Мемлекет функциясы және даму эволюциясы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан республикасының Білім және Ғылым министрлігі

«Евразия» академисы

МҚТ пәні бойынша

Курстық жұмыс

Тақырыбы:

«Мемлекет функциясы және даму эволюциясы»

Орындаған:

Тексерген:

Орал, 2012ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 3

І тарау. Мемлекет функциясының мақсаты мен міндеттері

және даму эволюциясы

1. 1 Мемлекет функциясының даму тарихы . . . 6

1. 2 Мемлекет функциясы түсінігі, мазмұны және белгілері . . . 8

II тарау. Қазақстан Республикасының ішкі функциялары

2. 1. Экономикалық функция . . . 11

2. 2. Әлеуметтік функция . . . 15

2. 3 Экологиялық функция . . . 20

2. 4. Мәдениет бағытындағы функция . . . 25

III тарау . Қазақстан Республикасының сыртқы функциялары

3. 1. Отанды және елді қорғау функциялары . . . 28

3. 2. Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттермен қарым -

қатынас функциялары . . . 32

Қорытынды . . . 35

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 37

Кіріспе

Мемлекет - арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілк тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін ерекше күрделі саяси ұйым. Әр мемлекет өзінің өмір сүру үрдісінде бірнеше күрделі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырады, кейбір мақсатты іс-әрекеттерді дамытады. Бұл қызметте мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарын ажыратып алу қажет, содан кейін осы мақсаттарды жүзеге асыратын құралдарды бөліп алу керек. Бұл мақсаттар, бір жағынан аса көп, басқаша жағынан, тарихи және мәдени жағдайларға байланысты өзгермелілігі әр түрлі болып келеді. Мемлекет әскери күштің ұйымдастырушысы ретінде, қауіпсіздікті қорғаушы ретінде, сот ретінде де, мәдени мұраларды сақтаушы ретінде де көрінеді.

Ескі патримонипольді мемлекет өзінің бір мақсаты ретінде патшалық аңға шығуды ұйымдастыруды, қазіргі заманғы мемлекет ғылыми институттар мен мұражайды құруда. Мемлекеттің нақты мақсаттарын қарастыру оның өмірінің белгілі бір аралығында кез келген мемлекеттік бірлікті оқытатын пән мазмұнының пәнін құруы мүмкін, бірақ осындай зерттеу жалпы теорияның пәні бола алмайды. Мәдениеттің анықталған түрінің әрбір мемлекеттік ұйымы белгілі жағдайдағы үрдісте өзінің қызметін нақтылауға және анықтауға мәжбүр болатын бірқатар тапсырмалардың үнемі аясын құрайды. Мемлекеттің аталған мақсаттарды орындауы кезінде көмектесетін тетіктерді оқыту ісі алға қойылған. Біз төмендегідей тетіктерді еске аламыз:

- өмірде алға қойылған міндеттерді орындау кезінде қажет болатын материалды және техникалық ресурстар;

- мемлекет қойылған мақсатқа қол жеткізу және бұл жетістікке арналған тетіктерді қолдану кезінде жүгінетін билік актсінің жиынтығы.

Бірінші тетіккке қатысты айтар болсақ, олар мемлекеттік мақсаттар сияқты әр алуан болып келеді. Мемлекеттің халыққа білім беру мақсатына мыналар жатады: оқу орындарын салу, ең алдымен шаруашылық амалдар қатарын жүзеге асыру, сонан кейін мұғалімдерді таңдау, олардың дайындығы, сабақ өткізудің жоспарын өңдеу және т. б. аталған тетіктерді жүзеге асыру үрдісі барысында мемлекет қызметтің күрделі кезеңіне өтеді. Дегенмен мемлекеттің билік етуші кеңесі бар, яғни өзінің мақсаттарын орындау және оларды жүзеге асыруға арналған тетіктерді реттеу кезінде ол - билік ете алады, бұйырады, әмір етеді, өкім шығарады. Біз мемлекеттік қызметтің тетіктерін сөз еткенде, олардың барлық әр түрлі көлемінде мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың жалпы формасы түсінігінде қабылдаймыз. Бұл форма біркелкі, себебі бұлардың барлығында билік етушілік элементер бар. Мемлекет кімнің атынан шықса да және қалай әсер етсе де, ол - билік етеді, белгілі ретпен бірыңғай билік етуші актіні жүзеге асырады. Бұл билік етуші акті көп түрлі емес және олардың жіктелуі ішкі қажетті қағидалар негізінде құрылуы мүмкін.

Мемлекет қоғамдық істерді басқару органы бола отырып, көп түрлі қызметті жүзеге асырады. Онда экономикалық, саяси, әлеуметтік- мәдени және басқа қатынастар мен үрдістер жүзеге асырылады. Мемлекет айналысының бәрі қоғам және өзі үшін бірінші реттегі мәнге ие болмайды. Сондықтан қоғам істерін басқарудағы іс жүргізудегі рөлін, осындай басқарудың мақсаттарымен, сонымен бірге мемлекетпен қорғалатын әлеуметтік және өзге де құндылықтарды анықтау үшін мемлекет қызметінің басты негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігі туындайды.

Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады. Функция деген ұғым латын тілінде(gunctio) -орындау деген мағынаны білдіреді, математика, физиология, лингвистика салаларында кеңінен пайдаланылады. Функция ұғымы мемлекет және құқық теориясында да кеңінен пайдаланылады.

Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар:

- әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады;

- құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету - мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".

Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі - басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекет функция және оның даму эволюциясы туралы түсінік алу. Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциясымен танысу.

Курстық жұмыстың міндеті: Мемлекет функциясының мақсаты мен міндеттері және және даму эволюциясы туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы функциялары туралы толық мағлұмат беру.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. Мемлекет функциясының мақсаты мен міндеттері

және даму эволюциясы

1. 1 Мемлекет функциясының даму тарихы

Функция - заң ғылымда мемлекет пен құқықтын алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады.

Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Казіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап республикалар дүниежүзілік қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамнын таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады.

Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтын рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас. Кеңестік дәуірді де, қазіргі кезеңде де мемлекеттің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсару ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл объективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.

Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; заңды қабылдау, орындау, қорғау функциялары. Мемлекеттердің көпшілігі функцияны екіге бөледі: ішкі және сыртқы функциялар. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда. Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппараты қалыптастырады.

Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган аппарат - мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады.

Мемлекет қызметінің негізгі белгілері:

-қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;

-функция сарапталып, жіктеліп кешенді түрде жүргізіледі;

-мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды.

-мемлекет функциясы қоғамдық көлемінде жүргізіледі;

-мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының

әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.

Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:

-жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;

-мемлекеттік органдарға көмек көрсету бақылау, тексеру жүргізу;

-материалдық-техникалық операциялар жүргізу: баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т. б. құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;

-әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;

-мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап қорытынды жасау;

-мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап қорытынды жасау.

Сонымен мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.

Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық қайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық қатынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі.

Мемлекет басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілк тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканың дамытудың әлеуметтік саяси, рухани, ұлтаралық және адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайын белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тиісті функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады

1. 2 Мемлекет функциясы түсінігі, мазмұны және белгілері

Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады. Бұдан мемлекеттің ең бірінші функциясы мәжбүрлеу функциясы екендігін көруге болады.

Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.

Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.

Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.

Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.

Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.

Мемлекеттің келесі функциясы - келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.

Келісімдік функция - мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.

Мемлекеттің үшінші функциясы - ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгі аспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.

Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді. Мәселен, экономика саласында - бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т. б.

Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.

Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.

Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады. Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.

Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар. Бұл үрдісті авторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.

Мемлекеттің төртінші функциясы - қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.

Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.

Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ие болғандықтан пайда болған барлық проблемаларды шешуге қабілетті деген саяси иллюзияның негізінде қызмет етеді.

Демократиялық мемлекеттерде мәжбүрлеу функциясымен қатар келісімдік функция да басым болады. Саяси қатынастар субъектілері дербес, қоғамда дамыған саяси мәдениетімен ұйымдасқан оппозиция қызмет етеді, ал бұл саяси мәдениет оған шиеленіс түйінін өз уақытында тарқатуға мүмкіндік беретін, жағдайдың тұрақтануы мен қоғамның әлеуметтік даму жолымен алға басуына жәрдемдесетін конструктивті саяси, экономикалық, әлеуметтік идеялар мен акцияларды ұсынуға және олардың жүзеге асуына қатысуға жағдай жасайды.

Оппозицияның міндеті - қоғамдық өмірде ең басты мәселелердің қойылуы мен шешілуіне ашық қатысу жолымен электораттың сеніміне ие болу. Қажетті демократиялық құрылымдардың болуы мемлекеттік саяси акциялардың да, сондай-ақ саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің де заңдылығын толықтай қамтамасыз етеді.

Тоталитарлық мемлекеттерде мәжбүрлеу мен қорғау функциялары дамыған, ұйымдастыру функциясы барлығын қамтиды және келісімдік функциясын жоққа тән деуге болады.

II тарау. Қазақстан Республикасының ішкі функциялары

2. 1. Экономикалық функция

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік шаруашылықтағы валюта жүйесі және валюта курсы
Менеджменттің Классикалық мектебі
Халықаралық валюталық – қаржылық жүйе
Пірлер институтының тарихи бастаулары мен эволюциясы
Ақша айналымы
Қаланың функционалдық-экономикалық құрлымы туралы ұғым
Пәннің оқу - әдістемелік кешені "мемлекеттік қаржы"
Басқару ғылымының пәні мен әдістері
Халықаралық валюталық-қаржылық қатынастар
Төлем құралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz