Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Мәдениет және өнер факультеті

кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Бастауыш сыныпқа музыкалық тәрбие беру арқылы эмоцияларын қалыптастыру

Орындаған: топ студенті

Тексерген: Мусагалиева

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Бастауыш сыныпқа оқушыларына музыкалық тәрбие беру
1.1 Бастауыш сыныпқа музыка пәнін оқытудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ..5
1.2. Музыкалық сауаттылықты
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
ІІ. Мектептегі тәрбиесі жүйесінің негізгі түрі – музыка сабағы
2.1 Музыка сабағы туралы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..11
2.2. Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту
әдістемелері ... ... ... ... ..15
2.3. Бастауыш мектепте музыка пәнін оқыту арқылы оқушылардыың эмоцияларын
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .28

Кіріспе
Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру барысында қазіргі
кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика
теориясы мен оқу – тәрбие ісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде
болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол
жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың
шығармашылық іскерлігін дамытуды,музыка пән мұғалімінің іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Еліміздің болашақта көркейіп өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі
ұрпақ бейнесінен көрінеді.
Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе - әлеуметтік-
педагогикалық және ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің
тиімді, жаңа әдістерін іздестіру, оларды жүзеге асыра алатын мұғалімдерді
даярлау.
Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту, оқыту
мен тәрбиелеудің соңғы әдіс - тәсілдерін, жаңа инновациялық педагагикалық
технологияны игерген, психологиялық- педагогикалық диагностиканы қабылдай
алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада
арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс -әрекет үстінде өзіндік
даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог – зерттеуші, ойшыл мұғалім
болуын қажет етеді.
Жалпы білім беретін орта мектептерде музыкалық педагогика саласы
бойынша жаңа бағдарламалар жасалып, оқулықтар жазылады. Негізінде тек
мұғалімнің музыка пәнінен сабақты қалай ұйымдастырып, қалай жүргізуі
керектігі жөніндегі бағыт-бағдар беретін әдістемелік оқу құралдары ғана
жарық көреді. Бірақ та жаңа заман талабына сай істелген бұл жұмыстар
саны болашақ музыка мұғалімдері үшін әлі де болса жеткіліксіз. Себебі
оқулықтар аз, әдістемелік оқу құралдары қалалық мектепте істейтін, жоғарғы
оқу орындарының мамандарымен байланысып жұмыс істей алатын музыка пәні
мұғалімдерінде ғана кездеседі. Ал болашақ музыка мамандарына және ауылды
аймақтағы музыка пәні мұғалімдеріне де әдістемелік көмек өте қажет.
Оқу барысында музыка пән мұғалімі оқылатын пән мен оқушы арасындағы
дәнекер түйін сияқты.Ол өз оқушысымен де, оқытатын пәнімен де тығыз
байланыста. Осының өзі музыка пән мұғалімінің бүкіл іс-қимыл
ерекетімен қызметіне оның тұлғасына, белгілі бір өріс аумағына сай талап
қояды. Осыған орай музыка пән муғалімінің іс-әрекетінің, қызметінің
өзіндік ерекшілігінің мәні зор екені байқалады. Оқытушы өзінің жұмысында
әрбір оқушыға өз алдына жеке-жеке педагагикалық тәсілдер қолданады. Болашақ
маманның ең негізгі міндеті – таңдаған мамандығы бойынша теориялық білім
мен тәжірибелік дағдысын ұдайы меңгеру болса, кәсіби тұрғыдан қалыптасуына
педагогикалық іс-тәжірибе кезеңінің зор көмегі болады. Мектепке музыка пән
мұғалімдерін кәсіптік мамандыққа сәйкес даярлауда негізгі мақсаты-музыка
өнеріне баулу.
І. Бастауыш сыныпқа оқушыларына музыкалық тәрбие беру
1.1 Бастауыш сыныпқа музыка пәнін оқытудың әдістемесі

Музыканың өнер құралы ретінде орасан зор тәрбиелік мүмкіндігі бар. Ол
өмірдің ажырамас бір бөлігі және оны бөліп қарастыруға болмайды.
Қоршаған орта музыка тілі арқылы адамға аудармасыз-ақ түсінікті де жақын
бола түседі. Музыкалық көркем бейне оқушыларды қоршаған ортада болып
жатқан түрлі құбылыстардың шын бейнесін ашуда жаңаша ойлау өрісін
байытып, өмірлік тәжірибесін кеңейтеді.
Музыка эстетикалық тәрбиенің маңызды бір бөлігі бола отырып жеке
тұлғаның ақыл ойы мен дене бітімін жетілдіріп, жан-жақты өмір тәжірибесін
кеңейтуге, қызығушылық біліктілігін және ойлау қабілетін дамытуға ,
шығармашылық іскерлікке тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады. Жалпы білім беретін
мектептің бастауыш сыныптарында музыка сабақтары білім беру мен тәрбие
берудің маңызды бір саласы болып табылады. Музыка пәнінің маңызы қоғамның
әлеуметтік сұранысына жауап бере отырып, оқушыларды халықтық ( ұлттық)
музыкаға баулиды.
Халықтық музыкалық фольклорына құрметпен қарап, ұлттық салт-
дәстүрімізді қастерлеуге баланы жас кезінен баулығанда ғана, ол ертеңгі өз
отанының нағыз азаматы болады.Халық музыкасы мен кәсіптік (профессионал)
музыканың өзара байланысын сезіну арқылы бала классикалық күрделі музыканы
түйсінеді. Сондай-ақ , ұлттық музыка мен дүниежүзі музыкасындағы халық ән-
күйлері аудармасыз-ақ,, бар халыққа түсінікті тіл екендігін ұғынады.
Музыка сабағының негізгі бөлімі- хор мен ән айту. Бұл көпшілікке
қолайлы іс- әрекет болып табылады. Ол балаларға әнді ұжым болып орындау
барысында шығармаға өз қатынасын білдіруге мүмкіндік береді.Әр сыныптан
келесі сыныпқа көшіуге жүйеле және бірізді жұмыс жасай отырып, шығарманы
тыңдап,оны түсініп, әнді таза, ашық, мәнерлі орындағанда, сонда ғана ән
айту әдісі тәрбиелік міндеттерге сай келеді.Ән айту біртұтас жинақталған
процесс болып табылады.Ән айтуға баланың барлық организмі: тыныс алуы, нерв
жүйесі, бұлшық еттері,артикуляциялық және дыбыс шығарушы аппараттары
қатысады.Дұрыс орындалмаған жұмыс ән айту процесіне кері әсерін
тигізеді.Сондықтан ән айту жұмысы бірінші сыныптан бастап жүргізіп,барлық
сыныптар бойына жалғастырылып отырады.
Бағдарламадағы негізгі талаптар үнемі толықтырылып,кеңейтіліп отырылуы
ескерілген.Ән айтудың қалыптасуына таңдап алған материалдар да әсер
етеді.Онда көркемдік жағынан құнды, ашық, мазмұны түсінікті, орындауға
жеңіл, ыңғайлы және дамытушылығы жағы басым болуы көзделеді. 4 жыл бойына
оқушылардың қазақтың халық әндері мен басқа халықтардың әндерін, Қазақстан
композиторларының әндерін түсінуге, оған сүйіспеншілікпен қарауға,
көркемдік талғамы мен музыкалық қабілетін дамытуға (музыканы есту қабілеті,
ырғақты сезінуі, есте сақтай білу, орындаушылық қабілеті т.б.) қол
жеткізіледі. Әрбір сыныптың репертуарына әртүрлі көңіл-күйлі әндер: жеңіл
және сергек, ширақ орындауды талап ететін әндер мен әуендер,бірқалыпты,
кантиленді әуендетілген т.б.
Бірінші жартыжылдықтың тақырыбы Сырлы да сазды әуен.Балалар алтын
қорға енген қазақтың халық әндерімен, қазақтың әдет-ғұрпымен, салт-
дәстүрлерімен толық таныса алады. Оларға бесік жырлары; тұсау кесу, төрт
түлік малға арналған әндер, табиғат туралы және Қазақстан
композиторларының әндері жатады.
Екінші жартыжылдықта Күмбірлеген күміс күй атты тақырып бойынша
балалар қазақ елінің шығармашылығымен танысуды одан әрі жалғастырады.
Екінші сыныпта оқушылар халық әндері мен Қазақстан композиторларының
әндерін, оған қоса Жыл басы кім болады? атты операмен танысып,
ертегідегі кейіпкерлердің әнін орындайды.
Үшінші сыныпта халық әндері және қазіргі заманғы әндердің репертуары
біртіндеп күрделене түседі, яғни екі дауысты элементтермен орындайды.
Төртінші сыныптың репертуарында тек екі дауысты немесе канонмен
айтылатын әндер ғана емес, сонымен қатар орындауы қиындау мазмұны жағынан
және ырғақтарында ерекшеліктері бар, дыбыс биіктігі,гармониялық есту
қабілетін дамытатын диапозонды кеңейтуге көмектесетін әндер берілген.
Барлық сыныптарда әнді дұрыс айту қалпына талап қойылады:
Әуенді таза айту, дыбыстың әсем, нәзік, әуелі дыбысталуына,
бірқалыпты дем алуына, сөз текстісін анық айту, дауысты, дауыссыз
дыбыстарды дөңгелендіріп дұрыс орындау т.б.
Музыкалық тәрбие берудегі музыка тыңдау – музыка пәнінің маңызды бір
бөлігі болып табылады. Ол музыкалық жан – жақтылықты кеңейтеді, музыкалық
білімін толықтыра отырып, қабылдауын дамытады, сүйішпеншілігі мен көркемдік
талғамын қалыптастырады. Музыка тыңдау барысында шартты түрде бастауыш
сынып оқушыларының қабылдауын былайша топтастыруға болады: шығарманың
мазмұнын елестету, оның жанры, құрылысы және басқа көркемдік құралдарын
ажырату.
Оқушылар бірінші сыныпта ән немесе күй жанры жөнінде толығымен мағлұмат
алады: Ал, екінші сыныпта олар күрделі фактурасы бар Жыл басы кім
болады? атты балалар операсы мен аңыз – күй Жетім бала эпикалық бірнеше
көріністен тұратын көлемді күймен танысады.
Үшінші сыныпта ән мен сөздің өзара тығыз байланысымен қазақтың ұлттық
шығармашылығы түрлерімен: терме, жыр, айтыс, күй тартыс, атқты жыршы –
термеші, күйшілерімен танысады.
Төртінші сыныпта бағдарламаның музыка тыңдау бөлімі жүйелі
бірізділікпен жалғасып отырады. Оқушылар ән мен күйдің күрделі музыкада
жаңа өмірге ие болғанын көре отырып, композиторларының шеберлігінің
арқасында халық музыкасының түрленіп, жаңа бояулармен нәрленгенін
байқайды. Қазақстанның және шетел шығармаларымен танысу музыканың күрделі
жанрлары мен формаларын білуге көмектеседі.
1.2. Музыкалық сауаттылықты қалыптастыру

Оқушылар музыканы қабылдай білу үшін, оның тірі өнер екенін
өмірімен тығыз байланыста болатынын түйсінуі қажет. Музыканы ести білу
тәжірибиесі балаларға 1-4 сыныптар бойында халық музыкасын орындау мен
тыңдатуда, қазіргі мектеп оқушыларына арналған композиторлық әндерді
айтуда, халық күйлерін,классикалық музыка тыңдатуда т.б. бір – бірінен
өзара айырмашылықтарын ажыратуда ықпал етеді. Ән айту кезінде және музыка
тыңдағанда балалар біртіндеп музыкалық сауаттылықты да игереді. Шығарманың
мазмұны мен көңіл – күйі жөнінде мәліметтер алады, музыканың көркемдік
құралдарымен – темп, дыбыс күші, әуенділік, ырғақ, дыбыс биіктігі танысады.
Шығарманың жанры және құрылысы, музыкалық аспаптар мен халық аспаптар
оркестрі симфониялық оркестр, хор және хордың құрамы жөнінде мағлұмат
алады. Оқушылардың алған білімдері сыныптан сыныпқа көшкен сайын
толықтырылып, ұлғайтыла түседі. Оқыту процесінде оқушылардың музыканы
танып білуі іс жүзінде асырылады. Нота сауаты оқушылардың жас ерекшелігіне
сәйкес 3 сыныптан бастап ендіріледі.
Шығармашылық тапсырмалар.Ырғақты би қимылдары, сабақтың тақырыбына
байланысты сүреттер салу көбінесе 1-2 сыныптарда қолданылады. 2- сыныптан
бастап берілген тақырыпқа суырып – салмалық ойнайды. 1 – сыныпта жұмбақтар
шешсе, келесі сыныптарда ребустар шешеді, берілген тақырыпқа шығармалар
жазады. Ізденгіш тапсырмалар, проблемалық ситуациялар тудыратын
сабақтар оқушыларға алған біліміне тиянақтылықпен қарауға үйретеді.
Жергілікті жердің жағдайына және өмір сүріп жатқан жердің
еркшеліктеріне байланысты, ұлттық дәстүрлеріне сәйкес мұғалім білім беру
ережелерін ескере отырып, сабақтың мазмұнына түрлі өзгерістер енгізуіне
болады.
Осы бағдарламаның тиімділігін авторлар (Құлманова Ш. Б.,Оразалиева
М.А, Сулейменова Б.Р.) сегіз жыл бойы эксперименттік байқаудан өткізген.
Жалпы білім беретін қазіргі мектептердің музыка сабағы фольклордағы,
әуесқойлық өнердегі және кәсіби шығармадағы қазақ музыкалық тіл негізінде
қызмет атқаратын музыкалық білім, біліктілік және дағдыны тұтас
қалыптастыруы керек. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар, сол сияқты әр
халықтың музыкалық тілінде өзіне тән ерекшелігі болады. Ұлттық музыкалық
тілдің әрбәр элементтерінде ұлттық сипатты қалыптастырып, басқару заңдылығы
музыкалық ойлаудың ұлттық ерекшеліктерін айқындайды. Қазақ музыкалық
тілінің негізінде оқушылардың оқу-тыңдау жұмыстарын реттеу қазақ музыкалық
шығармаларын мақсатты түрде тыңдау қабілетін қалыптастыруға қызмет етеді.
Бастауыш мектепке арналған Музыка бағдарламасының мазмұны
оқушылардың жас ерекшеліктеріне бейімделіп, қазақтың музыкалық тілінің
негізін қалыптастыруға бағытталған. Осыдан барып музыка сабағының
тақырыптық құрылымы келіп шығады. Бағдарлама мазмұнының бөлініп берілуі
тақырыптық – концентрлік принциптерге бағындырылып, музыкалы-тілдік
құралдың жиынтығы және музыкалық шығармалардың сыныптан сыныпқа дейін
ауқымы кеңеюіне мүмкіндік туғызады.
Бірінші сыныпта музыкалық шығарманы танып, оның авторын айқындауға
тапсырыс беріледі, ол кейінгі сыныптарда қайталанады да, тапсырманы орындау
біртіндеп күрделене түседі.
Оқу пәнінің бірінші сыныптағы мазмұны алты жасар баланың жеке басының
дамуын, оның музыкалық –шығармашылық қабілетін, музыканы қабылдауын, ән
айтуды үйрету және қазақ музыка өнері негізінде музыкалық сауаттылығын
жетілдіру сияқты кешенді міндеттерді шешуге бағытталған.
Қазақтың музыка тілі негізінде тәжірибелі кезеңмен жүйелі оқыту
оқушыларды қазақ музыкасының қасиетін тануға дайындайды.
Екінші сыныпта қазақ музыка тілінің негізі қалыптасады, дәстүрлі
музыка мәдениетінің әлеміне үңілу арқылы қазақ музыкасын танудың ауқымы
кеңейеді.
Қазақ музыкасының тілі жайлы және қазақтың өлең шығаруының барлық
теориялық мағлұматтар музыканы қабылдау, ән айту, музыкаландыру және
музыкалық-дидактикалық ойындардың тәжірибелік жолдарымен меңгеріледі.
Музыкалық дүниелердің біртіндеп күрделенуі – үшінші сыныпқа тән
құбылыс. Қазақ музыкасы тілінің элементтері туралы алғашқы білім музыкалық
тілдің тұтастығын қабылдау негізінде күрделенеді. Кешенді міндеттер
музыкалық шығарма тілінің көрнекі құралдарын, музыкалы-түйсікті танымын,
музыкалық-шығармашылық қабілетін, бейнелі ойлауды одан әрі дамытуға
бағытталған.
Төртінші сыныпта қазақ музыка тілінің элементтері тұтас музыкалы сөз
ретінде қабылданады және меңгеріледі. Туыстас түркі халықтарының
музыкасымен танысу барысында меңгерілетін музыкалық материалдар көлемі
кеңейеді.
Осылайша дәстүрлі қазақ музыкасы жайлы білім қорын молайту, оның
өмірмен, қоршаған ортамен және табиғатпен байланысын аңғару бастауыш
мектептің негізігі міндеттерінің бірі болып табылады. Әсіресе қазақ
музыкасы элементтері негізінде тұтас музыкалық тілді іс жүзінде меңгеруге
ерекше көңіл бөлінеді.
