадай түсініктер беріледі:
– музыканың сипатына сай қимыл сипаты туралы (сергек, нық,
біркелкі жүру, жеңіл, екпіндей жүгіру т. т.);
– музыкалық шығармалардың ырғақ, екпін, динамикалық өрнек
-бояуына байланысты формасы туралы (жедел, баяу, ақырын,
қаттырақ және т. т.);
– би қимылдарының элементтері туралы (полька адымы, құбылмалы
адым, желу т. т.);
– қайта тұру туралы (саптар, колонналар т. т.).
Бұл мәліметтер программада ғана емес, сонымен қатар практикалық
жаттығуларда да (әндік және музыкалық-ырғақтық) берілген, олар оқыту
процесін неғүрлым жеңілдетеді.
Программаға музыканы тыңдағанда, ән айтқанда, қимылда және аспаптарда
ойнағанда балалардың дағдыланып, шеберлікке үйренуіне көмектесетін нақты іс-
қимылдарының белгілі бір көлемі енгізілген. Әрине, программада осы
қызметтің әрбір түрі бойынша музыкалық өнердің әр түрінің негіздеріне
сәйкес және балалардың қабылдауы мен орындауында олардың жас ерекшеліктері
ескерілген.
Хор өнері вокальдық-хор негіздерін: вокальдық дағдылар (дыбыстың
шығуы, дикция, тыныс алу) мен хор дағдыларын (біркелкілік, интонация мен
ансамбльдің тазалығы, екпінділік, динамикалық, тембрлік жағынан
үйлесімділігі) ескеріле отырып құрылады. Бұл істе мектеп жасына дейінгі
балалардың дауыс ерекшеліктері ескеріледі.
Музыкалық-ырғақты қозғалыстар музыканың көркем образдарын қабылдауды
және оларды қимыл арқылы бейнелеуді жетілдіру негізінде құрылады. Осыдан
келіп программада музыкалық-ырғақ дағдылары мен бейнелі қимыл дағдыларының
көлемі ескерілген.
Музыкалық-ырғақ дағдыларына эмоциялық әсерге бөленушілікті жетілдіруге
арналған жаттығулар, музыкалық образдардың, олардың сипатының ауысуынан,
шығарманың құрылымындағы бөлімдердің, формалардың ауысуынан, сондай-ақ метр-
ырғақтық, динамикалық және екпіндік өзгерістерден туатын әсерлер енеді.
Бейнелі қимыл дағдылары өнердің әр түрімен байланысқан. Қимылдардың
негізгі түрлері (жүру, жүгіру, секіру), гимнастикалық жаттығулар және сап
түзеу дене шынықтыру жаттығулары саласынан алынған. Халықтық, сәнді
билердің және характерлі бидің ең қарапайым элементтері би саласынан
іріктелініп алынған. Бұлардан басқа драмалық, сюжетті-образды қимылдар да
іріктелініп жүр.
Балалар музыкалық аспаптарында ойнауға үйретудің мазмұны түрлі
аспаптармен, олардың құрылысымен таныстыру болып табылады. Балалар шағын
ансамбльге қатыса отырып, дербес және коллективтік дыбысты дұрыс шығару
дағдысын меңгереді.
Музыканы тыңдау программасы музыкалық шығармалармен танысуды және
музыканы қабылдау дағдысын жетілдіру ісін қамтиды.
Балалардың музыкалық тәжірибесі байиды. Олар халық музыкасының түрлі
жанрларымен, классиктердің және осы күнгі композиторлардың әндерімен және
пьесаларымен танысады. Балалардың музыкалық әсерлері молаяды.
Музыканы қабылдау дағдыларын меңгеру музыканы тыңдау мәдениетінің
алғашқы негіздері: шығарманы аяғына дейін тыңдау, оларды танып, формасын
(кіріспесін, бөлімдерін) айыра білу, вокальдық музыканы аспаптық музыкадан,
олардың түрлі жанрларын (би, лирикалық, салтанатты-қаһармандық) бір-бірінен
айыра білуге қалыптастырады.

1.2 Музыкалық шығарманың мазмұны мен формасының бірлігі
Тыңдауға, ән айтуға, музыкаға ілесіп қимыл жасауға арналған шығармалар
балалар бақшасында бөбектер тәрбиелеудің программалық міндеттерін ескере
отырып, іріктелініп алынады және мынадай көркемдік-педагогикалық талаптарды
қажет етеді:
– музыка мазмұны мен формасының біртұтас болуын;
– балалардың музыкалық қызметінің барлық түрлеріне сәйкес
келуін;
– балалар бақшасындағы мектеп жасына дейінгі балалардың әр
түрлі топтары қабылдап, орындай алатындай болуын.
Композиторлар немесе халық жасаған балалар музыкасы әрқашан да
баланың танымы мен эмоциялық көзқарасын байыту үшін олардық тебіреніс-
толғаныстары мен ынтасына етене жақын, бейнелі, жарқын болуға тиіс.
Музыка әлеміне ену дегеннің мәні — қазіргі жағдайларда өзінше бір жаңа
үнмен естіліп жүрген айрықша музыка тілін (сазды интонацияларды, іштей
үйлесімді, жарасымды өрнек-бояуды) түсінуді үйрену деген сөз. Мұнымен бірге
шығармалардық формасы (барлық музыкалық құралдардың комплексі ретінде кең
мағынада түсінілетін) ауыр, күрделі болмауы тиіс.
Бала музыканы, оның образдарын музыкалық бейнелеу құралдарымен
біртұтас күйде қабылдайды. Мәселен, П. Чайковскийдің
Бозторғай әні (Песня жаворонка) фортепианолық пьесасын
тыңдап отырып, балалар тіпті оның қалай аталатынын білмегеннің өзінде де
жарқын музыкалық құралдар арқылы әсерлі әуенді,
құбылған үнді, биік регистрде берілген қоңыр дыбысты сезіне
алады. Онда форма мен мазмұн бірлігі арқылы есте сақталып қалатын музыкалық
образ жасалған, шығарманың зор көркемдігіне
қол жеткен, ал мұның өзі балаларға арналған шығармаларды
іріктеп алу кезінде қойылатын негізгі талап болып табылады.
Репертуардың музыкалық қызмет түрлеріне сай болуы. Музыканы тыңдау, ән
айту, ырғақ жөніндегі музыкалық тәрбие программасына репертуар да сай болуы
тиіс. Тыңдау үшін вокальдық және аспаптық музыка, көбінесе
программалық музыка (мәселен П. Чайковскийдің Қуыршақтың ауруы (Болезнь
куклы), Жаңа қуыршақ (Новая кукла) пьесалары деп көрсетілген нақты
программасы, тақырып тізімдері бар) іріктеліп алынады. Сондай-ақ шығарманың
тақырыбы, жанры, сипатының алуан түрлі болып келуі көзделеді.
Халықтық-ән творчествосынан бесік жырлары, ойын, хоровод, күлдіргі
әндер мен билер іріктеліп алынады. Олар қарапайым, әсерлі, алуан түрлі —
жұмсақ сазды, көңілді және ширақ қимылды келеді. Мұндай шығармалар
(орыстардың, украиндардың, белорустардың, литвандардың, эстондардың,
армяндардың, грузиндердің, азербайжандардың, татарлардың т. б.) жинақтарға
енгізіліп, еліміздің барлық республикаларында балаларға арналып басылып
шығарылып жүр.
Тыңдаған кезде баланың рухани дуниесін байытатын орыс және батыс-
европа классиктерінің көркемдік сапасы жоғары шығармаларын балалар музыкасы
қатарына қосуға болады. Бұларға: П. Чайковскийдің Бала альбомын (Детский
альбом), М. Глинканыд, С. Рахманиновтың полькаларын, П. Чайковскийдіц
Аққу көлі (Лебединое озеро) балетіпің, Н. Римский-Қорсаковтың Салтан
патша туралы ертегі (Сказка о царе Салтане) операсының жеке
фрагменттерін, Э. Григтің, Ф.
Тыңдау үшін белгіленген барлық, шығарманың тақырыдтары (тематикасы)
балаларға жалпы тәрбие жұмыстарының барысында таныстырылатын құбылыстарға
арналады, бірақ музыкалық образдарда бейнеленген өмір әсерлеріне жаңаша
өрнек бояу беріліп, тереңдетіле түседі. Мәселен, С. Маршак сөзіне жазылған
В. В. Витлиннід Шекарашылар (Пограничники) әнін тыңдағанда балалар
біздің Отанымыздың шекараларын солдаттардың күзетіп тұрғанын ғана біліп
қоймайды.
Жалпы тәрбие міндеттеріне, өмір ағымына мектеп жасына дейінгі баланың
бүгінгі замандағы тілек-қажеттеріне сай үйретіледі.
2. Музыка сабақтарында қолданылатын шығармашылық жұмыстардың атқаратын рөлі
2.1 Қазақ ойшылдары мен ағартушы-педагогтарының еңбектеріндегі халық музыка
шығармашылығының педагогикалық мүмкіндіктері туралы идеялар

Қазақ халқының музыкалық шығармашылығы оның өмір - тіршілігімен тығыз
байланысты болған. Оның білім мен жақсылықтың, әдемілік пен құдіреттіліктің
қайнар көзі болып табылатын ән, күй, айтыс, терме, жыр, толғау сияқты сан
түрлі бай жанрларында қазақ халқының басынан өткен небір тарихи оқиғалар,
жат жұрттық шапқыншылармен шайқастағы батырлардың ерлігі, жоғары
адамгершілік сезімдер, күнделікті күйбең тіршіліктің қуанышы мен қайғысы
және т.б. туралы жырланады. Оларда халықтың эстетикалық көзқарастары,
моральдық - адамгершілік нормалары сақталған және халық өмірінің барлық
салаларының мәні анағұрлым толық бейнеленген.
Қазақ халқының музыкалық мәдениеті оның ән шығармашылығынан неғұрлым
айқын көрінеді. Ұрпақ тәрбиесінде халық әндерін пайдалану өз Отанын
сүйетін, туған халқын, оның салт-дәстүрлерін, тілі мен тарихын, өнерін
құрмет тұтып, ұлттық рухты, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, жан-
дүниесі сұлу, рухани мәдениеті бай адамды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Сондықтан ол өскелең ұрпаққа халық дәстүрлерінің негізінде рухани-
адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі аса маңызды құралдардың бірі
болып табылатындығы сөзсіз. Қазақ халқының аспаптық күй шығармашылығы
музыкада бейнеленген тарих ретінде ғана емес, сонымен қатар халық
эстетикасының қайнар көздерінің бірі ретінде де құнды. Ол өзінің ұлттық
- өзіндік бейнелілігімен, музыкалық – көркемдік құралдарының байлығымен
анықталатын идеялық – көркемдік қасиеттеріне байланысты үлкен қызығушылық
тудырады. Халық музыкалық дәстүрінің тағы бір жанры - терме. Ол халық
шығармашылығындағы тақпақ – сазды речитативті әннің бір түрі. Терме –
насихат, өсиет ретінде белгілі бір әуен – ырғақпен орындалатын өлең түрі
болып табылады. Олардың мазмұны этикалық, адамгершілік, эстетикалық
категорияларды ашады. Қазақ халық музыкалық шығармашылығының тарихи сипаты
басым көркем де құнды саласы – эпостық жырлар. Эпостық жырларда
еңбекқорлық, патриоттық, ру-тайпалар арасындағы ізгі қарым-қатынастар,
үлкендерге, әйел –аналарға деген құрмет, адалдық, тектілік, батылдық,
кішілерге қамқорлық, туған өлкенің, ұлттық киімдердің сұлулығы және т.б.
жырланды. Халық музыка шығармашылығының дәстүрлі жанрына толғау да жатады.
Онда ой толғанысын, уақытқа, заманға, оқиғаға, құбылысқа көзқарасын ақын
сөзді әуенмен сүйемелдей отырып білдіреді. Халық музыка шығармашылығының
тағы бір түрі айтыс өнері арқылы жас ұрпақтың бойында еңбекті қадірлеу,
адамгершілік қасиеттер, Отанын, елін сүю уағыздалып, керісінше, өтірік,
мақтаншақтық және т.б. адамды аздыратын жаман әдеттер сыналады.
Қазақ халық музыка шығармашылығының эстетикалық талғамды қалыптастырудағы
мүмкіндіктері, біздің ойымызша, оны игеру процесінде оқушыларда саналы –
сезімдік қабылдау қабілеті қалыптасады. Эстетикалық талғам оқушылардың
халық музыкасындағы эстетикалық құндылықтарды ұғынуға деген белсенді
ұмтылысын бейнелей отырып, эстетикалық идеал, сезім, көзқарас, қажеттілік,
қабілетті біріктіретін музыкалық – эстетикалық қабылдаудағы белгілі бір
жүйелілікті туындатады. Оқушылар қазақ халық музыкасына ортақтасу
барысында адамның жан-дүниесін, қазіргі заманның мақсаты мен мәнін,
табиғатты терең түсіне білу қабілетін өз бойларында тәрбиелей отырып,
міндетті түрде өз рухани мүмкіндіктерін байытып, эстетикалық талғамдарын
дамыта түседі. Сондықтан халық педагогикасының маңызды құралы – музыка
шығармашылығы құралдары арқылы қазіргі мектеп оқушыларына эстетикалық
тәрбие беру қажеттілігінің маңыздылығы арта түседі.
Халық музыка шығармашылығының эстетикалық тәрбие берудегі
мүмкіндіктері көптеген ғасырлар бұрын –ақ ұғыныла бастаған болатын.
Құнды педагогикалық мәні бар ежелгі ұлттық мәдениетіміздің бір көрінісі
Қорқыт атаның Кітаби Қорқыт IX – X ғ.ғ атты еңбегіндегі ойлар болып
табылады. Дала ойшылы, ақын, жыршы, күйші Қорқыт ата жырларының негізгі
тақырыбы – адам өмірінің қысқалығы және оның өлімнен қашып құтылу
мүмкіндігін іздеуі. Оның музыкалық мұрасы - орта ғасырлардағы оғыз
тайпасының өмірі мен тұрмыс-тіршілігін бейнелейтін тамаша көркем - эпикалық
ескерткіш. Өсиет, нақыл сөздер түрінде жазылған Кітаби Қорқыт
еңбегіндегі оның педагогикалық тұжырымдамасының басты идеясы - балаларды
ата-бабалар дәстүріне адалдық, батырлық рухында тәрбиелеу. Қорқыт атаның
жырлары жастарды өз халқын жаулардан қорғауға, керек болғанда ол үшін жанын
қтя білуге шақырады. Қорқыт атаның біздің заманымызға жеткен 11 тамаша күйі
бар. Олар - Ұшардың ұлуы, Елім-ай, халқым - ай, Сарын, Қоңыр,
Желмая және т.б. [1].
Ал, ұлы ойшыл Әл-Фарабидің пікірі бойынша, музыка адамның жанына
көркем әсер етудің тамаша құралы болып табылады. Ол өзінің Музыканың ұлы
кітабы атты ғылыми трактатында практикалык музыка халық фольклорынан келіп
туындаған деген маңызды философиялық тұжырым жасайды, яғни өнер - халық
шығармашылығының нәтижесі дейді. Философ-гуманист ретінде Әл-Фараби
адамдарға үлкен ләззат сыйлайтын музыка қандай да бір жеке тұлғаның
немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағы - өнер сабағы
Музыка өнер сабағы
Музыкалық білім беру әдістемесі
Бастауыш сыныпта хор өнерін үйретудің мақсаты мен міндеттері
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Музыкалық білім берудің әдістемесі пәнінің ВУЗ – дық музыка педагогикалық мұғалімін дайындау жүйесінде алатын орны
Бастауыш сынып оқушыларының хормен ән айту дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Жабыстыру тәсілімен жасалатын шығармашылық жұмыстарды үйрету
Бастауыш сынып оқушыларының Ана тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шетел тілін оқытуда қолданылатын технологиялар
Пәндер