ІІ. Мектептегі тәрбиесі жүйесінің негізгі түрі – музыка сабағы
2.1 Музыка сабағы туралы түсінік

Музыка сабағы - оқушының оқу-танымдық, рухани-танымдық қасиеттерін
өсіруге арналған арнаулы сабақ. Басқа сабақтар сияқты, мұнда да оқу-тәрбие
жұмысының негіздері: тапсырма беру, мазмұн-мағына, оқыту әдістемесі
қолданылады. Әр сабақ өзінің ішкі логикасымен кұрылады. Сабақтың мақсаты -
оқушылардың дайындық деңгейімен берілген тапсырманың, мағынаның, әдістеме
мен оқыту түрінің сәйкестігімен орындалады. Алдымен сабақтын мақсаты мен
мазмұнын анықтап алған ұстаз содан кейін оқытудың формасы мен әдістемесін
таңдап алады. Бұл таңдау сабақтың түріне, мазмұндық ерекшелігіне қарай
жүргізіледі. Музыка сабағы негізінен үш бөлімнен тұрады: ән үйрену, музыка
таңдау, музыкалық сауатты ашу. Оқушылар - ұстаз - музыка - міне осы үш
нәрсе сабақтың арқауын құрайды. Ұстаздың басты міндеті өзі құрған жоспарына
сәйкес оқушыларға музыканың мағынасына, айтайын деген көркем ойына терең
үңіліп, өмірдің музыка өнерімен байланыстылығын сезінуге, музыкалық
білімнін негізін қабылдауға, шығармашылық үрдіске баулуға үйрету екенін
тағы да атап өтпекпіз.
Ән-күй сабағының басты мақсаттары: оқушылардың музыка өнеріне деген
практикалық қызығушылығын сезімдік тұрғыда дамыта білу, жеке бастың рухани
негізін қалыптастыру болғандықтан ұстаздың адами-сезімдік қасиеті, адами
тәжірибесі өте үлкен орын алатынын ұмытпаған жөн. Сабақ барысындағы
тақырыптардың өзара байланыстылығы ұстаз шеберлігіне байланысты өрбиді. Бұл
байланыстылық оку бағдарламасының мазмұндылығына, сабақ такырыптарына,
музыкалық материалдарға, музыкалық оқытуда қолданылатын әдістемелік
амалдарға байланысты іске асырылады. Осы айтылғандарды ескере отырып, сабақ
барысындағы тақырыптық ауысулар музыкалық материалдың біртұтас мағынада
жүруіне, оқушылардың музыка өнеріне деген жанды қатынасына негізделіп тұруы
керек.
Ән-күй сабағын ұйымдастыру барысындағы негізгі мақсат, нақтылы
бағдарлама арқылы, ұстаз қызметінің жүйелігі арнасында оқу-тәрбие ісінің
көрнекті компоненттері бойынша іске асуға тиісті.
Музыка сабақтарының әр түрлі мағынадағы түрлері болады. Мысалы,
жоспарланған тақырыпка кіріспе сабақтары, тақырыпты тереңдей оқыту
сабақтары және тақырыпты бекіте, жан-жакты оқыту сабақтары болады. Сондай-
ақ оку жылының тоқсандар соңында қорытынды мағынадағы концерт-сабақтар
жоспарлануы өте кажет.
Кіріспе сабақтарда шығармаға деген кәсіби мінездеме, ойнап көрсету,
тыңдап естірту сияқты амалдар колданылады. Мұндай сабақтар әр тоқсанда бір-
екі рет өткізілгені дұрыс.
Кіріспе сабақтарда композитор-орындаушы-тындаушы тақырыптары барынша
мол қаралуға тиісті. Тақырыпты тереңдете оқыту сабақтары төмендегідей
мағынада кұрылады:
1) Оқушылардың өмірлік және музыкалық тәжірибесін
толықтыра жандандыру, дыбысты есту және сауаттылық
дәрежесін көтеруге бағытталған тақырыптар.
2) Өтіп жатқан тақырыптарды жан-жакты түсіндіруді,
нақтылы музыка тыңдаумен ұштастыруды оқушылардың
қызу араласуы негізінде жүргізу.
3) Тақырыптарды бекіту, олар туралы оқушылар тү
сінігін біліп, оларды түрлі әдістемелік әдістермен дамытып
отыру.
Тақырыпты жан-жақты, бекіте окыту сабақтарында мазмұндық, мағыналық
тұрғыдағы теориялық ұғымдар нақты мысалдармен көрсетіле оқытылады.
Оқушылардың практикалық, теориялық білімдері сараланып, олардың алдыңғы
сабақтардағы жетістіктері көрсетіледі.
Оку жылы барысындағы окушылар меңгерген музыка мәдениетінің көркемдік
деңгейін жан-жақты көрсету үшін қорытынды концерт-сабақтар өткізіледі.
Мұндағы негізгі мақсаттар:
1) Оқушылардың музыкаға деген қызығушылық деңгейін
байқау, олардың сезім байлығын, көркемдік ойын тексеру.
2) Орындаушылық деңгейді анықтау, репертуар жан-
жақтылығын көрсету, музыкаға деген көзқарастардың даму
дәрежесін білу.
3) Оқушылар бойындағы шығармашылық үрдістерді
байқау.
Бұл сабақ-концерттің салтанатты жағдайда, мектептің концерттік залында
өткізілгені дұрыс, жағдайға байланысты бірнеше сыныптарды біріктіріп
өткізуге де болады.
Концерттің басында ұстаздың өзі шығып, жиналып отырған ата-аналар мен
мектеп ұстаздарына концерт мақсаты мен мағынасын түсіндіріп өткені орынды.
Осы кезде оқушылардың үй тапсырмасын орындау барысы туралы да айтып өткені
дүрыс.
Мұның өзі ата-аналардың пікір білдіруіне мүмкіндік береді.
Концерт-сабақтың белгіленген жоспары, айқындалған логикасы болуға
тиісті. Орындалатын әндер мен күйлердің әр түрлі болуын қадағалау керек.
Концерт қызықты болуы үшін ата-аналардың да қосылып ән айтып кетуін
жоспарлаған өте тиімді. Осы сабақта ұстаздың өзі де өнер көрсетіп, жоғары
кәсіби дәреже көрсетсе, нұр үстіне нұр болары анық.
Музыка сабақтарын, ең алдымен, оқушылардың музыкамен қарым-қатынасы
деп қарау керек. Ұстаздың басты көңілі осында тұру керек. Музыканы тыңдап,
қабылдауды үйрету, сабақтардың формалары мен әдістемелік амалдардың дұрыс
қолданылуын үнемі дамытып, жетілдіріп отыру ұстаздық тәжірибенің үлесіне
тиеді.
Ұстаз жетістігі, қызметінің шығармашылық деңгейі оның оқушылармен
құрған сезімдік-рухани байланысы арқылы көрінеді. Осы тұрғыда оның алға
қойған жоспары, тәрбиелік мақсаттары, көркемдік-кәсіби дәрежесі бағаланады,
еңбегі көрінеді. Оқушыға берілуге тиісті музыкалық білім мен ұлттык, адами,
рухани үрдістер өз жемісін сонда ғана көрсете алады. Республикамыздағы
білім беру жұмысының және ұлтты тәрбиенің басты мақсаты да осыны көздейді.
Музыканттың көз алдында, оның санасында, ойында қаншама түрлі
музыкалық шағырмалар, көркем стильдер, тарихи замандар өтуде. Парақтан
музыканы оқу - іс-әрекеттің бір түрі, музыкалық әдебиетпен қолдамалы және
кең түрде танысу барысын ашады. Сондықтан парақтан музыканы оқу әрқашанда
және музыкалық қабылдаудың әсерлі, жаңа ашуы, жедел және түрлі сипатты
музыкалық ақпараты ауысып отыруында. Қанша оқысақ та – сонша білеміз келе
жатқан ақиқат қазіргі уақытта музыкалық білім беруде өз мәнін жойған жоқ.
Музыканы оқи отыра, музыкалық шығармалармен танысу, жаңашылын ашу. Ол
жаттау емес, есте сақтау емес, меңгеру емес танысу үшін жасалатын іс-
әрекеттің бірі. Осы кезде ерекше психологиялық қалып пайда болады. Музыканы
оқу кезінде музыканттың ойлауы табиғилығы, дұрыс оқу кезінде, кәсіби оқу
кезінде түсі өзгеріп, қабылдау шағы жарқырау, жанды, тұтқырлығы. Парақтан
оқу барысында музыкамен танысу – процесс, ерекше жарық, эмоциялық бояуды
қатыстыруы. Оқу - ол да сабақ, музыкалық ойлау процесінінің сапалығы
көтеріп, жаңартады. Сондықтан, парақтан оқу – оқушылардың жалпы музыкалық
дамуына, болашақ барысындағы қысқа жол.

2.2. Оқушылардың музыкалық қабілеттерін дамыту әдістемелері

Ұстаз оқушыларға музыкалық есту қабілетінің жалпы даму негіздерін
нақтылы түсіндіріп бергені жөн. Музыкалық есту өнерінің негізгі екі түрі
болады:
1) Мелодиялық есту.
2) Гармониялық есту.
Мелодиялық есту қабілеті естілген, әуен-сазды дәл қайталау арқылы
көрінеді, ал гармониялық түрі бірнеше ды\быстар (аккордтар) үндестігін
ажырата білумен байқалады. Есту қабілетінің осы екі түрін де арнайы
жаттығулар арқылы дамытуға болады.
Музыкалық есту қабілеті ән-күйдің мазмұнын, көркем ойын түсінуге, оны
сезіммен қабылдауға, шығармалардың дыбыстық кұрамын, ырғактық, тембрлік
ерекшелігін және дыбыстық ауқымын, формалық стилін анықтауға негіз болады.
Сабақ барысында түрлі әуен-сазды тыңдап, олардың аттарын, формасын,
дыбыстық ауқымын әңгімелеп отыру өте тиімді. Әуенді мәнерлі, таза айтып,
оның ладтық ерекшелігін айыра білу оқушылардың музыкалық қабілетінің даму
дәрежесін көрсетеді.
Әннің ырғағын дәл сезіне білу үшін оқушылармен музыкалы-ырғақтық
ойындар, түрлі жауап-сұрактар, ырғақтық диктанттар, шығармашылық үрдістерді
көрсетіп, тұрақты еткізіп тұру сөзсіз нәтиже береді. Ырғақтық сезімнің
эмоциялы, моторлы табиғатын ұстаздардың нақтылы ажырата білгені жөн.
Оқушылардың музыкалык есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыту үшін халықтық
әуендерді, сонымен қатар классик композиторлардың, қазіргі заманғы
авторлардың шығармаларын кеңінен пайдалану керек.
Оқушылардың музыкалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін халықтың
карапайым әуен-саздарын, мақал-мәтелдерін, балалар өлеңдерін, т. б.
қолдануға болады.
Музыка сабақтарында ұстаздың өзі ән айтып, аспапта ойнап, көркемдігі
жоғары ойын көрсетсе, оның оқушыларға беретін маңызы мен тәрбиесі өте
өлшеусіз екені анық.
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру жолдары. Музыка
әуенін тыңдап түсіну мәдениеті бала кездегі тәрбиенің негізінде
қалыптасқаны жөн. Ол үшін оқушыны, ең алдымен, сезім байлығын дамытуға,
есту, есте сақтау, қиялды ұштау және шығармашылық еңбекке үйреткен тиімді.
Музыканы дұрыс тыңдап, одан ерекше ләззат алу үшін музыкалық
шығарманың талғамдық деңгейі, оқушыға беретін сезімдік ассоциациясы маңызды
орын алады.
Оқушыларды музыканы қабылдаудың сапалы жағына қызықтырып отыру -
ұстаздың басты борышы.
Музыканың түсінікті, әсерлі болып қабылдануы үшін ұстаздың алдын ала
жоспарлаған дайындық жұмыстары, көркемдік-педагогикалық, музыкалық
талдаулары, әсерлі әңгіме-суреттемелері оқушының музыка қабылдау сезімін
дамытып, оның дұрыс қалыптасуына көмектеседі. Оқушының көркем ойының
тұрақтанып, өзіндік талғамының қалыптасуы, оның шығармашылық ойының өсуі
ұстаздың баланы қандай дәрежеде қызықтырғанына байланысты қаралатыны
сондықтан. Әсіресе оқушыны музыканы дұрыс тыңдай білуге үйрету сабақ
жоспарынан тыс қалмауға тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларының педагогикалық – психологиялық дамуы
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы бастауыш сынып оқушыларының сәтті адамгершілік тәрбиесінің шарты ретінде
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Көркемөнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдерін қалыптастыру
Пәндер